2013 жыл Шемонаиха қаласының әкімі М. Е. Желдібаевтың есебі



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3
2013 жыл
Шемонаиха қаласының әкімі М.Е.Желдібаевтың есебі

Қала әкімінің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 25.12.2012 жылғы жағдай бойынша қала халқының саны 18023 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенділері – 7032 адам, өз жұмысымен қамтылғандар – 2956 адам.



Ауыл шаруашылығы. 01.11.2012 жылғы жағдай бойынша мал басты саны ІҚМ – 486 бас, ІМБ (қой, ешкі) – 1060, жылқы – 104, шошқа – 909, құс – 6552. 2870 центнер ет, 9650 центнер сүт, 830 мың дана жұмыртқа шығарылды. Қаланың аумағында 3 мал сою цехі, «Арарат» ЖШС, «Аракс» ЖШС, «Шем-Три» ЖШС, бір типтік мал қорымы бар. Лицензиялары бар ветеринар мамандарының саны – 5.

2012 жылы жол жөндеу бойынша «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 39901 мың теңге бөлінді, сома толық игерілді.

Көше жолдары қара жабынмен жөндеуді талап етеді: ағымдағы (шұңқыр) – 10 000 шаршы метр; орташа – 35 км, қиыршық тасты жабынмен – 60 км.



2013 жылға жоспарлағандар: Бағдарлама: 354000 мың тонна автомобиль жолдарын қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету

Жүргізуге жоспарлануда: Вокзальный, Жуков, Астафьев, Урицский, Советский көшелері.

Электрмен қамтамасыз ету орталықтандырылған «ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ жүргізілуде. 100 ТП есепте, оның 13 ірі станциялар, 12 КТП жөнделді және 1 қаланың станциясы. Шемонаиха қаласында 70 км көшелік жарықпен қамтылған, онда 900 жарық орнатылған.

2012 жылы «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ көшелерді жарықтандыруды қайта қалпына келтіруге 112,69,9 мың теңге бөлінді, сома толық игерілді.

2013 жылға жоспарланған:

Бағдарлама: 68420 мың теңгеге елді мекендерді жарықтандыру

Астафьев, Семейге шыға беріс жолын, Калинин, Чапаев – Чкалов - М.Горький, Украинский – Пушкин, шағын ауданды, Набережный, Заречный, Казахстанский, Повстанческий, Уба өзенінің жағалауына дейін, Интернациональный – Аврора көшелерін жарықтандыру жоспарлануда.



2012 жылы «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ қаланы тазалауға 5830,0 мың теңге бөлінді, сома толық игерілді.

2013 жылға арналған бағдарлама: 9524 мың теңгеге елді мекендерді тазалауды қамтамасыз ету.



2012 жылы «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға 29927,0 мың теңге бөлінді, сома толқ игерілді.

2013 жылға арналған бағдарлама: 53768,0 мың теңге сомаға қосымша қаражат қарастыра отырып елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.

Сумен жабдықтау және кәріз.

Шемонаиха қаласында халық 100% сумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған сумен 92,18%, жергілікті су көздерінен қамтамасыз етумен 7,82%. Шемонаиха қаласында сумен қамтамасыз етумен келесі ұйымдар айналысады: «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС – қаланың орталық бөлігін сумен, «Маракана» ЖШС – қаланың 1,3-шағын аудандарын, «Шемонаихинский водоканалы» КМК теміржолшылар ауданын сумен қамтамасыз етеді.



Кәріз қызметтерін Шемонаиха қаласы бойынша келесі кәсіпорындар көрсетеді: «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС – қаланың орталық бөлігіне кәріздік қызметтер көрсетеді, «Маракана» ЖШС – қаланың 1,3-шағын аудандарына кәріздік қызметтер көрсетеді, «Шемонаихинский водоканал» КМК теміржолшылар ауданына кәріздік қызметтер көрсетеді. Канализациялық қызметтермен тұрғын үй қорын қамтамасыз ету үлесі 45,2%.

Жылумен қамтамасыз ету қаланың орталық бөлігі мен шағын ауданы аумағын «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС МХК қазандығынан жылытылады, ол қаладан 6 км орналасқан. қалада «Цыганкова О.А» ЖК балансындағы 26,6 км жылумен қамтамасыз ететін құбырлар бар. Тұрғын үй қорын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үлесі 40,11%.

Қала абоненттерінен жылумен қамтамасыз ету қаражаттарын жинауды мемлекеттің қатысуымен «СпектрПлюс» ЖШС атқарады.



2012 жылы ТЖ желісі бойынша М.Горький көшесіндегі 17А үйінің жылу құбырын ауыстыру үшін 1707,0 мың теңге сома қаражат бөлінді.

Қаланың 18023 тұрғындарының ішінде экономикалық белсенділері – 7032 адамды құрайды (39%). Қал бойынша нақты тіркелген жұмыссыздар саны 31 адам. Күнкөріс табысы төмен тұрғындар саны – 385 адам.

Зейнеттік жастағы зейнеткерлер саны 3724 адам, атаулы көмек алатындар саны – 15 отбасы, 52 адам, тұрғын үй көмегі – 440 отбасы, 572 адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны - 21 отбасы, 41 бала. Шемонаиха қаласында 111 жаңа жұмыс орындары ашылды. 15 адам «жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты. 105 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Қаланың 4 тұрғыны оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті. әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам жұмысқа орналастырылды. Шемонаиха қаласы бойынша барлық 189 адам «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ орналастырылған.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 1618-ден 1731 теңгеге дейін, ол әр түрлі зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өзге де төлемдерді қайта есептеулерді жүргізеді.

Жас бойынша әлеуметтік жәрдемақылар алушылар 6 адам.

Қала бойынша мүгедектер саны – 475 адам.

Үйде мүгедек-балаларды күтушілер – 46 адам (мүгедек балаларды тәриелеуші әкелерге, аналарға жәрдемақылар)

ҰОС мүгедектер – 6 адам

ҰОС қатысушылары – 26 адам,

Соғыс-интернационалистері – 53 адам

Тыл еңбекшілері – 629 адам.

Шемонаиха қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту

Шемонаиха қаласындағы тұрғын үй қоры 4429 жеке сектор аулаларынан және 105 көппәтерлі тұрғын үйден тұрады.

Көппәтерлі үйлерге 4 ПИК (Уба -42, Вега-5, ПИК-4, «Жуков, 21» ПИК) қызмет көрсетеді. ПИК құрамына кірмейтін шағын аудандағы көппәтерлі үйлерге «СтройМак» ЖШС қызмет көрсетеді.

2012 жылы 120 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бірақ бүгінгі күнде Шемонаиха қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде проблемалар туындауда. Жуков көшесі, 14а 30 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй салу құрылысы басталды. Сметалық құны 1207 000 мың теңгеге жаңа мектеп құрылысы салынуда. «Жастар» стадионын қайта салу аясында жабық мұз айдынын, жабық спорттық кешен және жасанды жабынмен қапталған ашық футбол алаңын салу жоспарлануда. 2013 жылы сметалық құны 440,646 млн.теңгеге 280 орынға арналған балабақша салу жопарлануда.



Өтініштерді қарау

«ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 2012 жылғы 25 жағдайда жеке тұлғалардан 548 өтініш, заңды тұлғалардан 35 өтініш түскен. Көтерілген мәселелер жерді пайдалану, көлік және байланыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы жөнінде. Мүмкіндігінше туындаған мәселелер шешілді, түсініктеме берілді, бас тартулар болған жоқ.

Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралады, өз құзыреттілігінің шегінде тиісті шаралар қабылданады.

Қаржы-бюджеттік сала. «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 2012 жылы 114725,8 мың теңге бөлінген. «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттарды игеру 99,9% құрайды.

Салықтар: Шемонаиха қаласы бойынша 8814183 теңге салық аударылған, оның ішінде – 7224302 теңге мүліктік салық, 1589881 теңге жер салығы, 1116872 сома жәрдемақы алушылар. 01.01.2013 жылғы жағдайда қайта төлем 98% құрацды.

Қайрырымдылық және демеулік көмектер

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шемонаиха қаласында жалпы сомасы 1417655 теңге бюджеттік емес қаражат есебінен іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік серіктестік аясында 27650500 теңге сомаға іс-шаралар өткізілді. Осы бағыттағы жұмыстар үнемі жалғасуда.



Жыл сайын азаматтарды толғандыратын қала азаматтарының проблемалық мәселелері бойынша жиналыстар өткізіледі. 2012 жылы 21 азаматтар жиналысы өткізілді.

2012 жылдың 11 айында Шемонаиха қаласының аумағында әртүрлі баптар бойынша 215 қылмыстар болды. Ішкі істер әкімшілік полициясы бөлімімен криминалдық жағдайларды тұрақтандыру бойынша жедел-қызметтік тапсырмаларды шешу, қылмыс деңгейін төмендету және қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілді. Жұмыстағы басым бағыттар қоғамдық тәртіпті сақтау, есепке алу-тіркеу тәртіптерін нығайту, азаматтардың конституциялық және заңдылық құқықтарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары.2012 жылдың 11 айында спирттік сусындарды қолданатын 18 адам СЕПП емделуге жіберілді, 42 бірлік оқ дәрімет атылатын қарулар жойылды, 956 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нақты шешім шығару үшін оның 516 адамы мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.



2012 жылы Шемонаиха қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру бойынша 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мен дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Шемонаиха қаласын дамытудың бағдарламасын тиімді іске асыру үшін шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы, жұмыспен қамтылған халық санын оңтайландыруды қолдау үшін кадрларды әзірлеу және инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды дамыту аясындағы іс-шаралар алдыңғы қатарда болуы қажет.

Шемонаиха қаласының әкімі М.Желдібаев

Первомайский кентінің әкімі В.В.Уваровтың есебі

Первомайский округы саны 5403 адам болатын 4 елді мекеннен тұрады, соның ішінде Первомайский к.– 4300 адам, Барашки а.– 547 адам, Ново-Ильинка а.– 505 адам, Фестивальная станциясында – 51 адам. Округтың орталығы – Первомайский кенті. Округтың аумағы – 20 084 га, оның ішінде елді мекеннің жерлері 3492 га, ауыл шаруашылығына арналған жер - 12913га, оның ішінде жыртылатын жер – 8168га, жайылым – 1981 га.



Ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 23 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде өсімдік дақылдары және мал шаруашылығымен айналысатын 2 ірі құрылым бар («Ново-Ильинское»- ЖШС - 2260га егіндік жері бар, «Феденев А.М.» шаруашылық- фермерлік қожалығы -3137га егіндік жері бар).

01.12.2012жылдағы мал басы:

ІҚМ – 1300 бас, Шошқа – 1375 бас, Жылқы саны 239 бас, Қой мен ешкі басы – 1410 бас, Құс саны – 5030, Омарта саны – 1095.

494 тонна ет өндірілген, сүт- 2019 тонна, жалпы жиналған астық – 3760 тонна дәнді дақылдар және 4374 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі 12,2 ц/га құраған, күнбағыстікі – 12,8ц/га.



Білім беру. Округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді – 1 орта, 2 негізгі. Оларда 480 оқушы оқиды. Барлық мектептер компьютермен жабдықталған. 2012 жылы оқушылардың білім сапасы - 45 %, ҰБТ орта баллы – 80% құраған, мектеп түлектерінің ішінен 9 оқушы тегін оқу негізінде жоғарғы оқу орындарына түскен.

Денсаулық сақтау. Округта 3 медициналық мекеме бар, оның ішінде 1 аурухана (Первомайский к.) және 2 ФАП (Барашки а., Ново-Ильинка ауылы). Аурухана автокөлікпен жабдықталған. Медициналық қызметкерлердің саны 64 адам, оның ішінде 8 дәрігер, 30-орта медициналық персонал, 12 кіші медперсонал.

Мәдениет және спорт. Первомайский округы аумағында МҮ жоқ. 2 кітапхана бар. Округта 2 мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы жұмыс істеп, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған, мерейтойлар, айтулы күндерге байланысты шаралар жүргізіледі: дәрістер, концерттер, бұқаралық қыдырулар. Первомайский МӘМ мен мектеп негізінде көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді. Первомайский округы аумағында шаңғы жарыстары, жеңіл атлетика, волейбол, футбол сияқты спорт түрлері белсенді дамып келеді. «Металлург» стадионында үлкен футбол алаңы бар, сонда спорт секциясы ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Сонымен қатар хоккей коробкасы жұмыс істейді. Шаңғыдан қысқы жарыстарға дайындық жаз мерзімінен басталады, секцияға 15 бала қатысады, жаттықтырушылары Захарченко В.Г. және Захарченко Г.П. Спортшы- балалар үнемі Шемонаиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінде өтетін дәстүрлі спартакиадаларына, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Өнеркәсіп. Округ аумағында 3 кәсіпорын тіркелген: «ИРЗК» ЖШС- жұмыс істеушілер саны 250 адам, «ПМЗ» ЖШС - жұмыс істеушілер саны 85 адам, «Востоксельхозпродукт» ЖШС -жұмысшылар саны 185 адам, «ИХМЗ» АҚ (қазіргі кезде өндіріс тоқтатылған). Округ аумағында шағын бизнес субъектілерінің саны 71 бірлік, оның 54-і дүкендер, тұрмыстық қызмет көрсететін 8 объект, 3 объект қоғамдық тамақтану орындары) 2 базар, 4 наубайхана, қарақұмық өңдейтін 1 ЖШС. Шағын бизнеспен айналысатындар саны 590 адам.

Инфрақұрылым. Инфрақұрылымға 2012 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, тол олығымен игерілген:

- жолдарда1096 м2 асфальт төсеу арқылы ағымдағы шұңқырлы жөндеу 4 млн теңгеге жасалған;

-ұзақтығы 12 км электр сымдары желістеріне техникалық қызмет көрсету және сақтау жұмысы 360 мың теңгеге жасалған;

Қоғамдық-саяси жағдай. Үкіметтің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірігіп, округ азаматтарының моральды-психологиялық климатын, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізіп отырады, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық шаралар өткізілген.

Құқықтық тәртіп сақтау. 2012 жылы ішкі істер органдарының қызметі келесі негізгі бағыттарда жүргізілген – қылмысқа, нашақорлыққа қарсы күресті нығайту, қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқықбұзушылықты ескерту, тыю және оның алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлерімен күнделікті көшелерде патрульдік бақылаулар жүргізіледі.

Шемонаиха ауданы әкімінің 2012 жылғы есебінде тұрғындардан түскен сұрақтар.

- елді мекендер көшелерін жарықтандыру. Соңғы үш жылда Первомайский кенті, Барашки ауылы, Ново-Ильинка ауылы көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде, елді мекендердің 45% көшелері жарықтандырылды. Жұмыс жалғасуда.

-ұзақ мерзім бойы иесі тастап кеткен пәтерлерде құжатсыз тұрып жатқан тұрғындардың құқығын анықтаушы құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетуді жалғастыру.

Мәселені шешу. Құқығын анықтаушы құжаттарды ресімдеу мақсатында заң шебіне сәйкес кейбір категориядағы азаматтарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. 7 жылдан астам пәтерде тұрып жатқан азаматтар анықталған. Олар бойынша Шемонаиха аудандық сотының төрағалығымен тыңдалым өткен. Жұмыс жалғасуда.



-Барашки ауылында орталықтандырылған су құбырларын салу. Барашки ауылы үшін су құбырлары жүйесін салу үшін ПСД дайындалған. Құжаттар сараптамадан өткен. Жұмыс 2013 жылға жоспарланған.

Қаржылық-бюджеттік сала.

2012 жылы 299 мың теңге жер салығы, 421 мың теңге мүлік салығы түскен.



2013 жылға Первомайский округының даму проблемалары: Ауызсуымен қамтамасыз ету (Ново-Ильинка а., Барашки а.). Қираған көпқабатты үйлердің қоқыстарын шығару. МҮ ғимаратын салу. Первомайский кентінде сумен жабдықтау және канализация жүйесіне жөндеу жүргізу. Көше жолдарын жөндеу.

2013 жылға қойылған міндеттер: Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту бойынша жұмысты жалғастыру. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмысын жалғастыру. Пәтерлерге құқық анықтаушы құжаттарды ресімдеу. Жолдардың асфальтті төселімдеріне жөндеу жүргізу.
Первомайский кентінің әкімі В.Уваров
Усть-Таловка кентінің әкімі Е.И.Шабанованың есебі

Усть-Таловка кенті әкімшілік-аймақтық бірлігіне 7128 адам санымен 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті – 6506 адам, Березовка селосы – 341 адам, Половинка селосы – 166 адам, Заречное селосы – 111 адам. Округтің көлемі – 7762 га, олардың 1667 га елді мекеннің жері, ауыл шаруашылыққа арналған жер 2170 га, олардың жыртылған жері 1430 га, мал жаятын жері 604 га.



Өнеркәсіп. Кент аймағында 3 өнеркәсіп кәсіпорны бар: «Мырышталған ыдыстар зауыты» ЖШС, «Промстрой» ЖШС, 4200 адам жұмыс істейтін Қазақмыс Корпорациясы Мыс-химимялық комбинаты. Округ аймағында шағын бизнестің 100 субъектісінен: 5 ШҚ, 37 дүкен, 16 тұрмыстық қызмет көрсету объектісі, 5 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 базар, 1 наубайхана және басқалар. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 240 адам.

Жыл басынан бері Николаевка байыту фабрикасын жабдықтауға 3 млрд. тг. инвестиция бөлінген және бөлінуде. Тамыз айында «Цикл аралық флотация»бірінші бөлігі іске қосылды, аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қайта құру кезінде металдың бөлінуінен, экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады және де кептіру жүйесі алынады және прессүзгі орнатылғандығына байланысты ауаға орта антигидрид улы газы бөлінуін тоқтатады. Николаев кен орнының оңтүстік бортының геомеханикалық жағдайының қиындауына байланысты арнайы комиссия құрылып, аталған сұрақ қаралғаннан кейін жұмысты тоқтатуға байланысты шешім қабылданды. Қазіргі таңда жұмысшыларды басқа кен өндіру орындарына және «Қазақмыс корпорациясы» ұйымдарына жіберілуде. Жұмыс орнының қысқаруына байланысты сұрақтар қарастырылмаған.



Ағымдағы жылда Артемьевск кен өндіру орнына тау – кен өндіру өндірісіне инвестиция бойынша 10,8 млн.тг. доллар қаражатты игеру қажет. 2013 жылға аталған кент өндіру орнында кен өндіру бойынша екінші кезең іске қосылатын болады.

Ауыл шаруашылығы. Округ аймағында 8 ауылшаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, олардың 2 ЖШС, 5 шаруа қожалығы, 1 ӨТ. Округте жердің негізгі бөлімі (2777га) «Камышинское -2» ЖШС, 991га жыртылған жері округтің басқа ауылшаруашылық тауар шығаратындарына бекітілген. 01.11.2013 жылға малдар басы (бас): ІҚМ-562, сиыр- 256, жылқы – 62, шошқа – 438. Егін шығымы 770 тонн- дәнді бұршақты және 436 тонна – күнбағыс құрайды, астықтың шығымы – 15 ц/га, күнбағыстың – 21,5ц/га. 1,2 млн.тг. субсидия бөлінді.

Инфрақұрылым 2012 жылы елді мекендерді жарықтандыруға 892 мың теңге қаржы пайдаланды, 2012 жылға бекітілген 1046 мың теңге, 2013 жылға 954 мың тг. жоспарланған . Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 2012 жылы 396,0 мың теңге (2013 жылға 424 мың теңге) бөлінді.

Білім беру. Округ аймағында 451 мектепке дейінгілер (Заречное- 5, Половинка- 12, Березовка- 21, Усть-Таловка- 413) және 610 бала 6 жастан 18 жас аралығындағы (Заречное- 5, Половинка- 12, Березовка- 14, Усть-Таловка- 579) тұрады, 280 орынды бала бақша қызмет жасайды Астафьев атындағы мектеп- гимназиясында (615 оқушы: 497+98 мектепке дейінгі +20 шағын орталықтарда) және 2 компьютерлік сыныбы, 2 мультимедийный кабинеті бар, 4 кабинетте интерактивтік тақтасы бар, интернет жұмыс істейді, 217 бала тегін тамақпен қамтылған. Мектеп-гимназиясына округтің 3 селосынан жеткізіледі (Заречное- 5, Половинка- 12, Березовка- 14). 2012 жылы оқушылардың білім сапасы 57%, ҰБТ орта балы 86,3 (2010 жылы – 67,9). Мектеп бітіушілері -37, олардың жоғары оқу орындарына түсетіндер -22, тегін негізінде – 15 адам. Колледжге түскендер -11.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер: МХК медсанбөлімі (29 төсектік стационар), МХК профилакториясы, Березовка селосында ФАП. Санитарлық тарнспортпен қамтамасыз ету – 1 машина, медперсоналдардың барлық саны – 47 адам, оның ішінде 15 дәрігер, 32 адам орташа медперсонал. 2012 жылы МХК МСБ «Шығыстүстімет» ӨҰ бас өндірістік кешені болып бекітілді. 2012 жылы ғимараттың шатыры ауыстырылды және 54 терезе жақтаулары ауыстырылды (барлығы 7 960 мың тг.).

Мәдениет және спорт. Усть-Таловка кентінде 288 орынды «Горняк» клубі бар, 2 би студиясы, 2 хор, «Встреча» клубі және басқа ұйымдар жұмыс жасауда. Дене шынықтыру- спорт кешенінде спорттың 12 түрінен 24 секция жұмыс жасауда. 2012 жылы ДСК толық жөндеу жұмыстары жүргізілді жалпы сомасы 54 млн. тг. (26 млн. тг. басты корпусты жөндеуге, 13 млн. тг. жүгіру жолдарына, 15 млн.тг. – хоккей қорабына). Округте 2 кітапхана бар. (Аудандық спорт жарыстарында және көркемөнерпаздар байқауында дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болады.

Құқықтық тәртіп. Жыл басынан 50 қылмыс жасалды, оның 4 қылмысы ашалды. Округ аймағында АІІБ, жол полициясының, мектептің, әкім аппаратының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 31 жедел-алдын алу шаралары өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздік мақсатында жедел-алдын алу шаралары: «Қару», «Тұрмыс», «Жеткіншек», «Жол» өткізілді. Учаскелік инспектормен 148 жекелей тәрбиелік-алдын алу әңгімелері өткізілді. Алдын алу есебінде 87 адам тұр. Олардың 32 ішімдікпен қиянат жасайтындар, есірткі құмарлар -14 адам, Өскемен қаласындағы СЛПУ-ға 6 адам ресімделген, жағдайлары қолайсыз отбасылар- 12, кәмелетке толмағандар -14. 2012 жыл бойы 460,536 мың теңге сомасына 156 әкімшілік хаттамалар ресімделді. 3 қылмыс ашылған жоқ. Жыл көлемінде Волчанка селосындағы «Сәуле» балалар үйіне жағдайлары қолайсыз отбасылардан 8 бала анықталды.

Халықты әлеуметтік қорғау. Есепте тұрған жұмыссыздар саны -5 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер- 24. Кәсіби деңгейін шыңдауда 1 адам білім алды. «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасына 3 адам қатысты. 2012 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 5 отбасы (15 адам) 127 895 мың теңгеге. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 10 отбасы – 17 балаға 157 467 мың теңге. Тұрғын үй көмегін 64 отбасы 269,559 мың теңгеге алды.

Көріктендіру. Өткен жылы округтің елді мекендерінің көшелерін қоқыстан тазалау жүргізілген. 4 саябақ аймағы, көп қабатты үйлерге және мекемелерге жататын 29 аймақтары тазаланып көріктендірілді. 1500м3 қоқыстар шығарылды, 2 санкцияланбаған қоқыс төгетін жер жойылды, 1025 ағаш көшеттері, 155 бұталар отырғызылды. «Горняк» клубы аумағында шахтерлер аллеясы жасалып, тратуарлы плиталар қаланып, 10 орындық, 10 қоқыс жәшіктері орнатылды. Аулалық аумақтарда (Вокзальная 25, Советская 33, Школьная 50 көшелерінде) 4 балаларға арналған кешендер орнатылды. Вокзальная және Школьная көшелерінде темір қоршаулар тұрғызылды. Вокзальная көшесінде 4 металконструкциясы орнатылды. 2013 жылғы бюджеттік қаражатты Березовка ауылдаға көшелерді жарықтандыру жоспарланған. Усть-Таловка кенті «ШҚО үздік ауылы» атты облыстық конкурсте бірінші орын алды, қорытындысында 8,9 млн теңге көріктендіруге бөлінді.

Меморандумдар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жетекшілігімен ДШК толық жөндеуден өткізуге (26 млн.тг.- бас корпусқа, 13 млн,тг.- жүгіру жолдарына, 15млн.тг.- хоккей қорабына) және 1 млн.тг. ойын алаңдарына, 9,0 млн.тг. МСБ шатырын ауыстыруға қаражат бөлінген. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде клуб, дене шынықтыру-спорт кешені, аурухана, профилактория 180 млн теңге ұсталуда. Жолдарды қыста ұстау мен көшелерді жарықтандыруға 7 млнтеңге көмек көрсетілді. «НСТ Шығыс» ЖШС (директоры Б.Т.Игликовпен) 500 автобус аялдамаларын орнатуға меморандум жасалып орындалды. Усть-Таловка кентіндегі шаруашылық субьектілермен 25 меморандум жасалып, көгалдандыру және көмекті қажет ететін адамдарға көмек көрсету аясындағы мәселелері шешілуде.

Қоғамдық қалыптасу. Округтің өміріне тиесілі барлық негізгі мәселелер қоғамдық қалыптастыру арқылы ұйымды шешіледі: әлеуметтік экономикалық даму Кеңесі, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі, ардагерлер Кеңесі, селолық комитеттер, көшелік және үй комитеттері.

Қаржы-бюджеттік сала. 2012 жылы 10,5 млн теңге жергілікті салықтар түсті. Бір жолғы талондар жыл басынан 200,0 мың теңгеге сатылды.

2012 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде қойылған тұрғындардың сұрақтары.

  1. Усть-Таловка кентіндегі электренергиясының қызметінің өсуіне

байланысты «Жезқазған энергосбыт» ЖШС: 2012 жылдың 12 қарашасындағы жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі бойынша «Жезқазған энергосбыт» ЖШС пайдалану көлеміне байланысты жеке тұлғаларға үш деңгейдегі тарифті енгізді. «Усть-Таловка кенті әкімі аппараты» ММ жастарына байланысты жалғыз басты зейнеткерлермен, мүгедектер, ҰОС ардагерлерінің тізімдері жасалып «Жезқазған энергосбыт» ЖШС өткізілді, және жеке келісім шарттар жасау үшін меншік иелерінің құжаттары жиналуда.

  1. Жатақхана ғимаратына байланысты жатақхана ғимаратының иесі

Ж.Т.Назбиевпен кездесу өткізілді. 1 шаршы метр 150 теңгеден төлем жасауға келісім аланды. Есеп беру кезеңінде 100% пәтер жалдаушылармен келісім шарттар жасалған. Аталған жатақханадағы пәтерлерді иемдену бойынша сұрағы арнайы сот арқылы шешу ұсынылған.

  1. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде клуб, дене шынықтыру-спорт

кешені, аурухана, профилактория, бала бақша ғимараттарын жөндеуден өткізу. Нысандарды коммуналдық меншікке өткізу мақсатында құжаттар қаралуда. 2011 жылы ШҚО әкімімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты меморандумдар жасалған болатын. Аталған меморандум бойынша «Горняк» клубында 9,0 мың.тг сомасында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы ДШЕ 54 млн.тг. сомасында толық жөндеуден өтті және де МСБ бас корпусының шатыры ауыстырылды және МСБ 9,0 млн.тг сомасында терезе жақтаулары ауыстырылды.

2012 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы әкіміне корпорациядан хат жолданған болатын, 28.09.2011 жылдағы № 1103 ҚР Үкіметінің бекітілген қаулысына сәйкес мемлекеттік құқық бойынша мүлікті иемдену Ережелеріне сәйкес сыйлау келісім шарты арқылы жасау ұсынылған.

Аталған нысандарды коммуналдық иелікке өткізу 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілетін болып шешілді.



  1. «Горняк» бақшалық қоғамына жазғы суаруды ұйымдастыру үшін құрал

–жабдықтармен қамтамасыз етуде қолдау көрсету: Усть-Таловка кенті әкімі аппараты бақшалық телімдердің иелерінің қаражатымен құбырларды жөндеуден өткізіп жазғы суаруды ұйымдастырды.

2013 жылға арналған міндеттер. Комсомольская көшелеріне шұңқырлық жөндеу жүргізу. Усть-Таловка кенті көшелерін гравиймен жабумен ағымдағы жөндеу жүргізу. Березовка селосында көшелерді жарықтандыруды орнату. Шахтерлер даңқты аллеясын көгалдандыру. Усть-Таловка кенті әкімі аппараты ғимаратының шатырын жөндеу.
Усть-Таловка кентінің әкімі Е.Шабанова

Каменевский ауылдық округінің әкімі А.Т.Рауштың есебі

Каменевский ауылдық округі 5 елді мекен құрайды жалпы адамдар саны 2326 адам, сонымен қатар: Рассыпное а – 849 адам. Коневка а -345 адам. Рулиха – 984 адам. Михайловка а -73 адам. Рулиха ст – 75 адам. Аудандық орталыққа дейін – 20 км, темір жол станциясына дейін – 20 км.Округ ауамғы -69090 га, оның ішнде елді мекендер жері -118,91 га,ауылшаруашылық тағайындау жері – 37580 га, шөп шабу 1940га, жайылым 11760 га, жыртатын жер 23880.



Ауылшаруашылық

Округ аумағында 122 шаруа қожалық бар, 4 ЖШС, 1 ПК. Қазір 26 шаруақожалығы құжаттарын жойып «Шипулин С.В» шаруақожалығына бірігіп жатыр. Округ ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 29501 га жер берілген, соның ішінде 20701 га егістік балл бонитеті 63. Округте шөп шабу 1568 га және жайылым 9416 га. 2012 жылы 12947 га астық себілді, егіннің жалпы түсімі – 14438 ц, 5755 га күнбағыс (егіннің жалпы түсімі 58792 ц) және 1,5 мын га жем көпжылдық шөптер себілді. 2012 жылы округ бойынша егін 16,9 ц/ га астық, күнбағыс 14,2 ц/га жиналды. Каменевский округінде мал шаруашылық пен Шипулин А.В шаруашылығы және Сердюков Н.И, Жуковский С.Н айланысады. Ш/Қ «Шипулин А.В» ірі қара мал 873 бас, 2011 жыл мен салыстырғанда 49 басқа көп. Сиырлардың басы жалпы салыстырып алғанда 350 бас (2011 жыл мен салыстырғанда 35 басқа көп). Шығарылған сұт – 10569 ц. Орта бір сиырдан сауылған 3061ц, ет -735ц. Ш/Қ «Сердюков Н.И» 333 бас шошқа ұстайды, 608 бас қой, ет 258 ц. ЖК «Жуковский С.Н» Ірі қара малдарының саны 15 бас, 240 бас қой бар, сатылған ет 297 ц.



Жеке меншіктегі малдардың басы – 816 бас ірі қара, оның ішінде – 500 бас сиыр, ұсақ малдар - 2313, жылқы – 199 бас, шошқа – 2032 бас, құстар – 10834 бас.

Жеке меншік малдары сатылғанда 7682 ц еттей, 16800 ц сүт, жұмыртқа -880 мың дана. Бір сиырдың сүті – 3373 ц.

Округ аумағында 17 дүкен бар, 1 наубайхана бар.

Шағын бизнестегілердің саны – 58 адам.



Жеке кәсіпкерлік.

Округ аумағында 18 дүкен бар, 2 наубайхана бар.

Шағын бизнестегілердің саны – 62 адам.

Қаржы –бюджеттік сала

2012 жылға жиналған салық

Жер – 272632 теңге, мүлік – 164734 теңге

Білім

Округте білім беру мектептері 3, оның ішінде екеуі орта. Орта мектептерінде екі шағын орталығы ашылған. Барлық балалар саны мектеп жасына дейінгі 184 бала, 275 оқушы.Мектептерде Михайловский, Рулихинский интернет жұмыс жасайды.

2012жылыбілім сапасы оқушылардың – 44%, орта бал ЕНТ -84.

Ең басты болып білім беру бағытында валеологизация болып қалды, ЕНТ және ПГК нәтижелерін жоғарлату.



Медециналық қызмет көрсету.

Округ аумағында 3 медициналық мекемелер бар, оның ішінде СДА – екеу, Рассыпное және Рулиха селоларында, ФП – Коневка. Жылда ағынды жөндеу өткізіледі.

Рулиха СДА жалдау бөлмесінде орналасқан.Селолық дәрігерлік амбулаторияны аудандық бюджетке беру жұмысы жүріп жатыр. Соны мен қатар жер учаскесіне ЖСҚ жаңа СДА құрылысын жүргізуге құжаттар жоспарланды.

Мәдениет.

Округ аумағында Рулиха ауылында Мәдениет үйі бар оның иесі «Антропов Б.И» болған, қазір жергілікті бюджетке өтеусіз берілді, екі мектеп және екі ауыылдық кітапханалар бар, екі мектеп мұражайы бар,Қазақ ұлтық орталығы бар, екі спорт зал бар,бұл ауылдастардың бос уақытарын өткізетін орындар.

Рассыпное, Коневка ауылдарында клуб жоқ. Рулиха ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеу өткізуді қажет қылады, материалдық – техникалық қамтамасыз етуді қажет қылады.

Округтегі жалпы –саяси жағдай тұрақтылық.

2012 жыл ағынында негізгі сұрақтар халыққа тиісті орындалды:ауылдарды телфондар орнатылды, қосымша 39 телефон құрылды, «Мегалайн» жүйесіне қосу бойынша жұмыстар өткізілді проводсыз телефондарға. Ал енді мынадай проблемалар жарықтандыру, су, жолдарды жөндеу тағы басқада сұрақтарды этап бойынша шешіледі. Елді мекен ішіндегі жолдарды ұстауға бюджеттен 191 мың теңге қарастырылды. Негізгі бөлігі жолдарды жөндеу шаруақожалықтарға жатады.

Рассыпное және ст Рулиха су құбырлары «Шемонаихинский водоканал» КГКП комуналдық жеке меншікке берілген. Коневка ауылындағы сумен жабдықтау құрылысының сұрағы шешілу стадиясында. Мемлекеттік сараптама жасалды, жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба бағасы мөлшері 95,3 млн теңге құрайды. 2013 жылы құрылысты бастау жоспарланды.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Өткен жылы есепте тұрған жұмыссыздықтар 11 адам.

Жылдың басында 8 адам қоғам жұмысна жіберілді.Мемлекеттік атаулы көмек алатындар саны – 47 адам, соммасы 924,7 мың теңге, тұрмыстық көмек – 41 адам соммасы 496,8 мың теңге, мемлекеттік жәрдем балаларға 18 жасқа дейінгі – 20 адам, соммасы 276,1 мың теңге.

2011 жылдан бері Рассыпное ауылында әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды, ол 6 адамға қызмет көрсетеді жалғыз тұратын зейнеткерлер .Каменевский округінде 18 меморандум бекітілді соммасы 5 млн 118 мың теңгеге, осы соммаға орындалды. Меморандумдарға сәйкес шаруақожалықтар үйымдастырды: жеке меншіктердің қоқыстарын шығарды, огородтарын жыртып берді, колорадский қоңыздарын жоюға көмек көрсеті, картоп отырғызуға жер учаскесін бөлді, обелисктерді жөндеуге көмек көрсеті.



2013 жылға Каменевксий ауылдық округінің дамуы бойынша мақсаттар: Округ ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруды, көріктендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру; Рассыпное және Рулиха ауылдарында ҚТҚ жер учаскелірін ресімдеу бойынша жұмыстарды өткізу, Коневка ауылында су құбыры құрлысын бастау.
Каменевский ауылдық округінің әкімі А.Рауш

Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Синиязовтың есебі

Ауылдық округ әкімінің іс әрекеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»заңымен, сонымен біргеҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен регламенттеледі.



Округтің басты саласы ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 40 ауылшаруашылығының құрылымдары, 8 ЖШС, 1ӨК, және 31 шаруа қожалықтары орналасқан. Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен 2012 жылы 10089 га дәнді дақыл егілген, орташа шығымы 11,3ц/га және 6127,5га күнбағыс, орташа шығымы 13,6ц/га, 150га картоп орташа шығымы 104ц/га. Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарымен 2012 жылы жалпы сомасы 35227970теңге субсидия алынған, соның ішінде ЖЖМ-28 501070теңге, бағалы ұрық-90900 теңге, гербицидтерге-5100 000теңге, минералды тыңайтқыштарға -1 536 000 теңге.

Округте екі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер –«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС Зевакино ауылы және «ВК Житница»ЖШС Убинка ауылы суармалы өсімдіктермен шұғылданады: 2012 жылы–«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС 150га 2013 жылғы жоспар 90 га қосымша, «ВК Житница»ЖШС 2013 жылға жоспар 232га қажетті қаржыландыру бар болған жағдайда немесе субсидия алған жағдайда қосымша 1000 га жер. Астық жинауда технологияны сақтауға, уақытында барлық агротехникалық іс—шараларды өткізуге көп көңіл бөлінген. Талдау жасау көрсеткендей осының барлығы қажетті техника саны бар шаруашылықтарда сақталған. Қазіргі уақытта барлық агротехникалық іс шараларды уақытында жүргізу үшін «ВК Житница»ЖШС, «Прииртышье+»ЖШС, «Сизиков иК» ЖШС, «Иртыш ТАНур плюс»ЖШС техника бар. Соңғы бірнеше жылда ірі қожалықтардың ауылшаруашылығы техникасы паркі жаңартылды. Барлық ылғал ұстағыш техникалары бар шаруашылықтарда осы аумақтарда өсетін дақылдар жақсы жиналды. Округтің барлық ірі шаруашылықтары ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруде жаңа технологияларды, жаңа сұрыптар мен гибридтерді белсенді қолдануда, егістіктерді арамшөптерден, аса қауіпті зиянкестерден, аурулардан тазалауда жақсы жұмыс істейді. Өткен жылы ірі шаруашылықтар құрамына Убика ауылы бойынша «Вожова»ш/қ, «Дюсупов К.Х.»ш/қ, «Жанабаев С.Н.»ш/қ, «МусановҚ.Қ.»ш/қ, «Банников Ю.Н.»ш/қ, «МишенинН.П.»ш/қ, «Андронов Ю.Н.»ш/қ, Зевакино ауылы бойынша «Абеков Қ.»ш/қ, «Қонарбаев Т.М.»ш/қ, «БурахановМ.С.»ш/қ, «Чалгимбаева Н.Я.»ш/қ кірді..Барлығы 11 шаруа қожалығы.



Жеке меншік бойынша:

ІҚМ басы-954, 2011 жылмен салыстырғанда,19 басқа артты;

Шошқа -550, 2011 жылмен салыстырғанда,130 басқа кеміді;

Қой-2024, 2011 жылмен салыстырғанда,74 басқа артты;

Жылқы -602, 2011 жылмен салыстырғанда,38 басқа артты;

Құс-3561, 2011 жылмен салыстырғанда,471 басқа кеміді

Бизнестің әлеуметтік серіктестік тақырыптарына қатысты кейбір сандарды атап өткім келеді.

2012 жылы жалпы сомасы 16 млн.849 мың теңге сомасына 10 меморандум жасалды, меморандумның орындалуы «Востоксельхозпродукт»ЖШС, «Сизиков и К.»ЖШС, «Прииртышье+»ЖШС, «ИртышТАНур плюс»ЖШС, «Журба Н.И.»ЖШС директорларының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясына байланысты 23млн.965 мың теңгені құрады, Зевакино ауылында халықтың демалу орталығын ұйымдастыру үшін бұрынғы асхана ғимараты сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілді.



Меморандумдар жасалды:

«ВК Житница»ЖШС-2млн 450мың теңге

«Валентина»ӨК-265 мың теңге

«Қалиев С.М.»ш/қ-192 мың теңге

«Кноблох иК»ЖШС-2млн.587 мың теңге

«Востоксельхозпродукт»ЖШС-1млн.939 мың теңге

«Прииртышье+»ЖШС-3млн 859 мың теңге

«ЖурбаН.И.» ЖШС-972 мың теңге

«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС-3млн 963 мың теңге

«Дисюпов А.А.»ш/қ-210 мың теңге



Кіші бизнес

Округ аумағында 13 кіші бизнес нысандары тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны13.Кіші бизнес нысандарының санына 19 дүкен кіреді. Кіші бизнесте жұмыспен қамтылған адамдардың саны -25адам. Шаруашыл нысандармен инфляциялық рәсуаларды сақтау үшін тауарларға 10 пайыз үстеме жасауға меморандум жасалған. Сонымен бірге алғашқы қажетті тауарлар бағасына мониторинг жүргізіліп тұрады.



2012 жылға бюджет

2012 жылы Зевакино ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс істеуіне және әлеуметтік мәселелерді шешуге аудан бюджетінен 15млн.594 мың теңге бөлінді.

Ауылдық округтің іс әрекетін қамтамасыз ету бойынша қызмет 12млн 903 мың теңге, бұл бабқа аудармаларымен еңбек ақы шығыны 8 378 000 теңге, ғимаратты ұстау (байланыс қызметі, жылу, жалға алу) 497 мың теңге, 1млн 021 мың теңге (автомобильді пайдалану және қызмет ету, оргтехникалармен компьютерлерге қызмет ету, кеңсе тауарларын сатып алу).

Автомобиль сатып алу- 1млн 570 мың теңге.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 127,0 мың теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарын және елді мекендердің ішінде көшелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 391,0 мың теңге бөлінді

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 403,0 мың теңге бөлінді.

Барлық бюджеттік қаражаттар толығымен қолданды.



2013 жылға 13 млн.835 мың теңге жоспарланды

10 254 000теңге округ әкімдігі аппаратының жұмыс істеуіне, соның ішінде еңбек ақысы 8 509 000теңге. Әлеуметтік мәселелерді шешуге келесі қаржы бөлінді: тазалықпен қамтамасыз етуге 136 000 теңге. Елді мекендерді жарықтандыруға 645 мың теңге, осы қаражаттан 473 мың теңге елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға байланысты шығынның орнын толтыруға, 172 мың теңге көше жарығының қызметіне жұмсалады. Қыс кезінде жолдың жұмыстарына 350 000 мың теңге бөлінді. Көше жарығын қайта қалпына келтіруге 2 млн. 450 мың теңге.



Әлеуметтік қорғау

Есепте тұрған жұмыссыздар саны 11 адам. Жұмысқа орналастыру бойынша -24 адам өтініш берді, жұмысқа тұрғызылғандары -24 адам, жұмысқа орналастыру бойынша өтініш берген жалпы санның 100% құрайды.

Мемлекеттік атаулы көмек 2012 жылы 574 900 теңге (10 отбасы) сомасында 28 адамға көрсетілді. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы-159 100 теңге сомасында (7 отбасы)13 адам, тұрғын үй көмегі-26 адам, 320 100 теңге сомасында көрсетілді.

Білім

Зевакино ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп бар: «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі»КММ және «Убинка жалпы білім беретін орта мектебі»КММ- бұл мектептерде 256 оқушы оқиды. Зевакино орта мектебінде 127 оқушы, соның ішінде 9 мектеп бітіруші, соның ішінде ЖОО және колледждерге түскендер-5, соның ішінде грант бойынша-1, білім сапасы-49,6%, ҰБТ-81%

Убинка орта мектебінде 129 оқушы, соның ішінде 4 мектеп бітіруші, соның ішінде ЖОО және колледждерге түскендер-2, соның ішінде грант бойынша-0, білім сапасы-40,4%, ҰБТ-85,5%. Округ мектептерінде медициналық қызмет және ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектептер компьютерлік сыныптармен толық көлемде жабдықталмаған. Мектеп жанындағы шағын орталыққа баратын мектеп жасына дейінгі балалардың саны 38адам. 2012 жылы Шемонаиха қаласында Үбі өзеніне таяу жерде мектеп жасындағы балаларға жазғы еңбек және балалардың демалу ы үшін киіз үй лагері ұйымдастырылыды. Зевакино ОМ 28 бала, Убинка ОМ 26 бала дем алды.

Медициналық қызмет

Округте 2 медициналық мекеме бар: медициналық пункт.Округ аумағындағы халыққа медициналық қызмет көрсетумен 4 медициналық қызметкер айналысады, соның ішінде 2 фельдшер және 2 орта медицина қызметкері. 2012 жылы Зевакино ауылындағы медициналық пункттің төбесі мен шатырын жөндеуге3 млн теңге бөлінді, жөндеу жұмысы жүргізіліп, қаражат толығымен игерілді.

Туды-Зевакино ауылы-11адам, -Убинка ауылы-11 адам

Қайтыс болды- Зевакино ауылы-15адам, -Убинка ауылы-15 адам

Онко науқастанғандар -Зевакино ауылы-10адам, -Убинка ауылы-3 адам

Құрт ауруы -Зевакино ауылы-6адам, -Убинка ауылы-0 адам

Флюрографиядан өткендер (жылжымалы) Зевакино ауылы-172адам, -Убинка ауылы-206 адам.

Азаматтар қабылданды Зевакино ауылы-1235адам, -Убинка ауылы-780 адам.



Құқықтық қорғау

Зевакино ауылдық округінде ҚҚБ УПИ полиция лейтенанты Жүнісов Асхат Исатайұлы қызмет етеді. Қызмет ететін учаске аумағында 2 249 адам тұрады.

Зевакино ауылдық округінде 3 ауыл бар: Зевакино ауылы (1294адам),Убинка ауылы (819адам), Новая Убинка ауылы (136адам). 2012 жылдың 12 айының ағымында учаскелік инспектормен нысаналы бағытталған алдын алу және қылмыспен құқықбұзушылықты ескерту бойынша жедел алдын алу іс шаралары жүргізілді.


  1. ҚР ӘҚ К 79-5 бабы (отбасы тұрғын үй саласындағы құқықтық қайшылықтар)-4 материал

  2. ҚР ӘҚ К 330 бабы (ұсақ бұзақылық)-1материал

  3. ҚР ӘҚ К 320 бабы (анаша)-1 факті

  4. ҚР ӘҚ К 336 бабы (қоғамдық орындарда мас болу және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу)-26 хаттама

  5. ҚР ӘҚ К 387 бабы,1 бөлімі елді мекендерде абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 57 азамат жауапкершілікке тартылды.

  6. ҚР ӘҚ К 298-1 бабы (заңсыз балық аулау)-9 факті

  7. ҚР ӘҚ К 283 бабы (заңсыз ағаш кесу)-2 факті.

Аңшылық қарулардың иелерін тексеру кезінде сақтау және қайта тіркеу мерзімдерін бұзғандары үшін 5 оқ ататын қару тәркіленді.

Қазіргі уақытта 09.07.2004 жылғы № 590 ҚР «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»Заңына сәйкес учаскелік инспекторға көмек көрсететін әлеуметтік алдын-алу кеңесі жұмыс істейді. Округте қоғамдық тәртіпті күзету бойынша 1 қоғамдық құрылымда 3 адам жұмыс істейді. Зевакино ауылдық округінде АІІБ басқа қызметімен бірлесіп тұрғындар арасында алдын алу және қылмыспен құқықбұзушылыққа бағытталған 14 жедел-алдын алу іс шаралары жүргізілді. Сонымен бірге 2012 жылы өткен уақытта мал ұрлауға байланысты 1 факт орын алды.



Азаматтар өтініштерімен жұмыс

Өтініш саны-55, оның 3-уі заңды тұлғалардан,52 жеке тұлғалардан(жазбаша өтініш-40, ауызша-15)

Өтініш сипаттары:

Жер және жерді пайдалану-29

Жылжымайтын мүлік-10

Кәсіпкерлікмәселелері-1

Халықты еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету-2

ТҮКШ мәселесі-4

Басқада өтініштер-9

2011 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде және 2012 жылы облыс әкімімен кездесуде тұрғындардың қойған сұрақтары.

1.Зевакино МП ғимаратын жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау. «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы бойынша нысаналарды қаржыландыру туралы мәселені шешу(4 бағыт бойынша «Ауылдың елді мекендерін дамыту»).

2.Убинка ауылын жолдарды жөндеу және ауылдың көше жарығына қаражат жетіспейтіндіктен «Тірек ауылдар» бағдарламасына енгізу.

3. Жер суару үшін құралдар сатып алуға өздерінің қаражаты жетпетіндіктен округті «Ауылшаруашылығы жерлерін суару» бағдарламасына енгізу.

4.Зевакино ауылында пошта байланысын салу.

5.Құрылыс бағдарламасына барлық санитарлық нормалармен талаптарға сәйкес жеке тұрған МП және ФАП модульдік жобасын енгізу.

6.Бала бақшаны толық жұмыс күніне ашу.

2012 жылға Зевакино ауылдық округінің даму мәселелері:

1.Өскемен қаласына дейін жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету.

2013 жылға міндеттер:


  1. Округтегі елді мекуендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және эстетикалық рәсімдеу бойынша жұмысты жалғастыру.

  2. Округтің үй шаруашылықтарында ІҚМ басын көбейту

  3. Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарында астық жинауды молайту.

  4. Ұсақ ауылшаруашылығы құрылымдарын біріктіру.

  5. Ауылдың елді мекендерінде мал мал зираттарын салу.

  6. Округтің ауылдарында көше жарығын монтаждау.

  7. Округ ауылдарының ішіндегі жолдарды жөндеу

  8. Убинка ауылындағы саябақты абаттандыру.


Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж.Синиязов
Вавилон ауылдық округінің әкімі Н.В.Кузнецовтың есебі

Бекітілген кестеге сәйкес 2013 жыл 22 қаңтарда Вавилон ауылдық округінің әкімі Николай Викторович Кузнецовтың Камышинка ауылының тұрғындарының алдында есептік кездесуі өтті. Өз сөзінде әкім округ аумағындағы барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметі бойынша ақпарат берді. Баяндамада ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикасын арттырудың негізгі қорлары атап өтілді, ол: ІҚМ басын арттыру, өнімділікті арттыру мен ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде жаңа технологияларды қолдану, осының нәтижесінде ауылдарды абаттандырудың инфрақұрылымын дамытуға қаражат салуға мүмкіндік береді. 2011 жылы округке бюджеттен бөлінді: абаттандыруға – 6 млн. 466 мың теңге, 2012 жылы 148 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Шемонаиха – Сугатовка жолын жөндеуге 74 млн.теңге, Кенюхово ауылындағы апаттық көпірін жөндеуге 4 млн. теңге, Сугатовка ауылында балалар спорттық алаңшасына 102 млн. теңге. 2012 жылы Камышинка ауылы «Ауылдарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасына еңгізілді.

Жаз мезгілінде осы ауылда бюджет есебінен 18587 м2 алаңда асфальт салынды. 3,9 км – көше жарықтандыруын монтаждау жүргізілді, 8 млн. теңге сомасына жаңа саябақты жабдықтау және обелискке күрделі жөндеу жүргізілді.

2,6 млн. теңге сомасына балалар ойын кешені орнатылды. Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасымен меншік капиталдың, сонымен қатар халықтың қатысуы көзделіп отыр. «Камышинское» Ш/Қ тірек ауылының негізгі кәсіпорны болып табылады. Әлеуметтік серіктестік туралы жасасқан меморандумға сәйкес, 41 млн. 620 мың теңге жоспарда, атқарылған жұмыстар көлемі 53 млн. 865 мың теңгені құрады.

Жаз мезгілі барысында кіре беріс арка, саябақтың металл қоршаулары, шағын зоосаябақ қондырғысы орнатылды, Мәдениет үйінің жөнделуі жүргізілді. Шаруа қожалықтары есебінен 7 млн. теңге сомасына ауыл көшелері асфальтпен төселді және баннерлер үшін металл құрылыстар жасалып орнатылды. Бұдан басқа «Камышинское» ш/қ Пруггерово ауылының су құбырын қайта жөндеуге және жаңа мектептің құрылысына жоба – сметалық құжаттаманы дайындады. «Камышинское» ш/қ басшылығы тірек ауылының негізгі бағыты – тұрғын үйлердің құрылысын орындайды. Бүгінгі күнге, Камышинка ауылы - тірек ауылының барлық талаптарына сәйкес келеді.

Халық ауыз сумен қамтамасыз етілген, тұрғын үйлер салынуда, жұмыс орындары пайда болуда, көше жарықтандырылуы мен көшелердің асфальтпен төселуі жүз пайыз. Орта мектеп, балабақша, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория, наубайхана бар, жеті дүкен қызмет етеді. Камышинка ауылының тұрғындары ауылды абаттандыруға белсенді қатысуда. Жаз мезгілінде иеліктегі үйлердің және үй-жайлары қоршауларының жөндеулері бойынша 7 млн. теңге сомасына жұмыстар жүргізілді.

2013 жылға округ бойынша келесі міндеттер қойылды:

- Сугатовка ауылында су қорлары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді (мемлекеттік бағдарламаға еңгізілді).

- Камышинка ауылында жаяу жолдарды орнату (10 млн. теңге бөлінді)

- Сугатовка ауылында көше жарықтандыруын монтаждау (2,6 млн. теңге бөлінді)

- «Заря» ш/қ ІҚМ басын арттыру (200 бас)

- Пруггерово ауылында мектеп құрылысы

- Пруггерово ауылында су құбырын қайта жөндеу.

- Камышинка ауылында спорт алаңшасының құрылысы (8 млн. теңге)

- Сугатовка ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

(2013-2014 ж.ж.).

Камышинка ауылы тұрғындарының сөздері бойынша бір ауыздан ұсыныс түсті – ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын қанағаттанарлық деп танылсын. Сондай-ақ «Камышинское» ш/қ басшысы В.И. Акуловқа алғыс сөздері айтылды.

Алайда оң көзқарастармен қатар, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер айтылды:



  1. Саябаққа қызмет көрсету үшін штаттық бірлік бөліне ме?

  2. «Суық бұлақ» бұлақ бойын санитарлық тазалауы жоспарлануда ма?

  3. Әрі қарай меншікке сатып алу шартымен мамандарға тұрғын үй құрылысы жоспарлануда ма?

Барлық сұрақтарға ауылдық округ әкімі тиісінше түсіндірмелер берілді.
Вавилон ауылдық округінің әкімі Н. Кузнецов

Верх-Уба ауылдық округінің әкімі В.В.Фещенконың есебі

Верх-Уба ауылдық округі Шемонаиха ауданының шығыс бөлігінде орналасқан. Округ аумағы - 108 264 га құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына тұрғындардың саны 2302 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді 1320 адам. Ауылдық округтің әкімшілік орталығы –Верх-Уба ауылы. Округ құрамында 2 елді мекен бар (Верх-Уба ауылы, тұрғындар саны 2284 адам) және Зауба селосы, тұрғындар саны 18 адам.

Құрметті округ тұрғындары!

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 6 сәірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халық алдында жыл сайын есеп берулер өткізіліп тұрады, ол тек қана проблемалық мәселелер ғана емес, оларды шешу үшін басымдылық міндеттерді де белгілейді. 2012 жылы Верх-Уба ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша атқарылған жұмыстар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының ережелерін, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты бағыты» Жарлығын іске асыруға бағытталған.

2012 жылы тұрғындармен есептік кездесуде тұрғындардан 3 сұрақ түскен болатын (пошта бөлімшесінің ғимаратын салу туралы; Верх-Уба а.– Предгорное а. жолының бөлігін қалпына келтіру туралы; округ аумағында электроэнергия, телефон, салық және басқа төлемдерді төлеу бойынша терминал орнату туралы), оның ішінде шешілгендері – 1, бір сұрақ бойынша түсініктеме берілді, 1 мәселе бақылауға алынды және 2014-2015 жылдары шешілетін болады.

Анықтама: Пошталық бөлімше ғимаратын салу туралы - жайдың алаңы кішкентай, күту залы жоқ, келушілер жылытылмайтын тамбурда тұрады. 2012 жылғы 13 ақпанда жауап берілді, есептік кездесуге «Қазпошта» АҚ аудандық филиалының директоры Артамонова Т.Г. қатысқан, құрылыс 2014-2015 жылдарға жылжытылды, үлкен алаңды жайды жалға алуға дайын.

Верх-Уба ауылы –Предгорное ауылы бойынша жол бөлігін қалпына келтіру туралы – жол бойындаға бұталар кесілді және тегістей отырып, құм-тас аралстырып, жолға төселінді және 2 км жол жөнделді.

Округ аумағында электроэнергия, телефон, салық және басқа төлемдерді төлеу бойынша терминал орнату туралы – терминалды орнату үшін жылына 15 млн. теңге ақшалай қаражат айналымы қажет. Округ аумағында ақшалай қаражат айналымы 3,7 млн.теңгені құрайды.

Бюджет

Мемлекеттік бюджетке округтің салық төлеушілерінен 23 млн. теңге түсті, ол 2011 жылға қарағанда 4,6 млн. теңге артық.



Ауылдық тірек елді мекені

Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 66 қаулысына сәйкес Верх- Уба ауылы облыстың тірек елді мекендер тізбесіне қосылған.

2012 жылы тірек ауылын дамытуға барлық көздерден 59,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

1. Бюджет – 36,7 млн. теңге (61 %), оның ішінде:

Республикалық бюджет – 28,8 млн. теңге

Облыстық бюджет – 6,3 млн. теңге

Аудандық бюджет – 1,6 млн. теңге

2. Шаруашылық субъектілердің меншік қаражаты – 9,0 млн. теңге (15 %)

3. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі– 14,0 млн. теңге (24 %)

Шынайы секторда 12 жоба жоспарланған, оның ішінде 11 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты аясында. 12 жобадан толық орындалғаны- 5: «Айтас» ЖШС «Май зығырын өсіру» жобасы іске асырылды, 3 жаңа жұмыс орны ашылды, Данилова Т.Н. ЖК мал шаруашылығын дамытуға 1,5 млн. теңге сомасына шағын несие алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды, Акатова О.В. ЖК мен Акатов Г.Г. ЖК картоп өсіруді дамытуға 3,0 млн. теңге сомасына әрқайсысы шағын несие алды, 4 жаңа жұмыс орны ашылды, ЖК Балацкий А.В. омарта шаруашылығын дамытуға 2,0 млн. теңге сомасына шағын несие алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауылдың инфрақұрылымын дамыту бойынша 2 жоба жоспарланған және орындалды: көшелерді жөндеу және жарықтандыру.

Абаттандыру аясында 4 жоба жоспарланған және орындалды.

1. санитарлық тазалау – санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша айлық аясында сәуір – мамырда 58 апатты үйінділер жойылды, 720 куб. метр қоқыс шығарылды.

2. саябақты абаттандыру - 500 көшет отырғызылды, аумақты жоспарлау жүргізілді .

3. Шаруашылық субъектілердің күшімен көшеттер егілді, мемлекеттік мекемелер- қарағайлы ағаштардың 1170 көшет отырғызылды .

4. Хоккей қораптарын орнату

Тұрғындардың және шаруашылық субъектілердің күшімен 2 жалпы ауылдық сенбілік өткізілді, 45 жаңа қашалар орнатылды.

Бағдарламаны іске асыру аясында 9 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тәжірибені пайдалана отырып, біз Верх-Уба ауылының экономикалық әлеуетін және инфрақұрылымын дамуының проблемалық мәселелерін есепке алатын, шынайы ісшаралар жоспарын әзірледік.

Шынайы секторда өткен жылдағы 5 жобаға қарағанда, 2013 жылы 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр (мал шаруашылығын, құс шаруашылығы мен омарта шаруашылығын дамыту, жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алу), оларды іске асыруға 60,0 млн. теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 18,5 млн.теңге құрады.

Өткен жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту саласында бір де жоба болған жоқ. Ағымдағы жылы 5,0 млн. теңге сомасына, оның ішінде 3,0 млн. теңге - қарыздық қаражаттарына 2 жобаны іске асыру жоспарланған (жабайы шырмауықты дайындау және демалу орны мен туристік бағыттарды ұйымдастыру)

Жыл қорытындысы бойынша ауылды дамытуға салынған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қаражаты 14,0 млн. теңгені құрады, ағымдағы жылы 29,5 млн. теңгеден кем емес салым жоспарланып отыр, оның ішінде 19,0 млн. теңге – балабақша ғимаратын қайта жөндеу.

Верх-Уба ауылын тірек ауылы ретінде дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылға барлық көздерден 131,7 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:

1. Бюджет – 63,3 млн. теңге (48 %), соның ішінде:

Республикалық бюджет – 54,1 млн. теңге

Облыстық бюджет – 0 млн. теңге

Аудандық бюджет – 9,16 млн. теңге .

2. Шаруашылық субъектілердің меншік қаражаты – 40,0 млн. теңге (30 %)

3. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – 25,5 млн. теңге (19 %)

4. Қарыз қаражаттары – 3,0 млн. теңге (3%)

Верх-Уба ауылын тірек ауылы ретінде дамыту бойынша күтілетін нәтижелер


  • Тұрғындар санын арттыру 2%;

  • Аз қамтамасыз етілген отбасыларды қысқарту 15%;

  • Жеке кәсіпкерлер санын арттыру 1%;

  • Ірі қара мал басының санын арттыру 12%;

Ауылшаруашылық

«Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050 Стратегиясында»: мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерді өсіру, егіс алаңдарын арттыру, өнімділіктің біршама артуын қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту Қазақстанның әлемдік сауда нарығының көшбасшысының бірі ретінде міндет қойып отыр.

Округтің басты саласы ауылшаруашылығы болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауылшаруашылық жұмыстың басымды бағыты болып табылады.

Округте 42 шаруашылық тіркелген, оның шінде 24-і өз бетінше қызмет етеді, қалғандары - бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жұмыс істейді.

Округ шаруашылықтарына 19 га жер бекітілген, оның ішінде 11 мың гектар – егістік жер және 7 мың - жайылым мен шабындық. Жер бонитетінің орта балы– 64.

Егістік жердің құрылымында астық және астық бұршақ дақылдар – 71%, күнбағыс үлесі 17%, азық дақылдары егіс алаңдарының 4% орналасқан, егіс жердің 5% жуығы күзде күзеу астық дақылдарымен себілген таза буда қалып отырды.

Окургтің ауылшаруашылық тауар өндірушілері 13,4 ц/га орта өнімділігімен 10,5 мың тонна астық және астық бұршақ дақылдарын жинады. Күнбағыстың өнімділігі 14,5 ц/га құрады, осы дақылдан 3 мың тонна жиналды.

Астық және астық бұршақ дақылдардың ең жоғары өнімділігі – гектардан 14,0 центнер, күнбағыс – 17,5 центнер. Алайда, жерге деген жауапсыз қатынас деректері бар: банитеттеің жоғары балында кейбір шаруашылықтар бір гектардан 11 центнер астық алды, күнбағыс – 4,5 центнерден.

Өсімдік шаруашылығының төмен нәтижесінің негізгі себептері:

Ауылшаруашылық құрылымдардың 50% өз бетінше жұмыс істемейді, сондықтан, олардың жерлері тиімсіз пайдалынылып келеді: оңтайлы мерзімдерін бұза отырып себіледі, дақыдарды кезектеп себу сақталмайды (ауыспалы егістер), осы себулер дұрыс күтілмейді.

Соңғы 5 жылда округтің шаруашылығы («Защита Верх-Уба» ЖШС басқа) бір тонна да минералдық тыңайтқыштар сатып алған жоқ, сондай-ақ, органикалық тыңайтқыштарды да пайдаланбайды, себулерді қатты ластауға жол беріледі, соның ішінде грибицидтерге шыдамды арамшөптер (овсюг, лозалы молочай, осоттардың әртүрлі түрлері, қызылсары бодяк).

Бердібек Мәшбекұлы, жерді үнемді пайдалану, өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру тапсырмаңыз бойынша 2012 жылы ұсақ ауылшаруашылық бірлестіктерінің басшыларымен ірілендіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілді. 2013 жылы 8 шағын және орта шаруа қожалықтарының ірі шаруа қожалықтарымен бірлесу жоспарланып отыр.

Округте 1360 тонна сүт өндірілді (өткен жылғы деңгейге қарағанда 101%), 220 тонна ет (111%). Саумалы сиырдың орта сауылымы округте есеп беру күнінде 3510 кг (101%) құрап отыр.

Шаруашылықтарда 983 бас ІҚМ (өткен жылғы деңгейге 116%), оның ішінде 380 сиыр – 380 бас(100%), шошқа – 1254 бас (107%), жылқы – 125 бас (74%), қой мен ешкі – 587 бас (197%), құстар– 3,0 мың бас (74%).

Мал шаруашылығы саласында ұсақ тауарлы өндіріс басым, қолда бар әлеуетке қарамастан, (шабындықтар мен жайылымдардың болуы) мал басы негізінде тұрғындардың шаруашылығына бағытталған.

2013 жылға округтің ауыл шаруашылығын дамытуға біздің алдымызға мына міндеттер қойылған:



  • Ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіру бойынша жұмыс;

  • Жаңа технологияларды енгізу.

  • Сұрыптық тұқымдарды және заманауи ауышаруашылық техникасын сатып алу.

  • Енгізілетін минералдық тыңайтқыштарды арттыру.

  • Аудандық жұмыспен қамту бағдарламасы аясында округтің шаруашылықтарында жұмысқа орналастыра отырып, механизаторларды дайындау.

  • Қоршау салу және 50 қой сатып алу, ЖК Авдеев И.Б

  • Малға жай салу және 100 бас тайынша сатып алу, «UTEX» ЖШС

  • 15 бас тайыншаны сатып алу, Екимов ш/қ

  • 30 бас тайыншаны сатып алу, Гениятова ш/қ

  • 15 бас тайыншаны сатып алу, Сметанина ш/қ

Өндіріс пен шағын бизнес

Президент «Қазақстан - 2050» Стратегиясында елімізде мемлекет барлық проблемаларды шешуін күтіп отырмай, өтіп жатқан экономикалық жаңарулардың толымды қатысушысы ретінде адам өзін бизнесте байқап көруге қажетті жағдайлар жасалатынын атап айтты. Округте кәсіпкерлік қызметпен 43 адам айналысады. Округте 16 дүкен, 2 наубайхана, шаштараз, май зауыты, еттің жартылай дайын өнімін дайындау жөніндегі цех, және дәріхана мен мал дәріханасының филиалдары жұмыс істейді.

Шағын бизнес саласында 194 –тен астам адам жұмыс істейді, округ аумағында жұмыс істейді: - ЖК «Шевченко» - еттің жартылай дайын өнімін дайындау жөніндегі цех.

Анықтама: 2012 жылы 10 млн. 146 мың теңге сомасына 20,88 тонна дайындалды- жұмысшылардың саны 18 адам. 2 млн. 051 мың теңге сомасына - 23,76 тонна нан пісіру. Жыл сайын шығарылатын өнімнің түрлері артып келеді: нан өнімдері, еттің жартылай дайын өнімін.

- ЖК «Усыпенко» - нан пісіру.



Анықтама: 2 млн. 160 мың теңге сомасына 32 тонна.

-Май зауыты. 2012 жылы пастерленген сүт дайындау бойынша жаңа желі іске қосылды, айран, қатты ірімшіктер. Округ тұрғындары күн сайын сүт сатып алады. 2013 жылы май өндіру бойынша технологиялық желі сатып алу жоспарланып отыр.



Анықтама: сүт сатып алу - 286 тонна, 25 млн. 076 мың тенге сомасына 48,8 тонна ірімшік өндірілді; 124 мың теңге сомасына 0,2 тонна сары май, 13 млн. 066 мың теңге; сомасына 36,9 тонна қаймақ, 4 млн. 805 мың теңге сомасына 27 тонна айран; 18 млн. 260 мың теңге сомасына 166 тонна пастерленген сүт. Жұмыс істейтіндердің саны 18 адам.

Инфляциялық үдерістерді ұстау үшін, шаруашылық субъектілермен 10 пайыздық сауда үстемесі туралы 11 меморандум жасалды. Алғашқы қажеттілік тауарларына баға мониторингісі апта сайын жүргізіліп тұрады.



Инфрақұрылым

Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету.

Округте "Шемонаиха водоканал" КҚМК теңгерімінде тұрған 25 км су құбырлар желісі бар. Су құбырын 224 аула 492 адам пайдаланады. Су құбырларының желісінің ұзақтығы 25 км құрайды. Тозуы 99 %, барлық су құбырлары 1960-70-жылдары салынған және 40 жылдан астам істеп келе жатыр. Қазіргі кезде жер астындағы су қоры есептеліп жатыр. Су құбырларын ауыстыруға жобалық сметалық құжатнамаларды дайындау 2014 жылға жоспарланып отыр.

Анықтама: Суға төлем 1 м3 үшін. 132 теңгені құрайды. 2013 жылғы ақпаннан бастап ауыз су құны 1м3 үшін 40 теңге, қосалқы шаруашылыққа су алуға 1м3 үшін 132 тенге құрайтын болады.

Бір жылда есептелген төлем сомасы– 3млн. 125мың теңге, 3млн. 0,29 тыс теңге жиналды (93%), 2012 жылдың оңындағы қарыз 299 мың теңге құрады.

Жолдың жағдайы: округ аумағында 36 км жол, оның ішінде қатты жол төсемі - 6 км.

500 абонементке қызмет көрсетуге есептелген АТБ филиалы жұмыс істейді, 455 телефон мен 6 радиотелефондар орнатылды.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Округ аумағында зейнеткер жастағы 437 адам тұрады, оның ішінде 80 жастан асқандар -70 адам, мүгедектер -72 адам, оның ішінде 7 бала. Аудандық әлеуметтік көмек бөлімшесінің үш әлеуметтік жұмысшысы жұмыс істейді. 3 мүгедек балаға, 14 ересек тұрғындарға қызмет көрсетіледі, 2012 жылы «Хоспис» ЖШС 1 адам ресімделді.

2012 жылы 664,8 мың теңге сомасына 17 отбасына мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді (48 алушылар). Округте 575,5  мың теңге сомасына 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындар – 18 адам, 260 мың 112 теңге сомасына тұрғын үй көмегін алатындар – 33 адам. Еңбекке қабілетті тұрғындардың саны 1320 адам. Округ аумағында Ұлы Отан Соғысының 25 қатысушысы және 78 тыл еңбеккерлері тұрады.

2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының бас бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында оқытудың тиімді жүйесін құру қжеттілігі және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу атап өтілді.

Маусымға, жылға байланысты, округ аумағында 350-ден 650 –ге дейін адам жұмыс істейді, өз бетінше жұмыс істейтін тұрғындардың саны 800-ден астам адам, 2012 жылы жұмыспен қамту орталығынан 11 адам жұмыс істеді. Жаз кезінде «Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» атты бағдарламасы жастар қозғалысы бойынша 9 адам жұмыс істеді, тракторшы механизатор мамандығы бойынша 18 адам оқып шықты. Еспеке алынған жұмыссыздар саны 7 адам. Еңбекке орналастыру мәселелері бойынша екі адам жүгінді, екеуі де жұмысқа орналасты.

2020 жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2013 жылы "Защита Верх-Уба" ЖШС негізінде (Е, Д) санаттағы жүргізушілердің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр – жұмыспен қамту орталығынан 10 адам. Жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген отбасыларын кедейшіліктен шығару мақсатында 2000 дана балапанды тегін беру үшін меморандум жасауға Өскемен құс фабрикасымен жұмыс жүргізіліп тұрады. 2013 жылға 20,0 млн.теңге сомасына шағын несие алу және 5 жаңа жұмыс орнын құру.



Білім беру «Балаларды тәрбиелеу– бұл болашаққа зор инвестициялар. Біз осы мәселеге осылай қарауымыз керек жән біздің балаларға ең жақсы білім беруге ұмтылу керек, - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл сөздері білім беру жүйесін бұдан әрі дамытуды белгілейді.

Верх-Уба ауылдық округінің аумағында «Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бар, онда 274 оқушы оқиды . Мектепте шағын орталық ашылған, оған 26 адам барады, 30 бала мектепалды даярлық дайындығынан екі бала мектепалды даярлық тобының екі тобында оқиды. Өткен оқу жылында меткепті 17 түлек бітірді. ЖОО-1 колледжде – 13 оқиды, жұмысқа оналсақандар- 3 тәрбиеші. Округ бойынша ҰБТ орта балы 76,3 (көрсеткіш 80,3 құраған орта аудандықтан төмен)



Анықтама: Бүгінгі күні мұғалімдер штаты түгел жинақталған. Мұғалімдердің біліктілік деңгейі: жоғары санатты- 1 мұғалім, 11 адам І санатты, 9 адамның ІІ санаты бар, санатсыздар-8, орта жасы 42 жас. Округ мектебінде 44 компьютер,30 бірлігі интернет желісіне қосылған. Физика , өзін өзі тану мен және мультимидиялық-лингафондық заманауи кабиенттері бар. Жаңа модификациялы химия, биология кабинеттерін сатып алуға қажеттілік бар.

Бүгін төмен сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілген, рационға міндетті түрде бал, көкөніс енгізілген. Барлығы 274 оқушы ыстық тамақтандырумен қамтылған, немесе оқушылардың 100% , оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасынан - 38 бала.



Денсаулық сақтау

«Сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету, аурулардың кең тараған спектрін диагностикалау және емдеуді» денсаулық сақтау саласында басымдылық бағыт деп есептейді мемлекет басшысы .

Ауылдық дәрігерлік амбулатория Верх-Уба ауылдық округ орталығында орналасқан. Амбулаторлық қатынас көлемі - 4939 адам, ауруларға үйге бару - 369 адам, күндізгі стационар жұмысы - 40 адам. 2012 жылы округте туберкулез және онко ауруларының төмендеуі белгіленген. Округ тұрғындарына қызмет көрсету үшін санитарлық автомобиль бекітілген. Өткен жылы 23 адам туылды, қайтыс болғандар - 44. Туберкулезбен созылмалы аурулар жоқ. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес ұсынылған. Медициналық қызметкерлермен шұғыл медициналық көмек көрсету жүргізіледі, дәрілік қаматамасыз ету толық көлемде бар. ҚР 20114-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау бағдарламасында салауатты өмір салтын бұдан әрі енгізуге, азаматтардың өз денсаулығын сақтауға және тәртібінің өз сақтануына акцент жасалған. Округте бұл жұмыс жалғасатын болады. Біз ағымдағы жылы ауылдық дәрігерлік амбулаторияға дәрігер жұмысқа орналасады деп үміттенеміз.

Анықтама: Штат саны- 1 акушерка, 3 медбике, 1 жүргізуші, 1 санитар ыдыс жуғыш 1 тұрғындардың әлеуметтік қабатына қызмет көрсетуге лаборанттың 0,25 ставкасы.

Верх-Уба СДА электр жылуы мен және орталықтандырлған сумен қамтамасыз етілген бейімділген ғимаратқа орналасқан. СДА нормативтерге сәйкес жарақтандырылған.

Верх-Уба Дәрігелік Амбулаториясында қажетті көрнекі ақпараттарымен әлеуметтік медициналық көмек жазылған. Округ мектебінде СӨС қалыптастыру бойынша «дөңгелек үстелдер» әңгімелесулер өткізіліп тұрады.

Мәдениет

Қазақстанның даму Стратегиясында мемлекет басшысы біздің ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға акцент жасалған.

Верх-Уба ауылдық округінің аумағында ауылдық кітапхана және ауылдық мәдениет үйі бар. Кітапхана ауылдық мәдениет үйінің үлгілі ғимаратында орналасқан. Ғимараттың теңгермдік ұстаушысы "Защита- Уба" ЖШС . Мәдениет жұмысшыларының штат жүктемесі - 4 бірлік (мәдени ұйымдастырушы, ән-күй басшысы , хореограф, кітапханашы). Бюджет қаражатынан аппаратура сатып 1 млн. теңге берілді. Ғимаратты жылытуға 500,0 мың теңге бөлінген. 30 сахналық костюмдер сатып алынды.

2012 жылғы қазанда селолық МҮ күрделі жөндеу жүргізілді (15 млн. теңге өз қаражаты есебінен) ескерткіштің аумағын абаттандыруға 4,0 млн. теңге бөлінді.



Дене шынықтыру және спорт

Қазақстан-2050 Стратегиясында ұлт көшбасшысы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті екенін атап өтті. Біздің алдымызда дене шынықтыруды дамыту, жаппай спортты және дене шынықтыру сауықтыру нысандарын салу.

Округ аумағында спорт залы мектеп ғимаратында орналсқан. Округет жаз кезінде жазғы ойындар үшін ойын егісі бар– футбол,волейбол және т.б. Волейбол , баскетбол, жеңіл атлетика және үстел теннисі бар. Мұғалімдер – Cергеев А. Тютюньков В.Г. Тұрғындардың демалуы, округте спортпен шұғылдану округтің ЖК, шаруа қожалықтардың күшімен мектеп аумағында оналасқан хоккей қорабы, құрылысқа ЖК Гусляков А.Г., Гусляков П.Л., Валитов Д. ш/қ Усыпенко қатысты. Округте аудандық балалар жастар спорт мектебінен дзюдо жұмыс істейді. Жаттықтырушы В.Лищук үй-жай мектеп ғимаратынан бөлінген. Округ спортшылары ауданның жалпы білім беретін мектептерінің дәстүрлі спартакиадасына, аудан және облыс әкімінің сыйлығына халық спорт ойындарына қатысады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

құқықтық көзқамандықты жою және қоғамдық тәртіп ісіне қоғамның қосылуы бойынша еліміздің Президенті біздің алдымызға міндеттер қояды.

2012 жылы округте 76 оқиға мен қылмыс тіркелген, 16 бойынша қылмыстық іс қозғалған, қалғандары бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданған.

Округте құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Кеңес жұмыс істейді ( 7 адам), «Сарбаздар» қоғамдық құрылымы (учаскеліктің қоғамдық 3 көмекшісі).



Анықтама: 2012 жылы 14 рейд жүргізілді, 39 отбасы араланды, комиссияда 19 отбасы қаралды. АІІБ алдын алу есебінде - 42 адам тұрады, бұл УДО-4, шартты сотталғандар -3, ннашақорлар- 4, ішімдік сусындарына әуесқойлар – 31 адам және т.б.
  1   2   3


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет