2015 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша «1-жер» есебіне түсініктеме



жүктеу 20.77 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі20.77 Kb.
2015 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген тексерулер

қорытындысы бойынша «1-ЖЕР» есебіне түсініктеме
Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша барлығы 95 жоспардан тыс (оның ішінде: жеке тұлға – 59, заңды тұлға – 13, дара кәсіпкер - 23) тексерулер жүргізілді.

Жалпы жүргізілген тексерумен облыс көлемінде 3258,3523 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 2129,2133 гектар жер учаскелерінде 35 субъекті тарапынан 122 заң бұзушылық фактілері анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтардың 40 фактілері бойынша 11738,395 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 42 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шараға тартылды, ал тексеріліп әкімшілік іс қозғалған 40 іс бойынша тұлға кінәлі деп танылып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 58, 41 және 44-баптарына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың 40 фактілерінің 6 фактісі бойынша (жалпы айыппұл сомасы – 4816,26 мың теңге) тұлға тарапынан қабылданған қаулыларға шағым келтіріліп, сот шешімдерімен 3 факті бойынша салынған 4162,2 мың теңге айыппұл жаза қолдану туралы 3 қаулылары өндірістен қысқартылса, қалған 3 қаулылар бойынша салынған 654,06 мың теңге айыппұл түріндегі жазалар «ескерту» жасау түріндегі жазаға ауыстырылды. Қазіргі таңда Басқарма тарапынан Қызылорда облысы прокуратурасына жалпы сомасы 4816,26 мың теңге айыппұлға қатысты қабылданған сот шешімдеріне наразылық жасау жөнінде ұсыныс келтірілді.

Сол себепті, 2015 жылдың 1-жартыжылдығында өндірістен қысқартылған 6 фактіні есептегенде, 34 субъекті тарапынан 116 заң бұзушылық фактілері тіркеліп, барлығы 6922,135 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Салынған айыппұлдардың жіктелуі төмендегідей.

Жеке тұлғаларға 24 факті бойынша 2601,375 мың теңге, лауазымды тұлғаға 1 факті бойынша 59,46 мың теңге, дара кәсіпкерге 5 факті бойынша 991,0 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаға 1 факті бойынша 198,2 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға 1 факті бойынша 297,3 мың теңге және ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға 2 факті бойынша 2774,8 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Бүгінгі күні салынған 6922,135 мың теңге айыппұлдың 4632,925 мың теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді (67 %).

Сондай-ақ, тексеру тағайындалып жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша анықталған заң бұзушылық фактілерін жою үшін 5 субъектіге 45 нұсқамалар берілді.



Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтап, тиісті шара қолдану үшін уәкілетті органдардан келіп түскен сұраныс хаттарға сәйкес әкімшілік іс өндірістері қозғалмай 25 субъектіге жер учаскесін белгіленген мақсаты бойынша пайдалану жөнінде 28 Нұсқамалар берілді.

Есеп беру кезеңінде мемлекет меншігіндегі, жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтарып алуды талап ету мақсатында Басқарма тарапынан ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 14 тұлғалардың жер учаскелерін қайтарып алу туралы Ұсыныстар берілді.
: sites -> default -> files -> users
users -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
users -> Он алтысында от кешкен
users -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
users -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
users -> «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мм-нің басшысы Ғ. Жарқынбаев 2015 жылғы мамыр
users -> Хабарландыру
users -> Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
users -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
users -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет