2006 жылдың 9 айындағы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу



жүктеу 308.33 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі308.33 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
2006 жылдың 9 айындағы ЕСЕП

Облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу

2006 жылдың І жарты жылдығындағы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2006 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын, мемлекеттік тілді ендіру, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу, мұрағат құжаттары мен басылымдарын жариялау бойынша іс шаралар жоспарын; Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпараттар және спорт министрлігінің Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды орындауға бағытталды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының жұмысындағы жетекші рольді ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру және жақсарту, басқарма ішінде және әкімдікпен электрондық құжат айналымын жасау, басқарманың және облыс мемлекеттік мұрағатының электрондық қызмет тізбесін қалыптастыру бойынша іс шаралар алды.

2006 жылдың жоспарында қарастырылған Тілдердің қызметі және дамуы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс шаралар өткізіліп, мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізудің жоспар-кестесі орындалуда, мемлекеттік тілге үрету сабақтарын өткізу және құжаттарды мемлекеттік тілге аудару жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі «2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру аясында облыс мұрағат ісінің осы уақыттағы жағдайы туралы сұрақты және 2006 жылға арналған міндеттері туралы қарастырып, 04.04.2006 жылғы №580 «2001-2005 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру қорытындысы бойынша облыстағы мұрағат ісінің жағдайы және 2006 жылға міндеттер туралы» қаулы қабылдады. Мұрағат ісін дамыту бойынша салалық бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтары Көкпекті және Үржар аудандарының әкімдіктерінің мәжілістерінде қарастырылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік комиссиясына Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының арнайы ғимараты құрылысына техниалық-экономикалық негіз әзірленімі бойынша инвестициялық ұсыныс тапсырылды. ШҚО мемлекеттік мұрағатын жер бөлу бойынша құжаттар ресімделуде. Қыркүйек айында облыс әкімі аппаратының басшысына әкімдіктің 04.04.2006 жылғы №580 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат жіберілді.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппараты және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет аясында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішкі саясат саласындағы іс-әрекеті жоспары, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу бойынша іс шаралар жоспары жасалды, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында «электрондық басқару» құру бағдарламасы жасалды, мұрағаттар басқармасындағы электрондық құжат айналымы жүйесін ендіру бойынша іс шаралар атқарылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеу бойынша іс шаралар жоспарына ұсыныс жасады. Басқарма бастығы мен ұйымдастыру-әдістемелік және қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы Орта Азия аймағы, Ресей, Эстония, Армения елдерінен 150 қатысушы шақырылған ШҚО әкімдігі, ішкі саясат департаменті және т.б. ұйымдармен бірлесе өткізілген “Электрондық басқару: аймақтық шешімдер” халықаралық конференциясына қатысты. Басқарманың басшылары мен қызметкерлері 2006 жылдың 1 жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша облыстық актив мәжілісіне, “Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілге кезең бойынша көшуі сұрақтары” облыстық семинар-кеңесіне, “Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарындағы халықаралық стандарттарды енгізу сапасы мен болашығының өзекті проблемалары” аймақтық ғылыми-практикалық конференециясына, ШҚО Әкімі аппаратының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде 2006 жылдың 1 маусымында берілген мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар қорытындылары” кеңейтілген мәжіліске, ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік басқармасы ұйымдастырған жергілікті басқару органдарының кадрлық саясаты сұрақтары бойынша “Тәжірибе, проблемалар және перспективалар” семинарына қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарларын жаңалау үшін 1 жартыжылдық жұмысы туралы есеп, мұрағат саласының жағдайы, кадрлық қорды қалыптастыру және кадрлармен жұмысты жақсарту туралы, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтар сұраныстарын орындау бойынша тоқсан сайынғы мәліметтер ұсынылды, оның ішінде Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтар сұраныстары орындау бойынша мәліметтер апта сайын ұсынылып отырылды. Облыс мемлекеттік мұрағатының жеке бас текті қорларының құжаттары бойынша “Тарихи тұлғалар” айдары ашылды және үнемі толықтырылып отырады. Басқарма облыстық әкімдік өткізген облыстық департаменттер мен басқармалар арасындағы ШҚО Әкімінің сайтындағы ең жақсы web-парақ конкурсына қатысты, оның қорытындысы 2006 жылдың қазан айында шығады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы Әкімі В.В. Храпуновтың облыстың «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын Негізгі бағыттар мен идеологиялық жұмыстың міндеттері» идеологиялық активіндегі сөзіне бейне түсірілім жасалды. Курчатов қаласында өткізілген ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры және «Росатом» (Ресей) ұйымдастырған «Семей ядролық полигоны, радиациялық мұра, радиация зардабының таралмауы және зардап шеккен халықты сауықтыру проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысып, бұл оқиғаны бейнетаспаға жазып алды.

Семей қаласының ғылыми қауымы және жергілікті теле арналары қатысқан 1932-1933 жылдардағы аштық және оның Шығыс Қазақстанның жергілікті тұрғындары үшін зардабы жайлы «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді. Басқарма бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО-ның басшылары және қызметкерлері ҚР Мұрағаттар мен ақпараттар комитетінің және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастамасымен өткізілген “А.С. Пушкин және ХХІ ғасырдың рухани келбеті” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты және онда “Абай және Пушкин – екі халықтың ұлттық байлығы”, “Пушкин мен Абай”, “Халықтың жүрегінде” баяндамаларын оқыды.

Облыс мұрағат мекемелерінің басшылары қатысқан облыстық мәжіліс болып өтті, онда төмендегі сұрақтар қаралды: «2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» орындау қорытындысы туралы, 2005 жылға арналған облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы және 2006 жылға міндеттері туралы, 2001-2005 жылдарға арналған ШҚО мемлекеттік мұрағаттарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болашақ жоспарды орындау қорытындысы туралы, басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы, 1998-2005 жылдарға арналған Республикалық жарияланымдар жоспарын орындау қорытындысы және 2006-2008 жылдарға арналған міндеттер туралы, 2006 жылы «Архивный фонд» бағдарламалық кешені мәліметтер базасын енгізу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына тексеру жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүргізілді.

Қазақстан Республикасының ақпараттар және мұрағаттар комиетіне 2007-2009 жылға Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныстар, Қазақстан Республикасы Конституциясының өмірде іске асуын бейнелейтін ШҚО мемлекеттік мұрағаттары мен облыс ЖТҚО-да анықталған және Комитет ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихы» көрмесі үшін құжаттар тізбесі, «Алаш-Орда партиясы» тақырыбы бойынша ШҚО ЖТҚО-да анықталған құжаттар тізбесі, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттарының жариялау әрекеті жағдайы туралы сауалнама, Шығыс Қазақстан аумағындағы Жапон армиясының өлген әскерлері мен жерленген әскери тұтқындарына құжаттар көшірмелер, шет елдер мұрағаттарынан өлке тарихы бойынша құжатарды анықтау бойынша облыс мемлекеттік мұрағаттарының жұмыстары туралы ақпарат және «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес анықталған және көшірмелері жасалған құжаттар тізбелері, 2004 жыл 2006 жылдың 1 жартыжылдығында Ресей Федерациясы мұрағаттарынан анықталған құжаттар көшірмелері жіберілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты және Ұлттық археография және дерек көздері орталығының кітапханасын қалыптастыру үшін Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты және Жаңа тарихты құжаттау орталығы басып шығарған кітаптар жіберілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатына Қазақстан комсомолының тарихы бойынша өмірбаяндық анықтама әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылары туралы ақпарат ұсынылады.

Өскемен қаласының Әкімі аппаратына ХІХ-ХХІ ғасырлардағы қаланың алдыңғы қатарлы зиялылары туралы мәлімет жіберілді.

2006 жылдың 9 айында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ШҚО ЖТҚО СТӘК-ның 20 мәжілісі болып өтті. 13060 с.б. басқарма құжаттамаларының, 4081 с.б. жеке құрам бойынша, 26 ес.б. (2 с.б.) бейнеқұжаттардың, 6 есеп бірлігі (1 с.б.) үнқұжаттар, 26 есеп бірлігі киноқұжаттар, 150 с.б. (50 негатив) фотоқұжаттар, 195 с.б. ҒТҚ, 336 с.б. жеке бас текті құжатардың, 627 с.б. ерекше бағалы құжаттардың тізімдемелері бекітілді; басқарма құжаттамаларының 5635 с.б. және жеке құрам бойынша 6637 істің қайта өңдеу қорытындысы, 4252 с.б. басқарма құжаттамаларының, жеке құрам бойынша 10 с.б. жетілдіру қортындысы бекітілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» ШҚ облыстық филиалының, «Талдау және болжау орталығы» ҚМКК, ШҚО ішкі саясат департаментінің, ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, «Геофизикалық зерттеулер институты» МКД, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Семейцемент» АҚ, Семей қаласының АХАЖ бөлімінің, Тау-кен өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының Шығыс Қазақстандық ұйымының, «Ульба» Өскемен қалалық аумақтық медико-санитарлық орталығының, Курчатов қалалық сотының, Дене тәрбиесі мен спорт бөлімінің, Семей табиғатты қорғау прокуратурасының, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығының, Соттар әкімшісінің Күршім аудандық сотының, Семей горинизонының әскери соты, “Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының Халықтардың кіші ассамблеясының Достық үйі” КМҚК және т.б. 25 істер номенклатурасы қаралып, мақұлданды.

ШҚОММ Зырян филиалындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқару бойынша нұсқау, жасақтау көздерінің қосымша тізімі, «Ел тағдыры оның тағдырына ықпал етті», «Өмір жолы», «Өмір жолы», «Кәсіподақтың 1 губерниялық конференециясының 85 жылдығына», «ҰОС қатысушы, батальон командирі» Бокажанов Кыдырпатшаның туғанына 85 жыл толуына» «Абай Құнанбаевтың 160 жылдығына және Е.П. Михаэлистің 165 жылдығына «Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер», «Үш ғасыр уақыты арқылы» көрмелерінің тақырыптық-экспозициондық жоспары, “Михаэлис Евгений Петрович” кітапшасының макеті, “Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалына 40 жыл” буклетінің макеті сияқты әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды. Облыс ЖТҚО СТҒӘК мәжілістерінде СК төрағасының есебі мен Семей радиотехника колледжінің, «Семей қаласының қаржы бөлімі», ОВ-156/14 мекемесінің ведомствалық мұрағаттарына жауапты қызметкерлердің есептері тыңдалды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының дирекция мәжілістерінде 2005 жылғы жұмыс қорытындысы, 2006 жылға арналған міндеттер, болашақ жоспарды орындау қорытындылары, 2001-2005 жылдардағы облыстағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасы және 2007-2009 жылдарға арналған мұрағат ісі және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныс жөнінде, жасақтау көздері тізімдерімен жұмыс барысы, «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін ендіру және мұрағат технологиясында электрондық мәліметтер базасын пайдалану, ШҚОММ құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі бөлімінің жұмысы, 2006-2008 жылдарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігінің облыс бойынша мекемелер жүйесінің құжаттарды сақтау және іс жүргізу жағдайына тексеру барысы туралы сұрақтар қарастырылды.

ҚР үшін тарихи құндылығы бар шет елдердің мұрағат және ғылыми мекемелерінен ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты Ресей Федерациясының Тюмень облыстық мемлекеттік мұрағатының Тобольск филиалына іс сапар жасады. Облыс ЖТҚО ҚР ОММ және Алтай өлкесінің Мұрағат қорының сақтау орталығына (Барнаул қаласы) «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» - Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылыс, ХІV-ХХ ғасырлар жинағының 1 бөліміне құжаттар анықтау мақсатында іссапарлармен барып қайтты.

Облыс мұрағаттар басқармасы бастығы, бастықтың орынбасарлары, облыс мемлекеттік мұрағаттарының директорлары, басқарма қызметкерлері мен облыс мұрағатшылары Алматы, Семей, Тобольск, Шемонаиха, Риддер, Зыряновск, Зайсан қалаларына, Молодежное, Қарауыл, Күршім ауылдарына, Бесқарағай ауданына іссапар жасады.



1.Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.

2006 жылдың басында 2001-2005 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ жоспарын орындаудың қорытындысы шығарылды және осы іспеттес 2006-2008 жылдарға арналған жоспар жасалды. ЕӨД бойынша бұйрықтар жаңартылып, объектілерде азаматтық қорғаныс бойынша құрылымдар жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағатының Крылов көшесіндегі ғимараттың шатыры ауыстырылды, бас корпуста жылу жүйесі жөнделіп, ішінара ауыстырылды, мұрағат қоймаларынан электражыратқыштары шығарылды, электр жарықтары мен лампаларына қорғаныш шынылар орнатылды; облыс мемлекеттік мұрағатының барлық ғимараттарында электр проводкаларының оқшаулағышқабығының өртке қарсылығына өлшеу жүргізілді; Потанин көшесі, 12 ғимаратта су жүйесіне жөндеу жүргізілуде, задвижкалар ауыстырылып, басқару түйіні жөнделді, насос-жоғарылатқыштар орнатылуда, баспалдақ алаңшаларында өзі жабылатын есіктер орнатылуда. Головков көшесі, 26/1 ғимаратында газбен өрт сөндіру станциясындағы желдету жүйесін құрау бойынша жұмыстар аяқталды. Облыс мемлекеттік мұрағатының барлық ғимараттарында бірінші қабаттарда тұйық металл торлар алынуда. Лениногор филиалында Фрунзе көшесі, 44 ғимаратта екінші қабатта кезекті жөндеу аяқталып, бірінші қабатта мұрағат қоймасына жөндеу жүргізу басталды. Зырян филиалында Горький көшесі, 48 ғимаратының үшінші қабатындағы жайларды кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, фасад пен шатырды іргелі жөндеу бойынша жұмыстар жалғасын табуда; Зайсан филиалында мұрағат ғимараты мен подвал жайының кезекті жөндеуі аяқталды. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында мұрағат ғимараттарын қысқы жағдайға дайындау жүргізілді: запорлық арматураның техникалық жағдайына бақылау жасалды, жылу жүйесіне тазалау және жуу жүргізілді, құбыр желісінің жылу оқшаулағышы қамтамасыз етіліп, магистральды және квартал ішілік жылу жүйесінің тығыздығы мен маханикалық беріктігіне гидравликалық сынақ жасалды және олар жуылды.

Облыс ЖТҚО-да кейбір кабинеттер мен ғимараттың артқы фасадына, шатырға ішнара жөндеу жүргізілді. Қызметтік бөлмелерде жылумен қамті құбырларының ақаулы бөліктері ішінара ауыстырылды. Ұлан аудандық мемлекеттік мұрағатында жөндеу жұмыстарды аяқталды (1 млн. 885 мың теңге игерілді), Шемонаиха аудандық мұрағаты оқу залының жөндеуін аяқтады, қызметтік бөлмелер терезелеріне пластикалық рамалар орнатылды (1 млн. 197 мың теңге игерілді). Катон-Қарағай аудандық мұрағаты 1 млн. 300 мың теңгенің сомасындағы кезекті жұмыстарды атқарды, оқу залы жөнделіп, қосалқы шығар есіктің ағаш есіктері металл есіктерге ауыстырылды, Бородулиха аудандық мемлекеттік мұрағатында есіктер мен терезелер жылыланды (120 мың теңге игерілді). Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай аудандық мұрағаттарында кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді; Үржар аудандық мұрағатының ғимаратында толығымен кезекті жөндеу жүргізілді; мұрағат ғимаратының жылыту жүйесі толығымен алмастырылды, негізгі ғимараттың қазандығынан бөлінген жеке қазандық жабдықталды, санитарлық түйін мекн канализация құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, цоколь жаңартылды және кіребері жабық етіп жабдықталды, өрт дабылдатқышының пульті күзетшілер бөлмесіне шығарылды. 2006 жылдың 9 айында барлығы облыс мемлекеттік мұрағаттары келесі сомадағы қаржыны игерді: облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның Зырян филиалының іргелі жөндеу жұмыстарына 3 млн. 982 мың теңге, ал кезекті жөндеу жұмыстарына 15 млн. 378 мың теңге жұмсалды.

Мұрағаттардың су, жылу және электр жүйелерінің жұмыстарына үнемі қадағалау жасалып отырылды. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларындағы температуралық-ылғалдық режимді ұстап тұру бойынша мұрағат қоймаларын желдету және дымқылдап сүртіп алу жолдары арқылы іс шаралар, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауда акклиматизация, яғни бейімдеу жұмыстары, дезинфекция, дезинсекция (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді. 133992 с.б. шаңнан тазартылды.

9 ай ішінде облыс мұрағат мекемелері қағаз негізіндегі құжаттардың 27221 бетін қалпына келтірді, 7307 с.б. тігілді, 4089 іс тізімдемелерімен және 21 газет тігіндісі тігілді, істер мен құжаттамалардың 12777 мұқабасы хатталды.

22214 с.б. картондалды, қолдан 1700 қорап әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 12081 с.б. қайта картондады; 816 ескірген көрсеткілер ауыстырылып, 3177 қорап қайта шифрленді, 6440 бума құрастырылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты өшуге айналған мәтіндердің 1239 бетін қалпына келтірді.

Көгеріп кеткен 158346 с.б. және 248 бет дезинфекцияланды (Зайсан филиалы).

Облыс мемлекеттік мұрағатында ЕБҚ анықтау мақсатында «Өскемен педагогикалық училищесі», «Саулет» өндірістік-акционерлік концерні», «Ет өнеркәсібінің ШҚ өндірістік бірлестігі», ҚР АШМ мемлекеттік тұқым инспекциясы, ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО Жамбыл атындағы драмтеарт және т.б. қорлардан 6960 с.б. қаралды (5211 іс бет бойынша және 1749 іс атау бойынша). 705 ерекше бағалы құжат анықталды және тізімдемеленді. Жарма филиалы 562 ЕБҚ анықтады және тізімдемеледі. Лениногор филиалы қаржы бөлімінің 119 ісін қарап, ЕБҚ 13 с.б. анықтады және тізімдемеледі.

Лениногор филиалы тарихи-мәдени мұраны анықтау мақсатында Ленинонор қалалық кеңесінің 472 с.б. қарап шықты.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ЕБҚ-дың сақтандыру қорларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастырды, ШҚ облыстық статистикалық басқармасының және жоспарлау комиссиясының 20 с.б. – 1302 бет – 3200 Мб – 21 лазерлі табаққа көшірілді.

Жоспарлы тәртіпте құжаттар мен істерді түгендеу және физикалық жағдайын тексеру жүргізілді – 124365 с.б. тексерілді. 2005 жылы пайдалануда болған 33739 с.б. және 5292 істің ішінара санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, есеп және құжаттардың физикалық жағдайы туралы карточка толтырылды. 151 қорға есептік құжаттарды тексеру жүргізілді.

Сұраныстарды орындау үшін, оқу залында жұмыс істеу үшін, тізімдемені қайта өңдеу үшін, ҒАА жетілдіру үшін, ЕБҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан 266260 с.б., 29497 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 258 іс берді. Облыс мемлекеттік мұрағаттарында оңтайлы орналастыру мақсатында мұрағат қоймаларында 37061 с.б. орындары ауыстырылды.

Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттарды анықтау, сұраныстарды орындау барысында 8110 беттің көшірмесі жасалып, Белослюдовтың жеке бас текті қорынан ескі Семей қаласының көрінісі – 544 фото, 62 бет көрмелер мен мүдделі адамдар үшін сканерленді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебі.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2005 жылы болған қорлар құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер (оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттары бар қорлар), 01.01.2006 жыл жағдайындағы облыс мұрағат қорының паспортын жасады. Облыс мемлекеттік мұрағаттарында 153 жаңа қор беті, 135 парақ-жалғасы, 10 форманың 135 карточкасы жасалды, түскен құжаттарды есепке алу кітабына 101 қор, тізімдемелер тізіліміне 87 жаңа тізімдеме, топографиялық көрсеткіге 210 карточка жасалды.

Көптеген мұрағат мекемелері «Архивный фонд» бағдарламалық кешеніне мәліметтер базасын енгзу бойынша жұмыстарды аяқтады. 2006 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша «Архивный фонд» мәліметтер базасына енгізілген ақпараттар көлемі 58,5 мб құрады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомствалық мұрағаттарға және мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.

2006 жылдың 9 айында облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының 9754 с.б., ҒТҚ 321 с.б., 5 с.б. бейне және 7 с.б. үнқұжаттар, 100 фото, 67 с.б. жеке бас текті құжаттар, жеке құрам бойынша 18927 істі мемлекеттік сақтауға қабылдады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттар сайлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының, ШҚО Көкпекті ауданы Әкімінің экспериментальді сайлауы бойынша, шығып кеткендер орнына қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау комиссияларының құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүргізді, құжаттар ғылыми-техникалық өңдеуге және мемлекеттік сақтауға қабылдау үшін іріктелді.

ШҚ қоғамдық бірлестіктер одағымен, ШҚ облыстық мәдениет, денсаулық сақтау, құрылыс, орман шаруашылығы салалары, Курчатов қаласының телекоммуникация түйіні қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы 21 келісім шарт жасалды.

Облыс мұрағатшылары істер номенклатурасын, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқау, фирмалық бланк, құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жасау бойынша төмендегідей 394 ұйымның құжаттама басқару қызметтері мен ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (олардың 81 ұйымға бару арқылы): ШҚО қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиетет, ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқармасы, ШҚ облыстық соты, Семей және Курчатов қалалық соттары, Өскемен қаласының қала құрылысы бөлімі, ғылыми-техникалық кітапхана, Семей заң институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, политехникалық колледж, «Томирис» ЖШС және т.б.

Есепті кезеңде келесі ұйымдар үшін 34 істер номенклатурасы жасалды: ШҚО бойынша мемлекеттік бақылау және төтенше жағдайлар саласындағы қадағалау басқармасы, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы, «Талдау және болжау орталығы» ҚКМК, ШҚО ішкі саясат департаменті, Курчатов қалалық соты, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығы» ММ, балалар үйлері және мектептер, Семей қаласының құрылыс бөлімі мен табиғатты қорғау прокуратурасына, Бесқарағай аудандық ТКШ, автомобиль жолдары мен жолаушы көлігі, Күршім аудандық соты және т.б.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 303 істер номенклатурасы келісілді, олардың 36 – құпия іс жүргізу бойынша, 3 – «ДСП» (қызметте пайдалану үшін) белгісімен, 66 - мемлекеттік және орыс тілдерінде, 1 «Қазақстанның халық Банкі» АҚ-ның аудандық филиалдарының тұрпатты номенклатурасы. Келесі 26 ұйымда Сараптау комиссиясы құрылып, олар туралы және ведомствалық мұрағаттар туралы ережелер жасалды: Шығыс Қазақстан облыстық, Өскемен, Курчатов қалалық соттары, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі. Келесі327 мекеменің ұйымдастыру-өкімдік бланкілері келісілді, ҚР ГОСТ-ы енгізілді: Өскемен қаласының кәсіпкершілік бөлімі, білім беру бөлімі, дене тәрбиесі мен спорт бөлімі, Меновное ауылдық округінің Әкімі, «Шығыс Қазақстаан облыстық сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» ҚМКК, Ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ОВ-156/15, ОВ-156/14, курчатов қалалық соты және телекоммуникация түйіні, «Кожмех» АҚ, «Томирис» ЖШС, «Ядролық технология саябағы» мекемелері және басқалар.

2006 жылдың 9 айында жылдығында облыс мемлекеттік мұрағаты облыс соттарын құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін – құжаттандыру, құжаттаманы басқару, қалыптастыру тәртібі, сот құжаттарын іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік сақтауға беру бойынша, облыс қылмыстық-атқару органдарының құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін - істер номенклатурасын жасау және жұмыс барысына енгізу, қалыптастыру тәртібі, құжаттарды ведомствалық және оперативті сақтау сұрақтары бойынша семинарлар өткізді, 70 тыңдаушыға сертификат берілді.

Облыс ЖТҚО Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау комитетінде семинар өткізді. ШҚОММ Аягөз филиалы ауданның ауыл округтері Әкімдері мен бас мамандарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелерін» және «Мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болған сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін» ендіру бойынша семинар-мәжіліс өткізді. Зырян филиалының қызметкерлері өз аймағындағы шағын жеке кәсіпорындар үшін «Іс жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді.

ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалаларының, облыстың 15 ауданының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің іс жүргізу және құжаттардың ведомствалық сақталуы жағдайына кешендік тексерулер жүргізді. Тексерулер қорытындысы бойынша анықтамалар жасалды, олар мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК және ШҚО ЖТҚО СТӘК мәжілістерінде қарастырылады.

ШҚОММ Аягөз филиалы Аягөз аудандық сотына, Аягөз ауданының салық комитетіне құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу және құжаттардың уақытша сақталуы кезеңінде сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тақырыптық тексеру жүргізді. Құжаттандыру және құжаттардың ведомствалық сақталуы жағдайына «Семей орманы» РМК, «Семей РЭС» АҚ, «Казахкабель» АПО, «Семей қаласының ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ (ШҚО ЖТҚО), Үржар білім беру бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Мақаншы аудандық емханасы, «Бахты» кедені тақырыптық тексерулер жүргізілді.

Сондай-ақ, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттардың ведомствалық сақталуы жағдайына мемлекеттік инспекция қорытындысы бойынша бақылаулы тексеру жүргізілді, қорытындысы ШҚО мұрағаттар мен құжаттама басқармасының 22.09.2006 жылы мәжілісінде қарастырылды.

Жеке қор ұстаушылармен жұмыс жоспары аясында география ғылымдарының докторы, ШҚМУ оқытушысы А.В. Егоринаның ғылыми еңбектері, авторлық рефераттары, диплом жұмысының қолжазбасы, Өскемен қаласын кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеу бойынша құжаттар, әдістемелік құралдар және т.б. құжаттырымен облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Социалистік Еңбек Ері, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бұрынғы қызметкері А.Е. Калиев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты туралы материалдар жинағын, жазушы Н. Наволокиннің «Электролизник Ауталиф Калиев» (1986 ж.) кітапшасын, өзінің сайлау алдындағы материалдарын берді. Ақын М. Тыцких өзінің «Рудный Алтай» газетіне жарияланған тақпақтарын мемлекеттік сақтауға берді. Г.А. Володина «Интурист» фирмасының резиденті, бұрынғы партия қызметкері Шығыс Қазақстан облысы тарихы бойынша басылған үш кітапқа арналған фоталарды мемлекеттік сақтауға берді. Жазушы-өлкетанушы және Риддер қаласндағы «Радио-Максат» ЖШС-нің бұрынғы редакторы Ю.С. Манаков ШҚОММ Лениногор филиалына өзінің жеке мұрағатын берді. Зырян филиалы ақын-өлкетанушы В.С. Молостовтың құжаттар жинағын жинақтауды жалғастыруда, оның «Отгремев, закончились бои ...» кітабы қабылданды, жазушы-натуралист А.Г. Лухтановтан 155 құжат, 1251 фотоқұжат, 14 кітап қабылданды. Жарма филиалы Шар қаласы мен Жарма ауданының құрметті тұрғыны К. Рахимбаевтың, ҰОС қатысушы А. Уразбековтың жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстарды бастаса, Зайсан филиалы соғыс ардагерлерімен жұмысты жалғастыруда.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты келесі материалдарға бейнетүсірілім жасады: Шығыс Қазақстан облысы Әкімі В.В. Храпуновтың “Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын Негізгі басымдылықтар мен идеологиялық жұмыстар міндеттері” идеологиялық активіндегі сөйлеген сөзі, «Нива» журналының бас редакторы В.Р. Гундаревпен кездесу, жазушы-жерлес Е.Н. Пермитиннің туғанына 110 жыл толуына арналған және Лениногор каскадының бұрынғы директоры, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген энергетигі И.В. Бердустың 100 жылдығына арналған «Ертіс жеріндегі із» кеші, Шығыс Қазақстан облысының сәулет және монументальді ескерткіштері жинағының тұсаукесері, мұрағат басшыларының облыстық мәжілісі, әуесқой суретші В. Шипиловтың «УМЗ» (Үлбі металлургия зауыты) ААҚ мұражайындағы суреттер көрмесі, Жамбыл Жабаевтың 160 жылдығына арналған кеш, Ұлы Отан соғысына қатысушы П.И. Селезневтың 95 жылдық шеруі, Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері К. Бозтаевты еске түсіруге арналған халықаралық шахмат турнирі, облыс этнографиялық мұражайы қызметкерлері дайындаған «Менің Отаным» көрмесінің тұсаукесері, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың құрылуына 110 жыл толуына арналған кеш, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне арналған Өскемен қаласындағы шеру, “Семей сынақ ядролық полигоны – радиациялық мұра, таралмау проблемалары мен зардап шекке халықты сауықтыру” (Курчатов қаласы), “Семей аймағының зардап шеккен халқын сауықтыру” бағдарламасының тұсаукесері, (Семей қаласы), белгілі жерлес ақын Михаил Чистяковтың ұлы Н.М. Чистяковпен кездесу.

Жергілікті телерадиокомпаниялармен келісімге сәйкес облыс мемлекеттік мұрағаты «Біздің Президент», “Шығыстың алтын әйелдері” (2006 жыл), “жыл технологиясы”, «Көзкөргендер», «Тұлға» фильмдері, Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі туралы репортаж сақтауға қабылданды.

ҚР Мұрағаттар мен ақпараттар комитетіне әдістемелік кеңестің қарауына ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері-құжаттардың мемлекеттік сақталуға іріктелуі бойынша әдістемелік кеңестер жіберілді.

3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану.

2006 жылдың 9 айында облыс ЖТҚО Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі К.С. Сәкиеваның, педагогикалық училищенің директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері А.Т. Бекбаевтың, Ю.П. Тюлегенованың, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері С.Г. Косановтың, әйгілі қазақ жазушысы М. Сәрсекееевтің жеке бас текті қорларынан 155 с.б. тізімдемеледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты тізімдемеледі: филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы-тюрколог, Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, С. Аманжоловтың, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі Е.К. Турлыбаевтың жеке қорларын, КСРО Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, Қазақ ССР халыққа білім беру үздігі, Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың жеке бас текті қорынан 194 с.б. тізімдемеледі. Аягөз филиалы ҰОС қатысушы О. Сабитованың жеке қорынан 21 с.б., Зырян филиалы жазушы-натуралист, өлкетанушы А.Г. Лухтановтың жеке бас текті қорының 101 с.б. тізімдемеледі. Зайсан филиалы жаңашыл-мұғалім Г. Берденованың 25 с.б.; Жарма филиалы ауданның құрметті азаматы Х. Рахимбаевтың 30 с.б. және И.Я. Кривконың 18 с.б. тізімдемеледі. Бородулиха ауданы ҰОС қатысушы Н.Ф. Никульшинаның 27 с.б. тізімдемеледі. Барлығы облыс мемлекеттік мұрағаттары жеке бас текті 556 с.б. тізімдемеледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ғылыми-техникалық құжаттамалардың 195 с.б., бейнеқұжаттардың 41 есеп бірлігін, фотоқұжаттардың 300 с.б., 6 фоноқұжат, 26 киноқұжат, басқарма құжаттамаларының 7683 с.б., жеке құрам бойынша 5661 с.б. тізімдемеледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты лазерлі табақтағы сақтандыру қорының 10 с.б. тізімдемеледі.

Облыс мемлекеттік мұрағатында Зайсан ауданы (1380 с.б.), Верх-Уба ауданының (400 с.б.), Зырян қаласының (1100 с.б.) және Зайсан қаласының (200 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорына, 752 қор «Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» - 29 тізімдеме, 285 с.б. қайта өңделді. Жиыны 3365 с.б. қайта өңделді.

Зырян филиалы Зырян қалалық кеңесі мен «Зыряновскстрой» трестінің қорларының 3141 с.б. қайта өңдеуді аяқтады. Глубокое аудандық мемлекеттік мұрағаты Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы Ертіс поллиметалл комбинатының Березовский руднигінің 1242 с.б., Көкпекті аудандық мұрағаты 1591 с.б., Шемонаиха аудандық мұрағаты жеке құрам бойынша 44 с.б. өңдеді. Жиыны тұрақты сақтау құжаттарының 5974 ісі қайта өңделді. Шемонаиха аудандық мемлекеттік мұрағаты жеке құрам бойынша 44 іске қайта өңдеу жасады. Жиыны тұрақты сақтау бойынша 5974 іс және жеке құрам бойынша 44 іс қайта өңделді.

Жарма филиалы Көкпекті аудандық Большевик ауылдық Кеңесінің тұрақты сақтау істерінің (255 с.б.) тізімдемесіне жетілдіру жүргізді, Лениногор филиалы “№4 және №5 Лениногор ФЗУ мектебі” – 136 с.б., “№1 Лениногор қолөнер училищесі” – 63 с.б., “Жойылған ШЖК коллекциясы” – 466 с.б. тізімдемелері жетілдірілді. Зырян филиалы Зырян филиалы Парыгино ауылдық Кеңесі мен оның атқару комитетінің (544 с.б.) басқарма құжаттарының тізімдемелеріне және Самар аудандық халық депуттары және оның атқару комитеті (387 с.б.)тізімдемелері жетілдірілді. ШҚОММ Зайсан филиалы Зайсан ауданының «Кеңсай», «Қарабұлақ», «Кендірлік» совхоздарының тұрақты сақтау істері тізімдемелерінің 293 с.б., жеке құрам бойынша құжаттарының 118 с.б. тізімдемелеріне жетілдіру жүргізді. Облыс ЖТҚО Октябрьск, Калининск, Ленинск аудандық атқару комитетінің, “Горархитектура” РКҚК қорларына тарихи анықтама жасады.

Жиыны тұрақты сақтау бойынша 4525 іс және жеке құрам бойынша 118 іс жетілдірілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 3030 с.б. қарап, 3334 карточка жасады және оларды индекстеп, жүйелік каталогқа қосты. Облыс ЖТҚО Т. Мусиннің жеке бас текті қорын каталогтандыру жалғасуда, 50 с.б., 70 карточкаға каталогтандыру жүргізілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты облыс мұрағаттар басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың жеке бас текті қорына каталогтандыру жүргізді, 85 с.б. қаралып, 100 карточка жасалды. 150 с.б. фотоқұжаттар, 80 с.б. ҒТҚ, каталогтандырылып, 80 карточка жасалды.

Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттеріне тақырыптық талдау жасау барысында 240 карточка жасады.

Облыс ЖТҚО басқарма бастығы, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры, тарихшылар, өлкетанушылар, Семей қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысқан «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті. Бұл іс шара туралы жергілікті телеарналардан айтылып өтті.

Облыс мұрағатшылар келесідей 33 ақпараттық құжаттар жасады: ШҚМУ-нің тарих және халықаралық қатынастар институтына Қазақстан мен ТМД тарихы кафедрасының құрылуының 50-жылдығы туралы; Зайсан ауданының орта мектептері мен аудандық кітапханасы үшін көнекөз педагог, ҰОС қатысушы К. Бокажановтың туғанына 85 жыл толуы туралы, Зайсан аудандық кітапханасының құрылуына 110 жыл толуы туралы және Ломоносов атындағы мектептің 130 жылдығы туралы; мүдделі мекемелерге Сугатов селосының негізі қалануына 155 жыл толуы туралы, Зевакино селолық кеңесінің құрулына 85 жыл толуы туралы, Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуы туралы, Семей қаржы-экономика колледжінің құрылуына 70 жыл толуы туралы және жазушы М. Сәрсекееевтің 70 жылдығы туралы, Шемонаиха және Үржар аудандарындағы мерейлі даталарШҚ гуманитарлық университетінің ректоры К. Мамыровтың жеке бас текті құжаттары туралы және т.б.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттары 37 мақала әзірледі: Киров атындағы саябақ туралы «Өскемендіктер саябақ салуды бастағанда», 100 жылдық мерейтойына орай «Бердус Иван Васильевич», қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 160 жыл толуына байланысты «Сөз алмасы», А.М. Волковтың туғанына 115 жыл толуына орай “Изумуруд қаланың” авторы”, “Волков ағай, кітап жіберіңізші”, қазақ ақыны Ж. Жабаевтың шығармаларының аудармашысы П.Н. Кузнецов туралы “Біздің ақын, солдат, біздің ескі көз ақиқатшыл”, кейіннен Понкратьев бағы деп аталып кеткен бақтың негізін қалаушы о Вистениус туралы “Доктор қыстағы”, ҰОС қатысушы, көнекөз педагог К. Бокажанов 85 жылдығына арналған “Ұрпаққа үлгі - өнегелі өмір”, Лениногор филиалының 40 жылдығына орай «Мұрағатты тек мұрағатшылар емес, оны тарих жасайды», К. Мухамедханов туралы «Талантты ініме...», «Екі портрет» (К. Мухамедханов пен М. Сәрсекеевтің мерейтойлары туралы), «Мұрағат құжаттар сыры шертеді», ХХ ғасырдың басындағы Семей өлкесі туралы Санкт-Петербург телеграф агентігінің жеделхаты туралы «Өткеннен...», К. Мамыровтың жеке бас текті қоры туралы «Білімге үлес қосқан», А.Г. Лухтановтың жеке қоры туралы «И травинка, и лесок, в поле каждый колосок”, «Адам тағдырындағы саясат», «Белсенді адам жасқа қарамайды», «Өзің үшін Егоровты аш» және т.б.

«Архивы Казахстана» республикалық бюллетеніне ЖТҚО әзірлеген «Жаңа құжаттар жинағы жарыққа шықты» мақаласы жарияланды.

3 радио және 13 телехабар әзірленді: ғалым-абайтанушы, жазушы К. Мухамеджановтың 90 жылдық мерейтойы туралы (қазақ тілінде), Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, жазушы М. Сәрсекеевтің 70 жылдық мерейтойы туралы, «Мәдени мұра», П. Кузнецов пен С. Анисимовтың өмірлері мен шығармашылықтары туралы, Шығыс Қазақстан зиялылары туралы, Өскемен қаласындағы театр мен Халықтар достығы үйі ғимараттары туралы, Т. Тохтаровтың, Д. Серикбаевтың, П. Буровтың, Е. Пермитиннің, Е. Михаэлистің аттарымен аталған көшелері туралы, «Жеңіс қуанышы, жоғалту қайғысы» - соғыс жылдарындағы эвакогоспитальдер жұмыстары туралы (Жеңіс күніне), «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері туралы хабарлар. Дамытау оқыту мектебіне «Уақыт және Өскеменнің адамдары», «Сәулет» - фильмдері үшін, ШҚО Хоккей Федерациясына «Хоккей тарихы – 50 жыл» кітабын әзірлеу үшін құжаттар анықтауға көмек көрсетілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары 9 фотоқұжатты көрме әзірледі: облыс ЖТҚО-да тұрғылықты және көшпелі стендте қою үшін К. Мухамеджановтьың 90 жылдығына арналған, жазушы М. Сарсекеевтің 70 жылдығына, 1-ші Семей губерниялық конференциясының өткізілуіне 85 жыл толуына байланысты, «Өмір жолы», «Ел тағдыры оның тағдырына ықпал етті» көрмелері, қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 160 жылдығына және өлкеткнушы, ғалым, саяси жер аударылушы Е.П. Михаэлистің (облыс мемлекеттік мұрағаты) 165 жылдығына; «Үш ғасыр арқылы» - Риддер қаласының негізінің қалануына 220 жыл толуына байланысты (Лениногор филиалы); соғысқа қатысушы, педагог Бокажановтың 85 жылдығына «Ердің аты өшпейді» (Зайсан филиалы) көрмелері.

ШҚМУ студенттері үшін мұрағат практикасы өткізілді; «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Мұрағат құжаттарымен жұмыстың негізгі ережелері», «Оқу залындағы жұмыс ережелері», лекциялары оқылып, ғимарат бойынша экскурсия және жеке бас текті қорлар мен газеттер бойынша құжаттар анықтау практикалық сабақтары өткізілді; «Қайнар» колледжінің студенттері үшін облыс ЖТҚО құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы лекция оқылды; мектеп оқушылары үшін жазушы Е.М. Пермитин мен ақын Жамбылдың шығармашылықтары туралы (жазушы, журналист, аудармашы П.Н. Кузнецовтың жеке қоры туралы) сабақтар және мұрағат бойынша шолулық экскурсия өткізілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты өнер мұражайында жазушы Пермитиннің 110 жылдығын мерекелеуге қатысты және «Е.Н. Пермитиннің ата-анасы Н.Н. және И.Т. Пермитиндерге хаты» баяндамасын әзірледі. «Шара» туристік фирмасы қызметкерлеріне Семей қаласы тарихы туралы лекция оқылды. №31 мектеп оқушыларына арнап Өскемен қаласының орталық кітапханасында Жамбыл шығармашыларын аударушы, жазушы, ақын, журналист П.Н. Кузнецовтың жеке қорының құжаттары бойынша «Е.Н. Пермитиннің өмірі мен шығармашылығы туралы», «Қазақ ақыны Жамбыл Жабаев» сабақтары өткізілді. Облыс ЖТҚО қызметкерлері Абай атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткізілген К. Мухамеджановқа арналған кеш-портретіне қатысты және мерейтой иесінің өмірі мен қызметі туралы баяндама жасады.

Облыс ЖТҚО-да құжаттары жеке бас текті жаңа қорлардың негізін қалаушы семейлік өлкетанушы В.И. Лушников, В.Н. Кашляк, П, Жуков, ақын және жазушы К. Байгужинов, С. Табариков, оқытушылар Ж.А. Кусаинова, Л.Б. Кравченко, С.С. Карандашова қатысқан «Мұрағат достарды жинайды» кездесуі өткізілді. Зырян филиалы өзінің жеке қор жасаушылары мерейтой иесі А.И. Егоров пен Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Л.А. Мозговойдың құрметіне шығармашылық кеш өткізді.

Облыс ЖТҚО №6 мектеп-гимназиямен бірлесе отырып, әскери госпитальда 9 мамыр Жеңіс күніне арналған кездесу-кешін өткізді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысты және ол кешке арнап «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері» баяндамасын әзірледі. Облыс мұрағатшылары ҚР Мұрағаттар мен ақпараттар комитетінің және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастамасымен өткізілген “А.С. Пушкин және ХХІ ғасырдың рухани келбеті” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты және онда “Абай және Пушкин – екі халықтың ұлттық байлығы”, “Пушкин мен Абай”, “Халықтың жүрегінде” баяндамаларын оқыды. Облыс мемлекеттік мұрағаты

кітапханамен бірлесе отырып, 2007 жылға арналған айтулы және әйгілі даталар күнпарағын» жасады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне арнап «Тәуелсіздік тарихы» көрмесі үшін құжаттар анықтады, жапон армиясының өлген әскерлері және жерленген әскери тұтқындары туралы құжаттарының көшірмелері, облыс аумағындағы поляк азаматтары туралы құжаттар тізбесі тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына Қазақстан комсомолының тарихы бойынша биографиялық анықтама әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылары туралы ақпарат тапсырылды.

Өскемен қаласы Әкімінің аппаратына ХІХ-ХХІ ғасырлардағы қаланың алдыңғы қатарлы зиялылары туралы мәліметтер жіберілді.

Облыс мәдениет басқармасына облыстық бұрынғы басшысы А.К. Протозановтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Өскемен қаласының Әкімі аппараты үшін ХІХ-ХХІ ғасырдың алдыңғы қатарлы зиялылары туралы мәлімет жіберілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарындағы жеке бас текті қорлар бойынша жолкөрсеткі» және «Жолкөрсеткі. Олардың аттарымен көшелер аталады» басып шығарды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 267 зерттеуші жұмыс істеді, 638 келу болды. Олар «Шығыс Қазақстандағы күшпен коллективтендірудегі тәркілеу мен саяси қуғын (1925-1933 жж.), «1936-1950 жылдардағы шағын халықтарды департациялау», «Қытайдағы қазақ диаспорасы: құқытық және тарихи аспектілері», «ЖЭС Шығыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция, ХVІІ-ХХІ ғасырлар», «Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық дамуына әсері (1989-2004 жж)», «Семей аймағы бойынша ауру мен өлімді зерттеу», «Семей қаласының көшелері», «Қазақстан кәсіподағы: тарих және сабақтар», «Кеңес конституциясы тарихи дерек көзі», «Семейдегі Ертіс маңындағы ағарту ісі», “семей ядролық полигоны суық соғыстың көрінісі”, “Қазақстандағы поляктар мен немістердің әлеуметтік-демографиялық жағдайы, ХХ ғасыр-2000ж. 1 ширегі”, “Семей ұн тарту-комбикорм комбинатының құрылысы мен қалыптасу тарихы”, “1980-2000 жылдардағы антиядролық қозғалыстың тарихы” және т.б. тақырыптар бойынша құжаттармен жұмыс істеген өлкетанушылар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер.

2006 жылдың 9 айында облыс мемлекеттік мұрағаттарына 44419 әлеуметтік-құқтық сипаттағы сұраныс түсті, оның 40770 орындалды (Қазақстан азаматтарынан 36693, ТМД елдерінен – 4077), бұлардың 32953 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 30 өтініш түсіп, барлығы орындалды. 1766 тақырыптық сұраныс орындалды.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін көтеру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.

2006 жылдың ақпанында мұрағаттар мен құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің Lotus Notes электрондық құжатайналымы жүйесіне қосылуы іске асырылды, жүйедегі жұмыс бойынша басқарманың 2 маманы оқытылды. Бұдан былай облыс Әкімі аппаратымен хат алмасу және қызметтік құжаттаманы бақылауға қою электрондық құжатайналымы жүйесі арқылы атқарылдады. Мұрағат процестерін компьютерлендіру жалғасуда – 59 компьютер, 26 принтер, облыс мемлекеттік мұрағатына факс, 10 телефон, 13 көшірме аппараты, 2 сканер алынды.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Алматы қаласында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы бойынша Республикалық біліктілікті арттыру курсында оқып қайтты.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының үш маманы өндірістен босатыла отырып, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында мемлекеттік тіл үйрену курстарында оқыды. Облыс мемлекеттік мұрағатының зертхана қызметкерлері республикалық микрофотокөшірмелеу және құжаттарды қалпына келтіру республикалық зертханасында тәжірибеден өтіп қайтты.

Жоспарға сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалына және Бесқарағай аудандық мұрағатына іс әрекеттің барлық бағыттары бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары облыс мұрағат мекемелерінің 2006 жылғы қазан айындағы облыстық мәжілісінде тыңдалды.

Басқарма мамандары ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы ұйымдастырған семинарға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар зардабын шеккен азаматтарға бір мәртелік мемлекеттік ақшалай төлем төлеудің кейбір сұрақтары туралы» Қаулысын жүзеге асыру бойынша ШҚО Үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің базасында өткізілген Республикалық семинарға қатысты. Басқарманың маманы семинарға қатысушылардың азаматтардың экологиялық апат аймақтарында тұрғаны туралы деректі растауы жөніндегі сұраныстарды орындау тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді. Экологиялық компенсация төлемін төлеуге байланысты облыс мемлекеттік мұрағаттарына өтініштер санының артуына байланысты жұмыспен қамту орталығынан жұмысссыз азаматтарды мұрағат жұмыстарына жұмылдыру туралы келісім шарт қайта жандандырылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарында мұрағат қызметкерлерінің 2005 жылғы жұмыс қорытындысы туралы, 2005 жылдың ұжымдық келісім шартының орындалуы туралы кәсіподақ жиналыс болып өтті. ЖТҚО-да ай сайын қызметкерлерге арналған негізгі бағттар бойынша ТМД елдері мұрағатшыларының тәжірибесін зерделеу бойынша шолулық ақпарат өткізіліп отырады. Дирекция мәжілістері мен облыс мұрағаттар басқармасы бастығының жанындағы мәжілістер өткізілді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу және мемлекеттік тіл сабақтары өткізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған 2006 жылғы 1 наурыздағы «Әлемнің бәсекелес қабілеті бар 50 елінің құрамына кіру стратегиясы. Қазақстан өзінің алға дамуының жаңа серпінінің алдында» Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық активіне қатысты. Жолдау облыстың барлық мұрағат мекемелерінде талқыланды.

2006 жылға ұжымдық келісім шарт және «2006 жылға арналған ЖТҚО қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқытарын және мүдделерін қорғау бойынша келісім» жасалды.

Облыс мұрағат мекемелері жұмыссыздық пен кедейлікті азайту, мүгедектерге қолдау көрсету облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу үшін «Қайырымдылық жасау» қайырымдылық акциясы ісшарасына қаржы аударды.



Облыс мұрағат мекемелерінде Наурыз және 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне, Жеңіс күніне, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған тақырыптық кештер өткізілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет