2 Салық жүйесіне түсінік Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері ҚР қазіргі салық жүйесі



жүктеу 162.13 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі162.13 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері

2.1. Салық жүйесіне түсінік

2.2. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

2.3. ҚР қазіргі салық жүйесі

2.1. Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:


  • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;

  • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

  • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;

  • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

2.2. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.

ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.

Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.

2.3. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.

Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.

Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:



  1. Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы

  2. Жеке табыс салығы

  3. Қосылған құнға салынатын салық

  4. Акциздер

  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

  6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы

  7. Әлеуметтік салық

  8. Жер салығы

  9. Көлік құралдарына салынатын салық

  10. Мүлік салығы

  11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі




  1. Алымдар:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

  9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы

  10. Аукциондардан алынатын алым

  11. Консулдық алым

  12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым

  13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым




  1. Төлемақылар:

  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

  5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

  7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы

  8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы

  9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы




  1. Мемлекеттік баж

  2. Кеден төлемдері:

  1. Кеден бажы

  2. Кеден алымдары

  3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы

  4. Алымдар

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
ТҮЙІН

Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті.

Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті:

жалпымемлекеттік;

жалпыға міндетті жергілікті салықтар;

жергілікті салықтар.

Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді.

Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады.


Салық туралы ғылым қаржы ғылымының мамандырылған бір бөлігі. Мемлекетте қаржы туралы оқу салық мәнінің және салық механизмінің теориялық негізін салуды зерттеу және оларды ұйымдастырушы зерттеудің қажеттілігі.

Қазақстандағы салық жүйесін екі түрге бөліп қарастыруға болады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті. Жалпы мемлекеттік салыққа кіріс салығы, акциз, құнды қағаз, тіркеудегі жинақ, жергілікті салыққа жер салығы, жеке тұлға және мүлкіне салынатын салықтар болып табылады.

Салықтық есеп берудің электронды формасының маңызы мен даму жолдары қазіргі кезде нығайып келеді.

Әдеттегі салыққа қарағанда алдын ала кіріс салығы бухгалтерлік есептеме емес, физикалық көрсеткіштердің (кәсіпорын тепкен жер, жергілікті жердің көлемі, қаланың ішіндегі мекен-жайы, қызмет түрі, кәсіпорынның сыртқы кейпі және т.б.) біріктірілуімен анықталады. Салық бір жылға есептелініп, ай сайын төленеді.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері

Салықтар бұрыннан белгілі мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарын қаржыландыру көзі және мемлекеттік мүдделерді іске асырудың экономикалық құралы болып табылады. Салықтар заңдық тұрғыдан мемлекеттің тәуелсіз құқығының бірі ретінде көрсетіледі.

Салықтар болашақ экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен рольді атқаруға орындауға қабілетті. Олардың түрлері ставкаларын реттей отырып, экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызуға болады.

Салықтардың проблемалары күрделі және қарама қайшылықты болып отыр. Алайда, қазіргі күнде салық жүйесіне енгізілген салық төлеушілердің заңды құқығы мен мүдделерінің толық әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің мінсіздігі туралы айту әлі ерте. Өз кезегіңде соңынан салықты төлемеудің жетілдірілген нысандары іздестіріледі, содан соң «оң тәжірибе», яғни олардың мемлекеттің қазынаға түспей қалуын қамтамасыз ететін әртүрлі қоғам шеңберінде қарастырылады. Бұл облыстағы жүргізілген қайта қалыптастырулар салықтар және алымдар жүйесінің «тармақталуы» сипатына мән береді.

Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 12 маусымындағы №210-П «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының шығуымен байланысты салық заңдылығы жетілдірілді, жетіспеушіліктер жойылды, салықтар мен алымдар құрылымы жеңілдетілді. Бірақ қазір де салық жүйесін мінсіз деп айтуға болмайды, онда әлі де болса, кемшіліктер қатары жеткілікті.

Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі болады.

Әлеуметтік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді. Әлеуметтік салықтардың тауар бағасын ставкаға тең сомаға арттыратыны белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы жоғары болса, отандық кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді және сауда көлемін азайтады. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын төмендетеді, соынмен қатар кәсіпорынның айналым құралдарын үнемдеуге және бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми экономикаға өтуіне алғысшарт болып табылады.

Сондықтан әлеуметтік салықтың әрекет етуін жетілдіру салық төлеушілер үшін де, бюджеттің кіріс бөлігіне де оң жағынан әсер етеді.

Салық жүйесіндегі салықтардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасуымен тікелей байланысты. Әрбір салықтың пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар.

Алғашында әлеуметттік салықтың анықтамасындағы әлеуметтік салық көрсеткіші статистикалық мақсатта қолданыла бастады. Мысалы, 2005 жылдары АҚШ-та өнеркәсіп өнімдерінің көлемін сипаттау үшін, ал Ресейде жаңа экономикалық саясат ретінде аналитикалық мақсатта қолданылды.

Әлеуметтік салықтың көрсеткішінің обьектісі ретінде қолдану қажеттілігі Еуропалық елдердегі жалпы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік салық Қазақстанның салық жүйесіне жақында енгізілген салық болып табылады. Бастапқыда бұл салық түрін алудың мақсаты азаматтардың мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етуге және медициналық көмекке құқығын жүзеге асыру үшін құралдарды жұмылдыру болып табылды. 1999 жылы қаңтар айында әлеуметтік салықты енгізу сонымен бірге әлеуметтік салықтың кішкене уақытында ставкі мөлшеріне, салық салынатын база және есептілікке көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Әлеуметтік салық стакасын 26-дан 21 пайызға төмендету (01.07.2001 ж бастап) 03.05.2001 ж №183 Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған.

Бастапқыда әлеуметтік салықтың ерекшелігі болып еңбек ақыны төлеу қоры табылды, сәйкесінше ол қаржыландыру көзіне тәуелсіз, сәйкес салықтарды ұстағанға дейін алынды. Бұл жағдайда салық төлеушілер болып материалды және әлеуметтік жеңілдік түрінде ақшалай және табиғи нысанда есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс беруші ұйымдар танылады. Еске алатын болсақ Қазақстанда салық салудың екі түрі бар: еңбек ақыға әлеуметтік салықты есептеу және жұмысшылардың еңбек ақысынан табысқа салықты ұстау.

Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты әлеуметтік қамту қорларына аударылатын сақтық жарналарды аударымдардың орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28 % мөлшерлемесінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.

Әлеуметтік салық түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15,7% алады.

Әлеуметтік салық төлеушілері тұрақты мекемеде, олардың филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет ететін заңды тұлғалар, соның ішінде шетел тұлғалары және жеке кәсіпкерлер болып табылады.

Салық салу обьектісі болып жалақы және басқа жұмысшыларға төлемдер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жұмысшыларға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін жалақы және басқа да төлемдер болып табылады. Жалақыға қосылатын төлемдер жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының бөлігі ретінде, әртүрлі өтемақы төлемдері, қосымша төлемдер және үстеме ақылар, босануына байланысты уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы, баланың тууы кезінде материалдық көмек, әлеуметтік қолдау бойынша төлем, басқа мемлекеттерден грант есебінде төлемдер, қоғамдық жұмысқа және қаражаттар есебіне оқыту төлемдері, кейбір басқа төлемдер ретінде түзетулерге жатады.

Салық мөлшерлемесі регрессивтік ставкамен белгіленген. Жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар үш айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде және әр жұмысшыға екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде салық төлейді.

Бюджетке салық есепті кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленеді.

Әлеуметтік салықтар өзінің экономикалық мазмұны жағынан салықтарға жатады. Әлеуметтік салықтар бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып табылады. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар мемлекеттің ауыспалы экономикалық дамуына экономикалық жағынан тірек болады.

Әлеуметтік салықтар тұрақты мекемелер мен өкілдіктерде, филиалдарда қызмет ететін заңды тұлғаларға салынатын салықтың айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды көрсетеді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті әлеуметтік салықтар арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу обьектілері болып табылады.

Әлеуметтік салық бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның әлеуметтік салық төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті:

-тұлғаның атауы және деректемелері;

-салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

-әлеуметтік салықты төлеуші болып тіркелген күні;

Егер әлеуметтік салықты төлеушінің он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін әлеуметтік салық бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Әлеуметтік салықты төлеуші мұндай құқықты өзін әлеуметтік салық бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткен соң пайдалана алады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэненк Бэкон салықтарды төлеу әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді.

Салықтар- көп қырлы, мемлекеттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын, ұдайы жүзеге асырылатын ақшалай төлем болып табылады.

Экономиканың қазіргі даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып мемлекеттік қажеттіліктерге сай айқындалған салықтардың функциялары мемлекет белгілеген бағыт бойынша іске асырылады.

Қорытынды

Салықтар мемлекеттің бюджеттік кірістерін толықтырып отыратын болғандықтан, оның ішінде мүлік салығы да орын алады. Заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған бөлімшелері мүліктің тұрған жері бойынша әр жыл үшін төлейтін мүлік салығының сомасын анықтау бухгалтерлік есепте амортизацияланатын активтердің қалдық құнынан 1 процент ставка бойынша жыл ішіндегі ағымдық төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі.

Тікелей нақты салықтардың қатарындағы мүлік салығы есептеу кезінде обьектінің жаңа ұғымы пайда болды-амортацизацияланған активтер.

Мүлік салығы мемлекеттік бюджет кірістерінің басты көздері іспеттес, сонымен қатар салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі саналады.

Тікелей салықтардың қатарына жататын мүлік салығына салынатын салық мемлекеттің салық жүйесінде қызмет жасайды. Осы салықтың алыну механизмі көптеген елдерде бір-біріне ұқсас болғанымен, жекелеген айырмашылықтары бар.

Мүлік салығын төлеушілердің табысынан алынатын салық базасы өскен сайын салықтың ставкасы да артады. Әрбір мемлекет өзінің салық саясатына байланысты салық ставкаларының түрлерін өз қалауынша қолдана алады.

Қазіргі кезде Қазақстан республикасында халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің көптеген бағдарламалары іске асуда. Мүлік салығын төлеу біздің елімізде заңды және жеке тұлғалардың мүлік құнына байланысты. Нәтижесінде біздің еліміздегі мүлік салығының ставкасы ең төмені болып табылады.

Мүлік салығында салық салу обьектілерінің тұрған жері бойынша салықтың төленетіні жаңалық емес. Бірақ таралып жатқан филиалдар тараптары бар, яғни салық салу обьектілері басқа облыстардың аумағында орналасқан заңды тұлғалар салықтың осы түрі бойынша есептеме беру тәртібіндеге өзгерістер белгіленді. Бұл ретте төлемдер обьектінің тұрған жері бойынша жүргізіледі, ал заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері мен басқа құрылымдық бөлімшелері тұрған жері бойынша ағымдық төлемдердің есептерін және салық бойынша декларация тапсырады. Бірақ бұл орайда олар бас ұйымға көшірмелерді жібереді. Олардың негізінде заңды тұлға жыл аяқталғаннан кейін құрылымдық бөлімшелері бөлігінде есептелген және төленген салық сомалары бойынша жинақтаушы тізілім жасайды.

Мүлік салығын төлеудегі декларация нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлікке салынатын салықты төлеуге төлеуші жауапты.

Салықтар мемлекет үшін ең негізгі қаражат көзі, сол салықтардың бірі мүлік салығы болып табылады. Қазіргі уақытта салықтар арасында мүлік салығының маңыздылығы жоғары.

Қолданылған әдебиеттер


1.Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Салық кодексі 2006 ж

3.С. Найманбаев Салықтық құқық Алматы, 2005

4.С.М. Найманбаев Қаржылық құқық Алматы 1994 ж



5.В.М. Пушкарева История финансовой мысли и памятки налогов 1996



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет