2009 жылғА «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің Қызметі туралы есеп астана 2010 ж. Кіріспе



жүктеу 402.07 Kb.
бет3/3
Дата28.04.2016
өлшемі402.07 Kb.
1   2   3
: up files
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Календарь знаменательных
up files -> Краткий бизнес-план: пассажирские перевозки
up files -> Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2
up files -> Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б
up files -> Модемдеріне арналған Интернет желісіне қосылуды ретке келтіру

2.  «KEGOC» АҚ басқарушы персоналының 2008 жылғы бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерінің орындалуы туралы

Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармақшасының 26) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 26) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ басқарушы персоналының 2008 жылғы бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты назарға алды.



3.  Директорлар кеңесінің 2008 жылғы қызметі туралы есепті қарау туралы

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 129-тармағына сәйкес Директорлар кеңесіДиректорлар кеңесінің 2008 жылғы қызметі туралы есепті мақұлдады және назарға алды.


4.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіеің комитеттері туралы.

Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 25) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 25) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің комитеттерін (Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет) құру туралы шешім қабылдады, Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері сайланды. Комитеттер туралы ережелер бекітілді.


5.  «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақы мөлшері мен сыйақы төлеу шарттарын белгілеу туралы.

Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 10) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 31) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақысын және оған сыйақы төлеу шарттарын анықтады.



6.  «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына қосымша тапсырма енгізу туралы

«Самұқрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның тапсырмасын орындау мақсатында Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 31) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 31) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына қосымша енгізуді келісті.



Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы отырысында (№11 хаттама) күн тәртібінің 5 мәселесі бойынша шешім қаралды және қабылданды:
1.   «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы туралы.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 8) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқармасының «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы-Президенті Қ.А.Бозымбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және А.М.Сәтқалиевты «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы-Президенті етіп тағайындау туралы шешімін мақұлдады (2009ж.01.12. №108/09 хаттама). Сонымен бірге, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының-Президентінің лауазымдық айлық ақысын және еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттарын белгіледі.



2.  Жарияланған акциялардың саны шегінде «KEGOC» АҚ жай акцияларын орналастыру (сату), сондай-ақ орналастырылатын (сатылатын) жай акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы

Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 2) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Жалғыз акционерге сату жолымен бір жай акцияға 10 000 (он мың) теңге бағасы бойынша 1 969 709 (бір миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың жеті жүз тоғыз) жай акцияларды орналастыруға шешім қабылдады.


3.  «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылға арналған Бюджетіне өзгерістер енгізу.

Қоғамның шектеулі ресурстарын ұтымды қолдану және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін болжамдау мақсатында 2009 жылдың соңына дейін Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармақшасының 22) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 22) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылғы Бюджетіне өзгерістерді бекітті.


4.   «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2010 жылға арналған жоспарын бекіту.

Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармақшасының 22) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 22) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2010 жылға арналған даму жоспарын бекітті.



5.  Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді жасау

Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 20) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы мен 73-бабының 1-тармағын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 20) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді – «KEGOC» АҚ мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасау туралы шешім қабылдады.



Директорлар кеңесі 2009 жылғы 11 желтоқсанда (№12 хаттама) сырттай дауыс беру жолымен күн тәртібінің 13 мәселесі бойынша шешім қабылдады:
1.  «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің 2009 жылға арналған бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 8), 9) тармақшаларына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 8), 9) тармақшаларына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 9), 10) тармақшаларына сәйкес «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің 2009 жылға арналған бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерін бекітті.


2.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы схемасын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі Қоғамның Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 29) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 29) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы схемасын бекітті.



3. Атқарушы дирекцияның басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақы мөлшерлерін белгілеу туралы
Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 8),9) және 10) тармақшаларын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 9), 10), 10-1) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі Атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысы мен еңбеккерлерінің, Корпоративтік хатшының лауазымдық айлық ақы мөлшерлерін, сондай-ақ оларға еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттарын анықтады.

4.  «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі 2009 жылғы 3-тоқсанға берілген есебін қарау туралы.

Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына, Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 42) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 42) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2009 жылғы 3-тоқсанға берілген есебін назарға алды.



5.  «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөіндегі 2009 жылғы 9 айға берілген есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына, Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 42) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 42) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2009 жылғы 9 айға берілген есепті назарға алды.


6.  2009 жылғы 1-жарты жылдықта Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау туралы.

«KEGOC» АҚ Ивнестициялық саясатының 8.6.4-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі 2009 жылғы 1-жарты жылдықта Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті назарға алды.


7.  Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы

Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 24) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 24) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Сезімталдыққа талдау жүргізу жөніндегі әдістемені» бекітті, сондай-ақ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ тәуекелдер тізілімін және «KEGOC» АҚ-ның 2010 жылға арналған тәуекелдер каптасын бекітті.


8.  СТ KEGOC 00-405-09 «Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі стандартын бекіту туралы

Қоғамның Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 14) тармақшасы, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 14) тармақшасы негізінде Директорлар кеңесі СТ KEGOC 00-405-09 «Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі стандартын бекітті. Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 2008ж.23.04. шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ ішкі бақылау жүйесі туралы ереженің күші жойылды деп таныды.



9. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит жүйесінің жұмысы туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы

Директорлар кеңесі Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 9) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекітті, сонымен бірге «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2006ж.12.09. шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібінің күші жойылды деп танылды.



10. «KEGOC» АҚ ішкі аудитін ұйымдастыру жөніндегі ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 9) тармақшасын, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ ішкі аудитін ұйымдастыру жөніндегі ережені жаңа редакцияда бекітті. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен (2007ж.20.02.) «KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі саясаттың күші жойылды деп танылды.


11. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін өзгерту туралы.

Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін бекітті.



12. Е.М. Амерхановты «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі операциялық және қаржы аудиті бөлімінің аға аудиторы лауазымына тағайындау туралы

Директорлар кеңесі Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 10) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес қызметкердің бастамасы бойынша онымен 2009ж.11.08. еңбек шартын бұзуға байланысты «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің аға аудиторы М.Ж.Жексенбектің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесі Е.М.Амерхановты оның лауазымдық айлық ақысын белгілей отырып, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі операциялық және қаржылық бөлімінің аға аудиторы лауазымына тағайындауды келісті.



13. ІАҚ операциялық және қаржы аудиті бөлімінің аудиторы М.Ж.Таубаевты ІАҚ комплайенс-аудит бөліміне ауыстыруды мақұлдау, М.Ж. Таубаевтың лауазымдық айлық ақысын белгілеу туралы

Қоғам Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі М..Таубаевты «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі операциялық және қаржы аудиті бөлімінің аудиторы лауазымынан «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі комплайенс-аудит бөлімінің аудиторы лауазымына ауыстыруды мақұлдады.



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері
Директорлар кеңесі 2009 жылғы 20 қазанда (№10 хаттама) Қоғам Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 25) тармақшасына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 25) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің мына комитеттерін құрды:
Мына құрамда Аудит жөніндегі комитет:
Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор, Комитеттің төрағасы;

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор;

Акчулаков Болат Оралұлы – директор;

Баймурзин Рысхан Қалымұлы – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Аудит және бақылау департаментінің бас менеджері – сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.


Мына құрамда Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет:
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы – директор – Комитеттің төрағасы;

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор;

Акчулаков Болат Оралұлы – директор;

П. Хауз - «Самұрық - Қазына» АҚ басқарушы директоры - сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.


Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет мына құрамда:
Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор – Комитеттің төрағасы

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор;

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы – директор;

Амергужина Ольга Вячеславовна – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаментінің бас менеджері, сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.


Директорлар кеңесі тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі өткенге дейін Комитет мүшелері өкілеттіктерінің мерзімін белгіледі.



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет