4.Әртүрлі. I. Тыңдалды



жүктеу 238.86 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі238.86 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
27 наурыз 2015 жыл 7

ОӘК төрағасы – Егоров В.В. – ОжӘЖ бойынша проректор

ОӘК хатшысы – Шлапак Т.В. – ОӘД маманы

ҚАТЫСҚАН – 23 адам.

КҮН ТӘРТІБІ:


  1. Шығарушы кафедралар филиалдарындағы сабақ өткізу сапасының сараптамасы.

  2. Баяндамашы: ОӘД директоры Головачева В.Н.

  3. 2014-2015 оқу жылындағы мемлекеттік тілде сабақ берудің сапалық сараптамасы.

Баяндамашылар: ЖКФ ОӘК төрағасы – Алимова Б.Ш., АҚФ ОӘК төрағасы – Орынтаева Г.Ж., АТФ ОӘК төрағасы – Қапжаппарова Д.У., ФИЭМ ОӘК төрағасы – Нұрмагамбетова Н.А., ТКФ ОӘК төрағасы – Такибаева А.Т, ФЭТ ОӘК төрағасы – Тенчурина А.Р., МФ ОӘК төрағасы – Бұзауова Т.М. және ӘТФ – Тюнин И.Д.

  1. Кафедра эдвайзерлерінің студенттердің білім алу траекториясын таңдауы бойынша. Баяндамашылар:факультеттердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: ТДФ – Жұмабеков А.Т., АСФ – Аяпбергенова Б.Е., ФИТ – Сулейменова Л.К., ФИЭМ – Байкенова Д.Х., ГФ – Сатибекова С.Б., ФЭТ – Баландин В.С., МФ – Атамбаев Ж.Н. декан ВТФ – Тюнин И.Д.

4.Әртүрлі.

I. ТЫҢДАЛДЫ: ОӘК төрағасы – Егоров В.В., 2015 жылдың 18 наурызында Университеттің Ғылыми кеңесінде «Шығарушы кафедралар филиалдарындағы сабақ өткізу сапасының сараптамасы» қаралып, талқыланған сол себепті бұл отырыста қаралмайтындығын айтты.

II. ТЫҢДАЛДЫ: Факультеттердің ОӘК төрағалары ;

ЖКФ – Алимова Б.Ш., АСФ – Орынтаева Г.Ж.,

ФИТ – Капжаппарова Д.У., ФИЭМ – Нұрмагамбетова Н.А.,

ГФ – Такибаева А.Т, ФЭТ – Тенчурин А.Р., МФ – Бұзауова Т.М. және ӘТФ деканы – Тюнин И.Д.



1. 2014-2015 оқу жылының көктемгі семестрінде мемлекеттік тілде сабақ берудің сапасы жүйелі түрде бақылауға алынды.

2. Мемлекеттік тілде сабақ өткізудің сапасын таңдау бойынша тексеру барысында ақсақалдар Кеңесі мүшесі Әділбек Н.Ә., факультеттер декандары, кафедра меңгерушілері, факультеттің ОӘК төрағаларымен анықталды:

2.1. ПЖ каф. доц. Есенбаев С.Х., «Ақпарат алудын физикалық негіздері» пәні бойынша дәрісті кәсіби ғылыми – техникалық жоғары деңгейде, студенттерге түсінікті түрде , техникалық құралдарды пайдалана отырып, шебер өткізе білді. Студенттердің танымдық қарқындылығы 90% байқалды.

2.2. ӨТ каферасының меңгерушісі Балғабеков Т.Қ., «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» пәні бойынша сабақты ғылыми – әдістемелік жоғары деңгейде өткізді. Сертификатталған видео материалдарды пайдаланды. Студенттер берілген тақырыпқа жақсы даярлықпен келген. Оқытушы тақырып бойынша мемлекеттік тілде қажетті оқу – әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

2.3. ЖМ кафедрасының проф., Әділбек Н.Ә., жоғары математика пәнінен сабақ беруде үлкен тәжірибесі бар, материалдарды жеткізуде тамаша тәсілдерді пайдаланды. Материал нақтылығы, студенттердің сұрақтарына назар аудара білуі оқытушының жоғары адамгершілік қасиеттерін байқатады. «Математика» пәні бойынша мемлекеттік тілде жазылған оқу – әдістемелік құралдар жеткілікті.

2.4.ККТжТ кафедрасының оқытушысы Кеңесов С.Ж., пән - «Жүк тану» дәріс ғылыми – әдістемелік жоғары деңгейде өткізілді. Дәрісханадағы монитордан барлық қажетті сызбалар, слайдтар, суреттер мен диаграмалар көрсетіліп уақытты үнемді пайдалана білді.

2.5.ПҚБ кафедрасының аға оқытушысы Зейтинова Ш.Б., пән - «Аршықты желдету, кептіру және қалпына келтіру» дәрісті жоғары кәсіби - техникалық жоғары деңгейде өткізді. Берілген пән бойынша мемлекеттік тілде жазылған оқу - әдістемелік құралдар жеткілікті. Графикалық материалдар слайдта берілді. Оқытушы мемлекеттік тілді жақсы меңгерген.

2.6.ТМжЖ кафедрасының доц. Қызыров Қ.Б., пән – «Гидропневматикалық машиналар және жетектер» дәріс педагогикалық тұрғыда жоғары деңгейде өткізілді. Дәріс ғылымилығымен, материалдарды көлемі бойынша дұрыс таңдауымен, мазмұнының күрделігімен ерекшеленді.

2.7.КБ кафедрасының доц. Нұрмаганбетова М.С., және доц. Самашова Г.Е., дәріс тақырыбы: «Кәсіптік оқытудың мазмұны мен маңызы» және «Оқыту технологиясының маңызы» жоғары ғылыми – теоретикалық деңгейде оқытылды. Дәріс оқу барысында оқытушылар инновациялық оқыту әдістерін пайдалана отырып, мәселе қоя отырып мазмұндау (мәселе -2 деңгейі) экспресс – сұрақ, қателермен берілген мысалдарды келтіре отырып жүргізді.

2.8. МӨ кафедрасының оқытушысы Жарылқасынова А.К., «Басқарудағы экономика-математикалық модельдеу» пәні бойынша транспорттық моделдерді пайдалана отырып, экономикалық есептерді шешудің қызықты мысалдарын келтірді. Дәріс материалдарында жаңашылық, пәнаралық байланыс қарастырылған сұрақтарда тәжірибелік маңызы қарастырылған

2.9.ӨЭ кафедрасының аға оқытушысы Рауандина Г.К., «Қаржы» пәні бойынша дәріс барысында слайдтарды пайдаланды. Студенттерге жұмыс жасауға арналған материалдар таратылып берілді. Сенімді финанстық жүйе бойынша маңызды сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Оқытушы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, дәріс материалдарын түсінікті түрде баяндайды. Пәнге қатысты ЭОҚ, мемлекеттік тілде оқу – әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

2.10. Жоғары математика кафедрасының оқытушысы Бітімхан М.Б., «Математика 2» пәні бойынша практикалық сабақты жоғары дәрежеде өткізді. Осы пән бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар, оқу құралдары, электрондық оқулықтар және әдістемелік құралдар жеткілікті

2.11. ҚМБжКӨ кафедрасының аға оқытушысы Мұхаметжанова А.Т., «Құрылыстағы инженерлік ізденістер» пәні бойынша практикалық сабақты жоғарғы педагогикалық және ғылыми деңгейде өткізді, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген, пән бойынша теориялық материалды жақсы біледі.

2.12.АЖБ кафедрасының аға оқытушысы Смағұлова Қ.Қ., «Цифрлық техника» пәні бойынша мультимедиялық презентация арқылы, ғылыми-әдістемелік дәрісті жоғары дәрежеде оқыды. Мемлекттік тілді және өз пәнін жақсы біледі, әдістемелік нұсқау және 2 оқу құралын әзірлеген. Студенттер СӨЖ тапсырмаларын қазақша және ағылышын тілдерінде тапсыра алады.

3. Бірақ, мемлекеттік тілде сабақты өткізу сапасын тексеру нәтижесінде кейбір келеңсіздіктер анықталды:

3.1. ДжЖҚМ кафедрасының аға оқытушысы Гомарова Б.М., сабаққа дайындалмай келген; Аудиторияның техникалық құралдары, слайд-дәрісті көрсетуге дайын емес болды; «Аралас қабатты тұрғын үй» пәні бойынша, мемлекеттік тілде арнайы оқулықтар болған жоқ.

3.2. РАжЕҚ кафедрасының профессоры Аманжол И.А. айтуынша, ЭП кафедрасының аға оқытушысы Темірбекова Л.А., «Тіршілік қаупсіздігі негіздері», және «Қаржылық есеп 1» пәндері бойынша оқулықтар, оқу құралдар, электронды оқу құралдар, мемлекеттік тілдегі әдістемелік нұсқаулар жоқ, бірақ кітапханада, осы пәндер бойынша оқу- әдістемелік құралдар жеткілікті.

3.3.ГжПҚ кафедрасының оқытушысы Абеуов А.К., «Пайдалы қазбалар кен орындарының геология- өнеркәсіптік типтері» пәні бойынша қазақ тобында, орыс тілінде дәріс оқыды, бірақ негізінде оқытушы қазақ тілін жетік меңгерген және үлкен тәжірибесі бар. Осы мәселені, пән бойынша мемлекеттік тілдегі оқу- әдістемелік құралдардың жоқтығымен түсіндіреді.

3.4. Энергетика кафедрасының доценті Еділбаева С.Т., сабақ кестесі бойынша дәріс орнына, «Энергия қолданудағы жылу энергетикалық жүйелер» пәні бойынша семинарлық сабақ өткізді. Студенттер сабаққа дайын болмады. Оқытушының айтуынша, пән бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар, оқу құралдар, әдістемелік нұсқаулар жоқ. Кітапханада осы пән бойынша 3 түрлі атаулы әдебиет бар.

3.5. «Электрондық және өлшеу техникасының негіздері» пәні бойынша, ТБЖ кафедрасының оқытушысы Махметова О.К., айтуынша, мемлекеттік тілде әдістемелік нұсқаулар жоқ, кітапханада осы пән бойынша 23 атаулы әдебиет бар.

3.6. «Деректер қорларын басқару жүйесінің мақсатын таңдау» пәнін, АЕЖ кафедрасының оқытушысы Қойбасова Д.Ж. береді, мемлекеттік тілдегі оқулығы жоқ, бірақ мемлекеттік тілде электрондық оқулықтары және әдістемелік нұсқаулары бар.

3.7. МжЖМТТ кафедрасының оқытушысы Жақатаев Т.А., сабақты қанағатсыз түрде өткізді; «Материалдардың физикалық қасиеттері» пәні бойынша, кафедрадағы және кітапханадағы мемлекеттік тілдегі оқулықтар және оқу нұсқауларының саны жөнінде дұрыс жауап бере алған жоқ. Кітапханада осы пән бойынша 5 атаулы әдебиет бар

3.8. ТМ кафедрасының оқытушысы Абдугалиева Г.Б., «Сұйықтық және газ механикасы» пәні бойынша, және ПЖ кафедрасының оқытушысы Қапжаппарова Д.У., «Ақпараттық өлшеу технологиясының негіздері» пәні бойынша, мемлекеттік тілде жазылған арнайы кітаптары жоқ.

3.9. АЕЖ кафедрасының оқытушысы Сағатбекова М.К. айтуынша, «Материалдарды өндеу технологиясы» пәні бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар және оқу құралдары жоқ, оқытушы тек қана әдістемелік құрал бойынша жұмыс істейді.

3.10. ИҚМ кафедрасының оқытушысы Қошмағанбетова Ж.Б. пән - «Маркетинг», практикалық сабақтын тақырыбы - «Маркетингтік ортаның негізгі элементтері. Іскерлік ойын «Банк баскарушысы» – тақырыптың сұрақтары толық ашылған, сабақтын танымдылық сипаты мол болды, қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Ескерту: «Маркетинг» пәні бойынша практикалық сабақтарда аналитикалық проблемаларды шешу үшін, бағдарламаларды толық түрде пайдалану қажет.

3.11. МжЖМТТ кафедрасының оқытушысы Жакатаев Т.А., «Жалпы металлургия» пәні, дәріс тақырыбы: «Жану реакцияларының қатты көміртекпен қатысуының термодинамикасы» – сабағы бағдарлама бойынша өткізілмеді, оқытушы дәріс тақырыбынан ауытқып кетті, слайд-дәрістері толық даярланбаған. Ескерту: оқытушы сабаққа даярланбаған, дәріс тақырыбы ашылмады, 50 минуттық сабақ барысында 50 формула берілді.

3.12. МжЖМТТ кафедрасының аға оқытушысы Буканов Ж.О., пән -«Құю цехтарының пештері», дәріс тақырыбы: «Отын және оны жағу» – сабақ қазақ және орыс тілінде жүргізілді бұл әрине мемлекеттік тілде мектеп бітірген студенттерге материалды меңгеруде қиындық тудырады. Ескерту: дәріс материалдарында болашақ мамандарға кәсіби құзыр негізінде нақты тәжірибелік мысалдарды пайдалану қажеттігі ұсынылды.

3.13. ДСжҚМ кафедрасының доц. Жылқыбаев Н.Т., пән -«Механика», дәріс тақырыбы: «Иілу деформациясы» – дәріс тақырыбы ашылды, материалдардың мазмұны постреквизитік пәндерді оқу үшін білім алуға лайықталған. Ескерту: слайд – дәрісті ғана пайдаланбай басқа да әртүрлі техникалық құралдарды пайдалану керек.

3.14. ҚМБжКӨ кафедрасының аға оқытушысы Шалбаев К.Ш., пән - «Үймереттер мен ғимараттарды жинақтау технологиясы», дәріс тақырыбы: «Құрылыс алаңында крандарды, бетонасостарды орналастыру» – лектордың пайдаланған тәсілдерінде танымдық қызметтің белсенділігі жеткіліксіз, тиімсіз, сондықтан сабақта студенттердің қызығушылығы болмады. Ескерту: оқытушы жекелеген фрагменттерді түсіндіргенде тақтамен аз жұмыс жүргізді, студенттердің техникалық терминологияны меңгеруде танымдық қызметтерін артыру мақсатында инновациялық технологияларды пайдаланбады.

3.15.ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Түсіпбеков Ж.А., пән - «Дінтану», дәріс тақырыбы - «Этникалық діндер Индуиз, Иудаизм, Синтоизм, Конфуций, Даосизм» сабақ барысында оқытушы студенттердің қызығушылығына қолдау көрсетті. АКТ пайдалана отырып, сабақ тақырыбын ашатын көлемді ақпаарат берді. Ескерту: жалпы білім беретін пәндер арасындағы пәнаралық байланыс жоқ, студенттердің ауызекі сөйлеуіне және сауатты жазуларына көңіл бөлу керек.

3.16. ҚТ кафедрасының аға оқытушысы Нұгман Б.Г., пән - «Қазақстан тарихы», дәріс тақырыбы - «Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері» – сабақ жақсы ұйымдастырылған, сабақ жоспары, мен мақсаты орындалды. Педогогикалық мәдениеті және мәнері жоғары. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ескерту: Пайдаланған оқу – әдістемелік құралдарға сілтеме беру қажет.

3.17. ҚМБжКӨ кафедрасының оқытушысы Ахметжанов Т.Б., пән -«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», дәріс тақырыбы - «Бетонтаратқыштар мен бетонтөсегіштер. Бетонтөсегіштер және бетонтартқыштардың есебі» – сабақ барысында дәріс материалында берілген техникалық терминдерді студенттер жақсы қабылдады, оқытушы мен студенттер арасында берік кері байланыс болды. Ескерту: сызбалар мен суреттерді слайд материалдарында көрнекі етіп беру керек.

3.18. ӨТ кафедрасының аға оқытушысы Қонырова Ж.А., пән -«Тасымалдау процестерін басқару және дамытуды реттеу. Жолаушы тасымалын ұйымдастыру», дәріс тақырыбы - «Теміржолдың пайдалану шығындарын жоспарлау» – дәріс жоспары орындалды, сабақта авторлық оқу – әдістемелік нұсқаулық қолданылды. Ескерту: Тақырыпты ашатын видео-материалдарды толықтай пайдаланбады.

3.19. ККТжТ кафедрасының оқытушысы Мұхтаров Т.М., пән - «Жол-қозғалыс ұйымдастыру негіздері», зертханалық сабақтың тақырыбы - «Қиылыстағы қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары» – сабақ жоспары орындалды, бірақ сыни ескертулер бар. Ескерту: техникалық құралдардың жіктелуі қажет, АКТ қолданылмады, жылдамдықты анықтайтын құрылғылар қойылғаннан кейін жол апатының азайатындығы студенттерге айтылмады. Оқытушыға жұмыс істеу деңгейін арттыру үшін педагогикалық біліктілігін арттыру қажет.

3.20.ЖМ кафедрасының аға оқытушысы Төлеутаева Ж.М., пән - «Математика», практикалық сабақтың тақырыбы - «Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің шешу әдістері» – сабақ жоспары орындалды, тақырып бойынша теоретикалық материал жеткіліксіз берілді. Ескерту: шешім тапсырмаларында дифференциалдық теңдеулердің барлық түрлері І тәртібін қарастыру керек.

3.21.ҚТжМ кафедрасының оқытушысы Салкебаева А.Д., пән - «Кәсіби қазақ тілі», практикалық сабақтың тақырыбы «Сәулеттегі стиль түсінігі. Грамматика» – оқытушы сабаққа жеткіліксіз даярланған. Ескерту: студенттердің көбі сабақтың негізгі мазмұнын меңгермеді, кешіккен студенттерге ескерту жасау керек.

3.22.КБ кафедрасының аға оқытушысы Мұхаметжанова А.О., пән -«Педагогика», дәріс тақырыбы «Тұтас педагогикалық үрдісте факторларды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу» –іріктелген комбинация, әдістер мен тәсілдерді оқыту әдістемелік жағынан дұрыс таңдалған. Ескерту: оқытушы

«Бастапқы әскери дайындық» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының жұмыс ерекшелігіне байланысты "дамыту", "қалыптастыру" және "тәрбие" ұғымдарына өте қысқа түсінік берді, осы оқу пәнінің мектептегі ерекшеліктеріне баса назар аудару керек.



3.23.КБ кафедрасының оқытушысы Құрымбаева С.К., пән - «Кәсіптік оқытудың әдісі», тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Сабақты жоспарлау» – практикалық сабақ танымдық және әдістемелік сипатта өткізілді. Студенттердің көпшілігі берілген уақытта тапсырманы орындай алды. Тәжірибелік сабақтың мақсаты орындалды. Ескерту: бір типті сұрақтардың берілуі студенттің өздік жұмысын орындау барысында қиындық туғызды, оқытушы студенттердің әр уақытта берген сұрақтарына жауап берем деп көп уақытын өткізіп алды.Сабақтың жүргізу әдістемесін қайта қарау керек.

3.24.БӘД кафедрасының оқытушысы Жанзаков К.Г., пән - «Әскери патриоттық тәрбие», тәжірибелік сабақтың тақырыбы - «ҚР қарулы күштерінде әскери-патриоттық тәрбие беру» – сабақтың тақырыбы жұмыс бағдарламасы, күнтізбелік жоспарға. сәйкес келеді. Тақырыбы, мақсаттары мен міндеттері сабақ басында тұжырымдалған. Ескерту: Оқытудың инновациялық әдістері, мысалы: жүргізу алгоритмі, интерактивті сабақтар, өзара қарым – қатынас тек қана студенттермен жүргізілмей оқытушымен де болуы қажет, сонда студенттердің белсенділігі оқу үрдісінде басымдылыққа ие болады. Оқыту барысында дамыту студенттердің қабілетін нарық қажеттіліктеріне тез бейімдей алады.

3.25. АЕЖ кафедрасының аға оқытушысы Маденова А.Е., пән - «Микроэлектроника», дәрістің тақырыбы «Тиристорлар оптоэлектронды аспаптар» – сабақта орыс тіліндегі оқулықтар пайдаланылды, бұл мемлекеттік тілде оқыған студенттердің сабақты меңгеруіне әсер етеді. Ескерту: «Микроэлектроника»пәні бойынша оқу – әдістемелік құралдар, оқулықтар жеткіліксіз.

3.26. АҚЖ кафедрасының оқытушысы Жаксыбаев К.Р., пән - «Автоматтар мен тілдер теориясы», дәріс тақырыбы - «Тьюринг машинасын ұсыну әдісі» – сабақ жоспары орындалды, мақсатқа қол жеткізілді, дәріс материалдары логикалық сапа, тұтастығымен ерекшеленді. Дәрісте формулаларымен анықтамалар, кілт түсініктерімен суреттер, ЭОҚ пайдаланылды. Ескерту: теориялық материалды қорытындылау үшін практикалық мысалдар келтіру қажет, пәнаралық байланыс жеткіліксіз.

3.27. АЕЖ кафедрасының асс. Алишева Д.М., пән - «Компьтерлік ақпаратты қорғау әдістері мен құрал», зертханалық сабақтың тақырыбы - «Симметриясыз шифрлеу жүйелерін зерттеу» – студенттердің белсенділігі төмен оқытушы мемлекетті тілді меңгермеген. Ескерту: Оқытушы мемлекеттік тілді мегермеген, сабақ сапасын арттыру үшін тәжірибелік жұмыстарды жүргізудің жаңа әдістемелерін пайдалану керек.Мемлекеттік тілде оқу – әдістемелік нұсқаулықтар жоқ.

3.28. Энергетика кафедрасының оқытушысы Мади П.Ш., пән - «Ақпараттық өлшеуіш техникасы», тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Аналогты және цифрлі электронды аспаптар» – сабақ жұмыс бағдарламасына, календарлық жоспар тақырыбына сәйкес өтті.Сабақ мақсаты нақты қойылған, тапсырмалар сауатты құрылған. Тәжірибелік жұмыс арнайы құрылымдық бағдаламаларды пайдаланып жүргізілді .Оқытушы қазақ тілін және техника тілін жақсы меңгерген. Сабақта тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған оқу әдістемелік нұсқаулықты пайдаланды. Ескерту: оқитын материалды өндірспен байланыстыруға ұсыныс берілді, инновациялық оқу әдісін пәрменді түрде қолдану керек.

3.29. АЖБ кафедрасының аға оқытушысы Нұрмаганбетова Ж.С., пән - «Қолданбалы ақпараттар теориясы», тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Ақпараттардың мөлшер санына баға беру» – тәжірибелік сабақтың жоспары орындалды, мемлекеттік тілде жазылған тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған оқу әдістемелік нұсқаулықпен жұмыс жүргізді. Ескерту: оқытушыға АКТ кеңінен пайдалануды ұсынылды.

3.30. Физика кафедрасының доц. Маженов Н.А., пән «Физика 2», дәрістің тақырыбы: «Жарық интерференциясы» – сабақ жоспары толығымен орындалды, сабақ көздеген мақсатына жетті, дәріс пайдалы және сапалы тұрғыда жоғары деңгейде оқылды. Оқытушы сабақ барысында жағдаяттық мәселелер туындата білді, студенттермен байланыс жақсы жүргізіліп, студенттер белсенділік танытты Ескерту: таңдалған мамандық бойынша дәрісте байланыс болмады, СӨЖ жұмысына аз көңіл бөлінді.

3.31. ТБЖ кафедрасының оқытушысы Есенжолов У.С., пән - «Байланыс жүйесінің кұрылымы және моделдеу негізі», тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Коммутатор бағдарламасының программасын қамтамасыз етуін жаңарту» – сабақтың мақсаты мен тапсырмалар нақты, сауатты түрде берілген. Ескерту: тәжірибелік сабақ барысында студенттерге сұрақ берілмеді. Студенттердің белсенділігі төмен болды. Сол себепті сабақты кезеңдерге бөліп, тапсырмаларды тәжірибелік жұмыстың деңгейіне қарай бөлу керек.

3.32 Энергетика кафедрасының доценті Иманов Ж.Ж., пән «Электртехника», дәріс тақырыбы «Электр тізбектерінің бөліктері. Нақты және шартты элементтер» – дәріс тақырыбы пәннің постреквизиттеріне сәйкес келеді, тақырып толық ашалды. Сабақ слайдтарды қолдану арқылы өтілді. Ескерту: теориялық материалды бекіту үшін тәжірибелік іс әрекеттен мысалдар келтіру қажет; слайдтарда соңғы формулалар қорытындысыз берілген.

3.33. МІжиГ кафедрасының аға оқытушысы Игемберлина М.Б., пән «Өндірістік және азаматтық құрылыс кезендегі геодезиялық жұмыстар», дәріс тақырыбы «Бөлу жұмыстарының түрлері» – дәрісте теориялық материал нақты мысалдармен бекітілді. Заманауи қолданбалы графикалық бағдарламаларға көңіл бөлінді, кейінгі пәндермен байланысы көрсетілді. Осы пән бойынша әдістемелік нұскаулықтар бар, оқу құралы мен электрондық оқулық шығарылған. Дәріскердің шеберлігі, педагогикалық мәдениеті жоғары. Ескерту: оқытушыға слайдтарды жасау барысында көрнекілік ретінде тәжірибелік мысалдарды көбірек қолдану; сабақты ұйымдастыру формасы мен түрлі тәсілдерді белсенді қолдану ұсынылды.

3.34. МІжиГ кафедрасының аға оқытушысы Куанышбекова А.А., пән «Маркшейдерлік ісі», лабораториялық сабақ тақырыбы «Қосақталған үшбұрыштар тәсілімен бір тік оқпан бойымен жасалатын жерастылық теодолиттік түсірісті бағыттау есептемесін жасау» – лабораториялық сабақта студенттерге мемлекеттік тілде әдістемелік нұсқаулық тарату материалы ретінде берілді. Осы пән бойынша әдістемелік нұскаулықтар бар, оқу құралы мен электрондық оқулық шығарылған. Ескерту: оқытушыға сабақты ұйымдастырудың түрлі формасы мен тәсілдерін белсенді қолдану, материалды тереңдетіп түсіну үшін тәжірибелік мысалдар келтіру ұсынылды.

3.35. ТМжҚ кафедрасының аға оқытушысы Абдугалиева Г.Б., пән «Сұйықтық және газ механикасы», лабораториялық сабақ тақырыбы «Бернулли теңдеуін есеп шығаруда қолдану»; ӨЭжХ кафедрасының оқытушысы Амантаев Н.Г., пән «Микроағзалар биотехнологиясы», лабораториялық сабақ тақырыбы «Шикізатта микроптық жайылудың сапасын анықтау» – лабораториялық жұмыс күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді. Оқытушы авторлық әдістемесін қолданды. Ескерту: лабораториялық жұмыстың есебін рәсімдеуге кететін сабақ уақытын үнемді пайдалану керектігі ұсынылды.

3.36. КАиЕҚ кафедрасының доценті Сапарова Г.К., пән «Еңбекті қорғау», дәріс тақырыбы «Өндірістік жарақаттар және кәсіби ауруларды талдау» – сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспар мен оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Оқытушы материалды түсінікті, анық жеткізді, студенттер дәрістің негізгі тұстарын жазып отырды. Ескерту: Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары тәжірибесінен мысалдарды көбірек келтіру керек.

3.37. ГжГ кафедрасының оқытушысы Сатибекова С.Б., пән «Кристаллография және минералогия», лабораториялық сабақ тақырыбы «Кристалл сингониясы. Қарапайым пішіндер мен комбинациясы» – сабақ тақырыбының тәжірибелік бағыттылығы бар, электрмагниттік сәулеленуді азайту әдісін пайдалануды білу. Сабақта қазіргі уақытта өзекті болып табылатын плакат-материалдар қолданылды. Ескерту: осы пән бойынша электрмагниттік сәулеленуден қорғайтын техникалық әдістер туралы стенд жоқ: оқытушыға сабақта АКТ құралдарын пайдалану ұсынылды.

4. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізудің сапасы көбіне оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз етілуге және сабақ жүргізудің деңгейіне байланысты болады.

5. Жалпы ПОҚ санынан мемлекеттік тілді жетік білетін және сабақ жүргізуші оқытушылардың құрамы 57,7% құрайды; ғылыми дәрежесі бар жалпы ПОҚ санынан мемлекеттік тілде сабақ жүргізуші оқытушылардың құрамы 49,7% құрайды. (түлектерді шығарушы кафедралардың мәліметтері бойынша)

6. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер саны 281252 дананы құрайды.

Мемлекеттік тілдегі әдебиетпен қамтамасыз етілу деңгейі талап етілуден төмен (1 білім алушыға 140 бірлік) төменгі мамандықтарды құрайды: 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық» – 57,9; 5В012000 «Кәсіптік оқыту» – 78,2; 5В050800 «Есеп және аудит» – 60,7; 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» – 67,3; 5В070100 «Биотехнология» – 72,5; 5В070300 «Информациялық жүйелер» – 72,5; 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» – 74,3; 5В070600 «Геология және пайдалы кен орындарын барлау» – 70,3; 5В072400 «Технологиялық машиналар» – 77,2; 5В073100 «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» – 77,6; 5В073700 «Пайдалы кен орындарын байыту» – 75,3; 5В074500 «Көлік құрылысы» – 36,9; 5В090400 «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» – 70,4.



7. Осылайша, пәндерді мемлекеттік тілде оқытуды жетілдіру бойынша төмендегідей ұсыныстарды атап өтуге болады:

7.1. Пікірсайысты білім беру іс-шараларын өткізу арқылы мемлекеттік тілдегі білімнің деңгейін көтеру (дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, ашық сабақтар, өзара сабаққа қатысу).

7.2. Теориялық және тәжірибелік оқу материалын меңгеруде студенттердің қызығушылығын арттыру деңгейіне жәрдем беретін инновациялық технологияларды кеңінен қолдану.

7.3. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізуші оқытушылар Ш. Құдайбердиев атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» Орталығындағы курсқа жыл сайын бару.

Сұрақ қойғандар: Егоров В.В., Смирнов Ю.М., Капжаппарова Д.У., Ударцева С.М.. Головачева В.Н.



ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мемлекеттік тілде жоғары сапалы сабақ жүргізген төмендегі кафедралардың оқытушыларына алғыс жариялау: Есенбаев С.Х., ПЖкаф. доц., Балгабеков Т.К., ӨК каф. меңг, Әділбек Н.А., ЖМ каф. проф., Кенесов С.Ж., ТТиОД каф. оқыт, Зейтинова Ш.Б., РМПИ каф. аға оқыт., Кызыров К.Б., ГМиО каф. доц.; Рауандина Г.К., ЭП каф. аға оқыт., МП каф. оқыт. Жарылкасынова А.К., Нұрмаганбетова М.С., ПО каф. доц ., Самашова Г.Е., КО каф. доц. ПО, Бітімхан М.Б., ЖМ каф. оқыт., Мұхаметжанова А.Т., СиЖКХ каф. аға оқыт., Смагулова К.К., АПП. каф. аға оқыт.

2. Мемлекеттік тілде сапасы төмен сабақ жүргізген төмендегі кафедралардың оқытушыларына қатаң ескерту жариялау: Гомаров Б.М., ДАиПМ., Абеуов А.К., ГиГ каф. аға оқыт., Едильбаев С.Т., Энергетика каф. доц, Жакатаев Т.А., ММиН каф. аға оқыт., Буканов Ж.О., ММиН каф. аға оқыт., Мухтаров Т.М., ТТиОД каф. оқыт, Алишева Д.М., ИВС каф.асс. және Салкебаева А.Д., ҚТжМ каф. оқыт.

3. Факультеттердің декандарын міндеттеу: ЖКФ – Интыков Т.С., СҚФ – Иманов М.О., ИТФ – Томилова Н.И., ИЭМФ – Алпысбаева Н.А., ТФ – Ожигин С.Г., ӘТФ – Тюнин И.Д., ЭТФ – Таткеева Г.Г. и МФ – Ерахтина И.И.:

3.1. 2014-2015 оқу жылының көктемгі семестрінде факультеттердің ай сайынғы кеңестерінде мемлекеттік тілде сабақ жүргізудің сапасына жүйелі түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету.

4. Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің төрағаларын міндеттеу: ЖКФ – Алимова Б.Ш., СҚФ – Огольцова Е.Г., ИФТ – Капжаппарова Д.У., ИЭМФ – Нурмагамбетова Н.А., ТФ – Такибаева А.Т., ӘТФ – Рахметуллаев Ж.Б., ЭТФ – Тенчурина А.Р. МФ – Бузауова Т.М.

4.1. Бұйрық шығару үшін Тіркеу кеңсесіне апта сайынғы сабаққа қатысу материалдарының нәтижесі туралы пікірлерді сапалы түрде жинақтап жеткізуді қамтамасыз ету.

5. Кафедра меңгерушілерін міндеттеу:

5.1. 2014-2015 оқу жылының көктемгі семестрінде мемлекеттік тілде сабақ жүргізудің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

5.2. Жұмыс өтілі 5 жыл болатын жас оқытушылардың мемлекеттік тілде сабақ беретін пәндерінің дәрістеріне, тәжірибелік және лабораториялық жүргіген сабақтарына қатысып, сабаққа қатысудың талдауын міндетті түрде тапсыру.

6. Түлектерді шығарушы кафедралардың меңгерушілерін міндеттеу: Алишев Б.Ж. АӘД, Ударцева С.М. КО, Ахметжанов Б.А. КЭ, КМ Давлетбаева Н.Б. Кабиева С.К. ӨЭжХ, Амиров А.Ж. ИВС, Талерчик М.П. ГиГи, Жолдыбаева Г.С. ТМиҚ, Шарипов Н.Х. КАиЕҚ, Утенов Е.С. СиЖК, Стеблякова Л.П. ИПМ, кітапхана директоры Б.О Бейсембаевамен бірлесіп:

6.1. Мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді басқа баспалардан таңдау және алу, ҚарМТУдағы басылымдарды мемлекеттік тілге аударып өзімізде басып шығару арқылы қамтамасыз ету коэффициентін (80 дейін) жоғарылату.

7. КМ кафедрасының меңг. Н.Б Давлетбаева мен ГжГ кафедрасының меңг. М.П Талерчикті міндеттеу:

7.1. Ғылыми дәрежесі бар ПОҚ мемлекеттік тілде дәріс оқуға тартуды қамтамасыз ету.

8. ИВС кафедрасының меңг. Амировты міндеттеу:

8.1. Кафедраның мамандық пәндері бойынша оқытушылардың мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуіне бақылауды күшейту.

9. Кітапхана директоры Б.О Бейсембаеваны міндеттеу:

9.1. Қазақстандық жоғары оқу орындары шығарған мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді таңдау және оларды алу мақсатын жүзеге асыру.

9.2. Қазіргі талаптарға сәйкес білім беру үрдісіне мемлекеттік тілдегі жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді енгізуге тұрақты түрде бақылау жасауды жүзеге асыру.

9.3. Білім беру үрдісіне мемлекеттік тілдегі электронды оқу ресурстарын енгізуге және жоспарлауға тұрақты түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету.

III. ТЫҢДАЛДЫ: факультеттердің оқу жұмыстары бойынша орынбасарлары ЖКФ – Жумабеков А.Т., СҚФ – Аяпбергенова Б.Е., ФИТ – Сулейменова Л.К., ФИЭМ – Байкенова Д.Х., ГФ – Сатибекова С.Б., ФЭТ – Баландин В.С., МФ – Атамбаев Ж.Н. және ВТФ деканы – Тюнин И.Д.

1. Эдвайзерлер жұмысы ҚР БжҒМ соңғы нормативті құжаттарына сәйкес және ҚарМТУ-дың ішкі құжаттарына, 2014 жылы шыққан «Студенттер контингентін қалыптастыру мен пәндерді жазу тәртібі» бойынша жаңартуды талап ететін ҚарМТУ-дың эдвайзер туралы ережесіне сәйкес құрылған.

2. Әр факультетте эдвайзерлерді тағайындау туралы өкімдер бар. Эдвайзерлерді мамандық бойынша немесе білім беру траекториясы бойынша тағайындайды.

3. Барлық бітіруші кафедраларда 2014-2015 оқу жылының көктемгі семестріне арналған эдвайзерлер жұмысының жоспары мен кеңес беру (кездесу) кестесі бар.

4. Эдвайзерлер білім алушыларға оқудың жеке траекториясын айқындауға, білім алу бағдарламасын меңгеруге; сәйкес мамандық бойынша оқу траекториясын таңдауға білім алушылардың бейімі мен қызығушылығын, қажеттілігін анықтауға; пән таңдау кезінде кеңес береді; жеке оқу жоспарын құруда білім алушыларға жәрдем береді; қажет болса түзетулер енгізеді.

5. 2 курс студенттері үшін «Студенттер контингентін қалыптастыру мен пәндерді жазу тәртібіне» сәйкес электив пәндерді жазу уақыты аяқталады, нәтижесі бойынша жеке оқу жоспары құрылады, әр білім алушының жеке білім алу траекториясы және әр оқу жылына мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспары анықталады.

6. Студенттердің электив пәндерді (оқу траекториясы) таңдау нәтижесін талдау барысында анықталды:

6.1. Кафедралардың эдвайзерлері: Курымбаева С.К., КО каф. оқыт., Пустовалова Л.М., КО каф. оқыт., Акашев С.А., АӘД каф. оқыт., Ашимов Е.Т., АӘД каф. аға оқыт., Лисицын Д.В., АПП каф. аға оқыт., Лапина Л.М., АПП каф. аға оқыт., Кызыров К.Б., Энергетика каф. доц. Зейтинова Ш.Б., РМПИ каф. аға оқыт., Бесимбаева О.Г., МІжГ каф. аға оқыт., Рахимова Г.М., ТСМИ каф. аға оқыт., Султамурат Г.И., ММиН каф. доц., Бийжанов С.К., ТМ каф. аға оқыт., Бартенев И.А., СиЛП каф. меңг., Абилдаева Г.Б., ИВС каф. аға оқыт,, Кучер В.Н., ИПМ каф. аға оқыт, Косбармаков С.Ж., ПТ каф. аға оқыт Аскаров Б.Ш., ТТиОД каф. аға оқыт. Студенттер арасында түсіндірме жұмысын жақсы жүргізген, ҚарМТУ-дың нормативті құжаттарына сәйкес білім беру траекториясына контингент қалыптастыру мен пәндерді жазуды уақытында толық қамтамасыз етті.

6.2. Төмендегі кафедралардың эдвайзерлері тиімсіз жұмыс көрсетті: Белик Г.А. ТСС каф. аға оқыт, Любченко М.В., ДАиПМ каф. аға оқыт, Жаркимбекова А.Т., ИТБ каф. аға оқыт, Алькина А.Д., ПЖ каф. аға оқыт, Бахриденова Д.Б., ММиН каф. асс., Ищенко А.П., ТТиОД каф. доц, Шалбаев К.Ш., СиЖКХ каф. аға оқыт., Кикнадзе Р.К., СиЖКХ каф. аға оқыт, Демина Т.В., КАжЕҚ каф. аға оқыт.

6.3. 10.04.2015ж.төмендегі мамандықтардың студенттері оқу траекториясын 100% құрамда таңдамады: «Архитектура» және «Дизайн» (меңг. Танирбергенова А.А.), «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» (меңг. Мехтиев А.Д.), «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Пайдалы кендерді байыту» меңг. Кабиева С.К.) және «Көлік, көліктік техника және и технология» (меңг. Кабикенов С.Ж.) және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» (меңг. Коккоз М.М.).

7. Эдвайзерлер студенттермен олардың түскен күнінен бастап, бітіру дипломын алғанға дейін жұмыс істеуі керек, кейде бұл толық көлемде орындалмай жатады.

8. Эдвайзерлер бакалавриатта оқу кезінде ғана емес, тәжірибеден өту үшін кәсіпорын таңдағанда да, магистратурада оқу мүмкін болған жағдайда да академиялық тәлімгер болуы қажет,

9. Студенттердің электив пәндерді таңдау кезінде олқылықтарды жібермеу және жоғары оқу орнының жасаған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында студенттерге білім берудің бірнеше траекториясы ұсынылады, электив пәндердің тізбесі, оларды оқыту реті, бұл іс-әрекеттің нақты сферасына бағытталған, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттілігі есепке алынған, студент бітіріп шыққанда мамандық аясында қосымша кәсіби ыңғайы мен құзырлығы болатындай тізбе анықталады.

10. Білім беру траекториясын (электив пәндерді) тиімді таңдау мақсатында таныстырылымдар кафедраларда, Корпоративті университеттің кәсіпорындарының («Қарағанды құю зауыты» ТОО «Қазақмыс Корпорациясы», ТОО «Машзавод № 1», ТОО «КарГорМаш-М», АҚ «НаЦЭкС» Қарағанды филиалы, ТОО «КарагандаКурылысЭксперт», ТОО «Аспап», ТОО «Караганда промстройпроект», ТОО «Автобусный парк № 3», Қарағанды облысы бойынша УАП ДВД, ТОО «Евротехсервис К», АО НК «Қазақстан темір жолы», УД АО «Арселор Миттал Темиртау») техникалық мәжілістерінде талқыланып өткізіледі.

11. Эдвайзерлер жұмысының сапасын жақсарту үшін әрбір траектория бойынша бір эдвайзерден арнайы тағайындау керек.

Сұрақ қойғандар: Егоров В.В., Квон С.С., Капжаппарова Д.У., Сергеев В.Я.



ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

1. 2 курс студенттерімен білім беру тракеториясын таңдауда тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін:

1.1. Төмендегі эдвайзерлерге алғыс жариялау: Курымбаеваға С.К., преп. каф. ПО, Пустоваловаға Л.М., преп. каф. ПО, Акашевке С.А., преп. каф. НВП, Ашимовке Е.Т., ст. преп. каф. НВП, Лисицынға Д.В., ст. преп. каф. АПП, Лапинаға Л.М., ст. преп. каф. АПП, Кызыровқа К.Б., доц. каф. Энергетики, Зейтиноваға Ш.Б., ст. преп. каф. РМПИ, Бесимбаеваға О.Г., ст. преп. каф. МДиГ, Рахимоваға Г.М., ст. преп. каф. ТСМИ, Султамуратқа Г.И., доц. каф. ММиН, Бийжановқа С.К., ст. преп. каф. ТМ, Бартеневке И.А., зав. каф. СиЛП, Абилдаеваға Г.Б., ст. преп. каф. ИВС, Кучерге В.Н., ст. преп. каф. ИПМ, Косбармаковқа С.Ж., ст. преп. каф. ПТ, и Аскароваға Б.Ш., ст. преп. каф. ТТиОД.

2. Эдвайзерлердің тиімді жұмысын бақылауды төмендеткені үшін:

2.1. Факультет декандарына қатаң ескерту: ЖКФ – Интыков Т.С., СҚФ – Иманов М.О., АТФ – Томилова Н.И., ТФ – Ожигин С.Г., ЭТФ – Таткеева Г.Г., МФ – Ерахтина И.И. и кафедра меңгерушілері ДАиПМ Танирбергенова А.А., ТСС Мехтиев А.Д., ӨЭжәнеХ Кабиева С.К., ТТиОД Кабикенов С.Ж. и ИТБ Коккоз М.М.

3. Тіркеу Кеңсесінің басшысы Сергеевті В.Я., міндеттеу:

3.1. Эдвайзерлер жұмысы туралы құжаттарды ҚарМТУ-дың ішкі құжаттарымен ҚР БжҒМ соңғы нормативті құжаттарына сәйкестендіріп 30.04.2015ж дейін қайта өңдеп шығу.

3.2. «Студенттер контингентін қалыптастыру мен пәндерді жазу тәртібін» ҚарМТУ-дың ішкі құжаттарын ҚР БжҒМ соңғы нормативті құжаттарына сәйкестендіріп 30.04.2015ж дейін қайта өңдеп шығу.

3.3. Бакалавриат мамандықтары бойынша 15 адамнан кем емес білім алу траекториясына студенттер контингентін қалыптастыру және оқу пәндеріне тіркеуді бақылауды 30.04.2015ж дейін қамтамасыз ету.

3.4. «Тіркеу кеңсесі» бағдарламасы бойынша оқу пәндерін оқитындарды тіркеу тәртібін әдістемеліктермен және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру ұсыныстарын 30.04.2015ж дейін әзірлеу.

4. Тұңғыш Президент атындағы ЭОТ ҒЗИ директоры Тлеулинаны Г.Ж., міндеттеу:

4.1. Әр оқу жылынан кейін студенттер жедел түрде транскрипт алуын қамтамасыз ету мақсаты үшін ПО «АИС КарГТУ»ды 30.04.2015ж дейін жетілдіру.

5. Түлектерді шығарушы кафедралардың меңгерушілерін міндеттеу:

5.1. Әрбір білім алу траекториясы бойынша бір эдвайзерден тағайындау.

5.2. 1 курстан бастап университетті бітіргенге дейін эдвайзерді бекітуді қамтамасыз ету.

5.3. 2014-2015 оқу жылының көктемгі семестріне кеңес беру кестесі мен эдвайзерлер жұмысының жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

6. Түлектерді шығарушы кафедралардың эдвайзерлерін міндеттеу:

6.1. 2 курс студенттерін бакалавриат мамандықтары бойынша жеке білім алу траекториясын таңдауда кеңес беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және оқу пәндеріне тіркеуді бақылауды үнемі жүргізу.

IV. ӘР ТҮРЛІ:

ТЫҢДАЛДЫ:

4.1. ӨЭжәнеХ каф. меңг. Кабиеваны С.К., зав. каф. «Система качества биотехнологических и фармацевтических производств» авторлары: д.х.н. Газалиев А.М., к.х.н., доц. Кабиева С.К., и доц. КГМУ Власова Л.М. «Биотехнология» мамандығының студенттері мен магистранттары үшін». Сондай-ақ оқулық ғылыми және инженерлік-лаборатория қызметкерлері үшін пайдалы болуы мүмкін. Оқулық үш рецензенттен өтіліп, пікірлер алынды: доц. каф. ПЭиХ Ивлева Л.П., д.м.н., проф. ҚУ «Болашақ» Джангозина Д.М. и д.х.н., проф. ТОО «ИОСУ РК» Нуркенов О.А.

4.2. ОӘД директоры Головачева В.Н., «Математика. Часть 1 (для студентов горного профиля)» кәсіби бағытталған оқулығын ұсынды, авторлары: д.п.н. Егоров В.В, д.п.н. Головачева В.Н., к.ф.-м.н. Мустафина Л.М. и к.п.н. Абаева Н.Ф. Оқулық үш рецензенттен өтіліп, пікірлер алынды:

д.ф.-м.н. Е.А. Бөкетов ат. ҚарМУ Рамазанов М.И., д.т.н., РМПИ каф. меңг. Исабек Т.К.және ЖМ каф. меңг. Тутанов С.К.; «Теория и практика конструирования педагогических тестов» монографиясы авторлары: д.п.н. Головачева В.Н. және к.п.н. Абаева Н.Ф.; «Научные основы развития познавательного интереса к изучению математики студентами медицинского вуза» авторы к.п.н. Абаева Н.Ф.



ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

1. «Система качества биотехнологических и фармацевтических производств» авторлары д.х.н. Газалиев А.М., к.х.н., доц. Кабиева С.К., және доц. КГМУ Власова Л.М. оқулығы баспаға ұсынылсын.

2. «Математика. Часть 1 (для студентов горного профиля)» авторлары: д.п.н. Егоров В.В, д.п.н. Головачева В.Н., к.ф.-м.н. Мустафина Л.М. и к.п.н. Абаева Н.Ф., «Теория и практика конструирования педагогических тестов» монографиясы авторлары: д.п.н. Головачева В.Н. и к.п.н. Абаева Н.Ф.; «Научные основы развития познавательного интереса к изучению математики студентами медицинского вуза» монографиясы авторы к.п.н. Абаева Н.Ф. баспаға ұсынылсын.


ОӘК төрағасы, ОжӘЖ проректоры

Егоров В.В.







ОӘК хатшысы, ОӘД маманы

Шлапак Т.В.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет