2 Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,Құркелес ауылдық округі туралы жалпы мағлұмат



Дата17.11.2019
өлшемі23.48 Kb.
Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы ,Құркелес ауылдық округі туралы жалпы мағлұмат

2.2. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы ,Құркелес ауылдық округінің топырақ – климат жағдайлары

2.3. Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану

2.4. Тыңайту жүйесі жасалатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері

ІІІ Ауыспалы егіс органикалық тыңайтқыштарының орнын және мөлшерін анықтау

3.1.Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштарды бөлу және олардың мөлшерін анықтау олдары.

3.2.Жоспарланған өнімге арналған тыңайтқыштар мөлшерін есептеу

3.3.
Ғылыми мекемелер ұсыныстарының негізінде минералдық тыңайтқыштардың

Мөлшерін белгілеу

3.4. Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың жылдық жоспары

3.5. Ауыспалы егісте қоректік заттардың балансы

3.6. Ауыспаоы егісте тыңайтқышты қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау

ІV Қорытынды

V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округі аумағына ең алғаш рет 1962 ж топырақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.1974 ж зерттелген мәліметтерді толықтыру, контур шекарасын анықтау,картографиялық қосымшаларды қайта құру мақсатында,топырақты зерттеу жұмыстарына қайта өңдеу жұмысы атқарылды. 2007 ж Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округінде 585,0 га алаңда егіс жерлерінде субьектілердің төлқұжаттарын рәсімдеу үшін топырақтың сапа көрсеткішін анықтау жұмысы жүргізілді.Зерттеу мерзіміне байланысты 28.01.2019 ж 6 келісімшартқа негізделген және 2019 жылға арналған жоспар тапсырма негізінде 100 "Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру "кіші бағдарламасы бойынша 259 "Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру", "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша "Іздестіру,жер мониторингы және лабороториялық зерттеулер "филиалының сарапшы топырақтанушыларымен ҚР-сы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасының төлқұжатын топырақ мәліметтерін жаңарту мақсатында 2019 жылдың сәуір айында егіс жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары а.ш жерлерінде 1:25000 масштабта жүргізілді.Жоспарлық негіз ретінде осы масштабтағы өткен жылдардың топырақ контуры салынған 1991 ж фотопланшеттер қызмет етті.

Ауылдық округтің кадастрлық кварталы 19-296-045. 2018 ж Құркелес ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылық жер ауданы 7600 га құрады; оның ішінде тәлімі егістік жер - 3245 га,суармалы егістік жер -1403 га,көпжылдық екпелер – 563 га,оның ішінде 158 га бақтар,405 га жүзімдіктер,тыңайтылған жерлер -2772 га,табиғи жайылымдық жылдар 825 га. Нақты зерттеу жұмысының ауданы 6500 га құрайды. Топырақты зерттеудің шекаралары жер – шаруашылығының мәліметтерімен келісілген.Жалпы зерттелетін аймақта топырақты зерттеу жұмыстары барысында барлығы 28 топырақ қазбалары салынды,оның ішінде 1,2-1,5 м тереңдіктегі 154 негізгі топырақ қазбалары, ; 0,7-1,0 м терендіктегі 123 жартылай кескін қазбалары және 0,5-0,7 м тереңдіктегі 122 топырақ қазбасы алынды.22 негізгі кескіннің ішінен генетикалық горизонттардан топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу үшін ленталық бағанамен 0,5 кг салмақтағы үлгілер алынды.

Су сүзіндісімен механикалық құрамды зертханалық талдау нәтижелерін өңдеу "SALT -2003"бағдарламасы бойынша жүргізілді. Камералдық кезеңде далалық зерттеу материалдары өңделді және зертханалық зерттеу нәтижелері құрылды; 1:25000 масштабтағы аңыздары бар топырақ картасы ;картограмма,топырақ контурының ауданын есептеу жүргізілді;өндірістік санаттар бойынша аудандар есептелген және осы нақты очерк жазылған. Кіші өлшемдерді картада көрсету мүмкін емес,топырақ контурының құрамында болған кешендер, үйлесімдер және дақтылық бөлінген.Кешенді контурлар 3 компоненттен аспайтын құрамдас бөліктен тұрады. Топырақтың әрбір компонентінің салыстырмалы қатысуы мынадай градатацияларда таралу ауданынан пайызбен көрсетілген 10 % ға дейін, 10-30 30-50 % .

Далалық топырақтарды іздестіру жұмыстары эксперт топырақтанушы жүргізушісі С.Асанбаевтың тобымен жүргізілді. Камералды өңдеу және топырақ очеркісін құру сарапшы топырақтанушы Р.Елюбаевамен орындалынды. Дала және камералдық кезеңдерде бақылауды және басқаруды басқарманың басшысы Турмахамбетов және басқарма басшысының орынбасары Алсейтов жүзеге асырды.Құркелес ауылдық округінің аумағы Сарыағаш ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және солтүстік шығысында Дарбаза ауылдық округінің жерлерімен,оңтүстік батыста Жарты төбе ауылдық округінің жерлерімен және Солтүстік батысында Тегісшіл а.о жерлерімен шектеседі.Ауылдық округ әкімдігі Ақниет ауылында орналасқан,ол аудан орталығы Сарыағаш қаласынан 3 км қашықтықта,облыс орталығы Түркістан қаласынан 200 км қашықтықта,Шымкент қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. Аудан және облыс орталығына байланыс жақсы асфальтталған жолдар бойынша жүзеге асырылады.Егіншілік негізінен суармалы, сонымен қатар тәлімі .


2.1. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы ,Құркелес ауылдық округі туралы жалпы мағлұмат.

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округі аумағына ең алғаш рет 1962 ж топырақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.1974 ж зерттелген мәліметтерді толықтыру, контур шекарасын анықтау,картографиялық қосымшаларды қайта құру мақсатында,топырақты зерттеу жұмыстарына қайта өңдеу жұмысы атқарылды. 2007 ж Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округінде 585,0 га алаңда егіс жерлерінде субьектілердің төлқұжаттарын рәсімдеу үшін топырақтың сапа көрсеткішін анықтау жұмысы жүргізілді.Зерттеу мерзіміне байланысты 28.01.2019 ж 6 келісімшартқа негізделген және 2019 жылға арналған жоспар тапсырма негізінде 100 "Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру "кіші бағдарламасы бойынша 259 "Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру", "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша "Іздестіру,жер мониторингы және лабороториялық зерттеулер "филиалының сарапшы топырақтанушыларымен ҚР-сы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасының төлқұжатын топырақ мәліметтерін жаңарту мақсатында 2019 жылдың сәуір айында егіс жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары а.ш жерлерінде 1:25000 масштабта жүргізілді.Жоспарлық негіз ретінде осы масштабтағы өткен жылдардың топырақ контуры салынған 1991 ж фотопланшеттер қызмет етті.

Топырақтың аналитикалық зерттеулерін зертханада төменде көрсетілген түрлік және көлемдік көрсеткіштерде орындады:




Анализ түрлері мен әдістері

Саны (штук)

1.

Тюрин әдісі бойынша Гумус (ГОСТ 26213-91)

80

2.

Кьелдаль әдісі бойынша жалпы азот мөлшерін анықтау (ГОСТ 26107-84)

40

3.

Жалпы Фосфор (ГОСТ 26107-84)

40

4.

Мачигин әдісі бойынша жылжымалы фосфор (ГОСТ 26205-91)

38

5.

Мачигин әдісі бойынша жылжымалы калий (ГОСТ 26205-91)

34

6.

Качинский әдісі бойынша механикалық құрам анықтау (ГОСТ 12536-79)

45

7.

рН сулы ГОСТ 2ф6423-85

40


8.

Су сүзіндісі (ГОСТ ы 26423-85-26428-85)в т.ч. толық

30

9.

Көмірқышқыл

100

10.

Сіңірілген Са,Mg мөлшерін анықтау

60


11.

Жалынды фотометрдегі сіңірілген натрий

60


12.

Сіңіру қабілеті

21

2.2.Топырақ климат жағдайлары

1.1.Климат.Климат - топырақ түзуші фактор ретінде биологиялық, химиялық, физикалық және физика – химиялық қасиеттеріне сондай - ақ топырақ жамылғысының су –жылу режиміне тікелей әсер етеді. Қазақ КСР Шымкент облысының агротехникалық ресурстары анықтамалығының мәліметтері бойынша ауылдық округ аумағының ІІ – ші Агроклиматтық ауданына жатады. Құркелес ауылдық округ аумағына толық сипаттама беру үшін Құркелес ауылының орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан Қазығұрт метеостанциясының 2010 ж мәліметтері пайдаланылды.Осы деректерге сәйкес ауаның орташа жылдық темп. 14,1 градусқа тең. Жазы ыстық,ұзақ және құрғақ. Тамызда орташа темп. 26,1-26,02.Максималды темп. 35-38 градусқа тең. Қысы жұмсақ, қысқа, қар жамылғысы аз және тұрақсыз.Көктемгі суық наурыз айының соңында тоқтайды.Алғашқы күзгі аяз қараша айының соңында түседі.Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орта есеппен 189 дан 197 күнге дейін ауытқиды. Жылдық жауын – шашын мөлшері 523,4 мм. Жаз және күздің бірінші жартысы өте қуаң, жазғы жауын шашынның орташа жылдық саны 2,9-9,4 гр.тең.Осы уақытта жоғары температура басым болады.Салыстырмалы ылғалдылықтың ең аз мөлшері шілде,тамыз,қыркүйек айларында түседі.(39 %,35%,41%,).Қар жамылғысы бар күндер саны 80-90 күн.Қар жамылғысының биіктігі 2 ден 8 смге дейін ауытқиды. Ауылдық округ аумағының солт-шығыс бағытында жел соғады,желдің орташа жылдық жылдамдығы - 2,2м/ сек құрайды. Сипатталған климаттық белгілер сұр топырақ типі,және кәдімгі сұр топырақ типшелерінің айтылған аймақта таралуы мен пайда болуына негізделген.

Беткі қабатының құрылымы.Рельеф,фактор ретінде,топырақ түзілуіне жанама түрде топырақ жамылғысын қалыптастыруға қатысады және оның рөлі негізінен топыраққа климаттық жағдайлардың әсерін өзгертеді.Жазық учаскелерде,мысалы:атмосфералы жауын-шашынның жылу мен жарықтың барлық жерде таралуы бірдей болады; таулы және төбелі жерлерде бұл қатынаста үлкен алалық байқалады.Төменгі учаскілер, шұңқырлар әрқашан үлкен мөлшерде ылғалданады,беткейлерге қарағанда ; ал оңтүстік беткейлер солтүстік беткейлерге қарағанда жарық пен жылуды көп мөлшерде алады. Осылайша рельеф өз кезегінде осы аумақта өзінің микроклиматының пайда болуына ықпал етеді. Жер бетінің орналасу сипаты бойынша, Жердің абсолюттік биіктіктері бойынша , жер бедерінің қандай да бір элементтерінің арақатынасы бойынша ауылдық округ аумағын геоморфологиялық тұрғыдан екі бөлікке бөлуге болады :

1.Толқынды жазық

2.Келес және Құрық Келес өзендерінің алқабы

1.Толқынды жазық зерттелген аумақтың көп бөлігін қамтиды.Мұнда рельефтің басым нысандары солтүстіктен оңтүстікке,шығыстан батысқа бағытталған.Бұл жердің литологиялық құрылымы өте қиын.Мұнда лөс тәрізді құмбалшықтармен қатар,қызыл түсті балшықтар көп кездеседі.Сондай ақ , кәдімгі оңтүстіктің сұр топырақтары қалыптасқан. Жер бедерінің теңдестірілген учаскілерінде суармалы егістік жерлерінің үлкен массивтары шоғырланған.

2.Келес және Құрық-Келес өзендерінің алқабы ауылдық округтің аумағын оңт-бат бағытта кесіп өтеді.Бұл өзендердің алқабы жайылма және жайылма үсті террасалармен шоғырланған. Ежелгі аллювиальды шөгінділер,және олардың жоғарғы бөлігі сілемейлі сипатқа ие.Бұл өзен алқабында жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар қалыптасқан.Барлық алқапта ерте заманнан суармалы егіншілік жұмыстары жүргізіледі.

1.3. Жер үсті және жер асты сулары.Ауылдық округ аумағының жер үсті желісінде Келес ,Құрық Келес өзендері және Рамадан, Кескен ,Шишім арықтары бар. Келес өзені Қазығұрт тау етегінің батыс бөлігінен бастау алады. Келес өзенінің негізгі суландыру көздері болып тау бұлақтары және Зах каналы арқылы қосылған Шыршық өзені болып табылады.Келес өзенінің суы химиялық құрамы бойынша тұздалмаған. Құрық- Келес өзені жазық түрде ішінара құрғайтын өзен б.т. Ол жақсы тегістелген кең алқапқа ие, жағалаулары төмен және қысқа. Көп су бөлінген кезде, қамыс өсіретін шағын көлдерді құрайды. Құрық Келес өзенінің суы қатты минералданған және суаруға жарамсыз.Келес және Құрық Келес өзендерінің алқаптарында мелиоративтік жағдайды жақсарту үшін коллекторлар жүргізілді, олар жер асты суларының деңгейін реттейді. Ауылдық округ аумағындағы жер асты сулары 10 м-ден аса тереңдікте жатыр,және ол топырақ түзілу процесіне әсер етпейді;



1.4.Өсімдік жамылғысы.Ауылдық округ өсімдік жамылғысы жер бедеріне,климатына және топырақ түзуші тұқымдарға байланысты өзгеріп отырады.Сонымен қатар топырақпен де тығыз байланысты. Толқынды жазықта,кәдімгі оңтүстіктің сұр топырағы қалыптасқан,және ол жерде табиғат жамылғысы эфемерер және эфимероидтармен көрсетілген,дамудың көктемдік циклі мінезделген,ол көктемде басталып ,жаздың басында аяқталады. Вегетацияның басталуы күзде, жылы ауа райы кезінде және жауын-шашын түскен кезде басталады. Қыста олар үсіп қалады,көктемде қайта тіріледі. Ең басым болып тұратын пиязды жалбыз және шөл шоғыры б.т . Ірі эфемероидтарға пиязды өсімдіктер -пияз, қызғалдақ, эремерус, ирис ферулалар жатады. Еріген жіне нөсерлі сулардың беттік ылғалдануын алатын рельефтің төмендеулерінде өсімдіктердің құрамы дерлік өзгермейді,бірақ ол жақсы дамыған және ылғал сүйгіш түрлерге бай. Мұнда шашақты және арпа пиязының басымдылығы байқалады. Келес және Құрық Келес өзендерінің алқабында су деңгейі төмен, шалғындық әртүрлі шөптер өседі. Терең тамыр жүйесі бар көптеген ылғал сүйгіш өсімдіктер кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет