2013 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының негізгі бағыттары. Мемлекеттік реттеудегі облыстық мұрағат ісінің дамуы



жүктеу 204.64 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі204.64 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Шығыс Қазақстан облысының

мұрағаттар және құжаттама

басқармасы
2013 жылға арналған Шығыс Қазақстан

облысындағы мұрағат ісі дамуының негізгі бағыттары.

Мемлекеттік реттеудегі облыстық мұрағат ісінің дамуы
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің 2013 жылғы қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы Мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, мұрағат ісі дамуының стратегиялық жоспары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

Облыс мұрағат мекемелерінің жоспарларындағы жетекші орынды тарихи және мәдени құндылыққа ие, шет мемлекеттердің мұрағат және ғылыми мекемелеріндегі XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды іздеу және оның көшірмелерін алу бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар, еліміздің құжаттық тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, сонымен қатар, облыстың мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, ИСО-9000:2008 халықаралық сапа стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыс мұрағат мекемелеріне арналған бағдарламалық қамсыздандыру алу. Ерекше, пайдалы және қызықты ақпаратпен толтыру, қажет болғанда бөлімдерді құру бойынша «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтымен, «ШҚО Мемлекеттік мұрағаты», «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ақпараттық сайттарымен жұмыс істеуді жалғастыру.

«Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары », «Мұрағаттық анықтамаларды беру» электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудін стандартымен регламентін тәжірибеге енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Облыс мұрағатшылары Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының айтулы және әйгілі күндерін мерекелеуге арналған іс-шараларға белсенді қатысуды, бұл оқиғаларға шолулық ақпараттарды анықтау және пайдалану жұмыстарын арнауды, құжаттар жинағын әзірлеу, көрмелер өткізуді, Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы мүдделі органдарды және қоғамды ақпараттандыруды жоспарлап отыр.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарында құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту, оның ішінде тігу, құжаттарды қалпына келтіру сонымен қатар, қораптар жасау, құжаттардың физикалық жағдайын және қолда бар болуына тексеру, 2012 жылы қолданыста болған құжаттарды тексеру, құжаттардың санитарлық-биологиялық жағдайларын тексеру, пайдаланушылардың қорларын құру, өшіп баражатқан мәтіндерді қалпына келтіру, аса құнды құжаттарды және ұлттық мәдени мұра нысанына жататын құжаттарды айқындау.

2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен негізгі және қосымша есепке алу құжаттарын толтыруымен құжаттарды мемлекеттік есепке алу бойынша жұмыс жалғасады.

Электронды мұрағат бағдарламасын құру шеңберінде ақпараттық технологияларды жетілдіру және дамыту бойынша жұмыс жалғасады: құжаттарды сканерлеу, мәлімет қорларын толықтыру, «Электронды мұрағат» мәліметтер қорына ақпарат енгізу, жұмысқа қажет жаңа мәліметтер қорын құру, мультимедиялық ұсынулар жасау. ТҰБЕ АЖО автоматтандырылған жүйесінде азаматтардын өтініштерін тіркеуін жалғастыру, «Е-әкімдік», «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелерінде электронды мемлекеттік қызметінде көрсету және тіркеу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын құру және мекеме, ұйым, кәсіпорын құжат істерінде ұйымдастыруы саласында 2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттар ұйымдар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелері», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 қаулысымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» енгізуімен айналысатын болады, мемлекеттік және орыс тілде жеке әдістемелік қорын құру.

2013 жылға дәстүрлі түрде облыстық СТК жұмысы жоспарланды: тізімдемелерді басқарма құжаттамаларына, жеке бас текті құжаттарын, ғылыми-техникалық құжаттамаларды, кино-фото-фоно-бейне-сюжеттерін, анықталған аса құнды құжаттар мен істерді қарау және бекіту, сонымен қатар, жинақтардың жоспар-проспектілерін, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын, мұрағат әрекеттерінің барынша маңызды бағыттары бойынша әдістемелік әзірленімдерді, оның ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әзірленімдерді даярлау барысын қадағалау, қорларды жетілдіру және қайта өңдеу қорытындыларын қарау, ведомстволық СК төрағаларының және т.б. тыңдалады.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК бекіткен құжаттар көлемі келесі сандарды құрайды: басқарма құжаттамалары 5700 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша 5223 сақтау бірлігі, ғылыми-техникалық құжаттамалардың 415 сақтау бірлігі, жеке бас текті құжаттардың 495 сақтау бірлігі, кино 25 тіркеу бірлігі, видеоқұжаттар 45 тіркеу бірлігі, фото 250 сақтау бірлігі.

2013 жылы басқарманың мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдармен мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету аясында өзара қарым қатынас туралы шарттарды жасау және олардың мерзімдерін ұзарту бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өндеу жұмыстары жалғастырылады. Қауіп тобын анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүйесінің облыстық мемлекеттік мұрағат мекемелерінің жинақтау көздері-ұйымдарында құжаттардың ведомстволық сақтаулына және құжаттау жағдайына тексеруді өткізу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттары, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасауды және ведомстволық сақтау сатысындағы құжат құрылу жөніндегі жұмыстарын жалғастырады. Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «Ғылыми-техникалық ақпараттын ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының базасында мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар үшін басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттардың уақытша ведомстволық сақтауын қамтамасыз етуін ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша дәрістер курсы өткізу жоспарлануда.

Ақпараттық-іздеу жүйесін құру саласында облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен жеке текті құжаттарды, таспалы тасмалдағыштағы құжаттарды, басқармалы, ғылыми-техникалық құжаттаманы, жеке текті және таспалы тасмалдағыштағы құжаттаманы өндеу, каталогтау.

Құжаттарды пайдалану саласында жұмыс атаулы күндермен оқиғаларға арналған болады. Осыған байланысты фото құжаттамалық көрме, телеарналар, мақалалар, ақпараттық құжаттар, оқу сабақтар дайындалуы жоспарланып тұр. «Мұрағат анықтамларын беру» мемлекеттік қызметтер Регламенті және «Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемлекеттік қызмет Регламентіне Стандарттарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық, генеологиялық өтініштерді орындауына үлкен мән беріледі.

Облыстық мемлкеттік мұрағатымен құжаттарды басу саласында «Беріспедік және жеңдік» құжаттар жинағы бойынша жұмыстар жалғасады.

Жыл ішінде облыс мұрағат мекемелерінің басшылары мен мұрағатшылары республикалық мәжілістеріне, семинарларға, аудандық мұрағаттарға мұрағат әрекетінің барлық бағыттары бойынша тексерулер, әдістемлік және тәжірибелік көмек көрсету үшін іс сапарларды жүзеге асырады.



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету

Мемлекеттік мұрағаттардың 2013 жылы қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін су құбырлары, жылумен жабдықтау, электрмен қамсыздандыру жүйелеріне алдын алу жұмыстары мен қажетті жөндеулер жүргізу және оларды маусымдық қадағалау сонымен қатар, өндірістік ғимараттар мен қызметтік жайға кезекті жөндеу жұмыстары, өрт сөндіру құрал-жабдықтарын алу жүзеге асырылады. Облыстық мемлекеттік мұрағатымен Головкова ,26/1 көшесіндегі ғимараттың фасадын, Потанина, 12а көшесіндегі ғимараттың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда; Зырян ауданының мемлекеттік мұрағатымен – ғимарат шатырын жөндеу, металл сөрелерді алу, Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағатымен – ағымдағы жөндеу жұмыстары және терезелерін ауыстыру, Күршім ауданы – бөлмелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары.

2013 жылы мемлекеттік сақтаудағы құжаттарға және оларды қабылдау барысында: құжаттарды бейімдеу, дезинфекция, дезинсекция, құжаттарды шаңнан тазарту, мұрағат қоймаларындағы құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау жұмыстары жалғасады.

Мұрағат қоймаларында қолайлы жағдай туғызу бойынша оларды ауа тазарту және ылғалды жинау жолымен температуралық-ылғалды режимді онтайландыру бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады,электр -, жылу – жүйесіне, суқұбырының жұмысына қадағалау жүргізілетін болады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында нақты мерзімде өткізуге қажетті шаралар жоспарлануда: өртсөндіргішті өлшеу, қайта толтыру. Облыстың мемлекеттік мұрағатымен Крылова, 39 көсіндегі мұрағат ғимаратының шатырдағы бөлмесінің ағаш құрлысын оттан қорғайтын құраммен өндеу жоспарланған, барлық мұрағат ғимараттарында электрқондырғыларды профилактикалық сынау.

Құжаттардың физикалық күйін жақсарту үшін 2013 жылы 1.218 істер тізімдемелерінің мұқабаларын ресімдеп тігіледі (құжаттардың мемлекеттік сақтауға берілгеннен кейін сонымен қатар, құжаттың ескілігіне қарай), 2.881 с.б., 32.675 бетін қалпына келтіру жоспарлануда.

2013 жылы құжаттардың болуын және физикалық жағдайын тексеру, сканерлеу, құжаттардын көшірмесін жасау барысында 9.597 с.б. тігіледі.

2013 жылы 4.054 қораптар дайындалады. Жоспарлы тексеруге байланысты құжаттардың қолда бар болуына және физикалық жағдайын тексеруге байланысты, істерді тігу мен 48.720 бет қайта нөмірлеу жоспарлануда. Бұдан басқа 2013 жылы 900 құжат картондайды, 12.834 с.б. істі қайта шифрлейді, 19.548 буда құрылады, 4.408 жаңа жапсырма әзірленеді, 3.793 тозған жапсырмаларды ауыстырады, 1.330 жапсырмаларды қораптарға жабыстырады.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты 2013 жылы 1.649 бет қалпына келтіруі жоспарлануда.

2013 жылы облыстық мемлекеттік мұрағаттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени мұрасының нысанына жататын АҚҚ және құжаттарды айқындау мақсатымен келесі қорлар құжаттарын қарау жоспарлануда: «Өскемен қаласының қаржы басқармасы» ММ, «Өскемен маслихаты», «Трест «Востокцветметгазоочистка» ААҚ, «Өскемен қаласының денсаулық сақтау бөлімі» және т.б. 2012 жылы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау мақсатында жеке текті құжаттар қарастырылуы жоспарлануда: «Петровтар әулетінің қоры: Васили Игнатьевич – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Шығыс Қазақстандық мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; Алесксандра Ильинична – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Өскемен педогогикалық институтының кафедрасының менгерушісі»; «Аманжолов Сәрсен Аманжолович – филолгия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР академия ғылымдарының корреспондент-мүшесі, еңбек сінірген тілтанушы-түрктанушы, қазақ тілтанымын құрушыларының бірі» және т.б. Айқындалған істермен қораптарда АҚ деген штаптар қойылады, және істер жекеленетін болады. АҚҚ айқындаудын нәтижесі, құжат есебіне енгізуі болып табылады.

Қажетті ақпаратты іздеу үдерісін тездету үшін тізімдеме қорлары қайта өндеуден өткізіледі: «Ертіс полиметталл комбинаты», «ЕПК Ертіс рудникі» және т.б.

2013 жылы пайдаланушылар қорын құру үшін «Аналық медаль» орден және медельдармен марапаттау, қамқоршылық және асырап алу, жиналыстардың хаттамасы және басқада №1 «Өскемен қаласының Халық депутаттарының кеңесі» қоры туралы құжаттарды сканерлеуі жалғастырылады. Барлығы электронды түрге 300 сақтау бірлігі аударылады, 50.580 скан-бейне жасалынады. Сканерлеуден өткен істер, соның ішінде аса құнды бекітіледі.

Фотоқұжаттық көрмелерді, мультимедиялық таныстыруларды, кітапшаларды және т.б. ресімдеу үшін 720 құжаттар мен фотоларды сканерлеу жоспарлануда.
Толық мәтінді электронды құжаттарға жедел кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық сканерленген құжаттар «ШҚО электронды мұрағаты» АБЖ енгізіледі.

Облыстың мұрағат мекемелері «ШҚО электрондық мұрағаты» АЖО үшін 3.055 сақ.б./233.880 скан/бейнелері сканерлеуі, 8. 150 құжаттар бетін ксерокөшірмелеу (сұрауларды орындау кезінде, зерттеушілерге оқу залына және т.б.).

2012 жылы қор істерінің қолда бар болуына және физикалық жағдайын тексеру жалғасады – 189.206 сақ.б. Сонымен қатар, 2012 жылы пайдаланылған істер тексеріледі – 39.841 сақ.б. 2013 жылы санитарлы-биологиялық жағдайын тексеру – 5.664 сақ.б. Құжаттардың бар-жоғы мен физикалық жағдайын тексерумен бір мезгілде істердің физикалық күйін есепке алу карточкалары мен істердің бар-жоғын тексеру актілері, есеп құжаттардағы техникалық қателіктер туралы актілер, мұрағат құжаттарын табу туралы актілер жасалады. Құжаттардың бар-жоқтығына және рационалды орналасуына тексеру барысында 24.140 сақ.б., орындары ауыстырылады.

2012 жылы облыстың мемлекеттік мұрағатында сақталған істердің бар-жоқтығына және физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыстарын өткізген кезде дезенфекциялауды қажет ететін істер табылды. Бұл «ШҚО қаржы басқармасы» № 421, «Алтайсвинецшахтострой мемлекеттік шахтақұрлыс трест» және т.б., барлығы 2013 жылы 158.087 сақ.б. дезинфекциялауы жоспарлануда.

173 қорға жинақтау есеп құжаттарын дұрысталуын өткізу жоспарлануда.

2013 жылы мұрағат қоймаларынан оқу залындарда жұмыс істеу үшін, тақырыптық, әлеуметтік-құқықтық өтініштерді орындау үшін, іс тізімдемелерін өңдеу, АҚҚ айқындау бойынша және т.б. 330, 344 сақ.б., 32.380 тізімдеме берілуі жоспарлануда. Сонымен қатар, 84 сақ.б. қаланың мекемелерімен ұйымдарына уақытша пайдалануға беруі жоспарлануда. Істерді рационалды орналастыру мақсатында, мемлекеттік сақтауға алу нәтижесінде қор сақтаушыларының жұмысын ыңғайлату үшін олардын орнын ауыстыруы мұрағат қоймаларының ішінде өткізіледі. Аз пайдаланылатын қорлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 2013 жылы 940 сақ. б. құжаттар саны мөр басылу үдерісі өткізіледі.



Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі
2013 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарының мемлекеттік есеп саласындағы жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік есебі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асыратын болады. Осыған байланысты қағаз негіздегі құжаттардың, бейнефотоқұжаттардың, сақтық қорларының сонымен қатар, қор, іс, АМҚ тізімдемелерінің тізілімін және т.б. түсуін есепке алу кітабын жүргізу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылады.

2013 жылы қор құжаттарының құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер жасау, облыстың мемлекеттік мұрағаттарының мұрағат қорларының паспортын жасау жұмыстары жалғасады.


2013 жылы 107 жаңа қор парағын жасау, 230 қор парағына өзгерістер жасау көзделіп отыр. Сонымен қатар, жаңа қорларға ф.10-ның 115 карточкасы жасалады (соның ішінде АҚҚ), 221 қор карточкасына аса құнды құжаттарды есепке ала отырып, өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Істердің мұрағат қоймаларына тасымалдауымен, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауымен байланысты мұрағат қоймаларының паспорттарын нақтыландыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланады.

Тізімдемелердің жоспарлы өндеуге, АҚҚ іздестіруге, мемлекеттік сақтауға істерді қабылдауына, 2013 жылы істердін бар-жоқтығына және жағдайын тексеруіне байланысты қорлардың істерін енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Тізімдеме істерін өндеуінен кейін есеп құжаттарымен жұмыс жалғасатын болады.

2013 жылға «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты» АБЖ мәліметтер енгізу бойынша жұмыс жоспарлануда.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттарымен істін бар-жоқтығына тексерумен бірге, сөрелер және қорлар бойынша топографиялық көрсеткіштерді салыстырады, нақтылайды және қайта құрады. Шығыс Қазақстан облысының СТК қарау нәтижелерімен 2012 жылы мемлекеттік сақтауға түскен істердің қорларын санаттау жалғастырылады.

Облыстық мұрағаттарындағы жеке құрам бойынша және тұрақты сақтау мерзімдегі істер тізімдемелерін тәртіпке келтіру мақсатында, 2013 жылы осы тізімдемелердің даналығын тексеру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.



Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Мекемелердің, ұйымдардың кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі ведомстволық мұрағаттарға және құжаттамаларды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс ұйымдастыру
2013 жылы мемлекеттік сақтауға басқарма құжаттамаларының 31.646 сақ.б., оның ішінде ведомстволық сақтау мерзімі өтіп кеткен басқарма құжаттама 13.126 сақ.б., жеке құра бойынша 16.809 сақ.б., ғылыми техникалық құжаттама 439 сақ.б., жеке текті құжаттар 866 сақ.б., киноқұжаттар 25 сақ.б., видеоқұжаттар 3 сақ.б./46 е.б., фотоқұжаттар 335 сақ.б.

2013 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарымен «Студия Реал-Тайм» ЖШС-мен, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалымен», «Алва» ЖШС қоғам өмірінің әртүрлі жағдайларымен оқиғаларын айқындайтын және ғылыми зерттеулік жұмыстарында үлкен мәні бар, аудиовизуалды құжаттардың мұрағатын жинақтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жалғасады. Осыдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының өнер мұражайының, Халықтар достығы кіші Ассамблеясының, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ісшаралады өткізуге сәйкес, көрнекті адамдарға, ақындар мен жазушылардың шығармашылық кешіне, сонымен қатар, айтулы және естелік күндеріне арналған бейнеге түсірілімдер өткізіледі.

Өз күшімен жоспардан тыс облыстағы мерекелердің және басқа да ісшаралардың бейне және фото тусірулері, облыста немесе облыс орталығында өткізіледі.

Мемлекет, саяси, қоғам қайраткерлерінің қызметімен өмірлік нәтижесінде құрылған, құнды жеке бас текті құжаттарын ұстаушылармен құжаттардың иелерімен байланысты орнату, жеке бас текті құжаттарын мемлекеттік сақтауға беру жөніндегі келіссөздерді жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады. Келіссөздер жүргізгеннен кейін жеке бас текті құжаттарды ұстаушылардан құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау жосапарлануда: ҰОС ардагері Н. Қозыбаеваның, Шемонаиха ауданының Еңбек ардагері Ю. И. Небольсинаның және т.б.

2013 жылы ЖШС, шағын жекеменшік ұйымдардын жойылған құжаттарын жинақтау бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар өткізіледі.

2013 жылы басқарма құжаттарды, жеке құрам бойынша құжаттарды, ғылыми техникалық өңдеу жүргізу қажеттілігі туралы, ведомстволық сақтау мерзімі өткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруы туралы облыстың мемлекеттік мұрағаттарын деректеме жинақтамалары -ұйымдарға хаттар жіберілетін болады.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары, мемлекеттік емес және қоғамдық жекеменшік түрінің 51 ұйымдарымен басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету және мұрағат ісі саласындағы қарым қатынас туралы келісім шарттар жасалынды және ұзартылды: «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ, «Альянс Банк» АҚ филиалы, «Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу қазақ ҒЗИ» АҚ Семей филиалы, Семей қаласы, «Қуаныш» мектеп-балабақша білім беру кешені» мекемесі, «Калантаевского» ЖШС, «Гиппократ» медициналық колледжі, Өскемен қаласы «КЕГОК» АҚ Шығыс жүйеаралық электрондық желісі, 21 жеке нотариустаға және т.б.

2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау көзі болы табылатын ұйымдарының ведомстволық сақтауда мұрағаттарында орналасқан ҚР ҰМҚ және жеке құрам бойынша құжаттарын мемлекеттік есепті жүргізуі жоспарлануда.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес 2013 жылдың 1-ші жарты жылдығында қауіптік тобын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінің және статистика басқармасының органдарының және 106 жеке нотариустарында құжаттау және мұрағат құжаттарды ведомстволық сақтауға кешенді тексеру өткізіледі.

«Семей қаласының бухгалтерлік колледжі»; «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Семей қаласының психоневрологиялық әлеуметтік-медициналық мекеме» КММ; «Ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін ҚазҒЗИ» ЖШС Семей филиалы; «Семей қаласының Бухгалтерлік колледжі» мекемелерінде тақырыптық тексерулер өткізіледі.

Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау ұймдарының дерек көздері тізімін нақтылау бойынша жұмыстар өткізіледі. Осыған байланысты мұрағат ұйымдарына, ұйымдарымен жұмыс істеу есеп карточкалары, жеке қорлар иелерін есептеу, қорлар түсу журналына бақылау ісін жүргізу бойынша жұмыс жалғасады.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен облыстық мемлкеттік мұрағаттарының жинақтау көздері-ұйымдары болып табылатын мекемелерде құжаттандыру, құжаттамамен басқару, облыстық мемлкеттік мұрағаттарының жинақтау көздері-ұйымдары болып табылатын мекемелерде ведомстволық сақтауға қатысты нормативті базаны енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Осы мақсатпен 2013 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың іс жүргізуінде ведомстволық мұрағаттардың құжаттарды ұйымдастыруына ұйымдастыру-әдістемелік аясында ұйымдармен жұмыстарды жалғастырады. Ұйымдардың құжаттаманы басқару қызметтерінің және ведомстволық мұрағаттардың қызметкерлеріне іс жүргізу туралы нұсқаулықтар әзірлеу, ведомстволық мұрағаттар, орталық сараптама комиссия (ОСК), сараптама комиссия (СК) туралы ереже, ұйымдық өкімдер құжаттары бланкілерін, істер номенклатурасын, оның ішінде құпия іс жүргізу номенклатурасын жасауда көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, водомстволық мұрағат қызметкерлеріне тұрақты, ұзақ мерзімді сақтау және жеке құрам бойынша істер тізімдемелерін, құжаттарды жоюға бөлу туралы акттілерді құруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілетін болады.
2012 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен мемлекеттік және мемлекеттік емес жеке меншік түрдегі ұйымдар үшін «Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығы» АҚ. ҚЗТҚО құжаттаманы басқару және құжаттарды ведомстволық сақтауды қамтамасыз етуге арналған дәрістер курсы өткізілуі жоспарлануда: «Облыстық балалардың биологиялық орталығы» КМКК, «Востокгосэкспертиза» ЕМК ШҚ Семей қаласының филиалы, «Гармония» отбасылық емхана» мекеме, «Қуаныш» мектеп-бала бақша білім беру кешені», «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Семей қаласының әлеуметтік-медициналық психоневрологиялық мекеме» КММ. Семинарларда басқармалық құжаттамалықты қамтамасыз етудін заманауй талаптары, іс номенклатурасын жасауының талаптары туралы айтылады, құжаттарды ғылыми-техникалық өндеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша ведомстволық сақтау ұйымдары және жұмысшылардың еңбек қызметтеріне қатысты құжаттар туралы мәселелер көтеріледі.

Құжаттамамен басқару қызметі жұмысшыларының біліктілігін жоғарлату курсатры өткізілуі жоспарлануда, мұрағат ісі саласында НҚА тәжірибеге енгізуіне назар аударылатын болады.




Ақпараттық іздеу жүйесін жасау, ғылыми ақпараттарды

және құжаттарды пайдалану
2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарында жеке текті құжаттары тізімдемеленеді Өскемен қаласының цемен зауытының бұрынғы директоры А. Г. Ксойдың; Зырян инфекциялық ауруханасының бала бөлімінің менгерушісі Л. А. Игнатенко; тарихи ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы факультетінің доценті Р. С. Федорованың, филология ғылымдарының докторы Э. З. Юфа және т.б. Барлығы тізімдемеленеді 830 сақ.б.

Бейне құжаттардың 46 есеп бірлігі, фотоқұжаттардың 335 с.б., киноқұжаттардың 25 е.б., тізімдемелеуі жоспарлануда.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен Октябрьск және Ульбинск аудандық соттарының, Востокмашзауыт және т.б., тізімдемелерін өндеу бойынша жұмыс жалғастырылады.

Сонымен қатар фотоқұжаттамалық тізімдемелерді (2000 сақ.б.), 1927-1939 жылдардағы партия құжаттарын және обком және ШҚО райком номенклатура жұмысшыларының жеке істерін тізімдемелрді (1000 сақ.б.) өндеу бойынша жұмыстың жалғасуы жоспарлануда.

2011 жылдың жоспарынан 2012 жылға № 816 «Шығыс Қазақстан облысының тұтынушы қоғамдастығының кеңесі» (1.678 сақ.б.) қоры өндеу бойынша жұмысты өтеді.

«Өскемен қаласының әкімі» (500 сақ.б., 1000 карточка), «Зыцрян қорғасын комбинаты» (100 сақ.б.), «Ленинагор полиметал комбинаты және «Ленинагор полиметал комбинаты» АҚ (69 сақ.б.), жазушы, журналист, «Дидар» облыстық газетінің редакторы Т. Нукаеватың жеке текті қоры, 100 сақ.б., 1100 карточкалар санында Өскемен қаласының құрметті азаматы А. С. Куленов қорларының құжаттарын каталогтау бойынша жұмыстар жалғастырылады. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық құжаттамалардың 80 с.б. (80 карточка), №568 қор «Шығыс Қазақстан облысының жер орналастыру шаруашылығы бойынша құжаттар коллекциясы», бейнеқұжаттардың 45 е.б., фотоқұжаттардың 300 с.б. каталогтауды жоспарлады, «Дидар» және «РудныйАлтай» газеттерінің тақырыптық жасау барысында 190 карточка құрылатын болады. Барлық карточкалар тиісті каталогтарға жүйелендірілуге, индексациялануға және кіруіне жатады.

«Именной каталог», «Естелік кітабі», «Видеотека», «ҚЗТҚО қорлары бойынша анықтамалар», «Фотокатолог» мәліметтер базасын толықтыру бойынша жұмыстың жалғасуы жоспарлануда, «Метрикалық кітаптар» ДБ бойынша жұмыс басталды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттарындағы мұрағаттық құжаттарды пайдалану аясы келесі оқиғалармен тығыз байланыста болады: ақын, философ Шәкәрім Құдаубердіұлының дүниеге келгеніне 155 жыл; Кеңес Одағының Батыры П. Т. Брилинның 100 жылдығы; 3 дәрежедегі Атақ орденіның кавалері М. Ф. Бикетовтың 90 жылдығына; Шемонаиха ауданының құрылғаның 85 жылдығына; «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауына 15 жыл; Семей қаласының құрылғанына 295 жылдығына және т.б. Осы оқиғаларға 25 фотоқұжаттамалы көрме, 78 мақала, 18 ақпараттық хат, 24 мектеп сабақтары арналады.

Ш. Құдайбердіұлының 115 жылдығына, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауына 15 жылдығына, Семей тарихи-өлкетану мұражайының және Семей облыстық кітапханасының құрылғанының 130-жылдығына телехабарлар арналады.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен құжаттар жинағы «Выстояли и победеили» (Ұлы Отан соғысы хаттарда, күнделіктерде, естеліктерден), ШҚО ҚЗТҚО «Шығыс Қазақстандағы азаматтық соғыс, 1917-1922 жылдар» құжаттар жинағының басылуы жоспарлануда, «Шығыс Қазақстан: тарихы, экономикасы, мәдениеті» басылым цикліне «Шығыс Қазақстанның халықтық құрылу тарихынан» жинағына құжаттарды айқындауына жұмыстары жүргізіледі.

Студенттермен оқушыларға мұрағат бойынша 6 экскурсия өткізіледі. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетіның тарих факультетінің студенттеріне, сервис және мамандырылған дайындық колледжіне мұрағат тәжірибесі өткізіледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасымен шығармашылық ынтымақтастықты жалғастырады. Облыстың мемлекеттік мұрағаты «Ертіс жеріндегі із» шығырмышылық кешінде қатысады, Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты «Алтын Тургусун» жыл сайын өтетін халықаралық өнер фестиваліне қатысады.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен «2014 жылғы Шығыс Қазақстан облысының атаулы күндер күнтізбесі дайындалады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың жұмысына, ұлттық-мәдени орталықтардың, кітапханалардың, мұрайжалардың бірлескен жұмыстарына, мұрағаттардың оқу залдарындағы зерттеушілердің жұмысын қамтамасыз етуге белсене ат салысады.

Мұрағат сайты хабарлама, мақала, фотосуреттермен әр дайым толықтырылуы жоспарлануда.

Пайдаланушылардың өтніштері бойынша құжаттарына жедел кіру мүмкіншілігін жүзеге асыру үшін және мәліметтер базасындағы мұрағат ақпаратын іздеуін автоматтандыруға, мемлекеттік мұрағаттар жұмыс тиімділігін жоғарлату үшін «Шығыс Қазақстан облысының электроннды мұрағаты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу бойынша жұмысы жалғастыралатын болады.

2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жоспарлануда, соның ішінде Халыққы қызмет көрсету орталығы және «Электронды үкіметтің қосалқы аймақтық шлюзы» ақпараттық жүйесі («Е-әкімдік» АЖ) арқылы түскендергеде. 43.000 жоғары әлеуметті-құқықтық өтінішті, 330- тақырыптық, 25 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша түсетін өтініштерді орындау жоспарлануда.

«Тұлғаларды өтініштерін бірыңғай есебі» автоматандырылған ақпарттық жүйесі бойынша жұмыс жалғасады.



Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы
2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттары облыстық мұрағат мекемелері басшыларының жиналысында, Шығыс Қазақстан облысының сараптама тексеру комиссиясының жиналысында қатысады, жұмыс қортындысы бойынша өндірістік, ұйымдық келісім шарттарды орындау бойынша жиналыстар өткізіледі.

Ұйымдастыру, тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ақпараттық қамсыздандыру мақсатында 2013 жылы «Заң» электрондық базасы қызметін атқарады, төмендегі кезеңдік басылымдарға жазылды: Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасы парламентінің Ведомостері, «Отечественные архивы», «Делопроизводство в казахстане» журналдарына, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Официальная газета» және т.б. газеттері.

2013 жылы облыс мұрағат мекемелері жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс бағыты бойынша теориялық және тәжірибелік оқуларды үйлестіріп оқу жылының соңында қорытынды тестілермен өндірістік оқу өткізіледі. Құқықтық оқу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ережелерін сақтау бойынша оқу төтенше жағдайлар бойынша органдардың қызметкерлерін қатыстыруымен және мультимедиялық көрсеткіштермен өтеді.

Облыс мұрағат мекемелері жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өндірістік оқу өткізіледі.құқықтық оқу жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ережелерін сақтау бойынша оқу ТЖ бойынша органдардың қызметкерлерін облыстық мемлекеттік мұрағаттың ұжымымен бірге өтетін болады.

Әдістемелік жоспарда облыстың мемлекеттік мұрағаты «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатындағы аса құнды құжаттарды айқындау, есептеу, сипаттау және сақтау туралы әдістемелік ұсыныстарды», Ведомстволық сақтаудағы Қазақсат Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарына мемлекеттік есеп өткізу тәртібі туралы әдістемелік ұсыныстар» толықтыруы жоспарлануда.

2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерін аттестациялауы жалғастырылады. Қаржылай ақы болған жағдай да мұрағат қызметшілернің еңбек жағдайлары жақсартылады.

Облыс мұрағаттарының жұмысын жоспарлау және есеп беру мәселелері, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарын орындау жұмыстарын талдау, облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау тізімін нақтыландыру, құжаттардың құндылығын сараптау және ғылыми-техникалық өңдеу, мұрағат жұмысының барынша маңызды бағыттар бойынша әдістемелік әзірленімдер және т.б. мәселелері қаралатын мемлекеттік мұрағаттардың СТК, СК органдарының ғылыми-кеңес жұмыстары жалғасады.

Мұрағат қызметі мәселелері бойынша облыс мұрағатшыларының облыстық жиналысына ұштастырылған семинарлар өткізілуі жоспарлануда.

Мұрағатшылардың әлеуметтік жағдайларын көтеру мақсатында ұжымдардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша әкімшіліктермен және кәсіподақтармен ұжымдар арасында келісімдер және ұжымдық шарттар жасалып, ұзартылады.

Шығыс Қазақстан облысының мұрағтар және құжаттама басқармасының және мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлерімен Шығыс Қазақстан облысының «Парыз» қайрымдылық қорына ақшалай қаражат бөлінетін болады.



Мұрағаттар және құжаттама

басқарамысының бастығы А.Әубәкіров

Орын: А.А.Шаитова



Тел: 8/7232/25-40-45



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет