№38 жалпы білім беру мектебі Тәрбие сағаты



жүктеу 55.29 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі55.29 Kb.
: Adisteme
Adisteme -> Сабақтың тақырыбы Зертханалық,практикалық жұмыстар,көрсетілімдер, топсеруен Сағат саны
Adisteme -> Сұрақтарға жауап бер
№ 38 жалпы білім беру мектебі

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

Құрастырған:: Уалиева А.Р.



Павлодар 2012

Мақсаты:

Білімділік: -оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, адам құқығын туралы Декларация шарттарын меңгеру;

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бр пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қаблетін жетіліріп сөздік қорын молайту;

Тәрбиелілік: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Көрнекілігі: оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері.

Барысы

Кіріспе.

Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қаблеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар -намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Барлық жерде белгіленген тәртіп бар, соны сақтау керек. Адамның қоғам мен мемлекет қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу т.б.

Іскерлік ойын шарты, өтілу жоспары

І. Сынып оқушылары «Адам» және «Құқық» болып екіге бөлініп, әр топ өз аттарын қорғайды.

ІІ. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша «Менің құқығым» деген сұраққа жауап береді.

ІІІ. Адам құқығы туралы Декларация баптары бойынша «Құқық» тобы суреттер көрсетеді, әңгімелейді. «Адам» тобы осы суреттер бойынша Декларация баптарына түсіенік береді.

ІV. «Біз неге құқылымыз?» ойыны. 2 топқа «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» және «Бала құқығы туралы Халықаралық Конвенция шарттары» бойынша сұрақтар беріледі.

Адам тобы: Біздің тобымыздың атын Адам деп қойған себебіміз: Адам -жер бетіндег тірі ағзалардың жоғарғы сатысы, қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мыңнан аса тілде сөйлейді. Адам құқықтары - өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары. 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген жер бетіндегі адамдардың бостандығымен құқығы қорғалуы тиіс.

«Құқық» тобы: Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Кез келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу, оған құрметпен қарау және одан үлгі алу қажет. Құқықты заң қорғайды. Заң құқық талабын бұзғандарға жазалаутәсілін қолданады. әрбір адамның құқықтық санасы, мәдениеті болуы керек.

Көрініс: «Бақытжан мен Нұрланның партаға таласуы».

Автор: Оқу жылының 1-күні 4-ші сынып оқушылары өздеріне бөлінген сынып бөлмесіне кіріп, үшінші сыныпта отырған орындарына жайғасқан болатын. Бір уақытта ойына түскені белгісіз Бақытжан орнынан атып тұрып артта отырған Нұрланның орнына таласты.

Бақытжан: Нұрлан, сен бұл партадан тұр, бұл жерге мен отырамын.

Нұрлан: Неге?

Бақытжан: Сол, тұр дедім ғой, тұрсаңшы.

Нұрлан: Жоқ тұрмаймын, бұл пртаға мен бірінші отырдым.

Бақытжан: Отырсаң қайтемін, сенің атың жазылып жазылып қойған жоқ қой бұл партаға?!

Нұрлан: Сенің де атың жазылып тұрған қойған жоқ. Бұл менің орным, саған бермеймін.

Автор: Партаға таласқан Бақытжан айғай салды.

Бақытжан: Тұр дедім ғой, бұл партаға менің құқығым бар.

Нұрлан: Менің құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Автор: Партаға таласқан Бақытжан мен Нұрлан төбелесе кетеді. Сынып оқушылары аң -таң. Төбелесті тоқтату үшін сынып белсендісі Сандуғаш араласты.
Сандуғаш: Нұрлан, Бақытжан, төбелеті доғарыңдар, қазір сынып жетекшіміз келгеннен кейін екеуінің дауларыңды шешіп береді.

Автор: Осы мезетте сынып бөлмесіне сынп жетекшісі келеді.

Мұғалім: Бұл не шу?

Сандуғаш: Апай, Бақытжан мен Нұрлан соңғы партаға таласып, «Менің қүұқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр, қойыңдар десек де қоймайды.

Мұғалім: Бақытжан, Нұрлан, сендердің бұлқүұқықтарың дұрыс емес. өздерінің жеке бастарыңның қажетін ойлап бір -бірлеріңе тіл тигігу адамгершілікке жатпайды.әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет. әрине сендердің әрқайсың оқуға, білім алуға, ойнауға, демалуға құқықтарың бар, бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.

Автор: Сынып жетекшіміз дауды шешіп, Бақытжан мен Нұрланға бірінші қатардағы мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленуді ұсынды. Ал таласқан орын бос алды.

Осы көріністен кейін «Құқық » тобына мынадай сұрақ қойылды.

  1. «Менің құқығым» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  2. Бақытжан мен Нұрланның арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?

1-оқушы: Егер екеуінің біреуі нашар көріп, алдыңғы партаға отырғысы келе, онда ол оның құқығы депұғынған болар едім.

2-оқушы: Бізге орнымызды сынып жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді. Сондықтан олар өз құқықтарын дәлелдейалмады.

3-оқушы: Бақытжан Нұрланның партасына таласып өктемдік көрсетті. Ол жай ғана сыпайы түрде орнын отыруға сұраса,Нұрлан да берер еді.

4-оқушы: бұл жерде Бақытжанның Нұрланға өктемдік көрсетуге құқығы да жоқ.

«Құқық» тобы өздерінің салған суреттері жайлы айтып, «Адам» тобысуреттер туралы, адам құқығы мен бостандығы туралы Декларация баптарына сүйене отырып жауап береді.



1-оқушы: Өзойымды айтуға, қалаған тіліде жазуға, сөйлеуге,оқуға құқығым бар.

2- оқушы: Мен өз туып өскен жерімде тұруға, оны қорғауға, тұратын мекенімді таңдауға құқығым бар.

3 -оқушы: Мен өзіме рұқсат етілген істердің бәрін орындауға құқылымынжәне өзіме тиісті заттарды иемденугеқұқығым бар.

4- оқушы: Тек жақсы істерді істеуге құқылымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

«Біз неге құқылымыз?» ойыны

  1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы).

  2. Құқық немен қорғалады? (Заңмен қорғалады).

  3. Адам құығының қорғалуы қай жерде бастау алды? (Франция елінде).

  4. Жер бетіндегі әрбір адам қандай құқықтар мен бостандықтарға туралы жалпыға бірдей декларациядан көре аламыз? (Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірей Декларациядан көреаламыз).

  5. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ).

  6. БҰҰ -ның мақсаты не? (БҰҰ-ның мақсаты: әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).

  7. Бала болып кімдер саналады? (18жасқа толмағандар бала болып саналады).

  8. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақсан Президенті қай жылы ол қойды? (1995 ж. Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.).

  9. Декларация дегенді қалай түсінесіңдер? (Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі).

  10. Декларацияда адам құқығы туралы не айтылған? ( «Барлық адам құқылы және азт болып туады. Барлық адамға ақыл -ой берілген,сондықтан бір -бірімен бауырмалдық арым -қатынас жасаулары тиіс» деп 1-бапта айтылған.

  11. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады? (Соғысып жатқан елдердеадам қүұқығы бұзылады).

  12. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады? (Парламент шығарады).

  13. Декларацияда жарияланған біздің құқықтар менбостандықтарды кімдер пайдалана алады? (Декларацияның 2-бабында «Әрбір адам пайдалана алады» делінген.)

Қорытынды.

Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазхалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдаымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығаруымыз керек.





©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет