25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы



жүктеу 14.29 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі14.29 Kb.
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.[1]

Шығармалары


Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.[2]

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет жөне искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген. [3][4]
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет