2010 жылға Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты жұмысының негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Есебі



жүктеу 279.77 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі279.77 Kb.
: akimsemey -> upload
upload -> БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт
upload -> Шешіміне 3-қосымша Семей қаласыының елді мекен бойынша жер салығының түзетілген базалық коэффициенттік ставкалары
upload -> Сборник очерков, статей усть-каменогорск 2004 Редакционная коллегия: А. А. Аубакиров Т. А. Черных
upload -> «Қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Лизингке техника алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Мал басының бар-жоғы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі жариялаған 2010-жылғы маусым ның 1-30 аралығындағы хабарламалар тізімі
upload -> Городские производство Республика Казахстан
upload -> 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспары кіріспе 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмысы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау
upload -> Шығыс Қазақстан облысыныңмұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 2012 жылға Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттамалар

басқармасы

Өскемен қаласы,

Пермитин көшесі, 23




2010 жылға Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік

мұрағаты жұмысының негізгі көрсеткіштерін орындау туралы

Есебі
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына, сонымен қатар, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелеріне», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да ведомствалық және жеке меншік мұрағаттардың мұрағат құжаттарын қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелеріне, «Сақтау мерзімдері көрсетілген, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ғылыми-техникалық және өндірістік қызметтерінде құрылған үлгілік құжаттар тізбесіне», «Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының шығарылу ережелеріне, «Акмола облысы мемлекеттік мұрағатында дайындалған құжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік ұсыныстарға» ұсыныстар мен ескертулер әзірледі.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы №334 «Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» қаулысына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатының Жарғысына сыбайлас жемқорлық бойынша қосымша енгізілді. Сондай-ақ Жарғыға қосымшалар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар түсірді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатынды облыс мемлекеттік мұрағаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бірқатар шаралар атқарды: азаматтық қызметшілердің құқыққа қарсы әрекеті туралы азаматтардың шағымдарына арналған жәшік орналастарылды, жәшікті ашуға және тиісті есептік құжаттарды жүргізуге жауапты тұлға тағайындалды. «Казахстанская правда» газетіне сыбайлас жемқорлық тарихы бойынша мақала әзірленіп, жолданды.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының тапсырмаларын орындау бойынша облыс мемлекеттік мұрағаты аймақты дамыту бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру ісшараларының жоспарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын мерекелеу бойынша ісшаралар жоспарын және Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру ісшараларының жоспарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығын мерекелеу бойынша медиа-жоспар, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау бағдарламасыг орындау туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеуге орай бүкілұлттық жоспар әзірледі.

Апта сайын облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасына келіп түскен және орындалған әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың саны туралы, және олардың орындалу мерзімдері туралы мәліметтер тапсырылып отырды. Бұдан өзге, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасына жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі тапсырылды.

Есепті кезеңде Өскемен қаласының прокуратурасы заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қарау тәртібі туралы» Заңына түсініктеме берілді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитет басқармасы «ҚР мемлекеттік органдарындағы статистикалық есеп және тексеру бақылауын бірыңғай мемлекеттік тіркеуге алу туралы» Нұсқаулық талаптарының орындалуына тексеру жүргізді. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жүгіністерін қарастыру мерзiмдерiндегi бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берiлген. ШҚО облысы бойынша ҚР қаржы Министрлігінің қаржылық басқару инспекциясы «Мемлекеттік сатып-алулар туралы» ҚР Заңының орындалуы тексерілді.

Әдістемелік тұрғыда облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының СТК-мен «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатындағы сұраныстарды орындау тәртібі туралы нұсқаулық» жасалды және келісілді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағатында «Шығыс Қазақстан облысы электрондық мұрағаты» бағдарламалық-аппараттық кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік сатып-алулар бойынша конкурстың 2 кезеңі өткізілді. Бұл мақсаттар үшін 12 млн. 510 мың теңге бөлінді және жұмсалды. Нәтижесінде облыс мемлекеттік мұрағатына келесі құрал-жабдықтар алынды: 18 компьютер, А4 форматты 2 планшетті сканер, ноутбук, мультимедиялық проектор және экран, кәсіби бейнекамера, бағдарламалық қамсыздандыру, вирусқа қарсы бағдарлама алды. «Бейнехана» атаулар базасын құру жұмысы, «Әкімшілік-аумақтық бөліну», «Естеліктер кітабы», «Электрондық қор каталогы», «Мұрағат тіркеуі», «Атау каталогы» мәліметтер базасын толтыру жұмыстары жүргізілуде. «ШҚО электрондық мұрағаты» конкурсының 3 кезеңін өткізуге ақпараттар дайындалуда.

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» ресми сайты (http://e-arhiv.vko.gov.kz) ашылғын, мұнда, анықтамалық ақпараттар, мемлекеттік мұрағаттың тарихы, көрсетілген негізгі мәлімметтер, анықтамалықтар, құжаттар жиынтығы, кітапшалар, баяндамалар мәтіндері, сканерленген құжаттар жарияланған және облыстық мемлекеттік мұрағаттың барлық қажетті бөлімдері, сондай-ақ жеке қор бөлімдері де қарастырылған, элетрондық қызмет көрсету Орталығының қабылдауымен ықпалдастық құрылған.

Потанин көшесі, 12а ғимаратына Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мұрағат ғимаратының құрылыс құрылымының жағдайына техникалық сараптама жүргізді, оның қорытындысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы Әкіміне, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бөлінбес бөлшегі болып табылатын құжаттарды мемлекеттік сақтауға әрі қарай қабылдау үшін бос алаңының болу қажеттігі және іс жүзіндегі нақты жүктемеге есептелген мамандандырылған ғимарат құрылысы немесе ғимарат бөлу туралы хат жолданды. «Казахстанская правда» газетінде осы мәселе жайлы мақала жарияланды.

2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағат негізі қалануының 70-жылдығына арналған ғалымдардың, атқарушы және өкілетті биліктердің және басқа да мүдделі жақтардың қатысуымен халықаралық конференция дайындап, өткізді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағатында жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында құжаттарды сақтаумен қамтамасыз ету саласында құжаттарды тігу, сырттарын қатты қағаздау, қалпына келтіру, өшкен мәтіндерді қайта қалпына келтіру, қағаз және пленкалы сақтаушылардағы құжаттардың бар болуын және табиғи күйлерін тексеру, аса құнды құжаттарды (АҚҚ) анықтау және оларға пайдалану қорларын құру бойынша жұмыстар жүргізілді, «Электрондық мұрағат» үшін құжаттарды сканерлеу жұмысы жалғасын тапты.

Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттарды мемлекеттік есепке алу бойынша жұмыс жүргізілді: қор карточкаларының, құрамындағы және қор көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтердің жаңа беттерін құру және бар беттерді жалғастыру . 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мұрағат қорының төлқұжаты құрыды. «Мұрағат қоры» бағдарламалық кешеніне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс ары қарай жалғасын тапты.

Есепті кезеңде мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, істер номенклатурасын, СК жайлы ережелерді, іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды, елтаңбалық бланктерді дайындау бойынша мекемелерге, ұйымдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді. Ұйымдармен және мекемелермен істер номенклатурасына, СК туралы ережеге, ведомстволық мұрағат туралы ережеге келісу, ведомствалық мұрағаттар туралы, мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдармен, мекемелермен іс жүргізу және мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасау бойынша жұмыстар атқарылды. Ұйымдарда іс жүргізу ісі бойынша семинарлар, дәрістер өткізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты жергілікті орындаушы және сайланған органдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратура ұйымы жүйесіндегі, Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігі жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі жүйесіндегі тәуекелділікті таба білу үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі жүйесі органдарындағы іс жүргізу және құжаттарды ведомстволық сақтау жағдайына тексеру жүргізді.

Облыс мемлекеттік мұрағатын жеке бас текті құжаттармен, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) ардагерлерінің құжаттарымен, аудиобейне құжаттармен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Өз күштерімен бейне- және фото түсірімдер жасады.

Ақпараттық-іздеу жүйесін құру саласында облыс мемлекеттік мұрағаты басқарма құжаттарын, бейне- және фотоқұжаттарды, жеке бас текті құжаттарды тізімдемелеумен, істер тізімдемелерін қайта өңдеумен, құжаттарды каталогтандырумен айналысты.

Құжаттарды жариялау аумағында облыстың мемлекеттік мұрағаты Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) Жеңістің 65 жылдығына арнап «Бұл күнді біз шамамызша жақындаттық», Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII форумына «Қазақстан – Россия: мәңгілік бірге», «Елдің Негізгі Заңы халық қорғауында» - Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуына орай фотоқұжатты көрмесін әзірледі; облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газетіне соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарында» құжаттар жиынтығын толтыру туралы үндеу жарияланды; «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарында» және «От советского информбюро...» құжаттар және естеліктер жинағы әзірленді, Жамбыл атындағы мектеп-интернатының негезі қалануына 90 жыл толуына арналған «Ақ-алтын бесігім» атты кітап шығарылды; Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) Жеңістің 65 жылдығына арналып Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында ұйымдастырылатын көрмеге құжаттар табылды, соған орай мектептерде сабақтар, экскурсиялар, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерімен тәжірибе жүргізілді.

Есеп беру кезеңінде мақалалар әзірленіп, «7 дней» газетіне, «Записки Казахского географического общества» журналына жарияланды, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы қазіргі заман тарихының құжаттамасы орталығының негізі қаланғанына 90 жыл толуына арналған «Мұрағат құжаттарының еліміздің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуын зерттеудегі ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы үшін; «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы үшін; «Чистяков оқулары – 2010» аймақтық семинары үшін, «Павел Васильев құжаттарда, естеліктерде, дәйектерде» ғылыми-тәжірибелік конференциясы үшін, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының 70-жылдығына арналған «Қазақстан тарихындағы мұрағат мекемелерінің ролі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы үшін хабарламалар мен баяндамалар әзірленді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде дәстүрлі түрде «Ертіс жеріне із қалдырған» шығармашылық кешіне қатысты.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарын орындады. Келіп түсетін сұраныстардың көптігіне байланысты мұрағат бөлімінің барлық қызметкерлері олардың орындалуына қатысты. Осыған байланысты жұмыстың кейбір жоспарлық орындалмаған көрсеткіштерінің орындалмауы қадағаланады.

Облыс мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік тілге жоспарлы-есепті ұйымдастыру-өкімдік, анықтамалық-ақпараттық құжаттар, әдістемелік әзірленімдер мемлекеттік тілге аударылады.

2010 жылы дирекцияның 12 мәжілісі өткізілді, оларда облыс мемлекеттік мұрағатының 2009 жылғы жұмыс қорытындысы, облыс мемлекеттік мұрағатының бөлімдерінің ай сайынғы жұмыс қорытындылары, ағымдағы жылғы жоспарды орындау және т.б. қаралды.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Есепті кезеңде Головков көшесі, 26/1 ғимаратының күту залын, қызметтік кабинеттерді, басқыш алаңын, мұрағат қоймасын кезекті жөндеу жүргізілді. Қайта жасау жолымен ғимаратттың екінші қабатындағы дәліздің жарты бөлігіне қосымша қызмет кабинеті салынды (7 млн. теңгеден жоғары шығын кетті). Негізгі ғимараттың мұрағат қоймасына жылытудың калориферлі жүйесіне жөндеу жүргізілді. Крылов, 39 көшесіндегі мұрағат ғимаратында жылу тораптарындағы ысырмалар ауыстырылды. Қыс мезгілінде қардың мол түсуіне байланысты мұрағат ғимаратының ауласы арнайы техникамен тазаланды, сондай-ақ Потанин, 12а көшесіндегі ғимараттың шатыры да тазартылды.

Облыс мемлекеттік мұрағатында қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін мұрағат ғимараттарындағы су құбыры жүйесінің, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерінің, күзет және өрт сигнализацияларының жұмысына бақылау жасалды. Құжаттарды сақтаудың тиісті жағдайларын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларында желдету және дымқылдап сүрту жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша іс шаралар жүргізілді; дезинфекциялық қызметтің көмегімен мұрағат ғимараттарында мұрағат қоймаларын, жертөлені өңдеу жүргізілді.

Құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту мақсатында 2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 307 с.б., 7203 парақты қайта жөндеді, істердің бар болуы мен табиғи жағдайларын тексеру жолында, сондай-ақ істер тізімдемелерін қайта қалпына келтіруден кейін анықталған жеке бас құжаттарының 322 с.б., басқармалық құжаттама мен жеке құрам бойынша істердің 3100 с.б. тігілді. Сонымен қатар, көшірмеленгеннен, қайта өңделгеннен кейін, өшуге айналған мәтіндер қалпына келтірілген соң 404 с.б. тігіліп, 4 газет пен 40151 парақ қайта нөмірленді. Баспаханалық әдіспен 150 газет түптелді. Бұдан өзге, 125 іс тізімдемесі тігіліп, 111 іс тізімдемесінің мұқабасы дайындалды, 3532 с.б. артқы жағы қатты қағаздалды және 9468 с.б. қайта қатты қағаздалды. Облыс мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері 304 қорапты қолдан жасады, 368 қорап шифрленді, 1633 қорап қайта шифрленді, 3413 жаңа жапсырма жасалды, 470 тозған жапсырма ауыстырылды, қораптарға 2902 жапсырма желімделді, 2735 бума құралды. Мемлекеттік сақтауға қабылдауда, тізімдемелер қалпына келтірілілгеннен кейін, сонымен қатар құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу кезінде қате шифрленген 2109 с.б. қайта шифрленді (№415 «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасы», №751 «Өскемен қаласының білім беру бөлімі», №1107 «Алтайсвинецстрой» трестінің тұрғын үй құрылыс комбинаты», №1108 «Востокжилстрой» ашық тұрпатты акционерлік қоғамының ағаш өңдеу зауыты», №1358 «Шығыс Қазақстан күрделі тұрмыс техникасын жөндеу бойынша өндірістік бірлестігі», № 636 «Шығыс Қазақстан облысының халықтық депутаттар Кеңесі атқару комитетінің халыққа білім беру басқармасы», № 927 ««Востоксройдеталь»трестінің іріпанельді зауыты», №30 «Шығыс Қазақстан облысының таратылған мектептері» бірлескен мұрағат қоры, № 1472 «КСР Мемлекеттік банк кеңсесі Қазақ республикалық кеңсесінің Шығыс Қазақстан облыстық Октябрь бөлімшесі», № 1473 «Наурыз Банк Қазақстан» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан филиалы» қоры), № 1387 «Шығыс Қазақстан облыстық экология және биоресурстар басқармасы».)

№ 839 «Бірлескен мұрағат қоры» қорын тексеру жоспарын жүргізу нәтижесінде: «Өскемен қаласының халық соттары», № 751 «Өскемен қаласының білім беру бөлімі», № 454 «Ұлан аудандық халық депутаттары Кеңесі», №261 ««Ертіс химия-металлургиялық зауыты» ашық акционерлік қоғамы», өңезбен зақымдалған істер табылды. Бұл істерді дезинфекциялау мақсатымен 56 с.б. санындағы құжаттар өңделді (6067 парақ).

2010 жылы өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру мақсатында №19п «ҚК(б)П Өскемен қалалық комитеті» қорының өшуге айналған 150 (21 с.б.) парағын қалпына келтірді, 141 парақ саналды.

АҚҚ анықтау мақсатында 2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 32қор бойынша 19940 с.б. қарап шықты (3733 с.б. - бет бойынша, 16207 с.б.- атау бойынша). Бұлар келесі қорлар құжаттары: №77 «Бердус Иван Васильевич, гидроэлектрстанцияның Лениногор каскадының директоры, Қазақ КСР еңбек сіңірген энергетигі», №130 «Рахвалов Николай Семенович – Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, өлкетанушы», № 456 «Волков Александр Меленьевич – әйгілі кеңес жазушысы, балаларға арналған танымал кітаптардың авторы, ғалым, педагог, №598 «Казполиметалл» полиметалл кәсіпорындарының өндірістік бірлестігі», № 640 «Ауыл шаруашылық және ұқсату өнеркәсібі басқармасы» және басқалар. 537 аса құнды құжат анықталып, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК шешімімен бекітілді. 2010 жылы Зайсан аудандық мемлекеттік мұрағаты облыс мемлекеттік мұрағатына Семей облысы Зайсан шіркеуінің Александр –Невскийдің 25 аса құнды құжаттары тапсырылды. АҚҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға енгізілді. Тізімдемелер мен қораптарға АҚ белгісі қойылды, 495 аса құнды істер жеке бөлінді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағатында жеке бас құжаттарының пайдалану қорын құру жұмысы және АҚҚ ісі жалғасын тапты. Ары қарай электрондық түрде сақтау үшін мұрағатшы, жазушы, өлкетанушы С.Е. Черныхтың жеке бас текті қорынан аса құнды құжаттардың 299 с.б./11639 скан-бейнелер сканерленді (6123 Мб). Бұл құнды жеке құжаттар, хаттар, фотосуреттер.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Ресей мұрағаттарынан Тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Петров анықтаған Өскемен қаласындағы казак әскерінің тарихы жөніндегі құжаттардың пайдалану қорын жасау үшін фотопозитивтерді сканерлеу жұмыстары жалғасын тапты. Электрондық түрге 2101 фотопозитив (негатив) көшірілді (825 Мб). Сканерлеуден кейін 43 с.б. бөлектенілді.

2010 жылы қағаз негіздегі 24 117 с.б. негізгі және физикалық жағдайы тексерілді, фотоқұжаттардың 1003 с.б. және сақтандыру қорының 1000 с.б., 2009 жылы пайдалануда болған 8932 с.б. тексерілді, 1712 с.б. санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, істердің есебі мен физикалық жағдайы карточкалары толтырылды. 56 қордың есептік құжаттары салыстырылып тексерілді.

Сұраныстарды орындау үшін, оқу залдарында жұмыс істеу үшін, ҒАА жетілдіру және істер тізімдемелерін қайта өңдеу үшін, АҚҚ анықтау үшін облыс мемлекеттік мұрағатының мұрағат қоймаларынан 107 964 с.б., 12 995 іс тізімдемелері берілді. Уақытша пайдалануға 361 с.б. дайындалды.

Тиімді орналастыру мақсатында 2010 жылы мемлекеттік сақтауға қабылдау нәтижесінде мұрағат қоймаларында 10 011 бума мен қораптардың орындары ауыстырылды.

«Электрондық мұрағатты» толықтыру үшін №1 «Халық депутаттарының Өскемен қалалық кеңесі және оның атқару комитеті» қорының құжаттарын сканерленді. Барлығы 47 с.б. сканерленді, 13 125 скан-бейне жасалды (6597 Мб). Барлық сканерленген құжаттар «Мұрағаттар тіркелімі» мәліметтер базасына енгізілді. Мәліметтер базасына барлығы 847 с.б., 70 933 скан-бейне (оның ішінде АҚҚ) енгізілді.

Оқу залында жұмыс істеу үшін, көрмелер, мультимедиялық тұсаукесерлер әзірлеу үшін 628 құжат пен фотосурет сканерленді және басылып шығарылды. Есептік кезеңде 6870 парақ ксерокөшірмеленді (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындауда, оқу залында жұмыс істеген зерттеушілерге).

2010 жылға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ жоспарына және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ісшаралар жоспарына сәйкес «Востокспецсервис» ЖШС-мен күзет-өрт дабылқаққышымен қызмет көрсету туралы келісім шарт жасасты. Кадрлық өзгерістерге байланысты ЕӨД құрамы туралы бұйрық жаңартылды, жұмыс орындарына қайтадан алынған қызметкерлерімен кіріспе нұсқаулық жүргізілді, өрт қауіпсіздігі бұрышы жаңартылды. Өрт сөндірудің бекітілген жоспарына сәйкес, өрт сөндіру қызметіне байланысты Крылов, 39 және Головков, 26/1 көшелеріндегі ғимаратта өрт сөндіру оқу жаттығулары өткізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағат ғимаратын өрттік-техникалық тұрғыда тексеру барысында ескертулерді жою мақсатымен Крылов, 39 көшесіндегі ғимараттың мұрағат қоймасындағы ағаш сөрелер оттан қорғағыш құраммен өңделді. Сонымен қатар, барлық мұрағат ғимараты бойынша өртсөндіргіштерді жоспарлы тексеру жүргізілді.

Өскемен қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасына азаматтық қорғау және 2010 жылға облыс мелекеттік мұрағатының төтенше жағдайлары бойынша есебі тапсырылды.




Қазақстан Республкасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі.
2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 2010 жылы болған қор құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтерді, 2010 жылғы 1 қаңтар жағдайындағы мұрағат қоры төлқұжатын жасады. Бұдан өзге, облыс мемлекеттік мұрағаты 2010 жылы 26 жаңа қор парағын жасады, 84 қор парағы қайта жасалды және жалғастырылды, 22 қор парағына өзгерістер енгізілді. 43 жаңа қор карточкасы жасалды, олардың – 12 қор карточкасы АҚҚ, 79 қор карточкасы жалғастырылды және қайта жасалды, 22 қор карточкасына өзгеріс енгізілді. Қордық топографиялық көрсеткіш үшін 297 карточка және 12 карточка сөрелік топографиялық көрсеткіш үшін жасалды. Түсулерді есепке алу кітабына 60 қор енгізілді. Тізімдеме тізіліміне 105 іс тізімдемесі енді, АҚҚ тізімдемелер тізіліміне – 12 іс тізімдемесі енгізілді. «Мұрағат қоры» бағдарламалық кешеніне 50 қорға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (0,03 МБ).

Есепті кезеңде 127 қор ісін жүргізу бойынша (бар-жоғын тексеруге, АҚҚ анықтауға, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауға байланысты); электрондық қор каталогіы бойынша (1035 тізімдеме енгізілді), іс тізімдемелеріне 211 қорытынды жазба енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.


2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарда, мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындарда іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік сақтауға 3212 с.б. басқарма құжаттамаларын, 5437с.б. жеке құрам бойынша құжаттарды, 322 с.б. жеке бас құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдады, 150 с.б. фотоқұжаттарды, 2 с.б. (32 есеп бірліктері) бейнеқұжаттарды қабылдады. Сонымен қатар, № 3175т «Қазақстан Коммунистік партиясының Октябрь аудандық комитеті» және № 3180т «Қазақстан Коммунистік партиясының Үлбі аудандық комитеті» қорларының іс тізімдемелерін жасау кезінде мемлекеттік сақтауға 6339 с.б. қабылданды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде басқарма құжаттамаларының 978 с.б., жеке құрам бойынша 982 с.б., ҒТҚ 546 с.б. тәртіпке келтірді, олардың ішінде 363 с.б. басқармалық құжаттмаларын, 795 с.б. жеке құрам бойынша құжаттарын, 546 с.б. ҒТҚ облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы СТК бекітті.

2010 жылы мемлекеттік және мемлекеттік емес 178 заңды тұлғалардың істер номенклатурасы келісілді, олардың: 31 – құпия іс жүргізу, 12 – “ДСП” (ҚПҮ) белгісімен, 107– мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Есепті кезеңде 24 ұйымға сараптау комиссиясы (СК) құрылып, 16 ұйымға ведомствалық мұрағат туралы ереже келісілді, 45 ұйымға құжаттарды ұйымдастыру-реттеу бланкісі келісілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 25 кәсіпорын мен ұйымға аудио-бейнеқұжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізу туралы, ведомстволық сақтау мерзімі өтіп кеткен тәртіпке келтірілген басқарма құжаттамаларын мемлекеттік сақтауға беру туралы, ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу қажеттілігі туралы хаттар жазылды.

8 жеке меншік нотариуспен және 3 жеке меншік ұйыммен іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым қатынас пен ынтымақтастық туралы келісім шарт ұзартылды.

Есепті кезеңде Қазақтан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің 2010 жылдың 10 қаңтарындағы №2 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сонымен қатар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәдениет және ақпарат басқармаларының ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына тексеру жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес жоғарыда аталған жүйенің 9 ұйымына мемлекеттік тексеру жүргізілді. Тексеру барысында іс жүргізу және құжаттарды уақытша ведомстволық сақтау сұрақтары бойынша кеңестер берілді.

Қазақстан Республикасының мұрағаттары және Ақпарат Комитетінің нұсқаулығымен облыс мемлекеттік мұрағатында, жергілікті орындаушы және сайланған органдарда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жүйесіндегі ұйымдарға, ҚР туризм және спорт Министрлігі жүйесіндегі ұйымдарға, сондай-ақ, ақпараттандыру және байланыс бойынша Қазақстан Республикасының Агенттік жүйесіндегі тәуекелдіктің табылу мақсатында құжаттандыру мен мұрағат құжаттарын ведомствалық сақтаудың 21 тексерісі өткізілді.

2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры (ҰМҚ) құжаттарын мемлекеттік есепке алу жүргізді, сонымен қатар облыс мемлекеттік мұрағатының жинақтау көзі – мұрағат ұйымдарында ведомствалық сақтауда жатқан жеке құрам бойынша құжаттар есепке алынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомствалық сақтаумен жүзеге асыратын 358 ұйымға төлқұжаттар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік емес түрдегі жеке меншік 103 ұйым.

Есепті кезеңде аудандық (қалалық) ТІРК бөлімшесі жұмысшылары үшін «Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар» атты семинар өткізілді.Семинар Шығыс Қазақстан облыстық әділет департаментінің азаматтық түрдегі актілері мен апостилдеу актілерінің тіркелу жұмысын ұйымдастыру негізінде өтті. Семинарға 23 іс жүргізуші қатысты. Білім жүйесіндегі жұмысшылар үшін «Іс номенклатурасын құру талаптары» дәрісі оқылды. Дәріске колледж бен кәсіптік техникалық мектептердің 24 іс жүргізушісі қатысты. Өткізілген дәріс пен семинарда 2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министірлігінің м.о. № 128 бұйрығымен бекітілген құжаттандырудың типтік ережелері мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыруды басқаруға сәйкес, құжаттарды дайындаудағы өзгерістер сөз етілді

Облыстың мемлекеттік мұрағатында жеке құрам бойынша құжаттардың тұрағы жайлы мағлұматтарды жинау жұмысы жалғасын тапты.

Жинақтау көздерінің тізімдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді, осыған байланысты ұйымдармен есепке алу жұмысының карточкалары қайта құрылды, қаралатын істер уақтылы толтырылып отырды.

Есепті кезеңде бейнеқұжаттарды жинақтау бойынша ұйымдастыру жұмысы жалғасын тапты. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облыстық «Республикалық телерадиокорпорация» АҚ Тәуелсіздік Күні туралы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің есеп беруі туралы, жаңа мешіттің құрылысы туралы, Ертіс өзенінің мәселелері туралы, атом саласының 60-жылдығы жайлы және тағы басқа репортажды 10 дискіні мемлекеттік сақтауға жіберді.

Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың жеке құжаттарын жинақтау жұмысы жүргізілді. ҰОС-на қатысушы А.Ф.Кимасов, облыстық мемлекеттік мұрағат мұрағатшыларымен, соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісу кездесуі бейнетүсірілім түсірілді. Есепті кезеңде барлығы 5 майданға қатысушыдан құжаттар қабылданды.

Жеке шығутегі құжаттарын ұстаушылармен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде облыстың мемлекеттік мұрағаты Өскемен қалалық жеке құрам бойынша мұрағатының директоры С.И.Лебедьтің (С.И.Сахнованың) құжаттарын сақтауға қабылдады. В.В. Смирнов – «Рудный Алтай» газетінің фототілшісі сақтауға фотосуреттер мен жеке құжаттарын берді.Р.С. Федорова – ШҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, өлкетанушы облыс мемлекеттік мұрағатына сақтауға қиындылар, қолжазбалар, кітапшалар, Шығыс Қазақстан облысы тарихы бойынша материалдар, әдістемелік құралдар, дәрістер берді. Жеке қор ұстаушылардан барлығы қағаз негіздегі 102 құжат, 15 фотосурет, 2 бейнеқұжат түсті.

2010 жылы келесі ісшаралардың 26 бейнетүсірімі жасалды: ШҚО оралмандар съезі (ШҚМУ 5 корпусы); жазушы Г.Д. Гребенщиков туралы «Гонец» фильмінің тұсаукесері (Халықтар достығы үйі); ШҚО мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісі (ШҚОММ), «Ертіс жеріне із қалдырған» (А.С.Пушкин атындағы кітапхана), облыс мұрағат мекемелерінің көркем өнерпаздар байқауының дайындығы (Халықтар достығы Үйі); «Туған елім - алтын бесігім» көркем өнерін тамашалау (облыстың мемлекеттік қызметкерлері арасында, ММҮ); Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы қарсаңында шығысқазақстандық ардагерлер туралы 7 бейнетүсірілім жасалды (Б. Кітапбаев, Н.П. Воронин, М. Аманжолов, А.Калиев, М. Мусин, К. Нұрбекенов, А. Кимасов), Ауған соғысының ардагерлері туралы 2 бейнетүсірім жасалды (А. Зайцев, И. Тюкилин); ҰОС-ның 65 жылдығына арналған конференция (ШҚМУ); Ертістің Сол жағалауындағы саябақ-мұражайда әскери кешеннің ашылуы; ҰОС ардагерлерімен, тыл жұмысшыларымен және ауған-жауынгерлерімен кездесу (ШҚО Қ және МБ); «ШҚОММ Клод Абитболь Қазақстандағы Франция Елшілік Кеңесшісі»; «Халықаралық жанұя күні төңірегінде - Байдельдинов жанұясының отасқанына 50 жыл» (Халықтар достығы Үйі); ШҚО мемлекеттік мұрағатының 70-жылдығына арналған «Мұрағат ұйымдарының Қазақстан тарихында алатын орны» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Жамбыл атындағы облыстық драма театр); ақын, «Рудный Алтай» газетінің бас редакторының орынбасары В.Шустерді Еске алу кеші (дүниеге келгеніне 70 жыл толуына) (Өнер мұражайы); ақын, «Мой город» Өскемен қаласының Құрметті азаматтары қоғамдық қорының директоры – Г.Н.Пуссептің 65-жылдығына арналған шығармашылық кеші, «Жаңа ғасырға біз бірге кірдік» кітабының тұсаукесері (Өнер мұражайы); ақын-ағартушы - Абай Құнанбаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференция (дүниеге келгеніне 160-жыл толуына орай) (ШҚМУ негізгі корпусы); құрметті профессор, ШҚМУ құрметті ректоры – Ю.К.Увалиевке арналған ғылыми-техникалық конференция және т.б.



3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау,

ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.
2010 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ақын, журналист, «Ертіс» республикалық журналының бас редакторы С.Г. Ғабдуллиннің (126 с.б.); КСРО жазушылар одағының мүшесі, ақын, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушы, М.И. Чистяковтың (102 с.б.) жеке бас текті құжаттарын тізімдемеледі. Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру және ағарту ісіне еңбек сіңірген, Өскемен қаласының құрметті азаматы Байдельдинов Валиахмет Нұрахметұлының жеке бас текті құжаттары (78 с.б.) тізімдемеленді, Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың құжаттарын тізімдеу жұмысы басталды (13с.б.), 2 с.б./32е.б. бейнеқұжаттар және 150с.б. фотоқұжаттар тізімдемеленді.

«Шығыс Қазақстан облыстық тұтынушылар қоғамы» қорының істер тізімдемелерін қайта өңдеу бойынша жұмысы жалғасын тапты (1100 с.б.). Жұмыс барысында бет бойынша істердің құндылығын сараптау, істер атауларын редакциялау жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылда жеке құрам бойынша тізімдемелерді қалпына келтіру жұмысы жүргізілді, №1183 «Октябрь бөлімшесі «Азық-түлік тауарлары»» қорының 327с.б. , №1 «Өскемен қалалық халық депутаттары Одағы және оның атқарушы комитеті» қорының 244 с.б., №1293 «Өскемен «Азық-түлік тауарлары» бірлестігі» қорының 52 с.б. және №1219 «Асханалар мен мейрамханалардың Өскемен қалалық трестісінің қызметтік тамақтандыру комбинаты» қорының 106 с.б. тізімдемеленді (олардың ішінде жұмыстан шығарылған жұмысшылардың істері де). Сонымен қатар 2010 жылы №751 «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» қорының істерін тексеру қорытындысында және №1219 «Асханалар мен мейрамханалардың Өскемен қалалық трестісінің қызметтік тамақтандыру комбинаты» қорының жеке құрам бойынша істер тізімдемелерін қайта қалпына келтіруде 180 іске мақсатты сараптама жүргізілді.

«Өскемен қалалық халық депутаттары Одағы және оның атқарушы комитеті» қорын каталогтандыру кезінде 1986-1989ж.ж. 500 с.б. қаралып, 1000 карточка құрылды. Сондай-ақ, №568 «Шығыс Қазақстан облысының жерге орналастыру шаруашылығы бойынша құжаттар жинақтамасы» қорынан 80с.б. (80 карточка) ҒТҚ каталогтандырылды.

«Атаулық каталог» бағдарламасына 1768 айқындама енгізілді. «Әкімшілік-аумақтық бөлу» (244 айқындама) және «Естелік кітабы» (464 айқындама) мәліметтер базасына ақпараттарды енгізу бойынша жұмыс бастау алды.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын лайықты қарсы алу бойынша ісшаралар жоспарына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағаты келесі жұмыстарды атқарды:

- «Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттеріне соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарында» құжаттар жинақтамасын толтыру туралы үндеу, «Илья Эренбургтың қолтаңбасы», «Қолжазбалар жағылмайды», «Ізғұттыны Ізкен дейді екен» мақалалары жарияланды; «7 дней» газетінде – «Скромный подвиг солдата-связиста» (А.В.Потапов жайлы), «Журналист по призванию» (И.Г.Макеев жайлы) мақалалары жарияланды.

- «Записки Казахского географического общества» журналының майдандағы жеңістің 65 жылдығына арналған 4 шығарылымында, «Шығыс Қазақстан – Ұлы Жеңістің қадамдары» және «Есте сақтау керек» мақалалары жарияланды;

- Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) Жеңістің 65 жылдығына арнап «Бұл күнді біз шамамызша жақындаттық» фотоқұжат көрмесі әзірленді (көрменің тақырыптық-түсініктемелік жоспарын облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК шешіміміен бекітілді»), көрме жайында сауалнама «Дидар», «7 дней», «Городские новости», «Рудный Алтай» газеттері үшін және «Хабар», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ» телеарналары үшін жүргізілді;

- «Қазақстан-Өскемен» арнасының телебағдарламасы үшін - «Біздің тарихымыздың беттерін парақтасақ», «Хабар» арнасы үшін – «Илья Эренбургтың қолтаңбасы»;

- «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945ж.ж.» және «От советского информбюро...» (екінші кітап) құжаттар мен естеліктер жинағы әзірленді, «Оларды аман қалған әлем еске алады» фотоальбомы дайындалды (шығыс-қазақстан батырлары жайлы);

- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) Жеңістің 65 жылдығына көрме ұйымдастыру үшін 117 бетіне құжаттар айқындалды;

- Кәсіби дайындық пен сервис колледждерінің студенеттері үшін «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарында облыс мемлекеттік мұрағат құжаттарында» дәрісі өткізілді және көрме бойынша экскурсия жүргізілді; №17 мектеп оқушылары үшін «Фронттан хат» атты үш сабақ өткізілді;

- майдан мен тыл ардагерлерімен кездесу ұйыдастырылды;

- облыс мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан Ұлы Отан Соғысында: тарихы, зерттеу әдіснамасы және заманауи көзқарас» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) жылдарында Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттарында» және «Андрей Викторович Потапов. Өмірлік жол және өлкетанушылық мұра» баяндамаларымен қатысты.

Есептік кезеңде «7 дней» газетіне «Қызы әкесі туралы» атты, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ШҚМУ Құрметті профессоры В.И. Петров туралы, Тәуелсіздік Күніне – «Кешегі куннен ештеңе алыс емес, ертеңгі күннен ештеңе жақын емес», және «Рудный Алтай» газетіне – «Потанин мұрасынан не жоғалта аламыз» мақалалары жарияланды. «Записки Казахского географического общества» журналына арнап «Григорий Николаевич Потанин Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды жариялаушы» мақаласы жарияланды. Мүдделі ұйымдар мен мекемелерге Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылуына 70 жыл толуына орай және «Елдің аймақтық тарихын зерттеудегі мұрағат құжаттарының ролі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілуі жайлы, Өлкетанушы А.С.Хахловтың 155 жыл, өлкетанушы Е.Д.Панкратьеваның дүниеге келгеніне 90 жыл толғанына ақпараттық хаттар әзірленді

Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII форумына арналған, «Қазақстан-Россия: мәңгі бірге» фотоқұжаттық көрме презентациясының дайындығына қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығына арнап «Халыққа қызмет етудегі елдің Басты Заңдары», «Тарихты адамдар жасайды, ал мұрағаттар сақтайды» - Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының 70-жылдығына арналған көрмесі әзірленді.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесе отырып «2011 жылға Шығыс Қазақстанның атаулы күндері мен есте қаларлық күндері» күнтізбесі дайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы қазіргі заман тарихының құжаттамасы орталығының негізі қаланғанына 90 жыл толуына арналған «Мұрағат құжаттарының еліміздің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуын зерттеудегі ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арнап хабарламалар әзірледі: «Н.Я. Коншиннің мұрағат мұрасы», «Гуляев Степан Иванович және Белослюдов Алексей Николаевич - өлкетанушылықтағы сабақтастық»; «Оба өзенінің бастаулары маңындағы дала зерттеулері және Алтайда » (археология, этнография, ауызша тарих) (Ресей, Барнауыл) – «Ұстаз өмір сүріпті», «Жарнамалар және халықаралық коммуникациялар: тарих және жаңа заман (Ресей, Барнауыл) – М.И.Чистяковтың П.Н.Кузнецовқа жазған хаттары Шығыс Қазақстан облсының мемлекеттік мұрағаты құжаттарында»; «Чистяков оқулары – 2010» аймақтық семинары үшін – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатындағы М.И.Чистяков құжаттары» және «Қабілетті журналист – Макеев Иван Георгиевич»; «Павел Васильев құжаттарда, естеліктерде, деректерде» ғылыми-тәжірибелік конференциясы үшін – «Көрсеткішпен туғанымнан ән айтпаймын...» және «С.Е.Черных пен П.Васильев»; «Елдің аймақтық тарихын зерттеудегі мұрағат құжаттарының ролі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы үшін – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына – 70 жыл; «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жеке қорларындағы сібір казактары туралы құжаттар», «Шақыртылған журналист» (И.Г.Макеев).

Есепті кезеңде, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша бірінші курс студенттері үшін (27 адам) мұрағаттық –оқыту тәжірибесі жүргізілді. «Мұрағаттық іс тарихы», «Жеке тек қорлары», «Оқу залында жұмыс істеу ережелері», «Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау» дәрістері оқылды, мұрағатта экскурсия жүргізілді, студенттер мұрағаттық құжаттарды сканерлеумен, өшіп бара жатқан мәтіндерді қалпына келтірумен, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындаумен айналысты. Өскемен қаласының технологиялық сервис колледжінің 3 студенті ақпараттық технология бөлімінен тәжірибеден өтті. Студенттер компьютерлік қызметтерге, құжаттарды сканерлеуге, «Талап етілмеген еңбек кітапшалары» негізгі базасын құруға, «Атаулық каталог» негізгі базасын жетілдіруге көмектесті.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Ұлы даланың Ұлы» атты жазушы Тұрғазы Нұқаев туралы, журналист Тұрлыбаев Естай Қатпаұлы туралы кітапшалар әзірледі. Жамбыл атындағы мектеп-интернатының негізі қаланғанына 90 жыл толуына орай «Ақ-алтын бесігім» кітабы жарық көрді және «Мұрағат ұйымдарының Қазақстан тарихындағы ролі» ғылыми-техникалық конференциясының материалдар жинағы шығарылды.

Есепті кезеңде мультимедиялық тұсаукесерлер дайындалды: «Ертіс жеріне із қалдырған» шығармашылық кешіне (мұрағатшылар мен мұрағат жайлы); «С.Е.Черных – Павел Васильев жайлы құжаттарды жинақтаушы» ғылыми-тәжірибелік конференциясына; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған «Фронттан хат» (Өскемен қаласы мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған сабақтар үшін); «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында мұрағат құжаттарында» (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған конференция үшін), «Өлкетану мұрасы» (А.В.Потапов туралы және оның өлкетанушылық қызметі), В.М.Шустердің 70-жылдығына арналған «Кешкі монолог» еске алу кешінде, «В.Шустер және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» тұсаукесері өткізілді, № 31 мектептің 6 сынып оқушыларына «Өскемен және бүгінгі күннің болмыстары» атты тұсаукесер дайындалды.

31 мектептің оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығына және Тәуелсіздік күніне арналған көрмелер бойынша – «Тарихтағы құжаттар және құжаттардағы тарих» атты сабақтар жүргізілді

2010 жылы облыстың мемлекеттік мұрағатына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 12 702 сұраныс түсті (оның ішінде 2732 - ТМД елдерінен). 15 828 анықтама берілді (оның ішінде ТМД елдеріне – 4339). Оң жауаппен 12 445 мұрағат анықтамалары (оның ішінде ТМД елдері – 3623) берілді. Қазақстан Республикасы СІМ желісі бойынша 12 сұраныс түсіп, 12 сұраныс орындалды, оң жауаппен - 11 орындалды.

129 тақырыптық сұраныс түсіп, 124 орындалды. Оң жауаппен - 72 орындалды. Бұл сұраныстар қалалық және аудандық әкімшіліктің жерді меншікке пайдалануға беру туралы шешімінің, ұйымдарды қайта атау туралы, шағын, және жеке кәсіпорындарды жою, ғимараттарды сату-сатып алу және т.б. көшірмелерін сұраған сұраныстар.

Облыстың мемлекеттік мұрағатының оқу залында 453 зерттеуші жұмыс істеген, 589 келу болды. Бұлар ЖОО, мектептердің оқытушылары, студенттер, мұражай қызметкерлері, жеке тұлғалар және т.б. Зерттеулер тақырыптары әртүрлі: өлкетанушылар, жазушылар, елді мекендер, көшелер тарихы, жеке меншік үй құрылысына жер бөлу туралы шешімдер және т.б.

Ұлан ауданының әкімдігінің қызметкерлеріне Ұлан ауданының энциклопедиясын толықтыруға арналған құжаттарды анықтауда көмек көрсетілді, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына Шығыс қазақстан облысының басшылары туралы ақпараттар мен құжаттар көшірмелері әзірленді (1919-1936 жж.), « КСРО ашаршылық. 1929-1934ж.ж.» томының жинағы үшін, сондай-ақ 1920 жылы Өскемен қаласында омір сүрген құжаттар көшірмелері ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасына Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың жеке бас қорларының саны мен олардың қолданылуы, облыстың мемлекеттік мұрағатында сақталған фильмдер, роликтер, Шығыс Қазақтан жайындағы бейнесюжеттер тізімі туралы ақпараттар жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасына Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың жеке бас қорларының саны мен олардың қолданылуы, облыстың мемлекеттік мұрағатында сақталған фильмдер, роликтер, Шығыс Қазақтан жайындағы бейнесюжеттер тізімі туралы ақпараттар, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау бағдарламасын орындау туралы мәліметтер жеткізілді.


4. Ғылыми-техникалық ақпарат.

Кадрлардың біліктілігін көтеру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2009 жылғы, 1 тоқсан бойынша, 2010 жылғы 1 жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша облыс мұрағат мекемелерінің басшыларының мәжілісіне, Шығыс Қазақстан облыстық СТК мәжілістеріне қатысты. Облыстың мемлекеттік мұрағатында 2009 жылдың, 2010 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысы бойынша, кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы, ұжымдық келісім шартты орындау туралы қызметкерлердің жалпы жиналысы өткізілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын тыңдады және талқылады.

Ай сайын облыс мемлекеттік мұрағатының бөлімдері 2009-2010 оқу жылының өндірістік оқу жоспарына сәйкес өндірістік оқу өткізеді. Сонымен қатар, әр бөлімде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігнің №2009 жылғы 29 желтоқсандағы №185 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастырудың бірыңғай ережесі бойынша оқу өткізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты қызметкерлерге кезекті аттестация жүргізді, нәтижесінде қызметкерлердің санаттары жоғарылатылды.

Мамандыққа сәйкес білім алу аясында облыс мемлекеттік мұрағатының екі қызметкері «Кәсіби даярлық және сервис» колледжінде «Мұрағаттану және іс жүргізу» мамандығы бойынша оқуларын аяқтады, екі қызметкер жоғарыда көрсетілген колледжде оқуларын жалғастыруда, төрт қызметкер білім алуда, ал бір қызметкер Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

2010 жылы қаланың коммуналдық қызметтерімен келісім шарттар жасалды. 2010 жылғы мемлекеттік сатып-алу жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып-алу жұмысы жүргізілді. Бюджеттік қаражаттарды жарату жұмысы бақыланды.

Наурыз, Қазақстан Республикасының Конституция Күніне орай, сонымен қатар 2010 жылдың 1 жарты жылдығындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша және облыс мемлекеттік мұрағатының негізі қалғанғанына 70-жыл толуына орай облыс мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері сыйақыландырылды. Ұжымдық шартқа сәйкес, сондай-ақ мұрағаттық қызметте еңбек өтілі бар, мерейтой күндеріне сәйкес келетін қызметкерлер сыйақыландырылды. Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай тыл еңбеккерлеріне, Қарттар Күніне орай зейнеткерлерге ақшалай қаражаттар бөлінді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған демонстрацияға, яғни мемлекеттік мекемелер ұйымдастырған «Туған ел –алтын бесігім» байқауына қатысты. Тіл мерекесіне орай мұрағатта «Туған тілім – тұғырым» атты байқау өткізілді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағатының компьютерлері мен ұйымдастыру техникасына күтім көрсетіліп, жөндей жүргізілді, локальді есептеу жүйесі реттелді, вирусқа қарсы бағдарламалар орнатылды, қажетті драйверлер қойылды, «Тұлғалардың бірізді есебі» ақпараттық автоматтандырылған жүйесін жаңарту жүргізілді (ТБЕ).

2007-2010 жылдарға «Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесін құрудағы іс-шара Жоспарын іске асыру көлемінде сатып алынды: 18 компьютер, А4 форматындағы 2 планшетті сканер, ноутбук, мультимелдиялық проектор мен экран, кәсіби бейнекамера, микрофишалар мен микроүлдірлерді оқуға арналған аппараттар (16/35мм)Indus 4601-11, бағдарламалық қамтамасыз ету, антивирустық бағдарламалар, Головкова,26/1 көшесіндегі ғимаратта ЛЕЖ, жеке телефон нөмірі орнатылды, 15 пайдаланушы Интернет желісіне қосылды (VPN, 256Мбит/с жылдамдықпен), «Мұрағат тіркеуі» мен «Электронды қордық каталог» атау базалары жетілдірілді, «Естелік кітабы», «Бейнетека», «Әкімшілік-аумақтық бөлу» жаңа атау базалары құрылды.

Есепті кезеңде ақпараттық технология бөлімінің басшысы «Электрондық үкімет» бағдарламасын орындауға арналған Астана қаласындағы конференцияға қатысты.

Өскемен қаласы әкімінің тапсырмасын орындау тұрғысында Головков, 26/1 көшесіндегі ғимараттың сыртына түнгі жарық түсіру бойынша шаралар ұйымдастырылды.



Директор О.Г.Полякова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет