2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар


тарау. Тырнақтар мен монтерлік жолдар



бет8/12
Дата17.04.2016
өлшемі2.29 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5 тарау. Тырнақтар мен монтерлік жолдар
666. Монтерлік жолдар ( ағаш және темір бетонды ағаш қалдықтары бар электр беретін тірек желілерінде, негізгі байланыс желілерінде жұмыс істеуге арналған монтерлік жолдар нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес болады, ағаш және темір бетонды ағаш қалдықтары бар электр беретін тірек және байланыс желілерінде, электр беретін негізгі әуе желілерінде (бұдан әрі – ӘЖ ) 0,4 – 10 және 35 кВ, диаметрі 250 мм цилиндрлік темір бетон тіректерінде ӘЖ 10 кВ.

Монтерлік жолдар СВ-110-1-a, CB105-3,5 түріндегі трапеция қималы және 10 кВ электр беру желілері мен CB95-1-a(2a) түріндегі 0,4 кВ электр беру желілерін темір бетон тіректеріне көтеруге арналған.

0,4 және 10 кВ ӘЖ мен әмбебап жолдар 35-500 кВ цилиндрлік және конустық бірдейлендірілген темірбетон тіректеріне көтеруге арналған.

667. Тырнақтар мен жолдардың металл бөлшектерінің майысқан жерлері, сызаттары, сынықтары, қабыршақтары, өткір жиектері болмайды. Дәнекерлеу орындары тегіс, ойықтар мен басқа да ақаулықтары болмайды. Алмалы-салмалы тиектері соғылмаған және біркелкі болады.

668. Бекітуге арналған белбеулер май сіңірілген және керілген қос қабатты теріден дайындалады. Дайын белбеулердің қалыңдығы кемінде 3 мм болады. Байламалардың қорғағыш-көмкерме жабыны болады және белбеуге кендір жіппен немесе мықтылығы осыған ұқсас басқа да жіппен тігіледі.

Бекітуге арналған белбеулердің материалдары мен құрылымдары әр түрлі климаттық жағдайлар мен жыл мезгілдеріндегі жұмыстың сенімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын бөлімшесінің өкімі бойынша тырнақтар мен жолдардың жарамды жай-күйін қамтамасыз ететін тұлғалар тағайындалады.

669. Дербес жоғарғы жолдарда жұмыс істеуге (жоғарғы жолдардағы жұмыс деп топырақ, жабын немесе жұмыс төсемі үстінде уақытша монтаждау бұйымдарынан, құрылымдарынан немесе жабдықтан оларды монтаждау және жөндеу кезінде тікелей, 5 м және одан жоғары биіктікте жүргізілетін жұмыстарды айтады. Жоғарыдан құлауды болдырмаудың негізгі құралы ретінде сақтандыру белбеуі қызмет етеді) және осы жұмыстарды тікелей басқаруға 18 жастан жоғары, медициналық тексеруден өткен және биіктіктерде жұмыс істеуге жарамды деп танылған, кемінде 1 жыл осындай жұмыс түрін атқарған еңбек өтілі бар және тарифтік разряды үшінші санаттан төмен емес тұлғалар (жұмысшылар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер) жіберіледі. Жоғарғыда жұмыс істеуге алғаш жіберілген жұмысшылар 1 жыл бойы ұйым бөлімшесінің өкімі немесе кәсіпорынның бұйрығы бойынша тағайындалған тәжірибелі жұмысшылар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тікелей қадағалауымен жұмыс істейді. Дербес жоғарыда жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың білім тексеру куәлігінде жоғарыда және арнайы жұмыстарды жүргізуге құқық беретін жазбасы болады.

670. Тірекке көтеру алдында тырнақтар мен жолдар мұқият тексеріледі және оларды сынау мерзімінің өтпегеніне және тораптар мен бөлшектердің ақаусыздығына көз жеткізіледі. Дәнекерленген жіктердің төзімділігіне, тиектердің қатты балқыма ендірмелерінің тұтастығына, белбеулердің сақталуына және байламалардың сенімділігіне, контр сомындар мен шплинттердің болуына және қармауыш тетіктердің барабанына қос серіппелі таспалардың ұштарының сенімді бекітілуіне, тетік корпусының ұяшығына әмбебап жолдардың арқан ілмектерінің сенімді бекітілуіне, қармауыш тетіктің тұтқасын айналдырып, оның дұрыстығын тексеруге жол беріледі.

671. Тиектерінің ұшы кеткен немесе сынған тырнақтар мен жолдарды пайдалануға болмайды.

672. Сынауға қойылатын монтерлік тырнақтар ең алдымен сыртынан тексеріледі. Тырнақтарды тексеру кезінде барлық бөлшектердің (табанына серіппелі бөлігімен, тиектерді бекіту) бекітілу жай-күйіне, салынған белбеулердің сақталуына және байламалардың сенімділігіне көңіл аударылады. Сомын сенімді түрде тартылады және шығырмен бұралады. Тиектер мықтап бұралып, дұрыс қайралады.

Тексергеннен және анықталған ақаулықтарды жойғаннан кейін тырнақтар жүктемемен тексеріледі. Тырнақтың төзімділігі жұмыс күйінде диаметрі тырнақтың нөміріне сәйкес келетін ағаш бағанда статикалық жүктемемен сыналады.

Тырнақ қалдық өзгеріссіз және дәнекерленген жіктердің үзілуінсіз, белбеудің үзілуінсіз немесе байламаның зақымдануысыз статикалық жүктемені ұстап тұрады.

Қалдық өзгерістердің болмауын сынаққа дейін және одан кейін тырнақты еріткіш және көтеру өлшемімен тексереді.

673. Тырнақтар мен жолдар мерзім сайын кемінде 6 айда 1 рет 1350 Н статикалық жүктемемен тексеріледі.

Сынақ кезінде статикалық жүктеме жүктеме шүлдігі табан ортасы арқылы өтетіндей етіп, бекіту белбеулеріне тікелей салынады (11 сурет).




11-сурет – Монтерлік тырнақтарды сынау сызбасы

(Р – сынақ жүктемесі)

674. Жолдарды тексеру кезінде бөлшектердің тораптарының, бұрандалы қосқыштардың жай-күйі, контр сомындар мен шплинттердің болуы, белбеу бекіткіштердің жай-күйі тексереді. Әмбебап жолдарда арқанды ілмектердің және оны ерітуді реттеу тетігінің жай-күйіне ерекше көңіл аударылады. Арқанды ілмектерді тексеру кезінде арқан сымдары мен қос серіппелі таспаның тармақтарының тозу дәрежесі және оны арқанмен қосу сенімділігі анықталады. Дәнекерленген жіктер сызаттардың немесе қандай да бір механикалық зақымдардың болмауына тексеріледі. Тозған немесе зақымданған тиектер алынады және жаңасымен ауыстырылады.

Анықталған ақаулықтарды тексергеннен және жойғаннан кейін жолдар сыналады.

Сынақ кезінде жолдар электр беру желілері тіректерінің төменгі бөлігінің конфигурациясын көрсететін сынақ стендісінде жұмыс күйінде орнатылады.

Статикалық жүктемемен сынағаннан кейін әрбір жол сыртынан тексеріледі. Бөлшектерінде қалдық өзгерістер, сызаттар, бекіту белбеулерінің үзілген жерлері немесе арқан ілмектері еріткіштерін реттеу тетігінің жұмысында іркіліс анықталған жолдар жарамыз деп танылады және одан әрі пайдалануға жіберілмейді.

675. Тырнақтар мен жолдарды сынау нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және «Такелаж құралдарын, тетіктер мен бұйымдарды есепке алу және тексеру журналына» жазылады. Әрбір тырнақ пен жолдың басқыш белбеуінде оның нөмірі мен кезекті сынақ мерзімі жазылған биркасы болады.

Табандарды тартуға арналған белбеулер жүктемемен сыналмайды, оларды одан әрі пайдалану жарамдылығы тексеріс кезінде анықталады.


6 тарау. Дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар

1 параграф. Жалпы талаптар
676. Барлық дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің, ҚР ҚНжәнеЕ 1.03-05-2001 «Еңбекті қорғау және құрылыстағы қауіпсіздік техникасы» талаптарына сәйкес орындалады.

677. Электрлік дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарға арнайы дайындықтан және теориялық білімін тексеруден, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықтан және өрт қауіпсіздігі ережесінен білімін тексеруден өткен және «Дәнекерлеуші куәлігі» мен куәлігінде білімін тексеруден өткені және арнайы жұмыстарды орындауға рұқсаты туралы жазбасы бар тұлғалар жіберіледі.

Барлық электр дәнекерлеушілер электр қауіпсіздігі бойынша II тобы болған жағдайда жұмысқа жіберіледі.

678. Газбен дәнекерлеушілер мен электрмен дәнекерлеушілерді дайындау, оқыту кәсіби техникалық училищелерде, ұйымдардың жанындағы дәнекерлеу жөніндегі курстарында немесе оқу комбинаттарында жүргізіледі.

Дәнекерлеушілерді қазандықтарды қадағалау, газ қадағалау объектілерін және көтергіш құрылыстарды дайындау, монтаждау және жөндеу кезінде дәнекерлеу жұмыстарын орындау құқығына аттестаттау Қазақстан Республикасы Агенттігінің Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау департаменті 1994 жылы бекіткен Дәнекерлеушілерді аттестаттау ережесіне сәйкес жүргізіледі.

679. Барлық дәнекерлеушілер жыл сайын еңбекті қорғау нұсқаулығы мен өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша білімін тексеруден өтеді.

Мамандығы бойынша технологияны бұзғаны және жұмыс сапасының төмендігі үшін жұмыста 6 айдан астам уақытша жұмыстан шеттетілгеннен кейін дәнекерлеушілер жұмысқа кірісер алдында кезектен тыс білімін тексеруден өтеді.

680. Дәнекерлеу жұмыстарын бастағанға дейін әрбір сыйымдылық, оның ішінде пайдаланудағы сыйымдылықтар ауаны ауаны бес-алты есе ауыстыру арқылы желдетіледі.

681. Ішінде сұйық отын, тез тұтанғыш немесе жанғыш сұйықтықтар, қышқылдар, газдар мен басқалары болған ыдыстарды (резервуарларды, бактарды және басқаларын) дәнекерлеу алдында оларды каустикалық сода қосылған ыстық сумен тазарту, жуу, булау, кептіру және зиянды заттардың қауіпті қосылымының жоқ екенін куәландыратын кезекті тексеріс арқылы желдету жүргізіледі.

Бұл жағдайда сыйымдылық оған тасымалданатын заттардың түсуі мүмкін құбыр өткізгіштерден ажыратылады.

682. Жерасты құрылысында дәнекерлеу жұмыстарын бастар алдында онда тікелей іске қосу алдында ықтимал зиянды заттардың құрамы тексеріледі.

Жерасты құрылысында газ анықталған жағдайда оны желдету бойынша шаралар қолданылады.

683. Жерасты құрылысында немесе резервуарда едіуәр ықтимал зиянды заттардың болуы газ талдағышпен анықталады. Ауа сынамасы жерасты құрылысының немесе резервуардың люгіне түсірілетін шлангінің көмегімен алған жөн.

684. Жерасты құрылыстары мен резервуарларға ауа сынамасын алу үшін түсуге болмайды.

685. Егер желдеткішке қарамастан, зиянды заттардың бар екені анықталса, онда олардың түсуі жойылмағанға дейін және қайта тексеріс арқылы зиянды заттардың жоқ екені расталмағанға дейін жерасты құрылысында жұмыс істеуге болмайды.

686. Қазандықтар мен басқа да резервуарлардың барабандарының ішінде, жерасты құрылыстарында (жерасты құрылыстары дегеніміз жылу камералары, өткізу және жартылай өткізу арналары, коллекторлар, тоннелдер мен құдықтар) дәнекерлеу жолдар, аспа бесіктер, тығындар ашық болған кезде, шекті рұқсат қосылымы шегінде құрамында зиянды заттары мен оттегі құрамы бар ағынды-сорғы желдеткіштері жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі. Резервуар немесе жерасты құрылысы ішінде жұмыс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,3-1,5 м/с құрайды.

Берілетін ауаның температурасы 20°С төмен емес.

Жабық сыйымдылықтарда дәнекерлеу жұмыстарын сұйылтылған газдарды (пропан, бутан) және көмір қышқылды пайдалана отырып, орындаған жағдайда сорғы желдеткіші төмен қарай түсуді қамтамасыз етеді. Дәнекерлеу жұмыстарын цокольдік және жертөлелік үй-жайларда, құдықтарда және басқа да жерасты құрылыстарында сұйылтылған газдарды пайдалана отырып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

687. Сыйымдылықтардың ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарық беру сыртқы жағынан орнатылған бағыттаушы шамдардың немесе қорғағыш тормен жабдықталған 12 Вольт кернеуге қолмен тасымалдау шамдарының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте жұмыс аймағының жарықтандырылуы кемінде 30 лк.

Тасымал шамдарға арналған трансформаторларды дәнекерлеу объектісінен тыс орнатқан жөн. Автотрансформаторларды қолдануға болмайды.

688. Қазандықтар мен басқа да резервуарлардың және жерасты құрылыстарының барабандары ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін кемінде 3 адам тағайындалады, олардың (қадағалаушы) резервуардан (құрылыстан) тыс, люктің (жолдың) жанында болады және дәнекерлеушіні оның құтқару арқанынан бекітілген құтқару арқанымен сақтандырады. Жұмыс орнына бөгде тұлғаларды жіберуге болмайды.

Қадағалаушылардың резервуарда дәнекерлеуші болған кезде резервуар немесе жерасты құрылысы люгінен алыстауына болмайды.

Зардап шеккенге түсу қажет болған жағдайда қадағалаушылардың біреуі газ қағар мен сақтандыру белбеуін киеді де, сақтандыру арқанының ұшын жоғарыда тұрған қадағалаушыға береді.

689. Егер жабық ыдыстарда, тар жағдайларда, сыйымдылықтарда және басқаларында бір мезгілде бірнеше дәнекерлеуші жұмыс істесе, барлық жұмысшыларға көмек көрсету шарасы қолданылады.

690. Өндірістік ғимараттарда, құрылыстарда, ұйымдар аумағында уақытша дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар жабдықты жөндеу немесе құрылымдарды монтаждау кезінде рұқсат наряды бойынша орындалады.

Объектінің басшысы және үй-жайдың (аумақтың, қондырғының және басқасының) өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға 3-5 минут уақыт ішінде уақытша отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындарын оларды аяқтағаннан кейін тексеруді қамтамасыз етеді.

Дәнекерлеу және отпен байланысты жұмыстар мынадай:

1) отпен байланысты жұмыстарды жүргізу ережесін сақтаған және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралар орындалған;

2) дәнекерленетін бөлшектерді сыртынан және ішінен күйіктен, тозаңнан және жанғыш заттардан (майдан және басқасынан) жақсылап тазартқан жағдайда орындалады. Дәнекерленетін бөлшектердің беттері құрғақ болады. Дайындамалар мен бөлшектердің жиектерінде қабыршақтар болмайды;

3) жұмыс орнын персоналды дәнекерлеу кезінде бөлінетін сәуледен және ұшатын ұшқын мен күйіктерден қорғау мақсатында қоршаған;

4) жұмыс орнында өрт сөндіру құралдары болған жағдайларда орындалады.

691. Дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарды жазбаша рұқсат нарядын рәсімдемей, отпен байланысты жұмыстарды тұрақты жүргізу алаңдарында және авария кезінде өрт шығу қаупі жоқ орындарда, бірақ цех бастығының тікелей немесе оның нұсқауы бойынша осы бөлімшенің өзге де инженерлік-техникалық жұмысшының қадағалауымен жүргізуге болады.

Осы жұмыстарды ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізімде көрсетілген дәнекерлеушілер орындайды.

Отпен байланысты жұмыстарды уақытша жүргізу орындары мен дәнекерлеу агрегаттарын, газдары бар баллондарды және жанғыш сұйықтығы бар бактарды орнату орындары кемінде 5 м радиусында жанғыш материалдардан, ал 10 м радиуста жарылу қаупі бар материалдар мен қондырғылардан босатылады.

692. Салмағы 15 кг астам металл құрылымдарын дәнекерлеу кезінде тұрақты жұмыс орындары жиынтық стенділерімен және механикаландыру құралдарымен жабдықталады.

Ұсақ және шағын габаритті (салмағы 15 кг дейін) бұйымдарды дәнекерлеу кезінде тұрақты жұмыс орындары дәнекерлеушінің үстелімен жабдықталады.

693. Электрлік дәнекерлеу мен газ жалынды жұмыстарын қазандықтар мен резервуарлардың ішінде бір мезгілде орындауға болмайды.

694. Резервуар немесе жерасты құрылысы ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде оған келу уақытын, демалу ұзақтығын (құрылыстан немесе резервуардан шығып) жұмыс жағдайы мен сипатына байланысты рұқсат нарядын берген тұлға анықтайды.

695. Жерасты құрылысында немесе резервуарында (отын мен майды сақтауға арналған резервуарлардан басқа) олардағы ауа температурасы 33° С жоғары болған кезде тек ерекше жағдайларда (авария кезінде егер ол адам өміріне қауіп төндіріп, жабдықты бұзса және басқалары) ғана жұмыс басшысының рұқсатымен және оның тікелей басшылығымен персоналдың күйіп қалуын болдырмас үшін қажетті шараларды қолдана отырып жүргізіледі.

696. Жанғыш немесе зиянды заттармен толтырылған, жанбайтын сұйықтықтардың, газдардың, булар мен ауаның қысымымен жұмыс істейтін немесе кернеумен жұмыс істейтін ыдыстарда, аппараттарда, құбырларда, коммуникацияларда және басқаларында дәнекерлеу және отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге болмайды.

697. Ағаштардан, бөгеттерден және аспа бесіктерден дәнекерлеу жұмыстарын жұмысшыларға немесе астынан өтетін адамдарға, жанғыш құрылымға ағаш элементтердің күюіне және балқытылған металл шашырандысының түсіне қарсы шаралар қолданылғаннан кейін жүргізуге болады.

698. Дәнекерлеу жұмыстарын қосымша тасымал сатылардан жүргізуге болмайды.

699. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу орындарында бензин, керосин, ацетон және басқа да тез тұтанатын материалдарды қолдануға және сақтауға болмайды.

700. Дәнекерлеу мен балқымадан алдын ала тазарту үшін керосин, бензин, ацетон және басқа да жанғыш және тез тұтанғыш заттар, трихлорэтилен, дихлорэтан және басқа да хлор бөлетін көмір сутектер сияқтыларды пайдалануға болмайды.

Ерекше жағдайларда, техникалық себептер бойынша өртке қауіпсіз жуатын құралдарды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда бір рет пайдалану үшін қажетті, бірақ 1 литрден аспайтын мөлшерде жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға болады. Бұл ретте тек соғылмайтын материалдан жасалған жабық ыдысты ғана пайдалануға болады.

701. Бір үй-жайда орналасқан жабдықта бір мезгілде дәнекерлеу және лактау, сырлау жұмыстарын жүргізуге болмайды.

702. Дәнекерлеушілер қолданыстағы нормалар бойынша арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі және оларды жұмыс істеу кезінде пайдаланады.

703. Май, бензин, керосин және өзге де жанғыш сұйықтықтардың іздері бар киімде және қолғаптарда жұмыс істеуге болмайды.

704. Көз бен бетті ультра күлгін және инфра қызыл сәулелерден қорғау үшін дәнекерлеуші әйнекті-жарық сүзгіштері бар қалқаншаларды (қол немесе бас) пайдаланады.

Доғалық әдіспен дәнекерлеу кезінде жарық сүзгіштерді токтың күші мен дәнекерлеу әдісіне байланысты қолданған жөн.

Қара әйнектен жасалған түрлі маркадағы жарық сүзгіштерді электрлік дәнекерлеу және қосалқы жұмыстар үшін тағайындау төмендегіше жүргізіледі:

В-1 – цехтарда дәнекерлеу кезінде өте жарық күн сәулесі болған кезде және қосалқы жұмысшылар үшін ашық алаңдардағы жұмыстарда;

В-2 – цехтарда электрлік дәнекерлеу кезінде қосалқы жұмысшылар үшін;

В-3 және Г-1 – ашық алаңда электрлік дәнекерлеу кезінде газ дәнекерлеушілері мен қосалқы жұмысшылар үшін;

Г-2 – газ дәнекерлеушілері үшін (орташа қуатты газбен дәнекерлеу және кесу кезінде);

Г-3 – газ дәнекерлеушілері үшін (қуатты газбен дәнекерлеу және кесу кезінде);

Э-1 – электр дәнекерлеушілері үшін ток күші 30 - 75 А болған кезде;

Э-2 – ток күші 75 - 200 А болған кезде;

Э-3 – ток күші 200 - 400 А болған кезде;

Э-4 – ток күші 400 А астам болған кезде;

Э-5 – ток күші 500 А астам болған кезде.

Электрлік доғамен және плазмалы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін дәнекерлеушілер үшін қара түсті шыныдан жасалған жарықты сүзгіштерді таңдау ток күші мен дәнекерлеу әдісіне байланысты болады және 3 кестеде көрсетілген деректермен анықталады.



3-кесте


Дәнекерлеу әдісі

Ток күші, А, жарық сүзгіштер үшін




С-1

С-2

С-3

С-4

С-5

С-6

С-7

С-8

С-9

С10

С11

С12

С13

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Металл электродпен доғалық дәнекерлеу







15-30

30-60

60-150

150275

275350

350600

600700

700 900

900







Ауыр металдарды металл электродпен инертті газдар ортасында доғалық дәнекерлеу инертных газов







20-30

30-50

5O-80

80-100

100200

200350

350-

500


500 700

700 900

900




Жеңіл балқымаларды металл электродпен инертті газдар ортасында доғалық дәнекерлеу










15-30

30-50

50-90

93-150

150-275

275-350

350 600

600 800

800




Вольфрамды электродпен инертті газдар ортасында доғалық дәнекерлеу







10-15

15-20

20 40

40-80

80-100

100175

175-275

275 300

300 400

400 600

600

Металл электродпен көмір қышқыл газы ортасындадоғалық дәнекерлеу

30 60

60-100

100150

150175

175300

300400

400600

600700

700900













Плазмалы дәнекерлеу













30-50

50-100

100175

175300

300350

350 500

500700

700-900

900

Әуелі-доғалық қабаттық кесу, кескіш және балқыма































500700

700 900

900

Доғалық әдіспен дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын жарық сүзгіштер (МСТ 12.4.080 «Өндірісте көзді зиянды сәулелерден қорғауға арналған шынылы жарық сүзгіштер.Техникалық шарттар» бойынша) токтың күшіне байланысты болады


Газбен дәнекерлеу және оттегімен кесу үшін арналған қара шыныдан жасалған жарық сүзгіштерді пайдалану ацетилен мен оттегінің шығынына байланысты 4 кестеде көрсетілгенге сәйкес болады.

705. Дәнекерлеушінің көзбен көру жұмысының тиімділік жағдайларын қамтамасыз ету үшін оның көру қабілетінің жеке қасиеттерін ескере отырып, 3 және 4 кестеде көрсетілген жарық сүзгіштерден басқа бір нөмірге үлкен немесе кіші болатын жарық түсіргіштерді пайдалануға болады. Егер бұл ретте дәнекерлеушінің көру қабілетінің тиімділігі байқалмаса, жарық беру жағдайы мен дәнекерлеушінің көру қабілеті тексеріледі.


4-кесте


Жарық сүзгіштің белгіленуі

Дәнекерлеу кезіндегі ацетилен шығыны, л/с

Кесу кезіндегі оттегінің , л/ч

С – 1

70 аспайды

-

С – 2

70 – 200

900 – 2000

С – 3

200 – 800

2000 – 4000

С – 4

800 кем емес

4000 – 8000

Газбен дәнекерлеуге және оттегімен кесуге арналған жарық түсіргіштер (МСТ 12.4.080 бойынша)
706. Дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындары өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргішпен немесе құм салынған жәшікпен, күрекпен және суы бар шелекпен) қамтамасыз етіледі. Дәнекерлеу орнына жақын жерде ішкі өртке қарсы су құбыры крандары болған жағдайда оқпаны бар қысымды жеңдер крандарға қосылады.

Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
0802 -> Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет