2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар


параграф. Электрлік дәнекерлеу жұмыстары



бет9/12
Дата17.04.2016
өлшемі2.29 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2 параграф. Электрлік дәнекерлеу жұмыстары
707. Электрлік дәнекерлеу жұмыстары осы Ереженің 1 параграфының, МСТ 12.3.003 «Электрлік дәнекерлеу жұмыстары. Жалпы қауіпсіздік талаптары» тараптарына сәйкес болады.

Электрлік дәнекерлеу жабдығының құрамына кіретін электр техникалық құрылғылар МСТ 12.2.007.8 «Плазмалы өңдеуге арналған электрлік дәнекерлеу құрылғылары. Қауіпсіздік талаптарына» және Электр қондырғыларын орнату ережесіне (бұдан әрі - ЭҚОЕ) сәйкес болады.

708. Жинақтау-дәнекерлеу цехтары мен учаскелерінен тыс ғимараттарда тұрақты электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған электрлік дәнекерлеу қондырғылары мен дәнекерлеу бекеттері үшін қабырғалары жанбайтын материалдан жасалған арнайы желдетілетін үй-жайлар қарастырылады.

Электрлік дәнекерлеу қондырғыларына арналған үй-жайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын және бұйымдардың дәнекерлеу орнына және кері жеткізілуін қамтамасыз ететін ені бойынша, бірақ кемінде 0,8 м жеткілікті өту жолдары қарастырылады.

Электрлік дәнекерлеу қондырғыларына арналған жеке үй-жайлардың алаңы кемінде 10м2, алаң жабдық пен материалдан еркін және әрбір дәнекерлеу орны үшін кемінде 3 м2 құрайды.

Кабина қабырғасының биіктігі кемінде 2 м, қабырға мен еден арасындағы саңылау – 50 мм, ал қорғағыш газдар ортасында дәнекерлеу кезінде – 300 мм.

709. Дәнекерлеу тогының бір бекеттік көздері арасындағы өткелдері ені кемінде 0,8 м балқытып дәнекерлеу (кесу, балқыма) қондырғысы, көп бекеттік – кемінде 1,5 м, бір және көп бекетті дәнекерлеу тогы көздерінен бастап қабырғаға дейінгі қашықтық кемінде 0,5 м болады.

Дәнекерлеу трансформаторлары топтары арасындағы жолдардың ені кемінде 1 м болады. Бір топтағы қатарда тұрған дәнекерлеу трансформаторлары арасындағы қашықтық кемінде 0,1 м, дәнекерлеу трансформаторы мен ацетилен генераторы арасындағы қашықтық – кемінде 3 м.

Дәнекерлеу тогының реттегішін дәнекерлеу трансформаторларымен немесе олардың үстінен орналастыруға болады. Дәнекерлеу трансформаторын ток реттегіштің үстінен орнатуға болмайды.

710. Дәнекерлеу қондырғыларын электр желілеріне қосу коммутациялық аппараттар арқылы жүргізіледі.

711. Дәнекерлеу доғаларын күш, жарық беру және байланыс желісінен тікелей қоректендіруге болмайды.

712. Жұмыс кезінде бір дәнекерлеу доғасына бірнеше дәнекерлеу көздерін қосу сызбасы бұйым мен электроды арасында дәнекерлеу тогы көзінен бір бос жүрістің едәуір көп кернеуінен астам кернеуінің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

713. Желі кернеуі номинал болған кездегі доғалық дәнекерлеуге арналған ток көздерінің бос жүрісінің кернеуі төмендегі шамадан аспайды:

1) қол доғалық және жартылай автоматты дәнекерлеу ауыспалы тогының көздері үшін – тиімді мәндегі 80 Вольт;

2) автоматты доғалық дәнекерлеу ауыспалы тогының көздері үшін – тиімді мәндегі 140 Вольт;

3) тұрақты ток көздері үшін – орташа мәндегі 100 Вольт.

714. Бір және көп бекеттік дәнекерлеу қондырғылары қорек желісі жағынан сақтандырғыштармен немесе автоматты ажыратқыштармен қорғалады. Қолмен дәнекерлеуге арналған қондырғылар дәнекерлеу тогының мәндерін көрсеткіштермен (амперметрмен немесе ток реттегіштегі шкаламен) жарақталады. Көп бекеттік дәнекерлеу агрегаттары қорек желісі жағынан қорғағыштан басқа дәнекерлеу шынжырының жалпы сымында автоматты ажыратқышы мен дәнекерлеу бекетіне әрбір сымда сақтандырғышы болады.

715. Электр өткізгіштері мен дәнекерлеу жабдығының күйіп кетуінен алдын алу үшін: токтың мақсаты бойынша кабелдердің қимасы, жұмыс кернеуі бойынша кабелдерді оқшаулау және шекті номинал ток бойынша балқыма ендірмелер дұрыс таңдап алынады.

716. Желіге қосу мен одан дәнекерлеу қондырғыларын ажыратуды осы электр желісін пайдаланушы ұйымның электр техникалық персоналы жүргізіледі.

717. Дәнекерлеу тогының жылжымалы көздері оларды орналастыру кезінде желіден ажыратылады.

718. Электрлік дәнекерлеу қондырғысы барлық жұмыс бойы қимасы кемінде 6 мм2 мыс өткізгішпен немесе қимасы кемінде 12 мм2 болат тараммен (жолақпен) жерге қосылады. Жерге қосу қондырғының корпусындағы арнайы бұранда арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі электрлік дәнекерлеу жабдығын дәнекерлеу қондырғысына жерге қосудан басқа бұйымға (кері жетекке) қарай баратын өткізгіш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының қосалқы орамының қысқышын тікелей қосу қажет.

Дәнекерлеу трансформаторын жерге қосу үшін нөлдік жұмыс немесе қос желілі қорек кабелінің фазалық өткізгішін пайдалануға болмайды.

719. Бір фазалы дәнекерлеу трансформаторын қоректендіру үшін үш желілі иілгіш шлангілі кабель қолданылады, оның үшінші желісі дәнекерлеу трансформаторы корпусының жерге қосу бұрандасына және коммутациялық аппараттан басқа қорек бекетінің жерге қосу тиегіне қосылады.

Үш фазалы трансформаторды қоректендіру үшін төрт желілі кабель қолданылады, төртінші желі жерге қосу үшін қолданылады.

Қоректендіру орнының жерге қосу дөңгелегі тұйық жерге қосылған бейтарап қондырғыларда қорек желісінің нөлдік қорғағыш жетегімен немесе оқшауланған бейтарап қондырғыларда жерге қосқышпен қосылады.

720. Дәнекерленетін бөлшекке қосылатын дәнекерлеу трансформаторының қысқышы (полюс) дәнекерлеу трансформаторының корпусына жерге қосу бұрандасы бар жерге қосу өткізгішінің көмегімен қосылады (12 сурет).

721. Дәнекерлеу кабелдерін престеу, дәнекерлеу немесе біріктіру жолымен қосқан жөн. Кабелдерді дәнекерлеу жабдығына қосу престелген немесе дәнекерленген кабель ұштарымен жүзеге асырылады.

722. Қорек бекеті мен жылжымалы дәнекерлеу қондырғысы арасындағы алғашқы шынжырдың ұзындығы 10 м аспайды.

723. Жылжымалы дәнекерлеу қондырғыларын жерге қосу оларды жерге қосқанға дейін орындалады және желіден ажыратылғанға дейін сақталады.

724. Дәнекерлеу бұйымын дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері желі ретінде кез келген кескіндегі болат дөңгелектер, дәнекерлеу плиталары, стеллаждар мен дәнекерленетін құрылым (дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін қазандықтар мен турбиналар шегіндегі металл құрылымы, ажыратылған және құрғақ құбыр өткізгіштер) олардың қимасы дәнекерлеу тогының жылыту жағдайында қауіпсіз ағуын қамтамасыз еткен жағдайда қолдануға болады.

Кері жетек ретінде қолданылатын жеке элементтердің қосқышы бұрандаларды, түтікшелердің немесе қысқыштарың көмегімен орындалады.

Кері жетек ретінде ішкі теміржол жолдарын, жерге қосу немесе нөлдендіру желілерін, өткізгіштер мен бөлу құрылғыларының алғашқы коммутация дөңгелектерін, ғимараттардың металл құрылымдарын, коммуникацияларды және технологиялық жабдықты пайдалануға болмайды. Ерекшелік ретінде осы мақсатта монтаждау және жөндеу жұмыстары кезінде кері өткізгіштің барлық шынжыры көрінетін болған жағдайда және дәнекерлеу жұмысының орнынан дейін қорек көзінен тексерілуі мүмкін болған жағдайда пайдалануға болады.

Дәнекерлеу екі өткізгішті пайдалана отырып жүргізіледі.

Дәнекерлеу қондырғылары үшін кері өткізгіш ретінде бөлу құрылғыларының жерге қосу құрылғыларын пайдалану жақын орналасқан бақылау кабелдерінің металл қабықшаларға тармақталуына, олардың зақымдануына және реле қорғағыштың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Реле қорғағыштың дұрыс жұмыс істемеуі дәнекерлеу қондырғысының жұмысы кезінде реле қорғағыштар шынжырларының жерге қосылған нүктелері арасындағы әлеуеттердің пайда болуының әр түрлілігімен байланысты.

12 сурет-дәнекерлеу трансформаторын қосу сызбасы:

1 – қорек пункті; 2 – дәнекерлеу трансформаторы;

3 – реттеуші; 4 – электр ұстағышы; 5 – шлангілі бір желілі өткізгіш; 6 – жерге қосу болты; 7 – жерге қосылатын желімен қоректеуші шлангілі үш желілі өткізгіш; 8 – нөлдік байланыс өткізгішін.

725. Дәнекерлеу тогының жылжымалы көздерін пайдалану және өрт шығу қаупі бар үй-жайларда жұмыс істеу кезінде кері жетек тікелей жетек сияқты оқшауланады.

726. Қосылған металл стержендердің, рельстердің немесе кез келген басқа да заттардың жүйесі арқылы дәнекерленетін бұйымға біртіндеп кернеу беруге болмайды.

Егер дәнекерленетін заттың жерге қосылған үстелмен металл түйістіргіші болмаса, дәнекерленген заттың өзі де жерге қосылады.

727. Электрлік дәнекерлеу жұмыстарын бастар алдында тексеріс арқылы дәнекерлеу өткізгіштері мен электр ұстағыштардың оқшаулағышың ақаусыздығы, барлық түйістіргіштердің қосқыштарының тығыздығы тексеріледі.

728. Дәнекерлеу аппараттарына, бөлу қалқандарына және өзге де жабдыққа дәнекерлеу жұмыстары орындарында қосылған өткізгіштер сенімді түрде оқшауланады және жоғары температура, механикалық зақымдану әсерлерінен және химиялық ықпалдардың әсерінен қорғалады.

Өткізгіштердің оқшаулағышы зақымданған жағдайда олар ауыстырылады немесе резина шлангіге бекітіледі.

Өткізгіштердің зақымданған учаскелерін дымқыл резинаны пайдалана отырып, вулканизация әдісімен оқшаулауға болады.

729. Дәнекерлеу өткізгіштерінен бастап ыстық құбырларға және оттегі баллондарына дейінгі қашықтық – кемінде 0,5 м, жанғыш газдары бар баллондарға және құбырларға дейінгі қашықтық – кемінде 1 м.

730. Электр ұстағыштардың тұтқалары жанбайтын диэлектрлік және жылу оқшаулағыш материалдардан жасалады. Тұтқа оқшаулағышы бұзылған электр ұстағыштарды пайдалануға болмайды.

Электр ұстағыштар МСТ 14651 «Қолмен доғалық дәнекерлеуге арналған электр ұстағыштар. Техникалық шарттарға» сәйкес болады.

Қолдан жасалған электр ұстағыштарды қолдануға болмайды.

731. Электр ұстағыштардың ток өткізу бөліктері оқшауланады, сонымен қатар дәнекерлеушінің қолының немесе дәнекерленетін бұйымның кент жанасуынан қорғағыш қарастырылады.

Дәнекерлеушінің қолымен қармалатын және қоршаған ауа учаскесіндегі тұтқаның сыртқы бетіндегі температураның айырмашылығы электр ұстағыштың номинал жұмыс режимі кезінде 40°С аспайды.

732. Дәнекерлеу үшін электрлік оқшаулағышы бар электр ұстағыштың тұрақты тогымен тек тұтқаны ғана пайдалануға болады. Бұл ретте оның құрылымы қысыммен жұмыс істейтін тұтқаны қарпу кезінде ток өткізу бөлшектерімен тікелей байланыстағы тұтқа мен электр ұстағыш бөлшектерінің сыртқы қабаты арасында ток өткізу жолдарының түзілу мүмкіндігін болдырмайды. Электр ұстағышта «Тек тұрақты ток үшін ғана қолданылады» деген ескерту жазуы болады.

733. Дәнекерлеу қондырғыларын жөндеу кернеуді алғаннан кейін орындалады.

734. Дәнекерлеу қондырғысы мен оның іске қосу аппаратурасын тексеру және тазарту айына кемінде бір рет жүргізіледі.

735. Дәнекерлеу трансформаторларының орамдарын оқшаулау және ток түзгіштер кедергісі барлық жөндеу жұмыстарынан кейін, 12 айда кемінде 1 рет өлшенеді.

Іске қосу алдында және күрделі жөндеуден кейін дәнекерлеу трансформаторларын оқшаулау 1 минут ішінде 50 Гц стандарт жиілігінің жоғарғы кернеуімен сыналады.

Сынақ кернеуі 5 кестеде көрсетілген мәндерге сәйкес болады.

5-кесте


Сынақ кернеуін орналастыру орны

Сынақ кернеуі, Вольт, трансформатордың қорек желісінің кернеуі кезінде

380 дейін

380 астам

Алғашқы орам мен корпус арасында

1800

2250

Екінші орам мен корпус арасында

1800

1800

Алғашқы және екінші орамдар арасында

3600

4050

736. Дәнекерлеу трансформаторларының оқшаулағышы мен ток түзгіштердің оқшаулағышын өлшеу және сынау нәтижелерін өлшеу мен сынауды жүргізген тұлға «Электр аспабы мен оған қосалқы жабдықты есепке алу, тексеру және сынау журналына» жазады.

737. Дәнекерлеу трансформаторында немесе түзгіште корпустарында инвентарлық нөмірі, оқшаулағыш кернеуін кезекті өлшеу мерзімі және цехқа (учаскеге және тағы басқа) тиістілігі көрсетіледі.

738. Дербес немесе бригада құрамында жұмыс істеген кезде дәнекерлеуші доғаны жағу алдында айналасындағыларды ескертеді.

739. Сыйымдылықтардың ішінен қолмен дәнекерлеу және ірі габаритті бұйымдарды дәнекерлеу кезінде дәнекерлеу аймағына жақын шапшаң әрі сенімді бекіту үшін бұйымдармен жабдықталған тасымал портативті жергілікті сорғы құрылғысы қолданылады.

740. Жабық сыйымдылықтарда жұмыс осы Талаптың 688 тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қадағалаушылардың біреуінде электр қауіпсіздігі бойынша ІІ немесе одан жоғары тобы болады. Қадағалаушылар дәнекерленетін сыйымдылықтан тыс болады.

Тұйық (тұйық кеңістік дегеніміз қабаттармен шектелген, люктері, адамдардың еркін және тез өтуіне кедергі келтіретін және табиғи ауа алмасуды күрделендіретін өлшемді жолдар. Жету жолы қиын кеңістік дегеніміз өлшемдері шағын болғандықтан, жұмыс жүргізу қиын, ал табиғи ауа алмасу жеткіліксіз) және жету жолы қиын кеңістіктерде дәнекерлеу мынадай талаптарды орындау кезінде жүргізіледі:

1) коммуникацияларды төсеу және жұмысшыларды көшіру үшін люктердің болуы;

2) жергілікті сорғы желдеткіші мен ауадағы зиянды заттарды жоятын құрылғылардың (ауа қабылдағыштар мен басқалары) жүйелерінің шекті рұқсат қосылымына дейін және көлемі бойынша кемінде 20% оттегімен үздіксіз жұмыс істеуі;

3) дәнекерлеу жабдығында дәнекерлеу шынжырындағы кернеуді ажырату кезінде қорғағыш газды беруді тоқтататын құрылғының болуы;

4) ауыспалы токпен қолмен доғалық дәнекерлеу кезінде бос жүріс кернеуін шектегіштің болуы. Ендірме түрінде орындалған шектегіш жеке өткізгішпен жерге қосылады.

741. Жаңбыр және қар жауған уақытта электрлік дәнекерлеу жабдығы мен электрлік дәнекерлеушінің жұмыс орнының үстінде жабын болмаған жағдайда электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

742. Өндірістік үй-жайларда электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәнекерлеушілердің жұмыс орындары аралас жұмыс орындары мен өту жолдарынан биіктігі кемінде 1,8 м жанбайтын экрандармен (кермелермен, қалқандармен) оқшауланады.

Ашық ауада дәнекерлеу кезінде мұндай қоршаулар бір-біріне жақын және адамдарды қарқынды қозғалатын учаскелерде бірнеше дәнекерлеуші бір мезгілде жұмыс істеген кезде қойылады.

743. Жоғарыда жұмыс істейтін электрлік дәнекерлеушілердің электродтарды салуға арналған сөмкелері мен шырақ тұқылдарын салуға арналған жәшіктері болады. Шырақ тұқылдарын шашуға болмайды.

744. Ауыспалы токпен қол доғалық дәнекерлеу кезінде аса қауіпті жұмыс жағдайларында (металл сыйымдылықтардың ішінде, ашық ауада), адамдардың электр тогымен зақымдану қаупі жоғары үй-жайларда электродтарды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бос жүріс кернеуін шектегіштер қолданылады.

Бұл шектегіштер дәнекерлеу шынжырының шығатын жолдардағы қысқыштарындағы бос жүріс кернеуін дәнекерлеу шынжырын ажыратқаннан кейін 1 с кешіктірмей 12 Вольтқа дейін төмендетеді.

Егер бос жүріс кернеуін шектегіш дәнекерлеу тогы көзінің сызбасында қарастырылса, онда шектегішті қолдану қажет емес.

Ендірме түрінде жасалған бос жүріс кернеуін шектегіш жеке өткізгішпен жерге қосылады.

745. Электродтарды ауыстыру кернеуді ажыратқаннан кейін ғана жүргізіледі.

746. Дымқыл жерлерде электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәнекерлеуші тұрғақ тақтайдан жасалған төсемде немесе диэлектрлік кілемде тұрады.

747. Дәнекерлеуші кез келген жағдайда жұмыс орнынан шыққан жағдайда дәнекерлеу аппаратын сөндіреді.

748. Электрлік дәнекерлеу жұмысы кезінде дәнекерлеуші мен оның көмекшілері мынадай жеке қорғану құралдарын:

1) ток өткізбейтін материалдан жасалған қорғағыш касканы пайдаланады. Касканың бет пен көзді қорғауға арналған қалқаны болады. Жабық сыйымдылықтар және ыңғайсыз жағдайларда дәнекерлеу кезінде қалқанды бекіту ток өткізбейтін материалдан болады;

2) дәнекерлеу жіктерін балғамен немесе кескіштермен сынықтардан және жанған шлактан тазарту кезінде көзді қорғау үшін түссіз шынылы қорғағыш көзілдірікті;

3) қолғаптарды, крагалы қолғаптарды немесе төменгі электр өткізгішпен ұшқынға төзімді қолғаптарды пайдаланады.

Персонал электрлік дәнекерлеу кезінде бөлінетін ультра күлгін және инфра қызыл сәулелердің көз бен теріге зиянды әсері туралы нұсқаулықтан өтеді.

Электрлік дәнекерлеуді жүргізетін немесе оған қатысушы тұлғалар көз ауырған жағдайда дереу дәрігерге қаралуы тиіс.

749. Электр тогымен зақымдану қаупі жоғары жағдайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде (резервуарларда дәнекерлеу және басқалары) электрлік дәнекерлеушілер арнайы киіммен басқа, диэлектрлік қолғаптармен, галоштармен немесе металл құрылғылармен жанасудан қорғайтын кілемдермен (иіндермен, жармалармен, қосалқы бөлшектермен) қамтамасыз етіледі.

3 параграф. Газбен дәнекерлеу жұмыстары
750. Газбен дәнекерлеу жұмыстары осы Талаптың 1 параграфының, МСТ 12.2.008 «Металдарды газ жалымен өңдеу және жабындарды термиялық қыздыру жабдығы мен аппаратурасы. Қауіпсіздік талаптары», Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1993 жылы 15 сәуірде бекіткен Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабының және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1994 жылғы 21 сәуірде № 13-ІІІ бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

4 параграф. Баллондар
751. Газ баллондарын пайдалану Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1994 жылғы 21 сәуірде № 13-ІІІ бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1993 жылы 15 сәуірде бекіткен Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкес болады.

752. Газ баллондарын тек оларды пайдалану жөнінде оқудан және нұсқаулықтан өткен тұлға ғана тасымалдауға, сақтауға, беруге және алуға болады.

753. Газы бар баллондар осы үшін жобаланған ашық және жабық қоймаларда сақталады.

Баллондарды сақтауға арналған қоймалар өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларының талаптарына сәйкес желдетіледі. Жанғыш газдары бар баллондардың қоймасын жарықтандыру жарылыстан қорғалған күйде орындалады.

754. Баллондардың қоймасынан 25 м радиуста жанғыш материалдарды сақтауға және ашық отты (ұсталық, дәнекерлеу, біріктіру және басқа да) қолданумен байланысты жұмыстарды жүргізуге болмайды.

755. Баллондардың қоймаларының арасындағы, баллондардың қоймалары мен аралас өндірістік және басқа да ғимараттар арасындағы қашықтық нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілгеннен кем болмайды.

756. Оттегі баллоны жанғыш газы, кальций карбиді бар баллондармен, сырлармен және майлармен бірге бір бөлмеде сақтауға болмайды. Бос баллондар газ толтырылған баллондардан бөлек сақталады.

757. Газ толтырылған баллондарды тасымалдау баллондардың арасына төсемдер салып, рессорлы көлікпен немесе көлденең күйдегі автокардамен жүргізіледі. Төсемдер ретінде баллондарға арналған кесілген ұяшықтары бар ағаш бөренелер, қалыңдығы кемінде 25 мм арқанды немесе резина шығырлар (әр баллонға екі шығырдан) немесе баллондардың бір-біріне соғылуынан қорғайтын басқа да материалдар қолданылады. Барлық баллондар тасымалдау кезінде вентилдермен бір жаққа орнатылады.

Баллондарды араларына міндетті түрде төсемдер төселген тік орналасқан күйдегі контейнерлері мен ықтимал құлауынан қорғайтын қоршаулары жоқ арнайы контейнерлерде тасымалдауға болады.

Баллондарды тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау кезінде баллондардың құлауын, зақымдануын және ластануын болдырмайтын шаралар қолданылады.

758. Оттегі баллондарын толтырылған және бос жанғыш газ баллондарымен бірге екі баллонды арнайы қол арбамен жұмыс орнына жеткізетін жағдайдан басқа жағдайда көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға болмайды.

759. Баллондар осы үшін арналған арбаларға, контейнерлерге және баллондардың тұрақты қалпын қамтамасыз ететін басқа да құрылғыларға орналасады.

Баллондарды қолмен немесе иықта тасымалдауға болмайды.

760. Жұмыс күйінде және сақтау кезінде баллондар тірек ұяшықтарында тік орналасқан күйде болады. Жұмыс орнында тірексіз жеке баллондарды немесе құламауына қарсы шараларды қабылдап, көлбеу күйінде ұстауға болады.

761. Жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдау және сақтау кезінде баллон вентилдерінің бүйір штуцерлеріне тығындар орнатылады.

762. Мойындарында бұрандалы сақтандыру қалпақтары бар газ баллондары тасымалданады және сақталады. Баллондарды автомашинадан қалпағын төмен қаратып түсіруге болмайды.

763. Газ жалыны жұмыстарына арналған баллондардың айқын бояуы мен 6 кестеде көрсетілген жазбасы болады.
6-кесте


Газ

Баллондардың түсі

жазба мәтіні

Жазба түсі

Жолақ түсі

Оттегі

Көгілдір

Оттегі

қара

-

Ацетилен

ақ

Ацетилен

қызыл

-

Мұнай газы

сұр

Мұнай газы

қызыл

-

Пропан (бутан)

қызыл

Пропан (бутан)

ақ

-

Бутилен

қызыл

Бутилен

сары

қара

Табиғи газ

қызыл

Табиғи газ

ақ

-

764. Пайдаланудағы баллондар 5 жылда кемінде 1 рет мерзім түрде куәландыруға жатады. Куәландыру зауыттарда немесе баллондарды газбен толтыратын станцияларда жүргізіледі. Баллондарды техникалық куәландыру Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1994 жылғы 21 сәуірде № 13-ІІІ бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

765. Ақаулы вентилдері, сызаттары бар және корпусы мүжілген, пішіні едәуір өзгерген, бояуы мен жазбасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1994 жылғы 21 сәуірде № 13-ІІІ бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1993 жылы 15 сәуірде бекіткен Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін баллондар, куәландыру мерзімі өткен баллондар пайдаланудан дереу алынып, газ толтыру станциясына немесе жөндеу шеберханаларына жөндеуге жіберіледі.

Газы ағып кеткен баллон жұмысқа немесе тасымалдауға қабылданбайды.

766. Газдың ағуын тексеру ықтимал ағу орындарын сабынды эмульсиямен жабу арқылы жүзеге асырылады. Сыйымдылығы 5-тен 50 л дейінгі баллондардың вентилдері баллондардың мойнына резина төсемді түтік орнатып және осы түтікті сумен толтырып герметикалығына тексеріледі. Баллондардан ағуы оны суы бар ыдысқа түсіру арқылы тексеріледі.

Жалынды пайдаланып, баллондарды және басқа да қондырғыны газдың ағуына тексеруге болмайды.

Егер баллонның ақауы болса, оны қауіпсіз орынға шығарып, одан газды абайлап шығару қажет. Вентилдердің жарамсыздығынан газ баллондарын мүмкін болмаған жағдайда олар толтыру станциясына қайтарылады.

767. Газ баллондары өту жолдарының бір жағына орналастырылады және жылу беру радиаторларынан, жылу беру аспаптары мен пештерінен кемінде 1 м және ашық оттан кемінде 5 м қашықтықта орналасады.

768. Дәнекерлеу орнында бір мезгілде жұмыс істеген кезде екі баллоннан аспайды (оттегі бар және жанғыш газы бар).

Дәнекерлеу шеберханасында 10 аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбір бекет үшін оттегі мен жанғыш газы бар бір-бірден баллон қоры болады. Шеберханада 10 астам дәнекерлеу орны болған кезде газбен орталықтан қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

Қосалқы баллондар шеберханаға жапсарлас бөліктерде немесе болат қалқандармен қоршалған орындарда сақталады.

769. Баллондардың металл заттармен соқтығысуын болдырмау және оларды тікелей күннің сәулелерінен және басқа да жылу беру көздерінен сақтау қажет.

770. Қысымды арттыру үшін баллондарды қыздыруға болмайды.

771. Егер баллондағы қысым шекті қысымнан жоғары болса, онда вентилді қысқа уақытқа ашып, газдың жартысын атмосфераға шығару немесе қысымды төмендету мақсатында баллонды суық сумен салқындату қажет.

Газды баллоннан шығару немесе вентилді немесе жанарғыны үрлеу кезінде жұмысшы газдың ағынына қарама-қарсы жақта тұрады.

772. Жұмыс барысында жарылыс болған кезде алдымен жанарғыдағы жанғыш газ вентилін, одан кейін оттегі вентилін жауып, суда мундштук салқындатылады.

Мундштукты суда салқындату кезінде вентилдер толығымен жабылған, ал керісінше болған жағдайда жарылу қаупі бар қоспасы түзіліп, су бетінде газдың жинауы мүмкін.

773. Баллондарды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде жалын мен жарылысты болдырмас үшін майдың түспеуін қадағалау қажет.

Баллонға май түскен кезде оны жұмыста пайдалануға болмайды; қызмет көрсетуші тұлға бұл жөнінде шеберге немесе жұмыс жүргізушіге дереу хабарлайды және вентилдің кездейсоқ ашылуын болдырмас үшін шаралар қолданады.

774. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде жанғыш газдары, оттегі баллондарынан, ацетилен генераторынан және тұнба шұңқырларынан 10 м кем қашықтықта ашық отты пайдалануға болмайды.

775. Оттегі мен жанғыш газдардан босатылған баллондарды пайдалану кезінде оларды толтыру кезіндегі сияқты қауіпсіздік шаралары сақталады.

776. Баллондар қалдық газ қысымы болған кезде тығындармен, қалпақтармен және жабық вентилдермен толтыру үшін қоймаға немесе зауытқа қайтарылады.

Ацетилен баллондарындағы қалдық қысым 7 кестеде көрсетілген мәндерден төмен болмайды.
7-кесте


Температура, 0С

0 төмен

0 – 15

16 – 25

26 – 35

Манометр бойынша ең төменгі рұқсат етілген қалдық қысым, МПа

0,049

(0,5)


0,098

(1,0)


0,196

(2,0)


0,294

(3,0)

Оттегі мен басқа да жанғыш газдарға арналған қалдық қысым 0,049 МПа (0,5 кгс/см2) төмен емес.

777. Қоймаға немесе зауытқа пайдаланылмаған газы бар баллонды жөнелту кезінде оған «Абай болыңыз – газ!» деген жазба жазылады. Пайдаланылған баллонда «Бос» деген жазу болады.



Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
0802 -> Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет