2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды



жүктеу 85.27 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі85.27 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 1776
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
2015 жылдың сәуір – маусымында және

қазан – желтоқсанында азаматтарды

мерзімді әскери қызметке шақыруды

өткізуді ұйымдастыруды және қамтамасыз

ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1,3 – тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазақ – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3. Ұсынылсын:

1) «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;

2) «Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

3) Шақыру пунктінде шақырылушыларды шығарып салу уақытында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етсін;

4) «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс – шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

4. 1,2 – қосымшаларға сәйкес 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестелері бекітілсін.

5. «Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Төлеген, азаматтарды шақыру кезінде «Шалқар аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратын «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пункті ретінде пайдалануға берсін.

6. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындары басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға және «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Сыбаевқа жүктелсін.

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Аудан әкімі Е.Данағұлов

Аудан әкімінің 2015 жылғы

«___»__________№_______

қаулысына 1 қосымша


2015 жылдың сәуір – маусымында азаматтарды



мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі


Р/с

Қала, ауылдық округтер атаулары

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шақырылушы-лардың саны

Шақырылушы-лардың саны

Шақырылушы-лардың саны

1

Шалқар қаласы


387

148

32

2

Ақтоғай ауылдық округі


26







3

Айшуақ ауылдық округі


71

11




4

Бозой ауылдық округі


89

10

7

5

Біршоғыр ауылдық округі


40

17

10

6

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

20

7




7

Жаңақоныс ауылдық округі

10

4




8

Қауылжыр ауылдық округі


30

10

4

9

Кішіқұм ауылдық округі


50

10

6

10

Мөңке би ауылдық округі


27

8




11

Тоғыз ауылдық округі


17

13

3

12

Шетырғыз ауылдық округі


15

6




13

Шалқар ауылдық округі


10

2




Аудан әкімінің 2015 жылғы

«___»__________№_______

қаулысына 2 қосымша

2015 жылдың қазан - желтоқсанында азаматтарды



мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі


Р/с

Қала, ауылдық округтер атаулары

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Шақырылушы-лардың саны

Шақырылушы-лардың саны

Шақырылушы-лардың саны

1

Шалқар қаласы


399

101

45

2

Ақтоғай ауылдық округі


37







3

Айшуақ ауылдық округі


85

21

5

4

Бозой ауылдық округі


91

15

9

5

Біршоғыр ауылдық округі


57

21

13

6

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

26

11




7

Жаңақоныс ауылдық округі

21

5




8

Қауылжыр ауылдық округі


38

19

5

9

Кішіқұм ауылдық округі


57

15

9

10

Мөңке би ауылдық округі


36

11




11

Тоғыз ауылдық округі


23

18

4

12

Шетырғыз ауылдық округі


25

8




13

Шалқар ауылдық округі


17

3







©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет