3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02. 01. 20



жүктеу 1.32 Mb.
бет1/7
Дата30.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК 042-14-4-02. 01.20.9/03- 2010

«Малдәргерлік тәжірібеде қолданылатың жаңа иммуностимуляторлар мен биопробиотиктер»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


23.02.2010 №1 басылым




051201 – «Ветеринариялық медицина» мамандығының

студенттері үшін «Малдәргерлік тәжірібеде қолданылатың жаңа иммуностимуляторлар мен биопробиотиктер» пәні бойынша дайындалған



ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей 2010




Алғы сөз

«Малдәргерлік тәжірібеде қолданылатың жаңа иммуностимуляторлар мен биопробиотиктер» пәні ветеринария бағытынды әр түрлі жануарлардың қазіргі кездегі зерттеу әдістерін меңгеруді үйрететін, соның негізінде қажетті емдеу, алдын алу және басқа да шараларды қолдануға негіз болатын клиникалық ветеринарияның бөлімі.



1.Әзірлегендер:

  1. Қожанов К.Н. – малдәрігерлік ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры;

  2. Лавриненко Г.Е. – малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті;

  3. Тойкина Г.Н. – малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті;

  4. Мұратбаев Д.М. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ассистенті.

«____» _______________2010 ж.

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

« » 2010 жылы № хаттама.
Кафедра меңгерушісі, проф. М. Ыскаков
2.2. Аграрлық факультетының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«___»____________2010 жылы, №____хаттама


төраға Г. Джаманова
3.БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

«___»____________2010 жыл, №____ хаттама

ОӘК төрағасы, бірінші проректор А. Молдажанова


4.АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛДІ


МАЗМҰНЫ



  1. Дәрістер

  2. Тәжірибе сабақтары



№1 ДӘРІС.

К І Р І С П Е

Жоспары:

1. Пән туралы түсінік.

2. Пәннің мамандық үшін маңызы.

3. Пәннің міндеті мен мақсаттары.

Соңғы жылдары мал организмінде дамитын иммундық жетіспеушілікке деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік жағынан ветеринария саласында маңызды орын алуда. Ондай жағдай көптеген әдеби деректерде иммундық дефицит деп бағалануда.

Иммундық дефицит дегеніміз организмнің иммундық жауабының бір немесе бірнеше механизмдерінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан организмнің иммунобиологиялық статусының қалыптылығының бұзылуы. Олар көбінесе арнайы емес иммундық жүйенің функционалдық белсенділігінің бұзылуынан немесе нақтылы иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Мұндай жағдайда індетті аурулардың ауыр түрде жүруі немесе жиілеуі байқалады. Олар созылмалы түріне айналып, көп жағдайларда традициалық емдеу әдістеріне бағынбайды. Сапрофитты микроорганизмдер патогендік қабілеттілікке ие болып ауруды одан ары асқындыра түсді.

Арнайы емес иммундық жүйенің дефектісі бактериялардың толық жойылмауымен, тері және жүйелі пиогенді індетпен сипатталады. Ал арнайы иммундық дефициттер иммундық жүйенің В- және Т-торшалар деңгейіндегі дефектілермен сипатталады. Дефектілердің деңгейі мен орналасуына байланысты басымырақ гуморалдық, торшалық немесе аралас иммундық дефициттерді ажыратуға болады. Малдарда гуморалдық иммундық дефицитте бактериалдық індетке сезімталдығының жоғарлағаны байқалады. Торшалық жеткіліксіздігінде саңырауқұлақтар, вирустар және тоғышарлар тудыратын қайталама аурулар себеп болады.

Бірінші қатардағы немесе екінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктерді ажыратуға болады.

Бірінші қатардағы иммундық дефицит туа біткен, генетикалық негіздегі организмнің иммундық жауап бере алмауы. Аутосомно-рецессивті түрде тұқым қуалаушылық. Иммундық жүйенің бұзылғандығы бірінші қатардағы иммундық дефициттерде айқынырақ білінеді.

Екінші қатардағы иммундық дефицит жүре пайда болған, организмге вирустардың, бактериялардың, паразиттердің әсерінен зат алмасуының бұзылуынан пайда болады. Олар, сондай-ақ, цитотоксикалық препараттардың, иондаушы радиацияның әсерінен, жаңа туған төлге аналық қарсы денелердің берілуінің бұзылуынан да дамуы мүмкін.

Иммундық жеткіліксіздіктің дамуында көптеген сатыларды бақылауға болады. Ондай сатылардың дамуы ұрықтың сүйек кемігіндегі торша элементтердің жетілу және жіктелу барысындағы дефектілеріне байланысты.

Иммундық жеткіліксіздіктің осылай жіктелуі бүгінгі күнгі ғылым жетістіктеріне тікелей байланысты. Организмнің иммундық жауабының генетикалық, биохимиялық және торшалық жаңалықтарының ашылуларына байланысты иммундық дефициттің жіктелуі де жетілдіріле бермек.

Өзіндік дайындалуға сұрақтар:


    1. Пәннің анықтамасын беріңіз.

2. Пәннің мақсаты мен міндеті туралы айтып беріңіз.

3. Малдәрігерлері үшін қазіргі кездегі иммундық пробиотиктердің ветеринария саласындағы маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


    1. К.Н.Қожанов. «Ветеринариялық фармакология». – Алматы, 2008.

    2. Б.Д.Айтжанов. «Фармакология». – Алматы, 2006.

    3. Бірінші Евразия ветеринария конгрессі. 2007. с. 69-72.

2 ДӘРІС.


Тақырыбы: Иммундық жүйе. Жалпы түсініктеме.
Жоспары:

  1. Жалпы түсінік.

  2. Гуморалдық иммунитет туралы.

  3. Торшалық иммунитет туралы.

  4. Иммунитеттің арнайы емес факторлары.

Омыртқалы жануарлардың эволюциясында түзілген иммундық жүйе:



    1. Организмді індеттен қорғау үшін;

    2. Әрбір жануардарды ерекшелендіру үшін;

    3. Организмнің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін;

    4. Сырттан келетін немесе іште түзілетін бөгде агенттерді аластау үшін және т.б. қажетті құбылыстарды іске асыру үшін керек болды.

Осындай функцияларды орындау үшін, көбінесе лимфоидты ағзаларда орналасатын, арнайы торшалар – лимфоциттер, макрофагтар және олардың туындылары, көптеген қосымша торшалар қызмет істеді. Олардың ішінде сүйек кемігі, тимус, лимфа түйіндері, көкбауыр, ішектегі сөл түйіндері және басқа да ағзалар бар.

Иммундық жүйенің концепциясы бойынша қандағы миллиардтаған лимфоциттердің әрқайсысының өздерінің үстіңгі қабатында антигендік рецепторлары бар. Осындай рецепторлардың жиынтығы жеке лимфоциттердің өзіндік антигендік детерминанты бар антигенге өзінше жауап беруін қамтамасыз етеді. Антигендік рецепторларлардың дамуы антигендер геніне байланысты болмайды.

Иммундық механизм екі типті реакцияға негізделген: торшалық және гуморалдық. Ол лимфоциттердің бір-біріне тәуелсіз екі популяциясына байланысты:


  1. Қарсы денелерді түзетін В-торшалар;

  2. Торшалық реакцияны іске асыратын Т-торшалар.

Иммундық жүйе өзінің реакцияларының ерекшелілігімен, қарсы денелер мен лимфоциттердің ерекше спектрімен және иммунологиялық еске сақтау қасиетімен сипатталады. В- және Т-торшалардың алғашқы даму стадияларында өз организмінің антигендік детерминатын тасымалдайтын супрессиялар пайда болады. Осының салдарынан табиғи иммунологиялық толеранттық пайда болады. Міне, сондықтан да, қалыпты жағдайдағы иммундық жүйе тек бөгде антигендерге ғана жауап береді. Бөгде антигенді лимфоцитпен байланыстыру сол антигенге қарсы иммундық жауапты тудырады. Мұндай жағдайда кейбір лимфоциттер еске сақтау торшаларында пролиферацияға ұшырайды және ерекшеленеді. Енді сол иммуноген екінші рет әсер еткенде иммундық жауап әлдеқайда жылдам және күштірек болады. Оны екінші иммундық жауап деп атайды. Оптималды иммундық жауап тек Т- және В-торшалардың кооперациясында ғана іске асады.

Лимфоциттер иммунитеттің негізгі реакциясын қамтамасыз ететін иммундық жүйенің негізгі торшалары. Олар ересек малдардың сүйек кемігінің бағана торшаларының полипотентті түрлерінен, ал ұрықта бауырдан дамиды. Бағана торшаларының ұрықтары қан түзетін ұлпалардан орталық лимфоидты ағзаларға – сүтқоректілерде тимусқа, құстарда Фабрициева қалтасында, қан арқылы келеді – миграция жасайды. Олар ол жерде көбейеді, дифференциацияға ұшырайды. Т-лимфоциттер тимуста толық иммундық қабілетті торша болып қалыптасады.

Сүтқоректілерде Фабрициева қалта жоқ. Оларда лимфоциттердің бір бөлігі қан түзетін ағзалардың бағана торшаларының өздерінде түзіледі де, одан кейін шеткергі лимфоидты ұлпаларға жетіп, В-лимфоциттерге айналады. Жаңадан түзілген лимфоциттердің бір бөлігі шеткергі лимфоидты ұлпаларға – лимфа түйіндеріне, көкбауырға, ішектердің лимфоидты жүйелеріне жетіп, антигендермен байланысады.
Гуморальды иммунитет. В-лимфоциттер – арнайы қарсы денелер түзу арқылы гуморалдық иммундық жауапты іске асыруға бейімделген иммундық жүйенің торша элементі.

Антитела – қарсы денелер. Қарсы денелер көбінесе белокты заттар. Індет процесі кезінде олар тиісті антигендерге В- лимфоциттер арқылы синтезделеді. Қарсы денелер жиынтығы иммуноглобулиндер деп аталады. Олар қан белоктарының негізгі класстарын құрайды. Қан сары суының 20 %-ын құрайды. Қарсы денелер вирустар мен бактериялар туғызатын токсиндерді бейтараптайды, комплементті, фагоциттерді, киллер торшаларын іске қосады. Осындай әрекеттер арқылы организмді індеттен қорғайды.

Иммуноглобулиннің молекуласы Y пішінді, екі бірыңғай ауыр (Н) және екі жеңіл (L) шынжырлы тізбектерден тұрады. Олардың бөліктері тиісті антиген детерминаттарымен байланысып, антиген-байланыс бөлімін құрады.Әртүрлі Н тізбектері бар иммуноглобулиндердің 5 түрін ажыратады: LgG, LgM, LgA,LgE, LgD. Н-тізбектің бөліктері Fc-бөлімін құрайды. Осы бөлік арқылы иммуноглобулиндердің әрбір классының биологиялық қасиеттері анықталады. Ары қарай әрбір класстаныа сипаттама беріледі.

Әртүрлі антигендерге тиісті арнайы қарсы денелердің санын әртүрлі иммунобиологиялық тестілер арқылы анықтауға болады. Ескеретін жағдай, вирустық індеттерде иммундық қорғанысты тек вирусты бейтараптайтын қарсы денелер ғана қамтамасыз ете алады. Ал басқа қарсы денелер организмді қорғауға вириондарды опсонизациялау немесе агглютининдеу, вируспен жарақаттанған торшаларды комплементарлық немесе торшалық лизиске ұшырату арқылы әсер етеді. Қарсы денелермен вирустың синтезін ингибициялау вирус індетінің негізгі моделінде in vitro дәлелденген.

Бірінші індеттен жазылу барысында қарсы денелердің рөлі айқын анықталмағанмен, олар екінші рет ұқсас індет жұққанда организмді нақтылы қорғайтыны анық. Вирусты індеттің бірінші кезеңінде иммундық жауап торшалы түрде болады. Оған дәлел, вирустық індетте қарсы денелердің көп мөлшерде қанның сары суында анықталуы. Кейде сол қарсы денелер организмді вирустан тазалауға жеткіліксіз болғанымен, олар вирустың ары қарай тарамауында шешуші рөль атқарады. Көптеген персистенттік індеттерде жасырын сатысының басымырақ болуын қамтамасыз ететін бірден-бір негізгі элемент болып табылады.


Торшалық иммунитет. Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста түзіледі. Әртүрлі вирустық, бактериалдық, саңырауқұлақтық және т.б. індеттердің әсерлеріне қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске торшалардың 3 субпопуляциялары қатысады:

  1. Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық және торшалық жауаптарды, макрофагтардың белсенділігін қамтамасыз етеді;

  2. Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және індеттелген торшаларды жоюға қатынасады;

  3. Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммундық жауапты тежейді және микроорганизмдермен пайда болатын иммундық супрессияға жауап береді.

Организмнің иммундық жауабын негізгі реттеушілер – Т-хелперлер мен Т-супрессорлар. Адам мен малдарға бірдей патогенді вирустармен жүргізілген көптеген эксперименттер организмнің жазылуында Т-торшалардың маңызды рөлін дәлелдеп берді.

Торшалық типті иммундық реакциялар:



  • торшалардың ішіндегі микроорганизмдерге (вирустарға, бактерияларға, саңырауқұлақтарға) тошалық реакция;

  • трансплантация жасалған ағзалар мен ұлпалардың торшаларына лимфоциттердің цитотоксикалық әсері;

  • белсенді Т-лимфоциттермен ісік торшаларын талқандау;

  • торша типті ГЗТ аллергиялық реакциясы;

  • аутоиммундық бұзылуда болатын торшалық реакция.

Осындай әртүрлі реакциялардың жалпы белгісі ретінде жіктелу процесінің соңғы өнімі, эффектор-торша рөлін Т- лимфоцит атқарады.

Т- және В- лимфоциттер өздерінің мембраналарында құрылысы жағынан В-торшалардың иммунды глобулиндерінен аумайтын арнайы антиген рецепторларын тасымалдайды. Т-торшалардың антигендік рецепторлары - құрамында екі негізгі гликопептидтер бар гетеродимер. Мұндай антигенді рецепторлар шеткергі Т-торшалардың 90 %-да және барлық тимоциттерде кездеседі.

Т- лимфоциттердің негізгі функциясы вирус-індетпен жарақаттанған торшаларды талқандау. Кейде ондай реакция шеттен шығып, организмнің басқа да ұлпаларын талқандауы мүмкін. Ондай жағдайда торша-супрессорлар талқандау процесін шектеп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Бөгде антигендер торша мембранасының гликопротеиндерімен жинақталғанда ғана Т-торшалардың әсеріне ұшырайды. Торшалық иммундық жауаптың индукциясында макрофагтар зор рөл атқарады.


Моноциттер – макрофагтар. Организмді вирустық, бактериалдық және ісіктік аурулардан қорғауда моноциттер мен ұлпа макрофагтары негізгі орын алады. Олар мононуклеарлық фагоцитарлық жүйеде басты торшалар болып саналады. Организмнің иммунитетінде бірнеше функциялар орындайды:

  • олар бірінші болып бөгде заттарды кездестіреді;

  • микрорганизмдермен бірінші болып кездеседі;

  • патогенді микроорганизмдер талқандалады, жойылады;

  • олар басқа торшалар мен ұлпаларға тасымалданады;

  • макрофагтардағы вирусты антигенді комплекс Т- және В- лимфоциттердің әсер етуіне жеңілді туғызады;

  • Т-торшаларды белсендендіретін интерлейкин-1 және басқа да факторларды синтездейді;

  • ɑ-интерферон мен ісік торшаларын өлтіретін факторлар;

  • вирустық індеттерге организмнің резистенттілігін реттейді;

  • макрофагтарды эффекторлық, антиген түзуші, хелперлік торшалар деп қарау керек;

  • макрофагтар лимфоциттердің әртүрлі функцияларын реттейтін арнайы емес супрессор торшаларының қатарына жатады;

  • сүйек кемігінің миело- және моноцитопоэздерді стимуляция жасайтын факторларды синтездейді.


Табиғи торшалар – киллерлер. Олар ең алғашқыда ісік торшаларына қарсы әсер ететін торшалар ретінде сипатталды. Олар цитотоксикалық Т-торшаларды белсендендіруге қажетті, қарсы денелерге байланыссыз торша-мишендерді сенсибилизациясыз талқандады. Олар лимфоциттер тәрізді кішкене торшалар. Т- және В-торшалардың типіне жатпайды, рецепторлық аппараты жоғарғы белсенділігімен сипатталады.

Табиғи торша-киллерлер үкен түйіршікті лимфоциттерден түзіледі, ісікті және вирустармен індеттелген торшаларды ерітеді, талқандайды. Олар иммунитет іске қосылмай тұрып осы әсерлерін тигізеді. Көптеген вирустық індеттің бірінші күндері олардың белсенділіктері жоғарылайды. Сондықтан оларды вирустарға қарсы қорғаудың бірінші линиясына жатқызған дұрыс.


Қарсы денеге тәуелді торша улылығы (ADCC). Торшаның цитотоксикалығы гуморалдық және торшалық иммунитеттің жиынтығы болып саналады. Эффектор мен торша-мишеннің аралығында торша эффектор мен LgG классының қарсы денесінің лиганда ретінде болуын көздейді. Мұндай жауап бірнеше торшалармен орындалуы мүмкін: моноциттермен, нейтрофилдермен және эозинофилдермен.

Арнайы емес еріткіш факторлар. Індет кезінде организмнің қорғаныс механизмі еріткіш факторлар арқылы үдетіледі. Ондай факторды иммундық жүйенің торшалары өндіреді.
Комплемент. Комплемент – 11 түрлі қан сары суының белоктарынан тұратын күрделі жүйе. Оның белсенділігі көптеген факторлармен реттеліп отырады. Ол организмнің қорғаныс факторларының негізі болып табылады. Ол организмнің резистеттік жүйесінің қажетті элементі. Құрамындағы еріткіш және опсондық компоненттерінің арқасында гуморалдық иммунитеттің тиімді бөлігі болып саналады.

Комплемент жүйесі мен фагоцитарлық жүйенің арасында тікелей функционалдық байланыс бар. Комплементтің компоненттерін тікелей немесе жанама түрде қарсы денелер арқылы байланыстыру фагоцитоздың негізгі талаптарының қатарына жатады.

Комплемент цитотоксикалық торшалармен бірге вирус торшаларын және вируспен індеттелген торшаларды ерітуге, вирус торшаларын бейтараптауға қатысады. Вириондарды немесе індеттелген торшаларды еріту вирустарға қарсы қарсы денелердің түзілуінен әлдеқайда ерте іске асырылады. Комплементтің компоненттері вирустардың бөлшектерін қарсы денелер болмаған жағдайда да іске асыра алады. Үсиіңгі қабатында ковалентті байланыстағы белсенді СЗЬ бар микроорганизмдер фагоциттермен оңай сіңіріліп, талқандалады.

Комплементтің белсендендірілуі қабыну процесіндегі басты компонент болып табылады. Осының салдарынан лейкоциттер шоғырланады, фагоцит үдейді, зат алмасуы, қанның ұюы жақсарады.


Интерлейкиндер. Лейкоциттердің өзара қатынастарын жақсартатын ерігіш зат. Әсіресе Т-торшалық стимуляцияда интерлейкиндердің синтезі жоғарғы деңгейде болады. Олар көбінесе макрофагтармен немесе басқа да торшалармен бөлінеді және Т-лимфоциттерді белсендендіреді. Т-торшалардың өсуін қамтамасыз ететін интерлейкин-2 бар. Олда вирустарға және ісіктерге қарсы иммунитетке қатысады.

Тс-торша клондарының таратылуы тікелей интерлейкин-2-ге байланысты.

Интерлейкин-1 бауырдың жіті фазасында белоктардың синтезін белсендендіреді, пирогенді болып табылады. Сонымен қатардене қызуын жоғарылату арқылы вирустардың патогендігіне қарсы әсер етеді. Қосымша факторлар лейкоциттердің өсуін, жіктелуін реттейді
Интерферондар. Интерферондар вирусқа қарсы әсерлі зат ретінде бірінші рет 1957 жылы (Isaacs and Lindenmann) сипатталған. Олар вирустық індетке жауап ретінде көптеген торшалармен бөлінеді. Оның әсері тікелей вирустың репликациясына (репликация - өзіне ұқсас құрылыс түзу) бағытталған.
Интерферондардың 3 классы белгілі:


  1. Лейкоциттік, вирустар мен бактерия агенттеріне жауап ретінде бөлінеді;

  2. Фибробластық, басқа типті торшалық вирустық індет процесінде бөлінеді;

  3. Иммундық, антигенді немесе миогенді стимуляцияға жауап ретінде Т- лимфоциттермен бөлінеді.

Интерферондар тек тікелей вирустарға ғана қарсы әсер етіп қоймайды, олар сондай-ақ иммуномодуляторлық белсенділік те танытады. Олар Т- лимфоциттердің, макрофагтардың, МК-торшалардың вирустарға қарсы функцияларын қуаттандырады немесе қажытады. Ондай әсерлері уақытқа, дозасына және т.б. факторларға байланысты болады. Олар лейкоциттермен және басқа да организмнің торшаларымен бөлінеді және организмнің иммундық қорғауына қатысады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Иммунитет дегеніміз не?

  2. Гуморалдық иммунитет туралы не білесіз?

  3. Торшалық иммунитет туралы не білесіз?

  4. Иммунитеттің арнайы емес факторлары дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. К.Н.Қожанов. Ветеринариялық фармакология. –Алматы, 2008.

  2. Б.Д.Айтжанов және басқалар. Фармакология. – Алматы, 2006.

  3. Первый Евразийский ветеринарный конгресс. – Алматы, 2007.

3 ДӘРІС

Бірінші қатардағы иммунодефицит.

Жоспары:


  1. Бірінші қатардағы иммунодефицит.

  2. Біріктірілген иммунодефицит – БИД.

Бірінші қатардағы ммунодефицит Т- және В-торшалардың дефектілерінің негізінде, нейтрофилдердің абсолютті санымен функционалдық белсенділігінің бұзылуынан пайда болады.Малдардың иммундық жеткіліксіздігінен өлуінің негізгі себебі індеттің пайда болуынан болады.

Малдәрігерлік тәжірибеде өліммен аяқталған араб тұқымды құлындардың аса ауыр халі бірінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктің мысалы ретінде жақсы зерттелген. Онда толық жетілген Т- және В- лимфоциттердің жоқ екендігі анықталған. Араб жылқыларының 26 %-ында бірінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктің өлтіретін генінің болатыны, 3 % жаңа туған құлындардың 5 айға жетпей сол жеткіліксіздіктен өлетіні дәлелденген.

Адамдарда біріктірілген иммунодефицит пен пуриннің алмасуының арасында корреляциялық байланыс бар екендігі анықталған. Пурин метаболизмін тежеу Т- және В- лимфоциттердің жетілуіне кедергі жасайды, соның салдарынан тимуста, көкбауырда, лимфа түйіндерінде гипоплазия; қанда лимфоциттер мен гаммаглобулиндердің азайғаны байқалады. Ал нейтрофилдер, моноциттер және комплемент қалыпты жағдайда сақталады.

Құлындарға БИД диагнозы клиникалық көрсеткіштері қалыпты, бірақ қанда лимпопения болғанда қойылады. Онда лейкоциттер де қалыпты мөлшерде болады, ал уызды қабылдағанға дейін оларда LgM болмайды. Уыз қабылдағаннан кейін қанның сары суында иммуноглобулиндердің барлық түрлері анықталады. БИД құлындарда қой эритроцитіне торшалық және гуморалдық иммундық жауап болмайды.

БИД диагнозы төменгі үш көрсеткіштің екеуі анықталғанда қойылады:



  1. лимфоциттердің өте төменгі сан көрсеткіші немесе жоқ болуы;

  2. бірінші және екінші қатардағы лимфоидты ағзалардың анық гипоплазиясы;

  3. қанның сары суында иммуноглобулин LgM –нің болмауы.

Малда колостральды иммунитет жойылғанда ауық-ауық бактериалдық індеттің кең түрі дамиды.

Құлындар 4-6 айлық жасында өледі. Көбінесе екінші қатардағы індеттен. Өлексені сойғанда барлық лимфоидты ағзаларда гипоплазия анықталады. Лимфа түйіндерінде қабықты және ми ұлпаларының бөлінуі білінбейді, ұрықтық орталық, фолликулалар жоқ. Көкбауырда ұрықтық орталық, лимфоциттер жоқ.



Иттерде Х-хромосоммен қосақталған БИД. БИД- ке қарсы ешқандай дәрілік заттың көмегі жоқ. Тасымалдаушы ересек малды анықтайтын тесті де жоқ. Тек одан сақтандыру үшін ондай малдардан тұқым алмауға тырысу керек.

Олар Т- және В-торшалардың дефектілерімен сипатталады. Оларда аналық иммунитеттің төмендеуінен жиі-жиі індетті аурулар болып тұрады. Лабораториялық зерттеулерде Т-торшалардың аздығы, жоғарғы сезімталдықтың баяу түрінің жоқтығы анықталады. LgG және LgA иммуноглобулиндерінің аз немесе тіпті жоқ болуы, арнайы қарсы денелердің анықталмауы В-торшаларының дефицитінің дәлелі. Өлген иттерді сойғанда тимустың дисплазиясы, басқа лимфоидты ағзалардың терең гипоплазиясы анықталады.



Жылқылардың агаммаглобулинемиясы бірінші қатардағы иммунодефициттің мысалы бола алады. Оларда Т-торшаларының саны қалыпты жағдайда, ал В-торшалары толығымен жоқ. Ауру анықталған үш жылқы да айғырлар болып шыққан. Бұл жағдай аурудың Х-хромосоммен байланысына күдіктендіреді. Үш малда 18 айлық жаста өлген. Өлексені сойғанда лимфа түйіндері мен көкбауырда бірінші қатардағы лимфоидты фолликулалардың және ұрықтық орталықтың жоқ екендігі анықталған. Ұлпаларда плазма торшалары болмаған. Басқа өзгерістер қосымша індетке байланысты болған.

Иммуноглобулиндердің селективті дефициттері. LgG, LgM, LgA иммуноглобулиндерін өндіретін В-торшаларының дефектілерімен байланысты. LgA ветеринарияда сирек анықталады онда да иттердің арасында. LgM араб тұқымды жылқыларда анықталған, ондай малдар нашар өседі, тыныс жолдарын жарақаттайтын індетті ауруларға жиі шалдығады. LgG дат қызыл сиырларында анықталған. Ондай малдар пиогенді індетке жиі шалдығады. Іріңді мастит, бронхопневмония, перитонит ауруларына сезімтал келеді.


  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет