2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



жүктеу 51.63 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі51.63 Kb.
: uploaded -> esl.sko.kz -> docs
uploaded -> «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> Регламенті Жалпы ережелер «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
uploaded -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «10» қыркүйектегі
uploaded -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
docs -> 2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары
docs -> Бұлақ селолық округінің әкімі Б. Тоқпановтың 2010 жылы округтің
Бесқұдық селолық округінің әкімі Н.Бимақановтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы

Өткен жылы біздің ел, облыс, аудан, селолық округтің өмірінде маңызды оқиғалармен атап өтілді.

Ауқымдық саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды ойдағыдай іске асырып, мемлекеттің негізін салушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса көрнекті жетекшілігі-мен өзінің Қазақстандық даму жолын таңдап, Қазақстан қысқа мерзім ішінде қазіргі бәсекеге қабілетті мемлекет болды.

Бүгінгі Қазақстан – болашаққа бағдарлай алған, жетімен, өз күшімен мүмкіндіктерін сезетін мемлекет. Елде мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді, бейбітшілік пен келісім, қазақ халқының ұлттық игілігі сақталуда.

Осы жылдың ең маңызды қоғамдық саяси оқиғасы – желтоқсан айында өткен Астаналық Саммиті. ЕҚЫҰ Саммитін жақсы өткізуі Қазақстандық қоғамда бірлік пен отансүйгіш сезімін әрі қарай нығайтып, біздің еліміздің экономикалық және саяси жаңғыртудың жолсерігі болды. Астанада ең басты саяси оқиғаны өткізу Қазақстанның оңдық қабылдауын көтерді.

2010 жылы Қазақстанның экономикасы өсуде - барлық салаларда көрсеткіштер өсуде, бұл ел азаматтарының табыс деңгейінің өсуін нақты қамтиды және денсаулықты сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыруда әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге мемлекетке мүмкіндік ашады. 2010 жылы зейнетақы 25%-ға өсті, зейнеткерлерге, мүгедектерге, туған балаға және оны күту үшін біржолғы жәрдемақысы, бюджеттік төлемақы, студенттердің шәкіртақылары өсті. Алты балалы әйелдер “Күміс алқа”, ал жеті одан да көп балалы әйелдер “Алтын алқа” медальдарымен марапатталды. Осыған байланысты зейнетақыға айлық қосымша ақы болады. Біздің селолық округте осы медальдармен 12 ана марапатталды.

“Жол картасы” бағдарламасын іске асыру жағымды әлеуметтік әсер алды. 2009-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында “Жол картасы” шаралар ішінде 323 жобасында жұмыс жүргізілді. “Жол картасы” жобаларын іске асыру ішінде 19315 адам жұмысқа орналасып, 9,5 миллиард теңге игерілді. “Жол картасы” жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау торабы, канал жүргізу, электр торабын, жылыту жабдықтарды реконструкциялау мен жөндеу, сонымен қатар облыстық орталығы мен селолық жерлердегі әлеуметтік жобаларды қосымша жөн-деуге мүмкіндік берді. “2010 жылы Жол картасының” ең ірі жобасы - қысқы бақты және жылыжайды сомасына 295 млн. теңгеге көріктендіру мен күрделі жөндеуі. Өткізген жұмысқа тамыз айында осы жобаны көріп-кеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жоғары баға берді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін біздің аудан да үлкен жұмыс жүргізуде. Біз аграрлық кешенде, тұрмыстық құрылыста, шағын және орта бизнестің дамуында және басқа салаларда жақсы нәтижелерге жеттік. Бұл бізге денсаулықты сақтау, білім, мәдениет, халықтың әлеуметтік қорғаудың дамуы бойынша әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға рұқсат етті. Атқарушы органдарда істегендер, кәсіпорындарды, ұйымдарды басқарғандардың күштері аудан экономиканың тұрақты дамуына және халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталады.

Ауданның экономикалық және әлеуметтік өмірінде аграрлық сектор ерекше орын алады. Осы жылы егіс даласы еңбеккерлері үшін өте қиын болды. Ауа райы егіннің шығымдылығы мен жеммен қамтамасыз етуіне әсер етті.

Шағын және орта бизнестің тұрақтылық дамуы үшін қолайлы жағдайларды құру мақсатында қаржылық, мүліктік, ақпараттық және басқа қолдау көрсетілді. Ауданның осы саласын мінездейтін экономикалық көрсеткіштер, экономиканың осы өрісінде болған жағымды беталыстар туралы куәландырады.

Экономикалық өсудің қарқыны білім сапасына байланысты. Облыста және ауданда мұғалім мамандығының мәртебесін жоғарылау үшін көп істер істеледі.

Денсаулықты сақтау өрісінде денсаулықты сақтау реформалау мен дамыту бойынша жүзеге асыруға бағдарламалар қабылданды. Аудандық денсаулық сақтау мекемелерін елде медициналық қызметінің сапасын кө-теру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Бесқұдық селолық округі бойынша қорытындыларды шығарғанда, мынаны атап өтуі қажет:

Селолық округте 8 ЖШС, 23 ШҚ жұмыс істейді. 2010 жылы астықтың жалпы көлемі 13497 га. Астықтың негізгі үлесін құрайтын – бидай. Жинау қорындылары бойынша егіннің орташа шығымдылығында 12,8 ц га, бидайдың алымы 172230 центнер бидай. 2010 жылы округтің аграрлық ұйымдарымен өсімдіктер бойынша жалпы сомасына жәрдем ақша алынды, егіс науқанның көлемі га жәрдем ақша берілді.

Селолық округте малшаруашылықты даму бағдарламасы жүзеге асыруда. “Бесқұдық” ЖШС еділбай тұқымының қойларын асыраумен айналысады. Бүгінгі күні осы шаруашылықта қойдың 1100 басы бар. Халықтың өз өндірілген өнімдерін әр жұма сайын Петропавл қаласында өтетін жәрмеңкеде іске асыру мүмкіндіктері бар.

Салық егіс даласына ерекше назар аударылады. 2010 жылы селолық ок-ругтің тұрғындарынан 927 мың теңге жиналды. Селолық округте 10 шағын бизнес бірлігі тіркелді. Бұл – 9 дүкен және 1 наубайхана. Шағын наубайхананың өнімділігі тәулігіне 250-300 бөлке. Бүгінгі күні нанның бағасы 40 теңге.

Өз Жолдауында ел Президенті жастар практикасына ерекше назар аударады. Осы шешімдер негізінде 2010 жылы “Жол картасы” бойынша 7 әлеуметтік орын, жастар практикасы бойынша 5 жұмыс орын құрылды. Кәсіптік оқыту бағдарламасы іске асырылды. Жол картасы бойынша 13 адам: 5 адам-электромонтажшы, 4 адам-газэлектрдәнекерші, 1 адам-ас-пазшы, 3 адам- тракторшы-жүргізуші мамандықтар бойынша оқудан өтті.

Өмір сапасының негізгі көрсеткіші халықтың ең жанды жоқ-жетік тобының әлеуметтік қорғау деңгейі болып табылады. 2010 жылы селолық округте 155 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмыс орынға 68 адам. 7 отбасы (17 адам) сомасына 176,4 мың теңге мемлекеттік атаулы көмек алды. 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалық жәрдемақысын сомасына 965,6 мың теңге 52 отбасы (91 адам) алды.

Селолық округтің аймағында 1 орта және екі негізгі мектеп жұмыс істейді. Барлық мектептерде жаңа оқу жылына дайындалу бойынша үлкен жұмыс өтті. Барлық мектептерде оқушылардың ақысыз ыстық тамағы ұйымдастырылды. Округтің барлық мектептері картоп пен көкөністер өсіреді. Картоп пен көкөністерді егу көлемі 1,02 га. Бүгін барлық мектептерде жылы, отынның қажетті қоры бар. Барлық мектептер телефондарылған, мұғалімдер кадрларымен жасақталды. Бұл бәрі оқытуды жоғары деңгейде жүргізуге және білімнің сапасына жету рұқсат етеді. Жаз кезінде мектеп алдында сауықтыру тамақтандыру мен сауықтыру алаңдардың жұмысы ұйымдастырылды. Селолық округтің оқушылары ауданда өткен барлық сайыстар, олимпиадалар, спорттық жарыстарға қатысты. 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген: “Қала және ауыл жерлердегі барлық балалар мектепалды тәрбие және оқытумен қамтуға тиіс”. Балаларды мектепалды тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету көтерілуіне бағытталған арнайы “Балапан” бағдарламасын іске асыруға кірісіп, өткен жылы толық жұмыс күнімен Бесқұдық орта мектебі ішінде мектепалды шағын орталығы, ал Черуновка және Алабие мектептерінде толық емес жұмыс күнімен мектепалды шағын орталықтары ашылды.

Қылмыскерлермен күресу және құқық бұзушылықтарды алдын ала бағдарламасы негізінде, округте жүйелі және жоспарлы жұмыс өтеді. 2 полиция инспекторы жұмыс істейді. Селолық округінің әкімі аппараты ішінде: В.И.Поповпен басқарған жұртшылық кеңесі, ардагерлер кеңесі - төрағасы З.П.Кудрявцева жұмыс істейді.

Есепті кездесулер кезінде селолық округінің әкіміне 9 сұрақ қойылды. 7 сұраққа есепті кездесу кезінде жауап берілді. 2 сұрақ бақылауға алынды: бұл Тамамбай селосын көріктендіру, Бесқұдық селосында қаңғыбас иттер-ді ұстау. Бірінші сұрақ бойынша Тамамбай с. тұрғындарымен “Гермес” ШҚ басшысы Р.С.Стаценконың жетекшілігімен селоны тазалау бойынша 3 сенбілік өтті. Клубтың аймағы, үйлерге жататын аймақтар тазаланып, кепкен арамшөп өртелді. Екінші сұрақ бойынша 2010 жылдың 17 қыр-күйегінде комиссия құрамымен учаскелік полиция инспекторы В.А.Кочергин, селолық округтің ветеринарлық дәрігері С.Ә.Сандыбаев және аңшы Н.К.Сердалинмен Бесқұдық с. және селолық округтің басқа селоларында қаңғыбас иттер ұсталып, жойылды.

2010 жылдың қорытындылары – біздің бірге істеген жұмыстың нәтижесі. Өткен жыл жаңа бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға кезекті қадам. Әрине, сұрақтар, мәселелер бар, біз оларды осы жылы бірге шешеміз.



.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет