2. Топырақ түзуші факторлар



Дата11.12.2019
өлшемі302.53 Kb.
Жоспар:

1. Кіріспе

2 .Топырақ түзуші факторлар

2.1.Климат

2.2.Жер бедері

2.3.Топырақ түзуші жыныс

2.4.Беттік, жер асты сулары

2.5.Өсімдік жамылғысы

3. Зерттеу ауданының топырақ жамылғысына сипаттама

4 .Топырақты бонитировкалау әдістемесі

5. Зерттелген аудан топырақтарының бонитет балдары (кесте түрінде сол ауданда кездесетін топырақтың бонитет балдарын ең азынан,ең көбіне дейін орналастырып жазу)

6.Топырақты бонитировкалау нәтижесінде статистикалық талдау жүргізу.

7.Бал бонитет картограммасын жасау әдістері

8.Бал бонитет картограммасы және оған сипаттама

9.Қорытынды

10.Пайдаланатын әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды.Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2000000 адам (2018ж). Орталығы – Түркістан қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды.

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округі аумағына ең алғаш рет 1962 ж топырақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.1974 ж зерттелген мәліметтерді толықтыру, контур шекарасын анықтау,картографиялық қосымшаларды қайта құру мақсатында,топырақты зерттеу жұмыстарына қайта өңдеу жұмысы атқарылды. 2007 ж Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округінде 585,0 га алаңда егіс жерлерінде субьектілердің төлқұжаттарын рәсімдеу үшін топырақтың сапа көрсеткішін анықтау жұмысы жүргізілді.Зерттеу мерзіміне байланысты 28.01.2019 ж 6 келісімшартқа негізделген және 2019 жылға арналған жоспар тапсырма негізінде 100 "Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру "кіші бағдарламасы бойынша 259 "Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру", "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша "Іздестіру,жер мониторингы және лабороториялық зерттеулер "филиалының сарапшы топырақтанушыларымен ҚР-сы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасының төлқұжатын топырақ мәліметтерін жаңарту мақсатында 2019 жылдың сәуір айында егіс жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары а.ш жерлерінде 1:25000 масштабта жүргізілді.Жоспарлық негіз ретінде осы масштабтағы өткен жылдардың топырақ контуры салынған 1991 ж фотопланшеттер қызмет етті.

Ауылдық округтің кадастрлық кварталы 19-296-045. 2018 ж Құркелес ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылық жер ауданы 7600 га құрады; оның ішінде тәлімі егістік жер - 3245 га,суармалы егістік жер -1403 га,көпжылдық екпелер – 563 га,оның ішінде 158 га бақтар,405 га жүзімдіктер,тыңайтылған жерлер -2772 га,табиғи жайылымдық жылдар 825 га. Нақты зерттеу жұмысының ауданы 6500 га құрайды. Топырақты зерттеудің шекаралары жер – шаруашылығының мәліметтерімен келісілген.Жалпы зерттелетін аймақта топырақты зерттеу жұмыстары барысында барлығы 28 топырақ қазбалары салынды,оның ішінде 1,2-1,5 м тереңдіктегі 154 негізгі топырақ қазбалары, ; 0,7-1,0 м терендіктегі 123 жартылай кескін қазбалары және 0,5-0,7 м тереңдіктегі 122 топырақ қазбасы алынды.22 негізгі кескіннің ішінен генетикалық горизонттардан топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу үшін ленталық бағанамен 0,5 кг салмақтағы үлгілер алынды.

Су сүзіндісімен механикалық құрамды зертханалық талдау нәтижелерін өңдеу "SALT -2003"бағдарламасы бойынша жүргізілді. Камералдық кезеңде далалық зерттеу материалдары өңделді және зертханалық зерттеу нәтижелері құрылды; 1:25000 масштабтағы аңыздары бар топырақ картасы ;картограмма,топырақ контурының ауданын есептеу жүргізілді;өндірістік санаттар бойынша аудандар есептелген және осы нақты очерк жазылған. Кіші өлшемдерді картада көрсету мүмкін емес,топырақ контурының құрамында болған кешендер, үйлесімдер және дақтылық бөлінген.Кешенді контурлар 3 компоненттен аспайтын құрамдас бөліктен тұрады. Топырақтың әрбір компонентінің салыстырмалы қатысуы мынадай градатацияларда таралу ауданынан пайызбен көрсетілген 10 % ға дейін, 10-30 30-50 % .

Далалық топырақтарды іздестіру жұмыстары эксперт топырақтанушы жүргізушісі С.Асанбаевтың тобымен жүргізілді. Камералды өңдеу және топырақ очеркісін құру сарапшы топырақтанушы Р.Елюбаевамен орындалынды. Дала және камералдық кезеңдерде бақылауды және басқаруды басқарманың басшысы Турмахамбетов және басқарма басшысының орынбасары Алсейтов жүзеге асырды.Құркелес ауылдық округінің аумағы Сарыағаш ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және солтүстік шығысында Дарбаза ауылдық округінің жерлерімен,оңтүстік батыста Жарты төбе ауылдық округінің жерлерімен және Солтүстік батысында Тегісшіл а.о жерлерімен шектеседі.Ауылдық округ әкімдігі Ақниет ауылында орналасқан,ол аудан орталығы Сарыағаш қаласынан 3 км қашықтықта,облыс орталығы Түркістан қаласынан 200 км қашықтықта,Шымкент қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. Аудан және облыс орталығына байланыс жақсы асфальтталған жолдар бойынша жүзеге асырылады.Егіншілік негізінен суармалы, сонымен қатар тәлімі .




2.1.Климат.

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.Климат - топырақ түзуші фактор ретінде биологиялық, химиялық, физикалық және физика – химиялық қасиеттеріне сондай - ақ топырақ жамылғысының су –жылу режиміне тікелей әсер етеді. Қазақ КСР Шымкент облысының агротехникалық ресурстары анықтамалығының мәліметтері бойынша ауылдық округ аумағының ІІ – ші Агроклиматтық ауданына жатады. Құркелес ауылдық округ аумағына толық сипаттама беру үшін Құркелес ауылының орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан Қазығұрт метеостанциясының 2010 ж мәліметтері пайдаланылды. Осы деректерге сәйкес ауаның орташа жылдық темп. 14,1 градусқа тең. Жазы ыстық,ұзақ және құрғақ. Тамызда орташа темп. 26,1-26,02.Максималды темп. 35-38 градусқа тең. Қысы жұмсақ, қысқа, қар жамылғысы аз және тұрақсыз.Көктемгі суық наурыз айының соңында тоқтайды.Алғашқы күзгі аяз қараша айының соңында түседі.Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орта есеппен 189 дан 197 күнге дейін ауытқиды. Жылдық жауын – шашын мөлшері 523,4 мм. Жаз және күздің бірінші жартысы өте қуаң, жазғы жауын шашынның орташа жылдық саны 2,9-9,4 гр.тең.Осы уақытта жоғары температура басым болады.Салыстырмалы ылғалдылықтың ең аз мөлшері шілде,тамыз,қыркүйек айларында түседі.(39 %,35%,41%,).Қар жамылғысы бар күндер саны 80-90 күн.Қар жамылғысының биіктігі 2 ден 8 смге дейін ауытқиды. Ауылдық округ аумағының солт-шығыс бағытында жел соғады,желдің орташа жылдық жылдамдығы - 2,2м/ сек құрайды.Климаты континентальды, қысы жылы,жазы ыстық. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік.Атмосфералық жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм- ге дейін жетеді.Аудан аумағының сулы Келес Және Құр Келес өзендері ағып өтеді.Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлім Сарыағаш шипажайы МҚЕК , Алтын-Бұлақ , Арман санаториясы , Ана мен Бала шипажайы сиақты 10 демалыс аймағы бар.Сарыағаш ауданының климаты қатаң континентті.Жылдық жауын шашын мөлшері 200-300 мм-ден аспайды.Жауын шашынның көбі көктемде жауады . Ауаның жылдық орташа темп.қаңтарда 2-30 гр,шілдеде 24-280 гр болады.Кейде әсіресе шөлді аймақтарда 40-500 гр дейін барады.Келес Сырдария алабындағы өзен. Түркістан облысының Сарыағаш, Қазығұрт,Шардара аудандары арқылы ағып өтеді.Ұзындығы 241 км,су жиналатын алабының ауданы 3310 км2, Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да,Шардара бөгеніне келіп құяды.Жоғары ағысында арнасы тар және тік шарлы келген, төменгі ағысында арнасы кең.Суы тұщы.Қар және жер асты суымен толығады. Сипатталған климаттық белгілер сұр топырақ типі,және кәдімгі сұр топырақ типшелерінің айтылған аймақта таралуы мен пайда болуына негізделген.



2.2.Жер бедері.

Рельеф, фактор ретінде,топырақ түзілуіне жанама түрде топырақ жамылғысын қалыптастыруға қатысады және оның рөлі негізінен топыраққа климаттық жағдайлардың әсерін өзгертеді.Жазық учаскелерде, мысалы:атмосфералы жауын-шашынның жылу мен жарықтың барлық жерде таралуы бірдей болады; таулы және төбелі жерлерде бұл қатынаста үлкен алалық байқалады.Төменгі учаскілер, шұңқырлар әрқашан үлкен мөлшерде ылғалданады,беткейлерге қарағанда; ал оңтүстік беткейлер солтүстік беткейлерге қарағанда жарық пен жылуды көп мөлшерде алады. Осылайша рельеф өз кезегінде осы аумақта өзінің микроклиматының пайда болуына ықпал етеді. Жер бетінің орналасу сипаты бойынша, Жердің абсолюттік биіктіктері бойынша , жер бедерінің қандай да бір элементтерінің арақатынасы бойынша ауылдық округ аумағын геоморфологиялық тұрғыдан екі бөлікке бөлуге болады :



1.Толқынды жазық

2.Келес және Құрық Келес өзендерінің алқабы

1.Толқынды жазық зерттелген аумақтың көп бөлігін қамтиды.Мұнда рельефтің басым нысандары солтүстіктен оңтүстікке,шығыстан батысқа бағытталған.Бұл жердің литологиялық құрылымы өте қиын.Мұнда лөс тәрізді құмбалшықтармен қатар,қызыл түсті балшықтар көп кездеседі.Сондай ақ , кәдімгі оңтүстіктің сұр топырақтары қалыптасқан. Жер бедерінің теңдестірілген учаскілерінде суармалы егістік жерлерінің үлкен массивтары шоғырланған.

2.Келес және Құрық-Келес өзендерінің алқабы ауылдық округтің аумағын оңт-бат бағытта кесіп өтеді.Бұл өзендердің алқабы жайылма және жайылма үсті террасалармен шоғырланған.Ежелгі аллювиальды шөгінділер,және олардың жоғарғы бөлігі сілемейлі сипатқа ие.Бұл өзен алқабында жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар қалыптасқан.Барлық алқапта ерте заманнан суармалы егіншілік жұмыстары жүргізіледі.

Аудан жері негізінен төбелі,қырқалы,жазықты келеді.Жер қойнауында мәрмәр,құм,бентонит балшығы,шипалы минералды суы барланған.Сарыағаш ауданының рельефінің түзілуі әр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың әрекеттесуінен қалыптасқан.Геологиялық геоморфологиялық факторларға жер беті жыныстарының құрамы,құрлық бетінің жасы,бедері,беткейлердің көрінісі жатады.Бұл жердің рельефі бор және палеогенді дәуірден кейін біздің эрамызға дейін 90- 60 млн жыл бұрын күшті шөгінділерден құрылған.Олар геологиялық көненің көзі өткен тарихи оқиғалардың сақтаушысы боып отыр. Кейбір жекелеген учаскелерінде онан да ерте палеозой жыныстары кездеседі.Бұл жерлерді 1873 – жылдан бастап Н.А.Северцов, Г.Д.Романовский, И.В.Мушкетов, сынды геологтар зерттей бастаған.Ал 1964 жылы бұл ауданды КСРО ҒА палеонтология институтының Г.Г. Амртинсон бастаған бір топ палеонтологтары зерттеді.



2.3.Топырақ түзуші жыныс

Аналық тау жынысы топырақ түзуші фактор ретінде топырақтың физикалық ,химиялық,және физика – химиялық қасиеттеріне үлкен ықпалын тигізеді.

Морфологиялық белгілері бойынша ауылдық округ аумағының топырақ түзетін жыныстары төртінші кезеңнің шөгінді жыныстарына жатады, ал генезисі бойынша келесі жыныстарға бөлінеді:

1.Лөс тәрізді құмбалшықтар

2.Ежелгі аллювиальды шөгінді тау жыныстары

Ауылдық округтің су бөлу алқаптары лөс тәрізді құмбалшықтармен қалыптасқан.Бұл топырақ түзуші жыныстар ірі шаң басым болып келетіндігімен,сарғыш және ашық сарғыш түсті болуымен, жоғары карбонаттылығымен, кеуектілігімен, топырақтың қолайлы су және ауа қасиеттерін негіздеумен сипатталады.Топырақтардың шаңдылығы мен майда дисперсияға ие болуы олардың тез және таза шайылуына ықпал етеді. Сондықтан бұл топырақ су эрозиясына оңай ұшырайды.

2. Өзендер алқабы мен жайылмаларында топырақ жамылғысы 2 м және одан да аз тереңдікте түрлі түйіршікті құмдармен және құмдармен төселетін ежелгі аллювиалды шөгінділерде қалыптасады.Аллювиалды шөгінділердің қабаттарының арасында ауыр құмбалшықтан құмдақтарға дейінгі әртүрлі жыныстар кездеседі, кейбір жағдайларда тұздалған болып келеді, орташа механикалық құрамның жер асты сулары мен шаңды жеңіл құмбалшықтар басым болып келеді.

Топырақ пайда болатын тау жыныстары топырақ құраушы немесе аналық тау жынысы деп аталады.Топырақ құраушы тау жыныстары топырақтың материалдық негізі. Оның гранулометриялық, минералдық, химиялық құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері топыраққа тарайды. Топырақ түзілуі, дамуы кезінде ол қасиеттер біртіндеп өзгерістерге ілігеді.Топырақ құраушы тау жыныстары пайда болу тегіне, құрамына, құрылысына және қасиеттеріне байланысты әр түрлі болады. Негізінен топырақ құраушы тау жыныстары қатарына шөгінді тау жыныстары жатады.

Лөс және лөс тәрізді құмбалшықтар әр түрлі жағдайда пайда болады. Лөстердің негізгі белгілері мыналар: түсі ашық-сарғыш, сарғыш, карбонатты, шаңды-құмбалшықты гранулометриялық құрамды, кеуекті борпылдақ, майда түйірлі, су өткізгіштігі жақсы.

Химиялық және физикалық қасиеттері жақсы болғандықтан лөс құнарлы топырақтар пайда болуына оң әсерін тигізеді. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда лөс шөгінділерінде боз топырақтар түзіледі.Лөс тәрізді құмбалшықтардың құрамында карбонаттар аздау, кейде карбонатсыз болады, гранулометриялық құрамы ірілеу, кеуектілігі шамалы.



2.4.Беттік, жер асты сулары

Ауылдық округ аумағының жер үсті бнтінде Келес ,Құрық Келес өзендері және Рамадан, Кескен ,Шишім арықтары бар. Келес өзені Қазығұрт тау етегінің батыс бөлігінен бастау алады. Келес өзенінің негізгі суландыру көздері болып тау бұлақтары және Зах каналы арқылы қосылған Шыршық өзені болып табылады.Келес өзенінің суы химиялық құрамы бойынша тұздалмаған. Құрық- Келес өзені жазық түрде ішінара құрғайтын өзен б.т. Ол жақсы тегістелген кең алқапқа ие, жағалаулары төмен және қысқа. Көп су бөлінген кезде, қамыс өсіретін шағын көлдерді құрайды. Құрық Келес өзенінің суы қатты минералданған және суаруға жарамсыз.Келес және Құрық Келес өзендерінің алқаптарында мелиоративтік жағдайды жақсарту үшін коллекторлар жүргізілді, олар жер асты суларының деңгейін реттейді. Ауылдық округ аумағындағы жер асты сулары 10 м-ден аса тереңдікте жатыр,және ол топырақ түзілу процесіне әсер етпейді;

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.

Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі (табиғи гидродинамикалық жүйе). Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.


2.5.Өсімдік жамылғысы.

Ауылдық округ өсімдік жамылғысы жер бедеріне,климатына және топырақ түзуші жвнввстарға байланысты өзгеріп отырады.Сонымен қатар топырақпен де тығыз байланысты. Толқынды жазықта,кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы қалыптасқан,және ол жерде табиғат жамылғысы эфемерер және эфимероидтармен көрсетілген,дамудың көктемдік циклі сипатталған,,ол көктемде басталып ,жаздың басында аяқталады. Вегетацияның басталуы күзде, жылы ауа райы кезінде және жауын-шашын түскен кезде басталады. Қыста олар үсіп қалады,көктемде қайта тіріледі. Ең басым болып тұратын пиязды жалбыз және шөл шоғыры б.т.Ірі эфемероидтарға пиязды өсімдіктер - пияз, қызғалдақ, эремерус, ирис, ферулалар жатады. Еріген және нөсерлі сулардың беттік ылғалдануын алатын рельефтің төмендеулерінде өсімдіктердің құрамы дерлік өзгермейді,бірақ ол жақсы дамыған және ылғал сүйгіш түрлерге бай. Мұнда шашақты және арпа пиязының басымдылығы байқалады. Келес және Құрық Келес өзендерінің алқабында су деңгейі төмен, шалғындық әртүрлі шөптер өседі. Терең тамыр жүйесі бар көптеген ылғал сүйгіш өсімдіктер кездеседі.Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі.Өсімдік жамылғысы өзеннің су режімінің қалыптасуындағы орманның рөлі. Ол жауын- шашынның мөлшеріне, таралуына, оның булануға кеткен шығынына, қардың жиналуына, судың жер (топырақ) қабатына сіңуге шығындануына, жер асты суларының жиналуына және су ағысының жылдамдығына әсер етеді. Өзен алабындағы орман-тоғайдың мөлшерлік көрсеткіші ретінде алаптың ормандық коэффициенті алынады, ол алаптағы орман-тоғай алып жаткан ауданның алаптың жалпы ауданның қатынасына тең. Ол процентпен немесе бірліктік бөлшегі түрінде келіріледі. Алаптағы көл, батпақ, көпжылдық тоң және мұздықтардың көрсеткіштері қолда бар бақылау деректеріне сәйкес немесе арнайы зерттеулердің негізінде есепке алынады.Өсімдік жамылғысының карталардағы бейнеленуі — өсімдік жамылғысы табиғи өсімдіктерден (ормандар, бұталар, шалғындар және т.б.) және әдейі өсірілген өсімдіктерден (бақтар, плантациялар, бақшалар және т.б.) түзіледі. Өсімдік жамылғысының картадағы бейнеленуі картографиялық мазмұндаудың жалпы заңына бағынады: картаның масштабы кішірейген сайын өсімдік жамылғысы сұлбаларын егжей-тегжейлеу де азаяды, өсімдіктер түрлерінің көрсетілуі кемиді, ал ұсақ масштабты карталардың көбінде өсімдік жамылғысы бейнелері көрсетілмейді. Картаның масштабында білдірілетін өсімдік жамылғысы аймақтары аялық бояулар, торлар және штрихтық шартты белгілер арқылы, ал карта масштабында білдірілмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер арқылы бейнеленеді. Топографиялық карталарда өсімдік жамылғысының кейбір түрлеріне сандық және сапалық сипаттамалар: ормандағы ағаштардың биіктігі, жуандығы, түрлері, бұталардың биіктіктері және т.б. қоса беріледі.



3. Зерттеу ауданының топырақ жамылғысына сипаттама

Жоғарыда сипатталған табиғи жағдайлар (климат,рельеф, аналық жыныстар,гидрологиялық жағдайлар ,өсімдік жамылғысы) Құркелес ауылдық округінде сұр және кәдімгі оңтүстіктің сұр топырақтардың типшелерінің таралуына және дамуына әкелді. Интразональды топырақтардың ішінен гидроморфты және жартылай гидроморфты түрлері кездеседі.Сұр топырақтардың жалпы белгілері болып табылады:

1)топырақ құралу процесі кезіндегі әр түрлі органикалық заттардың , топырақтағы микроорганизмдердің ықпалымен үлкен биологиялық белсенділігінің болуы ;

2)қысқы – көктемгі кезеңде топырақ қалыңдығын біршама терең емес шаю және осыған байланысты тамыр жүйелерінің енуі және олардың 50-60 см тереңдікке дейін пайда болуы;

Топырақ түрі ретінде сұр топырақтар үшін келесі белгілер мен қасиеттер тән:

1.Генетикалық горизонттардың әлсіз дифференциациясы;

2.Гумустық профильдің созылуы кезінде әлсіз гумустілік;

3.Жақсы айқындалған микроагрегаттылық болған кезде анық айқындалған макроқұрылымның болмауы;

4.Жоғары кеуектілік;

5.Профильдің жоғары бөлігіндегі карбонаттар құрамының елеулі азаюындағы барлық профильдің карбонаттылығы;

Камералық зерттеу жұмыстары кезінде және зертханалық анализ зерттеу жұмыстары негізінде топырақтың мына түрлері белгілі болды:



Республикалық систематикалық тізім бойынша шифр

Топырақ атауы

1

2

1329

Кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы

1330

Әлсіз шайылған оңтүстіктің кәдімгі сұр топырағы

1330 ∆

Әлсіз шайылған әлсіз қиыршықтасты оңтүстіктің кәдімгі сұртопырағы

1337

Әлсіз сортаңданған оңтүстіктің кәдімгі сұр топырағы

1467

Кәдімгі оңтүстіктің шалғынды сұр топырағы

1474

Әлсіз сортаңданған кәдімгі оңтүстіктің шалғынды сұр топырағы

1478

Орташа сортаңданған кәдімгі оңтүстіктің шалғынды сұр топырағы

1566

Кәдімгі шалғынды сұр топырақтар

Кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы (шифр -1329)

Кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы барлық жерлерде кездеседі және түрлі экспозицияларда толқынды жазықта қалыптасады.Топырақ түзуші жыныстармен қатар әлсіз қиыршықтасты жерлердегі лөсті құмбалшықтарда қызмет етеді.Кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы автоморфты болып келеді , және жер асты сулары 20-30 м тереңдікте қалып қалады, және топырақ түзілу процесіне ешқандай ықпалын тигізбейді. Бұл топырақтың өсімдік жамылғысы түрлішөпті –эфемерлі - эфемероидты ассоциациамен көрсетілген.Кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағының негізгі ерекшеліктері болып табылады:

1.Гумус горизонтының шамалы қуаты 32-35 см ( А + В1)

2.Топырақ профилінің аз ғана гумустілігі,соның нәтижесінде оның түсі сұр түстен ашық сұр түстерге дейін ауытқиды.

3.Көрінетін карбонаттардың бетіне жақын жату.

4.Жауын құрттары мен қоңыздардың белсенді қызметі нәтижесінде пайда болған өтпелі гумусты горизонттармен біріктірілетін тесікті горизонттың болуы.

Бұл топырақтар біркелкі контурлармен барлық жерде,сонымен қатар әлсіз шайылған түрлі топырақтармен қатар ауылдық округ аймағында кездеседі. Жазық аймақтарда қалыптасқан.Өсімдік жамылғысы бай құрамға ие эфемерлермен көрсетілген : жалбыз,пияз және т.б.көпжылдықтар. Жер асты сулары терең бойлайды 10 м-ден аса,және топырақ түзу процесіне ешқандай ықпал тигізбейді.Топырақ түзуші жыныстар лөс тәрізді құмбалшықтар болып келеді.Рельеф- әлсізтолқынды жазық, алқаптары суармалы егістік жерде орналасқан,лөс тәрізді құмбалшықтармен сипатталады; НСІ – дан қайнағанда:


Гор . А пах 0-26/26 cм

Сұр түсті, ылғалды, орташа құмбалшықты,әлсіз тұзданған,дәнді – кесекті, қайнауы қатты,ұсақ кеуекті, көптеген өсімдік тамырлы, ауысуы айқын;

Гор . В1 26-32 /8 см

Ашық – сұр түсті ,ылғалды, орташа құмбалшықты әлсіз тұзданған, дәнді – кесекті, ұсақ кеуекті, қайнауы әлсіз ,тамырлары аз, ауысуы тамырлары мен құрылымына жайлап болады.

Гор . В2 32-52 /20 см

Ашық - сұр түсті,ылғалды, орташа құмбалшықты, тығыздалған ,түйіршікті – кеуекті -ұнтақты, НСІ – дан қайнауы әлсіз,тамыры аз,ауысуы біртіндеп;

Гор . ВС 52-73 /21 см

Ашық түсті, суармалы, ылғалды, орташа құмбалшықты, құрылымсыз, әлсіз тығыздалған, тамыры жоқ, ауысу байқалады;

Гор . С1 73-120 /35 см

Сұр түсті ,суармалы , ылғалды , жеңіл құмбалшықты, құрылымсыз ,әлсіз тығыздалған.

Әлсіз шайылған оңтүстіктің кәдімгі сұр топырағы (шифр 1330)

Бұл топырақтар ауылдық округ аумағында біртектес контурлармен және кәдімгі басым сұр топырақтармен анықталған.Төбелі көлбеу жазықтың беткейлерінде пайда болған.Топырақ құраушы жыныстар лөс тәрізді құмбалшықтармен көрсетілген.Жер асты сулары төмен бойлайды , топырақ құралу процесіне аса қатты ықпал етпейді.Егістік жерлерде А горизонтының сумен шайылу нәтижесінде, гумус пен жеңіл еритін азот мөлшері азаяды. Гумустық горизонттың мөлшері А+ В1 қабатында 30 см құрайды.РН= 7,05-7,25. Бұл топырақтар тұздалмаған. Ауылдық округта ауыл шаруашылық дақылдарын алуға қолданылады.Рельеф - әлсіз толқынды жазық,алқап-суармалы жер болып келеді, НСІ дан қайнағанда:



Гор. А пах 0-12 /12см

Сұр түсті,ылғалды,орташа құмбалшықты,әлсіз тығыздалған,дәнді-кесекті,қайнауы күшті, ұсақ кеуекті,тамыры көп, ауысуы анық;

Гор. В1 12-28/16см

Ашық - сұр түсті, суармалы , ылғалды,орташа құмбалшықты,әлсіз тығыздалған,дәнді – кесекті,ұсақ – кеуекті, НСІ дан күшті қайнайды, тамыры аз, ауысуы біртіндеп ;

Гор. В2 28-46/18 см

Ашық – сұр түсті,ылғалды, орташа құмбалшықты, әлсіз тығыздалған , дәнді- кесекті, қайнауы күшті , біртекті тамырлар,ауысуы біртіндеп ;

Гор.ВС 46-65/19 см

Суармалы,құрғақ,жеңіл құмбалшықты,құрылымсыз,әлсіз тығыздалған,тамырлары жоқ,ауысу байқалады;

Гор.С 70-110/40 см

Суармалы, құрғақ, орташа құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, қиыршықты;

Механикалық анализ бойынша топырақтар А горизонтындағы физикалық балшық мөлшері 37,67% болатын орташа құмбалшықты, және А горизонтындағы физикалық балшықтың мөлшері 21,07 % болатын жеңіл құмбалшықты болып бөлінеді. Механикалық бөліктерде басым бөлігін ірі шаң 39,96 – 61,72 % алады, одан кейін майда құм 16,00 – 21,32 % , және тозаң бөліктері 10,50-13,50 % алады .Химиялық анализі бойынша гумустың болуы жоғары горизонтта - 0,80 -1,53 %, және тереңдеген сайын мөлшері азая түседі 0,20-0,64 % дейін.



Кәдімгі оңтүстіктің шалғынды сұр топырағы (шифр1467)

Бұл топырақ Келес және Құрық Келес өзендерінің террасаларында қалыптасқан.Топырақ түзуші жыныстар болып лөс тәрізді құмбалшықтар қызмет етті.Жер асты сулары терең бойлайды , соның әсерінен топырақтың капилярлы ылғалдылығы үлкейеді.Өсімдік жамылғысы егістік жерлерінде шалғынды көп шөптермен ,ал үлкен территорияларда ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерімен көрсетілген.Суармалы топырақтар физика – химиялық қасиеттерімен ,толық морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді.Гумустық профилі біршама жарық және созылған болып келеді.Бұл топырақтардың құрылымы көп зерттеу жұмыстары нәтижесінде жойылған.Рельеф – Келес өзенінің жайылма үсті террасасы,алқабы – суармалы егістік жер,лөс тәрізді құмбалшықтар , НСІдан қайнағанда:




Гор. А 0-27/27см

Қара қоңыр реңкпен сұр түсті,ылғалды,ірілі –кесекті,ауыр құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, қайнауы жәй, кеуекті,тамыры көп,ауысуы анық;

Гор. В1 27-43/16 см

Сұр боялған түсті,ылғалды,ауыр құмбалшқты, әлсіз тығыздалған дәнді – кесекті, ұсақ кеуекті, тамыры көп, ауысуы біртіндеп;

Гор. В2 43-62/19 см

Сұр боялған түсті,ылғалды,орташа құмбалшықты,әлсіз тығыздалған, дәнді – кесекті, кеуекті,ауысуы біртіндеп;

Гор . ВС 62-84 /22 см

Ашық – сұр боялған, ылғалды, орташа құмбалшықты, әлсіз тығыздалған, карбонат іздері ,біртекті тамырлар,ауысу байқалады;

Гор. С 84-110/26см

Сұр боялған түсті, орташа құмбалшықты, тығыздалған, қатты қайнайды;

Механикалық анализ бойынша топырақтар ауыр құмбалшықты , онда физикалық құмның мөлшері 52,34-54,31 % және орташа құмбалшықты ,онда физикалық құмның мөлшері 39,27% болады.Механикалық бөліктерде басым бөлік болып ірі шаң аталады: 40,80- 42,28 % болады. Химиялық анализ бойынша гумус жоғары горизонтта 1,21-1,49 % болады , тереңдеген сайын 0,54-0,76 %- ке дейін төмендейді



Кәдімгі шалғынды сұр топырақтар (шифр -1566)

Кәдімгі шалғынды сұр топырақтар гидроморфты топырақтар қатарына жатады.Олар жер бедерінің төменгі беткейлерінде орналасады, терең емес жер асты суларында орналасады, айтарлықтай топырақ түзілу процесіне ықпалын тигізеді.Өзендер мен каналдардың үстімен су басуға ұшырайды. Шалғынды – сұр топырақтың туындысы болып табылады, бірақ оларға қарағанда көкжиектің созылуы және оның біркелкі бояуы айқын көрінеді.Жер бедері – жайылма үсті террасада Келес және Кұрық – Келес өзендері,алқабы- егістік жер,НСІ дан қайнағанда:



Гор. А 0-23/23см

Қара қоңыр реңкпен сұр түсті,ылғалды,ірілі –кесекті,орташақұмбалшықты, әлсіз тығыздалған,қайнауы қатты,ұсақ кеуекті,тамыры көп,ауысуы анық;

1

2

Гор. В1 23-32/9 см

Сұр боялған түсті,ылғалды,орташа құмбалшқты,дәнді – кесекті,кеуекті, тамыры көп,капролит пен құрт жүреді,ауысуы біртіндеп;

Гор. В2 32-52/20 см

Сұр боялған түсті,ылғалды,жеңіл құмбалшықты,әлсіз тығыздалған, дәнді – кесекті, қайнауы қатты, ұсақ кеуекті,біртекті тамырлар, ауысуы біртіндеп;

Гор . ВС 52-72 /20 см

Ашық – сұр боялған, ылғалды, жеңіл құмбалшықты,әлсіз тығыздалған,құрылымсыз,біртекті тамырлар,ауысу байқалады;

Гор. С 72-120/48 см

Сұр боялған түсті, жеңіл құмбалшықты, тығыздалған, қатты қайнайды;

Механикалық құрамның анализі бойынша бұл топырақтар – орташа құмбалшықты ,физикалық құмның мөлшері А горизонтында – 30,48 – 34,75%. Механикалық бөліктерде ірі шаң басым болады 35,84 – 49,09 %, майда құм – 18,33 – 24,05 %, майда және орта шаң – 11,50 – 12,91 %. Химиялық анализ бойынша гумус жоғары горизонтта 0,96-2,09 %, төмендеген сайын 0,36-1,41 %- ке дейін азаяды. Химиялық анализ бойынша гумус жоғары горизонтта 0,96-2,09 %, төмендеген сайын 0,36-1,41 %- ке дейін азаяды.



4 .Топырақты бонитировкалау әдістемесі.

Бонитировка деген сөз латынша “bonitas” деген сөзден шыққан. Бұның аудармасы «сапалық, сапасы артушылық». Бонититеттеу дегеніміз топырақтың сапалылығын білдіреді. Топырақ бонитеті дегеніміз – оның сапасының көрсеткіші. Топырақтың сапасы, оның табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағаланады, ол ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақтың сапасын айыру дегеніміз, оларды ауылшаруашылық дақылдар шығымдылығымен өзара байланысты, табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағалау деп түсіндіріледі.

Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.Жерді құнарлығы бойынша бағалау келесілерге бөлінеді:

• топырақты бонитеттеу;

• жерді экономикалық бағалау.

Жердің сапалық жағдайы 4 көрсеткіштерден тұрады:

1. Құнарлық;

2. Тұрған орны;

3. Экономикалық факторлар;

4. Кеңістік-технологиялық жағдайлар.

Құнарлылық 2 түрде болады:

• табиғи;

• жасанды;

Табиғи құнарлық – қоректік заттарды ұзақ процесінде жиналған нәтежесінде пайда болған. Жасанды құнарлық – адамның еңбек нәтежиесінде пайда болады. Табиғи және жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.Топырақты бонитеттеу нәтижелері, табиғи құнарлықтың негізгі факторлары бойынша, топыраққа қатысты жарамдылықты көрсетеді. Топырақтың құнарлығы микроорганизмдердің қатысуымен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100 жыл, бірқалыпты ортада (жылу, ылғал, күн жүзі және т.б.) 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек. Топырақ сапасын айырудың негізгі мақсаты-топырақтың сапасына, құнарлылығына, ішкі белгілері және қасиеттері бойынша салыстырмалық (балл) сандық мінездеме беру болып табылады.

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде мынадай жағдайларды есте ұстау керек:

1.топырақтың сапасын бағалау агротопырақ аудандарының шекарасында жүргізіледі, сондықтан оның аудандық ерекшелігі болады;

2.топырақтың бағалайтын белгілерінің жиынтығы, әртүрлі топырақтың эколого-генетикалық қатарларына және топтарына әртүрлі болады;

3.топырақтың сапасын бағалау нәтижелері жерге экономикалық баға бергенде бағалау бірлігі ретінде пайдаланылады.

В.В.Докучаевтың топырақтың сапасын бағалау әдісі. Топырақтың сапасын бағалау мәселесін зерттеуге көп үлес қосқан және ғылыми топырақтанудың негізін салған В.В.Докучаев болды. Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын жүргізгенде В.В.Докучаев табиғи-тарихи әдісті қолданды. Бұл әдістің маңыздылығы мынады: ең алдымен топырақтың, оның негізіндегі қасиеттерін жан-жақты зерттеп алып, содан кейін олардың салыстырмалық бағасы белгіленеді, яғни сапасы бағаланады.Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын В.В.Докучаев екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде (табиғи-тарихи зерттеу кезеңі) ең алдымен топырақтың табиғи құндылығы анықталады, яғни топырақтың табиғи сапасы морфологогенетикалық, химиялық, физикалақ, фитозоологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ топырақтың ауа-райы мен өзара байланысын зерттейді.Табиғи топырақ аудандарын анықтағаннан кейін олардың ауылшаруашылық – экономикалық жағдайын толық зерттеу үшін екінші кезеңге кіріседі.В.В.Докучаевтың әдісі бойынша жоғарыда айтылған топырақтың сапасын бағалаудың кезеңдері бір-бірімен тек толық байланысты ғана емес, олардың біріншісі екіншісінің негізгі және белгілі болып қызмет етуге тиісті.Техникалық жағынан В.В.Докучаевтың әдісі мына жұмыстарды біріктіреді:

1.топырақтардың табиғи топтамаларын жасау;

2.олардың геологиялық қасиеттерін (топырақтың қуаттылығы, қарашіріндінің мөлшері, топырақ астының мінездемесі мен олардың орналасу жағдайы) анықтау;

3.топырақтың химиялық құрамын белгілеу;

4.топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау.

Әрбір топырақ түрі бойынша толық химиялық, механикалық сараптау (анализ) жүргізіледі, ылғал сіңірімділігі, су өтімділігі, капиллярлылығы, бу айналымы, жылу өткізгіштігі және т.б. анықталады.Топырақты далада және лабораториялық зерттеулердің негізінде төмендегідей тиісті диаграммалар жасалады:

1.геологиялық диаграмма (топырақтың қуаттылығы және қарашіріндінің мөлшері бойынша);

2.химиялық диаграмма (нәрлі заттардың, Менделеев және басқа көрсеткіштер бойынша).

3.Физикалық диаграмма (физикалық қасиеттері бойынша).

Осы үш орта диаграмма негізінде бір ортақ жалпы диаграмма жасалады. В.В. Докучаев топырақты осылай жан-жақты зерттеудің негізінде Нижегородской губерниясының топырағының сапасын бағалауды жүргізген. Бұл бағалау жүз (100) балдық жүйе бойынша жүргізілген.

Топырақтың әр белгілері үшін бонитировка ұпайын келесі формула бойынша есептейді:
Б=3ф/3м•100
Мұнда, Б- бонитировка ұпайы

3ф – қандай болсын белгінің нақтылы мәні (азот, фосфор, калий, қарашірінді мөлшері);

3м - берілген белгінің ең жоғары немесе оңтайлы көрсеткіші,

Негізгі бонитировка ұпайы топырақтың 0-50 см. қабатындағы қарашірінді мөлшері бойынша есептеледі, ал басқа қасиеттері бойынша түзету коэффициенттерін қолданып, нақтылы бонитировка ұпайын анықтайды. Қазақстанның суарылмайтын егістік жерлері аймағында топырақтың 0-50 см қабатында 7% қарашірінді бар жерге 100 ұпай беріп, оны эталон ретінде қолданады.

Сонымен, В.В. Докучаев топырақты бағалаудың негізіне олардың табиғи қасиеттерін және белгілерін жатқызған, ал дақылдардың шығымдылығын тек жеке топырақ топтарының арасындағы байланысты орнатудың дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланған.

1.В.В. Докучаев зерттеген табиғи-тарихи әдіс. Топырақтың бонитет балы оның ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына тығыз байланысты табиғи қасиеттерінің негізінде анықталады.

2.Украиндық топырақ зерттеушілердің әдісі. Бұл әдіс бойынша бағлаудың заты топырақтың түрі негізінде емес, топырақтың агроөндірістік тобы және оның бөліктері негізінде жүргізіледі. Олардың сапасының балы ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығымен және топырақтың табиғи қасиеттерімен белгіленеді.

3.Мәскеу мемлекеттік университеті мен Львов университетінің әдістері. Бағалаудың заты ретінде топырақтың түрі, ал олардың балл бонитеті ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен анықталады.

Жоғарыда қаралған тәжірибелердің ішінде тек қара және қоңыр топырақтар үшін ғана емес бұрынғы Одақтың басқа да топырақ зоналары үшін ең перспективті әдіс болып В.В. Докучаевтың әдісі саналады.

4.Жалпы одақтық жер бағалау әдісі. Бұрынғы одақтық бонитеттеудің негізгі айқындамаларын академик С.С. Соболевтің басқаруымен жазылған. Оның аңықтамасы бойынша топырақ бонитеттеу дегеніміз-топырақтың өніміділігі бойынша ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне ең маңызды және көп жылық орта өнімділікпен тығыз байланысты объективті белгілері (қасиеттері) бойынша жасалған топырақтың арнайы топтастырылуы болып табылады.

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде топырақтың бірыңғай топтары бірыңғай бонитет көрсеткіштердін алуға тиісті. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін топырақтың сапасын айыру шкаласы жасалынады. Шкаланың екі түрі болады: алшақ салынған шкала және бекітулі шкала. Алшақ салынған шкаланы жасағанда топырақтың бір түріне ең кең тараған көлемі бойынша не болмаса орта сапасы бойынша 100 балл беріледі, ал қалған түрлеріне олардың құнарлылығына байланысты 100-ден жоғары не төмен балл алынады. Бекітулі шкаланы жасағанда сапасы бойынша ең жақсы топырақ түріне 100 балл беріледі, ал ең төменгі сапалы топырақ түріне минималдық балл беріледі. Бекітулі шкала пайдалануға қолайлы.

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде екі бағалау шкаласын жасаған дұрыс: бірінші шкала (негізгі шкала) – топырақтың қасиеттері бойынша жасалады; екінші шкала – ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығы не болмаса жайылым шабындық алқаптардың өнімділігі бойынша жасалады.Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның және саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және кальцийдің) қоры (запасы); топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы және тағы басқалары.

Диагностикалық белгілерді таңдау әрбір жер бағалау аудандары бойынша жүргізіледі.

Топырақтың сапасын айыру жер бағалау аудандарының шекарасында мынадай жүйемен жүргізіледі:

1.топырақты сипаттайтын жеке белгілерінің және қасиеттерінің көрсеткіштерінің орташа мәнін анықтау;

2.әрбір топырақ түрінің негізгі ауылшаруашылық дақылдарының көпжылғы шығымдылығының орташа мәнін анықтау;

3.негізгі диагностикалық белгілерді таңдап алу;

4.табиғи қасиеттері және негізгі ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығы бойынша топырақ сапасын айыру шкалаларын жасау.

Топырақ сапасын айыру негізіне мына принциптерді жатқызған жөн:

1) Бонитеттеу шкаласының дұрыстығы және анықтылығы;

2) Табиғи-ауылшаруашылық провинцияның (топырақ зонасының, зонаның бөлігіндегі) шекарасындағы нәтижелердің салыстырмалылығы;

3) Топырақты бонитеттеу нақтылығы;

4). Әдістің (методиканың) ғылымилығы.

Топырақтың сапасын айыратын алғашқы мәліметтердің сенімділігін және қорытынды нәтижелердің анықтылығын тексеруді қамтамасыз ететін негізгі әдіс математикалық-статистикалық әдіс болып саналады.

Бонититеттеу жұмыстарын жүргізу негізінен 3 (үш) кезеңге бөлінеді:

1) дайындық-камералдық жұмыстар;

2.дала жұмыстары;

3.камералды – талдау жұмыстары.

Бірінші кезең жұмыстарының мақсаты:1.камералдық жолмен алдын-ала облыстың не болмаса белгілі бір өлке бойынша топырақтың бонитеттеу шкаласын құру.2.облыстың не болмаса белгілі өлкенің әкімшілік аудандарының жерлері бойынша бонитет картографиясын жасау табылады.

Бонитеттеу шкаласын құру үшін қажетті мәліметтер төмендегідей:

1.топырақ зерттеу мәліметтері (1:10 000-1:25000 масштаб);

2.климаттық (ауа-райының) мәліметтері;

3.жер кадастрының мәліметтері;

4.жер есебінің жылдық мәліметтері (соңғы 5 (бес) жыл.

Бонитеттеу жұмыстарының екінші кезеңіне мына жұмыстар жатады:

1) алғашқы бонитировкалық шкаланы тәжірибе (сынақ) жүзінде анықтау және дәлділігін тексеру;

2) жетіспейтін мәліметтерді жинақтау және сирек кездесетін топырақтардың бонитировкасын жасау;

Бонитетте жұмыстарының үшінші кезеңіне мына жұмыстар жатады:

1) ақырғы (қорытынды) бонитировкалық шкаланы жасау;

2) топырақ түрлерінің ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты негізгі динамикалық белгілерін ақырғы рет анықтау;

3) анықталған топырақ бонитировкасын ерекше құрғақшылық не болмаса ерекше ылғалды жылдарда тұрақтылығын анықтау үшін типтік шаруашылықтарда қайталап бақылау жүргізу.

Қазақстандағы топырақ бонитетеуді жүргізу әдістемесі.Топырақты бонитеттеу әдісін (методикасын) зерттеп дайындау үшін, ең алдымен, топырақтың бағалаудың затын, яғни бағаланатын таксономоногиялық бірлігін, содан кейін топырақтың балл бонитетін есептеу үшін негізгі алынатын бағалау көрсеткіштерінің белгілерін таңдап алу және осы таңдап алынған топырақ белгілері бойынша бонитеттеу шкаласын құру жолын анықтап алу керек.Топырақты бонитеттеу заты болып- топырақ жамылғысы алынады. Қазақстан Республикасында топырақты бонитеттеу заты, яғни қарапайым тоқсандық бірлік ретінде топырақтың әрбір түрі алынады.Топырақты бонитеттеудің белгілері ретінде ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына неғұрлым ықпалы тигізетін табиғи диагностикалық белгілер алынуы тиіс. Республикамызда топырақты бағалайтын негізгі белгі болып топырақ өнімділігімен тығыз корреляциялық байланысы бар қарашіріктің 0-50 см қабатындағы мөлшері (процентпен көрсетілген) алынады.Біздің Республикамызда топырақтың сапасын бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштері алынады:

а) топырақтың 0-50 см.қабатындағы қарашірік (пайызден) мөлшері;

ә) топырақтың тұздылығы (засоленность);

б) топырақтың сортаңдылығы (солонцеватость);

в) топырақтағы ұсақ тастардың мөлшері (защебенность);

г) топырақтың тастақтылығы (кесектілігі) (каменность);

д) топырақтың гидроморфтық дәрежесі (шабындық, шабынды-батпақты, батпақты жерлерге).

Әр топырақ түрінің негізгі балл бонитеті олардың 0-50 см. топырақ қабатының қарашірін пайыздық мөлшері бойынша есептелінеді, ал басқа қасиеттері үшін түзету коэффициенттері енгізіледі. Топырақ қабаттары көрсеткіштерінің қосындысын тауып әрбір топырақ түрінің тармақтары бойынша әкімшілік ауданның шекарасында орташа көрсеткіш анықталады.Содан кейін топырақ сапасының баллы есептеледі. Эталон ретінде топырақтың 0-50 см топырақ қабатының қарашіріннің 7 %-ке тең мөлшері алынады. Сапасы бағаланатын топырақ түрлерінің 0-50 см. топырақ қабатының қарашірін мөлшерін эталон ретінде алынған топырақтың көрсеткішіне бөлу арқылы олардың қарашірін бойынша сапалық (бонитет) баллы есептеледі. Егерде топырақтың жағымсыз (тиімсіз) қасиеттері болмаса, есептелген сапалық балл көрсеткіші негізгі көрсеткіш болып қалдырылады, ал жағымсыз (тиімсіз) қасиеттері болса, онда бұл көрсеткіш тиісті түзету коэффициенттеріне көбейту арқылы есептеледі.

Әр топырақ кескініне бөлек карточка дайындалады оған келесі мәліметтерді жазады:

1.Топырақтың типі, типшесі және алып жатқан ауданы;

2.Топырақтың гранулометриялық құрамы; 0,05-0,01мм аралықтағы бөлшектер мөлшері, 0,01мм < бөлшектер, 0,001мм > бөлшектер, тасты болуы (м3/га, немесе аз, орташа, мол);

3.Аналық жыныс және астындағы аналық жыныс, (генезисі, балшықты шайылымдардың болуы, қиыршықтануы);

4.А және А+В1 қабаттарының және жыртылатын қабаттың қалыңдығы;

5.Қарашірінді мөлшері (%) және оның қоры (т/га);

6.Мәденилендіру дәрежесі (тың жерлер, мәдениленген, жақсы мәдениленген, орташа мәдениленген, нашар, жасанды, өзгертілген);

7.Эрозияға шалдығу дәрежесі (орташа, сәл, қатты, өте қатты);

8.Кебірлену дәрежесі немесе тұздану дәрежесі (кебірленген қабаттың қалыңдығы, зиянды тұздардың орналасу тереңділігі мен концентрациясы);

9.Глейлену дәрежесі, глейлі қабаттың орналасу тереңділігі, шымтезек қалыңдығы, оның шіру дәрежесі

10.Грунт суларының орналасу тереңдігі, оның минерализациялану дәрежесі;

11.НСl – дан қайнау тереңдігі мен сілтісіздену дәрежесі;

12.Су ертіндісінің рН көрсеткіші;

13.Гидролитикалық қышқылдығы;

14.РК мөлшері; Сіңірілген натрий мөлшері.

15.Физикалық қасиеттері;



16.Сіңірілген негіздер мөлшері немесе сіңіру мөлшері;

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет