37 мектептің технология пәні мұғалімі Астана қаласы Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек



жүктеу 46.6 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі46.6 Kb.
: files -> sites -> 1383501533943321 -> files -> widgets
widgets -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
widgets -> Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері /Ата-аналар жиналысы/ Міндеті
widgets -> Шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» немесе «ххі ғасыр ауылы қандай болмақ?!» (ойтолғау)
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар. Сабақтың мақсаты: қазақ тілінде аңдар атауларын меңгерту, тілдік қатынаста қолдану
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер (қайталау) Сабақтың мақсаты
widgets -> Тақырыбы: «Алашорда -тәуелсіздіктің бастауы» 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші
widgets -> Сабақтың көрнекілігі: гүл шоқтары Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Өлең оқитын оқушыларды сапқа тұрғызу
Сәндік қолданбалы өнерді үйренуде оқушылардың қызығушылығын арттыру


Камиева Майда Камиевна

37 мектептің технология



пәні мұғалімі

Астана қаласы
«Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек»

Н.Ә. Назарбаев
Технология сабақтарында оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек таныстыруда, эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде еңбекті өнермен тығыз байланыстыра отырып, одан қоғамға немесе өзіне пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына сай әсемделген, бұйымдар жасап шығарудың маңызы орасан зор.

Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі – шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен өрнектеу әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы. Осы өнерді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру, үйрету менің негізгі мақсатым. Сондықтан өз іс- тәжірибемде оқушыларды ұлттық қолөнерге баули отырып сәтті өткізген бір сабағымды ұсынамын.


Сабақтың тақырыбы: «Ши орау және тоқу»

Мен бұл сабақты өткізу үшін мақсат қойдым.



Білімділік мақсаты: Оқушыларға шидің түрлері, олардың ерекшелігі, қолданылуы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың «Ши орау, тоқу» тақырыбында алған теориялық білімін практика жүзінде іске асыру.

Көрнекілік құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, дайын жасалған шым ши, ораулы ши, ақ шилер, ши тоқуға арналған эскиздер, түрлі түсті тоқыма жіптер, ши тоқитын станок, шиге арналған буклеттер, композиция ережелеріне арналған сызба-нұсқауларды ұйымдастырдым. Оқу үрдісін жобалаймын.

Сабақ барысын 6 бөлікке бөліп құрастырдым.

I Ұйымдастыру кезеңі

II Жаңа тақырыпты баяндау арқылы түсінік беру.

III Сарамандық жұмыс

IV Өткен сабақты қайталау сұрақтары, үйге тапсырма.

V Оқушыларды бағалау, мадақтау.

VI Қорытынды.


II Мен бұл сабақты оқушылардың назарын өзіме аударып жаңа тақырыпты баяндау арқылы түсінік бердім.

1. Өсімдіктану пәнімен байланыстырдым.

/интерактивті тақтаны қолданып, ши өсімдігінің суретін көрсету/.



Ши - астық тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 50-250 см, сабағы көк, тік өседі, түсі көгілдір, беті тегіс, мықты. түп жағы көптеген ескі жапырақты, Жапырақтары ұзын, жіңішке ені 3-5 мм, өте қатты. Маусым, шілдеде гүлдейді.

2. География пәнімен байланыстырдым. /Картадан көрсету/

Ши өсімдігі Иран, Қытай, Монголия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде, Қазақстаннын дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте суға жақын жерлерде өседі. Ши қыста мал жайылымына жақсы, сабағынан ши тоқылады.

3.Тарих пәнімен байланыстырдым.

Ши орау өнері өте ерте заманда 15 ғасырдан бастап дамыған.

4. Ши түрі. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне карай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым ши. Қазақ халқы арасында осы түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады.

5. Қолданылуы: ақ шиді киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға пайдаланады. Шымшиді киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Әр жерінен оралған шиді сәндік үшін қолданылады.



6. Шиге анықтама. а) Ақ ши дегеніміз- оралмай тоқылатын шиді айтамыз.

ә) Өнебойы тұтас емес, әр жерінен оралатын оралған шиді ораулы ши дейді.

б) Ал, біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды.

7. Ши орау және тоқу технологиясы.

Ши тоқу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашыктықта тік қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады Станоктарды киіз үй ішіне немесе жабық бастырма астына орнатады. Ашаның үстіне қойылған арқалықтың биіктігі 120-130 см, түрегеліп тұрып тоқуға ыңғайлы.

Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі - тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау. Екіншісі - жаңа өрнек үлгісімен орау.



III Оқушылардың өздері орындайтың сарамандық жұмыстары

Сабақтың басты идеясы: Шым ши қалай жасалады? Деген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздестірдім./сын түрғысынан ойлау әдісін қолданамын/.

2 топпен сарамандық жұмыс жасалады.

Сұрақ: Ши тоқитын қондырғының құрылысын түсіндір. 1- топ түрлі түсті тоқыма жіпті орайды. 2- топ шиді тоқуды жалғастырады. Шиді орағанда оны түп жағымен шет жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Сарамандық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, әр оқушының жанына барып түзету жасау, шығармашылық ойына бағыт бағдар беру, түстер үйлесімділігін, сәйкестілігін ескеру.

Сабақ барысында халық күйі «Көкейкесті» баяу ойналып тұрады.

Қазақ тілімен байланыстырдым. Жұмыс барысында 2 топ өнер туралы мақал-мәтел айтудан жарыса отырып, өнегелі сөздің мағынасын түсіндіреді.

Мысалы: Кейбіреулер көрмекке бар, өрнекке жоқ,

Олжаның үлкені үйренгенің.

Үйренгенің өзіңе кұт,

Істегенің еліне құт.

Шебердін қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ.

Еңбек өнер өрісі,

Өнер өмір жемісі.

8. Қорытынды.

а) Шидің қолдынылуын және оның түрлерін ата.

ә) Ши тоқу үшін кандай құрал-жабдықтар керек?

б) Сувенирлік шым ши орау жұмыстары қалай орындалады?

в) Не үйрендім? Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме жасалады.

9. Бағалау. Оқушылар өз жұмыстарын салыстыра отырып бағалайды.

10. Үй тапсырмасы: «Жүннен жасалған бұйымдар» тақырыбында ой толғау шағын шығарма жазу, суреттер салып келу.

Міне, осымен Ши орау өнерімен танысып, көптеген мағлұматтар алдық. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасың тауып келген халық қолөнерін қастерлеп, өзіміз үйреніп болашақта әлі де дамыта беру біздің тікелей міндетіміз.

«Ши орау және тоқу»

тақырыбында өткізілген ашық сабақтан көрініс












©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет