3 ІІ. Негізгі бөлім



жүктеу 286.35 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі286.35 Kb.
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
М А З М Ұ Н Ы :
І. Кіріспе ...................................................................................................................2

1. 1.Экологиялық топтар,оларға анықтама.............................................................3



ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Кактустардың кең қолданыста жүрген түрлері..............................................6

2. 2. Кактустардың қолдан көбейту жолдары......................................................11

2. 3. Суккуленттердің адам өмірімен байланысы.................................................15

2. 4. Суккуленттің бір түрі–жүз жылдықтың жүз емі..........................................22

Қорытынды.......................................................................................................25-26

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................27

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктер әлемінде кактустар мен суккуленттердің алатын орны мен маңызы және оларды табиғи емес жағадай да, яғни үй жайда қалай өсіруге болады. Және оның адамға әкелер пайдасы. Қазіргі таңда өсімдік әуесқойларының арасында кең тараған кактустар мен суккуленттер. Олардың анатомиялық, морфологиялық ерешеіктері;

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда кең қолданыста жүрген кактустар мен суккуленттертүрімен танысу. Оларға қолайлы жағдай жасау арқылы көбейту және құмыраларын ауыстыру мәнісін түсіну;
Курстық жұмыстың объектісі: әуесқойлар үшін кактустар мен суккуленттерді қалай қолайлы көбейту мүмкідігі;
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: ботаника сабақтарында осы әдістерді қолдану;
Курстық жұмыстың зертеу міндеті:

––Кактустар мен суккуленттердің түрлерімен танысу;

––Оларды қолдан көбейтіп үйрену;

––Кактустар мен суккулентердің ұқсатығын ажырату;


Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: Осы тақырыпты зерттеу барысында құмырада өсірілген кактус және суккулент түрлері, сонымен қатар ғылыми тұжырымдамалар мен кітаптар,журналдар және ғаламтор ақпараттары қолданылды;

1. 1.Экологиялық топтар,оларға анықтама

Біздің планетамыздағы континнентер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады. Олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктедің тіршілігі тоқтамайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды.

Өсімдіктің сырт кескіні, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсететін тіршілік формалары болады. Сыртқы ортаның қандай да бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай топтарға бөлінеді:

Мезофиттер деп ылғадылығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтамыз.

Гидрофиттерге суда өсетін өсімдіктер жатады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батыптұрады. Олар не судың түбіне бекініп тұрады.

Гиггрофиттер ауаның ылғалдығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктер, олардың суды булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды.

Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін жерлеріде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән. Кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппартатының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшасының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырына немесе жапырақтарына көптеген мөлшерде су жинайды. Жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. Ондай өсімдіктерге неігізінен мысал бола алатын кактустар мен суккуленттер болып табылады.

Суккуленттер сабағы қысқа болып келетін жапырақтары жиналып жертаған түзеді, жіңішке,көп жағдайда жуан, етжеңді болып еледі. Гүлдері үлкен гүлшоғыры масақтарға және сыпырғыларға жиналады; қосжынысты, сирек даражынысты, актиноморфты немесе аздап зигоморфты гүлсерігі күлте жапырақшалардан тұрады. Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншілернікі бірікккен болып келеді, аталықтары екі шеңбер түзеді және олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте үш ұялы, жатынының түзілуі орталық бұрыштамалы, тұқым бүршігі көп немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер.

Кактус -өсімдіктері. Өсімдіктің сырт пішіні мен ішкі құрылысына оны қоршап тұрған ортаның қалай әсер ететіні түсіну үшін кактусты мысалға алуға болады. Қуаңшылыққа икемделген бұл өсімдікттердің бір ерекшелігі — олардың денесінде су қоры жиналып сақталатын орын болады. Біз сөз етіп отырған кактус өсімдігі де шөлді өңірлерде өсетін, қуаңшылыққа ерекше биімделген өсімдікке жатады. Бір дана кактус өсімдігінің құрамындағы су қоры кейде 40-50 литрге жетеді.

ІІ.Негізгі бөлім

2. 1. Кактустардың кең қолданыста жүрген түрлері
Кактустың 3500-ге жуық түрілері бар. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топырақтарында өседі.

Орталық Америкада жауын- шашын тым аз болады. Бұл жерлерде құрғақ ауалы мерзім августан(кейде майдан) казанға дейін созылады. Қазаннан мамырға дейін жауған жауын -шашынның жалпы саны жылына 200-250 мм аспайды. Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашын тек қана 100 мм болады.

Кактус өсімдіктері тек құмды, тасты жерлерде ғана емес , сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропиктік ормандарында өсетін көптеген түрлері кездеседі. Оның осы жерлерде, ағаштың бұтақтарында , жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.

Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына жатады.

Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде оның алуан түрлі сүйкімді ( ваниль, алма, магнолия, жидек т.б) иістері болады. Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сырт көрінісімен үйлесе қоймайды. Жергілікті халықтар кактустардың жемісін пайдаланады. Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін халық шикілей де, пісіріп те, кептірген күйінде де жей береді. Олардың кейбіреулерінің , яғни церустің балғын сабағынан салат жасайды. Церустерден жүрек ауруына қарсы дәрі әзірлейді.

Кактустардың осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді. Қазақстанның оңтүстік аудандарында ашық ауада да өсіріледі.

Кактустардың жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады. Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін немесе бунақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады. Олар тегіс те, қырлы да, шұқырлы да бола береді. Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар. Кактустың басым көпшілігінде жапырақ болмайды. Оның орнына түсі және ұзындығы әртүрлі тікендер мен қылтанақтардың ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өмімдікке көрік беріп тұрады. Ал перейская деп аталатын кактустар әдетте жапырақты болады. Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды. Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3 топқа бөлінеді. Олар: перейская, опунция, церус топтары деп аталады. Перейская тобына сабағы дөңгелек, жапырағы жалпақ ағаштар мен бұталар жатады. Бұлар үйде көп өсіріле бермейді. Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөңгелек, бунақталған сабағы бар бұталар жатады. Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады. Үйде өсіргенде гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді. Суыққа төзімді болады. Сондықтан еліміздің оңтүстігінде – Қырымда, Кавказда, Түркменстанда кактус опунция ашық ауада өседі. Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.

Кактус өсімдігіне әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет.Цереус тобына оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары жатады. Бұлар Оңтүстік Американың орталық және шығыс аймақтарында кездеседі. Өздері бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай түрлерін өсіруге болады.



Б а у м е н ц е р е у с і . Шыққан жері- Перу. Биіктігі 2 м дейін, сабағы бағанаға ұқсас. Гүлі түтік тәрізді, түсі күрең сары, ұзындығы 6-7 см жетеді. Жемісі қызыл түсті, ірі.

І р і г ү л д і ц е р е у с і. Болмаса түн падишасы. Сабағы шырмалған төрт қырлы болды. Тікендері ұсақ келеді. Гүлінің диаметрі 20 см түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады.

Алып цереусі. Мұның биіктігі 15м. Сабағы бағана тәрізді, бұтақтанған болады. Қыры онша өткір емес, тікендері шоқтанып бітеді. Ірі қызғылт гүлдеріне жұмыртқа сияқты жеміс байланады.

Мөлдір цереус . Бұл – Бразилиядан тараған биіктігі 3 м, жуандығы 35 см жететін өсімдік, 6-7 қырлы тікенді, түсі ақ, гүлдері өте ірі. Жемістері күрең қызыл түске боялады.

Филлокактустар. Орталық және Оңтүстік Американың ормандарындарында кездеседі. Үй жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт гүлді гибрид болып келеді. Әдетте көктемде, кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы бунақталған жалпақ және үш қырлы болып келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері осы қырларына бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде Аккерман және Гукер сортты филлокактустарды өсіруге болады.

Филлокактустарды тұқымы арқылы да көбейтуге болады. Ол үшін гүлдерді қолдан тозаңдандырады.

Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге болады. Себуге қажетті тұқымдарды жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.

Тозаңдандырғанда еске алатын бір жайт мынадай. Филлокактус өсімдіктері тоғыспалып тозаңдандыруды қажет етеді. Ол үшін әр түсті гүлі бар өсімдіктерді ғана бір- бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті гүлі бар өсімдіктерді өзара будандастыруға болмайды. Өйткені өзара будандастырылса жеміс байламайды.



Эпифиллюмдер .Үйде көп өсіріледі, мұны кейде эпифиллюм трункатум деп те атайды. Сырт пішіні филлокактустерге ұқсайды, бірақ аласа болады. Қазан − қаңтар айларында гүлдейді.

Эхинокактустер немесе кірпі кактус. Мексикада таралған бұл өсімдік шарға немесе цилиндрге ұқсас. Сабағы қырлы, қатты тікендері топтанып, қырларына өседі. Үй жағдайында оның мынадай түрлері кездеседі: жылтыр эхинокактус, оның тікендері қайқиған, қыры жалпақ, өздері шағын болады. Висицени эхинокактусының қырына жанаса орналасқан бүртіктеріне қызыл қоңыр тікендер өседі; Грузия эхинокактусы, шар тәрізді домалақ келеді, сабағы 17-20 қырлы, тікендері сары болады; скоп эхинокактусының кішкене бүртіктеріне ақ тікен шығады, гүлі қызғылт болады.

Алып кірпігүл

Эхинокірпігүлі (Echinokaktus) − дүние жзіндегі ең үлкен кірпігүл. Кейбіреуінің диаметрі−1,5м жетеді. Биіктігі ұзынырақ болуы мүмкін, бірақ олар негізінен шар тәріздес болады. Бұл туысты 1827 жылы Генрих Линк пен Кристофер Отта жеке туыс ретінде сипаттап жазған болатын. Оған дейін оны Мелокірпігүлі (Melocactus) туысына жатқызатын. XIX ғасырда Эхинокірпігүлі туысына 100-ге жуық түр кірсе, қазір ол жинақталып тек он шақты түрден тұрады.

Екінші атымен айтқанда barrelcactus- күбі кірпігүлі. Жасы жүз жылдан асқан күбірлердің салмағы бірнеше тоннаға жетеді.

Гигант кірпігүлдің тікенектері өте қауіпті болуы мүмкін. Табиғатта алып кірпігүлдер Техаста, Солтүстік-Шығыс Мексикада өседі. Бұл жерде осындай тікенектілерге жылқылар көп жарақаттанады екен. Осыған байланысты жергілікті халық оны «жылқыны жаралаушы» деп атап кеткен.

Эхинокірпігүлі қабырғаларға бөлінген, оның саны 30 шақты. Оларды тізіліп сары тікендері қаптайды. Сондықтан оны кейде «алтын шар» дейді. Ал «эхино» атауы кірпішешенге ұқсатып қойылған, яғни латынша «echinus»-«кірпі» деп аударылады.

Тікенектері өте ұзын, үшкір, қатты болады. Зерттеушілер эхинокірпігүлінің осы тікенектері арқылы жел соққанда заряд пайда болады және осы зарядтар тамырға барып, құрғақ топырақтан суды жинауға көмектеседі дейді.

Бөлмеде өскен өсімдік тек үлкейгенде ғана гүлдейді. Ал олар өте ақырын өседі.

Кейбір кірпігүлдерде соның ішінде эхинокірпігүлге жұмсақ тікенекті домалақ қалпақ орналасқан. Ғалымдар оны цефалия (грекше cephalus-«бас») деп атайды. Осы қалпақтан гүлдері шығады. Бұндай қызықты зерттеушілер эволюцияда тікенектілердің гүлдейтін және ұрық беретін жеке мүше жасау қабілеті деп түсіндіреді.

Көктемнің соңында және жазда топырақ түгелдей құрғағаннан кейін су құяды. Сонымен қатар 2 аптада бір рет жеңіл суперфосфат қоспасын қосады. Қыста және көктемнің басында мүлдем суғарылмайды. Тұқымдарымен немесе үстінен өсетін өскіндерімен көбейтеді.



Опунция

Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың құлағына ұқсас пішінімен танымал кірпігүл. Оны ең көп таралған кірпігүлдерге жатқызады. Бұл тікенекті гүлдің туысында 200-ден астам түр бар. Атауы Еуропада ең алғаш 1754 жылғы баспаларда кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек тілінен алынған деседі. Себебі Грецияда тікенекті өсімдіктер өсетін Lokris Opuntia деген жер бар. Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері. Мексиканың елтаңбасында опунция белгіленген. Қазір кірпігүл Америкадан таралып, Антрактидадан басқа жер шарының барлық континенттерінде кездеседі.

Мексика халқы опунция мен кашенильдан кармин деп аталатын бояғыш зат алады. Бұл құпияны олар 1785 жылға дейін сақтаған болатын. XIX ғасырда карминді кірпігүлге бітенің кошениль деген түрін жұқартып жасаған. Бояу алу үшін осындай мақсатта оны Аустралияға апарған болатын. Бұл жерде олар ез таралып, бойы 1,5 м жететін адам баспайтын тоғайлар жасады. Оны кейін тек күйе көбелектердің көмегімен ғана жоюды қолға алды. Уақыт өте карминнің орнына жаңа синтетикалық бояғыштар келді. Оған қарамастан қазірдің өзінде Мексика және Үндістан елдерінде карминмен боялған заттарды табуға болады.

Кірпігүлдерді зерттеген ғалымның бірі – Л.Бербанк опунцияның тікені жоқ түрін шығарды. Оның негізгі мақсаты бұндай өсімдікпен малды азықтандыру болатын. Бірақ ол орындалмай қалды. Төрт түлікке бұл экзотикалық өсімдік жақпай қалды.

Опунцияны басқа кірпігүлдерден оңай ажыратуға болады. Оның «аю құлақтары» алыстан көрінеді. Жеке «құлақтары» шелпекке ұқсайды. Олар қалың, етті болғандықтан үлкен жапырақтар тәрізді. Бірақ олардың негізгі жапырақтары цилиндр тәрізді таяқтар. Оны кейбірде жас өскіншелерде ғана көруге болады және олар тез түсіп қалады. Тікенектерінің екі түрі бар. Біріншісі үлкен инелерге ұқсайды.

Екіншісі өте кішкентай, көзге көрінбейді. Оларды глохидия деп атайды. Ұсақтығына қарамастан бұндай тікенектер өте қауіпті, терігекіргеннен кейін алу қиын. Опунцияның чолла деп аталатын түрлері де бар. Чолланың ерекшелігі егер инесі теріге кірсе, ол «шелпегімен» жұлынып кетеді. Сондықтан мексикалықтар оны «секіретін кірпігүл» дейді. Ал олардың тікенегін алу мүмкін емес.

Опунцияның өмірі біткеннен кейін де инелері қауіпті, тіпті олар аяқ киімді тесіп кете алады. Табиғатта тышқандар үңгірлерін чоллалармен қоршайды. Сонда койот сияқты жыртқыштар оларды мазаламайды.

Қазақстанда оны тек үй жағдайында өсіреді. Өкінішке орай олардың көбісі гүлдемейді, бірақ ұрық беруі мүмкін. Опунция күнді жақсы көреді. Суды сирек құяды, ал қыста суғару тоқтатылады. Топырағына жапырақ үгінділері, сазбен құм қосылады. Жыл сайын топырағын ауыстырып, қайта отырғызуға болады.

Қызыл жемістері шығады. Оларды кейбір елдер тағам ретінде қолданады. Опунцияның бұндай түріне фикусиндика жатады. Оны «индиялық инжир», «тікенекті алмұрт» деп атайды. Құрғақшылық кезде басқа өсімдіктер қурағанда опунция негізгі тамаққа айналады.

2. 2. Кактустардың қолдан көбейту жолдары

Кактусты тұқымынан да, вегетативтік жолмен де көбейтуге болады.

Кактус тұқымын көмір ұнтағы қосылған жеңіл топыраққа егеді. Егер тұқым ірі болса, үстін топырақпен биіктетіп жабады. Тұқым ұсақ болса, онда үстін жаппасада болады. Осыдан кейін топырақты жылы сумен ылғалдап, ыдыстың үстін әйнекпен жабады да, жылы жерге қояды. Тұқым өсе бастаанша ыдысты қарңғы жерге қойғын жөн. Бірақ топырақ құрғап қалмайтын болсын.

Тұқым өсе бастаған бойда әйнекті ашып, желдетеді. Ол үшінәйнек пен ыдысың арасында тіреу орнаылады. Суаруды сиретеді. Өсімдікке түсетін сәуле тым жарық болмауы үшін әйнекті әкпен майлайды немесе папирос қағазымен орап қояды.

Екпе көшекте тікен шыға бастаған езде, оны көшіріп басқа жерге отырғызады. Отырғызылатын топырағының құрамында 3 үлес жапырақ топырпақ, І үлес шым топырақ, 2 үлес құм және көірдің ірі бөлшектері, 5-10% көмір ұнтағы болады. өсімдікті бір күн бойы суармайды, күн көзінен қалқалақтап, үш күн бойы әйнекті ашпстан ылғалыды ауада ұстайды.

Опунция басқа кактустарды бір жаз ішінде бір не екі рет көшіріп отырғызуға болады.

Себілген тұқым 5−7 күннен кейін, ал кейде одан да ертерек өсе бастайды. Жылу мен ылғалы жеткіліксіз болса тұқым бір айға дейін өнбей жата беруі мүмкін. Сондықтан өсіп шыққан өсімдік егілген тұқымның санынан кем екендігін байқаған гүл өсірушілер топырақты көпке дейін қозғамайды.

Тұқымды, әдетте , сәуір − мамыр айларында егеді. Тұқымынан өскен жас өсімдіктер күзгі суыққа дейін үлгеруі үшін тұқымды кейде ақпан − мамыр айларында себеді. Ол үшін тұқым егілген ыдыстарды қоятын жылы орын болуы керек.

Егер кактус тұқым тауып алу мүмкін болса, онда қалемше дайындау керек. Қалемшеге кактустың жанама бұтақтарының ұшынан кесіп алынады. өсімдік тым қартайса , немесе оның тамыры шіри бастаса қалемше ретінде оның негізгі сабғының ұшын пайдалануға болады. Өсімдіктің кесілген жерін күннің көзіне немесе сипирт жалынына ұстап кептіреді де, бетіне көмір ұнтағын себеді. Кесіліп алынған қалемшені 7−10 күндей желге қақтырып кептіреді. Сонан соң қалемшенің кесілген жерінде жұқа жылтыр қабыршақ пайда блады. Бұл қалемшенің отырғыза беруге келгенін көрсетеді.

Қалемшені әдетте топырақа таяз етіп 1 см тереңдікке көмеді. Ал опунцияны мүмкіншілігінше тереңірек көмген жөн. Отырғызылған қлемше орнықты тұруы үшін оны қазыққа байлап қояды. Топырақты ылғалдап, үстін әйнекпен жабады да күннің көзі түсетіндей етіп жылы жерге қояды. Қалемше тмырларына бастағанша сирек суарып тұрады.

Қалемшелеуге қолайлы мерзім көктем мен жаздың алғашқы айы. Бұл мерзім ішінде қалемшені отырғызып үлгере алмаса оны күзде не қыста кесіп алып, әбден, кептіртірген соң,құмға көміп қояды. Мұндай қалемше көктемде отырғызылса да өсе береді. Жас өсімдіктерді тез өсіру керек болса, емесе өсімдіктің тамыры шіри бастаса немесе әдемі будан алу керек болса, одан кактустерді уаластырады. Уаластырылатын өсімдіктерің жуандығы мен балғындылығы бірдей болуы қажет.

Тілуші өсімдіктерді тиісті жерінен өткір бәкіні бір сермеп кесіп тастайды. Тілінушімен бірігіп өскенше оның кесілген жері сола бастауы мүмкін. Әдетте телуші мен тілінуші жанасатын жеріндегі қабығын жұқалап алып тастайды да екеуін тезірек беттестіре қояды. Содан соң жұмсақ жіппен немесе рзинкамен екеуін жалғап байлап жылулығы 20°−26° жерге қояды. Өсімдіктің үстін әйнекпен жабады да, күннің сәулесі тікелей түспейтін орынға қояды. Осы айтылғандар дұрыс орындалса ішінде өсімдіктің екі бөлігі бірігіп өсіп кетеді.

Жақсы жетілген өсімдік күтімді көп тілемейді. Дегенмен кактустарды,басқа өсімдіктердей, бір орнынан екінші орынға қозғай беруге болмайды. Кактус өсімдігін жиі−жиі суарып, қоректендіре беру де зиян. Эхинокактустар мен эхинопистерді отырғызатын ыдыстың беті кеңірек болу керек.

Кактустарды үш жасқа дейін жыл сайын қайта отырғызады. Үш жасқа толған кактусты жыл аралатып барып көшіру керек. Эхинопистерді гүлдей бастамасы үш жылда бір рет қайта отырғызуға болады. Ал эпифиллюмді гүлдеп болғаннан соң жыл айн қайта отырғызыды.

Ірі кактустар үшін керекті топырақтың құрамы мынадай болады: 2 үлесі шым топырақ, 2 үлесі жапырақ− топырақ, 1 үлесі аздап араласқан құм.

Кактустарды жиі суаруға болмайды. Жас кактустарды аптасына, ересектерін − екі аптада бір рет суарса жетеді. өте жиі суарылған кактус әдетте гүлдемейді. Қыста айына екі рет, көктемде 10−12 күнге бір рет суарып тұру керек.

Топырақтың аса құрғап кетуі өсімдікке зақым келтіреді. Сондықтан топырақты қопсытып тұрған дұрыс.

Алматы ботаника бағында кактустарды күнге таңертең, қыс айларында−аптасында бір рет суарып отырады. Бұл ауа райының ыстық құрғақ болуына байланысты жүргзіледі.

Кактус өсімдіктерінің биологиясын жақсы білу үшін және оларды өсірудің әдістерін үйрену үшін және оларды өсірудің әдістерін үйрену үшін Москва, Лененград,Рига сияқты үлкен қалаларда кактус өсірушілер клубтары ұйымдастырылған.

2. 3. Суккуленттер адам өмірімен байланысы
Алоэ. Алоэ оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек қсиеті үшін көбірек өсіріледі. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеу қолданылады.

Көктем айларындағы ылғалдың көптігі алоэға зияны келтіре қоймайды. Мұның есесіне қыс айларында аздаған артық судың өзі өсімдік тамырына зиянды әсер етеді. Сондықтан қыстыгүні өсімдікті жылығы 8−12°жерге орнатып аптасына, не он күн сайын суарып тұрған дұрыс.

Басқа өсімдіктер сияқты алоэ да жаз айларында жарық жеткілікт және ауа таза болуын қажет етеді. Солтүстік жақтағы терезенің алдында тұрып та өсе береді.

Екі−үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады. Көшіріліп отырғызылады. Көшіріп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы шарт емес. Ол үшін бақшадағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады. Ондай топыраққа аздап кірпіш және көмір ұнтағын қосады. Мұндай топырақта өсімдік жақсы өседі.

Өсімдікті көбейтудің ең тиімді де жеңіл тәсілі − жас өркен алоэны бөліп алып алып өсіру. Бұл − ерекше күтімді керек етпейтін тәсіл. Егер өсімдікті тұқымын ақпан айының орта шеиінде себеді себеді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді.

Көктем айларында алоэны қалемшелеуге болады. Ол үшін өсімдіктің жас жапырағыын алып,оны ұзындығын 10−15см етіп бөледі де, жарақтанған жеріне көмір ұнтағын себеі. Осыдан кейін қалемшені бір күндей сусыз, топрақсыз жерде қалдырады. Сонан соң қалемшені тереңдігн 1−1,5см етіп құмға отырғызады. Бастапқы 3−5 күндей, яки тамыр өсіп шыққанша, оны суармайды. Қалемшеден тамыр, жапырақ шыққаннан кейінгі күтімі ересек өсімдіктердің күтімндей болады.

Үйде көп өсірілетін алоэны ағаш алоэ деп атайды. Алоэның сапонария деп аталатын түрінде үйде өсіруге болады. Оның жапырағы ірірек келеді.

Жапрағының әсемдігіне байланысты бірден көзге түсетін алоэ жолақ алоэ деп аталады. Оның қысқа сабағын қоршап шырмалып өскен ақ жасыл жапырақтарының алақаны көлденеңінен ақжолақтанған. Гүлінің түсі қызғылт жасыл болады.

Бұл аталған алоэ түрлерінің күтімі бірдей деуге болады.
Агава Орталық Америкадан таралған көп жылдық өсімдік. Мұны көбінесе жұзжылдық деп атайды. Оның бұлай аталуы ол жүз жылда ғана гүлдейді деген ұғымынан таралған. Шынында агава үй жағдайында мүлдем гүлдемейді деуге болмайды. Өзінің отаны Мексикада агава тез өсіп жетіледі. Мұнда оның жапырағының ұзындығы үш метрге жетді. 8−10 жысында мыңдаған сары гүлі бар гүл шоғы пайда болады. Оранжерияда өсірген 8−15 жыл ішінде гүлдейді. Шырыны мол қалың жапырағының ұшы үшкір келеді. Агаваның кейбір түрінің жапрақтарының жиегі тікенді болып келеді.

Гүлдеп біткеннен соң агаваның кейбір түрлерінің жер бетіндегі бөлігі қурайды. Осы кезде тамырсабақтан жас өсімдіктер өсіп шығады. Оны агаваның көбейту үшін пайдалануға болады.

Агава өсімдігі қолайсыз жағдайда төзімді болғанымен күтімді де жақсы көреді. Бұған ең қажеттісі топырақ қоспасын дұрыс әзірлеу. Әдетте бір бөлік шым топырақ пен бір бөлік саздақ топыраққа аздап құм қосады. өсімдік үшін жақсы дренаж болғаны қолайлы. Жазда агаваны далада күн сәулесі жақсы түсетін жерде ұстап, бір қалыпты суарып тұрады. Қысқа қарсы оны қоңыр салқын үйге әкеліп орналастырып, сирек суарады.

Агаваны тұқымынан және шоқ өсімдігін бөлу арқылы көбейеді. Әсіресе тамыр, атпа бұтақтары болу арқылы көбейтіледі. Бұлай ету үшін тамыр, атпа бұтағын аналық өсімдіктен бөліп алады да, тамырөсіп шыққаннан кейін көшіріп отырғызады. Отырғызарда тамырдың кесілген жеріне көмір ұнтағын себеді. Ал отырғызғаннан кейін 3−5 тәулік бой суарады. Жазға қарсы өсімдікті далаға шығарып, орналастырар алдында 2-3апта бойы көлеңкеге қою керек. Бұл өсімдік жапырақтарын күнге күйіп кетуіден аман сақтайды.

Үйде агаваның Америка агавасы, жиекті агава, қалың гүлді агава, ригина агавасы дейтін түрлері өсіріледі. Агава өсімдіктері қызмет және қоғамдық мекемелерді, жаз айларында парктердің, скверлердің, бақшалардың партер бөлімдерін көгалдандыру үшін пайдаланылады.

Агапандус Бұл ұдайы көгеріп тұратын Оңтүстік Африкада табиғи түрде өсетін өсімдік. Мұны, Кавказдың Оңтүстік жағалауында ашық ауада өсіруге болады. Ал отанымыздың басқа жерлерінде бұл өсімдік тек үйде, оренжерияларда өсіріледі.

Көктем айларында өсімдіктің сабағы өсіп шығады. Көп кешікпей сабағының ұшында гүл бүрінің шоғыры пайда болады да, іле−шала үлкендігі 5-6см көгілдір түсті гүлдер шешек атады. Жақсы күтілген өсімдік гүлінің саны екі жүзге дейін жетеді. өсімдіктің алғаш гүл дару мерзіміне байланысты бір өсімдік жаз ортасында. Тіпті күз айларында ғана гүл шашады.

Үйде өсетін басқа өсімдіктермен өсімдіктермен салыстырғанда агапантус көшіріп отырғызғанды көтере алмайды. Тамырын топырақтан тазартқан кезде өсімдік ауруға шалдығы, кейде үш жылға дейін гүлдемеуі мүмкін. Олай болса тамырының төңірегіне топырақты мүмкіндігінше көбірек қалдырып, екі−үш жылдан кейін құнарлы топырақ салынған басқа ыдысқа отырғызған дұрыс. Ондай құнарлы топырақтың құрамы мынадай болады:1 үлес шым топырақ, бір үлес шірінді топырақ, 1 үлес жапырақ топырақ,½ үлесі құм. Бұл өсімдікті сирек көшіріп отырғызылатын болғандықтан оны жиі қоректеніріп тұру қажет.

Агапантусты мүмкіндігінше оның тамыр жүйелері сондай тез өседі, кейде тіпті ыдысты жарып сындырып та кетеді. Мұны әрқашан ескерген жөн.

Жаз айларында өсімдікті жарық мол түсетін, ауасы таза жерге қойып, жиі суарып тұрған жөн. Аптасына бір рет көңмен қоректендіріп отыру керек. Қыс айларында аусы құрғақ, іші жарық салқын бөлмеге орналастырып, аптасына 2-3 ретғана суарылады.

өсімдікті көбейтіп өсіру үшін ақпан айында жеңіл топырақ оның тұқымын топырақтың бетіне себеді де, үстін жұқа ғана жабады. Бұдан кейін топырақ үнемі ылғалды болып тұру үшін оған жиі− жий жылы су бүркіп тұрады. Күніне екі рет әйнегін ашып,ауасын жаңартады. Кейінірек өсімдікті біртіндеп құрғақ ауа мен жарыққа үйрете бастайды. әбден тамырланып жетілген өсімдікті бөліп алып жетілген өсімдікті бөліп алып, жеке ыдысқа отырғызады. Тұқымнан өскен өсімдік 5−6 жылдан кейін ғана гүлдей бастайды. Гүл өсімдігін көктемде көшіріп отырғызғыанда оның жас бүрлері өсімдіктерін бөліп алып жеке отырғызуға болады. Сонда ол тез гүлдейді. Кейде үй жағдайында жас бүр өсімдіктерін бөліп алып, жеке отырғызбай−−ақ ыдыстың мөлшерін кеңейтіп, өсімдікті көлемді етіп көлемді етіп өсіруге болады.

Гүл әуесқойларының арасына аса көп тараған түрін зонтты агапантус деп атайды, жоғарыда келтірген сипаттама осы өсімдікке жатады.

Агапантус пен амариллис бір тұқымдас өсімдік. Бұларды күтіп , өсіру жағдайы біріне-бір толық ұқсайды.

Акалифа. Акалифа өсімдігі көбңнесе оның алуан түске боялған әсем жапырақтары үшін өсіріледі. Мұның салбыраңқы гүл шоқтары да сондай көрнекті келеді.

Акалифа өсімдігін тұқымынан да, қалемшесінен де көбейтеді. Тұқымнан өсіру іалемшеден өсіруге қарағанда, сирек қолданылады. әсіресе, ол әдіс жаа сорттарды өсіріп шығаруда пайданылады. Бұл үшін наурызда тұқымды жәшікке егіп, үстіне майда топырақ себеді. Содан кейін үстен әйнекпен бүркеп қояды. өсіп шыққан екпе көшеттерді топырақ қоспасы салынған құмыраларға ылғалы бар жарық орында ұстайды. Күн сәулесі күшті түсетін болса, өсімдікті көлеңкелеп қою қажет.

Бұл өсімдікті қалемшелеу наурыз айында басталады. Қалемшелеу үшін жас өркен пайдаланылады. Қалемшелерді 6-8 см шамасында етіп кесіп алып, құрғақ құмға сиректеу етіп отырғызады. Жаңа отырғызылған жас қалемшелерді жиі суарып, оның ауасын ылғалды күйде ұстау керек. Қалемше тамырланып, әлденген соң оны көшіріп, басқа ыдысқа отырғызады. Көшіріп отырғызар алдында тікпе көшеттің жіңішке бұтақтарын кесіп тастайды. Тікпе көшет отырғызылатын топырақтың құрамы 1 бөлігі құм.

Жазда ересек өсімдіктерді далада көлеңкелеу орында ұстап, жақсылап суарып тұрады. Қыста оларды жылы үйде жарық жерде сақтайды да бір қлыпты суарып отырады.

Ауа құрғақ болса акалифалар нашар өседі және оларда трипистер, қызыл өрмекші пайда бола бастайды. Олар өсімдік үшін өте қауіпті насекомдар болып саналады.

Аклифалардың ішіне ең көп таралғандары оның ірі жапырақтары және түкті түрлері. Ірі жапырақты аклифа Оңтүстік Америкада өседі. Бұтақтары салбыраған бұта болып келеді. Жапырақтарының алақанында әсем ала дақтар бар пішіні дөңгелек қола түстес , гүлдері жасыл.

Түкі акалифа Индияның шығыс жағында өсіріледі. Оның түсі қоңыр жолақ ірі жапырақтары болады, пішіні сопақ келеді.

Акалифалар ұзақ уақыт бойы гүлдеп тұрады.



Акация, мұны әсем жапырақтары мен сүйкімді гүліне бола өсіреді. Бұл өзі ұзақ уақыт гүлдеп тұрады.

Қара теңіз жағалауында акация қолдан өсіріледі. Ал оның жабайы түрі Австралия мен Африка ормандарында табиғи жағдайда өседі. Үйде терілген түрлері көбірек өсіріледі.

Ақшыл акация ақпан−наурыз айларында гүлдейді. Гүлдеу мерзімі бір жарым−екі айға созылады. Гүлінің реңі сары, хош иісті. Сотүстік аудандарында бұл өсімдік «мимоза» деп аталады. Мұның жабайы түрі Австралия ормандарында өседі.

Араб акациясының гүлі ақ, жапырағы қызғылдау өсімдік. Салқын, жарық жерде жақсы өседі.

Акациның жоғарыда аталған екі түрінен басқаларын да үйде өсіруге болады. Оның жапырақтары қондауырға ұқсас ұзынша келеді, ақшыл сары гүлі бұтақтарының құшына, жапырақ қолтығына шығады.

Акация тұқымынан, түптерін бөлу және қалемшелеу әдістерімен көбейтеді. Көктемде егер алдында тұқымның 3−4 күнде жылулығы 40° шамасындай суға салып қояды. Су суынған сайын ерте және кешке қарай жылытып отырады. Осыдан кейін тұқымды алдын ала әзірленген ыдысқа егіп өсіреді. Бұл ыдыстағы топырақтың құрамы төмендегідей болуы керек: 1 үлес жапырақ, 1 үлес шым топырақ, ¼ үлес құм. Келесі жылы көктемде өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызады. Мұнда өсірілетін топырақтың құрамы өзгеше болады. Бұл уақыт ішінде қосымша өсіп шыққан жас өркен өсімдікті бастапқы түппен бөліп алып, басқа ыдыста өсіруге болады. Көшіріп отырғызылғанірі өсімдікті ыдысы шірігенше,не сынғанша қозғамайды. Жаз айларында таза ауаға шығарып, жиі суарып тұрады. Жазғы өсу дәуірінде оларды органикалық және минералдық тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қыста акацияны жарық орынға қойып, суаруды сиретеді. Ал жапырағы түскен акацияны сирек суарады. Гүлдей бастаған акацияны слқындау жерде сақтаған дұрыс.



Амариллис. Қазір гүл өсіруші әуесқойлардың амариллис деп өсіріп жүргендері Америкада тараған гиппеаструм, Африкада өсетін амариллис − белладона тұқымдасына жататын жуашық тамырлы шөптесін өсімдік. Олардың гүлінң түсі ақ, қызғылт, қызыл, күрең, алқызыл болып келеді. Жабайы түрлерінің глің ұсақ болады. Азіргі уақытта амариллистің диаметрі 20см жететін жаңа срттары бар.

Жабайы түрде белладона − амариллистер тропика шеңберінің қуаң шөлінде өседі. Оның жуашық тамыры, таспа тәрізд, түсі ашық жасыл және шырыны мол.

Күзде өсімдігін суару біртіндеп ирететледі де, кейіннен біржола тоқтатылады. Ешуақытта өсімдіктің көгерген жапырағын кеспейді. Оны сол қалпында бөлменің салқын бұрышына қойса жапырақтары өз бетінше солып қалады. Қыс бойы өсімдікті суармайды және ешқандай күтім қажет емес.

Қыстың орташа шеңінде өсімдіктің сабағы пайда бола бастайды. Жуашықтың ірілігіне қарай сабақтың саны біреу немесе екеу болады. Егер уақытында сабақ өсіп шықпаса, онда өсімдікке жылудың жетпегені болып саналады. Ондай жағдайда ыдысты қараңғылау жылы жерге қояды. Сабағының ұзындығы 8−10см жеткенде өсімдікті жарық жерге шығарып, суара бастайды. Одан ертерек суарса өсімдіктің жапырақтары түсіп қалады. Ал неғұрлым жапырақтары көп болса, саьақтары соұрлым бойлап өсеп, гүл бүрінің пайда болуы қиындай түседі. Сабағы әжептәуір ұзарған кезде оны жиі суарады. Ал гүлдей бастаған соң суаруды бірден− бірге сиретеді. Өсімдік көбірек гүлдеу үшін оны салқырақ жерге қояды.

Өсімдіктің гүлі солғаннан кейін оны қйтадан құналы топыраққа не кәдімгі бақша топырағына отырғызады. Құнарлы топырақты өсімдікті екі жылдан соң көшіріп отырғызаса болады.

Қайтадан отырғызылған өсімдіктің жуашғының жартысына жуығын топырақтан шығып тұрады.

Өсімдіктің жақсы гүлдеуі немесе гүлдемеуі оның күтіміне байланысты. Сондықтан оны гүлдемей тұрып та, гүлдеп болғаннан кейін де еркін суарып, жеткілікті қоректендіріп, таза ауаға шығарып, сәулесі мол жерге қойіан дұрыс.

Тіршілігінің үшінші жылы амараллис өсімдігінің түбінде жас өркен жуашықтар пайда бола бастайды. Көшіріп отырғызарда осы жуашықтарды бөліп алып, әрқайсысын жеке−жеке отырғызады. Ол 2-3 жылдан кейін гүлдей бастайды.ыдысы неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жуашықтар да көбірек айда болады. Ал жуашық көбейіп кетсе өсімдіктің гүлдемей қалуы ытимал. Ендеше өсімдік жақсырақ гүлденуі үшін ыдыстың диаметрі өсімдік жуашығының диаметріннен 2-3 см ғана үлкенірек болғаны тиімді.

Қыста өсімдікті жылығы 10°-тен аспайтын жерге қояды.

Жылына екі рет гүлдету үшін мынадй оңай тәсіл қолданады. Көктемде өсімдік гүлдеп болғаннан кейін оны суаруды сиретеді, көлеңкелеу жерге әкеліп қояды. Мұндай өсімдік тамыз айына дейін тынығып үлгереді де, қайтадан өсе бастайды. Осы кезде өсімдікті жаңа топыраққа отырғызып, жиі-жиі суарған мақұл.

Амараллис өсімдігін тұқымынан да өсіреді. Тұқымынан өсірілген өсімік 3−4 жыл өткеннен кейін ғана гүлдейді. Демек, оның гүлденуңн ұзағырақ күтуге тура келеді. Тезірек гүл алу үшін бұл өсімдіктің жуашығын егіп өсірген тиімді.

Есте болатын тағы бір жайт, өсәмдік жазғы тыныштық қапына көшкен кезде оны ыдысымен қараңғы жерге көлбете қойған дұыс. Сонда оның өсіп кетуіне кедергі жасамайды.



Аралия−фатсия. Бұл өсімдікті негізінен фатся деп атайды. Аралия деп фатсияның бір түрін, яғни жапон фатсиясын атайды. Бұл өсімдік Жапон аралдарында бұта тәрізді болып өседі. өсімдіктің сүйкімді жері− оның үлкен саусақ сияқты жасыл түсті жылтыр жапырақтары болады. Бұлар кейде ақ, кейде сары болып та кездеседі. Түрлі зиянкестерге, ауруларға төзімді келеді.

Антуриум. Көп таралған оренжерея өсімдіктерінің бірі. Бұл ауаның, топырақтың ылғалдлығын және жылылықты жақсы көреді. Сондықтан жылы үйде өсіріледі.

Жапырағы мен гүлі өте әдемі. Пішіні әртүрлі болып келетін барқыт түстес немесе жек сияқты қалың жапырақ әртүрлі түске боялған. Әсіресе жапырақ жүйкелері әсем көрінеді. Гүлінің жыланша иірлген собығы болады. Оны әдемі гүл жамылғысы жауп тұрады. Гүл собығы мен гл жамылғыы да әр түрлі түсе боялған.

Антуриум жылы үйде, ылғалы мол құмыраларда жақсы өседі. Қыста оны жылы сумен суарып тұрған дұрыс. Жазда күннің көзінен көлеңкелеу керек.

Өсімдік тұқымы, қалемшесі және түбін бөліп алу арқылы көбейтуге боладды. Бұлардың ішінде әсіресе көбірек таралғаны − түбін алып өсіру. Бұл үшін жас өсімдікті кең де аласа құмыраға отырғызады.


2. 4. Суккуленттің бір түрі–жүз жылдықтың жүз емі

Жүзжылдық бәрімізге таныс және оны көпшілік үйлердің терезесінің алдынан көруге болады. Бірақ осы өсімдіктің көптеген емдік және косметологиялық қасиеттерін біле бермейміз.

Жүзжылдықты жедел жәремші деп атауға болады. Жүзжылдықты пайдалану үшін, оның күтімі мен қасиеттерін білу қажет. Жүзжылдық деп аталуы жүз жылда бір рет гүлдейді дегеннен шыққан. Жапырақтары шырынды, ұзын сүйір, қатты, қалың қабықты, шеттері өткір тікенекті болып келеді. Шыынында бактерицидтер көп болғандықтан медицинада үлкен қолданыста. Ауа тазартуда да басқа бөлме гүлдеріне қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер ауадағы бактерияларды жояды. Осындай керемет қасиеттері бола тұра, күтімі өте жеңіл өсімдік. Жарық сүйгіш, тіке түскен күн сәулесіне, құрғақ ауаға төзімді. Бірақ өсімдіктің жапырақтарын шаң-тозаңнан су бүркіп немесе жуып тазалап тұру қажет. өйткені шаң басып тұрған гүл бізге қызмет жасай алмайды. Жуар алдында түбектің бетін полиэтиленмен жауып, жылымық сумен жапырақтарын жуып болған соң 1-2 рет сілкіп, дымқыл жапырақтарын көлеңкеде кептіріп алғаннан кейін ғана өзінің орнына қояды. Қыста жазға қарағанда аз суғарады, 10-12ºC салқын, бірақ жарық жерге қою керек.

Жүзжылдықтың жапырақтарының құрамында 20-ға жуық аминқышқылдары, В, С, Е дәрумендері, бета-каротин, өзектер, микроэлементтер және антибиотиктер бар.

Косметологияда жараларға, безеуге, сыздауық, шиқан, дерматиттерге қарсы қолданылады. Жүзжылдықтың шырыны бет терісіндегі ұсақ тесіктерді тазартып, суландырып, беттің зат алмасуын жақсартады әрі беттің қабыну мен тітіркенуін кетіреді, өңіңізді кіргізіп, теріңізді жасартады. Үй жағдайында күнде жатар алдында бетіңізді тазалап жуып, кішкене буға ұстап жібітіп, жүзжылдықтың жаңа алынған шырынымен бетіңізді,мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіздің жасарып тұруына жақсы ықпал етеді.

Үй жағдайында бетке маска жасау жолдары:



  1. Жаңа алынған жүзжылдық шырыны мен кілегейді 1:1 мөлшерде, 10-15 минут бетке жағып, соңынан жуып тастау керек. Бет сергіп, өңі жақсарып қалады.

  2. Жиі қабына береін терілерге жұмыртқаның ағына 2 ас қасық жүзжылдықтың шырынын қосып, 10-15 минут уақыт мөлшерінде бетке асықпай жағып, соңынан жуып тасау керек.

Медицинада жүзжылдықтың ауруды басатын, қабынуға, бактерияларға қарсы қасиеттері үшін гинекология, тіс, тері ауруларына, хирургия, терапия, иммунологияда қолданады. Асқазан-ішек ауруларына, асқазан ойық жараларына, іш қату ауруларына, көз ауырғанда, ауыз қуысының қабынуы, тұмау ауруларына пайдаланылады. Фармацевттер шығаратын дәрілерді қолданумен бірге, терезе алдындағы жүзжылдықты да ұмытпаған жөн. Жүзжылдықы кез келген уақытта, жыл он екі ай бойына пайдалана беруге болады. Жапырақтарын қолданғанда жоғарғы жаңадан шығып жатқан жапырақтарын емес, төменгі жағынан, үлкен жапырақтарынан алу керек. Шырынын, кейде жапырағын жуып толығымен езіп пайдаланады. 2-3 сағат ашық қалса емдік қасеттері жойыла бастайды, сондықтан қолданар алдында ғана жасау қажет.

Күйген жерлерге жүзжылдықтың шырынын жағып, жараның бетіне сіңіп кету үшін 20-30 минуттай ашық қалдырады. Қатты кесіп алған жерлерге, іріңдеген жараларға жапырағын езіп компресс жасайды немесе жапырағын ортасынан кесіп жараға қойып, дәкемен таңып тастайды.

Тұмау, суық, құлақ, тамақ, мұрын ауруларына қарсы мынадай ем жасауға болады:

300 г жүзжылдықтың жапырақтарын езіп, 3 ас қасық бал, 3 ас қасық медициналық спирт қосып, күніне 3 рет тамақ алдында ішу керек. Тұмауда мұрынға, аңқа қабынғанда жүзжылдықтың жаңа алынған шырынан әр 3 сағатта үлкендерге 5-8 тамшыдан, 3-тен 16 жасқа дейінгі балаларға 4-5 тамшыдан, 3 жасқа дейінгі балаларға 2-3 тамшыдан мұрынға тамызып тұру керек.

Асқазан ауруларына төмендегідей ем қолдануға болады:


  1. Асқазан ойық жарасына аш қарынға күніне екі рет жүзжылдықтың 5см-дей жапырағын жақсылап шайнап жеу керек. Соңынан ащы дәмін азырақ бал жеп кетіруге болады. Үш ай бойы осылай емделу қажет.

  2. Гастритке жапырағын езіп, шырынын сығып алып, 3-4минут қайнатып, бір шәй қасықтан күніне үш рет тамақ жер алдында жарты сағат бұрын ішіп ұру керек. Сақтап қоюға болмайды, әр жолы жаңадан жасап отыру қажет.

Туберкулезбен ауыратындардың жағдайын жақсарту үшін: 1 ас қасық жүзжылдық шырыны, 100 г мамыр айында жиналған бал, 100 г сары май, 100 г қаздың майы, 100 г какао араластырып, күніне екі рет тамақ алдында 1 ас қасығын жылы сүтпен ішу керек.

Қорытынды

Кактустар қоршаған орта ауа – райының қолайсыздығына байланысты өз тіршіліктерін жалғастыру үшін түрін өзгерткен ксреофиттер болып табылады. Олардың өмірі оршаған ортамен,әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланысты. Осы себептерге байлаысты оның анатомиялық тұрғыдан мүшелерінің түрі өзгеріке ұшыраған. Мысалы: жапырақтары күн сіулесінің ең жоғарғы температурасы тікелей түсуіне байланысты ішкі су қорының сарқылып тез таусылмасы үшін тікенге айналып кеткен. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топрақтарында өседі.

Кактустарды үй жағдайын да өсіру үшін керекті топырақтың құрамы мынадай болады: 2 үлесі шым топырақ, 2 үлесі жапырақ− топырақ, 1 үлесі аздап араласқан құм.

Кактустарды жиі суаруға болмайды. Жас кактустарды аптасына, ересектерін − екі аптада бір рет суарса жетеді. өте жиі суарылған кактус әдетте гүлдемейді. Қыста айына екі рет, көктемде 10−12 күнге бір рет суарып тұру керек.

Суккуленеттер оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек қсиеті үшін көбірек өсіріледі. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеу қолданылады.

Жүзжылдықты жедел жәремші деп атауға болады. Жүзжылдықты пайдалану үшін, оның күтімі мен қасиеттерін білу қажет. Жүзжылдық деп аталуы жүз жылда бір рет гүлдейді дегеннен шыққан. Жапырақтары шырынды, ұзын сүйір, қатты, қалың қабықты, шеттері өткір тікенекті болып келеді. Шыынында бактерицидтер көп болғандықтан медицинада үлкен қолданыста. Ауа тазартуда да басқа бөлме гүлдеріне қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер ауадағы бактерияларды жояды. Осындай керемет қасиеттері бола тұра, күтімі өте жеңіл өсімдік. Жарық сүйгіш, тіке түскен күн сәулесіне, құрғақ ауаға төзімді. Бірақ өсімдіктің жапырақтарын шаң-тозаңнан су бүркіп немесе жуып тазалап тұру қажет. өйткені шаң басып тұрған гүл бізге қызмет жасай алмайды.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ә.Ә.Әметов « Ботаника» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 2000ж

  2. Ә.Ә.Әметов «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті.1999ж

  3. «Гүлстан» Қазақстан Республикалық журал. 2009 жылғы 6 ай басыламы.

  4. «Гүлстан» Қазақстан Республикалық журал. 2007 жылғы 1 ай басылмы.

  5. Интернет.W.W.W.uandex kz.РГП.Казахский научно-иследовательский

Институт экологий климата «Ақтөбе 2007».

  1. w.w.w.mazalia.fox.ru ғаламтор торабы.

  2. П.М. Мырзақұлов Ә.Ә. Әметов «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 2000ж 2 том

  3. Дүние журналы // Астық өсірудегі негізгі мәселелер/ №5 2008










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет