3-деңгейдегі смж құжат поәК поәК 042-15-18. 1



жүктеу 345.4 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі345.4 Kb.
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-15-18.1.1/02-2013




«Журналистикаға кіріспе» пәнінің оқытушыға арналған оқу-әдістемелік кешені

2013 жылғы

№ 1 басылым






5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Журналистикаға кіріспе» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013
КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы: ____________ Хибадуллина Айжан Сапаровна, Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, «___» _______ 2013 жыл


2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама № «___» ______. 2013 жыл.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Каримова Б.Ж.

2.2 Гуманитарлық-заң факультеттің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама № «____» ______. 2013 жыл.
Төрайымы: ___________ Кеңесбаева Ш.С.

2.3 Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

Хаттама № «_____» _____. 2013 жыл.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама № «____» _____. 2013 жыл.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор___________ Искакова Г.К.
4 2010 жылғы «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

№ 4 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1. Қолданыс аясы....................................................................................................4

2. Нормативтік сілтемелер.....................................................................................4

3. Жалпы ережелер..............................................................................................4-5

4. Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны........................6-18

5. СӨЖ-ның тақырыптары..............................................................................18-20

6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы…………………………………………..20-22

7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы....................22-23

8. Әдебиеттер…………………………………………………………………23-24



1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Журналистикаға кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Журналистикаға кіріспе» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 050504 «Журналистика» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.3. Пәннің қысқаша мазмұны

а) Басты мәселе:

Қазіргі Қазақстан журналистикасы – ерекше қызықты әрі күрделі құбылыс. Онда 70 жыл бойы қызмет еткен кеңес журналистикасының дәстүрлері бар екені даусыз. Срнымен қатар Қазақстан журналистикасында БАҚ туралы қабылданған екі заңға байланысты журналистік қызметтің қазіргі тенденциялары айқындалуда, қазақ баспасөзінің қайта жаңғырған ұлттық дәстүрлері көрініс табуда.

Қазақстан журналистика ғылымының үлкен тарихы бар, ол зерттеудің ғылыми бағыттарын қалыптастырда, бұдан былайғы ғылыми ізденістердің берік негізін қалады.

«Журанлистикаға кіріспе» пәні оқу жоспарымен білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес «журналистика» мамандығы бойынша бірінші семестрде оқытылады. Сондықтан бұл пән университеттік журналистік жоғары білімнің алғашқы теориялық курсы болып табылады және болашақ тәжірибелік қызметте кәсібилікті жақсы меңгеру үшін қажетті әмбебап білім кешенің береді.

Қазақстан Республикасының БАҚ-тың ақпаратты-талдамалы материалдары, ҚР-ның «БАҚ туралы» заңы, журналистика мектебінің әртүрлі өкілдерінің еңбектері курстың шешуші теориялық және методологиялық негізі болып табылады.

Қазақстандық журналистика ғылымының мектебі комунистік журналистика институты (КИЖ) құрылған 1934 жылдан бастау алады. Ол институтта Қазақстан тарихының белгілі қайраткерлері сабақ берген. Олардың арасында С.Сейфуллин, С.Мұқанов, С.Асфендияров, Ф.Жеребятьев және басқалары болды. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде журналистика бөлімі, кейіннен жеке факультет болып құрылған оқу орнында Қазақстан журналистика тәжірибесінің барлық сферасында қызмет жасайтын ғылыми зерттеулер айрықша бағыт болып қалыптасып, осы сферадағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күні де негізгісі болып табылады.

Кеңестік журналистика ғылымы кезінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектебінің айтарлықтай ықпалы болды. Себебі ғылыми және методикалық орталық Мәскеуде болғандықтан жоғары журналистік білім Мәскеу университетінің ғалымдары дайындаған принциптерге негізделді. Бұл кезең өткенімен, бұрынғы кеңес республикалары, оны ішінде Қазақстан үшін де журналистика теориясының негізі болып қала береді.

Қазақ журналистикасы тарихын оқытудың негізін қалаған Қазақстан ғылымының ғалымдары, журналистика факультетінде қызмет еткен Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Арғынбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Ыдырысов сиқты профессорлар болды.

Журналистика ғылымының әртүрлі саласында зерттеу жасаған ғалым- профессорлар Ю.Крикунов, М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Н.Омашевтардың еңбектері өз жалғасын табуда.

Қазіргі Қазақстандық журналистика ғылымы белгілі бағытта зерттеу жасап қана қоймай, жаңа аралас, ғылымаралық және пәнаралық зерттеу жасауда. Адамзат қызметінің барлық түріне журналистика ықпалының артуына байланысты көптеген зерттеулер еліміздің БАҚ бейнелеген мемлекет ішіндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік-қоғамдық процестерге арналуда.

Соңғы он жылдағы зерттеулердің бірқатары республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты Қазақстан ақпарат кеңістігінде пайда болған БАҚ-тың қызмет етуі мен ұйымдастыруының жаңа пішіндеріне арналды.

«Журналистикаға кіріспе» курсы «журналистика» мамандығы бойынша оқытылатын кәсіптік пәндердің теориялық негізі болып табылады. Курс журналистік қызметтің теориялық жинақталған категорияларын, оның заңдылықтарын, принциптерін, функцияларын, қоғамдық-саяси, құқықтық және этикалық нормаларын зерделеді.

1.4. Осы курстың мақсаты:

Мамандыққа кіріспе пәнінің негізгі мақсаты студенттерге мамандықтың қыр-сырын түсіндіру, мемлекеттің барлық демократиялық институттарының ұтымды қызмет етуі жағдайындағы журналистиканың қоғамда алатын орны туралы түсінікті орнықтыру мен қалыптастыру, қазіргі заманғы журналистерге қойылатын талаптарды белгілеп беру.



1.5. Курстың негізгі міндеттері:

Ол мынадай міндеттерді белгілейді:



  • студенттерге журналистиканың ғылым ретінде және тарихи кезеңде қызмет етудің әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайын салыстыру әдісімен ақпарат жинау, өңдеу, таратудың тәжірибесі ретінде түсіндіру;

  • жүйелі және мақсатты ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру мен айқындау процесіндегі журналистік қызметтің ерекшеліктерін айқындау;

  • Қазақстан қоғамында көптеген ұлттардың ұзақ уақыт және бейбіт өмір сүруі негізінде қалыптасқан, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге қоғамдық көзқарас, саяси пікірлерге объективті заңдылықтар мен өлшенетін журналистік қызметтің жалпы теориялық-методикалық және субъективті- объективті принциптерінің іс-әрекетін көрсету;

  • БАҚ туралы заңда қарастырылған құқықтарды пайдалану мен журналистің міндеттерін ұстануды студенттерге үйрету;

  • тәуелсіз баспасөз қызметі жағдайындағы баспасөз бостандығы ұранының қалыптасу ерекшелігін көрсету;

  • журналистік мамандықты әдеби және ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше түрі ретінде түсіндіру.

1.6. Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

Нәтижесінде студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен орнықтыру. Яғни пәнді өту барысында студенттер түрлі хрестоматиялық мәні бар әдебиеттерді міндетті түрде оқып, конспектілеумен қоса, өздері де бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері бойынша туындылар жазып, оны талдауға тартылатын болады.



ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі.

Теория мен практикада байланыс болмаса істің нәтижесіне нұқсан. Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды талдай отырып, студентгер өз бетінше ізденіп, арнайы тапсырма алады. Пәннің табиғатына сай материал жазуға пайдаланады



1.7. Курстың пререквизиттері: жоқ

1.8. Курстың постреквизиті: «Телевизиялық журналистика, «Радиожурналистика», «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі», «Этика, заңнама және БАҚ»

1 Кесте – Оқу жоспарынан көшірме


Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ

Бар

(сағ)


Бақылу түрі

1

2

3

4

5

6

7


8

10

11

1

1

3

15

30

-

45

45

135

емтихан


4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу

Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

1

2

3

Дәріс сабақтары

Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы

Журналистиканың қоғамдық қызметтің түрі ретінде пайда болуы және журналистика теориясының ақпаратты таратудағы әдістері, функциялары мен міндеттері, прициптері туралы білім ретінде дамуы. Журналистика білімінің қазіргі жай-күйі, құрылымы мен проблемалары. Журналистика әлеуметтік басқарудың құралы. «Журналистика», «Публицистика», «БАҚ» атауларының мазмұны.

Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы. Ақпарат туралы жалпы түсінік. Ақпараттың түрлері. Бұқаралық ақпараттың мәні негізгі ерекшеліктері. Журналистиканың әлеуметтік құрылым ретінде даму жолдары. Баспасөз – «төртінші өкімет», «төртінші билік». Журналистиканың ақпараттық қызметі. Журналистиканың қоғамды басқарудағы ақпараттық маңызы. Журналистиканың мемлекет басқаруға қатысуы.

Журналистік қызметтің құқықтық негіздері.

ҚР-ң баспасөз және БАҚ туралы заңдары (1991, 1999, 2003). Журналистика және журналистің құқықтық статусы. Журналистика және халықаралық құқық. ҚР-ң журналистикаға байланысты басқа заңдары. Шет елдердің құқықтық нормалары. Журналистикадағы авторлық құқық. БАҚ заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы.


1+0,5 ОСӨЖ

1,2

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан журналистикасының функцияларын іске асырудың принциптері мен пішіндері

Журналистиканың негізгі функциялары.

«Функция», «Әлеуметтік функция», «Журналистиканың функциялары» ұғымдарының мәні. Журналистика функцияларының жүйесі. Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар. Гедонистік және ағартушылық функциялары. Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы. Анықтамалық және жарнамалық функциялар.


1+0,5 ОСӨЖ

1,2,

Қоғамдық пікір және БАҚ: қалыптасуы мен көрініс табу процестері

Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері.

БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы.

Журналистика принциптері.

Баспасөзбен журналистік қызметтің бостандығы.

Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары.

Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз.

Журналистік қызметтік нәтижелік проблемалары.

Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.


1+0,5 ОСӨЖ

1,2,

БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары

БАҚ аудиториясы. Бұқаралық ақпарат процестерінің әлеуметтік-психологиялық проблемалары. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері. Аудитория мүддесін білудің пішіні мен әдісі журналистика тиімділігін арттырудың факторы.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2

Журналистік этика

Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар:



  1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады.

  2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.

Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді.

Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін:

1. Факт жинаудың ашық түрі.

2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі.

Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.



  1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс.

  2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.

  3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? Делінген этикалық сұрақтар тұру керек.

  4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар.

  5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.

  6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты.

Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет.

Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу.

Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек.

Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат.

Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады.

Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал.

Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек.


1+0,5 ОСӨЖ

1,2,

Журналистика –қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы

Ақпарат туралы жалпы түсінік. Ақпараттың түрлері. Бұқаралық ақпараттың мәні және негізгі ерекшеліктері. Журналистиканың әлеуметтік құрылымы ретінде даму жолдары. Баспасөз – «төртінші өкімет», «төртінші билік». Журналистиканың қоғамды басқарудағы ақпараттық маңызы. Журналистиканың мемлекет басқаруға қатысуы.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2,3,

Журналистік қызметтің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңдары (1991,1999,2003).Журналистика және журналистің құқықтық статусы. Журналистика және халықаралық құқық. Қазақстан Республикасының журналистикаға байланысты басқа заңдары. Шет елдердің құқықтық нормалары. Журналистикадағы авторлық құқық. БАҚ заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2,

Журналистика принциптері

Принциптер–журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен обьективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2,3

Баспасөз бен журналистік қызметтің бостандығы

Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты-тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары.

Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «Бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы Заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз.


1+0,5 ОСӨЖ

1,2,3,

Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары

Журналистиканың жоғары нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2

БАҚ жүйесі мен типологиясы

Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары.

БАҚ аудиториясы. Бұқаралық ақпарат процестерінің әлеуметтік- психологиялық проблемалары. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері. Аудитория мүддесін білудің пішіні мен әдісі журналистика тиімділігін арттырудың факторы.

БАҚ жүйесі мен типологиясы.

БАҚ-ң жіктелісі. Қазақстан БАҚ жүйесі. Баспасөз. Газет-журналдар. Кітап баспалары. Ақпарат агенттіктері. Баспасөз қызметі. Баспасөз орталықтары. Электронды ақпарат құралдары. Радиохабар. Теледидар. Интернет. Электронды газеттер. Электорнды журналдар.

Журналистік қызметті ұйымдастыру.

Журналистік қызметтің түрлері. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.Ұйымдаструшылық қызмет. Публицистік қызмет. Журналист шығармашылығының түрлері.

Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы.

Журналистік қызметте кездесетін объективті және субъективті факторлардың бірлігі. Шығармашылық ұжым. Еңбек бөлінісі және ұжымдық шығармашылық. Публицистика – журналистикадағы шығармашылықтың негізгі түрі. Журналистикадағы ғылыми және әдеби шығармашылық. Журналистік шеберлік.


1+0,5 ОСӨЖ

1,3,

Журналистік қызметті ұйымдастыру

Журналистік қызметте кездесетін обьективті және субъективті факторлардың бірлігі. Шығармашылық ұжым. Еңбек бөлінісі және ұжымды шығармашылық. Публицистика­– журналистикадағы шығармашылықтың негізгі түрі. Журналистикадағы ғылыми және әдеби шығармашылық. Журналистік шеберлік.



1+0,5 ОСӨЖ

1,3,

Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізгі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көөзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.

Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.


  1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ.

  2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын, қанағаттандыру үшін берілмек.

  3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу болмақ.

  4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтын болу керек.

  5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу.

  6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашу, т.б.

Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек.

Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарстыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист – ақпарат - аудитория». Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңадйды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.

Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.

Осылайша журналистиканың ақпарттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салад қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы – күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Жалпы журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сла. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруы журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін, журналитиска




1+0,5 ОСӨЖ

1,2

Журналистиканың негізгі функциялары

«Функция», «Әлеуметтік функция», «Журналистиканың функциялары» ұғымдарының мәні. Журналистика функцияларының жүйесі. Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар. Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы. Анықтамалық және жарнамалық функциялар.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2

Мемлекеттік, ұлттық жалпыадамзаттық мүдделер және журналистика

Қоғам және журналист. Мемлекеттік, ұлттық мүдделер туралы түсінік. Олардың баспасөз тәжірибесіндегі көріністері. Жалпыадамзаттық мүдделер және басбасөз.



1+0,5 ОСӨЖ

1,2

Практикалық (семинар) сабақтары

Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы

1

1,2

Журналистиканың – қоғамдық-саяси және ақпаратттық қызметі

1

1,2,3,

Қазақ журналистикасының пайда болу ерекшеліктері.

1

1,2,3,

Журналистік қызметтің құқықтық негізі

1

1,2,3,

Қазақ журналистикасының пайда болуы

1

1,2,3,

БАҚ жүйесі туралы түсінік.

2

1,2,3,

Журналистиканың функциялары

1

1,2,3,

Қоғамдық пікір және БАҚ

1

1,2,3,

Журналистикаға дейінгі құбылыстар

1

1,2,3,

Журналистикаға дейінгі құбылыстар. Көне грек, рим, мысыр, қытай, үндістан тарихынан мысалдар.

1

1,2,3,

Журналистика принциптері

1

1,2,3,

Қазақ публицистикасының бастаулары

1

1,2,3,

Қазақ ауыз әдебиетіндегі публицистика

1

1,2,3,

Қазақ ауыз әдебиетіндегі пулицистикалық сарын

1

1,2,3,

Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары

1

Газет материалдарынан

Шешендік өнер үлгілері

1

1,2,3,

БАҚ жүйесі: қалыптасуы мен үйрету

1

1,2,3,

Журналистикадағы Бұқаралық ақпарат ұғымы

1

1,2,3,

Көне түркі жазба ескерткіштері. Ортағасырлық ойшылдар шығармалары.

1

1,2,3,

БАҚ жүйесі мен типологиясы

1

1,2,3,

«Ж-Т-А» жүйесінің мәні

1

1,2,3,

Журналистикадағы БАҚ ұғымы.

1

1,2,3,

Журналистиканың ұйымдастырушылық қызметі

1

1,2,3,

Журналистік қызметтің үш кезеңі

1

1,2,3,

Бұқаралық сана және журналистика

1

Газет материалдарынан

Журналистиканың идеологиялық функциясы

1

1,2,3,

Баспасөздің шыншылдығы мен обьективтілігі

1

1,2,3,

Баспасөздің тиімділігі мен пәрменділігіне жету

1

1,2,3,

БАҚ аудиториясы: қажеттіліктері мен талап-тілектері

1

Газет материалдарынан


5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Журналистикаға дейінгі құбылыстар. Журналистиканың пайда болуы

2. БАҚ жүйесінің қалыптасуы

3. Журналистика әлеуметтік институттар жүйесінде

4. Журналистика және басқару жүйесі

5. Журналистиканың тарихи түрлері

6. Баспасөз бостандығына қазіргі көзқарас

7. Журналистиканың функциялары

8. Журналистиканың принциптері

9. Қазақстан журналдарының бүгінгі жіктелісі

10. Қазақстан газеттерінің бүгінгі жіктелісі

11. Салалық газеттер және журналдар

12. Қазақстанның ақпарат агенттіктері

13. Шет елдік ірі ақпарат агенттіктері

14. Қазақ теледидарындағы құрылымдық өзгерістер

15. Тәуелсіз телеарналар

16. Қазақ радиосындағы құрылымдық өзгерістер

17. Тәуелсіз радиостанциялар

18. Кітап басу ісіндегі жаңалықтар

19. Қазақстан баспалары

20. Жеке меншік кітап баспалары

21. Қазақстандағы облыстық газеттер

22. Қазақстандағы аудандық газеттер

23. Қазақстандағы көптиражды газеттер

24. Қазақстан Рсепубликасының «Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңдары»

25. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы»

26. Қазақстан Рсепубликасының «Мәдениет туралы Заңы» және журналистиканың мәдени функциясы

27. Міржақып Дулатов баспасөз туралы

28. Ахмет Байтұрсынов баспасөз хақында

29. Мұхтар Әуезов баспасөз жайында

30. Сәкен Сейфуллин баспасөз туралы

31. Ілияс Жансүгіров баспасөз жайында

32. Журналистік этика туралы

33. Қазақстан Журналистер Одағы (өткені мен бүгіні)

34. Шығармашылық туралы түсінік

35. Публицистік шығармашылық

36. Президент Аппараты баспасөз қызметінің жұмысы туралы

37. Қазақстан Республикасы Үкіметі баспасөз қызметінің жұмысы туралы

38. Қоғамдық пікір және журналистика

39. Әзілхан Нұршайықов журналист мамандығы туралы

40. Журналистиканың тиімділігі

41. Журналистиканың пәрменділігі

42. Қазіргі қазақ журналистикасының ақпараттық қызметі

43. Публицистика. Қазіргі қазақ публицистикасы

44. Журналистика және халықаралық құқық

45. Журналистикадағы авторлық құқық

46. Шыншылдық және обьективтілік жаңа кезеңде

47. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер; халықтығы, интернационализм, гуманизм

48. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі бет-бейнесі, айдарлары

49. «Жас алаш» газетінің беттері, айдарлары

50. «Қазақстан–Заман» газетінің беттері, айдарлары

51. «Ана тілі» газетінің беттері, айдарлары

52. «Қазақ әдебиеті» газетінің беттері, айдарлары
5.1. СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1. Қазақ журналистикасының пайда болу ерекшеліктері.

5.2. БАҚ жүйесі туралы түсінік

5.3. Қазақ зиялылары баспасөз жайында (20 жылдардың материалдары бойынша)

5.4. Журналистикаға дейінгі құбылыстар. Көне Грек, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан тарихынан мысалдар

5.5. Қазақ публицистикасының бастаулары

5.6. Қазақ ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын

5.7. Шешендік өнер үлгілері

5.8. Көне түркі жазба ескерткіштері. Орта ғасырлық ойшылдар шығармалары.

5.9. Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы

5.10. «Ж-Т-А» жүйесінің мәні

5.11. Журналистік қызметтің үш кезеңі

5.12. Мемлекет және ұлт анықтамасы

5.13. Ұлттық идеология туралы түсінік

5.14. Бұқаралық сана және журналистика

5.15. Журналистиканың идеологиялық функциясы

5.16. Қоғамдық пікір және журналистика

5.17. Журналистиканың ұйымдастырушылық және мәдени ререативті функциялары. Функцияның жаңа түрлері

5.18. Журналистиканың негізгі принциптері. Баспасөздің шыншылдығы мен обьективтілігі

5.19. Баспасөздің тиімділігі мен пәрменділігіне жетудің жолдары

5.20. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері

5.21. Баспасөз бостандығы туралы түсінік

5.21. Журналистикадағы авторлық құқық

5.22. Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы

5.23. БАҚ Заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы

5.24. Журналистік шеберлік

5.25. БАҚ-ның жіктелісі. Қазақстан БАҚ жүйесі
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы



Дәріс сабағының

тақырыбы


Семниар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы

Қазақ журналистикасының пайда болу ерекшеліктері.

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан журналистикасының функцияларын іске асырудың принциптері мен пішіндері

Қазақ публицистикасының бастаулары. Ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

Қоғамдық пікір және БАҚ: қалыптасуы мен көрініс табу процестері

Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары

Журналистиканың тиімділігі және пәрменділігі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

Журналистік этика

Мемлекет және ұлт анықтамасы

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

Журналистика –қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы

Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Журналистік қызметтің құқықтық негіздері

Журналистикадағы авторлық құқық

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша

Журналистика принциптері

Газеттер. Олардың жіктелісі. Баспасөз қызметтері

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Баспасөз бен журналистік қызметтің бостандығы

Кітап баспалары

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары

БАҚ-тағы маркетинг және менеджмент

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

БАҚ жүйесі мен типологиясы

Ақпарат агенттіктері

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

Журналистік қызметті ұйымдастыру

Жарнама және БАҚ

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы

Электронды БАҚ

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

Журналистиканың негізгі функциялары




Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Сөздікпен жұмыс

Ауызша

Мемлекеттік, ұлттық жалпыадамзаттық мүдделер және журналистика

Мемлекеттік, ұлттық жалпыадамзаттық мүдделер және журналистика

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест сұрақтарына жауап беру

Жазбаша

7. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

2

7

16%

Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

1

7

10%

Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

2

7

16%

Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

2

7

16%

Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990

2

7

16%

Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

1

7

11%

Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984

1

7

11%

Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000

1

7

11%

Орлова Т.Д. Введение в теорию журналистики.Минск1989

1

7

11%

Ученова В.В. У истоков журналистики. М.:1989

1

7

11%

Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

1

7

11%

Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001

1

7

11%

Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998

2

7

16%


8. Негізгі әдебиеттер

1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001

4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998

8.1.1. Қосымша әдебиеттер

8.1.1. Ученова В.В. У истоков журналистики. М.:1989

8.1.2. Орлова Т.Д. Введение в теорию журналистики.Минск1989

8.1.3. Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000

8.1.3. Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990

8.1.4. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет