2012 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижелері бойынша ақпарат



жүктеу 76.04 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі76.04 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
2012 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижелері бойынша ақпарат
Ел президенті денсаулық сақтау жүйесі алдында Қазақстан ұлттарының денсаулығын нығайту мақсатына қол жеткізуге бағытталған міндеттер қойып отыр, өйткені денсаулық елдің экономикалық дамуындағы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ал денсаулық қорғауға шығындалған қаражат – бұл ел бюджетіне орасан зор экономикалық үлес қосатын «тиімді» инвестициялар.

Емделушіге бағытталған медициналық-санитарлық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсету технологиясын түбегейлі өзгерту арқылы денсаулық сақтау жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін оны кешенді түрде жетілдіру «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау ісін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеті болып табылады.

Бүгінгі таңда қойылған міндеттерді жүзеге асырудың және денсаулық сақтау ісін жетілдірудің ерекше тетігі ретінде өз қағидаттарымен бірге Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі – БҰДЖ) көрініс тауып отыр, ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2010 жылы енгізілген. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінде МСАК секторының құрамдас бөліктерін оны БҰДЖ қағидаттарына бейімдей отырып жетілдіру саясаты жүзеге асырылады. Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мен халыққа, соның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің жеделдігін жоғарылату қарастырылған. Осы тұрғыдан, әлеуметтік қызметтер институтын дамыту, жылжымалы медициналық кешендер түріндегі көлік медицинасын дамыту, сонымен қатар, санитарлық авиация мен жол медициналық пункттерін дамыту басым бағыттар болып табылады.

МСАК секторын кешенді дамыту үшін бөлінетін қаражатты жыл сайын арттыру үрдісі мемлекет тарапынан назар аударылуы тиіс шара болып табылады және қазіргі таңда бүкіл республика бойынша өз дамуын табуда. МСАК әлеуетін нығайту бойынша мемлекеттік саясатты аталмыш сектор қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру құрауышының қатысуынсыз толыққанды бағалау мүмкін болмас еді. Бүгінгі таңда жан басына шаққандағы құрауышқа ынталандырушы құрауыш (бұдан әрі – ЖШНЫК) МСАК барлық ұйымдарын және оларда жұмыс істейтін 35 мыңнан астам медицина қызметкерлерін, 2,5 мың әлеуметтік қызметкерлерді қамтиды. МСАК секторы жұмысының нәтижелерін бағалаудың негізінде тоқсан сайынғы қосымша төлемнің орташа мөлшері дәрігерлер үшін – 85 мың теңгені, орташа медицина қызметкерлеріне – 48 мың теңгені, әлеуметтік қызметкерлер үшін – 32 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, МСАК медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді ынталандыру арқылы жоспарлау, ақы төлеу, ЖШНЫК үлестіру мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру әдістемесін жетілдіру бойынша 2013 жылға бірқатар басым міндеттер мен іс-шаралар белгіленген.

Амбулаторлық-емханалық көмекті қаржыландыруды жетілдіру мақсатымен 2012 жылы ҚР ДСМ 2012 жылдың 14 маусымындағы №415 «Кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаторлық-емханалық көмекке ақы төлеуді пилоттық енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, МСАК 15 ұйымында кешенді жан басына шаққандағы нормативті енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілген.

Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша атқарылған жұмысқа жүргізілген талдау төмендегі нәтижелерді көрсетті:

- ЖТД жинақтылығы мен КДҚ қаржыландыру көлемі арасындағы тәуелділік анықталып, расталды, ал бұл пилоттық ұйымдардағы ЖТД артуына әкелді;

- іс жүзінде қолданылатын консультациялық-диагностикалық қызметтер көлемі төмендеді;

- қаражатты үнемдеуге қол жеткізілді, ол КДҚ көлемінің төмендеуіне ықпал еткен БМСК қызметкерлерін ынталандыруға бағытталды.

Аталмыш пилоттық жоба шеңберінде қол жеткізілген оң нәтижелер АЕК көмек көрсететін ұйымдар үшін кешенді жан басына шаққандағы тарифтің енгізілуін қамтамасыз етуге, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы №2030 «Бюджеттік қаражат есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу ережелерін бекіту туралы» қаулысымен декларациялауға мүмкіндік берді.

БҰДЖ өзінің қағидаттарына МСАК секторын бейімдей отырып, өз құзыреті шеңберінде стационарлық секторды дамытуын жалғастыруда. Халықты қол жетімді стационарлық және стационар алмастырушы көмекпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатымен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып келеді.

«Стационарды еркін таңдау» қағидатының жүзеге асырылуы емделушіге медициналық қызметтер сапасын арттыруға және бәсекелес орта қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік берді.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін стационар таңдау құқығын қолданған азаматтар санының жыл сайынғы өсу үрдісі байқалуда. Нәтижесінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша тұрғындардың аталмыш саны 2010 жылға қарағанда 2,5 есе өсті, соның ішінде, ауыл тұрғындары арасында 3 есе өсті. Еркін таңдау бойынша ҒЗИ мен ҒО емдеуге жатқызылғандардың сандық қарқыны 2,2 есе артты, соның ішінде, ауыл тұрғындары арасында 4 есе өскен.

Осылайша, есеп беру жылында стационарды еркін таңдау құқығын жүзеге асыру арқылы, шамамен 780 мың адам емдеуге жатқызылды, ал олардың 46%-ын ауыл тұрғындары құрады. Өз аймағында азаматтардың 92%-ы емделді, өзге аймақтарға 2%-ы кетті, республикалық клиникаларда мамандандырылған көмекті тұрғындардың 6%-ы алды. Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санынан азаматтардың 93,9% 10 күндік күту мерзіміне дейін емдеуге жатқызылды, азаматтардың тек 6,1%-ы емдеуге жатқызу күнін 10 күннен артық күтті.

Бірыңғай төлемші жүйесінде 2012 жыл ішінде республика бойынша стационар көмегі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалуда. Есеп беру кезеңі ішінде стационар алмастырушы көмек алған емделушілердің саны 2010 жылмен салыстырғанда 34%-ға артты.

БҰДЖ жағдайында емдік-диагностикалық көмекті ұйымдастыру үдерісінде менеджмент дамып келеді. Бұл төсек-орын қорының дербес әрі оңтайлы басқарылуы. Осылайша, 2012 жылы бүкіл республика бойынша медициналық қызметтердің сұраныс жоқ бағыттары бойынша 2717 төсек-орын қысқартылды. Есеп беру жылында медициналық көмектің халыққа әлдеқайда қажет бейіндерге өзгертілген төсек-орындардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға арттырылды. Оңтайландырудың нәтижесінде төсек-орындардың саны 2012 жылдың соңына қарай, 2011 жылдың осы кезеңіндегі төсек-орын санымен салыстырғанда 1,1%-ға қысқартылды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында «ынталандырылған қызметкер мен қанағаттанған емделуші» сияқты қарым-қатынас үлгісін құру бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл үлгі халықтың көрсетілетін медициналық қызмет сапасымен қанағаттану деңгейін жоғарылатуға және дәрігердің өз жұмысының соңғы нәтижесіне деген қызығушылығына бағытталған.

2012 жылы медицина қызметкерлерін ынталандыру қағидаттары жетілдірілген және ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы №689 «Көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына және салалық ынталандыру жүйесіне байланысты медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу ережелері туралы» бұйрығына өзгертулер енгізу арқылы бекітілген.

2012 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерін ынталандыруды қолданған медициналық ұйымдардың саны артты (есеп беру жылында – 65%, былтыр – 31%). Қызметінің соңғы нәтижелері үшін сараланған төлеммен ТМККК қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің 34%-ы қамтылған. Нәтижесінде ай сайынғы сараланған төлемнің республика стационарларының ынталандырылған тұлғаларына қатысты орташа мөлшері дәрігерлер үшін – 30,1 мың теңгені, орташа медицина қызметкерлері үшін – 15,2 мың теңгені құрады.

БҰДЖ барлық қағидаттары денсаулық сақтау ұйымдарының дамыған менеджменті жағдайында ғана еш кедергісіз жүзеге асырылады, ал жабдықтаушының автономды мәртебесінде оған үлкен ықтималдықпен қол жеткізіледі. Қазірде ШЖҚ денсаулық сақтау кәсіпорындарының жалпы саны жабдықтаушылардың 54%-ын құрады.

Оқыту – бұл тиімді менеджмент жүйесін енгізудің маңызды элементтерінің бірі. Осылайша, есеп беру жылында жоспарлы тәртіпте денсаулық сақтау саласындағы басқару мәселелері бойынша басқарушы лауазымдағы 3000 астам маман оқытылды. Бірақ бұл оқыту түрі көбінесе теориялық сипатқа ие. Сондықтан, ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен «Бүгін сенің үздік болғаның – ертең ұжымның үздік болғаны» («Сегодня лучший – ты, завтра – все») жобасының шеңберінде жаңа оқыту түрі енгізілген, тәжірибе жүзінде менеджмент заттарын басқару технологияларын беру үшін республиканың үздік медициналық ұйымдарынан «өсу нүктелері» анықталып, дайындалған. Аталмыш «өсу нүктелері» жобаның әр қатысушысының «Бизнес жоспарын» жасау жолымен өз табыстары мен шығындарын тиімді басқару әдістеріне үйретті.

Медициналық ұйымдар үшін тарифтің тартымдылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралар аясында 2012 жылдан бастап КШТ бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу жүйесі енгізілді және тарифтің әкімшілік қолдау табуы қамтамасыз етілді:

- тарифтің құнына медицина мамандарының біліктілігін көтеру үшін қажет қаражаттар енгізілді – 1,1 млрд. теңге;

- амбулаторлық хирургия жағдайында емделген жағдайлар үшін САТ тарифі ¾ дейін артты;

- ЖММК үшін тарифке 1,3 коэффициенті белгіленді.

Стационарлық және стационар алмастырушы көмекке ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №936 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық, коммуналдық және басқа да шығындарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне шығын сыйымдылық коэффициенттері мен қосымша еңбекақыны, стационарлық және стационар алмастырушы көмек үшін медициналық қызметтерді құнын бекіту туралы» бұйрығы жасалды, ол есеп бері кезеңі ішінде жетілдіріліп отырды. Халықаралық тәжірибеде КШТ бойынша төлеу жүйесі өзін қаржыландырудың, стационарлар желісінде шығындарды, медициналық көмек тиімділігі мен сапасын басқарудың құралы ретінде көрсетеді.

Онкологиялық қызметті қаржыландыру жүйесін жетілдіру шеңберінде веб-технологияның негізіндегі жаңа ақпараттық жүйе жасалды: «Онкологиялық аурулардың электрондық тіркелімі». Оның мақсаты емдеу сапасының халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету арқылы онкологиялық аурулардың электронды тіркелімін қалыптастыру және аталмыш аурулар категориясында медициналық көмек көрсетуде онкологиялық диспансерлердің шығындарын өтеу сияқты үдерістерді автоматтандыру болып табылады. Жүйе ТМККК шеңберінде онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсететін, денсаулық сақтау саласындағы барлық медициналық ұйымдарды қамтиды.

2012 жылы медициналық ұйымдарға лизинг арқылы құны 50 млн теңгеге дейінгі құрал-жабдықтарды алуға және лизингтік төлемдерді республикалық бюджеттерде өтеуге мүмкіндік берілді.

Медициналық қызметтің жеке және мемлекеттік жабдықтаушылары үшін БҰДЖ шеңберінде жасалған жағымды әрі тең қаржылық жағдай ТМККК көрсетуге мемлекеттік емес сектордағы денсаулық сақтау ұйымдарын тартуға мүмкіндік берді, осыған байланысты олардың үлесі 2010 жылы 12%-дан есеп беру жылында 15,36%-ға дейін артты.


_________________________________________________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет