4 І бөлім. Сын тұРҒысынан ойлау технологиялары және олардың ерекшеліктері



бет1/4
Дата27.04.2020
өлшемі143.36 Kb.
  1   2   3   4
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................................4

І бөлім. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама беру...............................7
1.2 Педагогикалық технологияны пайдалану ерекшеліктері ..............................9


ІІ бөлім. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АНА ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ 
ТИІМДІЛІГІ 
2.1 Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды 
шығармашылыққа баулу................................................................................
2.2 Жаңа техналогиялардың тиімділігі...............................
2.3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі.  

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................60

1-Қосымша ..............................................................................................................62


2-Қосымша ..............................................................................................................62
3-Қосымша ..............................................................................................................62

Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.



Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. Біздер болашақ ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының « Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш берубілім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, тілін дамытуға жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.

Өйткені, сын тұрғысынан ойлау –  ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсем, оқушы өзіне сенудің, ел ертеңін жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы екеніне бүгінде ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан да өтілетін әр сабақты белгілі бір мақсатқа негіздеп, оқушының қабілетін, танымын кеңейтіп, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызуымыз керек.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Сабақта қызығушылықты ояту құрылымы бойынша топқа бөлу, топтастыру стратегиясын, мағынаны тану бойынша венн диаграммасы мен бес жолдық өлең әдістері пайдаланылады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» -  сынау емес, шындалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлап отырып келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, шағын жинақты мектеп алдында тұрған негізгі міндет – ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуын талап етеді.



Зерттеу мақсаты:
Сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.

Зерттеу міндеттері: 
- сын тұрғысынан ойлау жобасының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау жобасын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:

  • оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;

  • оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;

  • берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.

Зерттеу әдістері: бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау.

Зерттеу көздері:
Тіл туралы заң, «Қазақстан-2050» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезеңде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми ақпарат айқындалады.
2 кезеңде жинақталған теориялық және дерекі материалдарға жүйелі талдау беріліп, басқа да ғылымдар салаларында жарық көрген еңбеттерді зерттеп, талдау жұмысы жалғастырылады.
3 кезеңде эксперименттік – тәжірибе жұмыстарының нәтижелері жүйелі талқыланып, тұтас педагогикалық үрдісте байқаудан өтіп, ой елегінен өткізілді және әдістемелік ұсыныстар жасалынады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын бастауыш мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Қорытында: шығармашылықты дамыту әдістемесінің негізі ертеден қаланды. Соңғы онжылдықта жаңа технологиялар қарқынды қолданысқа енді. Дегенмен іс-тәжірибелерден байқағанымыздай, қолданыстағы әдістемелер ҚР МЖМБС сай дайындалған   бағдарламалардың талаптарына толыққанды жауап бере алмайды. Сондықтан   бағдарламаларды жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын, жаңа технологияларды  қарастыру мақсатын  шығармашылық жұмысымызға арқау еттім.   Ең алдымен басты мақсаттар мен нақты міндеттер анықталады. Осы мақсат-міндетке жету жолы айқындалады. Әрі қарай шығармашылықты дамытуға мүмкіндік беретін оңтайлы жолдар ретінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер мақсатты түрде таңдалады. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіземін.
Сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.


І бөлім. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама беру.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп нақты көрсетілген.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Бүгінгі таңда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолында әрбір талабына тұғыр боларлықтай білім жүйесінде алға қойылған міндеттер жеткілікті. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламаларға сәйкес, білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде өзін- өзі дамытуға, ойындағы пікірін сауатты жеткізе алатын азаматты тәрбиелеу.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.

Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.

 Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:






Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.



4

Проблемалық  оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)



Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.



12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:

1. Мақсат қою.

2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.

3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.

4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.

5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.

   Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:

1.     Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.

2.     Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.

3.     Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.

4.     Оқу үрдісін жобалау.

5.     Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.

Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:

1.     Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.

2.     Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.

3.     Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.

4.     Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.

5.     Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.




Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп есептелінеді. Дегенмен, кейбір ұстаздардың іс – тәжірибелерінде осы технология қолданылуда. Осыған орай біз сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны бастаушы сынып пәндерін оқытудағы мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат еттім.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.

Солардың бірі оқушыларды жоғары ойлау және сынай ойлау деңгейіне жеткізетін әдіскер жүйесіне арналған « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы.

    Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл жобаның негізгі мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымның бірін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология мектеп тәжірибесіне ене бастады. Сыныптағы балалармен қалай жұмыс жасау керек деген сұрақтың қарапайым жауабы жоқ. Бірақ мұғалім өзін ойы мен сезімі бар адам ретінде қарайтын оқушыны қалыптастыру керек.    Я. А. Каменскийдің айтуы бойынша « Оқытуда нені үйретсек те, оқытсақ та табыссыз болмас».

      Бүгінгі таңда біз демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Осы қоғамдағы жастардың белсенді өмір сүруіне сын тұрғысынан ойлау дағдысымен тапсырманы орындаудың және белгілі бір мақсатқа жетудегі керекті мәліметті таба білу қабілетінің қажет болатындығы анық.  «Сыни ойлау жаңа, түсінікті идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады» - дейді Дэвид Клустер. Дэвид Клустер сыни ойлауды былай деп анықтайды.

* Сын тұрғысынан ойлау - бұл- өзіндік, жеке ойлау;

* Сын тұрғысынан ойлау - ақпарат тұйықталушы емес, атқарушы пункт болып табылады;

* Сын тұрғысынан ойлау - сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

* Сын тұрғысынан ойлау - адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

* Сын тұрғысынан ойлау - әлеуметтік ойлау;

     Біз әдетте оқушылардың идеяларының дамуына шыдамсыздықпен қараймыз. Бірақ идеялардың жинақталуы толғануға алып келеді де, оған көп уақыт керек болады. Сұрақтар қою және ізденісті жалғастыру білім мен  кез келген дамудың мағынасы болып табылады.

    Е. Дакворт өз кітабында  « керемет ойдың пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болады. Баланың өзіндік ойын құрап, сол ойды құрағаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады.»

    Ал, Дьюидің негізгі идеялары:



  •    Оқушыны оқу бағдарламасымен біріктіру. ( Кім? – Оқушының өзі! Мұғалім бұл үшін тек жағдай тудырады.)

  •  Дьюидің білімдік қағидасы екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, пәннің жаңа тақырыбын сауатты қолдану арқылы тәжірибені толықтыру және басқа жағынан мінездің моральдық сипатын дамыту, әсіресе интеллектуальды, кооперативті ойлау сияқты.

  •     Идеяларды кірпіш тәрізді бере салуға болмайды. Идеялар сынақтан өзтізу арқылы игерімді және белсенді жолмен меңгерілді.

  •    Оқушылар тікелей оқыту нәтижесі мен формальды көрсетуде белсенді емес. Мұғалімдерге мектептен тыс оқыту, қашанда жанама оқыту жағдайында пайдалану керек.

  •    Мұғалімдер назарын соңғы нәтижеге емес оқыту процесіне көбірек аударулары керек.

Бұл АҚШ профессорларының пікірлері:

Ал, С. Мисейова мынадай пікір білдіреді: «Мұғалімдерге тіпті жақсы оқу әдістерін үйреткенде, біздер оларға өз-өздерінің оқығандығының мәнін түсіндіріп және іс –тәжірибесіне өзгерістер енгізу туралы сенімді болуына мүмкіндік береміз бе? Ол үшін жағдай мен уақыт керек.

1.     Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының ерекшілігі неде?

Болашақта жастар қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Шәкәрім: « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп  есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу - туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің рөлі зор, яғни білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Білім беру жүйесіне еніп жатқан интерактивті әдістер, әсіресе « Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының педагогтарының белсенді шығармашылық әрекетін қамтамасыз етудегі орны ерекше. Өйткені жоба білім алушыларды ізденіс жолына түсіріп, дәріскермен бірлесе отырып жаңа ақпарат алуға жұмылдырады.

  Сын тұрғысынан ойлауды қолдануда мұғалімнің рөлі өзгереді, ол оқушыға ең мықты білімнің кілтін ұстатады. Ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйде бермей, білімді өзі алатындай етіп біліктермен қаруландырған дұрыс деп ойлаймын.

   Сыни тұрғысынан ойлау жобасы ерекше, өйткені бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі университет оқушыларымен барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін  біріктірді. Сыни тұрғысынан ойлау жобасы көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізіндегі өзгерістер үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер ішіндегі мыңдаған кластардағы шынайы және ұзақ елеулі өзгерістің ерекше қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни тұрғыдан ойлау жобасы мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді.

     Жоба бүгінгі күні қалай оқыту керек деген сұраққа дайын жауап бермейді, жоба мұғалімдердің сабақтан-сабаққа жауапты, тұрақты түрде өздерінің ізденуіне мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлау алты негізгі сенімнен тұрады:

1.       Бүкіл өзгеріс процесінде оқытушының өзіндік билігі болуы керек және өзгеріс мектеп директоры мен университет қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар қатыса отырып, бірлесе істелетін процесс болуы керек.

2.       Өзгеріс кластағы мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы қарым-қатынас матифисті болып табылады.

3.       Өзгеріс процесі жүйелі, әрі жақсы ұйымдастырылған, теория жүзінде дәлелденетіндей әрі қолданбалы және ыңғайлы болуы керек.

4.       Әрине, өзгеріс процесі тәуелшілдікке тартатын болғандықтан оған қатысатын мұғалімдер де тәуекел етеді.

А) Кәсіби өздерінің алғашқы алған кәсіби білімдерінің шеңберінен шығу.

Ә) Әлеуметтік жағынан, мектеп мәдениеті және мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасынан жаңашылдықты күту.

Б)  Эмоциональды жағынан үйренуге жаңа, таныс емес тәсілдерді қабылдауда кездесетін сәтсіздіктерге тәуекел ету.

5. Өзгеріс процесіне елеулі уақыт бөлу  керек. Уақыт үлгілерді құру мен оларды нәтижелі түрде іске асыру үшін, тәжірибесін дамытып және ықпалын өлшеу үшін қажет болады.

6. Егер процесс бірлесіп жүрмесе, атқару, мазмұн және нәтиже толықтай орнамайды. Оған жету үшін соңғы нәтиже мен қадамдар тікелей сол өзгеріс процесі арқылы өзгеріске ұшыраған көрініске жауап беру үшін өте икемді болуы керек.    

   Сыни  тұрғысынан ойлау - бұл біздің ғасырдан-ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Осы қабілетті ағылшын тілін оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, мағынаны танытып, қорытындылау мақсатында ой-толғаныс жасау арқылы оқушылардың білімін зерттеп, ары қарай сөздік қорын көбейту біздің міндетіміз.

 Сыни тұрғыдан ойлауды қалай анықтауға болады?

Менің ұсынатын анықтамам үш пунктен тұрады:

  Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сабақ осы процесске негізделетін болса, әр оқушы өз ойлары мен пікірлерін еркін айтады, ең қиын деген мәселені өздері шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.

   Екіншіден, білім алушы өз пікірін нақты дәлелдейтіндей болуы керек. Бұл оқу барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

   Үшіншіден, тақырыпты ашу үшін сұрақтар қою арқылы шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Дегенмен, нағыз таным процессі өзінің талпынысымен басталады.

     Америка фелософы, әрі педагогы Джон Дьюи сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек  нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептейді. Ситуацияға немесе құбылысқа байланысты қойылған негізгі сұрақ осы құбылыстың қандай мәселелерден туындайтындығы туралы болмақ. Осыдан келіп шығатыны – сабаққа дайындалу барысында мұғалім оқушының айналасында тұрған мәселелерді анықтап алуы керек. Сыни тұрғыдан ойлаудың көмегімен ескішілдікке негізделген сабақ мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, оқушылар онда нағыз интеллектуалды жұмыс атқарып, нағыз өмір қиыншылықтарын шеше алатын болады.

  Англия мен АҚШ – та кеңінен қанат жайған « мұғалім-зерттеуші » қозғалысы мұғалімнің сыныптағы зерттеуінің маңыздылығы жөніндегі Дьюи мен Пиаже идеяларын толық көрсетеді. Оқушы әрқашанда белсенді және сезімтал, қызыққыш болады. Мұғалімдер шынайы еңбекпен жұмыс жасау барысындағы ең маңыздысы оқушының тақырып бойынша ұғынғандына, бір-бірімен пікірталас, сұрақ-жауап арқылы өз ойларын еркін жеткізуіне және де өз ой қорытындысын айта алатындай деңгейге жеткізу.Мұндай жағдайда білім оқушылардың бір пәннің әдістемесінің шеңберінен шығып, жалпы мәдениет төріне көтерілуге, рухани байлығын кеңейтуге мүмкіндік туады.

2.     Стратегияларды тиімді қолдана білу.

       Ал сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымына көңіл аударсақ, үлгінің үш фазасы өздерінің қызметтеріне  байланысты аталады. Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс немесе ҚМО. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызымет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазылардың қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады.

   Алғашқы фаза - Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне  немесе әсерлене еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалу керек тапсырмалар жөніндегі  жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан тапсырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды.

    Ал Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видеокассета, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы екі фаза оқушыларды ақпараттар және мазмұнмен кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының негізгі міндеті – мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы біліммен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет.

    Ой толғаныс - үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде олар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету- бұл фазаның мақсаты.

   Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.

    Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар ағылшын пәнінен алған білімдерін, ойларын нақтылайды, сыныптастарымен мұғалімнен кері сұрақ арқылы байланыса отырып, мәліметтер  жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.

    Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс құрылымы үйрету процесін түсіндірудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизімі ретінде қызымет атқарады. Бұл- мұғалімдер өз сабағында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектесетін стратегияларды біріктіре алатын үлгі.

    Мұғалімдердің өз пәні шеңберінде оқушыларды мағыналы білім беру тәрбиесіне тарататын тиімді стратегиялар қоры бар. Стратегия – бұл әдіс. Сабақтың қызықты да тартымды өтуіне стратегияның үлесі зор. Стратегияның мақсаты, ол:

• ой әрекетін белсенді ету;

• талқылауға қатысу;

• идеялар мен мәліметтерді біріктіру;

• жеке өзгерісте жігерлендіру;

• өздерінің сұрақтарын қою;

• өз пікірлерін құрастырып білу;

• сын тұрғысынан және икемді ойлау;

   Өзге тілді үйренудің оңай еместігі белгілі. Ал оқушыларға осы қиындықты әртүрлі амалмен, стратегиямен, сыни тұрғыдан ойлату арқылы жеңіл жолды іздестіріп, оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын оятсақ, біздің ұзтаздық алғашқы мақсатымыздың орындалғаны емес пе? Тіл үйрету кезінде жаңа тақырыпты оқушыға меңгерту үшін стратегияларды пайдаланған тиімді. 

  Топтастыру стратегиясы. Бұл еркін ойлауға, тақырыпты ашық талқылауға бағыттап тұратын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия арқылы мұғалім оқушының қалай жұмыс істеп жатқанын байқайды. Зерттелінбей жатқан тақырыптарға ой тудыру арқылы білуге көмектеседі. Балаты жазуға ынталандырады. Өз ойларын тереңдетуге көмектеседі.

  Ал, бес жол өлеңді алайық – бұл пайдалы да әсерлі шара. Өткен тақырып қайталанады, біріктіріледі, негізгі тақырып айқындалады. Кейбіреулерге өлеу шығару дәстүрге айналған. Міне. Осылайша жаңа талап, жаңа есім қалыптасады.

  Өз ойын жеткізуде, түсіндіріп көрсетуде, салыстырып, дәлелдеуге құмарлардың саны көп. Бұл олардың белсенділігін білдіреді. Бұл ойды іске асыруға эссекөмектеседі. Оқушылар сыртқа шығара бермейтін ой-пікірлерімен бөліседі. Қиялдау мен армандауларына мүмкіндік туады, осылайша оқушының ішкі дүниесі ашылады.

  Венн диограммасы. Бұл стратегия ақпаратты еске сақтауға, оқушының деңгейін көрсетеді. Мұнда екі нәрсені яғни, зат, тарихи тұлға, оқиға, т.б. алуға болады және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата алады.

  Тағы бір стратегия туралы айта кетсек, тақырып беріледі. Бір адам екі сөйлемнен жазады. Көршісі одан әрі ойларын жалғастырады. Бұл стратегияның аты бір- бірімен бөліскен әңгіме.



  Кубизм стратегиясы. Бұл стратегия жан-жақты ойлауға жазуды қамтуға мүмкіндік туғызады. Ол үшін кубикті пайдаланады. Кубиктің алты жағы бар. Кубиктің жан-жағындағы жазудың көлемі 15-20 см көлемінде жазылуы керек.

1.     Суреттеңіз: тақырыпқа жақынырақ келіп түсінгеніңізді суреттеңіз яғни, түсі, көлемі, формасы.

2.     Салыстырыңыз: неге ұқсас, басқа нәрседен қандай айырмашылығы бар.

3.     Байланыстырыңыз: нені ойлатады, ойыңызға не келеді, ұқсас заттар бар ма, ой өзегінен шалып өтіңіз.

4.     Саралаңыз: қалай жасалғанын айтыңыз:

5.     Қолданыңыз: онымен не істеу керек екенін айтыңыз:

6.     Талқылаңыз немесе қарсы пікір айтыңыз: өз сөзіңізді дәлелдеп, логикалық дұрыс немесе дұрыс емес пікірді айтыңыз.

Әлемді шарлау- бұл стратегияның мақсаты оқушыларды пікірлестіру, ұжымдық, топтық  жұмыстың нәтижесін қағаз бетіне түсіру, ортақ шешімге келу, бір- бірінің ортақ пікірін білу, қиялдау.

 Ұқсастық пен даралық стратегиясы. Бұл стратегияда төрт нәрсені сипаттап жазады. Осы төртеуінің ұқсастығы ортаға жазылады. Бұл стратегиядан оқушылар ұқсастықты табуға, даралықты тануға үйретеді.

  Сол  сияқты «ой ашар», «екі жақты күнделік», «бір-бірімен бөліскен әңгіме», «шығу парағы», «семантикалық карта», «сұрақ қою», «сезімнен шыққан өлеңдер», «елесті жетелеу», «болжау» стратегиялары сабаққа қолдануға ыңғайлы.



    Сабақ – оқытушының педагогикалык мәдениетінің айнасы. Сондықтан да қазіргі қоғамдағы өзгерістер дамудың негізгі басымдылығы ретінде мұғалімнің шығармашылық мәселесін алдыңғы қатарға шығаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет