2011 жылы Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы



жүктеу 12.95 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі12.95 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
2011 жылы Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындарын

дайындау және өткізу туралы



2011 жылы Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2011 жылғы 30 қаңтар – 6 ақпан кезеңінде Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындары (бұдан әрі – Ойындар) өткізілсін.

2. Қоса беріліп отырған Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.

3. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Ойындарға қатыстыру дайындығы жоспарларының орындалуы, Алматы қаласының спорт объектілерінің салыну барысы мен Ойындарды өткізуге дайындығы туралы есептері тыңдалсын.

4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:

1) 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы спорт делегациясының 2011 жылы Алматы қаласында өтетін Ойындарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етсін және жылына кемінде екі рет Ойындарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын салу мен қайта жаңғырту мәселесін қарасын.

5. Алматы қаласының әкімі жылына кемінде екі рет әкімдік отырыстарында қаланың Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселені қарасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет