2014 жылғы 13 қарашадағы қаулы Астана қаласындағы туристік



жүктеу 42.35 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі42.35 Kb.
: uploads -> post postkom
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
post postkom -> V қаладағы қоғамдық көлік
post postkom -> Тұрақты комиссияның қаулысы Қаладағы қоғамдық көлік
post postkom -> Қаулысы Қала басқармаларының жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы
post postkom -> Бағдарламасына сәйкес дамыту туралы
post postkom -> V астана қаласында орта кәсіптік білім берудің жай-күйі оларды дамыту болашақтары туралы «Астана қаласында орта кәсіптік білім берудің жай-күйі оларды дамыту болашақтары туралы»
post postkom -> Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын



2014 жылғы 13 қарашадағы

қаулы
Астана қаласындағы туристік

қызметтің жай-күйі және оны

дамыту жөніндегі шаралар туралы

Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) елордада туризмді дамыту жөніндегі ақпаратын тыңдап және талқылап, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қалада туризм саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға айтарлықтай көңіл бөлінетінін атап өтті.

Туристік саланы дамыту мақсатында Астана қаласының әкімдігі жанынан «Туристік ақпараттық орталық» ЖШС құрылды, оның жарғылық қызметін іске асыруға бюджет қаражаты бөлінеді. 2009 жылдан бастап осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 22 млн. теңгеден 51 млн. теңгеге дейін өсті.

Астана қаласының туристік әлеуетін 297 туристік фирма, 171 қонақ үй білдіреді. Елорданың қонақ үй қорында төрт бесжұлдызды, 12 төртжұлдызды, 20 үшжұлдызды отель бар, қалған объектілер 1 және 2 санатты болып табылады. 2013 жылы қонақ үйлерде қонақтардың болуы 50,1 пайыз құрады, 2012 жылы - 46 пайыз, 2011 жылы - 42 пайыз.

2014 жылдың тоғыз айында туристтердің жалпы саны 558,7 мың адам болды. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі екі миллиард теңгеден астам. Ішкі туризмнің үлестік салмағы өсуде.

Астана қаласында туристік қызметті насихаттау мен дамыту мақсатында Басқарма бірқатар іс-шара ұйымдастырып өткізді. Туристтерді тарту мен Астананың туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату мақсатында үш тілде шыққан және жалпы тиражы 2000 дана «Туристік жиынтық» деген құрал әзірленді.

Елордада «Астана - менің Отаным» атты екікүндік таным - демалу бағдарламасы іске асырылуда, оның арқасында Қазақстанның барлық өңірінен келген мүгедек балалардан, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалардан, оқу озаттарынан тұратын топтарды қабылдау жөнінде кең ауқымды әлеуметтік жоба жұмыс істеуде. 2014 жылы Астанаға осы бағдарлама бойынша 500 бала келді.

Астана қаласындағы туристік ұйымдарды халықаралық және өңірлік туристік көрмелерге қатыстыруға тарту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Аталған көрмелерде тұсаукесерлік материалдармен бірге елорданың көрнекті орындары туралы бейнероликтер көрсетіледі, қаладағы қонақ үйлер мен туроператорлардың жарнамалық материалы да таныстырылады.

Елордалық туристік ұйымдар қызметінің сапасын көтеру жөніндегі жұмыс та аталып өтті. ЕХРО-2017 көрмесінің өтуіне дайындық кезеңінде Басқарманың тапсырмасы бойынша Астана қаласының қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Қонақ үй мен мейрмахана бизнесінің 80 қызметкері халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру тренингтеріне қатысты.

Басқарма қаладағы туристік қауымдастықпен бірлесіп жұмыс істеуде. Осы ынтымақтастық шеңберінде «Астана қаласында ішкі туризмді дамыту: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында «дөңгелек» үстел өтті, оның қорытындылары бойынша тұрақты негізде Астана қаласында ішкі туризмді дамыту жөнінде одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім қабылданды. 2014 жылдың қазан айында гид-экскурсоводтар мен гид-аудармашылар арасында қалалық конкурс өтті.

«ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуіне дайындық жүргізу және оны өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС-мен қаладағы қонақ үй шаруашылығы, қоғамдық тамақтану объектілері және туризмның басқа да салас қызметіне мониторинг жүргізу бөлігінде орнатылған ынтымақтастық белсенді жай-күйде.

Сонымен бірге, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы елордада туризм саласының белсенді болуы әкімдік тарапынан үйлестірудің тиісті деңгейін талап ететінін атап өтті.

Қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасында Астана қаласында туристік қызметті іске асыру мәселелерімен бөлім басшысы болып табылатын бір қызметкер айналысады.

Жергілікті деңгейде мемлекеттік реттеудің бірыңғай механизмі болмауынан елордада туризмді дамытумен айналысатын ұйымдардың іс-қимылын үйлестіру жөнінде жұмыс күрделі болуда. Олардың арасында тиісті өзара байланыс орнатылмаған, әр ұйым өз жоспарын әзірлеп, сол бойынша жұмыс істеуде.

Астана қаласының аумағында туристік-экскурсиялық қызметті регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар жоқ.

Туристік қызметтерді сертификаттаудың, туроператорлық қызметті лицензиялаудың, гид-аудармашыларды кәсіби дайындауды ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін әзірлеу қажет.

Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының алдағы уақытта өтетін ЕХРО – 2014 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне дайындық жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысудағы рөлі жеткіліксіз. Басқарманың осы бағыттағы қызметі туристік ақпараттық орталық арқылы кәдесый эскиздерін әзірлеумен, карта шығарумен, қызметкерлердің туризм жөніндегі халықаралық көрмелерге қатысумен шектеледі.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының Астана қаласындағы туристік қызметтің жай-күйі және оны дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Астана қаласының әкімдігіне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Астана қаласында туризмді дамыту саласында мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыру үшін жеке мемлекеттік атқарушы орган құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

3. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына:

өзінің құзыреті шегінде елордада туристік саланы дамыту жөнінде күш-жігерді біріктіру, республикалық және халықаралық деңгейде Астананың туристік өнімін таныту жөнінде шара қабылдау;

елордаданың туристік әлеуеті туралы ақпаратты таратуға бағытталған ақпараттық-жарнамалық өнімді шығару жөніндегі қызметті жандандыру;

ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуіне дайындық жүргізу мақсатында Астана қаласындағы туризм индустриясы кадрларының біліктілігін арттыру, туристік өнім мен туристерге қызмет көрсету сапасын көтеру жөнінде жұмыс жүргізу ұсынылсын.





Тұрақты комиссия төрағасы А. Байгенжин





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет