2011 жылғы 15 желтоқсандағы №36 Директорлар кеңесінің шешімімен



жүктеу 178.43 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі178.43 Kb.


«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Өнімдік бағдарламалар бойынша

кредиттеу талаптары

________________________________________________________________________________________________



2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 36

Директорлар кеңесінің шешімімен

«БЕКІТІЛДІ»


«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

өнімдік бағдарламалары бойынша кредиттеу талаптары


  1. Етті тұқымды жас төлдің ұдайы өндірісі үшін ІҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға АӨК субъектілерін кредиттеу бағдарламасы («Сыбаға») кредиттеудің келесі талаптарын қарастырады::




Кредиттеу талаптарының параметрлері

Кредиттеу талаптары

Бағдарлама мақсаты

Етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін (ШҚ, ФҚ, ЖК):

  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу (РБ, ӨҚ, ТҚ);

  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде (ӨҚ, ТҚ).

КС үшін:

  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу үшін КС қатысушыларын кредиттеу үшін КС кредиттеу (РБ, ӨҚ, ТҚ), негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде (ӨҚ, ТҚ).

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

ІҚМ-ды сатып алуға төлем нысаны және қарыз берудің тәртібі

Қолма-қол ақшалай және ақшасыз.

Қарызды қолма-қол ақшалай беру нысаны жеке тұлғалар- КС/Корпорация қарыз алушылары үшін сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын жобаларды қаржыландырғанда қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшалай түрдегі қаржыландыру қарызды 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беру жолымен жүргізіледі.

Қарызды қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-КС/Корпорация қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

Заңды тұлғалар - КС/Корпорация қарыз алушылары үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі.


Сома

КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін:

8 500 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін



КС үшін - 1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін

(өз қарыз алушылары үшін қарыздарды КС ұсынған жайдайда - 1 000 000 теңгеден бастап 20 000 000 теңгеге дейін)



Кредиттердің түрлері

Қарыз (КС-ті қоспағанда)/ ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге жаңартылмайтын кредит желісі/асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу – 120 айға дейін;

  • асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу – 24 айға дейін;

  • айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін;

  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу – 120 айға дейін.

Кредиттеу ставкасы

КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін - жылдық 6%

(СЖТС - жылдық 6 %)



КС үшін – жылдық 4 % ( КС қарыз алушылары үшін сыйақы ставкасы КС Уәкілетті органымен белгіленеді, бірақ жылдық 9%-дан артық емес )

(СЖТС - жылдық 4 %)



Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, мерзім соңында, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

  • асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға – әр траншты берген кезден 12 айдан артық емес;

  • аналық басты, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге - әр траншты берген кезден 24 айдан артық емес.

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

  • төлем қабілеттілігі;

  • өтінімді беру күніне ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • теріс кредиттік тарихының болмауы;

  • малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;

  • азық базасымен қамтамасыз етілгендігі;

  • жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар ұсынған ортақ пайдаланудағы жерлердің болуы;

  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда);

  • саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда, сатып алынатын ІҚМ санынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түріндегі ортақ қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

  • сатып алынатын ІҚМ аналық басының, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлінің жасы: 12-ден 48 айды қоса болуы қажет;

  • міндетті түрде меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың келесі ІҚМ санына арасалмағымен болуы тиіс: 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесіне (ен басу, биркалау және т.б.) сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру;

  • малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз);

  • сатып алынатын және қолда бар асыл тұқымды өндіруші бұқалардың асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі және ветеринарлық төлқұжаты болуы тиіс;

  • бордақылау алаңдарына ІҚМ «жас төлін» (бұқаларды) жеткізуге ниеттену шартын ұсыну;

  • сатып алынатын ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін қаржыландырудың мөлшері бір ІҚМ басы үшін 195 000 (жүз тоқсан бес мың) теңгеден аспауы тиіс;

  • асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі бар сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқаларды қаржыландырудың шекті мөлшері 1 кг тірі салмақ үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден аспауы тиіс.

Ерекше талаптар

Аталмыш бағдарламаның мақсатына сәйкес ІҚМ селекциялық жас төліне Ресей Федерациясынан, Украина мен Белоруссиядан әкелінген етті бағыттағы асыл тұқымды мал, Австралиядан әкелінген ІІІ санатты таза тұқымды мал, АҚШ пен Канаданың коммерциялық таза тұқымды малы жатқызылады.

66-4. Ұсақ қара малды сатып алу үшін кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – ҰҚМ):




Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-майлы бағыттағы ҰҚМ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету


Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

  1. ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу;

  2. негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру.

КС үшін:

ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін КС қатысушыларын қаржыландыруға КС кредиттеу.



Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

ҰҚМ сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

Қолма-қол ақшалай және ақшасыз.

Қарызды қолма-қол ақшалай беру нысаны жеке тұлғалар, сондай-ақ КС қарыз алушылары үшін сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын жобаларды қаржыландырғанда қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшалай түрдегі қаржыландыру қарызды 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беру жолымен жүргізіледі. 

Қарызды қолма-қол ақшасыз беру нысаны қарыз алушының қарауы бойынша қолданылады.

Заңды тұлғалар - КС қарыз алушылары үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі. 


Сома

КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – 5 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталынан  25%-ға дейін;

КС үшін –  500 000 теңгеден бастап  30 000 000 теңгеге дейін.




Кредиттердің түрлері

ҰҚМ аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу мен  айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

84 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

  • ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу –  84 айға дейін;

  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу –  84 айға дейін;

  •  айналым қаражатын толтыру –  24 айға дейін.

Кредиттеу ставкасы

  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – ҰҚМ сатып алуға – жылдық 14% (жылдық 7% субсидиялауды есепке ала отыра), техника мен жабдықты сатып алуға – жылдық 14%  (жылдық  4% субсидиалауды есепке ала отыра) (СЖТС – жылдық 14% бастап)

КС үшін:

  •  жылдық 4%  (КС қарыз алушылары үшін – жылдық 9% артық емес) (СЖТС – жылдық 4% бастап)




Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

  • ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әрбір траншты берген күннен бастап 24 айдан артық емес; айналым қаражатын толтыруға – әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

  •  кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • теріс кредиттік тарихының болмауы;

  • жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;

  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ҰҚМ болған жағдайда);

  • саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын ҰҚМ) 30 %-нан кем емес меншікті ҰҚМ болуы.

  •       Меншікті ҰҚМ болмаған жағдайда, Қарыз алушы сатып алынатын ҰҚМ санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

  • атып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 12 айдан бастап 36 айды қоса;

  • сатып алынатын ҰҚМ аналық басын қаржыландыру көлемі ҰҚМ бір басы үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс;

  • меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші қошқарлардың болуы, жасы 24 айдан артық, ұрықтандыру өткізу тәсіліне байланысты ҰҚМ санына арасалмағымен: ерікті шағылысқанда – 30 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; қолдан шағылыстырған кезде - 50 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; жасанды шағылыстырған кезде - 500 бас ұрғашы қойға 10 асыл тұқымды өндіруші қошқар;

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ҰҚМ сәйкестендіру

66-5. Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы




Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу;

  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру

КС үшін:

  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру үшін КС кредиттеу.

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

Қолма-қол ақшалай және ақшасыз.

Қарызды қолма-қол ақшалай беру нысаны жеке тұлғалар, сондай-ақ КС қарыз алушылары үшін сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын жобаларды қаржыландырғанда қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшалай түрдегі қаржыландыру қарызды 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беру жолымен жүргізіледі. 

Қарызды қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлғаның-КС  қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

Заңды тұлғалар - КС қарыз алушылары үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі. 


Сома

қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда – 4 500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін;

КС үшін – 4 500 000 теңгеден бастап 100 000 000 теңгеге дейін



Кредиттердің түрлері

Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен  айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу – 120 айға дейін;

  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу – 120 айға дейін;

  •  айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін




Кредиттеу ставкасы

  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – жылқыларды сатып алуға – жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 7%), техника мен жабдықты сатып алуға – жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 4%) (СЖТС – жылдық 14% бастап)




  • КС үшін – жылдық 4% (КС қарыз алушылары үшін – жылдық 9% артық емес) (СЖТС – жылдық 4% бастап)




Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес;

  • айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

  • кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • теріс кредиттік тарихының болмауы;

  • жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және   (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар  берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;

  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);

  • саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30 %-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы.

  •          Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы  сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.




Жобаға қойылатын негізгі талаптар

  1. сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса;

  2. сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс;

  3. жасы 24 айдан артық, жылқылар саны 15 аналық биеге 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы;

  4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.

66-6. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысын кредиттеу бағдарламасы




Бағдарлама мақсаты

Жайылымдық мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Негізгі құралдар (құдықтар мен өзге қажетті құрылыстарды салу мен жөндеу, трансформаторларды, күн батареяларын, арнайы техниканы сатып алу) және айналым қаражаты

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Сома

500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін

Кредиттердің түрлері

кредит/жаңартылмайтын / жаңартылатын кредит желісі

Кредит желісінің мерзімі

84 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

  • негізгі құралдарды сатып алу – 84 айға дейін;

  • айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін.

Кредитеу ставкасы

  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) – жылдық 14%

(субсидиялауды есепке ала отыра жылдық 7%)1

(СЖТС – жылдық 14%)



  • КС үшін – жылдық 4%

(КС қарыз алушылары үшін – жылдық 9% артық)

(СЖТС – жылдық 4%)



Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

12 айға дейін

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар

  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

  • өтінімді беру күнінен бұрынғы соңғы 3 (үш) айға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • қаржыландыру күніне ЕДБ мен өзге қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;

  • теріс кредиттік тарихының болмауы;

  • меншік және (немесе) ұзақ мерзімді жалға алу құқығымен жайылым алаңдарының болуы;

  • мал басының болуы;

  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

  • құдықтарды бұрғылаумен/жөндеумен байланысты жұмыстарды жасаған жағдайда, ҚР заңнамасында көзделген талаптарды қарыз алушының қатаң сақтауын қамтамасыз ету;

  • құдықтарды қалпына келтіру/салу бойынша алынған субсидияларды НБ төлеуге бағытталуы тиіс.




1 инвестициялық салымдар жағдайында агроөнеркәсіптік кешен субъектісі жасаған шығындардың бөлігін төлеу жөніндегі субсидиялау ережелеріне сәйкес сыйақының субсидияланатын ставкасы.


П АКК 403-130-11

Басылым: бірінші




беттің -беті




: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет