5. Дәрістік кешен (өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар) Дәр Механика


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет13/13
Дата13.02.2020
өлшемі1.16 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Де-Броиль толқындарының ықтималдық мағынасы

  2. Гейзенбергтің анықталмағандық қатыстары

  3. Шредингердің стационар күйге арналған теңдеуін қорытып шығару

  4. Рентген сәулелері және оның түрлері. Мозли заңы.

  5. Паули принципі. n кванттық санмен анықталатын күйлердегі электрондардың ең үлкен санын анықтайтын өрнекті қорытып шығару


Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1. Де Бройль болжамы ұғымына енетін сипаттамалар:A) Электрондар корпускулалық қасиетке ие; B)Корпускулалық- толқындық екі жақтылықтың әмбебаптығы; C) Фотондар толқындық қасиетке ие; D) Фотондар ғана емес электрондар және материяның кез-келген басқа бөлшектерi корпуску-лалықпен бiрге толқындық қасиетке ие болады; E) Фотондар корпускулалық қасиетке ие; F) Кез келген нысанға энергиясы Е және импулсі р-корпускулалық қасиеттер, сонымен қатар жиілігі және толқын ұзындығы толқындық қасиеттер тән;G)Электрондар корпускулалық қасиетке ие; H)Фотондар ғана емес электрондар да корпускулалықпен бiрге толқындық қасиетке ие болады.

2. Де- Бройль толқынының қасиеттері:A) Электрондар корпускулалық қасиетке ие; B) Де- Бройль толқынының топтық жылдамдығы бөлшектің жылдамдығына тең; C) Корпускулалық- толқындық екі жақтылықтың әмбебаптығы; D) Де- Бройль толқынының фазалық жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан үлкен; E) Фотондар корпускулалық қасиетке ие; F) Де- Бройль толқыны бөлшекпен бірге қозғалады; G) Электрондар стационар орбитада жүргенде электромагниттiк сәуле шығармайды; H) Фотондар ғана емес электрондар да корпускулалықпен бiрге толқындық қасиетке ие болады.

3. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі ұғымына енетін сипаттамалар:

A) Микробөлшек бір мезгілде анықталынған координатаға (х,у,z) және сәйкес анықталынған импульс проекциясына х, ру, рz) ие болады; B) Микробөлшектер әрі корпускулалық, әрі толқындық қасиеттері бар ерекше бөлшектер; C) Микрожүйенің орташа өмір сүру ұзақтығы оның энергиясының дәл анықталған мәнімен сипатталуы мүмкін емес; D) Координаталар мен импульс проекцияларының анықталмаушылықтарының көбейтіндісі h шамасынан кіші болады; E) Микробөлшектің координаталары (х,у,z) мен импульстерінің сәйкес координаталар өстеріндегі проекцияларын х, ру, рz) бірмезгілде дәл анықтау мүмкін емес; F) Орташа өмір сүру уақыты жүйе энергиясының анықталған мәнмен сипатталуы мүмкін; G) Координаталар мен импульс проекцияларының анықталмаушылықтарының көбейтіндісі Е шамасынан кіші болады; H) Координаталар мен импульс проекцияларының анықталмаушылықтарының көбейтіндісі h шамасынан кіші болуы мүмкін емес.

4. Сутегі атомының иондаушы потенциалы неге тең?A) 10,6 В; B) 4,8 В; C) ) 10600 мВ;



D) В; E) B) 4800 мВ; F)0,0106 кВ; G) мВ; H) 0,0136 кВ.
5. Үздіксіз рентген спектрінің қысқа толқынды шекарасын анықтайтын толқынның ұзындығы неге тең?

A) B) C) D) E) F) G) 2,4·1019 дм-2 с-1 ; H) λ=hc/e12).



Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

ВDҒ

BDF

CEH

DGH

AFH


Дәр. 7. Атом ядросы, элементар бөлшектер және қатты дене туралы мағлұматтар.

Ядро теориясын құрумен байланысты жасалған талпыныстар мынадай байсалды екі қиындыққа кездесіп отыр:1) нуклондар арасында әсер ететін күштер жөніндегі білімдердің жеткіліксіздігі; 2) көп денелердің кванттық есебінің аса күрделілігі (массалық саны А ядро А денелерден тұратын жүйе болып табылады). Бұл қиындықтар ядро қасиеттерінің белгілі бір жиынтығын салыстырмалы қарапайым математикалық құралдардың көмегімен сипаттауға мүмкіндік беретін ядролық модельдер құру жолымен жүруге мәжбүрлейді. Мұндай модельдердің бір де біреуі ядроның толық сипатын бере алмайды. Тамшы моделі. Френкель атом ядросы мен сұйық тамшысының арасындағы ұқсастыққа назар аударды: екі жағдайда да құрамды бөлшектер – сұйықтағы молекулалар және ядродағы нуклондар арасында әсер ететін күштер жақын арақашықтықта әсер ететін күштер болып табылады. Ядро затының да, сұйық затының да сығылғыштығы өте аз. Осындай ұқсастық ядроны зарядталған сұйық тамшысына ұқсастыруға негіз болады. Қабықша моделі. Ядроның қабықша моделін Мария-Гепперт-Майер (амер., 1906-1972) және басқа ғалымдар дамытты. Бұл модельде нуклондар орташаланған центрлік-симметриялық өрісте бір біріне тәуелсіз қозғалады деп саналды. Осыған сәйкес Паули принципі бойынша нуклондармен толатын дискреттік энергетикалық деңгейлер (атом деңгейлері сияқты) болады. Бұл деңгейлер әрбірінде нуклондардың белгілі бір саны бола алатын қабықшаларға топтасады. Толық толған қабықша ерекше орнықты түзілісті құрайды.



Радиоактивтік ыдырау заңы: N=N0e-λt , λ - радиоактивтік ыдырау тұрақтысы. Радиоактивтік зат ядроларының бастапқы саны N0 екі есе кемитін уақыт аралығы Т жартылай ыдырау периоды деп аталады. Егер t=T болса, онда анықтама бойынша N=N0/2 және N0/2 = N0e-λT болады. Осыдан λT=ln2 немесе T=ln2/λ=0,693/ λ.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Атом ядросының құрылысы және негізгі қасиеттері. Ядролардың байланыс энергиясы.

  2. Радиоактивтік ыдырау заңын қорытып шығару, ыдырау тұрақтысы. Жартылай ыдырау периоды

  3. Радиоактивтік ыдырау кезіндегі ығысу ережелері

  4. Мессбауэр эффектісі. Тебілген ядро энергиясы

  5. Ядролық реакциялар, олардың көлденең қимасының тиімділігі, жіктемесі

  6. Тізбекті бөліну реакциясы. Нейтрондардың көбею коэффициенті


Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1. Ядроның модельдерi: A) Электрондық; B) Кванттық; C) Стационарлық; D) Жалпылама; E) Фотондық; F) Тамшы ; G) Электромагниттік; H) Қабықшалы

2.  Радий Ra бес – және төрт β – ыдыраулардан соң қандай элементке айналады?.

А) Pb, В) Pb, С)Hg, D)Pb, Е)Pb, F) қорғасын (Z=82, нейтрондар саны 124), G) Плумбум (Z=82, массалық саны 206), H) қорғасын (Z=82, нейтрондар саны 125) .

3. Ядролық күштерге қандай қасиеттер тән емес? А) Ядролық күштер күшті өзара әсерлесуге жатады, B) Кез келген қашықтықта әсер етеді, C) Қанығу, D) Нуклондар спиндерінің өзара бағдарына байланысты, E) Зарядқа тәуелсіз, F) Зарядқа тәуелді; G) Тартылу күші; H) Массаға тәуелді

4. Меншікті байланыс энергиясы көп үш элемент: A) U, B) W , C) Ni; D) Ir, E) Mo , F) Rb ; G) Nd; H) Ra.



5. Ядролық күштер әсер ететін арақашықтық шамамен A) 10-10 м , B) 10-8 см , C) 10-6 м; D) 10-15 м, E) 10-9 м , F) 10-13 см; G) 10-8 м; H) 10-14 дм.



Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

DFH

AFG

BFH

CEG

DFH


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет