2009ж. «02» қыркүйектен «Қазтеміртранс» Акционерлік



жүктеу 279.01 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі279.01 Kb.
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»



2009ж. «02» қыркүйектен

«Қазтеміртранс» Акционерлік

қоғамының директорлар

Кеңесі шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

№ 13 хаттама




«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының

тәуекелдерді басқару

САЯСАТЫ

Астана, 2009

1. Жалпы ережелер
1. «Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару бірлескен жүйесінің Тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.

2. Осы құжат «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) тәуекелдерді басқару бірлескен жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді, тәуекелдерді басқарудың құрылымы мен тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерін анықтайды, тәуекелдерді басқару процессін жүзеге асыруда жүйелі әрі дәйекті тәсілдемелерді қамтамасыз етеді.

3. Тәуекелдерді басқару есептерін ұсыну тәртібі мен оның түрлерін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару процессінің әдістері мен процедураларының егжей-тегжейлі суреттемесі, тәуекелдерді басқару процессі қатысушыларының міндеттері, қызметтері және жауапкершіліктері, сонымен қатар тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар мен аталмыш процесстің басқа да құрамдас бөліктері Қоғам Басқармасымен және директорлар Кеңесімен бекітілген Қоғамның ішкі құжаттарында ұсынылған.

4. Қоғам және (немесе) оның еншілес ұйымдары үшін жалпы болып табылатын тәуекелдерді басқару процедуралары мен бағалау әдісі Қоғаммен анықталады.

5. Осы Саясат әрекеті Қоғам қызметінің барлық түрлеріне таратылады. Саясат Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелері мен еңбеккерлерінің танысуы және қолданылуы үшін міндетті болып, Қоғамның еншілес ұйымдарының қолдануына да ұсынылады. Қызметтік міндеттерді орындау мен қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысында Қоғамның әр еңбеккері осы Саясатта көрсетілген ережелерді басшылыққа алады.

6. Қоғамның негізгі мақсаттары, сонымен қатар Қоғамның қаржы есептілігіндегі еншілес ұйымдардың қаржы нәтижелерінің консолидациясын назарға ала отырып, Қоғамның тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесі тәуекелдерді басқару жүйесін еншілес ұйымдарда енгізу мен жетілдіруді қарастыруы тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу жолында Қоғам тәуекелдерді басқару жүйесінің еншілес ұйымдарда енгізу мен жетілдіру процессіне тікелей жетекшілік етеді.

7. Қоғамның еншілес ұйымдары тәуекелдерді басқару бойынша өздерінің жеке Саясатын жасай алады. Оны жасау барысында еншілес ұйым қызметінің ерекшелігі мен ауқымын есепке алумен осы Саясат ережелерін пайдалануға болады.

8. Пайда алу және шығындардың алдын алу мақсатында мүмкіндіктерді барынша пайдалану арасындағы теңгерімге қол жеткізу – тәуекелдерді басқару процессінің басты масқаты болып табылады. Аталмыш процесс басқару процессінің басты құрамдас бөлігі және бірлескен басқарудың дамыған жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

9. Қоғамда тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым мен тәуекелдерді басқару мәдениетін орнату және дамытуды қарастырып, шығындарды алдын алу және пайданы арттыру мақсатында Қоғамның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қызметі немесе процессінің барлық бағыттарына тиесілі сәйкестендірудің логикалық әдістерін жүйелі қолдану мен тәуекелдерді басқаруды талдау және бағалау, мониторингісін жасауды және бақылауды қамтиды.

10. Қоғамның тәуекелдерді басқару процессінің басты элементі болып оның ұйым ерекшелігімен, қызметтің негізгі принциптерімен және бизнес процесстерімен бірлесуі және тәуекелдерді басқару процессіне әр еңбеккердің қатыстырылуы табылады.

11. Саясат аясында өз қызметін жүзеге асыру барысында Қоғам Бірегей акционердің, еншілес ұйымдарының және басқа да қызыққан тұлғалардың қызығушылықтарын есепке алады.

12. Осы құжатта келесідей ұғымдар пайдаланылады:

Тәуекел – Қоғаммен анықталған мақсаттарға қол жеткізуге жағымсыз әсер тигізе алатын сыртқы және/немесе ішкі факторлар ықпалы арқылы әлеуетті оқиғаның орын алу мүмкіндігі.

Тәуекел аппетиті – бұл өз мақсаттарына қол жеткізу үшін Қоғамның өзіне белгілі бір тәуекелдерді қабылдай алу қабілеттілігі мен тілегі. Қоғам өзінің тұтқыр қабілеттілігі шегінде тәуекелдер аппетитінің қолайлы шекарасын анықтайды (мысалы, бір жобаны инвестициялау лимиттері, қарызға алынған лимиттер және т.б.).

Еншілес ұйым – акцияларының басым көпшілігі (қатысу үлесі) Қоғамға тиесілі заң тұлғасы.

Леверидж – қарызға алынған капиталдың жеке капиталға қатынасы.

Тұтқыр қабілеттілік – бұл қандай да бір оқиға нәтижесінде болуы мүмкін болжамды зиян көлемі. Оны Қоғам өзінің қаржы және бәсекелестік позициясына анағұрлым зиян келтірусіз өз қаражатынан қаржыландыра алады.

Мүмкіндік – Қоғаммен анықталған мақсаттарға қол жеткізуге жағымды әсер тигізе алатын сыртқы және/немесе ішкі факторлар ықпалы арқылы әлеуетті оқиғанын орын алу ықтималдығы.

Тәуекелге бейімділік – Қоғам жалпы алғанда қызметті жүзеге асыруда қабылдауға дайын тәуекел деңгейі.

Беделді жоғалту тәуекелі – Қоғам тәуекелдерін жүзеге асыру салдарынан болған Қоғам беделінің айтарлықтай төмендеуі немесе одан айырылу тәуекелі.

Стратегиялық тәуекел – Қоғам қызметі мен дамуының стратегиясын анықтау және жүзеге асыру барысында өзгертулер немесе кателіктер (жетіспеушіліктер), саяси ортаның, аймақтық конъюктурасының, салалық құлдыраудың өзгеруі немесе басқа да сыртқы факторлар салдарынан болуы мүмкін тәуекел.

Қаржы тәуекелі – Қоғамның қаржы операцияларын жүргізумен байланысты қаржы шығындарының тәуекелі.

Дефолт – контрагент өз міндеттемелерінің жағдайларын сақтамау салдарынан мәміле бойынша шығындардың жоғары мүмкіндігіне көрсететін оқиға.

Несие тәуекелі – контрагент дефолтының салдарынан болуы мүмкін Қоғамның қаржы шығындарының тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – ағымдағы өтімділіктің төмендеуі салдарынан болуы мүмкін Қоғаммен өзінің қарыз міндеттемелерін орындау қабілетсіздігінің тәуекелі.

Нарық тәуекелі – нарық бағаларының өзгеруі нәтижесінде Қоғамның ақырғы қаржы нәтижесіне жағымсыз әсер ететін қаржы аспаптары, шикізат, тауарлар және қызмет бағалары тұрақсыздығының тәуекелі.

Валюталық тәуекел – Қоғам қызметін жүзеге асыруда базалық валюта қатынасында шетел валюталарының бағамдарын өзгертумен байланысты Қоғамның қаржы ысыраптарының пайда болу тәуекелі.

Пайыздық тәуекел – Қоғам инвестициялары жалпы кірістілігінің төмендеуіне және/немесе Қоғам берешектері бойынша қаражат жылыстауына әкелуі мүмкін нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі.

Баға тәуекелі – Қоғамның ақырғы қаржы нәтижесіне кері әсер ететін операциялық қызметті жүзеге асыру барысында Қоғаммен тұтынылатын шикізат, тауарлар және қызметтер бағасы тұрақсыздығының тәуекелі.

Елдің тәуекелі – экономикалық немесе саяси жағдайдың өзгеруі және шетел мемлекеттерінің мемлекеттік органдар шектеулерінің салынуы салдарынан контрагенттің Қоғам алдында өз міндеттемелерін орындау қабілетсіздігінің тәуекелі.

Экологиялық тәуекел – Қоғам қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелі.

Ақпараттық-технологиялық тәуекел – Қоғам қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттық жүйелер, бағдарламалар немесе мәліметтер базасы, ақпаратты беру жүйесі және басқа да технологиялық жабдықтардың ақаулары немесе бұзылуы салдарынан болатын шығындар тәуекелі.

Жобалық тәуекел – Қоғамның инвестициялық бағдарламасымен қарастырылған ағымдағы инвестицияларды, сонымен қатар инвестициялық жобаларды тиіссіз жүзеге асырумен, соның ішінде инвестициялық бағдарламаны орындамаумен байланысты шығындар тәуекелі.

Операциялық тәуекел – Қоғамның ішкі операциялық процесстерінің теріс әрекеті немесе олардың орындалуын тоқтату, адамдардың ағат мінез-құлықтары және Қоғам жүйесінің тұрақсыз қызметі нәтижесінде болуы мүмкін шығындар тәуекелі.

Нормативтік (құқықтық) тәуекел – Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар ішкі ережелер мен процедуралар талаптарын сақтамау салдарынан болуы мүмкін шығындар тәуекелі.

Өндірістік тәуекел – апат, күйреу, жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайлары, жұмыс қиыншылықтары немесе қозғалыс қауіпсіздігінің басқа да бұзылуы сияқты зардаптарға әкелуі мүмкін теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан пайда болатын шығындар тәуекелі.

Оқиға – мақсатқа қол жеткізуге өз әсерін тигізе алатын сыртқы немесе ішкі факторлар әсерінің нәтижесінде пайда болған инцидент.

Тиісті тәуекел – тәуекелдің пайда болу мүмкіндігінің немесе оның әсер ету деңгейінің өзгеруі бойынша Қоғам үшін басшылық тарапынан әрекет етпеу тәуекелі.

Қалдық тәуекелі – Қоғам еңбеккерлерімен тәуекелге әсер ету бойынша шараларды қабылдаудан кейін қалатын тәуекел.

Базалық валюта – қазақстандық теңге.

13. Саясат қажеттілік бойынша жылсайынғы мезгілді қайта қарастырылуға және Қоғамның директорлар Кеңесінің бекітілуіне жатады.
2. Тәуекелдерді басқару Саясаты
14. Тәуекелдерді басқару Саясатының негізгі мақсаттары:

1) Қоғамға және (немесе) оның еншілес ұйымдарына басшылық ету элементі ретінде тиімді кешендік жүйесі мен тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған процессін құру, сонымен қатар тәуекелдерді басқару процедуралары мен әдістеріне бірыңғай тәсілдеме негізінде қызметті тұрақты жетілдіріп отыру;

2) Қоғаммен және (немесе) оның еншілес ұйымдарымен қызмет ауқымына барабар қолайлы тәуекелдерді қабылдауын қамтамасыз ету;

3) тұтқыр қабілеттілікті анықтау және қабылданған тәуекелдерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

15. Саясат келесідей міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

1) әлеуетті жағымсыз оқиғаларды алдын алу және олардың әсерін төмендету мүмкіндігін беретін тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;

2) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында уақытылы сәйкестендіру, бағалау, талдау, мониторинг және бақылау негізіндегі тәуекелдерді басқарудың толассыз келісілген процессін қамтамасыз ету;

3) сәйкес шешімдерді қабылдау үшін тәуекелдерді басқарудың толық бағалы процессін құру;

4) қорларды пайдалану және бөлу тиімділігін арттыру;

5) Қоғам активтері мен акционерлік капитал қорғанысын қамтамасыз ететін Қоғам және (немесе) оның еншілес ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру жолында шығындарды алдын алу;

6) бизнес процесстер тиімділігін, сыртқы және ішкі есептілік деректілігін қамтамасыз ету және заң нормаларын сақтауға көмектесу.

16. Қоғамда және оның еншілес ұйымдарында тәуекелдерді басқару тұрақты, серпінді және толассыз процесс болып табылады. Тәуекелдерді басқару Қоғамның тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйе Тұжырымдамасында ұсынылып, келесі кестеге сәйкес келетін құрамдас бөліктерді қамтиды:


1 сурет: Тәуекелдерді басқару процессі.




  • § 1. Ішкі орта



17. Ішкі орта Қоғамның тәуекелдерге жалпы қатынасын және Қоғам еңбеккерлерінің тәуекелдерге деген көзқарасын анықтайды. Ішкі орта тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық басқа да құрамдас бөліктері үшін негізгісі болып, тәуекелдерді басқару философиясын, тәуекел аппетиттерін, басқару органдарының бақылауын, әдептілік құндылықтарын, еңбеккерлер құзыреттілігі мен жауапкершілігін және адами, қаржы, сонымен қатар басқа да қорлармен анықталатын Қоғам құрылымы мен оның мүмкіндіктерін қамтиды.

18. Қоғам мен сыртқы орта (бизнес құрылымдары, әлеуметтік, реттегіш, басқа да мемлекеттік және қаржы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынастарды ішкі ортада байқалып, оның құрастырылуына өз әсерін тигізеді. Қоғамның ішкі орта құрылымы күрделі болып, өзара байланысқан түрлі салаларды қамтиды. Ол жүйелі тәуекелдердің пайда болуына жағдай туғызады.

19. Қоғам қызметі еңбеккерлердің тәуекелдерді түсінуін қамтамасыз ететін және олардың тәуекелдерді басқаруға жауапкершілігін арттыратын ішкі ортаны құруға бағытталған. Ішкі орта Қоғам қызметінің ендігідей принциптерін қолдауы тиіс:

1) шешімдерді қабылдауда тәуекелдердің барлық формаларын сәйкестендіру және қарастыру, сонымен қатар Қоғам басшылығымен тәуекелдердің кешендік түсінуін қолдау;

2) Қоғам деңгейінде Қоғам және (немесе) оның еншілес ұйымдарының мақсаттарына тиісті түрде жауап беретін тәуекелдерді құру және бағалау;

3) тәуекелдер үшін меншіктік және жауапкершілік сезімдерін қолдау және басқару иерархиясының сәйкес деңгейлерінде (Қоғам, еншілес ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер және т.б.) тәуекелдерді басқару. Бұл орайда, тәуекел менеджменті жауапкершілікті басқаларға жүктеуді білдірмейді;

4) Қоғамның ішкі саясаты мен процедураларына сәйкес келуін қадағалау, сонымен қатар бірлескен басқарма жүйесінің жағдайы;

5) айтулы тәуекелдер және тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері туралы уақытылы ақпарат;

6) тәуекелдерді басқару саясаты мен процедуралары міндетті екенін түсіну;

20. Қоғамның тәуекелдерін басқару процессінің негізгі принциптері:

тұтастық – тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесі кескініндегі Қоғамның тұтас тәуекел элементтерін қарастыру;

ашықтық – автономдық немесе оқшау ретінде тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесін қарастыруға тыйым салу;

құрылымдылық – тәуекелдерді басқару кешенді жүйесінің нақты құрылымы бар;

ақпараттылық – тәуекелдерді басқару процессі шын, дәйекті және өзекті ақпараттың бар болуымен ерекшеленеді;

толассыздық – тәуекелдерді басқару процессі тұрақты негізде жүзеге асырылады;

кезеңділік – тәуекелдерді басқару процессі оның негізгі құрамдас бөліктерінің тұрақты қайталанатын кезеңінен құралады.

21. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жейесінің құрылымы Қоғамның келесідей органдарымен және бөлімшелерімен ұсынылған: директорлар Кеңесі, Басқарма, Қоғам басында тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі және басқа да құрылымдық бөлімшелер.

22. Қоғамның директорлар Кеңесі тәуекелдердің бірлескен басқарма жүйесінің бақылауын жүзеге асыруда басты рөл атқарады. Директорлар Кеңесі тәуекелдер қабілеттілігі мен тәуекелдер аппетитін ұстаушы тәуекелдерді басқару саласындағы құжаттарды бекітеді. Директорлар Кеңесі басты тәуекелдерді, аталмыш басты тәуекелдерді басқару бағалауын және тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды қарастырады. Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқару саласындағы қызметтер бөлігін жүзеге асыру жолында сәйкес комитеттерді құра алады.

23. Басқарма бірлескен саясаттың орындалуын және қолданылуын қамтамасыз ету жолында ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару процедураларын жасау және қолдану үшін жауапты. Басқарма сәйкес комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы қызметтер бөлігін жүзеге асырады.

Тәуекелдер Комитеті Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру процессін үйлестіретін Қоғамның Басқарма жанындағы тұрақты әрекет ететін алқалы орган болып табылады.

24. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшелер еңбеккерлерінің жауапкершілігі мен өкілдіктері, тәуекелдерді басқару бойынша ұсынылатын есептілік талаптары осы Саясатпен, Қоғамдағы тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшелер ережелерімен және Қоғамдағы тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшелер еңбеккерлерінің қызметтік нұсқауларымен қарастырылған.

25. Әр еңбеккер тұлғасындағы Қоғамның құрылымдық бөлімшелері тәуекелдерді басқару жүйесі құрылымындағы басты элементтердің бірі болып табылады. Құрылымдық бөлімшелердің еңбеккерлері (тәуекелдердің меншік иелері) тәуекелдерді басқару процессінде басты рөл атқаратындықтарын түсінуі тиіс. Тәуекелдермен байланысты процесс иелері болып табылатын Қоғам еңбеккерлері өзінің қызметтік міндеттері саласында тәуекелдерді басқару және олардың әлеуетті әсер ету мониторингісін өткізу бойынша қызметтерді атқарады. Құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, өз қызметінің саласында айтарлықтай тәуекелдерді уақытылы анықтау және ақпараттандыру, сонымен қатар іс-шаралар жоспарына қосу үшін тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды беруге жауапты болады.

26. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару құрылымы тікелей және көлденең бойынша ақпараттың ақиқатты және уақытылы ағымын қамтамасыз етеді. Бұл орайда, төменнен жоғары түсетін ақпарат директорлар Кеңесі мен Басқарманы ағымдағы қызметке қатысты мәліметтермен және қызмет, бағалау, бақылау, әрекет ету әдістері және оларды басқару деңгейі барысында анықталған тәуекелдермен қамтамасыз етеді. Жоғарыдан төмен бағытталатын ақпарат ішкі құжаттарды, регламенттерді және тапсырмаларды бекіту арқылы Қоғамның әр еңбеккеріне мақсаттарды, стратегияларды, сонымен қатар қойылған міндеттерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Көлденең бойынша ақпаратты беру құрылымдық бөлімшелер мен Қоғамның ішінде тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің өзараәрекетін білдіреді.


27. Қоғам қызметінің мақсаты Қоғам дамуының жоспарын жасау үшін негіз болады. Қоғам сыртқы және ішкі факторлар тәуекелдерінің әрекетіне ұшырауы мүмкін. Сол себепті, стратегиялық міндеттерді қою тәуекелдерді басқару әдістерін тиімді сәйкестендірудің, бағалаудың және жасаудың негізгі жағдайы болып табылады.

28. Қоғам жыл сайын немесе қажеттілік бойынша дамудың баламалы жолдарын бекітіп, мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін осындай баламамен немесе оқиғалармен байланысты тәуекелдерді анықтайды. Аталмыш талдау тәуекелдерді сәйкестендіру үшін негіз болады.

29. Қоғамның тәуекелдері Қоғамның өкілетті органының кейінгі бекітуімен бизнес жоспарларды, даму жоспарларын, дамудың стратегиялық бағыттарын және ұзақмерзімді стратегиясын жасау арқылы қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді кезеңге қызметтің стратегиялық жоспарлау жүйесін пайдалану арқылы төмендеуі мүмкін.

30. Тәуекелдерді бірлескен ұстау деңгейінің есебі (ұстау қабілеттілігі) тәуекел маңыздылығының шекарасын, сонымен қатар тәуекелдерді ауыстыру келісім-шарттарының параметрлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

31. Ұстау қабілеттілігі. Тәуекелдерді бірлескен ұстау – бұл Қоғам өзінің қаржы және бәсекелестік әлеуеті үшін айтарлықтай шығын келтірусіз өзінің жеке қаражаты есебінен қаржыландыра алатын қандай да бір оқиғалардың (тәуекелдердің) орын алуы салдарынан болатын болжамды шығын көлемі.

32. Қоғам өзінің ұстау қабілеттілігінің деңгейін тәуекелдерге қатынасы және тәуекел аппетиті, яғни өзіне тәуекелдерді қабылдау қабілеттілігі бойынша анықтайды. Қоғамның ұстау қабілеттілігін бағалау тәуекел аппетитін анықтау үшін негіз болып табылады. Ұстау қабілеттілігі сапалық деңгеймен қатар, есептік бағалауды пайдалану арқылы орнатылуы мүмкін.

33. Ұстау қабілеттілігі тәуекелдерінің орын алуы төмендегілердің бұзылуын болдырмау есебімен жүзеге асырылады:

1) кірістілік – сомалық шығындар төмендігілерден аспауы тиіс:

3 жоғары ливеридж деңгейінде салық салуына дейінгі 10% түсім;

3 ливеридж деңгейінде салық салуына дейінгі 7,5% түсім;

2 ливеридж деңгейінде салық салуына дейінгі 5% түсім;

1 төмен ливеридж деңгейінде салық салуына дейінгі 2,5% түсім.

2) ұзақмерзімді қаржы тұрақтылығы – сомалық шығындар акционерлер капиталының (немесе жеке капиталының) 2% жоғары қысқартылуына әкелмеуі тиіс;

3) өтімділік – сомалық шығындар негізгі қызметтен ақша ағымдарынан 5% аспауы тиіс.

34. Кезеңдегі орташа өлшенген көрсеткіштер есебі үшін қаржы көрсеткіштерін бірнеше жыл ішінде пайдаланған жөн болады. Бұл кездейсоқ тұрақсыздануларды болдырмайды.

35. Орташа өлшенген көрсеткіштер шекті көрсеткіштерге, сәйкесінше, кірістілікке, ұзақмерзімді қаржы тұрақтылығына және өтімділікке көбейтіледі. Бұл өз кезегінде, аталмыш үш көрсеткіш бойынша ұстау қабілеттілігі параметрлерінің шекті көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді. Үш көрсеткіштің төмен мағынасы тәуекелдерге ұстау қабілеттілігінің шекті көлемі ретінде анықталады.

36. Жұмыс ұстау қабілеттілігі төмендегідей факторларды шегерумен ұстау қабілеттілігі ретінде анықталады:

1) жоғары мүмкінділікпен болатын ағымдағы операциялық шығындардың жалпы көлемі. Қоғам өз қызметінде болжамды шығындардың белгілі деңгейінен (мысалы, механикалық ақау нәтижесіндегі жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, бағам айырмашылықтары, мерзімі асырылған төлем өсімпұлдары, еңбеккерлерге қосымша үстемақыларды төлеу және т.б.) құтыла алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғарыдағы шығындар компанияның жалпы кірісінің айтарлықтай тұрақты пайызын құрайды;

2) түрлі тәуекелдердің мүмкін аккумуляциясы (уақыттың бір кезеңінде болатын бірнеше ірі тәуекелдер). Ол жоспарлы кезеңде болуы ықтимал ірі оқиғалар санының негізінде анықталады. Оның орын алу мүмкіндігі 25%-дан жоғары болса керек.

37. Ұстау қабілеттілігінің көрсеткіші ағымдағы операциялық шығындар сомасына түзетіліп, қалған сома тәуекелдердің мүмкін аккумуляциясын көрсететін оқиғалар санына бөлінеді.

38. Ұстау қабілеттілігінің есебі және сәйкес ұсыныстар Қоғамда тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшелермен дайындалып, Қоғам директорлары Кеңесіне әзірленетін есептің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

39. Қоғамның ұстау қабілеттілігі бойынша барлық қорытындылар мен ұсыныстар қызыққан құрылымдық бөлімшелермен келісілуі тиіс.

40. Ұстау қабілеттілігінің алынған көрсеткіші тәуекелдерді басқару бойынша бұдан арғы шешімдерді қабылдаудың негізіне алынады.

41. Қоғам төмендегілердің арқасында тәуекелдерді меншікті ұстауды қамтамасыз етеді:

1) мүмкін шығындарды өтеуге арналған резерв қорын құру;

2) өз балансына мүмкін шығындарды қабылдау, яғни ағымдағы қаржы ағымдары немесе меншікті капитал есебінен шығындардың орын алуына орай қаржыландыру.

42. Сәйкес аударулар немесе шығындар қажеттілігінде меншікті ұстау немесе қалыптастырудың құрылымын анықтау. Ол тәуекелдерді басқару бойынша жалпы процесстің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.




  • § 3. Тәуекелдерді сәйкестендіру

43. Тәуекелдерді сәйкестендіру – бұл Қоғамның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу немесе Қоғамның міндеттерін жүзеге асыру қабілеттілігіне кері әсер ете алатын Қоғамның тәуекелдер әсеріне ұшырағыштығын анықтау.


44. Қоғамның тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесі тәуекелдердің кең спектрін анықтау және аталмыш тәуекелдерді кешенді түрде қарастыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде, бар тәуекелдер бойынша толық суреттемені көрсетуге өз септігін тигізіп, тәуекелдер талдауының сапасын арттырады.

45. Тәуекелдерді басқарудың негізгі халықаралық стандарттарына сәйкес, Қоғам тұрақты негізде тәуекелдердің ең үлкен көлемін анықтау, қоршаған тәуекелдер туралы білгіштікті арттыру және Қоғамда тәуекелдерді басқару мәдениетін онтайландыру мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелер еңбеккерлерінің қатысуымен тәуекелдерді сәйкестендіру шарасын өткізеді.

46. Тәуекелдерді сәйкестендіру үшін қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде тәуекелдерді сәкестендіру, салалық және халықаралық теңестірулер, семинарлар мен талқылаулар, сұхбаттасу, болған шығындардың мәліметтер базасы сияқты түрлі әдістемелер мен аспаптардың қисындастырылуы пайдаланылады.

47. Сәйкестендірілген тәуекелдер мен оқиғалар тәуекелдер тізілімі түрінде жүйеге келтіріледі. Тәуекелдер тізілімі Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында кезігетін тәуекелдер тізімін білдіреді. Тәуекелдер тізілімі тәуекелдерді мүмкін жүзеге асырудың түрлі сценарийлерін қамтиды. Әр тәуекел бойынша қызметі тәуекелдермен байланысты тәуекелдер иелері мен құрылымдық бөлімшелер анықталады. Тәуекелдер тізілімі жаңа тәуекелдерді анықтауға орай тұрақты негізде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен толықтырылады.

48. Сәйкестендірілген тәуекелдер жүйелілігі тәуекелдер көрінісін (бизнес процесстер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар бойынша) теңестіруге мүмкіндік беретін тәуекелдерді жіктеу мен көлемдік бағалауда реттілікке қол жеткізуге, тәуекелдерді көлемдік бағалауда бұдан күрделі аспаптар мен технологияларды құрастыру платформасын ұсынуға, Қоғамдағы тәуекелдерді келісілген басқару және бақылау үшін мүмкіндік беруге көмектеседі.

49. Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау нәтижелері Қоғамның Басқармасы мен директорлар Кеңесіне, сонымен қатар сәйкес комитеттерге қиын тәуекелдер туралы ақпаратты, қиын тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын, тәуекелдерді басқару процессін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтитын негізгі тәуекелдер туралы есептілік түрінде ұсынылады.

50. Тәуекелдің пайда болу көзі мен тәуекелге әсер ету саласына байланысты тәуекелдер жіктелуі үшін Қоғамда келесідей санаттар бойынша тәуекелдер топтамасы пайдаланылады:

стратегиялық тәуекел;

операциялық тәуекел;

қаржы тәуекелі;

ақпараттық-технологиялық тәуекел;

елдің тәуекелі;

жобалық тәуекел;

экологиялық тәуекел.

1) Қоғам беделін жоғалту тәуекелі аталмыш тәуекелдердің кез келгенін жүзеге асыру нәтижесі болып табылады;

2) Қаржы тәуекелі нарық тәуекелі, өтімділік тәуекелі және несие тәуекелі сияқты тәуекелдердің негізгі түрлерінен құралады;

3) Нарық тәуекелі валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел және бағалық тәуекел сияқты тәуекелдердің негізгі түрлерінен құралады;

4) Өндірістік және нормативтік тәуекелдері операциялық тәуекелдің түрі болып табылады;

5) Қоғамдық тәуекелдердің негізгі санаттар құрылымы осы Саясаттың № 1 Қосымшасында көрсетілген.


  • § 4. Тәуекелдерді бағалау



51. Тәуекелдерді бағалау қызметтің «әлсіз» жерлерін анықтау үшін саралауды жүзеге асыру арқылы бар тәуекелдердің жалпы көрінісін ұсынуға бағытталған. Аталмыш процесс қолданылатын әдістер мен негізгі тәуекелдерді басқару процедураларының бағалауын жүргізуге мүмкіндік береді.

52. Тәуекелдерді жүзеге асыру мүмкіндігі мен тәуекелдердің мүмкін әсер бағалауы тәуекелдер туралы түсінікті дамыту мүмкіндігін беріп, нақты тәуекелді басқару, сонымен қатар тәуекелдерді азайту бойынша қолайлы әрі экономикалық тұрғыдан тиімді стратегиялар қажеттілігі туралы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпараттық базасын ұсынады.

53. Тәуекелдерді бағалау процессі Қоғам қызметіне кері әсер ететін айтулы тәуекелдерді анықтау және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады. Аталмыш тәуекелдер директорлар Кеңесінің қарастырылуына шығарылады. Директорлар Кеңесі өз кезегінде тәуекелдерді басқаруға және оларды бақылауға қатысты шешім қабылдайды.

54. Тәуекелдерді бағалау және талдау шараларын жүргізу аясында Қоғамда тәуекелдерді басқару процессінің әдістемелік базасын құратын сапалы әрі көлемдік әдістемелер немесе олардың қиыстырылуы пайдаланылады.

55. Бастапқы кезде тәуекелдерді бағалау сапалық негізде өткізіледі. Содан кейін анағұрлым айтулы тәуекелдер үшін көлемдік бағалау жүргізілуі мүмкін. Көлемдік бағалау нақты аналитикалық мәліметтерді алуға өз септігін тигізеді. Бағалаудың бұл түрі тәуекелдерді қаржыландыру әдістерін жасау барысында аса пайдалы болса керек.

56. Үлгілендіру немесе осындай үлгілерді құрастыру үшін сенімді статистикалық ақпараттың жоқ болуына орай, көлемдік бағалауға берілмейтін тәуекелдер шығындар тұрғысынан мақсатты емес болып табылады. Бұндай тәуекелдер сапалы негізде ғана бағаланады.

57. Тәуекелдерді бағалау әр тәуекелдің пайда болу көзі мен себептерін қарастыруды, тәуекелдерді жүзеге асыру барысында болатын кері әсерлерді және нақты оқиғаның болу мүмкіндігін қамтиды.

58. Барлық сәйкестендірілген және бағаланған тәуекелдер тәуекелдер Картасында көрсетіледі. Тәуекелдер Картасы әр тәуекелдің маңыздылығын бағалау (басқа тәуекелдермен салыстырғанда), сонымен қатар басқару бойынша іс-шараларды жасауды талап ететін қиын тәуекелдерді белгілеу мүмкіндігін береді.

59. Қоғамның тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау кешенді түрде Қоғамның сәйкес ережелері мен ішкі актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

60. Қоғаммен VAR, гэп-талдау, тарихи сылтаулату әдісі, стресс тесті сияқты түрлі көлемдік әдістерді пайдаланумен бөлек тәуекелдерді бағалау жүргізілуі тиіс. Бағалау тәртібі Қоғамның тәуекелдерді басқарудың сәйкес ережелерімен және басқа да ішкі актілерімен реттеледі.




  • § 5. Тәуекелдерді басқару



61. Қоғам тәуекелге әрекет ету әдістерін анықтап, қиын тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды. Аталмыш іс-шаралар жоспары Қоғамның ұстау қабілеттілігі мен оның тәуекелдерге аппетиттерімен келісілген.

62. Тәуекелдері басқару дегеніміз – бұл кері әсер мен шығындар мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды жасау және жүзеге асыру, сонымен қатар Қоғам қызметінің тәуекелдерімен байланысты шығындардың орын алуы кезінде қаржы өтеуін алу процессі. Процесс тиімділігін қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру шығындарын азайту үшін Қоғам оның қаржы жағдайына және мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерге баса назар аударуы тиіс. Тәуекелдерді басқару жолында қабылданатын шешімдер жыл сайын Қоғамның Басқармасымен және директорлар Кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. Аталмыш шешімдер Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалу үшін міндетті болып табылады.

63. Қалған тәуекелдің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерге әрекет ету әдістерін таңдау мен қиын тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын жасау төмендегідей шараларды қамтиды:

1) тәуекелдердің төмендеуі – тәуекелді жүзеге асыру жағдайында алдын ала іс-шараларды пайдалану және әрекеттерді жоспарлау арқылы тәуекелге әсер ету. Ол азаю жағына қарай тәуекелді жүзеге асыру мүмкіндігінің дәрежесін өзгертуді және мүмкін шығындар деңгейін төмендету мақсатында тәуекелдерді жүзеге асырудан пайда болу немесе оның салдары себептерін өзгертуді қамтиды;

2) тәуекелді қабылдау, яғни бұл дегеніміз тәуекелдің деңгейі Қоғам үшін ұйғарымды екенін білдіріп, Қоғам оның пайда болу мүмкіндігін қабылдайды. Тәуекелді ықшамдау бойынша іс-шараларды қолданудан кейін қалған тәуекелді қабылдау да болуы мүмкін;

3) тәуекелдерді табыстау – басқа тарапқа тәуекелдерді табыстау/бөлу немесе жауапкершілік пен міндеттемелерді бөлуге мүмкіндік беретін түрлі механизмдерді (келісім-шарттарды, сақтандыру келісімдерін жасау және т.б.) пайдалануды қоса алғанда, тәуекелдерді жартылай табыстау;

4) тәуекелден жалтару – тәуекелдің пайда болу көзі болып табылатын әрекетті жалғастыруға немесе қабылдауға қарсы шешімді қабылдау арқылы тәуекелден құтылу.

64. Тәуекелдерді азайту төмендегілерге бағытталған іс-шараларды қамтиды:

1) шығындарды алдын алу – нақты тәуекелдің (шығынның) болу мүмкіндігін қысқарту;

2) шығындарды бақылау – тәуекелдің пайда болуы жағдайында шығын көлемін қысқарту;

3) әртараптандыру – тәуекелдің әлеуетті әсерін төмендету мақсатында тәуекелді бөлу.

65. Тәуекелдерді азайту және бақылау әдістері Қоғамда тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға бағытталған процедуралар мен процесстерді енгізуді білдіреді.

66. Қоғамның қаржы тәуекелдерін азайту және бақылау әдістері ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданатын тәуекел деңгейіне лимиттерді орнатуды қамтиды.

67. Қоғамның қызметіне өзгерістердің әсерін бағалайтын және оларды қабылдау үшін қажетті шараларды әзірлейтін Қоғамның өкілетті заң қызметімен және қызыққан құрылымдық бөлімшелермен заңнама өзгерістерінің монитрингісін жасау – Қоғамның құқықтық тәуекелдерін азайту және бағалау әдістері болып табылады. Қоғамның ішкі процедураларын реттейтін кез келген құжат Қоғамның өкілетті заң қызметінің міндетті сараптамасынан өткізілуі тиіс.

68. Қоғамның стратегиялық тәуекелін азайту және бақылау бекітілген қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлар мен стратегияларды орындау мониторингісі арқылы жүзеге асырылады. Осының қорытындысы бойынша ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерді көрсету үшін түзету іс-шаралары қабылданады.

69. Қоғамдағы операциялық тәуекелдерді азайту және бақылау бекітілген бизнес процесстердің талдауын жүргізу және оларды жетілдіру бойынша іс-шаралардың сәйкес жоспарларын жасау арқылы жүзеге асырылады.

70. Егер тәуекелдерді азайту және бақылау бойынша қолданылатын әдістер Қоғамның шығындарымен байланысты және бұл шығындар айтарлықтай болса, тәуекелдерді ұстау және/немесе қаржыландыру есебінен тәуекелдерді азайту мүмкіндігін немесе осындай шаралар қажеттілігінің талдау, сонымен қатар тәуекелдерді ұстау/ауыстыру бағасымен салыстыру бойынша іс-шаралар шығындарының баламалы бағасын анықтау шаралары жүргізіледі.

71. Тәуекелдерді қабылдау: басты тәуекелдерді анықтау және бағалау барысында Қоғамның ұстау қабілеттілігі есептеледі.

72. Меншікті капиталдың бір бөлігі болып табылатын резерв капиталы Қоғаммен тәуекелдерді меншікті қаржыландырудың тікелей ақшалай қоры болып табылады. Ұстау қабілеттілігінің қалған бөлігі Қоғамның ағымдағы кірістері және өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен қалыптастырылады. Ұстау қабілеттілігінің қалған бөлігінде жоспарланған шығындарға (тәуекелдердің болуы саладарынан Қоғам табысын тікелей төмендетуге апаратын шығындар) тура аллокациясы жоқ болады.

73. Қоғамның тәуекелдер бойынша ұстау қабілеттілігін бөлу тәуекелдердің әрқайсысысына әсер ету талдауы мен тәуекелдерді ауыстыру бағасы бойынша негізделеді. Демек, тәуекелдерді ауыстыру бағасы неғұрлым қымбат болса, осындай тәуекел үшін ұстау үлесі соғұрлым бағытталады. Бұл орайда, резерв қорының үлкен бөлігі негізінен жоғары жиілік пен төмен әсерге ие шығындар үшін (әдеттегідей, операциялық шығындар үшін) арналғанын атап өткен жөн.

74. Тәуекелдерді табыстау/бөлу төмендегідей аспаптарды қамтиды:

1) сақтандыру («таза» тәуекелдер үшін – пайда болуы шығындарды ғана әкелетін және пайда алуды әкеле алмайтын тәуекелдер);

2) хеджерлеу («спекулятивтік» тәуекелдер үшін – жүзеге асырылуы шығындарға, сонымен қатар пайда алуға әкелуі мүмкін тәуекелдер);

3) тәуекелді келісім-шарт бойынша ауыстыру (келісім-шарттың қосымша сыйақысы немесе сәйкес артуы үшін контрагентке тәуекел жауапкершілігін ауыстыру);

4) шартты несие желісі – нақты оқиғалардың пайда болуы барысында келісілген жағдайларда қаржыландыруға рұқсат;

5) тәуекелдерді қаржыландырудың басқа баламалы әдістері.

75. Тәуекел үшін «төлемнің» бар болуы аталмыш аспаптардың негізгі ерекшелік белгісі болып табылады. Бұл, сәйкесінше, Қоғамның шығындарын төмендету мақсатында аталмыш аспаптың онтайлы қолдануын талап етеді.

76. Тәуекелден жалтару/құтылу Қоғам үшін кері зардаптарға әкелетін операцияларды жүзеге асырудан бас тарту немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді қамтиды.

Ең жарамды шараны таңдау нақты әдіс пен артықшылықпен байланысты шығындарды теңдестіру есебімен жүзеге асырылады. Бұлар өз кезегінде басқа да тікелей және жанама шығындарды пайдалануды талап етеді.

Тәуекелдерге әрекет етудің сәйкес шараларын және әдістерін қолдану қиын тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарында жазылып көрсетілген. Аталмыш жоспар қажетті әрекеттер мен жауапты атқарушылар тізімін қамтиды.





  • § 6. Бақылау әрекеттері



77. Басты тәуекелдерді және тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды анықтаудан кейін аталмыш тәуекелдерге ұшырағыш негізгі бизнес процесстер белгілінеді. Сәйкес бақылау әрекеттерін енгізу қажеттілігі мен мақсаттылығын анықтау жолында бизнес процесстердің қадамдық талдауы жүзеге асырылады. Бұнымен қатар, тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар талдауы жүргізіліп, аталмыш іс-шаралардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті бақылау әрекеттері және/немесе көрсеткіштері анықталады. Жиі бақылау әрекеттері өз бетінше тәуекелдерді басқарудың әдісі болып табылады.

78. Бақылау әрекеттері – бұл тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың атқарылуын қамтамасыз етуге көмектесетін саясат және процедуралар. Бақылау әрекеттері Қоғам және оның еншілес ұйымдарының бизнес процесстеріне енгізілуі тиіс. Бақылау әрекеттері мақұлдау, қуаттау, анықтау, келістіру, операцияларды жүргізу талдауы, активтердің қауіпсіздігі және міндеттерді бөлу сияқты іс-шаралардың кең спектрін қамтиды.

79. Бизнес процесстердің талдауын жүргізу және қосымша бақылау әрекеттерді енгізу қажеттілігі мен мақсаттылығын анықтау жауапкершілігі тәуекелдердің меншік иелері – Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының сәйкес құрылымдық бөлімшелер жетекшілеріне артылады. Тәуекелдерді басқару іс-шаралары бойынша бақылау іс-шараларын және көрсеткіштерді жасау үшін Қоғамдағы тәуекелдерді басқару үшін құрылымдық бөлімше жауапты болады.

80. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процессінің негізгі нәтижелері мен қорытындылары тәуекелдерге әрекет ету бойынша іс-шаралардың тұрақты есептілігі түрінде көрсетіледі. Тәуекелдер бойынша тұрақты есептілік негізінде ағымдағы тәуекелдер мен тәуекелдерге әрекет ету бойынша іс-шараларды орындау бақылауы жүзеге асырылады.




  • § 7. Ақпарат және коммуникация



81. Тәуекелдерді басқару жүйесінің әр құрамдас бөлігін жүзеге асыру процессінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасу қамтамасыз етіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесінің аясында дайындалған барлық материалдар мен құжаттар өз ескертулері мен ұсыныстарын жасайтын қызыққан құрылымдық бөлімшелерінің келісімінен өтеді. Ұстау қабілеттілігі мен тәуекел аппетиті, сонымен қатар басты тәуекелдер талдауы мен тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары жылына бір мәрте Қоғамның директорлар Кеңесінің қарастырылуына ұсынылады.

82. Қоғамдағы ақпарат пен коммуникация тәуекелдерді басқару процессінің қатысушыларын тәуекелдер туралы ақиқатты және уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етіп, тәуекелдерге әрекет ету бойынша әдістер және аспаптар туралы мәлімет беру деңгейін арттырады. Сәйкес ақпарат еңбеккерлерге өз қызметтерін тиімді орындау мүмкіндігін беретін форма мен мерзім ішінде анықталады, белгіленеді және ұсынылады.

83. Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мониторинг шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып, Қоғам басында тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшені болған шығындар жайында ақпараттандырады. Осындай әр жағдай бойынша шығындардың орын алу себептерін талдау шаралары ұйымдастырылып, болашақта бұл жағдайларды алдын алу бойынша қажетті іс-шаралар қабылданады (шығындарды тіркеу жүйесі).

84. Қоғамның еншілес ұйымдары бекітілген ішкі актілерге сәйкес консолидация және Қоғам Басқармасы мен директорлар Кеңесін ақпараттандыру мақсатында тәуекелдер туралы ақпаратты ұсынады.

85. Қоғам серіктестерге, несие берушілеріне, сыртқы аудиторларға, рейтингтік агенттіктерге және басқа да қызыққан тұлғаларға (соның ішінде жылдық есеп құрамында) тәуекелдерді басқаруға қатысты ақпаратты тарата алады. Бірақ, жарияланатын ақпарат детализациясының деңгейі Қоғам қызметінің өзгешілігі мен ауқымына сәйкес болуы тиіс.


  • § 8. Мониторинг



86. Қоғамда тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігінің мониторингісі (басқару әдістері мен тәуекелдерді басқару құралдарын қоса алғанда) жүзеге асырылады. Қажеттілігіне орай, аталмыш жүйе тиімділігін түрлендіру және үлгілендіру шаралары да жүргізіледі. Мониторинг шаралары тұрақты негізде жылына бір мәрте ұйымдастырылады.

87. Қоғам тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігінің мониторингісін жүзеге асырып, орнатылған тәртіпте бекітілген негізгі принципке, саясатқа және ережелерге сәйкес өз тәуекелдерін бақылап отырады.

88. Тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесінің мониторингісі бар бизнес процесстің маңызды бөлігі болып, аталмыш жүйенің бар болуы мен оның құрамдас бөліктерінің жүзеге асырылуын бағалайды. Мониторинг тәуекелдерді басқару жүйесі саясатының, процедураларының және іс-шараларының орындалуын және мақсатты тексерістердің жүзеге асырылуын тұрақты түрде қадағалайды. Мақсатты тексерістердің ауқымы мен жиілігі тәуекелдерді бағалауға және тұрақты мониторинг тиімділігіне байланысты. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жетіспеушіліктері уақытында Қоғамның Басқармасы мен директорлар Кеңесіне хабарландырылуы тиіс.

89. Қоғам Басқармасы уақытында Қоғамның директорлар Кеңесінің қарастыруы мен бекітуі үшін, соның ішінде шоғырландырылған негізде, тәуекелдерді басқаруға қатысты есептерді ұсынады.

90. Қоғамның директорлар Кеңесіне ұсынылатын тәуекелдерді басқару есебі Қоғам тәуекелдерінің көлемін, сонымен қатар тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік талаптарды және Қоғамның ішкі құжаттарымен орнатылған лимиттер мен нормаларды сақтау туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

______________________________________________

Директорлар Кеңесімен бекітілген

«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының

тәуекелдерді басқару Саясатына

№ 1 Қосымша

(2009ж. «02» қыркүйектен № 13 Хаттамасы)
«Қазтеміртранс» АҚ тәуекелдерінің категориялары


Риск репутации – Бедел тәуекелі

Стратегические риски – Стратегиялық тәуекелдер

Финансовые риски – Қаржы тәуекелдері

Проектные риски – Жобалық тәуекелдер

Страновые риски – Елдің тәуекелдері

Информационно-технологические риски – Ақпараттық-технологиялық тәуекелдер

Операционные риски – Операциялық тәуекелдер

Экологические риски – Экологиялық тәуекелдер

Риски ликвидности – Өтімділік тәуекелдері

Кредитные риски – Несие тәуекелдері

Рыночные риски – Нарық тәуекелдері

Валютный риск – Валюталық тәуекел

Процентный риск – Пайыздық тәуекел

Ценовой риск – Баға тәуекелі



Нормативные риски – Нормативтік тәуекелдер

Производственные риски – Өндірістік тәуекелдер



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет