3 тақырып. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік



жүктеу 188.62 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі188.62 Kb.
: attachments -> article -> 716
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
716 -> ТАҚырып халықаралық сауданың табыстарды бөлуге әсері
716 -> 8 тақырып. Халықаралық технологияның берілуі механизмі мен формалары
716 -> 9 тақырып. Халықаралық экономикалық интеграция
716 -> 5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
716 -> СӨжо бойынша әдістемелік ұсынысты оқытушы М. А. Есдаулетпен және оқытушы А. Е
716 -> 6 тақырып. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу

3 тақырып. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік.





  1. Жалпы тепе-теңдік моделіндегі халықаралық сауда стандартты моделінің дамуы.

  2. Жалпы тепе-теңдік моделі.

  3. Экономикалық өсудің типтері және оның халықаралық саудаға тигізетін әсері (өзіндік конспект, семинарда дебат түрінде қарастыру)


Халықаралық сауданың стандарттық моделі.

Бүкіл әлемді айналып кеме-көпестері өте үлкен көлемдегі тауарлардың номенклатурасын ұсынғаны көрінеді. Бұл тауарлардың көбісі шетел сатып алушыларға танымалы болмағаны көрінеді. Халықаралық сауда оларды сол уақытта да шет елдерді қол жетерлік етті. Тарих бойынша халықаралық сауда теориясын жасау кезінде экономикалық ой тауарлардың сұранысын зерттеуге және өндіріс факторларына негізделді, соның нәтижесінде сұранысқа көңіл бөлген жоқ. Бірақ, бәрімізге мәлім, әлемдік нарықта тауарларды ұсыну сұраныстың сонңынан қалмайды, сондақтан-да халықаралық сауданың осы замаңғы теориясы тауардың сұранысы мен ұсынысына бірдей көңіл бөледі. Ол қандай мәселелерді шешу керектігіне және қандай факторларға көңіл бөлу керектігіне баланысты аналитикалық мақсаттарда қолданылып келетін, алдындағы тарауда қарастырылған классикалық және неоклассикалық моделдерді жоққа шығармайды. Сондықтан-да қарастырылған моделдер танымалы мағынада, қазіргі деңгейде халықаралық сауданың тексеруінің (анализ) негізгі теориялық құралы болатын және әлемдік экономикалық ғылым ретінде танылған халықаралық сауданың стандарттық моделінің жеке жағдайы болып саналады.

Өндірушілер мен тұтынушылардың іс әрекеті.

Сұраныс пен ұсыныс балансының неоклассикалық моделіне негізделген, жалпы халықтық шекте жиынтық сұранысқа ерекше назар аударған халықаралық сауданың стандарттық моделі көптеген неоклассиктер мен экономистердің күштерінің бірігуінің нәтижесі болды. Стандарттық моделде қолданылатын жалпылама (базалық) түсініктемеге, әр жылдары ирландтық экономист Френсис Эджуорт пен австриялық тамырлары бар американдық экономист Годфрит Хеберлер негіз салды.

Классикалық моделдер нақты тауарлардың шектелген шеңберінде сұраныс пен ұсынысқа құрылды. Стандарттық модел өз шеңберін қазіргі заманның сұранысы мен ұсынысына дейін кеңейтті. Қарапайымдылық үшін не, қалай және алдымен, тек қана екі мемелекет бар (I және II) және екі тауар (1 және 2). Салыстырмалы артықшылықтар моделі қалыпты (ситуация) айырбастың тұрақты шығындар жағдайында қарастырды, яғни мүмкіндік өндірісінің шегінің графигі тік сызық болды да 2 тауарының қосымша бірлінгін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты санымен құрбандық ету керек. Бұл өзінің салыстырмалы артықшылықтардағы тауарына мемлекеттердің толық жағдайлығын және басқа мемлекеттердегі салыстырмалы артықшылығы бар тауарларды өндіруді тоқтатуды білдіреді. Көрініп тұрғандай бұл стандарттық модел үшін жеке жағдай болып табылатын экстемалды жағдай. Стандарттық модель жалпы экономикалық теориядан танымалы және экономикалық шындыққа аса сай келетін заңдылықтарды айырбастау шығындарының өсуі туралы түсініктемеден шығады.

@Айырбастың өспелі шығындары (increasind opportunity costs) 2 тауарының әрбәр бірлігін өндіру үшін 1 тауарының тұрақты емес, ал өспелі санымен құрбандыққа бару керек деп болжамдайды.

Баланс, мемлекеттердің бір-бірімен сауда байланысын жүргізгенге дейін трансформацияның (ұсыныс) шекті деңгейі мен айырбастың (сураныс) шекті деңгейі арысындағы қатынас арқылы тұрақталады. I мемлекетінің өндіру мүмкіндігінің қисығы А нүктесіндегі I шекті айырбас деңгейінде жанасады, онда ол мемлекеттің максималды қанағатына жетеді – мемлекет өзі өндірген 1 жіне 2 тауарларын максималды санын тұтынады. II мелекетінің өндіріс мүмкіншілігі қисығы А' нүктесіндегі I айырбасының шекті деңгейімен жанасады, ол сонымен қатар өз бойында бұл мемлекет үшін 1 және 2 тауарларын максималды мүмкін болатын тұтынуын көрсетеді. I мемлекетіндегі 1 тауарының салыстырмалы теңдік бағасы графикалы сызба бойынша А нүктесі бойынша өтеді, және 2 тауарының ½ құрайды. II мемлекетінде бұл 1 тауарының салыстырмалы бағасы графикалық сызбада А' нүктесінен өтетін тік сызықпен көрсетілген, және 2 тауарының 4 бірлігін құрайды. Р/А Р/А болғандықтан I мемлекеті 1 тауарына салыстырмалы артықшылықтар иемденеді, ал II мемлекеті – 2 тауары бойынша. Екі тауардың өндірістің (V) максималды көлемі А және А' нүктелерінде жетеді сәйкесінше I және II мемлекеттерінде, мұнда Q және Q – 1 және 2 тауарларының өндіріс көлемі.

4.1 сүретіндегі өндіріс мүмкіншілігінің қисығы I мемлекеті салыстырмалы ерекшелікке иемденетін 1 тауарының әрбір қосымша бірлігінің өндірісін қамтамасыз уте үшін 2 тауарын көбірек беру керектігін көрсетеді.II мемлекетінің өндіріс мүмкіншіліктер графигі салыстырмалы артықшылықтар алатын 2 тауарының әрбір келесі баірлігін өндіру үшін 1 тауарының барған сайын көп бірлігін құрбан ету тиістігін көрсетеді.
@Трансформацияның шекті деңгейі.(marginal rate of transformation) – 1 тауарының қосымша бірлігін алу үшін өндіріс қысқартуға керекті, 2 тауар бірлігінің саны.

Графикалық сызда маңызы бойынша экономиканың жалпы теориясы қолданылатын өндіріс мүмкіншіліктер қисығы, бірақ бір тауардық басқасына айырбастаудың шығындарының өсуін көрсетеді. Мемлекетке 1 тауарының қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауарының бірлігінің көбірек санынымен құрбандықетуге баруы тиіс. Сондықтан да график айырбас шығындары тұрақта деп көрсетілген салыстырмалы артықшылықтар теориясында түзу емес қисық сызықты болады.


@ Айырбастың шекті деңгейі (marginal rate of substitution) – 1 тараудың қосымша бірлігін алу үшін 2 тауар бірлігінің сонымен құрбандық етілуі және сонымен қатар алдында болған тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз ету.

Сызба бойынша бұл екі тауардың барлық бар болған сәйкестігін көрсететін мемлекет деңгейіне дейін созылған талғамсыздық қисығының баламасы. Оларды тұтыну тұтынушыға бірдей деңгейдегі икемділікті әкеледі. Ол оның игілікті жағдайы құламай және сол деңгейде қалу үшін тұтынушыдан тартып алынатын тауардың тауардың қандай санына айырбасталу керектігін көрсетеді. Айырбастаудың шекті деңгейі нарықта болатын сұранысты мінездемелейді.

Стандартты модель келесі ерекшеліктермен мінезделеді:


  • әртүрлі тауарлардың шығарылуының нақты бар болатын қатынасын көрсетеді. Әртүрлі мемлекетте әртүрлі болады,да оларды бір-бірімен сауда-саттық жүргізуге итермелейді;

  • егер қисықтар бірдей болса, яғни тауар шығарылуының елде ұқсаса, онда сауда өте жақын орналасқан мемлекеттерде де ешқашан толығымен ұқсас болмайтын тұтынушылардың талғам мен қалауындағы айырмашылықтарға негізделген;

  • ұсыныс трансформацияның шекті деңгейінің қисығымен анықталады;

  • халықаралық сауда жүзеге асырылатын теңдік бағасы тауарға халықаралық сұраныс қатысының халықаралық ұсыныс қатысына қатынасын анықтайды.



Саудасыздық кезіндегі баланс.
Баланс, мемлекеттердің бір-бірімен сауда байланысын жүргізгенге дейін трансформацияның (ұсыныс) шекті деңгейі мен айырбастың (сураныс) шекті деңгейі арысындағы қатынас арқылы тұрақталады(4.1 сүр). I мемлекетінің өндіру мүмкіндігінің қисығы А нүктесіндегі I шекті айырбас деңгейінде жанасады, онда ол мемлекеттің максималды қанағатына жетеді – мемлекет өзі өндірген 1 жіне 2 тауарларын максималды санын тұтынады. II мелекетінің өндіріс мүмкіншілігі қисығы А' нүктесіндегі I айырбасының шекті деңгейімен жанасады, ол сонымен қатар өз бойында бұл мемлекет үшін 1 және 2 тауарларын максималды мүмкін болатын тұтынуын көрсетеді. Сонымен қатар талғамсыздық қисықтары қиылыса алмайтындықтан, ал мемлекет ресурстардың шектеулігінен бұдан жоғары талғамсыздық қисығына жете алмайтындықтан әр мемлекет үшін максималды қанағаттанудың бір нүктесінде ғана өмір сүре алмайды.

Көрініп тұрғандай әр мемлекетте А және А' нүктелерінде 1 және 2 тауарлары өндірістік мүмкіншіліктер қисығының көнфигурацияның өзгеру күшіне және айырбастың шекті деңгейіне қатысты әртүрлі болады. I мемлекетіндегі 1 тауарының қатынастық теңдігі түзу болып көрінеді, А нүктесінен өтеді, және 2 тауарының ¼ құрайды, яғни


PA=P1/P2=1/4 (4.1)
II мемлекеттіндегі 1 тауарының салыстырмалы бағасы А' нүктесінен өтетін түзу болып көрінеді, және 2 тауарының 4 бірлігін құрайды, яғни
РА =Р1 /P2=4 (4.2)
Мүмкін, РА < РА' болғандықтан I мемлекетті 1 тауарына салыстырмалы артықшылықтарға иемденеді, ал II мемлекеті 2 тауарына қатысты. Екі тауардың өндірістің (V) максималды көлемі А және А' нүктелерінде жетеді сәйкесінше I және II мемлекеттерінде, мұнда Q және Q – 1 және 2 тауарларының өндіріс көлемі.
Р1 *Q1 + Р2 * Q2 = V (4.3)
Сауда кезіндегі баланс.
Сауданың бастамасымен 1 тарауын өндіруде маманданған және салыстырмалы артықшылығымен иемденген I мемлекетті 2 тауарының өндірісін қысқарта отырып 1 тауарының өндірісін жоғарылатады, және өндіріс мүмкіншіліктеріқисығындағы өндіріс нүктесі А нүктесінен төмен бағытта қозғалады. 2 тауарының өндірісінде салыстырмалы артықшылығы бар II мемлекеті оның өндірісін 1 тауарының өндірісін жоғарылатады, және өндіріс мүмкіншіліктер қмсығындағы өндіріс нүктесі А'-дан жоғары бағытқа қарай жылжиды (сүр 4.2). Бұл іс әр мемлекеттегі салыстырмалы бағалар тең болмағанға дейін созылып жатады Жаңа салыстырмалы баға РА = ¼ пен РА=4

Аралығында жатады, берілген жағдайда I мемлекетінде В нүктелерінен өтеді және II мемлекетте В' нүктесінен, ал РВ =РВ' = 1 тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылықтар теориясы бітеді. Стандарттық модель оның интерпретациясының айырбастау шығындарының өсуінің есебінде сәл өзгергенін ұсынады.

Бұдан кейін сұраныс анализінің элементі еңгізіледі. Бәріміз білетіндей баланстанған экономикада тауарларды тұтынукөлемі оның өндірісіне тең боллуы керек, яғни графикалық сызба бойынша олар қиылысу керек. Егер D1 және D2 – 1 және 2 тауарларын тұтыну болса, онда
Р1*D1+P2*D2 =P1*Q1+P2*Q2=V (4.4)
I мемлекеті 1 тауарын 60 бірлікке көп өндіреді, оны II мемлекетіне экспорттайды (ВС векторы) және II мемлекетінде 2 тауарының 60 бірлігін сатып алады. (СЕ векторы) II мемлекеті 2 тауарының 60 бірлігін көп өндіруді және оны I мемлекетіне экспорттайды (В'С' векторы) және 1 тауарының 60 бірлгін сатып алады (С'Е' векторы). Нәтижесінде I мемлекетінде сұранысты міндеттемелейтін айырбастың шекті деңгейінің қисығы II деңгейіне орын ауыстырады және I мемлекетті 1 және 2 тауарларының 20 бірлікке көп тұтына алатын Е нүктесінде салыстырмалы теңдік бағасының қисығымен жанасады. II нүктесі I нүктесінен жоғары орналасқандықтан I мемлекетімен екі тауарды тұтыну мүмкіншілігі өсті. Аналогикалық жағынан II мемлекетіндегі айырбас деңгейінің шекті қисығы II' деңгейіне өтті, және Е' нүктесінде салыстырмалы теңдік қисығымен жанасады, онда II мемлекеті 1 тауарын да, 2 тауарын да 20 бірлікке көп тұтына алады. II' қисығы I' қисығынан жоғары орналасқандықтан, II мемлекетімен екі тауарды да тұтыну мүмкіндігі өсті.

Салыстырмалы артықшылықтар моделінен гөрі сауданың нәтижесінде өндірісте I және II мемлекеттерінің мамандануы болып жатқан жоқ, сәйкесінше 1 және 2 тауарлары да. Бұл айырбастың өспелі шығындарының нәтижесі. I мемлекеті 2 тауарының белгілі бір санын өндіруді жалғастыра береді, ал II мемлекеті – 1 тауарының белгілі бір санын. Өзара қайтарылмалы (взаимный) саудадағы теңдік бағасы салыстырмалы артықшылықтарға ие болатын тауар өндірісініде әр мемлекеттің толық мамандануы болғанға дейін орнайды. Өзара қайтарылмалы саудадағы теңдік бағасына қол жеткеннен кейін әр мемлееттінң ары қарай мамандануы мәнін жоғалтады: айырбастың өспелі шығындардың арқасында тауарды шет елден сатып алғаннан қарағанда қамбат болады. 4.2 сүретінде теңдік бағасы әр мемлекеттің толық мамандануы жүзеге асырылғанға дейін, өндіріс нүктесі, толық мамандану бағытына жылжыса да РВ=РВ=1 мағынасында анықталды, бірақ I мемлекетінде көлденеңінен орналасқан осіне және II мемлекетінің тік орналасқан осіне қатысты жетпеді.



Саудадан түсетін ұтыс


Бірінші мемлекет пен екінші мемлекеттің арасындағы 1 және 2 тауарларлармен саудадағы салыстырмалы баға теңдігі қателер мен пайдаланып көру әдістерімен анықталған. Бірінші мемлекетте екінші мемлекет экспорттайтын 2 тауарына сұраныс қаншалықты жоғары болса, және екінші мемлекетте бірінші мемлекетпен экспорталатын 1 тауарына деген сұраныс қаншалықты төмен болса, соншалықты нақты жүретін саудадағы баға бірінші мемлекеттінң салыстырмалы бағасына тұра келеді. Және қаншалықты саудаға дейін болған бағаға сауданың бағасы жақын болса, соншалықты бұл мемлекеттің саудадан түсетін ұтысы кем болады. Қарастырылған модельде саудадан түскен ұтыс екі мемлекетте де бірдей болады. Бірақәр мемлекеттегі тауарға деген сұраныстың әртүрлі болатындығын ескерсек, онда ұтыс сонда-ақ тең емес пропорцияларда орнайды. Ал әр мемлекеттегі саудаға дейіңгі салыстырмалы бағалар бірдей болатын болса, онда ешқандай сауда мен, ешқандай ұтыс мүлдем болмауы мүмкін. Әр мемлекет үшін сауда,тек қана, сол мемлекет саудадан белгілі бір ұтыс алатын болса ғана мағыналы болады. Өз құрылымы бойынша айырбастан түскен ұтыстан және маманданудан түскен ұтыстан тұрады.
@Айырбастан түсетін ұтыс (gains from exchange) – мемлекеттің басқа мемлекеттермен сауда қатынасына тұрғаны үшін ғана алынатын артықшылықтар.

Қарастырылатын мысалды жалғастыра отырып, бірінші мемлекет екнші мемлекетпен сауда саттық қатынастарға тұрғаннан кейін де 1 тауар бойынша мамандана алмайды немесе маманданғысы келмейді деп қарастырсақ,және өндіріс мүмкіншіліктер қисығында А нүктесінде анықталатын көлемдерде сауданың басына дейінгідей оны сонда да оны өндіре беретінін қарастырайық (сүр. 4.3). Бірақ халықаралық салыстырмалы баға бірінші мемлекеттің ішкі салыстырмалы бағасындай ¼ емес, 1-ге тең болады. Сәйкесінше, онда маманданусыз да белгілі бір бағалық қор болады.Сондықтан да бірінші мемлекет 1 тауарының мамандануы сыз және 2 тауарының 20 бірлігіне айырбас ретінде 1 тауарының 20 бірлігін халықаралық бағамен сата алады. Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болғандай, айырбастың шекті деңгей қисығы II жоғарыға қарай жылжығандықтан тұтыну өседі. Ешқандай мамандану болмағандақтан, тұтынудың А нүктесінен Т нүктесіне дейін жылжуы бірінші мемлекеттің екінші мемлекетпен саудаға тұрғаннан ғана-ақ ұтыс алатынын көрсетеді, яғни айырбастан.



@Маманданудан түсетін ұтыс (gains from specialization) – мемлекеттің өзінің күшін сауда шарттарында салыстырмалы артықшылықтар алатын тауарларға негізделгені үшін алынатын артықшылықтары.

Бірінші мемлекеттің жоғарыда қарастырылған моделде болжанғандай 1 тауардың өндірісіне маманданған деп қарастырайық. Нәтижесінде өндіріс нүктесі А-дан өндіріс мүмкіншіліктері қисығы бойынша төмен бағытта В-ға дейін жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, Мемлекет екінші мемлекеттен 1 тауарының 60 бірлігін 2 тауардың 60 бірлігіне айырбастай алатынын көрсете алады. Нәтижесінде тұтыну Е нүктесіндегі III айырбастың шекті деңгей қисығында орын алады. Тұтынудың В-дан Е-ге жылжуы мемлекеттің маманданудан ұтыс алғанын көрсетеді.


Үлкен және кіші мемлекеттер арасындағы сауда.

Халықаралық сауданың стандарттық моделі жеке жағдайлардың үлкен көлемінде көрініс алуы мүмкін. Мысалы бұндай стандартты моделдің жеке жағдайлары болып, жоғарыда қарастырылған, стандарттық модель шығатын, айырбастың өспелі шығындарының жеке жағдайы болып табылатын, айырбас шығындарының тұрақтылығын болжамдайтын, салыстырмалы артықшылықтар теориясы болады. Сонымен қатар стандарттық модель, әр сауда жасайтын мемлекеттің ішкі салыстырмалы бағалары халықаралық бағаның теңдігінің құрылуына әсер тигізетінін болжамдайды. Бірақ жеке жағдайда, бір мемлекет өзінің серіктестігінен салыстырмалы кіші болатын болса, оның ішкі бағаларымен қолданбауға болады. Егер сауда үлкен мен кіші мемлекеттер арасында дамып жатса, онда салыстырмалы артықшылықтар теориясына сәйкес айырбастың тұрақты шығындары кезінде, тек қана кіші мемлекет салыстырмалы артықшылық алатын тауарға толық маманданады. Бірақ толық мамандану кезінде де кіші мемлекетнақты тауар бойынша үлкен мемлекеттің талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да үлкен мемлекет салыстырмалы артықшылықтар алатын тауарлардың мамандануына қоса, кіші мемлекет салыстырмалы артықшылықтар алатын тауарды өндіре береді.

Айырбастың шығындарының өсуі жағдайында толық емес мамандану кіші мемлекетте пайда болады. Бұны I мемлекеті үшін 4.2 сүретінің мысалында көрсетуге болады. I мемлекеті – өте кішкентай , ал II мемлекеті – өте, үлкен деп болжамдайық. Бұл, ең алдымен, кіші мемлекеттегі бағаның өзгеруі үлкен мемлекеттегі ішкі бағаларының өзгеруіне ешқандай әсер тигізбейтігін көрсетеді. Кіші мемлекеттің әсерінсіз орнатылған халықаралық салыстырмалы баға бұрыңғыдай PW=1 құрайды. Кіші мемлекет салыстырмалы бағасы әлемдіктен төмен Р1=1/4 болатын 1 тауарында мамандана бастайды, және оның өндірісінде А нүктесінен В нүктесіне дейін жылжиды. В нүктесінде толыұ мамандану әлі орнамайды, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдікпен сәйкестенеді. Үлкен мемлекетке 1 тауарының 60 бірлігінэкспорттап, және одан 2 тауарының 60 бірлігін импорттап, кіші ел айырбастың шекті деңгей үлкенірек қисығына өтеді және Е нүктесінде екі тауардың көбірек санын тұтына бастайды.

Көрініп тұрғандай, бәрі I мемлекеті кіші болып саналмаған стандартты моделіндегідей болады. Айырмашылық, үлкен мемлекеттердің сұранысы мен ұсынысы әсерінен белгіленетін салыстырмалы әлемдік бағаға кіші мемлекеттің ішкі салыстырмалы бағалары ешқандай әсер тигізбейтіндігінде, және де берілген жағдайда кіші мемлекет саудадан түскен пайданы үлкен-серіктес мемлекетпен бөліспейтіндігінде.


Талап айырмашылығы негізінедегі сауда

Стандартты модельдің жеке жағдайы болып, сауда жүргізетін мемлекеттерінің өндіріс мүмкіншіліктері толық сәкес келген жағдайда, нәтижесінде олардың арасындағы сауда тұтынушылардың талаптарының негізінде ғана дамиды. Жоғарыда қарастырылған модельде әр мемлекеттің осы немесе басқа тауардың өндірісіндегі бастапқы көрінісіөндіріс мүмкіншіліктеріндегі айырмашылықтар мен тұтыну деңгейінде болды. Бірақ, екі мелекеттің өндірістік мүмкіншіліктері толық ұқсас болады және графикте бір қисық болып көрсетілетін жағдайды сипаттауға болады. Бұл, 1 тауарының қосымша бірлігін өндіру үшін, әр мемлекеттен 2 тауарының бірдей санымен құрбан ету керектігін білдіреді. Еш мемлекет еш тауардан салымстырмалы артықшылықтарға ие болмайды. Бұл жағдайда олардың арасындағы сауда дамиды ма?

Бұл сұрақтың жауабы сұраныс анализінде толық негізделеді. Шындыққа аз ұқсас, екі мемлекеттегі ұсыныс щарттары бірдей болса да, талап пен талғам мағынасындағы сұраныс әртүрлі болатындығы барынша мәлім. Графика бойынша бұл жағдай келесі түрде болады (4.4) Екі мемлекет те тұтынушылардың талаптары әртүрлі болғандақтан, өндірістік мүмкіншілігінің ортақ қисығына ие, бірақ айырбас шекті деңгейінің әртүрлі қисықтары болады (I және I'). Екінші мемлекет үшін А' нүктесіне қарағанда, бірінші мемлекет үшін талаптарды максималды қанағаттандыру нүктесі А жоғары орналасқандықтан, бірінші мемлекет салыстырмалы артықшылықты 1 тауарынада иемденеді, ал екінші – 2 тауарында.

Базалық модельдегідей сауда басталғаннан кейін бірінші мемлееттік А нүктесі В нүктесіне қарай оңға қарай төмен бағытта жылжиды, ал екінші мемлекеттің А' нүктесі В' нүктесінің бағытынақарай. Олар бір-біріне сәйкес келген соң (В = B' = 1), салыстырмалы тепе-теңдік бағасы пайда болады. Бұл баға бірінші мемлеет екіншісіне 1 тауарының 60 бірлігін сатып, айырмасына 2 тауарының 60 бірлігін алады (ВС және СЕ векторлары) екінші мемлекет болса 2 тауарының 60 бірлігін импорттайды (ВС және С'Е' векторлары). Нәтижесінде бірінші мемлекеттің тұтыну деңгейі жаңа айырбастың шекті деңгей қисығындағы II Е нүктесіне дейін өсті, ал екінші мемлекеттің деңгейі жаңа II' қисығында Е'-ге дейін. Екі мемлекет те 1 және 2 тауарларының тұтынуының 20 бірлікке көтерді. Сонымен халықаралық сауданың қазіргі заманғы теориясы тауарлардың сұранысына да, ұсынысына да бірдей көңіл бөледі. Ұсыныс трансформацияның шекті деңгейімен мінездемеленеді, ал сұраныс – айырбастың шекті деңгейімен. Сонымен баланс әр мемлекеттің ішкі нарығында баланс, мемлекеттердің бір-бірімен сауда байланысын жүргізгенге дейін трансформацияның (ұсыныс) шекті деңгейі мен айырбастың (сураныс) шекті деңгейі арысындағы қатынас арқылы тұрақталады. Сауда жағдайында баланс көру мен қате әдістері арқылы мемлекет ішіндегі тауардың салыстырмалы бағасы мен оның шет елдегі бағасын салыстырады, және тепе-тедік бағасына қарай тұрақты жылжуына негізделеді. Әр мемлекет салыстырамлы артықшылықтарға ие болатын тауардың өндірісін жоғарылатып екінші мемлекеттің салыстырмалы артықшылыққа ие болатын тауарларға айырбастайды. Шын өмірде айырбас шығындары тұрақты болмағандықтан, сауда нәтижесіндеәр мемлекетте өзінің салыстырамлы артықшылықтары алатын тауарларын өндірудемамандану жүзеге аспайды, сауда нәтижесінде әр мемлекет салыстырмалы артықшылықтар алатын тауардың өндірісінде бар күшін жұмсағаны үшін басқа мемлекетпен сауда-саттық жүргізген үшін алатын артықшылықтарды алуы. Айырмашылық, үлкен мемлекеттердің сұранысы мен ұсынысы әсерінен белгіленетін салыстырмалы әлемдік бағаға кіші мемлекеттің ішкі салыстырмалы бағалары ешқандай әсер тигізбейтіндігінде, және де берілген жағдайда кіші мемлекет саудадан түскен пайданы үлкен-серіктес мемлекетпен бөліспейтіндігінде.

Жеке жағдайда серіктес-мемлекеттердің өндірістік мүмкіншіліктердің ұқсас болуының нәтижесінде, сауда тұтынушылардың талғам айырмашылығына негізделеді, және пайданы екі мемлекет те алады.
2. Жалпы тепе-теңдік теориясы

Калашников көпесінің тауарына деген сұраныс жеткіліксіз болғандықтан сауда болған жоқ. Сол сияқты тауарға деген сұраныс болмаса халықаралық сауда болмайды. Сондықтан да әр халықаралық сауданың стандарттық моделінің ары қарай дамуы сыртқа және ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың жалпыламаның соңғы жалымен және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс шегіндегі халықаралық сауданың нақты параметрлерін анықтаумен жүріп кетті.



Өзара келісті сұраныстың ерекшеліктері

Дж. Миллем сөзбелі сүреттеген өзара келісімді, экономиканың неоклассикалық мектебінің ұсынушысы ағылшын экономисі Альфред Маршалмен және XX ғасыр кезіндегі маржиналистерінің ұсынушысы Френсис Эджуортпен жарыққа шығарылды. Солмезеттен бастап ол халықаралық экономикаға қолданылмалы дамуын еңгізді, және дәл уақытта халықаралық сауданы дәлелдейтін ең басты теория болып табылады. Бұған ең үлкен үлесті ағылшын экономисі Джеймс Мид салды. Ол әлемдік саудадағы капиталдың қозғалысын зерттеу үшін 1997ж. Нобельдік сыйлығын Бертил Олимен бөлісті.


@ Өзара келісімді сұраныс (reciprocal demand) – сұраныс пен ұсынысты синтездейтін және мемлекеттің экпортқа басқа тауардың әртүрлі санын сатуға ынталандыру үшін импорттық тауардың қандай саны керек екенін көрсететін көрсеткіш.

Өзара келісімді сұраныс қисықтары (offer curves) – сауда нәтижесінде пайда болған экспорттық және импорттық жұптың арасындағы қатынасты немесе әртүрлі салыстырмалы бағалары кезінде импорттауға және экспорттауға зауқымының болуы. Өзара келісімді сұраныс қисықтарының графикалық илюстрациясы үшін 4.5 сүретін қарастырайық. Сол бағанда орналасқан графиктер, халықаралық сауданың стандартты моделін қарастырғаннан танымалы. Оң бағанда орналасқан графиктер экспор пен импортты арасындағы байланысты орналастырады.

Жоғарыда көрсеткендей, халықаралық сауданың көлемі, тауардың ішкі өндіріс мен оны тұтыну айырмашлықтар бар. Өндіріс тұтынудан жоғары болған жағдайда,мемлекет экспорттайды, кем болғанда – импорттайды. Сәйкесінше, 1 және 2 тауарларының өндіріс көлемі (ұсыныс) –Q1 және Q2 ,ал D1 және D2 – 1 және 2 тауарларын тұтыну (сұраныс), онда
(Q1 – D1) – 1 тауарының экспорты,

(D2 – Q2) – 2 тауарының импорты.


Халықаралық сауда теориясы салыстырмалы баға теориясын қолданатындықтан, жалпы тепе-теңдік шарты байынша 2 тауарының иморты оның қатысты салыстырмалы бағасына көбейтілген 1 тауарының экспортына тең болуы керек, яғни
D2 – Q2 = (Q1 – D1 )* P1 / P2 (4.5)
Стандартты моделдегідей, I мемлекеті саудасыздық жағдайында А нүктесіне сәйкес келетін деңгейде өндіреді және тұтынады, сауданы бастағаннан кейін оның тұтынуы Е нүктесіне жылжиды. Е нүктесіндегі тұтыну деңгейіне шығу үшін, I мемлекеті 1 тауарның 60 бірлігін II мемлекетіне сатады және одан 2 тауарының 60 бірлігін сатып алады, бұл жағдайда салыстырмалы баға Р1/Р2=1. I мемлекетінің экспорт пен импорт көлемдерінің арасындағы өзарабайланысты бөлек жеке графикке орнын ауыстырсақ, нәтижесінде оң жақтағы бағамда I мемлекеімен тіленетін 2 (60 бірлік) тауарының импорт көлемін қамтамасыз ету үшін сол мемлекеттің 1 (60 бірлік) тауарының тіленетін экспортының көлемі Е нүктесі пайда болады. Е нүктесі берілген салыстырмалы баға бойынша (Р1-Р2) I мемлекет II мемлекетіне (Q1 - D1) 2 тауарының импортына (D2-Q2) айырбас ретінде 1 тауарын экспорттауды ұсынатындығын көрсететін өзара келісімді нүктесі болып табылады.

Егер салыстырмалы баға өзге болса, онда импорт пен экспорт көлемі өзге болады. Берілген жағдайда салыстырмалы бағаның ½ дейін құлауы, I мемлекеті Н нүктесінде 1 тауарының 40 бірлігін экспорттай отырып 2 тауарының 20 бірлігін ғана тұтына алады. ¼ салыстырмалы бағасында эспорт та, импорт та болмайды. Бұл жолмен әртүрлі салыстырмалы бағалары кезінде бірнеше өзара келісімді сұраныс нүктелерін таба отырып, I мемлекеті үшін өзара келісімді сұраныс қисығын тұрғызуға болады.

II мемлекеті үшін өзара келісімді сұраныс қисығын аналогикалық әдіспен, тек-қана көлденеңінен орналасқан осьте 1 тауарының импортында (D1' – Q1') II мемлекетінің сұранысы, ал тігінен орналасқан осьте – оның 2 тауары үшін (Q2' – D2') экспорттау талғамы орналасқан айырмашылығында тұрғызуға болады. Бұрыңғысынша, Е нүктесіндегі тұтыну деңгейіне шығу үшін, II мемлекеті 2 тауарның 60 бірлігін I мемлекетіне сатады және одан 1 тауарының 60 бірлігін сатып алады, бұл жағдайда салыстырмалы баға Р2'/Р1=1. Нәтижесінде графиктің оң жық бағамындада II мемлекетімен тіленетін 1 (60 бірлік) тауарының импортының көлемін қамтамасыз ету үшін сол мемлекеттің 2 (60 бірлік) тауарының тіленетін экспортының көлемі Е' нүктесі пайда болады. Е' нүктесі берілген салыстырмалы баға бойынша (Р2-Р1) II мемлекет I мемлекетіне (Q1 - D1) 2 тауарының экспортына (D2-Q2) айырбас ретінде 1 тауарын импортауды ұсынатындығын көрсететін өзара келісімді нүктесі болып табылады.

Р=2 салыстырмалы бағасының жоғарылауы жағдайында, II мемлекеті Н' нүктесінде 2 тауарының 40 бірлігін экспорттай отырып 1 тауарының 20 бірлігін ғана тұтына алады. Р=4 салыстырмалы бағасында эспорт та, импорт та болмайды. Бұл жолмен әртүрлі салыстырмалы бағалары кезінде бірнеше өзара келісімді сұраныс нүктелерін таба отырып, II мемлекеті үшін өзара келісімді сұраныс қисығын тұрғызуға болады.

I мемлекеті үшін өзара келісімді сұраныс қисығы көлденеңінен орналасқан осьінің бағытына қарай майыстырылған. Бұл I мемлекеті 1 тауарын өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болатындығын көрсетеді. II мемлекет үшін өзара келісімді сұраныс қисығы тігінен орналасқан осьтің бағытына қарай майыстырылған. Бұл, өз кезегінде, II мемлекеті 2 тауарын өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болатынын көрсетеді. I мемлекетін 1 тауарының көп экспорттауға итермелеу үшін, оның салыстырмалы бағасы өсу керек. II мемлекетін 2 тауарының көбірек санын экспорттауға қызығушылық тудыру үшін, оның да салыстырмалы бағасы өсу керек.
Халықаралық тепе-теңдік

Жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін I мемлекетінің 1 тауарының экспорты II мемлекетінің 1 тауарының импортына тең болуы керек және I мемлекетінің 2 тауарының экспорты II мемлекетінің 2 тауарының импортына тең болуы керек, яғни


Q1–D1=D1'–Q1'

D2–Q2=Q2'–D2' (4.6)


Бір графикте көрсетілген I және II мемлекеттерінің өзара келісімді сұраныс қисықтары халықаралық сауданың барлық мүмкін болатын параметрлерін анықтайды. (4.5 сүр.) ОЕ сызығының еңкею бұрышы олар арасындағы сауданың жүзеге асырылатын салыстырмалы бағаны құрайды, ОG – I мемлекетімен экспортталған және II мемлекетімен импортталған 1 тауарының нақты саны, ОG' – I мемлекетімен импорттаған және II мемлекетімен экспортталған 2 тауарының нақты саны. Е=Е' нүктесі 1 тауарының белгілі-бір саны 1 таарының белгілі-бір санына айырбасталатын нақты салыстырмалы бағаны анықтайды. Нәтижесінде халықаралық деңгейдегі тепе-теңдік жағдайы пайда болады.
@ Жалпы/ халықаралық тепе-теңдік (general/international eguilibrium) – халықаралық және ішкі саудадағы тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың біркелкі теңесуі.(ішкі және әлемдік саудада)

Кез келген салыстырмалы баға кезінде (P=4, P=2, P=1/4 немесе P=1/4) I мемлекеті мен II мемлекттері экспорттағысы немесе импорттағысы келетін 1 және 2 тауарларының саны бірдей болмайды. Сұраныс ұсыныстан жоғары болады немесе, керісінше ұсыныс сұраныстан жоғары болады. Бұл мемлекеттерді өзара келісімді талаптарын есепке алуға және тепе-теңдік нүктесіне жылжуға күштейді. Біздің мысалда 1-ге тең салыстырмалы баға бойынша I мемлекетімен 1 тауарының 60 бірлігінің экспорты және II мемлекетінің тура осындай санының импорты нарықта тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. ½ салыстырмалы бағасы кезінде,I мемлекет экспорттауға 1 тауардың тек 40 бірлігін ғана ұсына алады, бұл, II мемлекеттің сатып алғысы келетінінен аз болып келеді. Шектеулі ұсыныс және шегінен тыс болып келетін сұраныс салыстырмалы бағаны 1-ге тең болатын тепе-теңдік жағдайына дейін өсуге күштейді. Жалпы тепе-теңдік моделінің көмегімен табылған сауда параметрлері бізбен халықаралық саданың стандарттық моделімен анықталған параметрлерне толық сәйкес келеді (4.2 сүр.).



Сонымен, халықаралық сауданың стандарттық моделі халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік моделі болып табылады және мемлекет ішіндегі тауарға деген сұраныс пен ұсынысты шет елдегі тауарға деген сұраныс пен ұсынысты байланыстырады. Ол мемлекетті экспортқа басқа тауардың көптеген өзге де санын сатуға ынталандыру үшін, мемлекетке импортталатын тауардың қандай саны қажет екенін көрсететін өзара келісімді сұраныс тұсінігіне негізделген. Модель халықаралық саудның барлық негігі параметрлерін зерттеуге және онымен байланысты ұлттық экономика параметрлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ол тұтынушылардың өндіріс (ұсыныс) және талғам (сұраныс) шарттарын және әр мемлекеттің салыстырмалы артықшылықтары сияқты саудасыздық жағдайындағы салыстырмалы тауарлық бағаларды көрсетеді. Сауда шартында модель әр тауардың өндірісінде мемлекеттердің мамандану деңгейін, сауданың физикалық көлемін, сауда шарттарын, саудадан түскен табысты және оның мемлекеттер арасындағы бөлуді көрсетеді. Жалпы/халықаралық тепе-теңдік ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраныс пен ұсыныс теңескенде жүзеге асырылады (ішкі және халықаралық нарықта).



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет