«2011 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» анықтама



жүктеу 59.54 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі59.54 Kb.
: rep
rep -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
rep -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
rep -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
rep -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
rep -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
rep -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы
rep -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
rep -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
rep -> Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
rep -> Байғали Досымжанов


«2011 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

анықтама
Өнеркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі 205,6 млрд. теңге деңгейіне жетті, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 56,1 % жоғары. Табиғи индекс көлемі 130,1 %, оның ішінде өңдеуші – 131,9 %, электрмен қамтамасыз етуде – 111,2 %, сумен қамтамасыз етуде – 118 %.

2011 жылы индустриализациялау картасына енген 3 жобаларды жүзеге асыру жалғастыруда:

1. «Востокмашзавод» АҚ - «№ 10 болат вагондарын құю өндірісіне шойын қорту цехын жаңарту».

2. «Азия-Авто» АҚ - «ШҚО және Өскемен қаласында автокомпоненттер өндірісі бойынша толық циклды және технологиялық парк автомобиль зауытының құрылысы».

3. «Өскемен арматура зауыты» АҚ – «Жаңа өнімнің түрлерін игеру (ДУ 300 және жоғары шарлы крандар)».

Координациялық кеңестің кезекті отырысында «УК ТМК» АҚ – «ПосукТитаниум» СП жобасын қарау жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру аралығы 2010 жылдан 2013 жылдар, жалпы құны – шамамен 50 млн. АҚШ доллары.



Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейіне 43,6 % өсіммен 927,4 млн. теңгені құрады, табиғи индекс көлемі – 102,5 %.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1081,1 тонна ет (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 105,0 %), 2640,5 тонна сүт (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 100,1 %), 879,9 мың дана жұмыртқа (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 100,1 %) өндірілді.



Қала бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 8100 гектар құрады, немесе 2010 жылдың деңгейіне 100,5 %.

Картоп 1587,2 гектар алаңына отырғызылды немесе 2010 жылдың деңгейіне 102,0 %, көкөніс дақылдары – 627,9 гектар алаңға отырғызылды немесе 2010 жылдың деңгейіне 109,0 %.

Ылғал қорын сақтайтын технология бойынша егістер 600 гектар алаңға орналастырылған, бұл болжанған алаңға 100 % құрайды.

Негізгі капиталға инвестиция 22,8 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылдың деңгейінен 16,1 % артық. Табиғи индекс көлемі – 108,4 %.

Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың жеке қаражаттары – 73,9 %, республикалық бюджет қаражаты – 13,1% және жергілікті бюджет – 7,6 % құрайды.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 10,4 мың кв. метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 3,3 есе көп.

2011 жылдың 6 айында пайдалануға 5 ТҚС, 13 дүкен, 2 дәмхана, қуаттылығы жылына 120 дана шахталық жабдық шығару бойынша цех, жылына 30 мың кг пластикалық терезе шығару бойынша цех, ұялы байланыс базалық станциясы, 3 шаштараз, 3000 тоннаға 1 көкөніс қоймасы берілді.



2011 жылдың маусым айының аяғында 280 орынды бала бақша пайдалануға енгізілді.

Тіршілікпен қамтамасыз ету мәселерін шешуде ерекше көңіл құрылыс және сумен қамтамасыз ету мен канализация желілерін қайта жаңарту, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, жолдарды жөндеуге бағытталған.

2011 жылы республикалық бюджеттен 2826,1 млн теңге сомасында қаражаттар, жергілікті бюджеттен – 350,0 млн. теңге ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз ету желісінің құрылысы мен жаңартуға бөлінді.

2011-2012 жылдардағы қаланы күз-қысқы кезеңге жұмыстарға мерзімінде және сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін Өскемен қаласының 2011-2012 жылдары жылу кезеңінде тіршілікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік сала және тұрғын үй қоры нысандарына жұмысқа дайындық бойынша жоспар бекітілді.

2011 жылдың 1 шілде жағдайына қала бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындары 7063 немесе 2010 жылдың бірінші жарты жылдығына 100,0 % деп есептеледі. Нарықта белсенді жұмыс жасайтындар саны 2898 бірлікті немесе 2010 жылдың сәйкес мерзіміне 107,8 % құрайды. Тіркелгендердің санында әрекеттегі кәсіпорындардың саны 57,9 % құрайды.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпкерлік субъектілерден мемлекеттік бюджетке түсім 10,2 млрд. теңгені (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 120,7 %) құрайды, оның ішінде: жергілікті бюджет – 3,1 млрд.теңге (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 117,4 %), қалалық бюджет – 1,6 млрд.теңге (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 121,9 %).

2011 жылы әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Жұмыс тобының ұсынысы бойынша жаңа құрылысқа жер телімдерін ұсынған кезде рұқсат тәртіптерін өту мерзімдері қысқартылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Өскемен қаласы бойынша жалпы сомасы 20,3 млрд. теңгеге 21 жоба бекітілді және «Даму» қорымен қаржыландырылды:

Стастикалық мәліметтерге сәйкес қала бойынша тұтынушы тауарлар мен қызметтерге баға және тарифтертердің жинақ өсімі 2011 жылдың маусым айында өткен аймен салыстырғанда – 100,1 % құрады, 2010 жылдың желтоқсан айына – 104,4 % құрады бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 1,6 % пунктіге төмен.

Азық-түлік тауарлар Өскемен қаласы бойынша 2011 жылдың қаңтар – маусым айларына азық-түлік тауарлар тобы бағасының өсім қарқыны 110,4 %-ды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 4,5 %-ға жоғары. 2011 жылдың маусым айына – 99,9 %.

Азық түлік емес тауарлар

2011 жылдың қаңтар-маусым айларынап азық-түлік емес топтағы тауарларға бағаның өсім екпіні 100,3 % құрады бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 5,3 % төмен. 2011 жылдың маусым айына – 100 %.



Қызметтер мен тарифтер.

2011 жылдың қаңтар-маусым айларына қызметтер көрсету мен тарифтерге бағаның өсімі 102,5 %, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 4,1 % төмен. 2011 жылдың маусым айына – 100,4 %.

2011 жылдың қаңтар-маусым айларына жекелей тауар айналымның көлемі 78,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл салыстырмалы бағада 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 11,3 % көп. Толайым сатылымның көлемі 165604,8 млн. теңгені құрады немесе 2010жылдың деңгейіне 105,3 %.

Әлеуметтік салада жұмыссыздардың саны 1247 адамнан 1241 адамға қысқартылды. Экономикалық белсенді тұрғындар санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,8 % (2010 жылдың сәйкес кезең деңгейінде) құрады.

Ағымдағы жылдың алты айына 2685 жаңа жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамтамасыз ету органдары арқылы 2269 адам орналастырылды (келушілердің санынан 65,9 %). Қоғамдық жұмыстарға 998 жұмыссыздар, жастар іс-тәжірібиесіне 285 адам, әлеуметтік жұмыс орындарға – 149, кәсіптік оқытуға – 559 адам бағытталды.

Өскемен қаласы бойынша 2011жылдың 1 шілдесіне орташа айлық еңбек ақы 73835 теңге сомасында қалыптасты, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 7,9 % жоғары.

2011 жылдың 1 шілде жағдайына ірі және орта кәсіпорындар бойынша еңбекақының қарызы 45,6 млн. теңгені құрады, олардың ішіндегі кешіктірілгені 35,1 млн. теңге бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне 84,8 % және сәкесінше 99,8 % құрады.

Өскемен қаласы бойынша білім беру саласында 38 мектепке дейінгі ұйымдар бар: 6 мектеп-бала бақшалар, 23 мемлекеттік және 8 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар, бір үйдегі бала бақша.

Бала бақшаларда және мектепке дейінгі шағын-орталықтарда барлығы бағдарламалармен қамтамасыз етілгені 13513 балалар, бұл 2 жастан 6 жасқа дейін балалардың жалпы санынан 93,0 % құрайды. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына кезектілік 3099 өтінішті құрайды, олардың 1604 бір жасқа дейінгі балалар, 1495 – 2 ден 6 жасқа дейін.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында 800 орынды 3 бала бақшаның ғимараттары босатылды, 1852 орынды 5 бала бақшалар ашылды.

2011 жылдың ақпанында 240 орынды Тәуелсіздік даңғылы, 26/2 мекен жайы және 120 орынды Севастопольская, 14/1 бойында орналасқан екі бала бақша коммуналдық меншікке қайтарылды.Бүгінгі күнде жобалық- сметалық құжаттама әзірленуде.



Өскемен қаласы бойынша БҰТ орташа балы 91,3 және 2010 жылмен салыстырғанда 5,1 (86,9) (2010 жыл - 86,9) және 4,1 республика бойынша орташа балл жоғары.

2011 жылы Өскемен қаласында білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жалпы 165,9 млн. теңге сомаға Жол картасының іс-шаралар жүзеге асыру жалғастырылуда.

Қаланың мәдени мекемесімен 354,6 мың адам қатысқан мәдени шаралар өткізілді.

Өскемен қаласының бюджетіне жеке кірістердің түсімі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларына 107,7 % орындалды және 9,5 млрд. теңгені құрады.



2011 жылдың қаңтар-маусым айларына Өскемен қаласы бюджетінің меншік кірістері бойынша болжам 113,9 % орындалды, 5,6 млрд. теңге түсті, бұл жоспарланғаннан 677,9 млн. теңгеге артық.

Салықтық түсімдер 4,9 млрд. теңгені немесе 117,7 % құрады. Салықтық емес түсімдер 146,2 % орындалды. Негізгі капиталдан сатудан түсімдер 664,9 млн. теңге болжамда 588,9 мың теңгені немесе 88,6 % құрады.

41,3 млн. теңге сомасында азаматтарға пәтер сатудан түсімдер орындалмады, 527,2 млн. теңге болжамда түскені 486,0 млн теңге немесе 92,2 % құрады, жер телімдерін сатудан түсімдер 35,1 млн. теңге сомасында орындалмады немесе 70,5 %.

Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамды көрсеткіштерін орындау мақсатында бюджетке төлемдерді іздестіру алгоритмдерін орындау шаралары жүргізілуде. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығына резервтер іздестіру бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындысында жергілікті бюджетке қосымша 321,3 млн.теңге алынды.

2011 жылдың қаңтар-маусым айларына бюджетт ің шығыс бөлігі 91,6 % орындалды. 9 840,2 млн. теңге жоспарда орындалу 9 015,9 млн. теңгені құрады.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет