5- сайланым 64-кезектен тыс 2016 жылғы 4-наурыздағы №465/64 шешім



Дата01.05.2016
өлшемі214.23 Kb.


Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14-наурыздағы № 4993 болып тіркелген

Павлодар қалалық мәслихаты

5- сайланым

64-кезектен тыс


2016 жылғы 4-наурыздағы № 465/64 ШЕШІМ

«Павлодар қалалық мәслихат

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін

бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 405/54 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4633 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамыздағы № 146 «Сатып алу ақпарат» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Б. Смағұлов
Қалалық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы О. Костенко

Павлодар қалалық мәслихатының

2016 жылғы 4 наурыздағы № 465/64 шешімімен

бекітілді



«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың әдістемесі


1. Жалпы ережелер

1. Осы «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес әзірленді және «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі –«Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қыз-метінің нәтижелері бойынша:

1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

«Б» корпусының қызметшісін бағалау, бағалау мерзімінде оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

5. Жылдық бағалау:

1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

2) «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау

бағасынан;

3) айналмалы бағалаудан құралады.

6. Бағалау өткізу үшін Павлодар қалалық мәслихатының хатшысымен бағалау жөніндегі комиссия құрылады, «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) оның жұмыс органы болып табылады.

7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның өкімі бойынша жүзеге асырылады.

8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия хатшысы болып лауазымдық нұсқаулығы бойынша Павлодар қалалық мәслихат аппаратының кадрлық жұмыстарын жүргізетін аппарат басшысы (бұдан әрі – аппарат басшысы) табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

12. «Б» корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:

1) «Б» корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә (болған жағдайда)., атқаратын лауазымы, «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалыдық міндеттеріне сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, «Б» корпусы қызметшісі жұмысының

функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталды.

3) «Б» корпусы кызматшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Мәслихат аппаратына беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.



3. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Мәслихат аппараты бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

Мәслихат аппараты бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.



4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

16. Негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері Павлодар қалалық мәслихат аппаратының өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» балға дейін иеленеді.

19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

20. Орындау тәртібін бұзуға:

1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;

2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды жеке және занды тұлғалардын өтініштерін сапасыз орындау жатады.

21. Еңбек тәртібін бұзуға:

1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

3) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде Мәслихат аппараты, «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы Мәслихат аппараты берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы «Б» корпусы қызметшісімен расталады.

«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Мәслихат аппаратының жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау
26. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.

«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Мәслихат аппаратының жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау
29. Айналмалы бағалау:

1) тікелей басшыны;

2) «Б» корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;

3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда - «Б» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.

30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген

адамдардың тізімін (үштен аспайтын) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Мәслихат аппараты бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеме-нің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Мәслихат аппаратына жіберіледі.

33. Мәслихат аппараты айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.



7. Қорытынды баға
35. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
,
– тоқсандық баға;

a – көтермелеу балдары;

в – айыппұл балдары.

36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

80 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,

80-нен 105 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді»,

130 балдан астам – «өте жақсы».


37. Мәслихат аппараты «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

,

– жылдық баға;

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36 тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

«тиімді» мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

«өте жақсы» мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;



ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

3 балдан бастап 4 баллға дейін – «қанағаттанарлық,

4 балдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»,

5 балл – «өте жақсы».



8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
39. Мәслихат аппараты Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Мәслихат аппараты Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

1) толтырылған бағалау парақтарын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

3) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2) Мәслихат аппараты «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін

санауда қате жіберсе.

41. Мәслихат аппараты бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.

«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Мәслихат аппаратының жұмыскері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай – ақ

комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Мәслихат аппаратында сақталады.



9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
43. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

46. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.



10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

48. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.

49. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті

жоғарылату курстарына жіберіледі.

50. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі

мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

51. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

52. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

1-қосымша
Нысан
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

жеке жұмыс жоспары
жыл

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_________________________________
Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________________________________________







р/с

Іс-шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара




2

Іс-шара




3

Іс-шара




4






Ескертпе:

* - шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс


Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_________
күні _________________________
қолы ________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________


күні ______________________________
қолы _____________________________

«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

2-қосымша
Нысан

Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ____________________________________________________________________


Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеле-нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер



Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеле

нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер


Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер




1






















2






















3

























Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:






Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_________
күні _________________________
қолы ________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________


күні ______________________________
қолы ______________________________

«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

3-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
__________________________________________________жыл

(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________


Жеке жоспарды орындау бағасы:


р/с

Аталуы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін










2

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін










3

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін










4


















Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдай)___________
күні _________________________
қолы _________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______________


күні _______________________________
қолы ______________________________

«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

4-қосымша


Нысан
Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________________________________________жыл

(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________





р/с


Құзіреттің аталуы

Маңызы

Баға

(балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін



2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін




3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5-ке дейін






БАРЛЫҒЫ:



Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5-ке дейін



2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5-ке дейін



3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5-ке дейін






БАРЛЫҒЫ:



Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей білу

2-ден 5-ке дейін




2.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5-ке дейін







БАРЛЫҒЫ:



«Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

5-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері



р/с


Қызметшілердің

Т.А.Ә.

(болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау  нәтижелерін түзетуі (болған бағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.













2.













...













Комиссия қорытындысы:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

    Тексерген:

    Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: _____________



(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________



(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)





Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет