2005 жылдың ІІІ тоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылық департаментінің жұмысы туралы мәлімет



жүктеу 27.27 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі27.27 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
2005 жылдың ІІІ тоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылық департаментінің жұмысы туралы мәлімет

2005 жылдың үшінші тоқсанында ауыл шаруашылық департаментінің жұмысы Қазақстан Президентінің 31 қаңтардағы агроөнеркәсіп кешенінің қызмткерлерімен кездесудегі міндеттерді жүзеге асыруға және де Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ереже белгілейтін актілерін орындауға, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және агроөнеркәсіп бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық әкімдіктің және мәслихатың, облыс әкімінің қаулыларын және шешімдерін орындауға бағытталған.

Агроөнеркәсіп бағдарламасының тапсырмаларын орындауының І жарты жылдық қорытындысы бойынша шілде айында облыстық кеңес өткізілді, қорытынды жылғы бағдарламамен анықталған мақсаттарды табысты орындау үшін қосымша шаралар анықталған.

Үшінші тоқсан ішінде департаментпен Ауыл шаруашылық министрлігінде келісілген 2006-2008 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары және 2006 - 2010 жылдарға арналған облыстық агроөнеркәсіп кешенінің турақты дамыту бағдарламасы әзірленді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігіне облыстық тамақ және қайта өндеу өнеркәсібінің салалық кластерлерінің сызбасы дайындалып жіберілді.

Озат технологияларды ендірме және агроөнеркәсіп кешенінің өнім сапасын жоғарылату мақсатында департамент Ұлан ауданы «Багратион» ЖШС-ының негізіндегі «Бюллер» және «Лорис» неміс фирмаларымен бірлесе отырып жаңа ауыл шаруашылық техника көрмесін ұйымдастырып, озат техниканы және жаңа перспективтық тұқымдар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын насихаттау бойынша облыстық кеңесін және де облыстың 30-дан астам тамақ және қайта өндеу өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «Лучшие товары Казахстана» атты облыстық сапа-жарысын өткізді.

Ауыл шаруашылық департаменті ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарын кредиттеу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде оларды жүзеге асырды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 110 млн. теңге сомасындағы кредиттық ресурстарының 105 млн. теңге қаржыландырылып, 83 млн. теңге игерілді. Бұрын жасалған кредиттық шарттар бойынша бюджетке 110,4 млн. теңге сомасына негізгі қарыз қайтарылды.

Бекітілген тәртіпке сәйкес «Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының банкроттық процедураларын жүргізу» бағдарламасын жүзеге асыру департаментпен үшінші тоқсанда экономикалық сотта 32 ауыл шаруашылық кәсіпорындар банкрот болып танылған туралы талап өтініштер қаралды. 30 ауыл шаруашылық кәсіпорындар конкурстық өндіріске алынып олардың конкурстық басқарушылары тағайындалып, хабарландырулар жарияланып, кредиторлар комитетінің құрамы және талап реестрлері бекітілді.

Негізгі азық-түлік тауарларына нарық бағаларының кенет жоғарылауына тыйым салу мақсатында облыс аудандарымен бірлесіп Өскемен қаласында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып жіберу бойынша 13 жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен бірге Өскемен және Семей қалаларындағы базарларына облыс аудандарынан етті жеткізіп беруіне апта сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.

Үшінші тоқсанда облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген бағамен дизел отынымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Бөлінген 23 мың тонна көлемінде жеңілдетілген бағамен дизел отыны бүгінгі күні толық төленіп, жабдықтаушы зауыттардан облысқа 22,5 мын. тонна жіберілді.

Бұдан басқа машина-тракторлық паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Үшінші тоқсан ішінде облыс шаруашылықтарына 266 млн. теңге сомасына 90 техникасы сатып алынған. Ауыл шаруашылық техниканы сатып алу үшін 2006 жылға тапсырыс жұмыстары жалғасуда. Диқаншылар 278 жаңа техникаға тапсырыс берді



Егін ору мерзімі мен бидай бастыру аяқталғанымен бірге мемлекеттік қорға астықты мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталды. Сатып алуға жататын 15 мың тонна дәннің 9,3 мың тоннасы сатып алынды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет