2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар



бет7/12
Дата17.04.2016
өлшемі2.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

8 параграф. Домкраттар
555. Домкрат бастиегінің тірек қабаты көтерілетін жүктің жылжуын болдырмайды.

556. Бұрандалы және рейкалы домкраттардың жоғарғы шеткі қалыпта штокта болған кезде бұранданың немесе рейканың шығып кетуін болдырмайтын жүкті асып қоятын бұйымдары болады.

557. Рейкалы домкраттар жүктің өздігінен түсуін болдырмайтын автоматты бұрандалы тежегішпен (қауіпсіз тұтқамен) жарақталады.

Электрлік жетегі бар домкраттар штокты шекті (жоғарғы және төменгі) қалыптарында автоматты ажыратуға арналған құрылғымен жарақталады.

558. Гидравликалық домкраттардың жүктерді көтеру және орналастыру кезінде жұмыс цилиндрінен сұйықтықтың ағуын болдырмайтын тығыз қосқыштары болады.

559. Гидравликалық домкраттар штоктың баяу және бір қалыпты түсірілуін немесе сұйықтықты өткізетін немесе бөлетін құбыр өткізгіштер зақымданған жағдайда тоқтатылуын қамтамасыз ететін бұйымдармен (кері клапанмен, диафрагмамен) жабдықталады.

560. Гидро жүйенің қосқыштары герметикалы болады. Жұмыс істейтін сұйықтықтың жиналуына немесе ағуына жол берілмейді.

Барлық арналар, резьба және ішкі қабаттар таза болады. Тығын инесі шығырдың көмегімен еркін, ал жұмыс істейтін плунжер қолдың күшімен айналдырылады.

Иілген түсіру вентилдері, сұйықтықты өткізетін сызаттары бар май ваннасы, кері клапан, ақауы бар манжеттер, корпусы арасында 1 мм астам саңылауы бар плунжер ауыстырылады.

Қоршаған ауа температурасы керіс болған кезде домкратты пайдалану кезінде қатпайтын сұйықтық қолданылады.

Жұмыс істеуге дайындалған домкрат толық жүктемемен іркіліссіз жұмыс істейді.

561. Домкраттардың жай-күйі, олардың жұмыс істеу режимі мен қызмет көрсету зауыт нұсқауының талаптарына сәйкес болады.

562. Жүктерді көтеру және орналастыру үшін тек жарамды домкраттар қолданылады. Жұмысты бастар алдында олар тексеріледі.

Пайдаланудағы домкраттар жөндеуден немесе негізгі бөлшектерді ауыстырғаннан кейін жылына кемінде бір рет мұқият тексеруді және сынауды қамтитын техникалық куәландыруға тартылады.

Сынақ 10 минут ішінде домкраттың номинал жүк көтергішінен 10 % артық статикалық жүктемеге жүргізіледі, бұл ретте оның бұрандасы (рейка, шток) шеткі жоғарғы қалыпқа жылжытылады (көтеріледі). Гидравликалық домкраттарда сынақ соңында қысымның 5 % құлауына жол берілмейді.

563. Рейкалы және білікті домкраттарды тексеру кезінде тістердің, алты қырлы бұрандалар мен рейкалардың, бұрандалардың резьбаларының, басқыштардың, құлақтардың, жарықтардың, сызаттардың сынған бөліктер мен домкрат корпусы мен рейкалы домкраттардың тежегіш құрылғыларында қабыршақтардың болмауына көз жеткізіледі. Біліктің немесе рейканың бастиегі қолмен еркін айналдырылады, бірақ босаң жерлері болмайды.

Бастиек пен табанның тірек қабаттарындағы ендірмелер, төсемдер бойымен жылжуды болдырмайтын корпустардың кертік беттеріндегі тиектер соғылмаған немесе өшірілген болады.

Бастиекті қосқыштағы тік люфт 3 мм аспайды.Табандарды дәнекерлеуге болмайды.

Өткізілетін тетіктер мен рейкалардың барлық тістері бүтін, олардың тозуы 20 % қалыңдығынан аспайды. Тістерді дәнекерлеуге болмайды.

Тұтқалардың еркін жүрісі шамамен 3°-15°.

Рейка мен бұранда иілмеген. Болат сызғышты төсеу арқылы тексерілетін олардың қисықтығы барлық ұзындығы бойымен 1 мм аспайды.

Корпустың құрсауларында босаң жерлері болмайды, жылжыған күйдегі рейка бастиектерінің ауытқушылығы 10 мм аспайды, бұранданың немесе сомынның резьбасының тозуы 20 % аспайды. Біліктің диаметрі мен резьбаның тозуы едәуір көбірек тозған учаскесінде анықталады және біліктің соңында өлшеммен салыстырылады.

Сызатты тетіктердің өлі жүрісі болмайды, құлақша тістермен біріктіріліп, шүлдікке мықтап бекітіледі. Барлық бұрандалы қосқыштар қолмен кілтпен әбден керіледі.

564. Гидравликалық домкраттың тексеру кезінде корпустың, манжеттің және төсемдердің жай-күйін тексерген жөн.

Домкрат тығын инесі бұралған және плунжерлер шеткі қалыптарға түсірілген кезде құю тесігінің шетіне дейін толтырылады. Таза жұмыс сұйықтығы өлшейтін ыдыстың көмегімен құйылады. Оны құю алдында металл тор арқылы сүзгіден өткізіледі (диаметрі кемінде 0,12 мм, 1 см2 –қа 1200-1300 ойықтары бар сымдардан).

565. Домкраттарды олардың паспорттағы жүк көтергішінен астам тиеуге болмайды.

566. Гидравликалық домкратпен жұмыс істеу кезінде майдың қысымы оның паспортында көрсетілген ең жоғарғы мәнінен аспайды; майдың қысымы домкратта орналасқан манометрмен тексеріледі.

567. Жүкті рейкалы домкратпен көтеру кезінде құлақша басқышқа созылады.

568. Жүктерді домкраттармен көтеру кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) домкрат астынан көтерілетін жүктің салмағына байланысты ауданы домкрат корпусының негізінен артық (бөренелер, қырлы бөренелер, қалыңдығы 40-50 мм тақтайлар) ағаш қалыптар төселеді;

2) домкрат көтерілетін жүкке қатысты тік қалыпта, оның орнын ауыстырған кезде ауытқусыз жүктің тірек бөлігіне орнатылады;

3) домкрат бастиегі (табаны) бастиек (табан) пен жүктің арасына серпінді төсем сала отырып, олардың сынуын болдырмау үшін көтерілетін жабдықты берік тораптарға қосылады;

4) домкраттың бастиегі (табаны) көтеру кезінде жүктің сырғанауын болдырмас үшін өзінің тұтас жазықтығымен тіреледі;

5) домкрат жетегінің барлық айналатын бөлшектері қолмен еркін (іркіліссіз) бұрылады;

6) домкраттың барлық үйкелетін бөлшектері мерзім сайын консистент маймен майланады;

7) көтеру кезінде жүктің тұрақтылығы тексеріледі;

8) көтеру шамасына қарай жүкке төсемдер төселеді, ал оны түсірген кезде біртіндеп шығарылады.

569. Жүкті гидравликалық домкраттармен көтерілген күйде ұстап тұрған кезде поршеннің басынан қандай да бір себеппен цилиндрдегі қысым төмендеген кезде кенет төмендеуден сақтау үшін цилиндр мен жүк арасында жартылай шығыр түріндегі болат төсемдер төселеді. Жүкті ұзақ уақыт бойы ұстап тұрған кезде оны жартылай жүкке тіреп, қысымын алу қажет.

570. Домкратты көтерілген жүктен босатуға және оның орнын ауыстыруға көтерілген күйде жүкті сенімді түрде бекіткеннен немесе оны тұрақты тіректерге (бөрене клетіне) салғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.

571. Домкраттың тұтқасына кигізілетін ұзартқыштарды (құбырларды) қолдануға, жүкті төсемге түсіргенге дейін қолды домкраттың тұтқасынан алуға және жүкті жұмыста үзіліс болған кезде домкратта қалдыруға, домкраттардың табандарына құбырларды немесе бұрыштарды дәнекерлеуге болмайды.

572. Әрбір домкратта инвентарлық нөмірі, жүк көтергіштігі, кезекті сынау датасы мен бөлімшеге тиесілігі көрсетіледі. Домкраттарды сынау датасы мен нәтижелері кезекті сынақ мерзімін, жүргізілген жөндеулер немесе негізгі бөлшектерді ауыстыру туралы мәліметтерді көрсете отырып, «Такелаж құралдарын, тетіктер мен бұйымдарды есепке алу және тексеру журналында» жазылады.
4 тарау. Сатылар, ағаштар мен бөгеттер

1 параграф. Сатылар
573. тасымал сатылар мен жиылмалы басқыштар МСТ 26887, МСТ 27321 «Жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бұйымдары. Жалпы талаптарға», МСТ 27372 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған аспалы бесіктерге» сәйкес болады.

574. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде төмендегідей түрдегі сатылар қолданылады:

1) МСТ 85556 «Өрт сөндіретін қол ағаш сатылары. Техникалық шарттар» бойынша Л-ЗК түріндегі ағаш қосымша жылжымалы үш иінді (үш буынды) сатылар (6 сурет);

2) қосымша және аспалы бір иінді сатылар (7 сурет);

3) жиылмалы басқыштар (8 сурет);

4) персоналды 14 м биіктікке диаметрі 300-560 мм цилиндрлік және конустық тіректері бар темір бетон тіректерге көтеруге арналған бөлшектенетін тасымал (жеті секциядан тұратын) сатылар (9 сурет).

575. Пайдаланудағы барлық сатыларда инвентарлық нөмірі, кезекті сынау датасы, цехқа (учаскеге және басқасына) тиесілігі: ағаш және металл сатыларда – адырналарда, жіп –оларға бекітілген биркаларда көрсетіледі.

576. Ағаш сатылардың баспалдақтары МСТ 2695 «Жапырақ жыныстыларды кесу материалдары. Техникалық шарттар» бойынша абсолютті ылғалдылығы 15% аспайтын қатты жыныстардың (емен, шамшат, шетен) тегіс қабатты бірінші сұрыпты ағаштарынан дайындалады. Баспалдақтар мен адырналардың бөлшектеріндегі талшықтардың (қиғаш қабат) көлбеуі 7 % аспайды.

577. Ағаш сатылардың адырналары МСТ 8486 «Қылқанды жыныстарды кесу материалдары. Техникалық шарттар» бойынша абсолютті ылғалдылығы 15 % аспайтын таңдаулы сұрыпты қарағайдан дайындалады.

Адырналардың сыртқы беттерінде:

1) қабырғаларда жартылай шыққан бұтақтар; шүлдік бойынша кесілген бұтақтар; ойықтары бар ширатылған жерлер, шайырлы қалташықтар, өңдеп аршу; баспалдақтарды бекітуге арналған тесікке шатын сызаттар.

Адырна қималарында орташа көрінетін түтікшелерге жол берілмейді.

Жақсылап өсірілген саңылаусыз бұтақтарды пайдалануға болады;

2) диаметрі 5 мм дейін – тұтас ұзындығы бойынша 1 м екеуден артық емес;

3) диаметрі 15 мм дейін – егер бұтанақ баспалдақтардан 30 мм және адырна қабырғаларынан 50 мм қашықтықта болса, тұтас ұзындығы бойынша 1 м біреу;

4) диаметрі 20 мм дейін – бір бұтанақ егер ол төменгі баспалдаққа дейін 40 мм және жоғарғы баспалдақтан 50 мм орнатылса, адырнаға бекітіледі.

Адырналарды жапсырма жеке аспақтардан ұзындығы бойынша дайындауға болады, бұл ретте жапсырылған адырналар тығыздығы бойынша тұтас адырналардан кем болмайды. Жапсырма жіктері баспалдақ ұяшықтарынан кемінде 125 мм қашықтықта орналасады.

Бұтанақтарды, сызаттарды және басқа да ағаш ақаулықтарды толтыруға болмайды.







578. Ағаш сатылардың барлық бөлшектерінің таза машинамен немесе қолмен өңделген, жұмсақ кесілген беті болады.

579. Ағаш бөлшектер мен құрсаулар тығыз (тығынсыз) бір-біріне жабылады; бөлшектер арасындағы саңылауларды толтыруға болмайды.

580. Сатылардың ағаш бөлшектері түссіз лакқа боялып, табиғи олифа сіңіріледі.

Сатыларды сырмен бояуға болмайды.

Сатылардың металл бөлшектері тоттан тазартылады, май кетіріліп, бекіту бөлшектерінен басқалары қара түске боялады. Шайбалар, бастиектер және шуруптар түссіз лакпен боялады.

581. Ағаш сатылардың баспалдақтары адырнаға орналастырылады және әрбір 2 м сайын диаметрі кемінде 8 мм керме бұрандалармен бекітіледі. Шеге қағылған, адырналары бұрандалармен бекітілмеген және баспалдақтары адырнаға орналастырылмаған сатыларды пайдалануға болмайды.

Саты баспалдақтары арасындағы қашықтық 300 бастап 400 мм дейін (баспалдақтары арасындағы қашықтық 350 мм болатын жылжымалы үш иінді сатылардан басқа), бірінші баспалдақтан бастап қондырғы деңгейіне дейінгі қашықтық (еденге, жерге және басқаларына) – 400 мм астам.



583. қосымша ағаш сатылар мен ұзындығы 3 м астам жиылмалы

582. Ұзындығы 3 метрден асатын басқыштарда баспалдақтардың астынан кемінде екі металл керме бұрандалар орналасады. Жиылмалы басқыштар олардың өздігінен жылжуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

Қосымша ағаш сатының жалпы ұзындығы 5 м аспайды.

583. Адырналар мен ағаш сатылардың баспалдақтары ылғалға төзімді желіммен қосылады. Баспалдақтардың тиектерінің жапсырмаларының ашылуына жол берілмейді; баспалдақтардың тиектері тығыз (саңылаусыз) адырна ұяшығына орналасады.

584. Ағаш бөлшектердің металл (бұғаулармен, кермелермен, шайбалармен, керме бастиектерімен және бұрандалармен және басқаларымен) бекіту орындары ағашта да, металда да табиғи олифа қабатымен жабылады.

Металл бөлшектерді ағаш бөлшектерге бекіту бастырғыштардың немесе бұрандалы қосқыштардың көмегімен жүргізіледі. Шуруптарды бұғауларды пайдаланған кезде қолдануға болады.

585. Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштардың адырналары тұрақтылықты қамтамасыз еу үшін төмен қарай түсіріледі. Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштардың жоғарыдан кемінде 300, төменнен кемінде 400 мм болады.

586. Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштар жұмыс кезінде ығысу және аударылу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылармен жарақталады. Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштардың төменгі соңдарында топырақта орнату үшін өткір ұштары бар бұғаулар (9 сурет) орнатылады, жұмсақ қабаттарда (паркетте, металда, плиткада, бетонда) сатыларды пайдаланған кезде оларға резинадан немесе басқа да сырғанамайтын материалдан жасалған башмактар кигізіледі (9 сурет).

587. Құбырларға немесе өткізгіштерге қосылатын сатылардың үстіңгі ұштары сатының желдің және кенет түрткілердің әсерінен құлауын болдырмайтын ілмек-қарпығыштармен жарақталады.

Құрылымдар мен өткізгіштерде жұмыс істеу үшін қолданылатын аспалы сатыларда олардың берік бекітілуін қамтамасыз ететін бұйымдары болады.

588. Сатының жоғарғы ұшынан 1 м кем қашықтықтағы баспалдақта тұратын қосымша сатыдан жұмыс істеуге болмайды.

589. Қосымша ағаш сатыларды метал қамыттармен, бұрандалары бар жапсырмалармен мықтап қосу арқылы ғана және осы Талаптың 611 тармағының талаптарына сәйкес кезекті өткізіп қана жасанды түрде ұзартуға болады.

Екеуден артық қосымша ағаш сатыларды жасанды түрде ұзартуға болмайды.

590. Жәшіктерден, бөшкелерден және басқаларынан сатының ұзындығы жеткіліксіз болған кезде қосымша тірек құрылыстарын салуға болмайды.

591. Қосымша сатылардың жоғарғы бөліктерін қосымша бекітпей көлденең 75° астам бұрышпен оларды орнатуға болмайды.

592. Жиылмалы басқыштар жұмыс кезінде олардың өздігінен жылжуын болдырмайтын бұйымдармен (ілмектермен, шынжырлармен) жарақталады. Жиылмалы басқыштардың көлбеуі 1:3 аспайды.

593. Қанаттары мен тіректері жоқ жиылмалы басқыштардыңжоғарғы екі баспалдағынан жұмыс істеуге болмайды.

Қосымша сатының немесе жиылмалы басқыштардың баспалдақтарында бір адамнан артық болуға болмайды.

594. Қосымша сатымен жүк көтеруге және түсіруге және онда аспапты қалдыруға болмайды.

595. Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштарда мынадай жұмыс түрлерін орындауға болмайды:

1) айналып тұрған тетіктердің, жұмыс істеп тұрған машиналардың, транспортерлердің және басқаларының жанында және олардың үстінде;

2) электрлік және пневматикалық аспапты, құрылыс-монтаждау тапаншаларын пайдалана отырып;

3) газбен дәнекерлеу және электрлік дәнекерлеу жұмыстарын орындау;

4) өткізгіштерді керу кезінде және жоғарыда ауыр бөлшектерді және басқаларын ұстау үшін.

Осындай жұмыстарды орындау үшін ағаштар немесе қанаттармен қоршалған жоғарғы алағдары бар жиылмалы басқыштар қолданылады.

596. Жұмыс басталғанға дейін сатылардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, тексеру жіне сынау арқылы оның орнынан жылжу немесе кенеттен қозғалуы мүмкін еместігіе көз жеткізіледі.

Қосымша сатыны орнату кезінде оның жоғарғы ұшының ығысуы мүмкін болса, соңғысы берік құрылымға мықтап бекітіледі.

Қосымша, асалы және жылжымалы сатыларда 1,3 м астам биіктікте жұмыс істеу кезінде сақтандыру белдігі қолданылады, ол құрылыстың құрылымына немесе сатыға оны құрылымға сенімді бекіткен жағдайда бекітіледі.

597. Қосымша сатыдан жұмыс істеу кезінде көлік құралдары мен адамдар көбірек қозғалатын орындарда оның кездейсоқ түрткінің әсерінен құлауын болдырмас үшін саты ұштарында бекіткіштердің болуына қарамастан, оның орнату орындары қоршалады немесе күзетіледі. Сатыны бекіту мүмкін болмаған жағдайда оны жұмсақ жерге орнату кезінде оның негізінде каска киген жұмысшы тұрады және сатынын тұрақты күйде ұстайды. Қалған жағдайларда астынан қолмен ұстап тұруға болмайды.

598. Сатыны сатылы тордың белдігінің баспалдағында орнатуға болмайды. Саты торларында бөгеттер орналастырылады.

599. Сатыларды тасымалдау кезінде қарсы алдындағыларды қауіптілік туралы ескертіп, оны астынан көтеріп тасымалдау қажет. Сатыларды бір жұмысшы тасымалдау кезінде оның алдыңғы бөлігі жерден кемінде 2 м көтеріліп тұратындай етіп көлбеу күйде болады.

600. Тік орналасқан сатыларда, деңгейжиекке қарай көлбеу бұрышы 75° астам сатыларда биіктігі 5 м астам болған кезде 3 м биіктіктен бастап доға түріндегі қоршаулар жасалады және сақтандыру белбеуінің карабинін бекіту үшін аулағышы бар арқанмен жабдықталады, ал деңгейжиекке бұрышы 70° бастап 75° дейін орнатылғандары – биіктігі тігінен екі жағынан 5 м биіктіктен бастап 0,9-дан 1,4 м дейін қанатты қоршаумен жабдықталады.

Ұзындығы 5 м астам аспалы металл сатыларда, тік және көлбеу бұрышы 75° деңгейжиекке орнатылған сатыларда доғалы қоршауы немесе сақтандыру белбеуінің карабинін бекіту үшін аулағышы бар арқандары болады.

Қоршау доғалары бір-бірінен 0,8 м аспайтын қашықтықта орналасады және кемінде ұш бойлық жолақтармен қосылады. Сатыдан бастап доғаға дейінгі қашықтық қоршау ені 0,7-ден 0,8 дейін болғанда кемінде 0,7 және 0,8 м аспайды.

Биіктігі 10 м астам сатылар биіктігі бойынша әрбір 10 м сайын демалу үшін алаңдармен жабдықталады.

601. Кернеуі 220 кВ және одан төменбөлу құрылғыларында тасымал металл сатыларды пайдалануға болмайды.

602. Кернеуі 330 кВ және одан астам ашық бөлу құрылғыларында төмендегі шарттар сақталған жағдайда тасымал металл сатыларды қолдануға болады:

1) саты көлденең күйде жұмыс жүргізушінің, кезекшінің немесе электр қауіпсіздігі IV тобындағы жедел-жөндеу персоналы қатарындағы тұлғаның үздіксіз қадағалауымен тасымалданады;

2) сатыға жерге жанасатын металл шынжыр қосылады.

603. Адырна бойымен металл әрлемесі бар сатыларды металл деп есептеуге болады және олар осы Талаптың 602 және 603 тармақтарының талаптарын ескере отырып, электр қондырғыларында пайдаланылады.

604. Сатылар мен жиылмалы басқыштардың жай-күйін бақылауды ұйымның бөлімшесі (цехі, учаскесі) бойынша өкіммен тағайындалатын инженерлік-техникалық құрам жұмысшылары қатарынан болған тұлға жүзеге асырады.

Ағаш және металл сатыларды мерзімді тексеру 3 айда бір рет, жіпті тексеру айына бір рет жүргізіледі.

Сатылар мен жиылмалы басқыштарды тексеруді сынақ жүргізге тұлға, ал қолдану алдында жұмысшының өзі жүргізеді.

605. Ағаш сатыларды тексеру кезінде олардың техникалық талаптарға сәйкестігіне, ағаштардың жай-күйіне, жабындардың өткізу сапасына көңіл аударылады.

Баспалдақтар мен адырналарда ұзындығы 100 мм аспайтын және тереңдігі 5 мм аспайтын сызаттарының болуына болады. Бұл ретте сызаттар адырналар мен сатының баспалдақтарын босаңсытпайды. Сызаттарды немесе сынықтарды сылақпен, желімдеумен немесе басқа да тәсілмен жөндеуге болмайды.

Жылжымалы қосымша сатылардың иіндері шығарылады және кез келген тиісті биіктікте сенімді түрде жүк артылады. Олар өздігінен жиналмайды. Сатылардың иіндерін жылжытуға арналған күш 500 Н аспайды.

Адырналар аяқталатын тіректер оған мықтап бекітіледі және люфті болмайды. Резина башмактар тозған кезде соңғылары ауыстырылады; ұштары мүжілгендері қайралады.

606. Металл сатыларды тексеру кезінде тораптарда өзгерістердің, металдарда сызаттардың, қабыршақтардың, өткір тұстардың, адырнаға баспалдақтардың қосылған жерінде олқылықтардың жоқ екеніне көз жеткізіледі.

Арқанды сатыларды тексеру кезінде арқанда үзілген, кесілген жерлері, салбыраңқы учаскелері болмайды, адырналар тораптарды босатпай, баспалдақтармен сенімді байланады, қармауыштар оның өткізгіш бандажының кермесімен мықтап тіркеледі.

607. Барлық тасымал сатылар мен жиылмалы басқыштар пайдалану барысында мерзімді түрде дайындалғаннан және күрделі жөндеуден кейін статикалық жүктемемен тексеріледі:

1) металл сатылар мен жиылмалы басқыштар – 12 айда 1 рет;

2) сатылар мен жиылмалы басқыштар – 6 айда 1 рет;

3) арқанды аспалы сатылар – 6 айда бір рет.

608. Статикалық сынақ кезінде қосымша және жылжымалы ағаш және металл сатылар қатты негізде орнатылады және қабырғаға немесе көлденең жазықтықта 75° бұрышпен құрылымға жапсарлас болады (10 сурет), үш иінді сатылар толығымен жылжытылады.

609. Сатылар мен жиылмалы басқыштарды сынау баспалдақтар мен статикалық жүктің адырналарына асу арқылы жүргізіледі. Әрбір сынақтың ұзақтығы 2 минут.

610. Төзімділікке сынау үшін жылжымалы сатылардың баспалдақтары төменгі иіннің күш түсірілмеген ортасында 2,0 кН жүк ілінеді.

Адырналарды сынау екі тәсілмен жүргізіледі. Алдымен әрбір адырнаға ортасында1,0 кН жүк орнатылады. Барлық иіндер сынаққа тартылады. Жүкті түсіргеннен кейін Жүкті алғаннан кейін қос адырнаға ортаңғы иіннің ортасына 2,0 кВ жүк салынады (жүк ортаңғы баспалдаққа асылуы мүмкін). Бұл ретте сатының өздігінен жинауына жол берілмейді.

Сатының жылжымалы иіні сынақтан кейін еркін түсіріледі және көтеріледі.

611. Қосымша сатыны сынау кезінде тесіктің ортасында бір жағы күшпен басылған баспалдаққа 1,2 кН жүк ілінеді. Жүкті алғаннан кейін баспалдақтарда және оларды адырнаға орналастыру орындарында зақымдар болмайды. Тексеріс жай-күйі күмән келтіретін сатылардың баспалдақтары оларға жүк артып қосымша сыналады. Сынау кезінде анықталған сатылардың ақаулықтары қалпына келтіріледі, одан кейін сынақ толық көлемде тексеріледі.

612. Сынақ алдында жұмыс күйінде тегіс көлденең алаңда орнатылады. Сатының ортаңғы бөлігінде күш түсірілмеген баспалдағына 1,2 кН жүк ілінеді. Егер баспалдақтар жиылмалы басқыштың қос аралас иіндерінде болса, онда бірінші иінді сынағаннан кейін осыған ұқсас тәсілмен екіншісі сыналады. Егер екінші иін жұмыс істейтін болып табылмаса және тек қана тірек үшін қызмет атқаратын болса оны иіннің ортаңғы бөлігіндегі адырнадан әр қайсысына тікелей ілінген 1,0 кН жүкпен сыналады.

Қосымша сатылар мен жиылмалы басқыштардың адырналарын сынау кезінде 1,0 кН жүк екі адырнаға да ортасынан салынады.

613. Жылжымалы сатылардың шынжырларын, ілмектері мен бекіту құрылғыларын сынау үшін соңғысы тік күйінде төменгі баспалдаққа 2,0 кН жүк ілінеді. Жүкті алғаннан кейін шынжырларды дәнекерлеу орындарында сызаттар, осы буындар мен бекіту құрылғыларының өзгерістері болмайды.

614. Арқанды және металл аспалы сатылар жұмыс күйінде сыналады. Сатылар тігінен ілінеді және құрылымға екі қармауышпен бекітіледі. Төменгі баспалдаққа ортасына 1,2 кН жүк ілінеді. Егер металл саты жұмыс алаңымен жарақталады, баспалдақты сынағаннан кейін жүк осы алаңға ілінеді.

Аспалы сатыларды жұмыс (тік) күйінде сынау үшін жағдайлар болмаған кезде оларды динамометрмен жүктемені бақылай отырып, көлденең қалыпта оларды керілуіне тексеруге болады.

Металл жиналмалы тасымал сатыны сынау 5 минут ішінде секцияның жоғарғы баспалдағына (төменгі) 2,0 кН жүк асу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте құрастырмалы тасымал сатының механикалық төзімділігін төмендететін өзгерістердің, сызаттар мен басқа да зақымдардың болуына жол берілмейді.

615. Сатылар мен жиылмалы басқыштарды мерзімді тексеру датасы мен нәтижелері «Такелаж құралдарын, тетіктері мен бұйымдарды есепке алу және тексеру журналында» жазылады.

616. Барлық сатылар мен жиылмалы басқыштар қолданар алдында журналға жазбай жұмыс жүргізуші тексереді.

617. Сатылар олардың кенет механикалық зақымдануын болдырмайтын құрғақ үй-жайларда сақталады.

2 параграф. Ағаштар мен бөгеттер
618. Ағаштар мен бөгеттер ҚР ҚНжәнеЕ 1.03-05-2001 «Еңбекті қорғау және құрылыстағы қауіпсіздік техникасы», МСТ 26887 және МСТ 27321 «Тас төсеу құралдары. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

619. Ағаштар, бөгеттер (бөгеттер – фронт бойынша жұмыс орындарын ауыстыру қажет етілетін жұмыстарды орындауға арналған бір қабатты құрылым) және биіктікте жұмысты орындауға арналған басқа да бұйымдар (жоғарыдағы жұмыстарға жұмысшы топырақ бетінен, жабыннан немесе жұмыс төсемінен 1,3 және одан астам биіктікте және биіктігі бойынша құлама шегінен 2 м кем қашықтықта болатын жұмыстар жатады. Бұл жұмыс МСТ 12.4.059 «Тас төсеу құралдарының қоршаулары. Техникалық шарттарға» сәйкес қоршауы ормандардың төсемдерінен орындалады. Қоршауларды орнату мүмкін болмаған және орынсыз болған жағдайда жұмыс МСТ 12.4.059 «Құрылыс. Сақтандыру арқандары. Жалпы техникалық шарттарға» сәйкес сақтандыру белбеуі мен сақтандыру арқандарын пайдалана отырып орындалады) инвентарлық болуы қажет және үлгі жобасы бойынша дайындалады.

Инвентарлық ағаштар мен бөгеттерде дайындаушының паспорттары болады.

Инвентарлық ағаштарға ерекше жағдайларда ғана жіберіледі және барлық негізгі элементтердің төзімділігіне, тұрақтылығына есептермен жоба бойынша құрылады.

Жобаны орман жобасын әзірлеген ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

620. Ағаштар мен бөгеттерді: ағаш, металл және құрастырмалы етіп дайындауға болады.

Ағаш төсемдер мен бөгеттер МСТ 8486, МСТ 9463 «Қылқанды жыныстардың дөңгелек ағаш материалдары. Техникалық шарттар», МСТ 9462 «Жапырақты жыныстарды дөңгелек ағаш материалдары. Техникалық шарттар», МСТ 2695 «Жапырақты жыныстарды кесу материалдары. Техникалық шарттар» бойынша 2 сұрыптан төмен емес қылқанды және жапырақты жыныстардың құрғақ ағаштардан дайындалады.

621. Металл ағаштар элементтердің төзімділігін бұзатын майысқан жерлері, сызаттары мен басқа да ақаулары жоқ тегіс металл құбырлардан дайындалады.

622. Құрастырмалы металл ағаштардың жасанды түрде ұзартылған бағандарының сенімді қосқыштары болады.

623. Ағаштар үшін тек металл бекіту элементтері (бұрандалар, ішектер, қамыттар, қысқыштар мен басқалары) қолданылады.

624. Ағаштардың бағандарының тұрақтылығын ұзындығы бойымен қамтамасыз ету үшін ғимараттың (құрылыстың) немесе құрылымның берік бөліктеріне бекітіледі. Бекіту орындары мен тәсілдері жобада көрсетіледі.

625. Ағаштар мен бөгеттер ғимараттың немесе құрылымның шығыңқы және тұрақтылығы аз бөліктеріне бекітіледі және бөгеттердің төзімділігінің есептерін растамай, олар құрылымдық элементтерге орнатылады.

Ағаштар мен бөгеттерді жабдықтың ыстық беттерінде немесе элементтерінде орналастыру қажет болған кезде ағаштардың бөліктері күйіп кетуден қорғалады.

626. Металл төсемдер жерге қосылады. Ашық ауада орналастыру кезінде металл және ағаш төсемдер найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталады. Найзағайдан қорғағыш найзағай бөлгіштермен жүзеге асырылады. Найзағай бөлгіштер найзағай қабылдағыштан, ток бөлгіштен және жерге қосқыштан тұрады. Найзағай қабылдағыш арасындағы қашықтық 20 м аспайды. Жерге қосқыш кедергісі 15 Ом аспайды.

627. Ағаштардың, бөгеттер мен жүк көтергіштердің жүктемелері жобада (паспортта) көрсетілген шекті мәндерден аспайды. Ағаштар мен бөгеттерде шекті жүктемесі мен оларды орналастыру орындарының сызбалары көрсетілген плакаттар бекітіледі.

Төсемдерде бір орында адамдардың жинауына жол берілмейді. Төсемдерге қосымша жүктеме (жүк көтеру тетіктерінен, жүк көтеру алаңдарынан және басқаларынан) беру қажет болған жағдайда олардың құрылымында осы жүктемелер ескеріледі.

628. Ағаштар мен бөгеттердегі төсемдердің элементтері арасында 5 мм аспайтын саңылаулары бар тегіс беттері болады және көлденең төсемдерге бекітіледі.

Төсемдердің біріктірілген элементтерінің ұштары тіректерге орналасады және оларды әр жағынан кемінде 20 см жауып тұрады. Біріктірілетін элементтердің ұштарында дөңестердің түзілуін болдырмас үшін олар тегістеледі.

Ағаштар мен бөгеттердегі төсемдердің ені: тас жұмыстары үшін – кемінде 2 м, сылақ үшін – 1,5 м, сылау және монтаждау үшін – 1 м.

629. Төсем (қалқандарды, тақтайларды) элементтерін тіректерге (сұққыларға, арқалықтарға) салу кезінде бекіту төзімділігі тексеріледі және осы элементтердің ығысу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізіледі.

630. Төсемдердің тіректері мен аспалары жұмысшылар мен материалдардың ең көбірек санына көтеруді қарастыратын жеткілікті төзімділік қорымен есептеледі.

631. Тіректер, рамалар, тірек ағаштары мен төсемдердің өзге де тік элементтері аспаға орнатылады және жобаға сәйкес байламалармен бекітіледі. Тірек бағандары бекіткіштермен және жылыстауын болдырмайтын қиғаштап қойылған тірекпен бекітіледі.

Ағаштар бағандарының әрбір жұбының соңынан көлденең бағытта қалыңдығы кемінде 5 см тақтайдан тұтас (кесілген) төсемше төселеді. Тірек төсемшелері алдын ала жоспарланған және дайындалған қабатқа төселеді.

Кірпіштердің, тастардың, тақтай кесінділері мен саздардың көмегімен төсемдерді тегістеуге болмайды.

632. Жер мен жабындардың деңгейінен 1,3 м және одан жоғары биіктікте орналасқан ағаштар мен бөгеттердің төсемдерінде жұмыс төсемінен, бір аралық көлденең элементтен кемінде 1,1 м биіктіктегі қашықтықта орналасқан және биіктігі кемінде 15 см ернеу тақтайшадан жасалған тіректерден, тұтқалардан тұратын қоршаулары болады. Тұтқа бағандары арасындағы қашықтық 2 м аспайды. Қоршау үшін тұтқасы бар биіктігі кемінде 1 м металл торды қолдануға болады.

Қоршаулар мен қанаттар 700 Н шоғырландырылған статикалық жүктемені ұстап тұрады.

Ернеу тақтайлар төсемдерге орнатылады, ал қанаттардың элементтері ішкі жағынан тіректерге бекітіледі. Ағаш қанаттардың тұтқалары ілмекке ілінеді.

633. Биіктігі 6 м және одан астам ағаштардан жұмыстарды істеу кезінде кемінде екі төсем орнатылады: жұмыс (жоғарғы) және қорғағыш (төмен), ғимаратқа немесе құрылысқа жанасқан әрбір жұмыс орны сонымен қатар биіктігі бойынша жұмыс төсемінен 2 м қашықтықта орналасқан төсеммен жоғарғы жағынан қорғалады.

Бірнеше қабаттарда бір бойда олардың араларына аралық қорғағыш төсемдерін салмай жұмыс істеуге болмайды.

Жұмыстарды жүргізу, адамдар мен көлік қозғалысы төсем астымен және оның жанында жүруі қарастырылмаса, қорғағыш (төменгі) төсемді орнату қажет етілмейді.

634. Ағаштар бір-бірінен 40 м аспайтын қашықтықта орналасқан адамдарды көтеру және түсіру үшін сатылармен немесе басқыштармен жабдықталады. Ұзындығы 40 м кем емес ағаштарда кемінде екі саты немесе басқыш орнатылады. Сатының немесе басқыштың жоғарғы ұшы ағаштардың бойына бекітіледі.

Ағаш төсемдегі сатыдан шығатын ойықтар қоршалады. Сатылардың көлденең бетке көлбеу бұрышы 60° аспайды. Басқыштың еңісі 1:3 аспайды.

635. Жүкті ағашқа көтеру үшін блоктар, шығанақтар және жобаға сәйкес бекітілетін өзге де шағын механикалы құралдары қарастырылады.

Жүктерді орналастыруға арналған ойықтардың төрт жақты қоршауы болады.

636. Тас төсеу құралдарының өту жолдарына жақын көлік құралдарының габаритінен кемінде 0,6 м қашықтықта орнатылады.

637. Биіктігі 4 м дейін бөгеттер мен ағаштарды жұмыс басшысы немесе шебер «Төсемдер мен бөгеттерді қабылдау және тексеру журналына» (11 қосымша) жазып, оларды қабылдағаннан кейін пайдалануға болады.

Төсемдер мен бөгеттерді қабылдау кезінде: жекеленген элементтердің тораптарының тұрақтылығын, төзімділігін қамтамасыз ететін байланыстар мен бекіткіштердің болуы, жұмыс төсемдері мен қоршаулардың ақаусыздығы, тіректердің тігінен орналасуы, тірек алаңдары сенімділігі мен жерге қосқыштардың (металл төсемдер үшін) болуы тексеріледі.

Тіректердің қисықтығы 1 м ұзындықта 1,5 мм аспайды.

638. Төсемдерді пайдалану барысында күн сайын жұмыс басшысы және 10 күнде 1 реттен кешіктірмей ұйым басшысы тексереді.

Тексеру нәтижелері «Төсемдер мен бөгеттерді қабылдау және тексеру журналына» жазылады.

639. Бір ай бойы және одан астам уақыт жұмыс жүргізілмеген төсемдер жұмысты қайта жаңғырту алдында қайта қабылданады. Ашық ауада ораласқан төсемдер механикалық зақымданудан кейін олардың астындағы негіздің көтергіш қабілетіне әсер ететін жаңбырдан және жылымықтан кейін қайта тексерілетін болады. Төсемдердің өзгергенін анықтаған жағдайда олар түзетіледі және осы Талаптың 638 және 639 тармақтарының талаптарына сәйкес қайта қабылданады.

640. Ағаштар мен бөгеттердің төсемдері мен сатылары мерзім сайын жұмыс кезінде және күн сайын оны аяқтағаннан кейін қоқыстан, қысқы уақытта - қардан және мұздан тазартылады және қажет болған кезде құм себіледі.

641. Уақытша жұмыс жүргізілмеген төсемдер мен бөгеттерді ақаусыз күйде ұсталады.

642. Кездейсоқ тұғырықтардан (жәшіктерден, бөшкелерден және басқаларынан), фермалардан, шатыр тіреуіштерден жұмыс істеуге болмайды.

Еден (жұмыс алаңынан) деңгейінен 1,3 м және одан астам биіктікте бөгеттерсіз қысқа мерзімді жұмыстар жүргізу кезінде сақтандыру белбеулерін қолдану міндетті. Жұмысшылар қай жерде және қалай көтерілу керектігі, сақтандыру белбеулерінің карабинінен қайда бекіту жөнінде нұсқаулықтан өтеді.

Сақтандыру белбеулерінде кезекті сынақ мерзімі туралы биркалар болады. Сынақ мерзімі өткен, сынақ белгісі жоқ немесе сақтандыру белбеулерін тексеру кезінде ақаулық анықталған болса, жұмыс істеуге болмайды.

643. Төсемдердің кранның ілмегіне асылған жүкке соқтығысуын, кран тілшесінің бір мезгілде ағаштарға өте жақын жерде жүк көтерумен (түсірумен) қатар бұрылуын болдырмас үшін жұмыс істеуге болмайды.

Жүкті төсемге ең төменгі жылдамдықпен, бір қалыпты, түрткісіз көтеріп, түсіру қажет.

644. Төсемдерді құрастыру және бөлшектеу жобада немесе техникалық құжаттамада қарастырылған, қауіпсіздік талаптарын қамтитын жұмысты ұйымдастыру реттілігін сақтай отырып жүргізіледі. Төсемдерді құрастыруға және бөлшектеуге қатысатын жұмысшылар жұмыс жүргізу тәсілі мен реттілігі және қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтан өтеді.

Төсемдер мен бөгеттер орнатылатын немесе бөлшектенетін аймаққа бөгде тұлғалардың өту жолы жабық болады.

645. Төсемдерден 5 м жақын орналасқан электр өткізгіштері оларды орнату немесе бөлшектеу кезінде токтан ажыратылады және жерге қосылады, қорапқа салынады немесе бөлшектенеді.

646. Биіктікте жұмыс істеу кезінде төменгі жағынан өтуге болмайды, ал қауіпті аймақ қоршалады және төсемдер мен бөгеттерден биіктігі кемінде 0,3 м қашықтықта қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.

Ғимаратқа өту жолдарының орындарында орналасқан төсемдердің қорғағыш қалқаншасы және адамдарды жоғарыдан кенеттен құлайтын заттардан қорғау үшін тұтас бүйірлік қаптамасы болады.

Қорғағыш қалқаншалар төсемдерден кемінде 1,5 м шығып тұрады және деңгей жиекке 20° еңісі болады.

Жарыққа шығу жолы кемінде 1,8 м болады.

647. Ғимарат қабырғасы арасындағы немесе жабдық пен олардың жанында орналасқан төсемдердің жұмыс төсемдері арасындағы қашықтық таспен қалау кезінде 50 м аспайды, өңдеу жұмыстары кезінде 150 мм болады.

Жылу оқшаулағыш жұмыстарды жүргізу кезінде оқшауланатын қабат пен жұмыс төсемі арасындағы саңылау 50 м плюс қос оқшаулау қалыңдығынан аспады. Барлық жағдайларда жұмыс жүргізілмеген кезде 50 мм астам саңылауды жабу қажет.

648. Аспалы төсемдер тербеуді болдырмас үшін ғимараттың (құрылыстың) немесе құрылымның берік бөліктеріне бекітіледі.

649. Төсемдерді аспалы ағаштардың сұққыларына төсеуге және оларды пайдалануға оларды төсем ілінген элементтерге бекіткеннен кейін рұқсат беріледі.

650. Құрылымдардың монтаждалатын немесе жөнделетін элементтеріне ілмектерді, қамыттарды және ағаш аспалардың сұққыларын оларды көтергенге дейін бекіту қажет.

Ағаштарды асуға арналған ілмектер 15 минут ішінде 2 есе жұмыс жүктемесінен артық статикалық жүктемемен алдын ала сыналады. Сынақ нәтижелері актімен ресімделеді.

651. Аспалы бесіктер мен жылжымалы ағаштар үшін тоғыз еселі төзімділік қоры бар жүк арқаны, болат арқандар ретінде қолданылады.

Арқандарды бекіту қысқыштарының саны есептік, бірақ үшеуден кем болмау керек. Аулағыш арқанның төзімділік қорының коэффиценті ең үлкен динамикалық күш бойынша жүк арқаны үзілген кезде аулағыш авариялық іске қосылған кезде кемінде 3.

652. Аспалы ағаштардың төсемдері осы Ереженің 633 тармағына сәйкес сыртқы және артқы жатынан қоршалады.

Сапалы ағаштардың қабаттарының арасындағы байланыс мықтап бекітілген сатылар бойынша жүзеге асырылады.

653. Жылжымалы ағаштар мен аспа бесіктері көтеру және түсіру үшін қызмет ететін шығыршықтар Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану ережесі мен осы Талаптың 2 параграфына сәйкес болады.

654. Арқандар (баулар) оларды аспа бесікке немесе жылжымалы ағаштарға және шығыршық барабанына қосу орындарында жақсылап бекітіледі. Аспа бесіктер мен жылжымалы ағаштарды көтеру және түсіру кезіндегі арқандарды қозғалысы еркін болады. Арқандардың шығыңқы құрылымдарға жанасуына болмайды. Жұмыс жүргізілмеген аспа бесіктер мен жылжымалы ағаштар жерге түсіріледі. Аспа бесіктер мен ағаштар орналастыру кезінде арқанның шығыршық барабанына дұрыс бекітілуі қадағаланады.

655. Аспа бесіктер мен жылжымалы ағаштарды көтеру және түсіру үшін қолданылатын шығыршықтар іргетасқа бекітіледі немесе қос жұмыс кезінде олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін балластпен жарақталады. Балласт шығыршықтың рамасына мықтап бекітіледі.

Бөгде тұлғалардың балластарға өтуіне болмайды.

656. Аспалы бесіктердің төрт жақты қоршауы болады. Жұмыс істемейтін жақтағы қоршау биіктігі кемінде 1,2 м, жұмыс фронты жағынан кемінде 1 м. Ернеулік қоршаудың биіктігі тұтас периметрі бойынша кемінде 0,15 м. Аспа бесіктердің қоршауларына есік орнатуға болмайды. Аспа бесіктердің қоршауларының көтергіш элементтері көлденең және тік жазықтықта кезекпен оның шүлдігіне перпендикуляр бағытта қоршап тұрған тұтқаға салынған кемінде 700 Н жүктемені ұстап тұрады. Аспа бесікті асуға арналған ілмек оның құлауын болдырмас үшін сақтандыру құлпымен жарақталады.

657. Күн сайын жұмыс алдында аспалы бесіктердің, жылжымалы ағаштар мен арқандардың жай-күйі тексеріледі және жұмыс істеп тұрған арқанның үзілу мүмкіндігі сыналады.

Аспалы бесіктер мен жылжымалы ағаштардың ең жоғарғы құлау биіктігі оларды аулағыштармен тоқтатқанға дейін 0,15 м.

658. Тірек, аспа және жылжымалы ағаштар мен аспалы бесіктердің металл құрылымдарының әрбір торабы дайындалғаннан кейін тексеріледі және сыналады, ол жөнінде қабылдау актісі дайындалады. Бұдан соң ағаштарды бақылап жинау жүзеге асырылады, олар қосымша тексеріледі және сыналады.

659. Тірек ағаштарын бақылап жинау онша күш түсірілмей жүргізіледі, бұл ретте:

1) барлық тораптардың сыртынан тексеріліп, дұрыс орнатылуы;

2) аспаның көмегімен бағандардың тігінен орнатылуы (көлбеу бұрышы 1° астам);

3) бағандармен ригельдердің, тұтқалардың (барьерлердің) және ернеулердің жеңіл қосылуы;

4) саты ілмектерінің ригельдерге, ал төменгі ұштардың төсемдерге тығыз жанасуы;

5) бағандардың сенімді орнатылуы және бекітілуі;

6) ригельдер мен төсемдерде ойық қоршауларының сенімді бекітілуі;

7) аспаптың, металл бөліктерінің және басқаларының құлау мүмкіндігін болдырмайтын ернеулерінің болуы тексеріледі.

Төсемдер осы 628 тармағының талаптарына сәйкес болады.

660. Бақылап жинағаннан кейін тірек және аспалы ағаштарды сынау 10 минут ішінде жоғарғы қабат бойынша тең бөлінген 2,5 кПа жүктемемен жүргізіледі. Сынақтан кейін ағаштар бөлшектенеді. Олардың барлық элементтері ешбір күшсіз бөлшектенеді. Элементтерде дәнекерленген жіктердің тұтастығы, қалдық өзгерістердің болмауы, геометриялық пішіндер мен өлшемдердің өзгермеуі тексеріледі. Анықталған ақаулықтар қалпына келтіріледі және сынақ қайталанады. Сынақ нәтижелері туралы акт дайындалады.

661. Дайындалған аспа бесіктер тексеріледі және сыналады. Тексеру кезінде жетектердің, ұстағыштар мен басқа да тораптардың дұрыс және сенімді бекітілуіне көңіл аударылады.

662. Аспа бесіктерді сынау есептік жүктемеден 50 % артық статикалық жүктемемен жүргізіледі. Аспа бесікті сынау кезінде 100 м бастап 200 м дейін биіктікке көтеріледі және осы күйде 10 минут ұсталады. Бұдан соң аспа бесік түсіріледі және оның тораптары (каркасы, жетегі, аулағыштары мен басқалары) мен бөлшектерінің жай-күйі тексеріледі. Қалдық өзгерістерге жол берілмейді. Есептік жүктемеден 10 % артық жүктемемен динамикалық сынау кезінде біркелкі түсіру және тораптардың, жетектердің, әсіресе тежегіш құрылғылардың өзара жұмысын тексеру үшін (еденмен жанаспай-ақ) аспа бесікті көтеру қажет. Аулағыштарды сынау кезінде әрбір жүк (жұмыс) арқанының үзілу мүмкіндігін тексеру үшін кемінде үш сынақ жүргізіледі, бұл ретте сақтандыру арқаны аулағыштармен қыстырылады.

Сынақтан кейін аспа бесік төмен түсіріледі және оның тораптары мен бөлшектерінің жай-күйі тексеріледі. Сынақ кезінде анықталған ақаулықтар жойылып, сынақ қайта жүргізіледі. Сынақ нәтижелері туралы акт дайындалады.

Жылжымалы ағаштар осыған ұқсас аспа бесікпен сыналады.

663. Жөнделген аспа ағаштарды 1 сағат ішінде есептік жүктемесі 20 % артық статикалық жүктемемен сыналғаннан кейін ғана пайдалануға болады.

Жылжымалы ағаштар сонымен қатар есептік жүктемесі 10 % артық динамикалық жүктемемен сыналады.

Төсемдерді сынау нәтижелері «Ағаштар мен бөгеттерді қабылдау және тексеру журналына» жазылады.

Аспалы ағаштар бірнеше рет пайдаланылған жағдайда ағаштар ілінетін құрылым есептік жүктемеден 2 есе артық сыналған, ал бекіілген төсемдер сынаққа төзімді үлгі тораптармен (құрылғылармен) жүзеге асырылған жағдайда сынақсыз пайдалануға жіберіледі.

664. Жылжымалы ағаштардың орнын ауыстырған кездле оларда материалдардың , ыдыстардың және қоқыстың болуына жол берілмейді.

Орналастырылатын төсемдерде жұмысшылардың болуына болмайды.

665. Жұмыста үзіліс болған кезде жылжымалы төсемдерді көтерілген күйде қалдыруға болмайды.



Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
0802 -> Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет