2015 жыл – еліміздің мерейлі жылындағы айтулы даталарға арналған өлең жолдарынан үзінділер Қазақстан туралы



Дата02.05.2016
өлшемі18.7 Kb.
2015 жыл – еліміздің мерейлі жылындағы айтулы даталарға арналған өлең жолдарынан үзінділер
Қазақстан туралы
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті


Қазақстан –Республикам, мақтанышым, 
Мен сені жырлаймын мақтан үшін. 
Құдайым маған құйттай жүрек берген, 
Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін 
Адамзатқа дүниеде, 
Өмір –ау десем ең қымбат, 
Дархан тірлік мекенім
Бәрінен, Отан сен қымбат!




Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл


Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз


Ұлы Жеңістің 70 жылдығына


Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.




Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығына


Арасына Шу мен Талас өзендері

Біріктірген бар қазақты кезеңі еді.

Туын көкке көтеріп хандық құрған

Керей мен Жәнібектей көсемдері.

Сақ та Біз! Арғұн да біз ! Оғыз да біз !

Алтын орда, Көк Орда, Ақ Ордамыз !

Тұран - Қыпшақ даласы -мекеніміз,

Ата жұрт, Ана бесік – бақ ордамыз!

Енді аманат бізге қазақ даласы,

Мен қазақпын намысты бір баласы,

«Қазақ» дейтін өнегелі ұлы атқа,

Болмасыншы енді ешкімнің таласы







Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет