2-сатушы: Олардан сұрайық та. 3-сатушы: Мен ендеше қазір сұраймын. Ей, сендерге не болған? Ақсақал айтсаңшы бізге не болғанын. 1-бақташы



жүктеу 41.54 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі41.54 Kb.
: Word
Word -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
Word -> Календарь знаменательных и памятных дат на 2015 год
Word -> Элоиза (1101 1164 ) ученица, возлюбленная и тайная жена Пьера Абеляра
Word -> Экспедиция в сакральный египет 24. 03. 07. 04. 2012 «Путешествие за пределы времени и пространства»
Word -> Современные гидросооружения и слабая экономика – понятия несовместимые 26. 09. 2009 13: 22
Word -> Аврелий Августин
3-сатушы: Меніңше олар бір нәрсені ұрлап алып, енді өздерін ұстап алар ма екен деп қорқып тұр.
1-сатушы: Жоқ, меніңше оларда бір жағдай болған сияқты. Өйткені басқа кезде оларды қорқыту мүмкін емес еді ғой. Оларды ештеңемен қорқыта алмайтынсың.
2-сатушы: Олардан сұрайық та.
3-сатушы: Мен ендеше қазір сұраймын. Ей, сендерге не болған? Ақсақал айтсаңшы бізге не болғанын.
1-бақташы: Біз бүгін түнде далада малдарымыздың қасында күзетіп отыр едік. Өте кеш болатын және салқын еді. Біз кішкене от жағып, бір-бірімізбен әңгімелесіп отырғанбыз.
3-сатушы: (Кекеткен үнмен). Кім туралы әңгімелесіп отыр едіңдер?
2-бақташы: Яков бізді құтқару үшін Мәсіх келеді деген сыбыс естігенін айтты. Ал, біз болсақ, кедей бақташылар үшін Мәсіх бірдеңе істей алар ма екен деген ойға кеттік.
3-сатушы: Содан кейін не болды?
3-бақташы: Кенет, айнала күндізгідей жап-жарық болып кетті. Бұл өзге жарыққа ұқсамайтын ерекше жарық еді. Көктен бір күшті сәуле түсіп, біз қорқып кеттік.

1-бақташы: Біз отырған жерімізде құлап түсіп, қорыққанымыздан иегіміз-иегімізге тимей діріл қақтық.
2-бақташы: Содан кейін біз бір дауыс естідік: «бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді. Ол - Имеіз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндықтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер».
3-бақташы: Басымызды көтеріп періштені көргенде қорқыныш бірден сейілді.
1-бақташы: Иә, одан кейін бұрынғыдан да жарық болып, періштелер тобы түсіп мадақтау айтты. Сол үн менің құлағымнан әлі кетпей естіліп тұр.
(Осы жерге келетін әнмен касета қойылады. Бәрі үнсіз тыңдап тұрады). Немесе періште болып киініп алған жастар мен балалар «Бәрі тыныш әлем ұйықтап жатқанда» әнін орындайды. Тағы бір вариант Эммануйл әнін орындау.
1-бақташы: Біз дереу жолға шықтық, ақырда жатқан Нәрестені көру үшін.
2-бақташы: Бізге кету керек. Құдайдың тыныштығы сіздермен болсын.

Бақташылар Жақсы хабар келеді, келеді, не болып қалды» әнін көрермендермен бірге айтып біткеннен кейін шығып кетеді. Сатушылар бір-бірімен сөйлесіп жатыр.



1-сатушы: Мен малшылардың айтқанына сенгім келмейді. Егер Мәсіх шынымен бүгін түнде туылған болса, Ол ақырда жатпас еді. Құдай бұл туралы, жазбаны білетін алдымен дін қызметкерлер мен дін мұғалімдеріне білдірер еді, қайдағы бір малшыларға емес.
2-сатушы: Малшылар осы жәйтті ойларынан шығарып алуы мүмкін емес. Олар ойдан бір нәрсе шығарып айтуға ақылдары жете қояр деймісің. Дегенмен таңқаларлық оқиға.
Сауда жүріп жатыр. (Нұрынан жердің жүзі арайланды әнін айтып тұру керек, немесе каета қою керек). Біраз уақыт өткеннен кейін данышпандар келеді.
3-сатушы: (Айғай салып). Қараңдар жұлдыз санаушы данышпандар келе жатыр. Егер малшылардың айтқаны рас болса, ол туралы данышпандар білулері керек.
1-сатушы: Иә, бір өзгеріс болатын болса олар алдын ала білулері керек. Осылардан сұрап көрейік.
2-сатушы: Қымбатты данышпандардың данышпаны. Біздің әуесқойлығымызды кешіре көріңіздер. Өздеріңізге бір сұрағымыз бар еді.
1-данышпан: Менің атымды білгілерің келсе қане өздерің табыңдар. Әлде сендерге балалар көмектессін бе? Тапқан адамға беретін сыййлығым да бар. (Балтасарды ребуспен көрсету). Ой мен осындай тапқыр балаларды жақсы көремін. Өзің қайдан келдің? Атың кім? Танысқаныма өте қуаныштымын. Енді орныңа баруыңа болады. Біз алыс жолдан шығыс жақтан келеміз. Ал мыналар менің, жанымдағы достарым.
2-данышпан: Балтасар осында келген балалар шынымен тапқырма екен, менің де тексергім келіп тұр. Мен де сонау шығыстан құры қол келе жатқан жоқпын. Тапқырларға берер силығым бар.
1-сатушы: Біз тапсақ бізге де бересіздер ме?
1-данышпан: Жоқ, бұл тнк балаларға ғана берілетін мүмкіндік. Не білгің келіп еді, ендеше бастағын досым.
3-сатушы: О, сіздер алыс жолдан келеді екенсіздер. Алыс сапарға шығуларыңызға не себеп болды екен?
2-данышпан: Балалар сендер жұмбақтың шешуін тапқанды жақсы көресіңдер ме? (Балалардың жауабын тыңдау). Ендеше мен бастайын, қане мұқият тыңдаңдар.
Иса туылған түндегі,

Өзгерісті кімдер байқады.

Періштелер алғаш рет,

Кімдерге келіп айтады. (Малшылыр)


Жұлдызға қарап туылғанын,

Күмәнсіз кімдар сенеді.

Иса Мәсіхті алыстан,

Кімдер іздеп келеді. (Данышпандар)


Терезеге өрнектеп,

Сурет салып береді.

Осы уақыт балалар,

Қай мезгілде келеді. (Қыс)

Жаздай үйде жатады,

Керегі жоқ ешкімге.

Қыста жүрмін жетектеп,

Ілгектен оны шештім де (Шана)


Байқатпай ғана ақырын,

Білдіртпей шымшып алады.

Беті-аузың домбығып,

Қып-қызыл болып қалады. (Аяз)


Қай мезгіл болсын бәрібір,

Өзгермейді түсі оның.

Абайлап ұстап көрмесең,

Қадалса қанайды қолың. (Шырша)


Басуға тіпті қимайсың,

Қант төгіліп қалғанба.

Бір жерге үйіп тастапты,

Балалар жиып алған ба? (Қар)_


Жып-жылтыр болып жатады,

Басыңа тисе ояды.

Үйге кіргізсең жұп-жұмсақ,

Ыдыспен ғана қояды. (Мұз)



2-данышпан: Біз жұлдыз санаушылармыз, яғни жұлдыз бақылаушылар. Егер бір ерекше жәйт бола қалса соны бақылаймыз. Алыс сапарға шыққан себебіміз, аспанда бір жарық жұлдыз пайда болды. Ол жұлдыз басқа жұлдыздарға қарағанда үлкен және өте жарық болды.
1-данышпан: Осы жағдайды анықтау үшін біз кітабымызға қарадық та, бір ерекше адамның туылғанын анықтадық. Ол Құтқарушы, Мәсіх. Мен достарыма, оған сыйлықтар апарып тағзым етіп қайтайық деп ұсыныс жасадым.
2-данышпан: Біз осылай сапарға шығып кеттік, Оған сыйлыққа алтын, ладан, хош иісті мүр апара жатырмыз. Біздің сыйлығымыз жәй ғана сыйлық, адамдар бір-біріне ұсына алатын. Ең үлкен сыйлықты бізге Құдай жасады. Ол сыйлықты біз адамдардан ала алмаймыз. Ол бізге Құтқарушыны берді, бәрімізге. Сендерге де.
Данышпандар осыны айтып шығып кетеді. Саудагерлер де бір –бірімен әңгімелесіп шығып кетеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет