2013 жылға арналған



жүктеу 99.52 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі99.52 Kb.
: sites -> default -> files -> documents -> Selkhoz
documents -> Қазақстан облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар мен мекемелерін тексеру жөніндегі жұмыс жоспарынан үзінді
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
documents -> Научно-образовательный материал Обработка и интерпретация данных дистанционных исследований на акваториях
documents -> Культура массовых коммуникаций 8 семестр проф. Ермакова Г. А
documents -> Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) жұмысын бастады. Мемлекеттік қызмет «электронды үкімет»
documents -> Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
Selkhoz -> Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Selkhoz -> 2016 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
Selkhoz -> 2016 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының


2013 жылға арналған

222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы ағымдағы трансферттері бойынша нәтижелері туралы КЕЛІСІМ № 11

(бұдан әрі - Келісім)
«16» қаңтар 2013 ж


  1. Тараптарды анықтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) атынан министр Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков бір тараптан, және бірінші басшының атынан Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Рзақұл Сәденұлы Нұртаев (бұдан әрі - Әкім)
екінші тараптан, «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасы
Заңының негізінде, келесілер туралы осы Келiсiмдi жасасты.
2. Келiсiм мәнi, мақсаттары мен мiндеттерi

2.1. Осы Келiсiмге сәйкес 2013 қаржы жылына арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау» бойынша республикалық бюджеттен көзделген нысаналы трансферттер шегiнде тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу бойынша мiндеттеменi Министрлік бередi, ал Әкiм м.а. өзiне қабылдайды.



2.2. Мақсаты:

2.2.1. Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру.

2.3. Міндеті:

2.3.1. Сапалы мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру;

2.3.2. Ет және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру және мал шаруашылығы (сиыр, шошқа, қой, жылқы, сүт және сүт өнімдері, қымыз, шұбат) өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2.3.3. Орта және ірі тауарлы өндірісті дамытуды және саланың өндірістік негізге өтуін ынталандыру.


2.4. Тікелей нәтижелер:

2.4.1. Мал өнімдерін өндіру және өткізуді субсидиялау көлемдері, оның ішінде:



  • сиыр еті 616,0 тонна көлемінде;

  • қой еті 50,0 тонна көлемінде;

  • жылқы еті 308,0 тонна көлемінде;

  • сүт 9525,0 тонна көлемінде;

  • қымыз 62,0 тонна көлемінде;

  • шұбат 245,0 тонна көлемінде;

  • шырында және ірі азық 4252 бас.

2.5. Түпкілікті нәтижелер:

Нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен:

2.5.1. Субсидиялау бағдарламасына қатысушы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 82 бірліктен 90 бірлікке немесе 109,7 пайызға артады.

2.5.2. Бағдарламаға қатысушы ауыл шаруашылық құрылымдар өндіретін мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артатын болады:

- сиыр еті 324,5 тоннадан 616,0 тоннаға дейін;

- қой еті 50,0 тоннаға дейін;

- жылқы еті 100,0 тоннадан 308,0 тоннаға дейін ;

- сүт 4240,0 тоннадан 9525,0 тоннаға дейін;

- қымыз 17,6 тоннадан 62,0 тоннаға дейін;

- шұбат 118,8 тоннадан 245,0 тоннаға дейін;




  1. Нысаналы трансферттердiң сомасы және төлем тәртiбi

3.1. Қызылорда облысы үшiн 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана
және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама
102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттiң сомасы 318839,0 (үш жүз он сегіз миллион сегіз жүз отыз тоғыз) мың теңгенi құрайды, нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшада келтiрiлген.

3.2. Министрліктің Қызылорда облысы бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын аударуы:

- ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Келiсiмнiң 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуiне сәйкес айдың (қаңтардың 25-iнен кешiктiрмей) алғашқы 5 жұмыс күнiнде;

3.3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттi төменгi тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару үшiн мынадай құжаттар қажет:

- нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы Келiсiм;

- төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.


4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

4.1. Әкiм:

- осы Келiсiмде келтiрiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзудi толық көлемде және кепiлдендiрiлген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;

- 10-тармақта көрсетiлген мерзiмде және нысанда Министрлікке тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы есептi ақпарат берiп отыруға;

- қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң жоспарланған көрсеткiштерiне барынша табысты қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде қосымша iс-шаралар жүргiзудi қолдануға;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi уақтылы, тиiмдi және мақсатқа сай пайдалануға;

- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (жете пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешім қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;

- мемлекеттiк қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде осы трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға мiндеттенедi.
4.2. Әкiмнiң м.а.:

- Министрліктен нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылуын;

- Министрлікпен нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылмауы жағдайында бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етуге;

- нысаналы даму трансферттерiн пайдалану кезiнде үнем пайда болған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар үнемнiң тиiстi сомасын жоғары тұрған бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер есебiнен жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыру жүзеге асырылған бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн жақсартуға пайдалануға;

- Министрліктің келiсiмi бойынша Келiсiмге өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы.

4.3. Министрлік:

- Қызылорда облысының бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын осы Келiсiмнiң 3.2-тармағында көрсетiлген мерзiмде аударуға;


- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебiнен орындалатын iс-шаралардың мониторингiн жүргiзуге;
4.4. Министрлік:

- Келiсiмнiң қосымшасына сәйкес тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткiзудi талап етуге;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу кемшiлiктерiн жедел жоюды, қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;

- Үкiметтi:

1) Әкiмнiң осы Келiсiмге сәйкес мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;

2) Келiсiмге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшiн жоғары


тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлiнген iс-шараларды әкiм уақтылы және тиiсiнше орындамауы туралы;

- осы Келiсiмнiң мiндеттемелерiн бұзған үшiн әкiмге әкiмшiлiк шаралар қолдану туралы Үкiметке ұсыныс беру;

- осы Келiсiмге әкiммен келiсу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хабардар етуге құқылы.
5. Ресми хабарламалар

5.1. Егер Әкiм м.а. Келiсiмдi орындау кезiнде нысаналы


трансферттер шеңберiнде тiкелей және түпкілікті нәтижелерге жету бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындауға кедергi болатын жағдайларға тап келсе, әкiм кешiктiрiлу фактiсi, оның болжамды ұзақтығы мен себебi туралы Министрлікті кiдiрмей хабардар етуi тиiс.

Бұл ретте, Келiсiмге өзгерiстер енгiзу осы Келiсiмнiң 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.

5.2. Бiр Тарап екiншi Тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама Келiсiмге сәйкес кейiннен хабарламаның түпнұсқасын жiбере отырып, жеделхат немесе факс түрiнде жiберiлуi мүмкiн.
6. Тараптардың жауапкершiлiгi

6.1. Министрлік өзiне алған мiндеттемелер үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдi уақтылы жасамағаны үшiн;

- осы Келiсiмнiң 3.2-тармағына сәйкес төменгi тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердi уақтылы аудармағаны үшiн;

6.2. Әкiм м.а. өзiне алған мiндеттемелерге Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттердi осы Келiсiмге сәйкес емес пайдаланғаны үшiн;

- Келiсiмдi уақтылы жасаспағаны үшiн;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы есептiк ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшiн;

- мақсаттарға, мiндеттерге, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге
жетпегенi үшiн жауапкершiлiк тартады.
7. Келiсiмге өзгерiстер енгiзу

Келiсiмге өзгерiстер енгiзу мынадай жағдайларда:

- нысаналы трансферттер сомасы анықталған немесе түзетiлгенде;

- осы Келiсiмге 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасын айлар бойынша бөлулер түзетiлгенде;

- бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде объектiлер арасында сомаларды қайта бөлу;

- күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келiсiм бойынша жүргiзiледi.


8. Форс-мажорлық мән-жайлар

Тараптардың бiреуi шартты толық немесе iшiнара орындауды мүмкiн емес ететiн жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлерi және баска да тежеусiз


күштiк мүмкiн жағдайлары туындаған кезiнде Мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi осы жағдайлардың әрекетi iшiндегi уақытқа ұзартылады.
9. Дауларды шешу

9.1. Осы Келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген


дау мен келiспеушiлiк Министрліктің бiрiншi басшысы мен әкiм арасында өзара келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.

9.2. Министрлік және әкiм:

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi iздеу мақсатында туындаған мәселенiң талдануын қамтамасыз етуге;

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi таппаған жағдайда Премьер - Министрге туындаған жағдай туралы ұсыныс енгiзуге тиiс.


10. Есептi ұсыну нысаны мен мерзiмi

10.1 Әкiм 2,3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тiкелей


және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық және қорытынды есептi Министрлікке және бюджетті атқару бойынша орталық уәкiлеттi
органға ұсынады.

10.2 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық есебi 2013 жылғы 30 шiлдеден кешiктiрiлмей жарты жылдық қорытынды бойынша берiлуi тиiс.

10.3 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы қорытынды есебi 2014 жылғы 15 ақпанынан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.

11. Қолданылу мерзiмi

Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.


12. Заңды мекенжайлары мен банктiк деректемелерi


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ММ

Астана қаласы, 010000

Кенесары көшесі, 36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша салық департаменті

СТН 600400035905

ИИК KZ92070101KSN0000000

БИК KKMFKZ2A

БСН 941040000235



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

___________ А.С. Мамытбеков

(қолы)


М.О.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қызылорда облысы бойынша

Салық департаменті ММ

СТН 330100000013

ЖИК KZ24070105KSN0000000

БИК KKMFKZ2A

КБК 402101

КНП 979


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі «Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті» ММ

«Қызылорда облысы Әкімінің аппараты» ММ

Қызылорда қаласы, индекс 120003

Жахаев көшесі,76

СТН 331000038053

ИИК KZ 700700102KSN3301000

БИК ККMFKZ2A

БСН 940640000561

Қазақстан Республикасы

«Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитеті департаменті» ММ
Қызылорда облыс әкімінің міндетін атқарушы

__________Р.С. Нұртаев

(қолы)


М. О.

Нысаналы трансферттер

бойыншанәтижелер туралы Келiсiмге

1-қосымша
Нысаналы трансферттер сомаларын айлар бойынша бөлу

222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау»
Кезеңi 2013 жылға арналған

Бөлiнген нысаналы трансферттер сомасы 318839,0 (үш жүз он сегіз миллион сегіз жүз отыз тоғыз) мың теңге

Өлшем бiрлiгi мың теңге


Бағдарлама

Кiшi бағдарлама

Барлығы

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

222

102

318839,0

-

-

-

-

-

-

60000

60000

60000

46280

47009

45550

М. О.


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығының министрі __________________ А.С. Мамытбеков

(қолы)


М. О.

Қызылорда облысы

әкімінің міндетін атқарушы _____________________ Р.С. Нұртаев

(қолы)







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет