2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/4
Дата01.04.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4
: userfiles -> file
file -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
file -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
file -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
file -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер,үй алу кезегінің тізімі
file -> Личная информация
file -> Жамбыл облысының құрметті азаматтарының тізімі 1999 жыл
file -> Тақта (билборд) орналасатын орындар


О

блыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық іс-шаралардың



2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы
Шілде
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2010 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 51,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға артық. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі кен өндіру өнеркәсібі және кен орнын пайдалануда – 37,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 22,4%-ға, электр қуатымен қамтамасыз ету, газбен парды өндіруде – 5,7%-ға артуына байланысты.

Өндірістің өсіміне Мойынқұм ауданынан басқа барлық аудандар мен Тараз қаласында қол жеткізілген

Есепті кезеңде бензин өндіру - 44,4%-ға, МІҚ малдың терісінен былғары - 21,3 есеге, аяқ-киім - 12,5 есеге, құрама құрылыстық металл қондырғылары - 2,3 есеге, бетоннан жасалған құрама құрылыстық қондырғылар - 4,8%-ға, арақ бұйымдарын - 1,8 есеге, өзге де сүт өнімдерін - 27,3%-ға, өңделген сүт өнімдері - 3,8%-ға, астық және өсімдік ұны – 2,4%-ға, шұжық бұйымдары - 1,6%-ға, ет өнімдері - 1%-ға артты.

Сонымен бірге, облыста натрий триполифосфатын, ортофосфор қышқылын, табиғи газды, газ конденсатын, құрамында алтын бар концентраттар, ірімшік және сүзбені, сары майды, алтын және күміс, ферросиликомарганец, гипсті, электр қуатын және табиғи суды өндіру төмендеген.

Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған қарқынды индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыста бүгінгі таңда жалпы құны 1,6 млрд. теңгеге 2 жоба («АльБасар» ЖШС-і мен «Жасұлан және К» ЖШС-і) іске асырылды, онда 335 жұмыс орны ашылды.

Аграрлық секторда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2010 жылдың қаңтар-маусымында 17,2 млрд. теңгені немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 102,1%-ды құрады.

Егін шаруашылығында жем-шөп дайындау және масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жургізілуде. Мал шаруашылығында өнім өндіру көлемі мен мал басы өсімі сақталуда. Сонымен бірге ет өнімін өндірудің төмендегені Шу (5 ға-%), қой мен ешкі басының қысқаруы Байзақ (1,2%-ға), түйенің – Жамбыл (22,9%-ға), құстың – Мойынқұм (10,2%-ға), Байзақ (3,2%-ға) және шошқаның – Байзақ (27,3%-ға), Т.Рысқұлова (19%-ға), Мерке (5,8%-ға) аудандарының шаруашылықтарында байқалады.

Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылықты қолдауға республикалық бюджеттен 1673,6 млн. теңге субсидия бөлінді, оның 2010 жылдың 1 шілдесіне 440,4 млн. теңгесі игерілді. Бұдан басқа, облыстық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 16 млн. тенге субсидия бөлінді, (оның 7,5 млн. теңгесі игерілді), жеміс жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге – 0,5 млн. теңге (игерілгені 100 %).

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2010 жылдың қаңтар-маусымында облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 0,2% -ға, оларда қызмет жасайтын адам саны – 2,5%-ға өсіп, 34,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген (НКИ – 102,6%).

Сонымен бірге, белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың олардың тіркелген санындағы үлесінің орташа облыстық көрсеткіштен төмендігі Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Талас, Шу аудандарында қалыптасқан.

Негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялардың көлемі 2010 жылдың қаңтар - маусымында 37363,6 млн. теңгені немесе 2009 жылдың тиісті кезеңіне 29%-ды құрады.

Өткен жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда инвестициялық қызметтің өсу қарқыны Сарысу (2,5 есе), Талас (113,2%) аудандарында және Тараз қаласында (2,3 есе) байқалады.

Байзақ (13,1%), Жамбыл (15,9%), Жуалы (12,3%), Кордай (13,8%), Меркі (15%), Т.Рыскұлов (19,3%) және Шу (17%) аудандарында ағымдағы жылы облыс аумағында Қытайға транзитті магистралдық газ құбырының құрылысы бойынша жұмыстардың кысқаруы себебінен капиталдық салымдар 5-6 есеге азайды.

2010 жылдың қаңтар-маусымында құрылыс жұмыстарынның (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 16258,5 млн. теңгені немесе 2009 жылдың тиісті кезеңіне 55,6% құрады.

Құрылыс қызметтің оң үрдісі 2009 жылдың қантар-маусымымен салыстырғанда Байзақ (3,5 есе), Жамбыл (139,6%), Қордай (7,3 есе), Меркі аудандарында (2,3 есе) және Тараз қаласында (162,1%) сақталған. Ағымдағы жылдың басынан Мойынқұм ауданында 54,9 млн. теңгеге мердігерлік жұмыстар жүргізілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі Жуалы (71,1%), Т.Рыскұлов (0,5%), Сарысу (71,8%), Талас (79,3%) және Шу (79,5%) аудандарында азайған.

Үстіміздегі жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 білім беру, 18 денсаулық сақтау, 32 – сумен жабдықтау және 2 – ауылды газдандыру бойынша объектілерін салу және қайта жаңғырту жоспарланған.

Есепті кезеңде білім беру объектілерінің құрылысында 972,9 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың 88,7%-ы игерілді, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 611,4 млн. теңге (92,4%). Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысында кассалық орындалу 3077,7 млн. теңгені (98,2%) құрады, оның ішінде «100 аурухана қурылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын 4 объектінің құрылысында 2969 млн. теңге нақты игерілді (100%). Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, «Жол картасының» объектілерін есепке алмағанда, 1016,5 млн. теңге (83%), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 979,3 млн. теңге игерілді немесе есепті мерзімге бөлінген қаражаттан 94,7%.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 74,1 мың шаршы метрді құрады және 2009 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 22,1%-ға өсті, оның ішінде жеке құрылысшылардың өз қаражаты есебінен 72,6 мың шаршы метр салынды. «Байтерек» мөлтек ауданында 2009 жылы құрылысы аяқталмаған 70 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға берудің мемлекеттік қабылдауы жүргізілуде.

1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді енгізу көлемі 8 ауданда және Тараз қаласында өскен, ал Байзақ және Талас аудандарында үй тиісінше 19,3% және 5,4%-ға аз салынған.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде коммуналды (жалға берілетін) және ипотекалық тұрғын үй құрылысына жылдың басынан республикалық бюджеттен жалпы сомасы 502,8 млн. теңге мақсатты трансферттер мен пайызсыз несие бөлінген, нақты игерілгені 24,7 млн. теңге (4,9%). Бөлінген қаражат негізінен жобалау-іздеу жұмыстарын төлеуге жұмсалған.

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне «Байтерек» мөлтек ауданында 70 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысына конкурстық рәсімдер өткізілмеген, осыған сәйкес мемлекттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражаттың игерілуі басталмаған.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі 34,9%-ды (282,1 млн. теңге), оның ішінде Байзақ – 34,1%, Жамбыл – 4,9%, Жуалы – 0,3%, Кордай – 54,5%, Меркі – 98,8%, Шу аудандарында – 0,7% және Тараз қаласында – 36,5% құрайды.



Салықтар. Мемлекеттік бюджетке 2010 жылғы қаңтар-маусым айларында 16197,6 млн. теңге жиналды (болжамға 87,7%). Республикалық бюджетке түсімдер 7309,5 млн. теңгені (69,9%), жергілікті бюджетке – 8888,1 млн. теңге (111%) құрады.

Республикалық бюджет болжамының орындалмау себебі Қытайға жүргізілетін транзитті магистралды газ құбырында құрлыс жұмыстарының қысқарғанына байланысты кедендік төлемдер түсімінің азаюында.

Жергілікті бюджетке болжам түсімдерін Мойынқұм ауданынан (97,5%) басқа барлық аудандар орындады.

Кірістер бойынша облыс бюджеті 57,7 млрд. теңгеге немесе 2009 жылдың тиісті кезеңіне 21,9%-ға өсумен жоспарға 101,5%-ға орындалды.

Бюджет шығындары 52,9 млрд. теңгені құрады (жоспарға 92,7%), бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінен 16,6%-ға артық.

Инфляция деңгейі. 2010 жылғы маусым айында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі 104,7%-ды, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 %-ға жоғары (ҚР-104,4%). Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалар индексі –106,1%-ды, азық-түлік емес тауарлары бойынша –103,0%-ды, ақылы қызметтер бойынша –104,3%-ды құрады.

Әлеуметік саясат. Экономиканың дамуы, халықтың өмірлік деңгейінің жоғарылуы, әлеуметтік мәселелерді шешу, балалары бар отбасыларды қолдау бойынша іс-шараларды іске асыру, облыста демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуде.

2010 жылдың қаңтар-маусымында туу коэффициенті (денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша) 2009 жылдың тиісті кезеңіндегі 12,82 промильге қарағанда 12,91 промильді, халықтың өлім коэффициенті ү. ж. қаңтар-мамырында тиісінше 8,02 және 8,18 промильді құрады.

Облыста көші-қонның теріс сальдосы сақталуда (ү. ж. қаңтар-наурызында -1438 адамды құрады), бұл тек қана ішкі көші-қон есебінен құралып отыр және төмендеу үрдісі байқалуда, 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ол 450 адамға қысқарды. Оң сальдо тек Байзақ және Мойынқұм аудандарында тіркелген.

Еңбек қатынасы саласында ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында тұрақты жұмыс орындарына барлығы 9438 адам орналасты, оның ішінде «Жол картасы» бойынша – 7133 (оның ішінде жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша – 5275 немесе 74%), ақылы қоғамдық жұмыстарға - 2113 адам, «жастар тәжірибесіне» – 1705 (о.і. «Жол картасы» бойынша - 1680), әлеуметтік жұмыс орындарына – 1386 (о. і. «Жол картасы» бойынша - 2377), маусымдық жұмыстарға – 11786 тартылды, бос орындарға 3931 адам орналасты.

Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкілетті органдарға жүгінген азаматтардың ү. ж. қаңтар-маусымында 13077 жұмыссызы жұмысқа орналасты немесе жүгінгендердің 74,7%-ы. Жұмысқа орналасу деңгейінің 70%-дан төмендігі Байзақ, Қордай және Тараз қаласында байқалады.

Мамандарды оқытуға және қайта даярлауға 32 бастапқы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарымен келісім жасалып, оқуға бір жылға қарастырылған 4595 жұмыссыздардан 4095 жұмыссыздар жіберілді, 2232 адам оқуды аяқтады, 1373 адам жұмысқа орналасты.

Іске асырылып жатқан іс-шаралардың арқасында жұмыссыздар санының жағдайы тұрақты түрде жақсаруда. 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда халықтың жұмыс істейтіндер саны 2010 жылдың 1 тоқсанында 3%-ға, жалдамалы қызметкерлер - 2%-ға артты. Жұмыссыздар саны 11,2%-ға немесе 4,4 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі экономикалық белсенді халық санынан 6,9%-дан 6,0%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық – 6,5%-дан 6,1%-ға дейін төмендеді.

Жалпы жұмыссыздық деңгейінің өсуі Мойынқұм және Талас аудандарында, жастар арасындағы – Меркі, Талас және Шу аудандарында тіркелген.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың 1 шілдесіне 0,5%-ды (1.07.2009 жылы – 2,3%-ды) құрады. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылдың басымен салыстырғанда 386 адамға артты және 2686 адамды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету төлемдеріне 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына 125,4 млн. теңге жұмсалды, 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы – 553,6 млн. теңге, тұрғын үй көмегі – 260,4 млн. теңге, үйде оқылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы – 22,8 млн. теңге. Тұрғын үй көмегін 68 мыңнан астам кембағал азаматтар алды, 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға жәрдемақыны - 81,3 мың бала.

Бұдан басқа, азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне байланысты әрбір атаулы әлеуметтік көмек алатындарға қосымша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жартыжылдыққа 8,7 млн. теңге төленді, әр түрлі ұйымдардың қайырымдылық қоры арқылы жыл басынан заңды және жеке тұлғалардан аз қамтылған 22,7 мың азаматтарға 78 млн. теңгеге қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық санын қысқарту байқалуда, 2010 жылдың 1 шілдесіне ол 19477 адамды құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,9%-ға қысқарды, ал оның облыс халық санындағы үлесі 2009 жылдың қорытындысы бойынша 2,4%-ға қарағанда 1,9%-ды құрады. Сонымен бірге кедейшіліктің жоғарғы деңгейі Жуалы ауданында сақталуда – 2,9%.

2010 жылдың мамырында халықтың номиналды ақшалай табысы (алдын-ала мәліметтер бойынша) 32439 теңгені құрады, және 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға, нақты – 16,2%-ға өсті.

Бір қызметкердің орташа жалақысы ү. ж. қаңтар-мамырында кәсіпорынның толық шеңбері бойынша 46098 теңгені құрады, бұл номиналдық тұлғалауда 2009 жылдың тиісті кезеңінен 9%-ға және нақты – 1,5%-ға артық.

Өмір сүрудің ең төменгі мөлшері 2010 жылдың маусымында 12149 теңгені құрады және жартыжылдықта 12,8%-ға өсті.



Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2010 жылы түзетілген бюджетпен 21,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2009 жылдың деңгейінен 2,7%-ға төмен, оның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету көлемін қамтамасыз етуге - 11,6 млрд. теңге (31,1%-ға аз). 2010 жылдың 1 шілдесіне 10 млрд. теңге игерілді (жылдық көлемнен 46,6%), оның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету көлемін игеру 5,9 млрд. теңгені құрады (қаражаттың жылдық көлемінен 51%).

39 денсаулық сақтау объектілерін жөндеу қарастырылған, оның ішінде «Жол картасын» іске асыру шеңберінде - 12. Ү. ж. 1-ші шілдесіне 12 объектіде 271,9 млн. теңге немесе есепті мерзімге жоспардың 98,5%-ы игерілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жөнделіп жатқан 27 объектіде 271,4 млн. теңге немесе қаражаттың жылдық көлемінен 45,2% игерілді.

Ү.ж. қаңтар-маусымында (емдеу мекемелері бойынша) 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ана өлімі деңгейінің (100 мың туылғанға шаққанда) өсуі Жуалы, Т. Рысқұлов, Сарысу аудандарында және Тараз қаласында байқалады, сәби өлімінің - (1000 туылғанға шаққанда) – Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу аудандарында байқалады.

10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 2009 жылғы 24,8-ден ү. ж. I жартыжылдық қорытындысы бойынша 25,3-ке дейін өсті. Кадрлардың ең көп тапшылығы Жамбыл және Меркі аудандарында байқалуда.



Білім беру. 2010 жылы түзетілген бюджетпен білім беру жүйесін қамтамасыз етуге 39,8 млрд. теңге қарастырылған немесе 2009 жылға қарағанда 14,7%-ға артық (34,7 млрд. теңге). Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 20,9 млрд. теңге игерілді немесе жылдық жоспарға 52,4%.

11 білім беру объектілерін күрделі жөндеуге бюджетте 568,5 млн. теңге қарастырылған, ү. ж. 1 шілдесіне 102,2 млн. теңге (18%) игерілді, 30 физика, химия және биология кабинеттерін жабдықтауға 122,9 млн. теңге, 27 лингафонды кабинеттер сатып алуға – 149,6 млн. теңге қарастырылды.

Білім беру объектілерін материалдық техникамен қамтамасыз етуге – 71,5 млн. теңге қарастырылды, оның 45,4 млн. теңгесі немесе жылдық жоспардың 63,5%-ы игерілді.

«Жол картасын» іске асыру шеңберінде 34 білім беру объектілерін жөндеу көзделген. Ү. ж. 1 шілдесіне 364,5 млн. теңге немесе есепті мерзімге жоспардың 92,2%-ы игерілген.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орташа 16 оқушыны құрайды. Жалпы облыста барлық 470 мектеп компьютерлендірілген және телефондандырылған, Интернет желісіне 447 мектеп қосылған немесе 95,1%, 138 мектепке 690 интерактивті тақта орнатылған.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыста көрсеткіш 2009 жылдың 70,92 балына қарағанда 76,16 балға жетті. Оқушылар білімінің ең төменгі деңгейі Қордай ауданында тіркелген, онда орташа балл өту балынан төмен – 48,55. Байзақ, Жамбыл және Шу аудандары орташа облыстық көрсеткіштен төмен.

2010 жылдың 1 шілдесіне облыста 136 балабақша және 23,0 мың баламен қамтылған 80 шағын орталық жұмыс істейді. 2010 жылдың I жартыжылдығында 520 орындық екі балабақша (Қордай ауданында және Тараз қаласында), 21 шағын орталық (625 орындық) және әрекеттегі мектепке дейінгі мекемелерде 10 қосымша топ (400 орындық) ашылды. Облыста балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету 35,9%-ды құрайды, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайыздық тармаққа жоғары. Сонымен қатар, мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету деңгейі (орташа облыстық көрсеткіштен анағұрлым төмен) Талас ауданы мен Тараз қаласынан басқа аудандардың барлығында байқалады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерге орын алуға 13812 бала кезекте тұр.

2010 жылдың 1 шілдесіне 9 қала сыртындағы, 284 бағдарлық және 362 метеп қарамағындағы лагерлер 90,2 мың баланы жаздық демалыспен және сауықтырумен қамтамасыз етті. Олардың демалысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 117,2 млн теңге қарастырылған, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 18,9 млн. теңгеге артық.



Мәдениет саласында 3 ауылдық мәдениет үйі және 4 ауылдық кітапхана ашылды. Үстіміздегі жылы «Жол картасын» іске асыру шеңберінде 14 мәдениет объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда 1 шілдеге 312,8 млн. теңге немесе есепті мерзімге жоспардың 98,1%-ы игерілді.

Спорт саласында жаппай спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударылуда. Облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатын объектілер желісі 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 68 бірлікке өсті. Өсім Қордай ауданынан басқа барлық аудандарда байқалады.

«Жол картасын» іске асыру шеңберінде 4 спорт объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ү. ж. 1 шілдесіне 72,7 млн. теңге немесе есепті мерзімге жоспардың 79,2%-ы игерілді.

Облыста қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 2958 қылмыс тіркелген, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанада 10,2 пайызға жоғары.

Есепті кезеңде қылмыстардың ашылуы 69,3 пайызды құрады немесе 2009 жылдың сәкес кезеңінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғарылады.

Облыста саяси ахуал тұрақты.
Облыстық іс-шаралар
Астана күніне арналған мерекелік шаралар (6 шілде)
Елорда күні мерекесін өткізу жөнінде аудандар мен тиісті мекемелерге ұсыныс хат жіберіліп, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес облыста Елорда күні кеңінен аталып өтілді. Атап айтқанда, «Бірлігі жарасқан елдің бас қаласы», «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі», «Елім деп соққан жүрегім», «Астананың көркеюі – Қазақстанның гүлденуі» атты ғылыми-практикалық конференциялар, «Астана - әсем қала», «Қазақстанның жүрегі Астана», «Рухы биік, еңсесі биік Астана!», «Көтерілген туым бар, көтеретін ерім бар!» тақырыптарында «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар, «Әнім саған, Астана!», «Астанам деп ән салам» атты патриоттық әңдер байқауы, спорттың бірнеше түрінен облыстық жарыстар т.б. көптеген мерекелік шаралар өткізілді.

Оқу орындары мен мәдениет мекемелерінде «Елбасы және Елорда» атты арнайы көрмелер, бұрыштар ашылды.

6 шілде күні аудандар мен Тараз қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, еліміздің жетiстiгi мен елордамыз Астана қаласының келбеті мен сәулетін кең түрде насихаттауға, Астананың елордалық имиджін қалыптастыруға бағытталған «Туған күніңмен, Астана!», «Астана – бүлдіршіндер көзімен», «Рухы биік, еңсесі биік Астана!», «Жан жүрегім, Астана!», «Астана – бас қалам!» атты мерекелік шаралар, театрландырылған көріністер, көпшілік серуендері, түрлі байқаулар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, фотосурет көрмелері ашылды.

Мерекелік шараларды ұйымдастыруда үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар және басқа да қоғамдық бірлестіктер Елорда күніне аймақтың бұқаралық ақпарат құралдары ауқымды ақпараттық қолдау көрсетті.


Облыстық «Егінжай күні» семинар-кеңесі (23 шілде)
«Егінжай күні» семинар-кеңесі үстіміздегі жылдың 23 шілдесі күні Меркі ауданында өткізілді.

Аталған кеңеске барлығы 400-ге жуық адам, оның ішінде аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, шаруашылық басшылары, облыстық басқарма басшылары, ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық инспекциясы мамандары, Қазақ су шаруашылғы ғылыми-зерттеу институтының ғалым-мамандары, шетелдік компаниялардың өкілдері, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығының басшылары мен ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, «Қаз Агро» Ұлтық компаниясының және басқа да қаржы институттарының өлкелік басшылары қатысты.

Семинар-кеңестің басты мақсаты – облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, өсімдік шаруашылығын дамытуға қатысты озық агротехнологиялық әдіс-тәсілдермен өзара тәжірибе алмасып, осы саладағы жақсы дәстүрлердің кең насихатталып, таралуына ықпал ету, аграрлық сала ғалымдары мен іскер адамдардың саланы дамытудағы ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, оларды пайдаға асыруды ұйымдастыру, соңғы үлгідегі озық техникалар мен тәжірибелік алқаптарды көрсетіп, насихаттау.

Осы мақсаттарда семинар-кеңестің пленарлық отырысы алдында оған қатысушылар ең алдымен Меркі ауылының орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін аралап, егін шаруашылығы саласында пайдаланыста жүрген, сондай-ақ, бірқатар фирмалар сатуға ұсынған жаңа техникалармен танысты.

Әрі қарай семинар-кеңеске қатысушылар Меркі ауданындағы «Балабек» шаруа қожалығының жеміс бақтарын аралап, ондағы жеміс ағаштарының күтімімен, бақтың суару жүйелерімен, өсіріп-баптау ерекшеліктерімен, бағбандардың жұмыстарымен танысты.

Семинар-кеңеске қатысушылар «Меркі ТС» ЖШС-нің жеміс ағаштары көшеттерін өсіретін питомнигінің жұмысымен, «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің қант қызылшасы алқаптарымен, «Жылыбұлақ», «Сыпатай батыр» ЖШС-нің қант қызылшасы және майлы дақылдар егілген алқаптарымен танысып, аталған шаруашылықтардың дақылдарды өсіру, күтіп-баптау, суару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты іс жүзінде көрді.

Осы іс-шаралардан кейін облыстық «Егінжай күні - 2010» семинар-кеңесінің жұмысы Меркі ауылындағы мәдениет үйінде өткізілді.

Семинар-кеңесті кіріспе сөзімен ашқан облыс әкімі аграрлық салаға тікелей инвестиция тарту, салаға озық технологиялар енгізу, бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруға бағытталған экономикалық жағынан тиімді жобалар дайындап, аталған қаржы көздерінің мүмкіндігін барынша пайдалану – бүгінгі күнгі басты талап екендігін қадап айтты.

Ол, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұл тараптағы белсенділіктерінің әлі де төмен екендігін, шаруашылықтардың басым бөлігінің ұсақтығы олардың қаржы ресурстарына еркін қол жетімділіктеріне кедергі болып отырғандығын, сондықтан оларды ірілендіру, қайта өңдеу кәсіпорындарымен интеграциялау арқылы ғана саланы серпінді дамытуға болатындығын атап өтті. Облыс әкімі бұл тарапта, бұл жұмыстар аудан басшыларының күнделікті жүйелі түрде атқаратын негізгі жұмыстары болу қажет, деп, атап көрсетті.

Семинар-кеңесте негізгі баяндаманы «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары» тақырыбында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы жасады.

Баяндамашы, алдағы уақытта облыстың егін шаруашылығы саласында әртараптандыру жүйесін сақтай отырып, күздік бидай тек қана облыстың ішкі қажеттілігіне жететін көлемде өсірілетіндігін, ал, ол дақылдардың орнын ауыспалы егістік (севеоборот) талабына сай, жоғары рентабельді, сұранысқа ие – майлы дақылдар, жеміс-көкөніс, қант қызылшасы, бұршақ тұқымдас және мал азығы дақылдары басатындығына тоқталды.

Ол, бұл орайда, суармалы жерлерді пайдалану негізінен басты 2 бағытта жүргізілетіндігін, оның біріншісі - үш танапты егістікті пайдалана отырып, қант қызылшасы, жүгері және соя дақылдарын өсіруді дамыту екендігін, екіншісі - суармалы алқаптармен қатар, тамшылап суару технологиясын пайдалану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру бағыты екендігін атап өтті.

Жалпы алғанда, облыстың, отандық азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толықтай қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндігі бар.

Алайда, әр түрлі өндірістік-экономикалық қиындықтар себебінен қант, өсімдік майы, жеміс жидектер сияқты өнімдермен облыстың өзін-өзі қамтамасыз етуі әлі де төмен күйде қалуда.

Мәселен, қазіргі кезде республика бойынша шығарылатын ақ қанттың 97 пайызы импорттық шикізат – қант құрағынан (тростниктен) өндіріледі. Оның себебі, соңғы жылдары жалпы еліміз бойынша, оның ішінде, Жамбыл облысында да қант қызылшасын өсірудің төмендеп кеткендігі болып отыр. Осы мақсатта үстіміздегі жылы облыстағы 2 қант зауыты: Тараз қаласындағы «Қант» АҚ мен Меркі ауданындағы «Меркі қант зауыты» ЖШС-ін қант қызылшасы шикізатымен ең төменгі қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін облыс бойынша қант қызылшасы алқаптары едәуір көбейтіліп, осы тығырықтан шығудың алғашқы қадамы жасалды. Алдағы 2011-2014 жылдары облыс бойынша қант қызылшасы алқаптарын 10-14 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Облыста көкөніс өнімдері облыс тұрғындарының сұраныстарын толық қанағаттандырумен бірге, еліміздің басқа өңірлеріне шығарып сатылуда. Облыстың шаруашылықтары жалпы республика бойынша өндірілетін көкөніс өнімдерінің 30 пайызға жуығын өндіреді.

Дегенмен, облыста маусымаралық кезеңдерде көкөніс тапшылығы сезіліп отыр. Бұл тапшылықты жою мақсатында 2008 жылы көкөніс өнімдерін өсіретін жалпы көлемі 2,86 га 65 жылыжай іске қосылса, өткен жылы 5,7 га құрайтын 100 жылыжай салынды.

Қазіргі кезде облыста жалпы көлемі 16,0 га құрайтын 200 жылыжай жұмыс істеуде.

Бұл жылыжайлардан үстіміздегі жыл басынан бері 680 тонна көкөніс өнімдері жиналды, жыл аяғына дейін тағы да 1000 тонна өнім жинау күтілуде.

Семинар-кеңесте, сондай-ақ, «Рапуль Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коммерциялық директоры Ержан Тұрсынұлы Қожахметов, «Агротехнологияларды коммерциялау және трансферттер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Серік Бегімбетов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жеміс-көкөніс шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Сергей Николаевич Олейченко, Қостанай қаласындағы Рессейлік «Лигногумат» қоғамдық бірлестігінің бас агрономы Максим Вазиленович Никулин, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Балғабаев, «АIК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мадина Қосмановалар жарыссөзге қатысып, өсімдік шаруашылығын дамытуға қатысты ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет