3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



жүктеу 48.68 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі48.68 Kb.
түріСабақ
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білімі мен біліктілігін арттыру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси-мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Ислам.

Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы–Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні–Ислам.



Римдік католиктік шіркеуі.

Католицизм (грек сөзі katholikos–жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия). Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.

1 млрд. астам дінге сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан–біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық монахтар мен монах әйелдер бар).

Иудаизм.

Иудаизмнің алғашқы сабақтары б.з.д. II мың жыл бұрын Палестина территориясында тұратын еврейлер арасында пайда болды. Б.з.д. I мың жыл бұрын политейстік нысан ретінде пайда болып иудаизм кейіннен монотейстік ұлттық дінге айналды. Иудаизм дін ретінде–еврей мәдениетінің күрделі бөлігі. Ол осы қағидаларға негізделген: Яхве бір құдайды қабылдау, еврейлер– құдайдың таңдауы түскен халық, барлық тірілерді және өлілерді сынайтын, ал Яхве сенетіндерді қасиетті жерге әкелетін Мәсихке сену; Көне Өсиетке–«Бес кітаптік, Киелі кітаптарға» (Танаха) және Талмудқа сену. Діни ғибадатханасы–Синагога.



Буддизм.

Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.



Протестантизм.

Протестанттық (латын сөзі protestants–қарсы келуші, келіспейтін)–XVI ғасырда қалыптасқан, Солтүстік және Батыс Европада, АҚШ, Канадада таралған христиан дініндегі 3-ші ағым. Қазіргі күнде әлемде 332 млн. протестанттар бар, олар лютерандар, адвентистер, пресвитериандар, методистер, англикандар және басқалары құрайды. Протестанттық негізінен католицизмнің маңызды ұстанымдары мен ұғымдарын терістеу барысында қалыптасты.



Орыс православие шіркеуі.

Христиан діні–өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие, католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі православие–9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік, Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3 автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3 митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі–ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.



Атеизм (қазіргі ғылымда–позитивизм; автор Б.Тажибаев)діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным–атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену–қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К.Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды;).

Өмірде әркімнің өз көзқарасы болуымен қатар, өзгелердің сенімдерін де құрметтей білуді үйрену керек, сондықтан көптеген елдерде адамшылық– демократиялық құндылықтардың бірі ретінде ар-ождан бостандығы, діни ымырашылдық, толеранттық жарияланған.



Дін және саясат. Барлық дін жүйелерінің саясатпен тығыз байланысы бар. Афина тираны Критий (б.з.д 403 ж. өлген) дін адамдарды жақсы басқару үшін билік иелерінің ойлап тапқан дүниесі деп санаған. А. Македонский өзін Египет құдайы Амонның баласымын деп жариялаған. Атеизмнің позициясы біртіндеп нығайып, қоғамның секуляризациялануына (зайырлы) қолайлы жағдайлар қалыптаса бастады. Қоғамдық қатынастарды қайта құру көбіне дінге қарсы ұрандармен жүргізілді. Дін мен саясат адамзаттың барлық ғұмырында тығыз байланыста болды.

Діндегі фундментализм (латын сөзі «fundare» жерге төсеу, жер тағаны, ірге тасы) дегеніміз бірінші рет Америкада пайда болған діни-саяси ұғым. Оксфорд университеті баспасынан 1982 жылы 16 рет басылып шыққан «Оксфорд сөздігінде» фундаментализмді былай түсіндірген: христиан дінінің ғұрыптық сенім-нанымдарын үзілді-кесілді сақтау, мысалы библияда жазылған әр нәрсенің мүлтіксіз хақ екеніне сену. Фундаменталистік қозғалыстар 1960 ж. саяси қозғалстарға айналып кетті. Фундаментализм көріністері қандай дінде болмасын көрінуі әбден мүмкін, осы дінге деген тазалық ниетінен тууы ықтимал. Бірақ, бұл таза діни ниетті саясатқа айналдыру, діндер үшін емес, саясатшылар үшін керек.

Фундаментализммен мағыналас келетін тағы бір түсінік–діни экстремизм (лат. exremus-үзілді-кесілді пікір) деген дінді саяси мүддеге қызмет еткізіп қоюға көзделген идеологиялық тәсіл. Діни экстремизм оңшыл бағыттары фашистік идеологияны насихаттайтын саяси партия және топтарға топтасуда, солшылдарға Италия, Франция, Германияда «жаңа солшылды», «қызыл бригадалар» және бірқатар ислам елдеріндегі діншіл экстремистер жатады.

Исламдық фундаментализм мен діни эстремизмнің қазіргі көрінісі– Уаххабизм.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Секуляризация және сакрализация дегеніміз не?

2. «Шіркеу», «секта», «конфессия» ұғымдарын қалай түсінесіңдер? Олардың арасында қандай байланыс бар, айырмасы неде?

3. «Атеизм» деген не?



4. Діни фундаментализм, діни эстремизм, діни фанатизм дегендерді қалай түсінесіңдер?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 4.

V. Үйге тапсырма.§ 3 оқу, талдау.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет