34-35, 19 наурыз, 2011 жыл. 6 бет. «Атырау» облыстық-қоғамдық саяси газет



жүктеу 46.6 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі46.6 Kb.
: repository -> history -> 16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Аға, биыл қазақ халқын әлемге танытқан «Абай жолы» роман эпопеясының жарыққа шыққанына 70 жыл толады екен. Мұхтар Әуезов бұл романды жазуға қалай келген еді?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақты бөлетін емес, біріктіретін идеяда жұмыс істеу керек Қолымдағы материалдардың жалпы көлемі 2 300 беттен асады
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Ф. Жазушылар. П. айгүл. С. Абдрахманов
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Сыр сұхбат «Отырар кітапханасын» қайта тірілту ойда бар
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Дербес ұлт, тәуелсіз ел болып қалғымыз келсе, ұлттық идеяны ұйытуымыз қажет. – Осыдан 25 жыл бұрын: «Рухани тәуелсіздікке жетпеген ұлт мәңгілік басыбайлы болып қала бермек»
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Тұрсын Жұртбаевқа «Айқын» газетінің сұрақтары. Кезінде сіз жазған «Құнанбай қажы»
34-35, 19 наурыз, 2011 жыл. 6 бет.

«Атырау» облыстық-қоғамдық саяси газет

Мінбер

Жаңа жыл деген уақытта 31-ші желтоқсан күні аққайнарын арқалап, алаөкпе болып үй-үйге шапқан қазақтарды көргенде, мұны не құлдық психологияға, не тұрып қалған өзгеріссіз ескі сананың көрінісіне балай алмай дал боламыз. Қызығы сол, Наурыз келгенде дәл қыстағыдай мерекелік көтеріңкі көңіл-күй байқалмайды. Кейде «Наурызды жаттанды киіз үй, жаттанды көже, жаттанды концертпен символикалық мерекеге айналдырып алмадық па?» деп те ойлайтын болдық. Біз параллельді түрде ғана жыл басы деп есептейтін Наурыз мерекесінің мәні неде? Бұл мейрамды ата-бабаларымыздың әлімсақтан ұлығылауына себеп болған не нәрсе? «Атыраудың» «Мінберінде» талқыланатын бүгінгі тақырып та – осы.
- Атам заманғы бабалар дәстүрінен басталып бүгінге жеткен Наурыз мерекесінің байыбына қазір бара алып жүрміз бе? «Ұлыстың ұлы күні» деп атайтын Наурыздың мәні неде?

- Бүгінгі Наурыз бен бұрынғы Наурыздың арасында айырмашылық бар ма? Болса, қандай?

- Бабалар дәстүрімен жалғасқан Наурыз мерекесінің құдіретін ұрпаққа сіңіру үшін бұл күн қалай атап өтілуі керек?
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?

Алаштанушы, белгілі ғалым Тұрсын ЖҰРТБАЙ:

«ҒАРЫШПЕН АСТАСҚАН ТАБИҒАТТЫҢ ТОЙЫ»

- Наурыз мерекесі – бұл өзі әлімсақтан бері адамзаттың табиғатқа бейімделуіне байланысты туған тіршілік мейрамы. Бұл - өмір мейрамы. Бұл – жаңарудың белгісі. Өйткені, Наурызда күллі тіршілік атаулы жаңа кейіпке түсіп, жердің астындағы тамырлар, тіпті, жыландардың өзі ескі қабығын тастайды. Жердің тоңы жібиді, ағаштар бүршік атады.

Өзіңіз хабарласып отырған осы Батыс елінде «көрісу» деп аталатын тамаша дәстүр, мереке бар. Бұл туралы сәл кейінірек. Қазір айтпағым мынау: Көрісу кезінде көрісуге дейін соққан жел мен аяздың лебі басылады, жерден көктің керемет иісі шығып, ызғар жердің бетіне шығады. Табиғатпен етене араласып, өмір бойы жер-анамен біте қайнасып өткен көшпелі қазақтар Наурыздың ерекшелігін жете түйсінген. Көне Қытай жазбаларындағы көшпенділерге қатысты деректерде «...олар Наурызда жиналады. Үлкен той жасайды, бір-бірінің амандығын сұраса келген ел көрісіп, ата-баба әруағына бағыштап ас береді» деп жазылған. «Ескі айда есірке, жаңа жылда жарылқа», «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп өткен көшпенділер қыстың қиыншылығынан аман өргеніне қуаныпты.

Біздің дәуірімізге дейінгі көшпенділердің көрісу мерекесі Батыс өңірінде жақсы сақталып қалуының себебі – Батыстың империя астанасы болуында. Бұл көрісу – ғұндардан басталып, түрік, Алтын Орда дәуірі арқылы бүгінгі күнге жеткен ең ұлық мереке. Сайып келгенде, Наурыз – ғарышпен астасқан табиғаттың тойы. Ал, біз Наурызға жаңа жыл деп қана қараймыз. Сондықтан, да, біздің алдымызда Наурыздың түпкі маңызын ашу міндеті тұр. Оның үстіне Наурыз - әр отбасының, тіпті, тұтас елдің амандығының белгісі. Христиандар неге «жаңа жылды әркім өз үйінде қарсы алуы керек» дейді? Өйткені, жақсылықтың бастауы жаңа жылда жатыр. Сондықтан да, Наурызды отбасымен қарсы алу қажет. Салт-дәстүрлеріміздің мәнін ашу арқылы Наурыздың астарын тереңдетуге тиіспіз.



Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла ЕСІМ:

«АЯЗ АТАДАН

АРЫЛУ КЕРЕК»

- Наурызды жалпыхалықтық мерекеге толық айналдыру үшін әлі көп нәрсе жасалуы керек. Батыс өңірінде 14 наурыздан бастап көрісу басталып кетті. Міне, сондықтан да 14 наурыздан бастап, Жаңа жыл келеді. Бұл ұлық мереке наурыздың 22-сіне дейін жалғасады деген түсінік, ұғым, психология қалыптастыруымыз қажет.

Наурызды ең алдымен жаңалықта қарсы алу керек. Бұл дегеніңіз, Наурыздың ескі нәрселерден арылу, тазару жылы екендігін көрсетеді. Наурызда жаман мінезден арылып, ағайын, дос-жаран арасындағы ескі өкпе-наздан құтылу міндет. Әр қазақ өзінің рухани жаңаруымен қатар, табиғаттың жаңаруына атсалысуы қажет. Көше бойы көшеттер отырғызылып, үй-жай реттеліп, әр үйге жаңалық енуі шарт. Осыдан барып, өмірге деген көзқарастың өзгеруі басталады. Міне, осындай ғана қарапайым шаралар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмысында көрініс табуы керек. Адамдардың мұң-мұқтажы осы ұйымдар арқылы Наурыз қарсаңында шешілсе, бұл оның жалпыхалықтық мерекеге айналуына зор септігін тигізері сөзсіз. Наурызға деген көзқарастың өзгеруінен өмір сүру режимінің жақсаруы басталады.

- Кеңес Үкіметі тұсында Наурыз болған жоқ. Ал, қазіргі Наурыздың мағынасы басқа, әйтсе де, нағыз жаңа жыл деген психология әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан да, мынаны айтқым келеді. Қақаған қыстың ортасындағы жаңа жылдың қазақтарға еш қатысы жоқ. Рас, желтоқсанмен он екі айдың кестесі аяқталады. Керексіз атрибуттар - Аяз ата, Ақшақарды ұмыту керек. Өз басым соңғы студенттік жылдарымнан бастап, бұл жаңа жылды тойламаймын. Өйткені, бұл - христиандардың діни мерекесі. Осы түсінік бүгінгі ұрпақтың бойында қалыптасса деймін. Ол үшін Мәдениет министрлігі Наурызды байыбына жеткізіп дәріптейтіндей іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруы керек. Бір ғажабы, Наурыз – халық пен ғарыштың арасындағы мереке.



ҚР мәдениет қайраткері Абат КЕНЖЕҒАЛИЕВ:

«РУХАНИ ЖАҢАРУ, ТАЗАРУ МЕРЕКЕСІ»

- Меніңше, зиялы қауым, БАҚ өкілдері Наурыз мерекесінің мәнін, маңызын насихаттау, дәріптеуден жалықпауы керек. Ата-бабаларымыз «үй-іші тазаланбаған, кір-қоқыс үйілген жерге жаңа жыл келмейді» деп есептеген. Наурызды адамзаттан бастап, тіршілік біткеннің жаңаруы деулері де осыдан. Ертеректе бабаларымыз Наурыз туар алдында көрші жатқан елге көрісе, амандаса бару үшін, алдын-ала ат-әбзел, ер-тұрмандарын жаңартып дайындаған. Көшеттер отырғызып, әр үйден бастап, бүтін ауыл жаңарған.

- Наурыз күн мен түннің теңелетін тамаша бір табиғи құбылысымен тұспа-тұс келетіндігімен де ерекше. Оның үстіне Наурыз халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайымен де тығыз байланысты. Ата-бабаларымыздың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Қыста қиын. Мал әлсіреп әрең шығады. Денсаулықта да әлсіздік болады ол кезде. Наурыз келгенде, осы қиыншылықтар артта қалып, қардың көбесі сөгіліп, мал төлдейді, уыз келеді. Халықтың шаруасы азайып, арқасы кеңейді. Міне, осы қуаныштарды халыққа әкелетін Наурыз атты біздің ұлық мерекеміз. Кеңес Үкіметі кезінде қазақтың зиялылары ғана емес, қазақтың салт-дәстүрлері, тілі, діні қуғынға ұшырады. Солардың ішінде біздің Наурыз мерекесі де бар. Жандайшаптар ол кезде Наурызды дінмен байланыстырып қуалады. Шын мәнінде, Наурыздың ислам дінімен еш байланысы жоқ. Өйткені, Наурыз қазақ даласына исламнан бұрын келген. Кезінде көрісіп барған адамдарды соқыр діншіл етіп көрсетіп, ортадан аластады.

- Тоқсаныншы жылдары Наурыз жаңадан аталып жүрген кезде киіз үй тігу басталды. Наурыз арқылы салт-дәстүрден көрініс беру, киіз үйдің ішінде ұлттық дүниелерді көрсету қажет болды ол кезде. Қазақ үшін қазір киіз үй таңсық емес. «Киіз үйді бұрын даладан көрсек, қазір қаладан көретін болдық» дейді бауырларымыз. Сондықтан да, Наурызды нақышына келтіре дәріптеуде бір киіз үй немесе бір реттік концерт дегендеріңіз жеткілікті емес. Сондықтан да, Наурызды ұлттық ерекшелік, ұлттық артықшылық, рухани нәр беруші, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы ретінде көрсетуіміз керек.



Жазып алған: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет