2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет



жүктеу 0.74 Mb.
бет3/5
Дата03.04.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5
: res -> uploads -> images
images -> Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары»
images -> Фамилия, имя, отчество Дата подачи заявления о предоставлении земельного участка
images -> Сообщение о местонахождении, границах избирательных участков и избирательных округов, составах участковых, окружных и районной избирательных комиссий по выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан
images -> Красивинский селолық округінің әкімі міндетін атқарушы Тойшыбеков Байдилла Жорабекұлының
images -> Юбилейный селолық округінің әкімі Генералова Г. А. селолық округтің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Қазақстан -2050»
images -> Есіл ауданы әкімдігінің жылғы № а Қаулысымен бекітілген
images -> ЖШҚ «Агро-Шанс» табиғаттықорғау жоба шарасының қоғамдық тыңдау Хаттамасы Өткен күн: 16 қаңтар 2014 жыл Өтілетін жер: Ново-Кронштадка ауылы, қоғамдық кітапхана ғимараты МҰ «Шаңтөбе кенті әкім аппаратының»
images -> Телефон ы сельских Акимов и руководителей крупных хозяйств. Зерендинского района
images -> «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Патриоттық тәрбие

Бірінші Президент күні

1 – Желтоқсан бірінші Президент күні, осы күні ОКЖ-нің кітапхана қызметкерлері өткізіліп жатқан аудандық іс-шараларға белсенді қатысты.

Кітапханаларда кітап көрмелері дайындалды, осы тақырыб бойынша әдебиет шолуы ұсынылды:

  • Ойыммен халықпен бөліссем /Пригородный а/к

  • Н.Ә.Назарбаев – бірінші Президент /Андреевка, Күлшін, Бозайғыр, Новокубанка, Институт а/к

  • Н.Ә.Назарбаев – дәуір символы /ОАК, ОБК/

Тариз сағаты, тарих сабағы:

  • Н.Ә.Назарбаев – бірінші Президент /Бозайғыр а/к

  • Ұлы тұлға – Н.Ә.Назарбаев /Новокубанка а/к

  • Қазақстан – тәуелсіздік мемлекет /Күлшін а/к

  • Тарих. Тұлға. Уақыт. /Петровка, Гуляй Поле, Петровка а/к

Тақырыб бойынша кеңестер және әдебиет шолуы:

  • Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің негіздеушісі /Институт, Октябрьский, а/к

Сырласу сағаты:

  • Президент Жолдауы болашаққа сенім /Күлшін, Дамса, Институт а/к

Дамса ауылының кітапханасы ардагерлер үйінде ашық әдебиет шолуын және кеңес өткізді:

  • «Н.Ә.Назарбаев – ұлы тұлға» 20 адам қатысты.

Жолымбет ауылының кітапханалары 7 сынып оқушыларымен «Саясатшы. Реформатор. Демократ» атты тарихи сағатын өткізді. Онда оқушылар Қазақстанның бірінші Президенті Н.ӘНазарбаев туралы әңгіме құрды. Оған 25 адам қатысты.

2013 жылда 26 қараша күні Орталықтағы балалар кітапханасы №3 ОМ 7 «а» сынып оқушыларымен қазақ тілінде «Н.Ә.Назарбаев – дәуір символы» атты сурет кешін өткізді. 42 адам қатысты.

«Назарбаев – дәуір символы» атты кітап көрмесі дайындалды:

Н.Ә.Назарбаев туралы ролик көрді, содан кейін балалар өлең оқыды: Бахыт Сымбат, Өсерхан Ракел, Сайранбек Айдана, Аман Айгерим, Әуезханова Салтанат, Аманбек Арсен, Талас Балнұр, Сулейменова Қарлығаш, Жанарбек Салауат олар осы авторлардың өлеңдерің оқыды: Кәкімбека Салыкова , Тұманбая Молдағалиева, Несібелді Иманқызы, Мағжана Жұмабаева, Қасыма Аманжолова.

2013 жылдың 29 қараша күні ОБК №2 ОМ 8 сынып оқушыларымен Қазақстанның бірінші Президент күні мемлекеттік мерекеге арналған «Тарих. Тұлға. Уақыт» деген сурет кешін өткізді.

Осы іс-шараның мақсаты қазақстандық патриотизмды тәрбиелеу, ҚР Бірінші Президент Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролін көрсету, тәуелсіздіктің гүлденгені, саяси тұрақты, демократиялық мемлекеттің құрылуы және дамуы.

Кешті ҚР Мемлекеттік әнұранын тыңдап бастады. Одан кейін кітапханашы Президенттің балалық шағы туралы, жас кезіндегі, есейген кездерін, еңбек еткен кездері туралы көлемі үлкен және мазмұнды әңгіме айтты. Әңгіме барысында кітапханашы балаларға сұрақ қойды, мысалы: - -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев неліктен өз туыстарын тыңдап осы маманды таңдады?

- Сендерінше, Нұрсұлтан Әбішұлы қандай қасиеттілігімен осындай жетістіктерге жетті?

Орталықтағы балалар кітапхананың меңгерушісі өзінің әңгімесінде Н.Ә.Назарбаевтың сегіз қырлы тұлға, мемлекет басшысы деп айтты. Осы тақырыбты толық жеткізу үшін компьютер арқылы 5 минут көрсететін «Президенттің қызмет хроникасы», Назарбаев Бірінші Президент - 13 минут кино – және «Большая игра» атты кино үзіндісі көрсетілді. Содан кейін диалог құрылды. Балаларға бірнеше сұрақ қойылды: «Президент болғын келе ме?», «Егер сен Президент болсаң , не істеуші едің?». Балаларда ең жақсы өмірлік бағыты, сондықтан олардың жауаптары жастарына сәйкес болды « Жолды жақсарту жөнінде», «Тегін жоғары білім алу», «Жазғы демалыстағы тегін лагерьлер» және т.б.

Сонында ел Президентіне балалар тілек білдірді, ал кітапханашы «О родная земля, я тобою был создан» атты өлең оқыды.

19 адам қатысты. /Сынып жетекшісі – Лукпанова Дамиля Шаймуратқызы – қазақ тілі мұғалімі/

Белоозер ауылының кітапханасы «Н.Ә.Назарбаев: адам суреті және саясат» атты саяси сағатын өткізді, онда ел Президенттің өмірінен 15 шақты маңызды фактілер оқырмандарға жеткізілді. 15 адам қатысты.

Орталықтағы аудандық кітапхана Мәдениет Үйде «Бірінші Президент» атты дамыған әдебиет шолуын ұсынды.

30 қараша №3 ОМ 8 сынып оқушыларымен қазақ тілінде «Н.Ә.Назарбаев – дәуір символы» атты тарих сағаты өтті. Бұл іс-шараға ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Х.Касенова қатысты. С.Касенова ең белсенді қатысқан оқушыға ұялы телефон сыйлады. 20 адам қатысты.

Қазақстан елінің бірлігі күні

ОКЖ-нің барлық кітапханалары Қазақстан елінің бірлігі күніне арналған іс-шараларында белсенді болып қатысты. Кітапханаларда «Қазақстан елінің бірлігі күні» мерекесіне папкадағы мәліметтер жинап алынды, кітап көрмелері және тақырыптық сөрелер дайындалды, қызықты мазмұны бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді. Мысалы:

Бозайғыр ауылының кітапханасы мәдениет үйімен, әкімшілікпен бірігіп «Достық шеңбері» атты мерекесін өткізді. Бұл іс-шара мектепте өткізілді. Қатысқан мекемелер еліміздегі тұрып жатқан халық мәдениетін, дәстүрлерін ұсынды. Әсіресе, орта мектептің орындауы өте жақсы, әдемі болды. келген қонақтарға орта мектептің мұғалімдері индия елінің үйлену салтын көрсетті. Орыстар, таджиктер, өзбектер, украиндер, немістер өлең айтып, би биледі. Мереке «Атамекен» өлеңімен аяқталды.

Новоселовка ауылының кітапханасы әкімшілікпен бірге «Новоселовка – сенің адамдарың!» атты сурет кешін өткізді.

Газеттің кесіндісі, фото суреттер қарастырылды.

ОАК кітапханашлары МҮ қызметкерлерімен «Достық шеңбері» атты мерекелік бағдарламаны өткізді.

ЖЕҢІС КҮНІ

9 мамыр - Жеңіс күні. Осы мейрам ерлікті, Қазақстан халқының каһармандығын және әлемдегі бейбітшілік үшін өзінің өмірін қауып қатерге шалыққан ұқсассыз намысын жалғастырады.

Шортанды ОКЖ кітапханашылары Жеңіс күніне арналған митингтарға белсенді қатысты.

ОКЖ әр кітапханасы Жеңіс күніне арналған арнайы жұмысын өткізді: кездесудің және кештің тағайынды жұмысын, әдебиет және тарихи сағаттарын, азаматтық сағаттарын, әдеби – музыкалық композициясын, кітапханаларда кітап көрмелерін және тақырыптық сөрелерін дайындады.

ОАК Жеңіс күніне орай «Мәңгі ұмытылмас жалауы» атты ұмытылмас сабағын өткізді. Онда негізгі тарихи оқиғалар, әйгілі қолбасшы өмірлерінің ақиқаттары ұсынылды. «Кездесу» клубымен «Жеңіс ерлердің айтуы» поэтикалық сағат өткізді, балалар соғыс туралы өлеңдер оқыды, Ұлы Отан соғысына арналған шығармашылық ақындары туралы айтты /Асадов Э., Симонов К., Твардовский және басқалары/

Бозайғыр ауылының кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Жер жүзіндегі өмір үшін» кітап көрмесі аталынды.

Көрмеде ҰОС қазақстандықтардың қатысуы туралы материалдар ұсынылды, мысалы: «Қазақстандықтар - Совет Одағының жауынгерлері», «Қазақстан әйелдері - соғыста» және т.б. Әкімшілікпен, МҮ бірге кітапханашылар соғыста қайтқан жерлестерімізге арнап «Есте сақтандар! Жылдар, ғасыр бойы ұмытпандар!...» әдеби-музыкалық реквием өткізді. Ескерткішке ауылдағы үлкен жастағы аталарымыз, ағаларымыз, балалар келеді. Бұл ісшара салтанатты түрде екі тілде өтеді.



8 мамырда Күлшін ауылының кітапханасы жастармен И.В.Панфиловтың 120- жылдығына арналған «Солдаттан генералға дейін» деген тарих сағатын өткізді. Кітапханашы оқырмандарға И.В.Панфиловтың өмірбаяны туралы айтты, балалар соғыс туралы өлеңдер оқыды және соғыс өлендері айтылды.

Петровка ауылының кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Соғыс әніне мәңгілік нұр шашу» кеші өтті.

Жолымбет қалалық және балалар кітапханаларында «Соғыс жылдарының әндері» соғыс әндерінің күні өтті. Бір ай бойы оқырмандардың назарына «Отанға мәңгілік ұйқымен» атты кітап көрмесі ұсынылды. Жолымбет ауылының кітапханашылары ҰОС-та құрбан болғандардың ескерткішке шеңбер қоюға қатысты, сонымен бірге «Ел үшін қазатапқан жауынгерлерімізге құрмет пен тағзым!!!», «В память павших, во славу живых!!! тыл еңбеккерлердің құрметтеу орнында жылжымалы кітап көрмесін дайындады.

Институт ауылының кітапханасы «Соғыс жылдарының әндері» атты музыкалық композициясын өткізді.

Новокубанка ауылының кітапханасы «Бұл жолдарды біз ұмытпаспыз» атты әдеби-музыкалық сағатын өткізді. Оған 300 қатысушы қатысты, олар Р.Тамаринаның, Ю.Друнинаның, Р.Рождественскийдің соғыс туралы өлеңдерің оқыды және соғыс өлендерін айтты. Музыкалық сағат мақсатты бағдарлама бойынша МҮ, ОМ, ЖШС бірге өткізілді, соңында «Майский вальс» музыка-би композициясымен аяқталды.



Андреевка ауылының кітапханасы 7-11 сынып оқитын оқушыларымен «Соғыстан оралмай келгендер» атты ерлік сабағын өткізді. Оқушылар, сол соғыс кездерінің өлеңдерін оқыды. Соғыс туралы материалдарды қарап шықты. Оның мақсаты: соғыс-тарихи әдебиетті оқуға қызығушылықтарын құмарландыру және ұжымның біріктіруін насихаттау.

Октябрьский ауылының кітапханасы «Блокады кітап» атты еске алу сабағын өткізді.

Гуляйполе ауылының кітапханасында үлкен сыныптағы балалармен «Соғыс. Жеңіс. Еске алу» атты ерлік сабағы өтті. 10 адам қатысты.

Новоселовка ауылының кітапханасы мектеппен бірге «Жас балалар» тобымен «Соғыстың қайғылы күндері» атты әдеби-музыкалық композициясын өткізді. 12 адам қатысты.

Раевка ауылының кітапханасы барлық жастағы оқырмандарға арнап «Ешкім ұмытылған жоқ, ештене ұмытылмайды» атты кітап көрмесін дайындады. Олар бастауыш сыныптағы оқушылармен соғыс, біздің жерлестеріміз – ҰОС қатысушылар туралы кеңес өткізді, «Еске алу кітабымен» таныстырды.

Қарадыр ауылдық кітапханасы «Жеңіс күні» атты ерлік сағатын өткізді. 14 адам қатысты.

Белоозерский ауылының кітапханасы Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған «Соғыстағы жастық шақ» атты поэзия сағатын арнады. Ю.Друнинаның, К.Симоновтың, М.Джалильдың, А.Сурковтың, Л.Мартыновтың өлеңдері оқылды. 14 адам қатысты.

АСТАНА – АСТАНАМЫЗДЫҢ

15-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
Орталықтағы кітапхана абонементе тұрған «Астана – елдің жүрегі» атты стендтті жаңартты.

ОКЖ барлық кітапханаларында осы тақырып бойынша тақырыптық сөрелер және кітап көрмелер дайындалды:

-Астана - Қазақстанның табыс пен жеңістің символы

-Астана – суверенді Казақстанның астанасы

-Туған күнімен, астана!

-Астана – бейбітшілік қаласы

Жолымбет қалалық кітапханасында «Астана – ең басты қала» атты көрме-панорамасы дайындалды, сол көрме панорамасы келушілердің қызығушылықтарын артты.

Новоселовка ауылдық кітапханасы Астана қаланың күніне арналған «Астана – суверенді Казақстанның астанасы» атты сырласу күні деген қызықты іс-шара өткізді. Қаланың дамуы және құрылуы туралы тақырыптық сөре дайындады. Жас және үлкен оқырмандарымен Астана туралы әдебиет шолуын өткізді.

Рухани разылық күні

ОКЖ барлық кітапханаларда жандандырылған кітап көрмелерін дайындап, кеңестер өткізілді.

Петровка ауылының кітапханасында рухани разылық күніне орай ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізілді. Оған 20 адам қатысты.

Бектау ауылының кітапханасы Бектау ауылының тұрғындарымен «Разылық: рухани ізденіс» атты кеңес-диалогын өткізді. Оған 25 адам қатысты. Кітапханашы рухани разылық күні туралы айтты, содан кейін оқырмандар дін туралы әңгімелесті.

Бозайғыр ауылының кітапханасында «Қасиетті, байырғы, мәңгілік» атты ақпараттық кеңес сағаты өткізілді. 16 адам қатысты.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

ОКЖ кітапханалары барлық іс шараларды жоспар бойынша өткізді.

Кітапханаларда кітап көрмелер, тақырыптық сөрелер дайындалды;

- Болашаққа ұмтылған, ел. /ОАК/

- Қазақстан: Гүлдену және құру уақыты /20 б/

- Тәуелсіздік – мақтан етіп естіленеді /13,29 б/

- Бұның бәрі менің Қазақстаным /28 б./
Поэтикалық сағат:
- Тәуелсіздік жалауында

/Бектау а/к 10 адам қатысты.



Тарихи сағат:

- Қазақстан – тәуелсіздік мемлекет

/ Күлшін, Андреевка а/к/



Тарихи сағат: - Тәуелсіздік жалауында

/ Дамса а/к

Викторина:

- Тәуелсіздік Қазақстан

/ Октябрьский а/к/

ОАК «Кездесу» клубымен «Жер жүзіндегі ең әдемі жер» атты Брейн-ринг өткізді. Балаларға туған жердің тарихы туралы тапсырмамен кәртішкелер ұсынды, сонымен бірге олар елдің саяси өміріне қатысатын терминдарды қазақшадан орысшаға аударуға тиіс, мысалы: Әнұран, Тәуелсіздік, мемлекет және т.б.

Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы

Мемлекеттік рәміздер күні

ОКЖ кітапханалары ҚР Рәміздерінің насихаттау жөнінде жұмыс жүргізді. Ол - елтаңба, жалау, әнұран.

Барлық кітапханаларда тақырыптық сөрелер, кітап көрмелер дайындалды, онда еліміздің күшін бейнелеу үшін әдебиет ұсынылды.

Орталықтағы аудандық кітапхананың қызметкерлері балалар кітапханасында өткізілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерге арналған «Менің Қазақстаным» атты дөңгелек үстелге қатысты.



Дамса, Институт және Конкрынка ауылдарының кітапханалары «Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» атты викторинаны өткізді.

Жолымбет қалалық және балалар кітапханасы кіші жастағы юалалармен «Рәміздер тарихы» атты азаматтық сабағын өткізді. 30 адам қатысты.



Күлшін ауылының кітапханасында 7-11 сынып оқушыларымен «Мемлекетсіз рәміздер болмайды» деген құқық сабағын өткізді.

Раевка ауылының кітапханасы «Қазақстан рәміздері: Тарих және қазіргі өмір» атты тарих сағатын өткізді. 20 адам қатысты.

Октябрьский ауылының кітапханасы «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы» атты әдеби-музыкалық композициясын өткізді. 14 адам қатысты.

Ата Заң күні

ОКЖ ММ кітапханалары Конституция күніне арнап «Конституция – мемлекеттің айнасы» атты бірнеше іс-шараларын өткізді. Шортанды ОКЖ ММ аудандық әкімшіліктің алаңында бірінші рет «Мобильдік кітапхана» ұйымдастырылды. Арнайы құрылған шатырда тек қана әдебиетпен танысуға емес, онда «Ол кім? Бұл не?» атты интеллектуалдық лототрон ойынына да қатысуға болды, «Әдеби түймедақ», ең үздік кітап анонсы «Авторлардың оқылатын сәнді кітаптары» атты байқауына да қатысушылар қатысты. Орталықтағы кітапхананың ең үздік қатысушылары: Г.К.Ахмедьянова., Н.Н.Халилова., Т.П.Зизяк., Т.А.Сытник., Р.И.Зизяк., Т.Д.Кизаева және басқалары.

ОКЖ кітапханаларында оқырмандарға арнап кітап сөрелері дайындалды.

ОКЖ кітапханаларында кітап көріністері және тақырыптық сөрелер: «Қазақстан Республикасының негізгі Заңы», «Республикамның Аты Заңы», «Конституция – мемлекет өмірінің нормасы», «Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы».

Жолымбет қалалық және балалар кітапханалары 5-6 сынып оқушыларымен «Қазақстан мемлекеттің негізі заңы» атты құқық сабағын өткізді. Кітапханашылар ойын түрінде балаларға құқық туралы, республикамыздың заңы туралы айтып берді. Кітапхананың көмегімен заң бар болса оны бұзбау керек деп балаларға арнап қойылым көрсетті, және заңды сақтамасан келешекте не болатының айтты. 26 адам қатысты. Сонымен бірге оқырмандардың назарына «Конституция – мемлекет өмірінің нормасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

6-7 қыркүйек күні орталықтағы балалар кітапханасы №3 орта мектебінің оқушыларымен мемлекеттік тілде «Нұрлы болашақтың кепілі» атты іс шара өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналды. Оған 28 адам қатысты.

Новоселовка ауылының кітапханасы жас балалармен «Мен – Қазақстан азаматымын» атты саяси марафон өткізді.

Құқықтық, құлықтылық тәрбиелеу, салауатты өмір сүруін насихаттау: нашақорлықтан , ішімдік ішуден, шылым шегуден, АҚТҚ-тан сақтандыру.

Андреевка ауылының кітапханасы 10-11 сынып оқушыларымен «Қысымшылық жағдай» атты диспутын өткізді.

Алдымен кітапханашы сөйледі. Ол нашахорлық және құмарпаздар туралы, нашахорлықтың тез жәйілуы туралы айтты. Одан кейін «Қылмыс пен жаза» атты фильмді көрді. Көргеннен кейін, балалар өздері бір шешімге келді, егер адам нашахорлықты пайдаланса оны өлім күтіп тұрғанын білді.

Осы кітапханада тағы басқа ісшаралар өткізілді: «Ауырса, өз-өзіңе көмектес» -ҚӘС, денсаулық сабағы «Әйелдер, сіз үшін». 12 адам қатысты.

Андреевка ауылының кітапханасы осы жылдың шілде айында «Өмірді құртатын – шылым» атты кеңес өткізді. Онда 15 адам болды. Іс-шараның мақсаты: шылым шегуден бас тарту.

Белоозерск ауылдық кітапханасында «Мен өмірді таңдаймын» атты сабақ өтті. (Шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішу туралы).
Новокубанка ауылының кітапханасында мақсатты Бағдарлама бойынша МҮ бірге үлкен жастағы оқушыларға және жеткеншектерге арналған «Нашахорлық өмірдегі ауру» атты акциясы өткізілді.

70 адам қатысты.

Алдымен «Құмарпаз» атты өлең айтылды. Содан кейін, акция бойы өлім ауруы туралы айтқандарының жүргізушілері шықты.

Қаншама дарынды адамдар нашахорлықтан қайтты, нашахорлыққа тартылу жеңіл, ал одан шығу өте қиын. Жамандық туралы өлеңдер айтылды: акция барысында «Нашахорлыққа жоқ, деймыз!» деген лейтмотив сөздері айтылды.



Алтайск ауылының кітапханасы үлкен сыныптағы оқушыларымен «Нашахорлық – бақытсыздық кезі» тақырыбы бойынша кеңес өткізілді.

Жолымбет балалар кітапханасы Жетім үйдің балаларымен «Өмірді таңда» атты ойлану сағатын өткізді. Кітапхана қызметкерлері ішімдік пен нашақорлықтың мәселесін түсіндіруге тырысты. Шылым шегудің зияндығы туралы айтты. Оқырмандардың ілтипатына «Денсаулығы зор өмірдің кеңестері» атты кітап көрмесі ұсынылды.



24 адам қатысты.

Қараша айында ОКЖ-де АҚТҚ қарсы айлық өткізілді. Оған ақпарат сағаттары, акциялар, кеңестер, ойлау сағаттары, денсаулық сағаттары, ойлау және кеңес көрмелері енгізілді.

Экологиялық ағарту

Қазіргі кезде кітапхананың қызмет бағытының ең маңыздысы экологиялық проблематика болып саналады. Біздің мақсатымыз - кітапхананың әмбебап қорларының көмегімен оқырманның тірі және өлі табиғаттың әр алуандық тамашасын, оның күзет бойынша шаралар туралы, адамның және табиғаттың өзара қатынасын кеңейту. Әсіресе, экология сұрақтарын әйгілейтін іс шаралар ол балалар және жасөспірім дәрісхананың арасында айрықша талап етеді. Іс-шараның пішіндері: экология сабақтары, ақпараттық сағаттар, викториналар, байқаулар және т.д. ең түрлі-түрлі.

2013 жыл – ТМД елдеріндегі қоршаған ортаның және экология жылы. Осы тақырыб бойынша кітапханалар белгілі жұмыстар өткізеді, ауыл кітапханалары мақсатты бағдарлама бойынша осы тақырыб бойынша жұмыс істеп жатыр.
Андреевка ауылының кітапханасы 7-11 сынып оқушыларымен «Экология және адам» деген экологиялық мерекесін өткізді. Оған «Біздің үйіміз – жер планетасы» атты кино көрінісі, кітапханашының кеңесі кірді (экология бойынша ақпараттық материалды балаларға түсіндіру жөнінде, отандыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу оны қоршау). Мереке барысында «Табиғат қорғауы» атты тақырыбы бойынша балалардың сурет көрінісі ұсынылды. Өз жұмыстарында балалар өз пікірлерін білдірді.

Сонымен бірге 8-11 сынып оқушыларымен мақсатты бағдарлама бойнша «Бәрі жаңа, бәрі жұмбақтылық» атты экологиялық сабағын өткізді. 15 адам қатысты.

Октябрьск ауылының кітапханасы «Су -табиғаттың көгілдір байлығы» атты экологиялық іс-шарасын өткізді. Кітапханада кітап көрмесі дайындалды: «Су – табиғаттың тамаша сыйлығы»,

« Человек, запомни навсегда !

Символ жизни на земле – вода!

Экономь её и береги –

Мы ведь на планете не одни!» сондай сөздермен плакат жазылды.



Іс – шараның алдыңда кітапханашы балаларды Президенттің Жолдауымен таныстырды. Сол кездесу кеші таңқаларлық нәрсеге - суға арналады, деп түсіндірді. Адамзатқа судын пайдасы қалай тиетінің айтып берді. Ас суын қалай сақтауын керектігін айтты, өйткені сусыз адам үш күн ғана өмір сүре алады. Су – халықтық игілігі, ал оны ластаған адамдар барлық тірі нәрсеге үлкен зияндық тигізеді. Балаларға сұрақ қойылды, олар оған жауап берді.

Кітапханашының кеңесінен кейін: «Өзендерді ата», «Балықтарды ата» ойындары және «Табиғаттағы су» жұмбақтары өткізілді. Сонымен бірге «Ауа райы» атты сурет байқауы өтті. Екі команданың қатысушылары кезекпен өзен, көл және мұхит атауларын атады, су туралы жұмбақтарды шешті. Сурет байқауында сөздер жазылды, ал қатысушылардың жұмысы жауын-шашын және табиғат құбылыстарын суретке салу болды. Балалар берілген тапсырманы жақсы орындады. Екі команда да грамотамен марапатталды. Іс-шараның соныңда «Су – табиғаттың тамаша сыйлығы» атты кітап көріністің жеке шолуы болды.

Раевка ауылының кітапханасы мектеп ұйымдастырушымен бірге бастауыш сынып оқушыларымен «Экология – қорқыныш жері» атты экологиялық сабақ өткізді. 13 адам қатысты.

Дамса ауылының кітапханасы кішкентай жастағы оқырмандарымен «Табиғат құпиясы» атты викторинаны өткізді. Оған 16 адам қатысты.



Новокубанка ауылының кітапханасы «Жер жүзіндегі барлық балалар күн шуақтай» атты экологиялық сабақ өткізді. Бұл сабақта кітапханашының бізді қоршаған орта туралы, табиғат туралы сөзінен басталды.

  • Содан соң диалог, тақпақтар айтылды.

  • Адам қоршаған ортасыз тұралама?

  • Ертең не болады?

  • Адам не істеуі керек?

Балалар біздің жеріміздегі ағаштар, өсімдіктер, құстар, аңдар туралы айтып берді. Олар «Гүлделі әліппе», «Жануарды тап», «Табиғи тізбе», «Аңдар, құстар» тақырып бойынша сурет салып, ойын ойнады. «Жер жүзіндегі жалғыз табиғат. Табиғатты сақтайық!» атты ұранымен сабақ аяқталды.

Бозайғыр ауылының кітапханасы 3-4 сынып оқушыларымен «Құстар – біздің досымыз» атты еліктіретін ойын өткізді. «Құстар әлемі» қарсаңында балалар қызығушылықпен ойнады.

Күлшін ауылының кітапханасы орта жастағы оқырмандармен «Ботаникалық поезд» атты экологиялық ойын өткізді. Балалар сұрақтарға жауап беріп 5 бекеттен өтті. Оған 12 адам қатысты.

Кітапхана және отбасы
Қыркүйектің екінші жексенбі күні қазақстандық жаңа мерекесі – Отбасы мерекесі. Осы күнге орай Шортанды ОКЖ кітапханалары кітап көрмелерін, тақырыптық сөрелерін дайындады. Ауыл әкімшіліктерімен бірнеше қызықты іс-шаралар өткізді.

Мысалы: Орталықтағы аудандық кітапханада оқырман залында «Кітаппен отбасы ең жақсы жолдастар» атты әдебиет шолуы өткізілді.

/22 дана көрсетілді/

Орталықтағы балалар кітапханасы «Әке, ана және мен – кітап оқитын отбасы» деген атауымен ата-аналармен балаларға арнап өз қорларын ашып әдебиет шолуын өткізді.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жыл сайын ОКЖ кітапханалары көктемдегі 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған әр-түрлі іс-шаралар өткізеді.

Кітапханалардың барлық іс-шараларында ана- әйелдің, еңбекқорлығы көрсетілді.

Кітапханаларда, мектеппен клубтарда мерекелік байқаулар, ойындар, викториналар, әдебиет көріністері өткізілді, кітап көрмелерін, әдебиет шолуын дайындады.
Орталықтағы аудандық кітапхана «Сырласу» клуб мүшесімен 8 Наурыз әйелдер күніне арналған ойын сауық бағдарламасымен «Поле чудес» ойының өткізді, клуб мүшелеріне осындай іс-шараның түрі өте ұнады. Сол іс-шараға спонсорлық көмегін жеке кәсіпкер И.Н.Жукова көрсетті. 17 адам қатысты.

Алдымен кітапхана қызметкерлері келген қонақтарды қарсы алып мерекемен құттықтады. Барлық қатысушыларға кішкентай сыйлықтар берілді. Іс-шара көңілді және тілектестік қарым-қатынаста өтті.

Андреевка, Октябрьский, Институт, Петровка ауылдық кітапханалары «Жер жүзіндегі ең жақсы адам – ана» атты тәңертенгілікті өткізді.

Алтайск ауылының кітапханасында «Ана жүрегі» атты кескіндеме сағаты өтті.

Жолымбет қалалық және балалар кітапханасы «Әйелді құрметтейік» атты тақырыптық кешті өткізді.

Егемен, Күлшін, Дамса, Степной, Гуляй-Поле ауылының кітапханалары «Сүйікті аналарымызға – сүйікті өлеңдер» өлең байқауын өткізді.



Тәңертенгіліктер:

«Жер жүзіндегі жалғыз анама» - Күлшін а/к

«Кішкентай леди» Новоселовка а/к

«Бүгін анамның күні» - Қара-Адыр, Раевка, Ново-первомайка ауылының кітапханаларында тәңертенгіліктер өтті.

Бектау орта мектебінің кітапханашысы ауылдық кітапханамен бірге «Ең сүйікті сөз ... қолындағы баламен әйелге» 8 наурызға арналған өлең байқауын өткізді, оған кішкентай жастағы балалар қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасы МҮ бірлесіп мақсатты бағдарлама бойынша «Жер жүзіндегі жарқын періште» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Оған 300 адам қатысты.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет