45 “Ақ Орда” мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі А. Н. Пернеевтің 2009-2010 оқу жылындағы саба қ жоспар ы сынып: 7 «А» I топ Мерзімі: 04. 03. 10 Пәні



жүктеу 44.38 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі44.38 Kb.
: AshS
AshS -> Сабақтың тақырыбы: Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
AshS -> Г. Т. Кусепова Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы Тақырыбы
45 “Ақ Орда” мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі

А.Н.Пернеевтің 2009-2010 оқу жылындағы

С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сынып: 7 «А» I топ Мерзімі: 04.03.10 Пәні «Информатика»
Тақырыбы: Кұжаттарды ашу, сақтау және жасау.
Сабақтың мақсаттары: ә) білімділік: WordPad редакторында құжаттарды ашуды, сактауды

және жасауды үйрету



а) тәрбиелік: жинақылыққа, жүйелілікке, бірізділкке, мемлекеттік

мүлікті сақтауға , отансүйгіштікке тәрбиелеу


б) дамытушылық: шығармашылық дағдыларын, логикалық ойлау

қабілетін дамыту, оқушылардың ақпараттық

құзырлығын қалыптастыру

Сабақтың типі : жаңа тақырыпты меңгерту

Оқыту әдісі : көрнекі-иллюстративті

Жабдықтау : интерактивті тақта, проектор, презентация, компьютер, флеш-ролик, асык

Пән аралық байланыс : қазақ әдебиет, орыс әдебиеті, математика, ағылшын тілі,тарих

Пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама: Windows XP,Wordpad, Macromedia Flash 8.0

Үлестірме материалдар: карточкалар

Әдебиеттер: Информатика. Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина

«ҚАЗАҚТАР» көпшілікке арналған тоғыз томдык анықтамалық

Интернет материалдары.
Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өтілген оқу материалдарына шолу жасау

ІІІ. Жаңа оқу материалын оқушыларға игерту

IV. Жаңа оқу материалын пысықтау

V.Практикалық жұмыстарды компьютерде оқушыларға орындату

VI.Үй тапсырмасын белгілеу және оған түсінік беру

VII.Сабақты қорытындылау және бағалау



Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өтілген оқу материалдарға шолу

Үй тапсырмасын практикалық тапсырма орындату арқылы тексеру:

Мерекеге байланысты WordPad редакторында 8 Наурыз, 8 Марта, The 8-th of March файлдарын құрып, үш тілде құттықтау сөйлемін жазып, файлдарды жұмыс үстеліне сақтау.




  1. Құрметті апайлар! Сіздерді келе жатқан 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен кұттықтаймын!




  1. Уважаемые учителя! Поздравляю Вас с наступающим Международным женским днем 8 Марта!




  1. Dear women teachers and ladies! We congratulate you for the Women’s Day.



ІІІ. Жаңа оқу материалын оқушыларға игерту


Жаңа құжат жасау сұхбат терезесі


Құжаттарды жасау, ашу және сақтау командалары





Құжаттарды ашу сұхбат терезесі


Жаңа құжат сақтау сұхбат терезесі



Дәптермен жұмыс: Файлдың аты 1-ден 255-ке дейін символдардан тұруы мүмкін.

Тип файла(файл типі) өрісінде ашылатын тізімнен файлдың қажетті типін таңдаңдаймыз. Файлдың аты мен типі мәтінің мағынасына байланысты болуы керек. Егер файлдың типі көрсетілмесе, онда WordPad үнсіз келісім бойынша құжатты автоматты түрде RTF пішімінде сақтайды.RTF пішімінде сақталған құжат көптеген мәтіндік процессорлармен үйлесімді болады, бұл жағдайда қолданылған қаріп, шегініс, мәтінді пішімдеу туралы ақпарат сақталады.Файлдың мәтіндік құжат (Текстовый документ) типін таңдап, құжат Блокнот ретінде сақталады, бірақ пішімделуі туралы мәлімет болмайды.Құжат мәтін ретінде сақталғанда, оны басқа мәтіндік редакторларда да пайдалануға болады.



IV. Жаңа оқу материалын пысықтау

Жаңа тақырып бойынша құрастырылған 12 сұрақтан тұратын компьютерлік сынақ арқылы сабақты пысықтау (интерактивті мультимедиалық анимацияланған флеш-ролик )




V. Практикалық тапсырмалар

1

Берілген мәтінде қай ұлттық ойын туралы айтылыған?

(Оқушылар интерактивті тақтадан мәтінді оқып, интерактивті тақтаға ойынның атауын жазуы керек)

№1

Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді.



Содан соң бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі бірінші , тәйке түскеннің иесі екінші, бүк түскендіккі үшінші, шік түскендікі төртінші атады.

Жауабы: (Алшы)


№2

Ойыншылар арасы 20 адым екі көмбе сызады да, көмбенің тең ортасына сызық бойынша ойыншылардың әрқайсысы екі асықтан көнге тігеді.Тігілген асықтың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады.

Жауабы: (Омпы)
№3

Ойнаушылар стол басында жайғасып отырғаннан кейін барлығы асықтар шығарып қосады (айталық, 3 адам 10 асықтан қосса, 30 асық болады.). Белгілі бір асықты «хан» етіп тағайындайды да, кезекпен барлық асықты қос қолдап алып, еден үстіне иіреді.Сол кезде «хан» алшы түссе, онда алшы тұрған асықпен ғана ату керек, бүк түссе, бүк түскен асықпен ғана ату керек.Атқан асығын қалтасына салып қойып, ары қарай жалғастыра береді.

Жауабы: (Хан ату)
2

Компьютерде орындалатын тапсырма

Мәтін тақырыбын 16 кегельмен, ал мәтінің өзін 12 кегельмен теріп, пішімдеп және жұмыс үстеліне жасалған құжатты «Батырдың хаты» деген файлда RTF типімен сақтаңыз.

Бауыржан Момышұлының

өсиет хатынан үзінді
Гвардия подполковнигі (сол кезде) Бауыржан Момышұлының 1943 жылы наурыз айында Қазақ ССР-ы Халық Комиссарлар Советінің Предеседателі Н. Оңдасовқа асық, жасырынбақ, айтыс, бәйге, аударыспақ ойындарының жастарды шеберлікке, мергендікке, ширақтылыққа, табандылылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, өлеңді суырып алып айтуға, есеппен тәуелкелге бел байлауға, тіпті, өзінің атағы мен ары үшін өлімге бас тігуге дейін баратын рыцарлық қасиетке тәрбиелейтінін айта отырып: «Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі таңда қайта салтанат құруға тиіс»,-деп арнайы хат жазуы көп сырды аңғартса керек.
3

Компьютерде «Секіргіш асықтар» интерактивті мультимедиалы анимацияланған флеш-ролик арқылы логикалық ойынын шешу.



VI.Үй тапсырмасын белгілеу және оған түсінік беру:

5 Бөлім. 4 тақ. 159-164 бет



VII.Сабақты қорытындылау және бағалау



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет