2007ж. 14 маусымдағы №6 нх



жүктеу 68.19 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі68.19 Kb.
: Obshaya%20medicina -> 1%20kurs -> Anatomiya-1 -> kaz -> Leks.komp
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 4 Тақырыбы 8: Аралық бақылау. Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Obshaya%20medicina -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 2
Obshaya%20medicina -> Микробиология кафедрасы
Leks.komp -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Адам қаңқасы Пәні: Қазақ тілі
1%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007 ж. 14 маусымдағы№6 нх
1%20kurs -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 3
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы




ДӘРІС
Тақырыбы: Эндокриндік аппараттар мүшелерінің морфофункциональды сипаттамасы, олардың мүшелер және организм жүйелерінің қызметтерін реттеудегі маңызы

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 « Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды 2014

Тақырыбы: Эндокриндік аппараттар мүшелерінің морфофункциональды сипаттамасы, олардың мүшелер және организм жүйелерінің қызметтерін реттеудегі маңызы

Мақсаты: Студенттерді эндокриндік жүйелер мүшелерінің морфофункционалдық анатомиясымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

        1. Эндокриндік жүйенің морфо-функционалдық сипаттамасы

        2. Гормондар туралы түсінік

        3. Дамуына байланысты эндокринді бездердің түрлері.

Жүйке жүйесі жоқ қарапайым бір клеткалы ағзалардың барлық қызметтерін реттеу және сыртқы ортамен қатынасы ағзадағы бар сұйықтықтардағы химиялық заттар арқылы жүреді, олар химиялық және гуморальді реттеу. Бұған қоса бірклеткалылардағы физиологиялық белсенді заттардың айналымы сарысу арқылы диффузды жүреді, ал көпклеткалыларда арнайы трубкалық система тамырлары арқылы жүреді.Жүйке жүйесі пайда болғаннан кейін, біртіндеп нейрогуморальді реттеу қалыптасады. Яғни химиялық белсенді заттармен жүйке элементтерінің тығыз байланыста болуы.жүйке жүйесінің әсер етуімен зат алмасу процесінде пайда болатын белсенді химиялық зат бір уақытта қоздырғыш зат – медиатор, яғни жүйке қозуын өткізеді. Олар пайда болған жерінен алыс қашықтықта әсер етеді және қан тамырлар мен лимфалық жүйке арқылы тез тарайды.Бұл дистантты белсендірушілер арнайы дамушы ағзаларда шығарылады – ішкі секреция бездерімен немесе эндокриндік бездермен. Эндокринді бездер ( эндо-ішкі, крино-шығару) немесе ішкі секреция бездері деп, өз алдына маманданған ағза, безді құрылысы бар шығаратын өзектері жоқ және өз секретін тікелей қан тамыр жүйесіне бөледі, сыртқы секреция бездеріне қарама-қайшы секреті немесе экскреті сыртқы тері бетіне ( тер және май бездері) және шырышты қабатқа ( сілекей бездері,бауыр ж/е т. б.)

шығарылады. Ішкі секреция бездері және олармен тікелей қанға бөлінетін гормондар (gormon- қоздырушы ) жайлы ғылым ЭНДОКРИНОЛОГИЯ деп аталады. “ГОРМОН” деген терминді 1905 жылы Бейлиз және Сторминг ұсынды.

Ішкі секреция бездерін 2 топқа бөледі.


  1. аралас қызметі бар бездер ішкі ж/е сыртқы секрецияны тудыратын (жыныс бездері, ұйқы бездері)

  2. тек ішкі секрецияны атқаратын бездер ( гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті безі т. б. )

Гормондар дегеніміз- жоғары белсенді биологиялық зат, ішкі секреция бездерінде түзіледі, қанға түсіп алыс жатқан мүшелермен ағза жүйелерінің қызметін реттеуге әсер етеді. Гормондар химиялық құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді.

1. пептидтер, полипептидтер, көмірсулардың компоненттері бар ақуыздар ж/е компонентсіз ақуыздар

2. иондалған амин қышқылдары

3. стероидтар

4. котехлоаминдер

Гормондар физикалық әсеріне қарай қозғағыш және орындаушы гормондар болып бөлінеді. Қозғағыш гормондарға (басқа бездердің қызметін белсендіретін) гипоталамустың нейрогормрндары жатады. Орындағыш гормондарға қозғағыш гормондарға қарағанда айырмашылығы ағзаның кейбір негізгі қызметтеріне тікелей әсер етеді. Өсуі, зат алмасуы, көбею, адаптация, жүйке жүйесінің тонусы мен қызметі.

Гормондардың ағзаға 4 негізгі физиологиялық әсерін ажыратады.


  • кинетикалық немесе қозғағыш

  • метаболиттік, зат алмасудағы өзгерістерді түзету.

  • Морфогенетикалық немесе формативті( ұлпалар мен ағзаның дифференциациясы, өлуге әсер ету ж/е т.б.)

  • коригерлеуші, ағзадағы функцияларын өзгерту.

Эндокринді бездердің формасының әртүрлілігіне, көлеміне және орналасуына қарамастан негізгі анатомиялық белгілері бар.

  1. Олардың бәрінің шығару өзектері жоқ.

  2. Эндокринді бездер өз секретін тікелей қанға бөлетіндіктен барлығынды қан тамыр торлары жақсы дамыған. Бұл қан тамырларға безді әртүрлі деңгейде, бағытта тесіп өтеді. Тамырлар маңайында бездердің жасушалары орналасқан. Бұлар өз секретін қанға бөледі.

Дамуына байланысты эндокринді бездердің келесі түрлері ажыратылады.

І. Энтодермальді бездер.

а)Ұрықтың желбезек қалташысынан және жұтқыншақтан пайда болады- бранхиогенді топ.( қалқанша безі, қалқаншамаңы бездері, айырша без)

б) Ішектік түтікшелік бездер ұйқы безінің аралшықтары

ІІ. Мезодермальді бездер (бүйрекүсті безінің қыртысты заты, жыныс бездері)

ІІІ. Эктодермальді бездер

а) арлық мидың туындылары ( неврогенді топ): гипофиздің артқы бөлігі( нейрогипофиз), эпифиз;

б) Ратке қалтасының эпителиінің туындысы: гипофиздің алдыңғы бөлімі ( аденогипофиз)

в) Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің туындысы: бүйрекүстібезінің милық заты және параганглилер



Гипоталамус - эндокринді қызметтерді реттеудің жоғарғы орталығы болып табылады.

Ол ішкі мүшелердің қызметтерін бақылап, эндокринді механизмдерді нервтермен топтастырады.

Гипоталамустың сұр затының ядроларында секреторлы нейрондар орналасады. Ядролар гипоталамустың алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерінде орналасады.

Алдыңғы бөлімінде жұп супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролар орналасады. Екі ядродада нейросекреторлы клеткалар ақуызды нейрогормондар шығарады - вазопрессин ( антидиуретикалық гормон - супраоптикалық ядрода), және окситацин (паравентрикулярлы ядроларда)

Ортаңғы бөлімінде аденогипофизотропты нейрогормондар бөлінеді соның арқасында аденогипофиздің жұмысын басқарады. Гипоталамустың нейрогормондарды гипофизге келеді. Осыған байланнысты гипоталамус пен гипофизді ерекше нейрогормональдық гипоталамустық – гипофизарлық нейросекреттік жүйе ГГНХ деген атпен біріктіреді.

Гипоталамус шеткері эндокринді бездерге гуморальді әсерін тигізеді. Оның либериндері гипофиздің алдыңғы бөлімінің клеткаларын белсендіріп тропты гормондардың шығуын реттейді. Гипоталамус ұйқы безінің инсулин гормондарының шығуын күшейтеді.



Гипофиз

Гипофиз gypophysis (glandula pituctaria) ішкі секрецияның кішігірім безі: 20 - ға жуық биологиялық белсенді заттарды шығарады

Морфологиялық жағынан гипофиз үш алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұрады. Алдыңғы бөлік бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің – қалқанша бездің (тиреотропты гормон), бүйрекбез қыртысының (адренокортикотропты гормон) және жыныс бездерінің (гонадотропты гормон) қызметін күшейтеді.

Ортаңғы бөлік меланостимулирующий, артқы бөлік: антидиуретикалық.

Артқы бөлік қан қысымын арттыра (вазопрессин) тамырлардың бірыңғай салалы бұлшыкеті мен жатырдың (окситацин) жұмысын күшейтеді, сондай-ақ бүйректегі су реабсорбциясына әсер етеді.

Төмпе тәрізді дене.

Төмпе тәрізді дене corpus pineale таламустармен habenuale арқылы байланысқан ортаңғы ми қақпағы плстинкасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасқан . Осы кішкентай сопақ пішінді ж/е қызғылт түсті дене, оның жіңішке ұшы 7-10 мм көлденеңі 5-7 мм тәжі түрінде топтасатын клеткалардың секреттік қасиеттері бар. Төмпе тәрізді дене ерте балалық шақта ірілеу(әйелдерде еркектерге қарағанда ірілеу) алайда, жыныстың пісіп жетілуі басталғанға дейін ақ инвалюция құбылысы байқалады. .



Қызметі: Төмпе тәрізді дененің қызметі күрделі және көп түрлі. Жыныстық дамуды тежейді. Зақымданған кезде жыныс бездерімен ІІ жыныс белгілері ерте және шамадан тыс өсіп дамиды. Қандағы Са құрамын көбейтетін гормон шығарады, соған байланысты минералды алмасуға қвтысады.



Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.
Әдебиеттер:

негізгі:

  1. А.А Идрисов.Адам анатомиясы : Атлас Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

  2. А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана : Адам анатомиясы : Атлас Т.2. : Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

  3. Адам анатомиясы. Атлас : тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана : Сарыарқа

  4. 1 том. – 2011

  5. Адам анатомиясы : Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

  6. Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

  7. Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

  8. Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010


қосымша:

  1. Т. Смит Адам денесі : суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

  2. Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

  3. Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

  4. Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия : Атлас структур, срезов и систем 2008

  5. Адам анатомиясы : Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана : Сарыарқа, 2008.

  6. Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы : Кітап баспасы

  7. Т.3 : Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

  8. "Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы : оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова ; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

Бақылау сұрақтары.

  1. Гормондар дегеніміз не?

  2. Тұңғыш рет гормондарды ашқан кім?

  3. Гормондарды зерттейтін ғылым қалай аталады?

  4. Гормондардың физикалық әсеріне сәйкес қандай түрлерін ажыратады?

  5. Эндокринді бездер дамуына байланысты қалай бөлінеді?

  6. Ана без қандай бездердің қатарына жатады?




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет