5. Дәрістік кешен (өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар) Дәр Механика



бет1/13
Дата13.02.2020
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5. Дәрістік кешен (өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар)
Дәр.1. Механика. Кинематика нақты механикалық қозғалыстарды, олардың туу себептеріне, ондай қозғалыстардың табиғатта қалай пайда болатындықтарына көңіл бөлмей-ақ сипаттап береді. Ол үшін ең маңыздысы – тек физикалық негізділік және модельдер аясындағы математикалық қатаңдық. Материялық нүкте деп геометриялық мәні бойынша математикалық нүктеге эквивалентті, бірақ массасы бар физикалық нысанды айтады. Қозғалысты координаттық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның координаттары (x1=x, x2=y, x3=z) уақыт озған сайын өзгереді, яғни, уақыттың қайсыбір функциясы болып табылады. Қозғалысты сипаттау – демек, осы функцияларды көрсетіп беру:

(1)

Қозғалысты векторлық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның радиус-векторы үздіксіз өзгеріп тұрады. Оның соңы траекторияны сипаттайды. Қозғалыс бейкоординаттық формада беріледі:

= (t). (2)



Қозғалысты траектория параметрлері көмегі арқылы сипаттау.Орын ауыстыру векторы.Жылдамдық. Лездік жылдамдық. Лездік жылдамдық:

., (3) Үдеу және оның құраушылары.Қатты дененің кинематикасы.Айналмалы қозғалыс. Элементар бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдықтың векторы. Бұрыштық үдеу.

Өзара әсерлесу.Күштер материялы денелер арқылы жасалады. Сондықтан, күштер арқылы материялы денелер бір біріне әсер етеді деуге болады, яғни олар өзара әсерлеседі. Бұл жерде күш әсерлесудің интенсивтілігінің векторлық сандық өлшемі ретінде көрініп тұр.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Санақ жүйесі, материалдық нүкте, абсолют қатты дене.

2. Радиус-вектор, материалдық нүктенің қозғалыс теңдеулері.

3. Ілгерлемелі қозғалыс, траектория, орын ауыстыру, жол.

4. Жылдамдық, үдеу, тангенциал үдеу және нормал үдеу.

5. Бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу, олардың сызықтық шамалармен байланысы.


Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1. Бiр қалыпты үдемелi қозғалысқа сәйкес келетін матема-тикалық өрнектер:



A) ; B) ; C) D); E) ; F) ; G); H) .

2. Жылдамдық пен үдеудiң өлшем бiрлiктерi:

A) [] = м/c; [а] = м/c2; B) [] = м2/c; [а] = м/c2; C) [] = км2/c; [а] = км2/c2; D) [] = м/c2; [а] = м/c; E) [] = км/c; [а] = км/c2; F) [] = м/c; [а] = м/c3; G) [] = м/c3; [а] = м/c3; H) [] = м/мин; [а] = м/мин2

3. Айналмалы қозғалыста бұрыштық жылдамдықты анықтауға арналған теңдеулер:



A) ; B) ; C) ; D) ;

E) ; F) ; G) ; H) .

4. Материалдық нүкте ретінде қарастырылатын жағдайлар:

A) мектептен 10 км қашықтыққа жүгірген оқушы; B) бөрене үстінде жаттығу жасап жатқан гимнаст; C) вокзалдан соңғы вагонының арты 100 м қашықта бара жатқан пойыз; D) Жерді айнала қозғалатын Жердің жасанды серігі; E) физикалық маятник; F) математикалық маятник; G) суға батырылған доптың жоғары көтерілуі; H) әткеншектің орындығында тұрып тербелген бала.

5. Координатасы х=5t-12t2 м, заңымен түзу сызықты қоғалған нүктенің 1 с-тен кейінгі жылдамдығының және үдеуінің мәндерін табу керек:

А) 5 м/с; 24 м/с2 ; В) -19 м/с; -24 м/с2 ; С) -50 км/мин; -0,024 км/мин2; D) – 500 км/с; 24 м/с2; Е) -1,14 км/мин; -86,4 км/мин2;

Ғ) 500 км/сағ; 0,0024 км/сағ2 ; G) -5 м/с; -24 м/с2 ; Н) -0,019 км/с; -0,024 км/с2.





Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

ВDG

AЕН

СЕG

АDF

BЕН



Күшті өлшеу.Күш – вектор ретінде. Күшті өлшеуге болады. Күштер материялы денелердің қозғалыс жылдамдығын өзгертіп қана қоймай, оларды деформацияға да ұшырата алады. Деформацияланған дененің ең қарапайым және көрнекті мысалы ретінде сығымдалған немесе керілген серіппені келтіруге болады. Масса. Эксперименттер нәтижелері көрсететіндей, үдеу бағыты бойынша күшпен сай келеді. Бір күш әртүрлі денелерге әртүрлі үдеу береді. Әртүрлі күштер бір ғана денеге әртүрлі үдеу береді. Алайда, күштің үдеуге қатынасы қашанда бір ғана шамаға тең:

. (1)

Ньютонның 1-2 заңдары. Бәрімізге белгілі, бірінші заң бойынша, басқа денелерден әжептәуір алыста тұрған дене тыныштық күйін немесе, бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды, ал екінші заң денеге түскен күштің әсерінен пайда болатын үдеудің өрнегін мына түрде береді

m=. (2)

Массаның жылдамдыққа көбейтіндісі = импульс (қозғалыс мөлшері) деп аталады.



Ньютонның үшінші заңы.Екі дененің өзара әсерлесуі кезінде олардың бірі екіншісіне тура сонша күшпен, бірақ екіншісіне қарама-қарсы бағытталғандай, біріншісінің екіншісіне қатысы сияқты әсер етеді:

= - . (3)

Гравитациялық күштер. Бұл заң бойынша, бір бірінен r қашықтықта тұрған m1 және m2 нүктелік массалар арасындағы тартылыс күші F мынадай түрде анықталады:

F = G, (4)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет