3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02-01-20\26



жүктеу 0.93 Mb.
бет4/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды


бағдарлы анықтау есебі:

ішекке ………………1 венаға ……………………….1/4

тікішекке ……………1 ½ бұлшықет арасына ………..⅓-1/4

тері астына ………….⅓-½ кеңірдекке ………………….1/4


2. Ауру малды емдеуге түрлі фармакологиялық заттарды қолдану – фармакотерапия деп аталады. Фармакотерапияның, әсіресе жіті түрде өтетін ауруларда, неғұрлым ертерек қолданғанда маңызы өте зор. Оны басқа емдеу әдістерімен қоса жүргізгеннің нәтижесі жақсы.

Мал дәрігерлік тәжірибеде ауру малдың күтімін, қорегін жақсарта отырып, аурудың себебін жойып барып қолданғанда емдеу әдісінің тиімділігі арта түседі.

Фармакотерапияда антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқа да химиялық препараттар жиі қолданылады.

Антибиотиктермен емдеудің негізі:



  • антибиотиктердің организмге улы әсері өте төмен;

  • кумуляциялық-жинақталу әсерінің жоқтығынан ұзақ уақыт, қайталап қолдануға мүмкіншілік бар;

  • микроорганизмдердің әр түрлеріне (грам, грам-) әсер ететіндігі;

  • эксперимент ретінде пробирка арқылы қасиеттерін тексеріп алуға болатындығы;

  • антогонистері мен синергистерінің әсерлері;

  • әсерлерін ұзартатын пролонгаторларды қолдану (новокаин, экмолин);

  • олардың бактериоцидтік әсері.

Сульфаниламид препараттарымен емдеудің негізі:

Олардың құрамында ақ стрептоцидтің молекуласы бар. Ал бактериялардың организміндегі зат алмасу процесінде өте маңызды роль атқаратын парааминобензой қышқылы (ПАБҚ) өзінің құрылысы жағынан ақ стрептоцидке ұқсас. Олар антогонистер. Олай болса ауру малға суфаниламид препаратын жібергенде ондағы ақ стрептоцид бактериялардың денесінен ПАБҚ-ын ығыстырып шығарады да, онда жүретін, өмірге ең қажетті, биологиялық белсенді энзимдік системаның жұмысын бүлдіреді. Бактерияның өсуі мен көбеюі тежеледі. Сульфаниламидтердің мұндай әсері олардың бактериостаттық әсері деп аталады.

Антогонистері – новокаин, анестезин, метионин.

Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарымен емдеудің негізгі ережелері:



  • емдеуді неғұрлым ерте бастау керек;

  • бірінші рет үлкен дозасын тағайындайды;

  • емдеу курсын мезгілсіз тоқтатпайды;

  • препараттың мөлшерін, жиілігін, ұзақтығын аурудың жағдайына, даму процесіне қарай тағайындайды;

  • қосымша қолданылатын дәрілердің сиымдылық әсерін ескеру керек;

  • антогонистер мен сиергистер тобын білу керек;

  • кең диапазонды препараттарды (биомицин, тетрациклин) ұзақ қолданғанда дрожжды сепсис (кандидамикоз) пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда нистатинді, йод препараттарын қолдану керек;

  • лабораториялық жағдайда оларға микроорганизмдердің сезімталдығын тексеріп отыру керек.

Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді көп және жиі қолданғанда оларға микроорганизмдердің үйрену қабілеті де күшейе түседі. Бұл жағынан микроорганизмдерге тигізетін әсері өте кең, басқа дәрілерге қарағанда уыттылығы аз нитрофуран препараттары жақсы нәтиже береді.

Сумен емдеудің негізгі тәсілдері – түрлері.

Мал дәрігерлік тәжірибеде бірнеше түрлі әдістер қолданылады:


  • сумен жуу әдісі;

  • суды белгілі бір биіктіктен құю (желкеден, арқадан, іш жаққа, аяқ жаққа);

  • суланған затты денеге (белгілі бір жерге) басу, тарту;

  • Майер, Меликсетян дармтампонаторларын қолданып, тік ішек арқылы клизма кою. Оның түрлері: тазалау, жылулықты реттеу, уқалау, емдеу, тамақтандыру.

Ірі малдарға 10-20 литрге дейін, ұсақ малдарға Эсмарх аспабы арқылы 3 литрге дейін сұйық жіберуге болады. Жіберілетін ертінділердің температурасы дене қызуындай болғаны дұрыс.

  1. сумен ысқылау арнайы щеткалармен, жөкемен тағы сол сияқты заттармен іске асырылады;

  2. асқазан мен алдыңғы қарыншақтарды әртүрлі зондтармен жуу ( жуу әдістері тәжірибе сабақтарында көрсетіледі);

  3. жатыр мен қынапты жуу акушерлік-гинекологиялық ауруларда қолданылады;

  4. компрестер қою (фр. compresse – қысылу). Компресс төрт қабаттан тұрады:

  1. Сіңіргіш, сорғыш қабаты;

  2. су өткізбейтін қабат (клеенка, салафан, парафин);

  3. жылулықты ұстап тұратын қабат;

  4. денеге бекіту-таңу.

Жалпы және жергілікті ванналар.

Душтар – жаңбырлатқыштар денеге температуралық және механикалық әсер етеді.

Шипалы және саз балшықпен, шым тезекпен емдеу

Гумификация – батпақты жердегі өсімдіктердің тереңде, ауаның жеткіліксіздігінен шіруі.

Саз балшықпен емдеу. Саз балшық -организмге физика-химиялық және биологиялық тиімділігі бар, жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте төмен, созылмалы зат.

Парафинмен және озокеритпен емдеу.

Парафинмен емдеу – жылулықпен емдеудің бір түрі.

ОЗОКЕРИТ – тау балауызы – мұнай иісті, қара-қошқыл қоймалжың зат. ПСАМОТЕРАПИЯ – құммен емдеу, құм арқылы организмге жылулықпен әсер ету.

Новакаин блокадасын қолдану әдістері.


  • Новокаин блокадалары. Ең алғаш медицина саласында негізін қалаған А.В.Вишневский (1933). Оның негізі организмдегі құбылыстарды реттейтін вегетативті жүйке жүйесін орталық нерв жүйесінен бөліп тастау – блокадалау.

Малдәрігерлік тәжірибеде новокаин және соған ұқсас дәрілердің ертінділері пайдаланылады. Ішкі жұқпалы емес ауруларда қолданылатын блокадалар:

  • А.И.Федотов пен Н.А.Уразаев ұсынған мойын тұсындағы симпатикалық жұлдызды түйінді блокадалау өкпе ауруларын емдеуде жақсы нәтиже береді.

  • В.В.Мосин ұсынған екі жақты эпиплевральды блокада ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуде қолданылады.

  • И.Я.Тихонин ұсынған белдеме, немесе бүйрек маңайының блокадасы асқазан мен ішек ауруларында, кейбір шаншу құбылысымен сипатталатын ауруларда қолданылады.

Бұл әдісті іріңді процестер кезінде, организмдегі маңызды ағзалар жұмысы бұзылғанда, мал жалпы әлсіреген кезде қолдануға болмайды.

Жарық сәулесімен және электр тоғымен емдеу.



Гелиотерапия – күн сәулесімен емдеу.

Жарық сәулесімен емдеу - Минин, соллюкс лампалары қолданылады.


1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет