2012 жылдың 9 айы бойынша елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп туралы статистикалық деректердің талдауы астана қаласы 2012 жылғы 6 қазан



жүктеу 128.14 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі128.14 Kb.
: sites -> default -> files -> documents
documents -> I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған Іс-қимыл жоспары
documents -> Қазақстан облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар мен мекемелерін тексеру жөніндегі жұмыс жоспарынан үзінді
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
documents -> Научно-образовательный материал Обработка и интерпретация данных дистанционных исследований на акваториях
documents -> Культура массовых коммуникаций 8 семестр проф. Ермакова Г. А
documents -> Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) жұмысын бастады. Мемлекеттік қызмет «электронды үкімет»
documents -> Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру



2012 жылдың 9 айы бойынша елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп туралы статистикалық деректердің

ТАЛДАУЫ
Астана қаласы 2012 жылғы 6 қазан
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2012 жылдың 9 айы бойынша елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп туралы статистикалық деректерге талдау жасады.

2011 жылғы қаңтарда Елбасы елдегі қылмыстылық деңгейі көрсеткіштерінің дұрыстығын қамтамасыз ету бағытын белгіледі.

Барлық құқық қорғау органдарының бір жарым жыл ішіндегі қылмыстарды толық тіркеу және көрсеткіштердің объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмысы арқылы ұзақ жылдар бойы жасырылып келген елдегі шынайы криминогендік ахуал қалыптастырылды.

Осылайша, 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қалыптастырылған статистикалық ақпаратқа сәйкес, елдегі криминогендік ахуал қылмыстардың 52,5%-ға (137 789-дан 210 133-ке дейін) өсуімен сипатталады.

Соның ішінде ауыр қылмыстың саны 10,5%-ға (20 419-дан 22 561-ге дейін) өссе, аса ауыр қылмыстың саны керісінше 14,4%-ға (2 777-ден 2 377-ге дейін) төмендеді.

Елдің өңірлері шегіндегі қылмыстылықтың жоғары деңгейі және өсуі Алматы қаласының аумағында байқалады (37 994 қылмыс, яғни 106,7%).



Қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы мынадай көрініс табады (№1 диаграмма).
1 диаграмма

Өңірлер шегіндегі тіркелегн қылмыстардың серпіні

Үстіміздегі жылдың алдыңғы айларына қатысты ел бойынша тіркелген қылмыстар серпінінің төмендеуі байқалады, ал 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық деңгейінің көрсеткіштері жоғары болып келеді (№2 диаграмма).

2 диаграмма

2012 жылғы елдегі қылмыстылықтың серпіні


«Тіркелген» қылмыстылықтың ең жоғары деңгейі елдің 3 өңірінде: Алматы (10 мың тұрғынға шаққанда 348 қылмыс), Астана (279) қалаларында және Қостанай (270) облысында (ел бойынша167) байқалады.

Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының көрсеткіштері айтарлықтай төмен (84).


3 диаграмма

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық деңгейі

Осылайша, Алматы қаласында ү.ж. 9 айы ішінде 37 994 қылмыс, яғни өткен жылғы 18 381 қылмыспен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш тіркелді, сондай-ақ 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық деңгейі – 348 құрап, орташа республикалықтан екі есеге жоғарылады – 167.

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылықтың айтарлықтай деңгейі қаланың 2 ауданында тіркелді: Алмалы - 643 және Медеу – 433 (№4 диаграмма).

Алматы қаласындағы қылмыстылықтың 2 есеге өсуі ауырлығы орташа қылмыстардың 30 964-ке дейін (13 579) және ауыр емес қылмыстардың 2 002-ге дейін (942), сондай-ақ ауыр қылмыстардың 33,4%-ды құрап, 4818-ге дейін (3611) өсуі есебінен болды. Аса ауыр қылмыстардың саны керісінше 15,7%-ға яғни 210 дейін төмендеді (249).

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 29%-ды құрады – бұл елдегі ең төмен көрсеткіш (орташа республикалық көрсеткіш – 46,9%). Осыған ұқсас, төмен ашылу көрсеткіші ұрлық бойынша да қалыптасқан 10% (орташа республикалық көрсеткіш - 19,8%), олардың үлес салмағы 66,4%-ды құрады.


4 диаграмма
Алматы қаласында тіркелген қылмыстардың серпіні

Астана қаласында ү.ж. 9 айы ішінде 15 674 қылмыс тіркелді (9 271), яғни өткен жылғы көрсеткіштен 69,1%-ға жоғары.

№5 диаграммада көрсетілгендей қылмыстар санының көпшілігі Алматы ауданында тіркелген.


5 диаграмма
Астана қаласында тіркелген қылмыстардың қатынасы


10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық деңгейі 279 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,6 есеге жоғары.

Тіркелген қылмыстардың саны, аса ауыр ауыр қылмыстарды қоспағанда – 87 ( -29,3%-ға төмен, 123), барлық ауырлық санаттары бойынша жүзеге асты:

- ауыр қылмыстар – 1 391 (9,2%, 1 274);

- ауырлығы орташа қылмыстар – 13 239 (78,7%, 7 410);

- ауыр емес қылмыстар – 957 (106,3%, 464).

Қаланың Алматы ауданында тіркелген қылмыстардың ішінен 87%-ы ауырлығы орташа қылмыстарға тиесілі.

Соның ішінде аса ауыр, ауыр және ауыр емес қылмыстарды тіркеудің жоғары көрсеткіші Сарыарқа ауданына қатысты.

Талданып отырған кезеңде Есіл ауданы ұрлық, алаяқтық, бұзақылық сияқты ауырлығы орташа қылмыстардың есебінен қылмыстылықтың 90%-ға (қала бойынша – 69,1%) өсуі арқылы ерекшеленді.

Соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші Сарыарқа (48,9%) және Есіл (45,9%) аудандарында қалалық көрсеткіштен төмен болып қалуда (50,4%).

Қылмыстылық құрылымындағы ұрлықтың үлесі 61,1%-ды, яғни 9 574 қылмысты (5 554) құрап, соның ішіндегі 46,8% Алматы ауданында жасалды – 4 476 (2 705). Алайда ұрлыққа Сарыарқа ауданындағы пәтерлердің тұрғындары жиі ұшырады және олардың ашылу көрсеткіші 36,4%-ды құрады.

Елордада тіркелген қылмыстардың айтарлықтай бөлігі келушілер мүліктеріне (жекелегенде әмияндарына және ұялы телефондарына) қатысты қырағылығын жоғалтатын, сондай-ақ кең көлемде мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өткізілетін «Хан-шатыр», «Керуен», «Мега» сияқты сауда және ойын-сауық кешендерінің орнығуына байлынысты орын алады.

Қостанай облысында ү.ж. 9 айы ішінде 17 660 (9 926) қылмыс тіркелді.

Облыс орталығы және тұрғындарының саны жоғары, көші-қон ағымдары белсенді аудандар ерекше криминогендік болып табылады.

Осылайша, облыстағы күрделі криминогендік ахуал облыс қылмыстарының ½ бөлігін қамтыған (8 894) Қостанай қаласында, сондай-ақ Рудный қаласында– (3 235) тіркелді.

Өңірдегі қылмыстылықтың өсуі Қостанай қаласы (99,1%), Рудный қаласы (118,1%) және Жангелді ауданының есебінен (133,3%) болды.

Өңір бойынша 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық деңгейі 270 қылмысты құрады, оның аса жоғары деңгейі Қостанай – 546, Рудный – 339 қалаларында тіркелді.

Тіркелген қылмыстар санының өсуі аса ауыр қылмыстардан басқа - 165 (240), яғни -31,3%, ауырлықтың барлық санаттары бойынша тіркелді:

- ауыр қылмыстар 1 123 дейін (960), 17%-ға;

- ауырлығы орташа қылмыстар 15 374 дейін (8 263), 86,1%-ға;

- ауыр емес қылмыстар 998 дейін (463), 115,6%-ға.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен асып, 57,2%-ды құрады.

2012 жылдың 9 айы ішінде ұрлықтың саны 12 432 (6 860) қылмыс болып, оның үлес салмағы облыста тіркелген барлық қылмыстар санының 70,4%-ын құрады. Олардың басым бөлігі Қостанай қаласында, Рудный қаласында, Қостанай және Жітіқара аудандарында жасалды.

Республика бойынша есірткіге байланысты қылмыстардың ең көп саны Қостанай облысында тіркелгенін атап өту керек (ҚР ҚК 259 бабы 2,3,4 бөліктері және 260, 261, 264 баптары) - 320 дейін (355).

№1 диаграммаға сәйкес Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қылмыстарды тіркеудің ең төмен серпіні белгіленді.

Осылайша, халқының саны жоғары Шығыс Қазақстан облысында (2012 жылдың басында 1,3 млн. адам) қылмыстылық 18,6%-ға өссе, Солтүстік Қазақстан (халқының саны 583 мың адам) және Ақмола (731 мың адам) облыстарында тиісінше 12,2%-ға және 20%-ға өсті.



Солтүстік Қазақстан облысында ү.ж. 9 айы ішінде 5 868 (5 231) қылмыс тіркелді, оның 53,9%-ы облыс орталығында жасалған - 3 166 (2 792).

Петропавл қаласындағы күрделі жедел ахуал да қылмыстылықтың 13,4%-ға өсуімен расталады, бұл облыстық көрсеткіштен жоғары болып табылады (12,2%).

Облыс бойынша аталған өсім ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар қатарына жататын ұрлықтарды (22,5%), бұзақылықты (95,6%), зорлауды (11,1%) тіркеудің артуына негізделеді.

Адам өлтіру (-23,9%), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-23,2%) қылмыстарының есебінен ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың саны тиісінше 15,1%-ға және 42,2%-ға кеміді. Ал олардың ашылу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен (46,9%) жоғары болып, 73,7%-ды құрады.

Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстардың 79%-ы Өскемен, Семей және Зырян және т.с.с. ірі қалаларда тіркелген.

Өңірде барлығы 19 531 қылмыс жасалған, соның ішіндегі 93%-ы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардан тұрады.

Адам өлтіру (-24%), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-13,7%), есірткі қылмыстарының (-21,9%) төмендеуі есебінен ауыр (-12,7%) және ерекше ауыр (-34,3%) қылмыстардың арасында оң серпін байқалды.

Талданып отырған кезеңде Ақмола облысында 9 345 қылмыс тіркелді (7 787), соның ішіндегі 1/3 Көкшетау қаласында жасалған (3 449).

Өңірдегі қылмыстылықтың шамалы өсімі (20%) онша ауыр емес (20,3%), ауырлығы орташа (22,7%) және ауыр (4,3%) қылмыстардың есебінен болды.

Адам өлтіру, зорлау қылмыстарының азаюы есебінен ерекше ауыр қылмыстардың саны 19,4%-ға кеміді (124-тен 100-ге дейін).

Елде жоғарыда аталған серпінге себеп тудырған қылмыстық іс-әрекеттердің ішінде ұрлық, тонау, алаяқтық және бұзақылық қылмыстары басым түсін, олардың үлес салмағы 84%-ды құрады.

Талданып отырған кезеңде респулика бойынша ұрлық 79 271-ден 131 713-ке дейін (соның ішінде пәтерлік ұрлық – 22 224-тен 31 899-ға дейін), тонау – 12 135-тен 15 196-ға дейін, алаяқтық – 9 923-тен 15 580-ге дейін (жалпы қылмыстық), қарақшылық – 1 349-дан 1 259-ға дейін, бұзақылық – 6 306-дан 12 218-ге дейін, зорлау – 1 280-нен 1 715-ке дейін өсті.

Ақтөбе (1-ден 7-ге дейін), Алматы (12-ден 35-ке дейін), Павлодар (6-дан 25-ке дейін) және Оңтүстік Қазақстан (5-тен 18-ге дейін) облыстарының есебінен қару-жарақты, оқ-дәрілерді ұрлау, бопсалап алу саны 2 есеге дейін өсті (56-дан 123-ке дейін).

Талданып отырған қылмыстар Шығыс Қазақстан облысында 37,5%-ға және Қарағанды облысында 14,3%-ға кем жасалған.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында ҚР ҚК-нің 255-бабы бойынша бір де бір дерек тіркелмеген.

Алматы (5,7%), Шығыс Қазақстан (33,3%), Қарағанды (33,3%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (38,9%) олардың ашылу деңгейі төмен болып келеді.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес Ақмола (68-ден 40-қа дейін), Солтүстік Қазақстан (46-дан 35-ке дейін), Қостанай (75-тен 59-ға дейін), Шығыс Қазақстан (125-тен 95-ке дейін) облыстарының есебінен Қазақстандағы қасақана жасалған адам өлтірулер 1 069-дан 953-ке дейін кеміді.

Адам өлтірулердің басым бөлігі бұрынғысынша Алматы -124 (131), оңтүстік Қазақстан – 117 (114), Қарағанды – 107 (97) облыстарында тіркелуде.

ҚҚ-тің 259-бабы 1-бөлігін қылмыстан арылтуға және оны әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстыруға байланысты Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа өңірлердегі есірткіге байланысты қылмыстардың 3 267-ден 2 814-ке кемуі байқалады.

Ел бойынша ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың жалпы ашылу деңгейі 46,9%-ды (60,9%) құрады. Соның ішінде ерекше ауыр қылмыстардың 83,6%-дан 74,6%-ға, ал ауыр қылмыстардың – 57,2%-дан 43,5%-ға кемуі белгіленіп, ол үстіміздегі жылдың басында бұрын қозғалған қылмыстық істердің ішінен есептелген, ал қазір қылмыстар туралы тіркелген өтініштердің ішінен есептелетін жаңа ашылу формуласын енгізумен байланыстырылады. Сондай-ақ полиция қызметкерлері тарапынан жиі жасырылған онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстардың ашылуын есептеу өлшемдері алынып тасталды.

Талдау көрсеткендей қылмыстар көпшілік жағдайда қоғамдық орындарда жасалады, шамамен алғанда 1/3 (210 133 қылмыстың 69 904)

Соымен қатар көше бойындағы қылмыстар деңгейінің өсуі шамалы деңгейде қоғамдық тәртіпті сипаттайтын құқық бұзушылықтар түрінде ұсынылған.

Мысалы, резонансты көше бойындағы қылмыстар ішінде үлес салмағы бойынша тонау 21,7%-ды, ал бұзақылық – 17,4%-ды, көлік құралын ұрлау - 3,5%-ды құрады. Барлығын қоса алғанда олар көше бойындағы қылмыстардың жалпы бейнесінің төрттен бірінен кем бөлігін қамтиды (42,6%).

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың басым бөлігі жасырын мүлік ұрлау ретінде ұсынылған. Ұрлықтың көпшілігі «еркін қолжетімділік» жолымен жасалып, соның ішінде сауда және ойын-сауық орындарында, базар және көшелерде сауда және ойын-сауық орындарында, базар және көшелерде қараусыз қалған мүлікті ұрлау түрлері басым.

Осылайша, Алматы қаласының, Ақтөбе облысының тұрғындары қоғамдық орындарда, көшелерде заңға қайшы әрекеттерге жиі ұшырайды.

Аталған қылмыстарды азайту үшін ішкі істер органдары бейнебақылауды орнатты.

Мысалы, Қостанай қаласында бейнебақылау 56 бейнекамераны орнату арқылы іске асырылса, ЖБО ашылғаннан кездегі олардың саны 8 құраған болатын.

2011 жылы Қостанай облысындағы ІІД техникасының көмегімен 23 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты бейнежазба кейіннен сот отырыстарында әкімшілік материалдар бойынша шешім шығару кезінде айғақ ретінде қолданылған болатын.

Қостанай көшелеріндегі қылмыстардың 2 есеге дейін, яғни 1 728-ден 3 588-ге дейін өсуі бейнекамералар санын көбейту қажеттілігіне көз жетікзеді. Осыған ұқсас жағдай Қызылорда (430-дан 1 132-ге дейін), Батыс Қазақстан (692-ден 1 577-ге дейін), Атырау (274-тен 854-ке дейін), Алматы (1 183-тен 2 966-ға дейін), Ақтөбе (735-тен 2 483-ке дейін) облыстарында және Алматы қаласында (5 970-тен 13 730-ға дейін) да қалыптасқан.

Қылмыс жасаған адамдардың әлеуметтік бейнесі статистикалық деректердің негізінде келесідей көрініс табады.

Қылмыс жасаған адамдарды талау (барлығы 73 180 адам) қылмыстардың басым бөлігі тұрақты тұрғылықты орны жоқ жас аралығы 21-ден 29-ға дейінгі ерлермен жасалғанын көрсетті.

Кәмелетке толмағандардың үлесі 6%-ды (4 464) құрап, олардың ішіндегі көп бөлігі 16-17 жастағы мектеп, гимназия және лицей оқушылары.

Қазақстандағы 2012 жылдың 9 айы бойынша әлеуметтік-криминологиялық сипаттама мынадай көрініс табады.


6 диаграмма
Адамдардың жекелеген санаттарымен жасалған қылмыстардың үлес салмағы


Статистикалық ақпаратқа сәйкес ү.ж. Астана, Алматы қалаларында, Алматы және Оңтүстік қазақстан облыстарында бұрын қылмыс жасаған адамдармен жасалған қылмыстардың саны 2 есеге өсті.

Аса қауіпті рецидивисттерге жататын санаттағы адамдармен жасалған қылмыстардың өсуі ерекше алаңдатады (319-дан 404-ке дейін).

Алкогольдік және есірткілік масаңдық күйінде жасалған қылмыстардың ең жоғары өсімі Астана қаласында (122,9%), Қызылорда (123,5%) және Атырау (102%) облыстарында тіркелді. Соның ішінде оның жоғары деңгейдегі үлес салмағы Солтүстік Қазақстан (27,9%) және Ақтөбе (26,6%) облыстарына тиесілі (ел бойынша 15,6%).

Топ құрамында жасалған қылмыстардың жиілігі Оңтүстік Қазақстан (25,5%) және Маңғыстау (24,7%) облыстарында тіркелді (ел бойынша 17,7%).



Есепке алу – тіркеу тәртібі қылмыстылық деңгейінің көрсеткіштеріне ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады.

Тіркеу және есепке алу жүйесін түбегейлі реформалау арқылы қылмыстылық туралы деректер нақты сипатқа ие бола бастады.

Тіркеу және есепке алу жүйесін түбегейлі жетілдіру бойынша кең көлемдегі жұмыс жасалды, барлық жерлерде ақпараттық технологиялар енгізілді.

Осылайша күтіліп отырған нәтижеге қол жетті – қызметкерлер үшін тіркеу рәсімі қолдануға ыңғайландырылды және жеңілдей түсті, ал азаматтар үшін барынша айқын іске асуда.

Жүргізіліп отырған жұмыстың дұрыстығын растайтын көрсеткіштердің бірі болып келіп түскен өтініштердің қозғалған қылмыстық істер санымен расталуы болып табылады.

Бастапқы деректерге сәйкес 2012 жылы ол 26%-ға өсті (№8 диаграмма).


8 диаграмма

Осындай серпін барлық өңірлерде байқалмайды және бастапқы деректерге сәйкес 3 өңірде (Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында) көрсеткіштердің қалыптасқан жағдайдан алшақтығы жөніндегі қорытынды расталды (№9 диаграмма).
9 диаграмма

Осыған қоса, аталған тәуекелдер прокуратура тарпынан есепке алынып, тұрақты негізде қылмыстарды жасыру дерегіне тексерулер жасалып отыр.

Осылайша, бастапқы деректерге сәйкес 2012 жылдың 9 айы ішінде 5 жыл көлеміндегі сәйкес кезеңдердегі тіркеуден жасырылған қылмыстар көрсеткіштерінен төмен болып табылатын 1 759 қылмыс анықталды (№10 диаграмма).


10 диаграмма

Сондай-ақ азаматтардың қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына байланысты ішкі істер органдарының қызметкерлеріне шағым жасау санының кемуі байқалады, бұл ахуалдың дұрыс бағытта дамуының жанама көрсеткіші болып табылады.



Есепке алу-тіркеу тәртібі саласында қабылданған шаралардың нәтижесінде есептік тәртіп те реттелді.

Нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, қайталанбалы қылмыстылық және алкогольдік және есерткілік масаңдық күйінде жасалған қылмыстар сияқты санаттар бойынша көрсеткіштер еселеп жоғарылады.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны талданып отырған кезеңде 2 есеге немесе 115,5%-ға (32 444-тен 69 904+ке дейін), соның ішінде көше бойындағы қылмыстар 88,7%-ға (23 791-ден 44 903-ке дейін) өсті.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар санының 16,8%-ға (2 942-ден 3 435-ке дейін), алкогольдік және есерткілік масаңдық күйінде жасалған қылмыстар санының 29,5%-ға (7 545-тен 9 774-ке дейін) және қайталанып жасалған қылмыстар санының 21,1%-ға (7 363-тен 8 913-ке дейін) өсуі байқалады.


Қорытынды және ұсыныстар
Талдау көрсеткендей, тіркелген қылмыстар санының өсуі есепке алу-тіркеу саласын «тәртіпке келтіру» бағытын іске асыру, қылмыстылық деңгейінің көрсеткіштерін объективтендіру салдарында болды.

Ұрлық, тонау, алаяқтық және бұзақылық қылмыстарының 80%-дан астам бөлігін құрайды, сондай-ақ олардың жасырылу деңгейі өте жоғары болып табылады.

Жүргізілген саясаттың нәтижесінде аталған қылмыс санаттары «көлеңкеден» шығып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғандағы тіркелген қылмыстар санының айтарлықтай өсу серпініне себеп тудырды.

Әдеттегідей, адам өлтірумен, қарақшылықпен байланысты қылмыстар «жасырылу» деңгейі төмен қылмыстар болып табылып, олардың серпіні тиісінше 10,9%-ды, 6,7%-ды құрайды.

Осылайша, ү.ж. 9 айы ішінде тіркелген қылмыстардың айтарлықтай бөлігі криминогендік ахуалдың нашарлауын бағалау өлшемі болып табылмайды және тек елде іс жүзінде қалыптасқан қылмыстылық деңгейін көрсетеді.

Осы негізде үлкен міндеттер жүктелген учаскелік инспекторлардың жұмысына назар аудару қажеттігіне назар аудара отырып ішкі істер органдары қызметінің сапалы түрде қайта құрылуы жөнінде айтуға болады.



Осыған орай, инспекторлардың өз учаскесіндегі жұмысының негізгі көрсеткіштері сияқты ол жөніндегі халықтың пікірі де әрбір үйдің, кварталдың ауласындағы және жалпы алғанда қаладағы қоғамдық тәртіп ахуалының өлшемдеріне айналуы тиіс.

Сондықтан қоғамды белсенді түрде қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға тарту керек, себебі бірлескен шаралар қылмыстылыққа қарсы төтеп беруге тиісті күш бола алады.

Учаскелік инспекторларды Комитеттің ақпараттық қорларының деректерімен қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура және ІІМ қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған ақпараттық қор құру Тұжырымдамасының жобасы әзірленуде.


Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті


орынд. Қоқанова Г.Т.

тел.31-79-76,121






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет