2. Жеке сабақты өткізу уақыты және орны



жүктеу 319.4 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі319.4 Kb.
: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Қосымша музыкалық аспап – домбыра» пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін


СИЛЛАБУС

Оқу түрі : күндізгі

Курс: 1,2 семестр 1-4, 2 кредит

Жеке сабақ: 68

СӨЖ: 22
Барлық сағат саны: 90

Қорытынды бақылау: сынақ 1, емтихан 4 семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 1.

Барлық балл саны: 100 (кредитке)

Жетісай – 2005
Құрастырған: оқытушы Пұшпанов Өтебай,

асистент Дәрменшеева Айнұр.




Оқу-әдістемелік кешені

“Қосымша музыкалық аспап домбыра” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Типтік бағдарлама индексі:
Оқу - Әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама________ “______” 2005 ж

Кафедра меңгерушісі _______________________________________

Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама _______ “ _____ ” 2005 ж

Әдістемелік кеңесінің төреғасы : ______________________________

Факультет кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ______ “_____ ” 2005ж

Факультет кеңесінің төрағасы ________________



  1. Оқытушылар: Пұшпанов Өтебай, Дарменшеева Айнұр.


«Ән және саз» кафедрасы, орталық корпус: 22 кабинет

Телефон: -

Кафедрада болу уақыты:

2. Жеке сабақты өткізу уақыты және орны.



Аты-жөні

Жеке сабақты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар


СӨЖ

Телефон

1

Пұшпанов Өтебай

Жеке


Уақыты_____

Ауд________



Уақыты_____

Ауд________


Тел:________

Каб:_________

Корпус:______


2

Дарменшеева Айнұр

Жеке


Уақыты_____

Ауд________




Уақыты_____

Ауд________




Тел:________

Каб:_________

Корпус:______




3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
“Қосымша музыкалық аспап - домбыра” пәнін меңгеру үшін студенттер “Сольфеджио”, “Музыка теориясы” т.б. пәндерінің бағдарламаларын білу керек.

Мазмұны



  1. Абстракт ..........................................................................................................5

  2. Курстың мақсаты ............................................................................................5

  3. Курстың міндеті ..............................................................................................5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..................................................................6

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет..........................................6

  6. Студентке арналған ережелер........................................................................6

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі....7

  8. Жеке сабақтарының мазмұны........................................................................9

  9. СӨЖ-жоспары, мазмұны...............................................................................17

  10. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі...................................................................18

  11. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрі.................................................20

а) академиялық тыңдау

б) техникалық тыңдау



  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..............21

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы..........................................................22



  1. А Б С Т Р А К Т

Оқу-әдістемелік кешені “Қосымша музыкалық аспап-домбыра” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: ЖС-жеке сабақтар.

СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындау қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруды пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ, емтиханды алуға арналған.

2. Курстың мақсаты:




  • Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық тәрбисі мен біліміне қойылатын мақсаттарды іске асырушы жоғары деңгейде кәсіби дайындығы бар музыка мұғалімдерін даяарлау болып табылады;

  • Болашақ маманды музыкалық-орындаушылық шеберлікке оның музыкалық көркемдік эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу;

  • Музыкалық орындаушылық шеберлікті болашақ маман иесінің шығармашылық ой санасының дамыту негізінде тәрбиелеу;

  • Шығарманың білім беру жүйесінде түрлі өнер салаларының бір-бірімен ұштасуы;

3. Пәннің міндеті





  • Жоғары білім беру жүйесінде басты орындардың бірі орындаушылық пәндерге беріледі. Себебі музыка пәнінің оқытушысы түрлі орындаушылық шеберлік мәселелеріне жетік болып оның күнделікті тәжірибесінде қолдана білуі шарт.

  • Студенттердің музыкалық шығарманы жан-күйімен сезініп, оған деген сүйіспеншілік сезімін оятып, творчестволық мәнде ойнау қабілетін дамыту.

  • Әрбір шығарманың жанрлық ерекшелігін танытып талдай білу, оны авторы, туу себептерінен жан-жақты хабардар болу.

  • Әр сабақта студенттің білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, оның музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

  • Студенттердің домбырада мектеп әндерін, күйлерін ойнап, сүйемелдеу дағдысын үйрету.

  • Студенттерге сапалы білім азаматтық-эстетикалық тәрбие беру.


4. Оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

Жеке сабақ

СӨЖ

3

90

68

22

1,4

Сынақ

Емтихан



  1. Оқу сағаттарының құрылымы:


Жеке сабақтарының – сдудентке шығарманы игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеу қажет.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.



  1. Студентке арналған ережелер (Rules):




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.




Тақырыптың аты

жеке

СӨЖ

1

Студент домыбраны ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру.

17

5

2

Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын күйлер мен пьесаларды меңгеру

17

5

3

Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру.

17

6

4

Шетел және қазақ композиторларының шығарамаларын, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.

17

6




Барлығы:

68

22

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы

«Қосымша музыкалық аспап – домбыра» пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

ЖЕКЕ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ


Жетісай – 2005


8. ЖЕКЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№ 1.
Тақырыбы: Студент домыбраны ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру.
Мақсаты: Оқушыны домбыра тартуға дайындау.
Кіріспе: Орындаушының орнықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан студент алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы қажет. Домбыраны ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей, бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс. Домбыра аспабын тарту кезінде орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, оранласуын және оның аспапты ұстау тәсілдерін үйретеміз.

Сол қолдың қойлымы: Аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен иықты көтеріп немесе бүйірге тақамай керек. Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.

Оң қолдың қойлымы: Оң қол қойлымының өзіндік ерекшеліктері бар. Төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса, шертпе күй дәстүрінде керісінше алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгулі күйінде бір-біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақапағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор. Сонымен қатар домбыра пернелеріндегі орналасуы және нота желісінде жазылуымен таныстырамыз. Ноталардың ұзақтықтарымен, биіктігімен танысу.
1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Гаммалар студенттің орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Оқу барысында оқушыға гаммаларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта орнатудың пайдасы мол. Аппликатура (басу, орналастыру) музыкалық аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Аппликатура барлық аспаптарда да арап сандарымен белгіленеді.



Ескерту: Соль ішегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстіңгі жағына, ал ре ішігіндегі астыңғы жағына жазылады.

__________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

2. Этюдтар

Этюд (машықтану) – орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Оқушы қағыстарға біраз жаттыққаннан кейін сол қол саусағы домбыра мойнының кіші тиік жақ тұсынан пернеге тақап басылады. Ал перне басуға қатыспай бос тұрған саусақтарды шашыратпай домбыра мойнының астына жасырмай қойлымды қалпын сақтау керек. Пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып, шекті бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалыс кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын бүкпей, алақанды домбыра мойына тигізбей ұстаған жөн. Перне басатын саусақтар қағыстар сияқты өз алдына арнайы таңбамен белгіленеді.


3. Жеңіл формалы пьеса.

Студенттің фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларды ойнауға машықтандыру. Домбыра тарту өнерінің бір саласы-фортепианоның сүйемелдеуімен дүниежүзі халықтарының ән биін, профессионал композиторлардың шығармаларын орындау. Бұл дамбырашының басқа елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой-өрісінің жан-жақты дамып, әртүрлі музыка аспаптарының орындаушылық ерекшеліктерінен хабардар болуына зор ықпал етеді. Әнші немесе жеке орындаушыны фортепианомен, ансамбль, оркестрмен қостап сүймелдеу деп аталады.


4. Халық әндерінен бір ән.

Ұлттық нақыштағы әндерді ойнату. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспаптың бірі. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұқит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Ә.Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев домбыраның әнге нәр беріп, әншіге демеу болатынан дәлелдеді.


5. Әртүрлі ойнау ерекшелігіндегі бір күй

Күй – домбырада, қобызда, сыбызғыда, т.б. қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты (шартты түрде алғанда) бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады.



Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен оның айтарлықтай өзгешеліктері бар. Олар негізінен мыналар:

а) бұл дәстүрде 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) бас бармақ сирек пайдаланылады.


№2
Тақырыбы: Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын күйлер мен пьесаларды меңгеру.
Мақсаты: Шағын күйлер мен пьесаларды үйрету.
Позиция дегеніміз - берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтер мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет. Сол сияқы позициядан позициға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек. Ойналу әдістері оңай шағын күйлермен пьесаларды меңгере білдіру
1. Екі октавалы гамма, арпеджио.

Арпеджио (бірінен соң бірін) – аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі. Арпеджио берілген гамманың аккордтық дыбастарының мелодиялық түрін ойнағанда, сол қолдың техникалық мүмкіндігін қалыптастырады.

Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма құрайды.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Этюд (тремоло штрихында).

Сол қолмен оң қолдың техникасын өсіру үшін этюдтар беріледі. Домбырада тремоло штирхы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады:



  1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек.

  2. Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремолалар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Пьеса (тремоло, пициккато штрихында).

Классик және қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет. Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.


4. Күй (жылдам екпінде).

Музыкалық шығарманы орындаудағы жылдамдық қарқыны екпін деп аталады.

Домбыраның негізгі ойнау тәсілдерін меңгерген талапкер өз орындаушылық шеберлігін одан әрі жетілдіре түсу үшін күрделірек қағыс түрлерін, әдіс-амалдарды, ерекшеліктерді үйрену қажет. Жылдам екпіндегі күйлерге төкпе күйін алсақ болады. Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі (ре-соль) дыбыстардан басталатын күйлерді үйренген дұрыс, Содан соң жабық ішектен басталатын күйлерді қолға алған жөн. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні көрсетіледі. Екпін жай, орташа, жылдам болып үш топқа бөлінеді. Жылдам екпіндер: жылдам, шапшаң, ширақ, қыздыра, өте тез, өте жылдам, аса жылдамдықпен.
6. Күй (жай екпінде)

Жай екпіндерге: өте жай, созып, жай, кең, асықпай, ауыр, мұңды. Жай екпіндегі күйлер көбіне көңілсіздеу түрде келеді.


№ 3


Тақырыбы: Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру.
Ноталық сауатты әрі қарай дамыту.

А) Күрделі өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

Б) Триоль

В) Квинтоль

Мелизмдердің түрі:

Форшлаг –

Мордент -

Трель –


Мына музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) - жай

Allegro (аллегро) - тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) - қатты

Piano (пиано) - тыныш

Vivo (виво) - жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге өтіледі. Жоспар бойынша:


  1. Гама және арпеджио.

Осы семестрге ойналатын гаммалар си бемоль мажор оның паралелі соль минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор. Сабақта берілген гамма, арпеджио бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамманы жаттау белгіленген саусақтармен жеке жатталады. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, нүктелі нотамен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Пиццикатоға арналған бір этюд.

Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады.

  1. Бас бармақпен төмен қарай орындау

  2. Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау.

Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Себебі, шығармаларды әсіресе, жалғыз ішекте орындалатын шығармаларды орындау кезінде сол қол саусақтары домбыра мойнының барлық жерінде де ішектен ішекке жиі ауысып, қол қозғалысы саусақтардың жеке қимылдарына негізделеді.
3. Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде - әуені мәнерлеп ойналады. Әуен-әр музыкалық шығарманың түбірі. Әуенді мәнерлеп ойнау тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:



  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато, форшлаг, трел т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.

  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.

  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.


4. Әртүрлі дәстүрде бір күй.

Күй орындаудағы аппликатуралық тәсілдердің ерекшеліктерін төкпе және шертпе күйлерде қолдану. Сілтей қағы төкпе қағыс деп аталады. Ал оң қол білегін домбыраның бет қақпағына жанастыра ұстап, саусақтар мен алақанды жаза отырып, шекті шертіп қағу шертпе қағыс делінеді.


5. Мектеп репертуарынан бір ән.

Мектеп әндері әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте орындалса, екіншісі жай, көңілсіз темпте орындалады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. Әндер екі дауысты түрде ойналады.

№ 4

Тақырыбы: Шетел және қазақ композиторларының шығарамаларын, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.


Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі шығармалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды.

Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.


  1. Екі октавалы гамма және арпеджио.

Гамманы ритмикалық әртүрлі штрихтарда ойнау (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б. Гаммадағы жарты тон, бүтін тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің аралығын қадағалау. Ля бемоль мажордың төртінші дыбысынан құралатын гамма ре бемоль мажор. Бұл гаммада бес бемоль жазылады. Олар: си, ми, ля, ре, соль бемоль белгілері жазылады.

Ре бемоль мажордың бойындағы си, ми, ля, ре, соль ноталары жарты тон төмендетіліп алынады.

Ескерту: Жоғарыдағы барлық диезді және бемольді мажорлық гаммаларына диез бен бемоль белгілерін кілт түбіне және жақшаға алып жазып көрсетейік. Негізінде диез бен бемоль тек кілт түбіне ғана жазылады.

Арпеджио деп берілген гамманың аккорд дыбыстарының мелодиялық түрін ойнағанда сол қолдың техникалық мүмкіндігін қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығуларды айтамыз.


2. Пицикато немесе тремолоға арналған бір этюд.

Домбыраның пернелерін оның тон және жарты тон дыбыстарын қағыстардың түрлерін, музыка-сауатынан нотаны, позицияларды игеріп алғаннан кейін домбыра тарту техникасын өсіруге кірісу керек. Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған мажор минор гаммалары этюдтар сияқты жаттығулар беріледі. Аппликатуралар тек мысал ретінде ғана алынады. Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтар мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау керек.

Сол сияқты позициядан позицияға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек.

Тремоло (дірілдеу) – бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұруы үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады.

Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.


  1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек.

  2. Екінші сұқ саусақпен бармақ арқылы орындалатын тремололар қолдың әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.


3. Әр түрлі жанрда екі күй.

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano, forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек.


4. Мектеп репертуарынан екі ән.

Студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін оқу. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Өнер» факультеті


«Ән және саз» кафедрасы

«Қосымша музыкалық аспап домбыра» - пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

(С Ө Ж)

9. С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы






СӨЖ тақырыптары, мазмұны

әдебиеттер

1

1 - Тапсырма:

І. Мектеп әндерін орындау


25, 6, 22, 21



2

2 – Тапсырма:

І. Студенттің жеке бағдарламасы бойынша:

а) көркем шығармамен жұмыс;

б) этюдтармен жұмыс;

в) гаммалармен жұмыс;

1, 2, 3, 4, 5, 6



3

3 – Тапсырма:

І. Естіп ойнау арқылы жеңіл таныс 2-3 ән мен биді орындау.


16, 18, 19, 20



4

4 – Тапсырма:

І. Қазақ композиторларының шығармаларын орындау


21, 22, 23, 24,




10. Пайдаланылатын әдебиеттер.


  1. Альбомначинающего домриста. 6 басылым.

  2. Әубәкіров М. Қазақ халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар. А., 1969.

  3. Бекенов У.Күй табиғаты. А. 1981.

  4. Бекенов У. Шертпе күй шеберлері. А.,1977.

  5. Ғизатов Б. Қазақша музыкалық терминологиялық сөздік. А., 1981.

  6. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. А.,1980.

  7. Домбыраға арналған пьесалар. А.,1981.

  8. Домбыраға арналған пьесалар. А., 1985.

  9. Домбыраға арналған хрестоматия. А., 1980.

  10. Домбыра мен қобызға арналған пьесалар. А.,1962.

  11. Ержанов. Қуанамы (әндер, күйлер) А., 1984.

  12. А.Жұбанов. Дәулеткрей. А., 1960.

  13. А.Жұбанов Құрманғазы А., 1978.

  14. А.Жұбанов Ғасырлар пернесі. А., 1975.

  15. Затаевич А. Қазақ халқының 1000 әні мен күйі. О., 1925.

  16. Райымбергенов Қазанғап-Ақжелең А., 1984.

  17. Жайымов А. Бүркітов С, Ысқақов Б. Домбыра үйрену мектебі. А., 1993.

  18. Райымбергенов А. Күй ққайнары. А., 19990.

  19. Үсенов Е. Сарыжайлау. А., 1999.

  20. Үсенов Е. Домбыраға арналған шығармалар. А., 2000.

  21. Т.Мерғалиев, С.Бүркітов. Халық күйошері А., 2001.

  22. Қ.Ахмедияров. Табыну А., 2002.

  23. Т.Мерғалиев, А.Жайымов. Қазақ күйлерінің тарихы. А., 2002.

  24. Қ.Ахмедияров. Күй ұран. А., 2003.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы

«Қосымша музыкалық аспап домбыра» - пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

Академиялық тыңдау.


  1. Классик композиторларының пьесасы.

  2. Әртүрлі жанрда бір күй.


Техникалық тыңдау.


  1. Гамма, арпеджиолар.

  2. Этюд


Студенттердің академиялық білімін

рейтингтік бағалау жүйесі.
Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық роль оқытушыға емес студентіне берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай ол өздігінен оқуы керек.

Оқытудың негізгі мақсаты, өз бетінше дами алатын жас адамды қалыптастыру болғандықтан оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифферациялау.

Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуіне үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау жүйесі силлабус оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.

Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілерімен кіріспе ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің балл мен есептегенбе білім градациясының кестесін беріп отырмыз.




Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары

Бағалаудың -тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өтежақсы


А-

3.67

90-94

В1

3.33

85-89

В

3.0

80-84

жақсы

В-

2.67

75-79

С1

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

Д1

1.33

55-59

Д

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз

Пәннен Ғ деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек.



Бұл градация GРА-ді /студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындау қажет.


«Қосымша музыкалық аспап домбыра» - пәні бойынша оқу процесінің картасы




Атаулар

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Ұпай саны




Бақылау түрі

1-3

6-10

13-17

20-24

27-1

4-8

11-15

18-22

25-29

1-5

8-12

15-19

22-26

29-3

6-10










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




І

Кіріспе бақылау

Кб











































10

ІІ

Ағымдағы бақылау













КР

1














КР 2













КР 3

40

1

СӨЖ тапсырма

лары








С1







С2







С3







С4




С5




20

ІІІ

Аралық бақылау






















РБ 1
















РБ 2




30




Барлығы














































100

Ең жоғары ұпай көрсетілген

КР (1,2,3) кредит 1,2,3......



РБ рейтинг бақылау









©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет