2-кейс Тақырып: «Қазақстанның зейнетақы жүйесінің дамуы және перспективалары» Жағдайдың мәні



Дата28.04.2016
өлшемі18.77 Kb.
2-кейс
Тақырып: «Қазақстанның зейнетақы жүйесінің дамуы және перспективалары»
Жағдайдың мәні: ел алдында зейнетақы жүйесін жаңғырту міндеті тұр, ол зейнеткер жасында тиісті өмір деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халық: 17,2 млн. адам

Зейнеткерлер саны: 1,9 млн.

Республикалық бюджеттің зейнетақыларды төлеуге шығыстар үлесі: 17%
Зейнетке шығу мәселесі өз болашағын ойлайтын көп адамды толғандырады. Бұл жасы зейнеткер жасына жақындайтын адамдарға да, жұмысын енді бастап жатқандарға да қатысты. Алдын ала жоспарлау және мемлекеттік зейнетақы жүйесінің мүмкіндіктерін жақсы түсіну көп жағдайда демалысқа шыққаннан кейін лайықты өмір сүруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен ҚР зейнетақы жүйесін 2030 жылға одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бекітілген. Аталған жаңғырту қажеттілігі табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті деңгейінің төмендеуімен байланысты пайда болды. Ағымдағы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері ұзақ мерзімді демографиялық үрдістермен, жалпы зейнетақы мөлшерінің азаюымен және халықты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшылар арасында бөлуді оңтайландыру қажеттілігімен негізделген. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне инфляцияның салыстырмалы жоғары деңгейінің сақталуымен байланысты бейресми еңбек қатынастарының және экономикада көлеңкелі сектордың болуы кері әсер етеді.

Осылайша, мемлекеттің міндеті бюджет мүмкіндіктерін және макроэкономикалық жағдайды ескере отырып зейнеткер жасында лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесін құру болып табылады.
Міндет:

1) Зейнетақы жүйесінің қатысушыларының алдында әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік беретін зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын, айқындылығын қалай қамтамасыз етуге болады;

2) Халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейту үшін міндетті және ерікті құрандалары бар шараларды әзірлеңіз;

3) Зейнеткерлік жаста табыс көздерін бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеңіз (мемлекеттік, жеке, кәсіби, жалпы және жинақтауыш);



4) Ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қалай қамтамасыз етуге болады;

5) Әлемде зейнетақы жүйесінің қандай модельдері бар және олардың қандай элементтері елімізде пайдалана алады?
Каталог: files -> uploads 2015
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
uploads 2015 -> Конспект урока истории в 5 классе по теме: «Афинский полис»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет