334 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 269 жазбаша өтініш, Агенттіктің электронды адресіне келіп түскен 14



жүктеу 154.58 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі154.58 Kb.
Банк секторы

2010 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 334 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 269 жазбаша өтініш, Агенттіктің электронды адресіне келіп түскен 14 өтініш және Агенттік Төрайымының атына Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) келіп түскен 51 өтініш, олардың:

157 екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты (жалпы санының 47.00%), 147 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 66 өтінішті қоса алғанда) - 4 негізделген (жалпы қаралған өтініштер санының 2.7%);

9 өтініш – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 2.70%), 7 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 4 өтінішті қоса алғанда) - 0 негізделген;

30 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 8.98%), 35 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 26 өтінішті қоса алғанда) - 5 негізделген (қаралған өтініштердің жалпы санынан 14.28 %);

6 өтініш – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 1.80%), 6 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 4 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

29 өтініш – жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты (жалпы санының 8.68%), 36 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 16 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

80 Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - ҚР) заңнамасының нормаларына түсіндірмелер беру туралы өтініштермен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдауын тездету туралы ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың сұратулары (оның ішінде қаржы ұйымдардың) (жалпы санының 23.95 %);

23 өтініш Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша (жалпы санының 6.89 %).



Төменде 2010 жылғы қыркүйек айындағы екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, ЖЗҚ, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, акционерлік қоғамдар бөлігіндегі өтініштер туралы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары,

акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңнің соңында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Екінші деңгейдегі банктер

1

«Альянс Банкі» АҚ

35

22.29

15

20

2

«Казкоммерцбанк» АҚ

28

17.83

9

19

3

«Темірбанк» АҚ

21

13.38

15

6

4

«Банк ЦентрКредит» АҚ

16

10.19

11

5

5

«БТА Банк» АҚ

11

7.01

8

3

6

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

11

7.01

6

5

7

«Kaspi Bank» АҚ

11

7.01

10

1

8

«Цеснабанк» АҚ

6

3.82

0

6

9

«Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

6

3.82

2

4

10

«Еуразиялық банк» АҚ

3

1.91

1

2

11

«АТФ Банк» АҚ

3

1.91


0

3

12

«HSBC Bank Kazakhstan» АҚ ЕБ

2

1.26

0

2

13

«RBS (Kazakhstan)» АҚ

1

0.64

1

0

14

«Нұрбанк» АҚ

1

0.64

1

0

15

«Хоум Кредит Банк» АҚ

1

0.64

1

0

16

«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ

1

0.64

1

0

 

Жиынтығы:

157

100

81

76

47.00*

*- өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы

** - өтініштердің барлығы негізделген болып табылған жоқ


2010 жылғы қыркүйек айында Агенттікке банк қызметінің мәселелері бойынша 157 өтініш келіп түсті.

Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қалуда:



  • заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін беру, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкасын азайту жағына қарай қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды алып тастау арқылы заемдарды қайта құрылымдау;

  • заемдарды қайта қаржыландыру;

  • кепілге салынған мүлікті соттан тыс іске асыру;

  • заем бойынша ай сайынғы төлемді, есептелген өсімпұлды есептеудің дұрыстығын тексеру;

  • салымдарды қайтару;

  • төлем карталары арқылы төлемдер жасау мен аударым жасау, сондай-ақ пластикалық карталармен жасалатын өзге де операциялар.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Төменде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген ***.

2-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру кезеңдерінде келіп түскен және қаралуы 01.09.10 ж. дейін аяқталмаған өтініштер

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Қаралуы 2010ж. қыркүйекте аяқталды,

саны**

Есепті кезеңнің соңында қарау үстінде, саны

1

«Казкоммерцбанк» АҚ

22

30.14

20

2

2

«Альянс Банкі» АҚ

11

15.07

10

1

3

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

10

13.70

10

0

4

«БТА Банкі» АҚ

9

12.33

7

2

5

«АТФ Банк» АҚ

8

10.95

8

0

6

«Банк ЦенрКредит» АҚ

5

6.85

4

1

7

«Еуразиялық банк» АҚ

1

1.37

1

0

8

«Метрокомбанк» АҚ

1

1.37

0

1

9

«Цеснабанк» АҚ

1

1.37

1

0

10

«RBS (Kazakhstan)» АҚ

1

1.37

1

0

11

«Хоум Кредит Банк» АҚ

1

1.37

1

0

12

«Банк «Астана-Финанс» АҚ

1

1.37

1

0

13

«Kaspi Bank» АҚ

1

1.37

1

0

14

«Темірбанк» АҚ

1

1.37

1

0

 

ЖИЫНТЫҒЫ:

73

100

66

7

**- өтініштердің барлығы негізделген болып табылған жоқ

***- алдыңғы есеп беру кезеңдеріндегі мәліметтер нақтыланған



Сонымен қатар 3-кестеде есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер қызметіне қатысты қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе бағалы қағаздар нарығында қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттар талаптарын бұзу негізділігінің көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2010ж. қыркүйек айында аяқталған өтініштер

Саны

негізделген шағымдар

негізделгендердің жалпы санының негізделгендер %

анықталған ҚР заңнамасын және/немесе шарттың талаптарын бұзушылықтары бар шағымдар

анықталғандардың жалпы санының анықталғандар %

1

«Казкоммерцбанк» АҚ

29

1

25.00

1

20.00

2

«Альянс Банкі» АҚ

25

0

0.00

0

0.00

3

«Темірбанк» АҚ

16

1

25.00

1

20.00

4

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

16

0

0.00

0

0.00

5

«Банк ЦенрКредит» АҚ

15

1

25.00

1

20.00

6

«БТА Банкі» АҚ

15

1

25.00

1

20.00

7

«Kaspi Bank» АҚ

10

0

0.00

0

0.00

8

«АТФ Банк» АҚ

8

0

0.00

0

0.00

9

«Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

10

«Еуразиялық Банк» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

11

«RBS (Kazakhstan)» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

12

«Дельта Банк» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

13

«Хоум Кредит Банк» АҚ

2

0

0.00

1

20.00

14

«Нұрбанк» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

15

«Цеснабанк» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

16

«Ресей Жинақ Банкі» АҚ

1

0

0.00

0

0.00




ЖИЫНТЫҒЫ:

147

4

100.00

5

100.00

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Агенттік мыналардың қызметтерінде бұзушылықтар анықтады:


«Казкоммерцбанк» АҚ

- Банк заемшымен жер телімінің құқық белгілейтін құжаттарын уақытында қайтарылуына бақылауды жүзеге асырмау бөлігінде 30.09.2005ж. № 359 ЕДБ-ғы тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың нормаларын бұзған, осыған байланысты Банкке осыған ұқсас фактілерді болдырмау мақсатында Банктің басшылық тарапынан бақылауды күшейту қажеттігі жөнінде хат жіберілді;


«Темірбанк» АҚ

- екінші рет ауыртпалығы бар кепіл нысанын мәжбүрлеп соттан тыс тәртіпте сатуға байланысты Банкке кепілге салынған мүлікті сатып алушымен туындаған жағдайды реттеу қажеттілігі жөнінде хат жіберілді;


«Банк ЦенрКредит» АҚ

- салым бойынша сыйақы сомасы дұрыс есептелмегендіктен, Банкке салым шарты бойынша есептелген сыйақы мөлшерін қайта есептеу және салымның үлгідегі шарттарының талаптарын Банктің есеп саясатына сәйкес келтіру қажеттілігі жөнінде хат жіберілді;


«БТА Банкі» АҚ

- Банктің филиал директоры және оның қызметкерлері тарапынан заемдардың өтеу шотына түскен ақшаларды иеленуімен көрінген айлакерлік әрекеттердің белгілері бар фактілердің айқындалуына байланысты, Банкке филиалда қызметтік тергеу жүргізу және заемшылармен болған жағдайды реттеуге бағытталған тиісті шараларды қолға алу қажеттілігі жөнінде хат жіберілді;


«Хоум Кредит Банк» АҚ

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының банктік заем шартында сыйақы ставкасын көбейту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге Банктің құқығын белгілеу бөлігінде 39-бабының талаптары бұзылуына байланысты, қазіргі уақытта Банкке қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселесі қарастырылуда;


Алдыңғы есепті кезеңде жеке тұлғадан келіп түскен өтінішті қарау нәтижесі бойынша Агенттік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының банктік заем шартында сыйақы ставкасын көбейту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге «АТФ Банк» АҚ құқығын белгілеу бөлігінде 39-бабының талаптары бұзылғанын айқындады, осыған байланысты, Банкке жазбаша ұйғарым шығару түріндегі шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды






©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет