5 1 Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Бірлескен кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың

ұйымдастыру формалары...........................................................................6

1.2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық базалары.................................8

1.3 Бірлескен кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі..............10

2 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі

2.1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны.........................................................................................................14

2.2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары..................................................................................................15

2.3 Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның ролі.....................................19



3 Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері және олардың қаржылық іс - әрекеттерін талдау

3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен кәсiпорындардың қаржысын

ұйымдастырудың ерекшелiктерi...............................................................23

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен және шетелдiк кәсiпорындардың қызметiн талдау...........................................................25



Қорытынды..............................................................................................................40

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................41

Қосымшалар...............................................................................................................42

Қосымша А.................................................................................................................42


Кіріспе

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды.

Нарықтық экономика жағдайында бірлескен кәсiпорын тiкелей шетелдiк инвестицияны тартудың ең перспективалы формасы және қызмет iстеу арқылы шетел нарығына жоғарғы тиiмдiлiкпен шығудың құралы болып табылады. Әлемнiң әр түрлi елдерiнде тiкелей шетелдiк инвестицияны тартуда бірлескен кәсiпорындар құру халықаралық экономикалық қатынастардың жаппай құбылысы болып табылады, себебi одан біріккен қызметтiң қатысушылары үлкен пайда табады.

Бірлескен кәсiпорын ресурстарды тартуда құрылтайшылардың шеңберiн кеңейту үшiн көп мұмкiндiк бередi.

Бірлескен кәсiпорындардың негiзгi принципi бiр ғана кәсiпорынның қызмет атқарғанымен, мақсатты нәтижеге жетуде бiрнеше партнерлар қызметiнiң анықталған формада жүзеге асқаны әлде қайда тиiмдi болуы мүмкiн.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесiлердi қамтиды:


  • Бірлескен кәсiпорындардағы өндiрiстi ұйымдастыру және басқарудың теориялық негiзi зерттелдi;

  • Бірлескен кәсiпорындар өндiрiстiң тиiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi шарттар анықталды және бағыттар негiзделдi;

  • Нарықтық қатынас жағдайында бірлескен кәсiпорындар өндiрiсiн тиiмдi басқару мен ұйымдастырудың факторлары мен шарттарын теориялық жинақтап қорыту;

  • Бірлескен қызмет бойынша кәсiпорындар қызметiнiң заңды базасын қарастыру;

  • Қазақстан Республикасы және шетелдiк кәсiпорындарының негiзгi тенденциясы мен қызметiне талдау жүргiзу;

  • Біріккен кәсiпорындардың өндiрiсiн тиiмдi ұйымдастыру және басқаруды жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау.

Зерттеудiң тәжiрибелiк мағынасы аумақтар жағдайында біріккен кәсiпорындардағы өндiрiстi басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн көтеру және одан әрi зерттеудегi негiзгi жағдайларға байланысты.

1 Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Бірлескен кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формалары
Бірлескен және шетелдiк кәсiпорындарды құру кәсiпкерлiктiң перспективалы формаларының бiрi және шетелдiк инвестицияны Қазақстан Республикасының экономикасына тартуға бейiмделген. Бірлескен кәсiпорын деп қазақстандық заңды тұлғалармен қатар шетелдiк фирмалар, компаниялар, ұйымдар қатысатын бiрлестiктер мен ұйымдарды, кәсiпорындарды атайды. Шетелдiк кәсiпорындар деп толығымен шетелдiк инвесторларға қарайтын кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдастыру құрылымдарын айтады.

Бірлескен кәсiпкерлiк – әр түрлi елдердiң өнiмдерi мен қызметтерiн өндiретiн өнеркәсiптiк қарым-қатынастың ерекше формасы. Бірлескен кәсiпкерлiктi құруды жүзеге асыру қарым-қатынастағы заңды тұлға болып табылатын партнерлардың өзара iс әрекетi деңгейiнде сол елдiң заңы бойынша iске асырылады. Бірлескен кәсiпорының қабылдаған елдiң заңдарына сәйкес заңды тұлға статусы болады.

Бірлескен кәсiпорындардың қатысушыларының қарым-қатынасының приниципиалды ерекшелiктерi:


  • өзара қатынастағы партнерлардың меншiктерiн бiрiктiру және осы негiзде біріккен кәсiпорындарға қарасты негiзгi қорларды және айналым құралдарын құру;

  • кәсiпорындардың даму процесiн, өндiрiсiн және өндiрген өнiмдерi мен қызмет көрсетуiн бiрлесiп басқару;

  • кәсiпорындардың өндiрiстiк және коммерциялық тәуекелiн бiрiгiп көтеру;

  • қабылдаған елдiң нормативтiк актiлерiнiң шарттарына сәйкес бірлескен кәсiпорындар партнерларының арасында пайданы бөлу (кәсiпорынның өзiндiк қаржыларын қалыптастырудағы серіктестердің қатысуына пропорционалды бөлу);

Тек өндiрiс саласында ғана емес, өндiрiстi ғылыми-техникалық дайындауда, біріккен кәсiпорындардың белгiлерiне ынтымақтастықтың ұзақтығы, сол сияқты өнiм өткiзуде партнерлардың өзара iс-әрекетi жатады.

Бірлескен кәсiпорындың негiзiне жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің бiрiн-бiрi толықтырушы элементтерiнiң типтiк комбинацияларын бөлiп көрсетуге болады:



  • ғылыми-техникалық шешiм плюс оны өндiрiстiк iске асыратын құрал-жабдықтар (өнеркәсiптiк технология);

  • қабылдаған елдiң табиғи ресурстарын қолдануға құқығы плюс оны тиiмдi қайта өңдеу технологиясы;

  • өндiрiс алаңы, еңбек күшi, қабылдаған партнердың инфрақұрылымы плюс өнiм шығару үшiн жинақтау бұйымдары мен жинаудың инвестицияланатын технологиясы;

  • қайталама ресурстар плюс оларды коммерциялық қайта өңдеу үшiн құрал-жабдықпен қамтамасыз ету;

  • маркетингтiк талдаудың қорытындысы, жергiлiктi рынокты игеру элементтерi (жарнама, сауда желiсi, сауда белгiсi, т.б.) плюс өндiрiстi ұйымдастыру үшiн ресурстар, технология және қаржыландыру.

Бірлескен кәсiпорынның аталған ерекшелiктерi жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің құрған кәсiпорындарының табысты қызмет атқарудағы өзара қызығушылығын тудырады. Инвестицияның өндірістік игерілу тәуекелін, негізінен қабылдаушы жақ өз мойнына алады.

Барлық бірлескен кәсіпорынның әріптестерінің шығындарының тиімді болуы, олардың іс-жүзінде кәсіпорынды қалыптастыру мен оның қызметін басқаруға қатысуына байланысты болады. Кәсіпкерлік тәуекелін әріптестер өзара бөлісіп алады. Сонымен қатар өндірістік процесстерді басқару мен өнімді өткізу, инвесторға да және қабылдаушы жақтың бірлескен кәсіпорынға қатысушысына да бірдей артықшылық береді. Инвестор осыны ескере отырып, оқыстан пайда болған ауыспалы технологияларды пайдалану арқылы өндірілген өнімді өздері меңгеріп отырған рыноктан қақпайлап отырады.

Бірлескен кәсіпорындағы жергілікті және шетелдік әріптестердің түпкі мүдделері әртүрлі болуы мүмкін, әсіресе, егерде бірлескен кәсіпорын әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің экономикалық қатынастары шеңберінде құрылатын болса. Қаржы бөлуші кәсіпкер үшін шетелдің бірлескен кәсіпорынына қатысу, капиталды сыртқа шығару мен өз еліне қарағанда капиталын мол табыс түсетін басқа елде пайдалануға тырысуының жемісі болып табылады.

Инвестордың негізгі мүддесі болып, қабылдаушы елдің жаңа рыноктарын игере отырып, салынған капиталының есебінен қосымша көп мөлшерде табыс табу, шикізатқа кететін және жалдамалы еңбектің төлемақы шығындарын төмендету болып табылады.

Ал, жергілікті әріптестің мақсаты мен мүдделері, тәртіпке сай, қабылдаушы елдің толығымен шаруашылық және әлеуметтік мүдделерімен тығыз байланыста болады.

Сондай-ақ, бірлескен кәсіпкерлік бірлесіп әрекет етуші әріптестердің қарама-қарсы мүдделерін де өзара тиімді етіп қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Өте атап өтетін жай, бұл бірлескен кәсіпкерлік ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетке және мәдениетке өзара ендіру құралы, сонымен қатар, мемлекетаралық саяси қатынастарды жақсарту факторларының бірі болып табылады.

Кесте 1


Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формаларының мiнездемесi




Жеке кәсiпорын

Бірлескен кәсiпорын

Корпорация

Құрылудың күрделiлiгi

Жеңiл құрылуы, ұйымдастыруға және ресiмдеудеуге шығындардың аздығы

Серіктестер iздестiрумен байланысты белгiленген қиындықтар, қатысушылар арасындағы келiсiмнiң болуы

Арнайы заңды реттеулермен байланысты, қомақты күш және материалдық шығындарды талап етушiлiгi

Капиталды жұмылдыру қабiлетi

Меншiк иесiнiң жинақтарының мөлшерлемелi шектелуi

Серіктестердің меншiктерiн бiрiктiру жолымен капиталды тарту мүмкiндiгiн өсiру

Бағалы қағаздар шығару жолымен капиталды тез жұмылдырудың жоғарылығы

Меншiк иесiнiң жауапкершiлiк шеңберi

Мүлiктердi қоса есептегендегi барлық мiндетемелер бойынша толықтығы

Жарғылық капиталдағы қатысуға байланысты пайда мен залалды пропорциялы бөлу

Ұсталған бағалы қағаздар бағасының шектеулiлiгi

Меншiк иесi жағынан бақылау дәрежесi

Барлық қызметтер бойынша толықтығы

Серіктестер арасындағы бөлiнушiлiк

Акция үлесiнен ұсталуына сәйкестiгi

Өмiр сүрудiң ұзақтығы

Қожасы өмiрiнiң ұзақтығының шектеулiлiгi

Серіктестер арасында келiсiмнiң шартына байланыстылық

Шектелмеген, банкрот болған жағдайда ғана тоқтату

Өтiмдiлiгi

Сатудың қиындығы, төмендiгi

Пайларды сатудың қиындығы, төмендiгi

Жоғары

Ескерту : ОҚО бойынша экономика департаменті

Қабылдаған елдiң территориясында сол елдiң заңдарымен анықталған заңды тұлға формасында бірлескен кәсiпорын құрылады және қызмет атқарады. Халықаралық тәжiрибеде бірлескен кәсiпорынды (қоғамды) ұйымдастырудың ерекшелiгiн және кәсiпорынның мiндеттерi бойынша қатысушылардың жауапкершiк дәрежесiн анықтайтын бірлескен кәсiпкерлiктiң әртүрлi заңды формалары бар. Оның ең көп тараған түрлерiне акционерлiк компаниялар, толық жауапкершiлiгi бар қоғамдар, жауапкершiлiгi шектелген қоғамдар жатады.



1.2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық базалары
Бүгінгі таңда Қазақстанда бірлескен кәсіпорындардың саны бірнеше мыңға жеткенімен, жаңадан құрылған және табысты әрекет етіп келе жатқан бұрын құрылған кәсіпорындардың проблемалары ерекше көкейтесті мәселелерге жатады. Сондай-ақ, олардың кейбіреулерінің әрекет ету процессі кезінде «ұйымдастыру толқыны» сияқты, тас-талқан етуші мәселелер туындап, оның ақыры бірлесіп ары қарай әрекет етуге мүмкіндік бермейді.

Ең алдымен «бірлескен кәсіпорын» деген ұғымды түсініп алайық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестиция туралы» заңының 1 бабы бойынша бұл ұғым төмендегіше сипатталады:

«Бірлескен кәсіпорын дегеніміз – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүліктің белгілі бір бөлігі (акция, үлес) шетелдік инвестордың иелігіндегі, шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын».

Бірлескен кәсіпорындарды құру, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы», 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы», 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңдарына, 1995 жылдың 17 сәуіріндегі ҚР Президентінің заң күшіне ие «Заңды тұлғалаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына және тағы басқа да халықаралық, үкіметаралық келісімдерге негізделеді.

ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» заңының 14 бабы бойынша шетелдің қатысуындағы кәсіпорын шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және басқа да ҚР Заңдарына қайшы келмейтін формаларда құрылуы тиіс. Осы заңның 15 бабы төмендегілерді қарастырады:

«1. Шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорынның жарғылық қорының көлемі, қалыптасу тәртіптері мен мерзімдері ҚР Заңдарына сәйкес анықталады.

2. Ғимарат, кешен, құрал-жабдық және басқа да материалдық құндылықтар түрінде, сондай-ақ жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың, сонымен қатар басқа да мүліктік, оның ішінде интеллектуалды қызмет нәтижесінің құқықтары бойынша ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жарғылық қорға жарнаны ендіруге болады.

3. Жарғылық қор шаруашылық қызметтен түсетін пайданың есебінен және бақа да кәсіпорынның түсімдерінен, сондай-ақ оның қатысушыларының қосымша салым салуы есебінен толықтырылып отырады. Егерде мұндай салымның көлемі жиырма мың көлеміндегі айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса, онда оның бағасы тәуелсіз сарапшы арқылы расталуы қажет.

4. Қатысушылардың келісуіне байланысты, бірлескен кәсіпорынның жарғылық қорындағы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың мүліктік үлесі, заңды тұлғалардың тіркелген мерзіміндегі ҚР Ұлттық банкі бекіткен және әлемдік рыноктағы баға мен бағамдарды қолдана отырып ҚР ұлттық немесе шетел валютасымен анықталады. Жарғылық қорға салынған салымды бағалау, ҚР заңдық актілерінде бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

5. Жарғылық қордағы ақша Қазақстан Республикасында тіркелген өкілетті банкте сақталуы тиіс.

6. Егерде, шетел инвестициясы шетелдік инвестордың Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген жабық акционерлік қоғамның акциясын немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін иемденуге пайдаланылатын болса, онда әлгі заңды тұлға осы Заңның 16 бабына сәйкес шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын ретінде қайтадан тіркеуден өтуге тиіс».

Осы заңмен толық танысып алған соң, бірлескен кәсіпорын құрылтайшыларына ең алдымен жарғылық қорға салған өздерінің салымдарының үлесін анықтап алуы тиіс. Себебі, болашақта осы мәселе бойынша келіспеушіліктің алғагшқы белгілері туындайды. Жарғылық қорда қай құрылтайшының үлесі молырақ болса, бірлескен кәсіпорынның бірінші басшысын таңдау, кадрлық саясат пен түскен табысты бөлу, соған байланысты болатыны әркімге де түсінікті. Сондай-ақ, жалпы капиталда кімнің салымы салмақтырақ болса, сол құрылтайшының бірлескен кәсіпорынға билік жүргізетіні айдан анық. Ал бұлай болмаған кезде, бұл жағдай бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында ( құрылтайшылық келісім-шарт пен жарғы) айқын көрініс табуы қажет /6/.

Іс-тәжірибе көрсеткендей, құрылтайшылық құжаттардың бірлескен кәсіпорындарды басқару органдарына арналған бөлімінде екінші бір келіспеушілікті тудыратын мәселелер кездеседі. Анық түсінікті болу үшін мысалға акционерлік қоғамды алып көрелік. Әрекет етуші заңнамаларға сәйкес құрылтайшылардың ұйымдастыру жиынында басқа да мәселелермен қатар құрылып отырған акционерлік қоғамның органдарының тізімі бекітілуі тиіс. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 46 бабына сәйкес бұндай органдарға төмендегілер жатады:



  1. жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиыны;

  2. басқару органы – директорлар кеңесі;

  3. атқарушы орган – бірлесе отырып (басқарма) немесе жеке (президент немесе бас директор);

  4. бақылаушы орган – бірлесе отырып (тексеру комиссиясы) немесе жеке (тексеруші);

  5. әрекет етуші заңнамаларға сәйкес басқа да органдар.

Атап өтетіні, жабық қоғамның жарғысында директорлар кеңесін құрмай-ақ акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, директорлар кеңесінің заң бойынша тиесілі құзыры толығымен акционерлердің жалпы жиынына беріледі.

Акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларға жасалған талдау, осы уақытқа дейін қоғамның қызметкерлерін қызметке таңдау және босату тәртібі және олардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі айқын көрініс таппаған. Бұл құқықтық мәселе бойынша, бірлескен кәсіпорын қызметкерлері арасында жинақталған мәселелерді шешуде өздерінің құқықтарын анықтауда үшінші бір келіспеушілік пайда болуы мүмкін.


1.3 Бірлескен кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі.
Әртүрлі елдердегі бірлескен кәсіпорындардың даму барысы мен ауқымы ең алдымен инвестициялық климатқа байланысты болады. Осы уақытта бірлескен кәсіпкерлік тек қана экономикалық сипатқа ғана емес, сондай-ақ басқа да, мысалыға әртүрлі елдердің аймақтық және топтық мүдделеріне жағдай жасауы мүмкін. Сонымен, социалистік елдердің тауар өндірушілері құрған бірлескен кәсіпорындар, шоғырландыру процесстерінде өздерінің рөлдерін ойнады және тәуелсіз әріптестердің ғана емес толығымен социалистік жүйенің экономикалық мүдделеріне қызмет етті.

Дамыған капиталистік елдердің кәсіпорындары мен корпорацияларының бірлескен кәсіпорындарды құрудағы айтулы көлемі туралы. 80-ші жылдардың басында-ақ америкалық компаниялардың 5300-дей шетелдегі бөлімшелерінің 1760-ы Батыс Еуропада біріккен кәсіпорын статусына ие болды. 1984 жылы АҚШ-та шетел капиталының қатысуымен әрекет етуші кәсіпорындар өздерінің өнімдерін 56 млрд. доллар көлемінде өткізді. Бұл әлемдік шаруашылықта тікелей тартылған шетел инвестициясын орналастыру сипатына ие болады. Дамыған капиталистік елдерге американың 77 пайыз, ұлыбританияның 82 пайыз, батыс германияның 86 пайыз және 50 пайыздан артық жапондардың тікелей тартылған инвестициясы бағытталған.

Батыс-Батыс қарым-қатынасында теңдей жағдайдағы технологиялық және экономикалық мүмкіндіктерге ие әріптестердің бірлескен кәсіпкерлігі, бәсекелестік жағдайында рынокқа жеке шыққандарға қарағанда, олардың бірлесіп өткізу рыногын игере отырып шығындарды төмендетуі өте тиімді болып саналады.

1981-1982 жылдары ГФР-де жапон инвестициясының қатысуымен 40 аралас кәсіпорындар, ал 1984 жылы жапон кәсіпорындарының қатысуымен батыс еуропа елдерінде 865 бірлескен кәсіпорындар құрылды. 1985 жылы Жапонияның тікелей инвестиция құрылымының бірлескен кәсіпорындардағы үлесі 62,2 пайызды құрады /11/.

Дамыған капиталистік мемлекеттерде экономикалық қарым-қатынас шеңберінде бірлескен ғылыми-іздестіру ұйымдарын құру кеңінен орын алуда. Ғылыми іздестірудің, жаңа ғылыми өтімді өнімді өндіру үшін жобалау шешімдерін қалыптастырудың және бұл өндірісті іске қосу тәуекеленің жоғары болуымен қатар рынокты меңгеріп алудың қиын және құнының жоғары болуы, ғылыми-техникалық және экономикалық даму мүмкіндіктері жоғары әріптестерді де бірлесіп әрекет етуіне алып келеді. Дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары арасында құрылған көптеген бірлескен кәсіпорындар, электроника, шағын процессорлы техника, байланыс құралдары, биотехнология, химиялық технология және басқа да ғылыми өтімді салаларда әрекет етеді.

Өнеркәсіптік дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы Солтүстік-Оңтүстік қарым-қатынасы шеңберінде бірлескен кәсіпорындардың қалыптасуы мен қызмет етуінің ерекшеліктері айтарлықтай сипат алады. Бұндай кәсіпорындардың дамуы, бір жағынан үйреншікті неоколониализмнің принциптері шеңберінде жүзеге асырылса, ал екінші жағынан дамушы елдердің өздігінен экономикалық дамуға және дамыған капиталистік елдердің инвесторлары санасып отыратын жаңа экономикалық қатынастардың тәртібін бекітуге талпынысын көрсетеді.

Дамушы елдердегі бірлескен кәсіпорындар, дамыған капиталистік мемлекеттердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындарының осы елдің экономикасына тікелей бағыттаған инвестициясының шеңберінде құрылады. Осындай инвестициялардың көлемі 70-ші жылдардың басы мен 80-ші жылдардың ортасына дейін шамамен 5 есеге дейін артқан. Осыған сәйкес, олардың негізгі үлесі «жаңа индустриялық елдерде», сонымен қатар минералдық және биологиялық ресурстарға бай елдерде орналасқан.

Инвесторлардың (негізінен АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінің трансұлттық компанияларының) негізгі мүддесі болып, дамушы елдердің арзан табиғи ресурстарын, шикізаттарын, жұмыс күшін пайдалану мен жергілікті рынокты меңгеру болып табылады. Кейде бұл мүдделерге саяси мүдделер де қосылуы мүмкін.

Ал, қабылдаушы дамушы елдердің мүдделері болып, елге прогрессивті технологияларды және басқару әдістерін тарта отырып, ұлттық табиғи ресурстарды тиімді өзіндік пайдалануға, елдің өмір сүру деңгейін көтеруге қол жеткізу болып табылады.

Өнеркәсіптік дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары бірлескен кәсіпкерліктегі дамушы елдердегі әріптестерінің осы елдің аумағында әрекет етуші капиталды ұлттық етуге деген талпынысына қолдау көрсете отырып, олардың саяси ортадағы белсенділіктерін пайдалана отырып елдің табиғи ресурстарына, жұмыс күшіне және рыногына қол жеткізуге тырысады. Дамушы елдерде жапон капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың 80 пайызы жергілікті әріптестермен құрылған бірлескен кәсіпорындар болып табылды.

Дамушы елдерде бірлескен кәсіпорындарды құру шетел инвестицисына жергілікті табиғи ресурстарға қол жеткізіп беретін ең тиімді жол болып табылады.

Дамушы елдерде құрылған бірлескен кәсіпорындар, елдің ұлттық бизнесін жандандыруға, шетел тәжірибесін пайдалана отырып елдің экономикасын басқаруға, жергілікті ресурстарды экспортқа шығаруға және бірлескен кәсіпорындардың өнімін үшінші бір елге сатуға мүмкіндік береді.

Соңғы 10-15 жылдың төңірегінде ТМД елдерінің аумағында шетелдің қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындар белсенді түрде дамуда. Бұл процесс айтарлықтай тұрақтылыққа ие болды және әлемдік шаруашылық байланыстарында бірлескен кәсіпкерліктің даму үрдісіне белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отыр.

Шетел инвестициясын заңды түрде біріккен кәсіпкерлікте ұлттық кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлесе отырып пайдалануға Югославия аумағында - 1968, Румынияда – 1971, Венгрияда – 1972, Польшада – 1976, Болгарияда – 1980, Чехословакияда – 1985, ССРО-да – 1987, Вьетнамда – 1977, Қытайда – 1979, Моңғолияда – 1980, Кубада 1982 жылдардан бастап рұқсат берілген.

Экономикалық өзара көмек көрсету Кеңесінің шарттарында Кеңеске мүше елдердің әріптестерінің қатысуымен құрылған келесі екі жақты өндірістік бірлестіктер әрекет етті: Польша мен Венгрия арасындағы тас көмірді өндіріп, өңдеп өткізетін «Халдекс» кәсіпорыны (1959 жылы Польшада құрылған); «Дружба» мақта-тоқыма фабрикасы (1972 жылы Польша мен ГДР-лік әріптестер арасында құрылған); Польша мен ССРО арасындағы «Миракулюм», «Посиб» кәсіпорындары; Болгария мен ССРО арасындағы «Автоэлектроника» кәсіпорыны және тағы басқада кәсіпорындар.

Қазіргі уақытта Венгрияда 1000-нан аса бірлескен кәсіпорындар батыстық кәсіпорындар капиталының қатысуымен әрекет етуде. Бұл кәсіпорындардағы жалпы шетел инвестициясының көлемі шамамен 90-100 млн. АҚШ долларын құрайды. Венгрияның инвестициялық климатында батыстық инвесторларды төмендегілер қызықтырады:



  • шетел инвестициясының қатысумен және әртүрлі шаруашылық ассоциацияларды және кәсіпорындарды құруға мүмкіндік беретін заңнамаларының болуы; салықтық жеңілдіктер және тағыда басқалар;

  • Венгрияның ішкі шаруашылық механизмінде дамыған рыноктық элементтердің болуы;

  • Венгриялық кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық байланыстар бойынша іс-тәжірибелерінің мол болуы, елде жақсы жолға қойылған банктік жүйенің және дамыған іскелік инфрақұрылымдардың бар болуы.

Кәсіпорынды барлық керек-жарақпен толық қамтамасыз етіп отыру мәселесін жеткіліксіз шешу, келісім-шартта көрсетілген шетел инвестициясының көлемі мен олардың нақты игерілуі арасындағы айырманың пайда полуына алып келеді. Бағалау бойынша, тек қана 1980-86 жылдары Қытайдың еркін экономикалық аймақтарында келісім-шартта көрсетілген жалпы шетел инвестициясы көлемінің 50 пайызы ғана игерілген.

Бүгінгі таңда социалистік елдердің әріптестері мен капиталистік мемлекеттердің ұйымдары (кәсіпорындары) арасында құрылған бірлескен кәсіпорындардың дамуына Батыстың қолдан жасап отырған экономикалық емес, саяси мәні бар шектеулері кедергі келтіріп отыр.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет