5. Дәрістік кешен (өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар) Дәр Механика


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/13
Дата13.02.2020
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Механикалық гармоникалық тербеліс жасаған материалдық нүктенің кинематикасы және динамикасы.

2. Физикалық маятниктің қозғалыс теңдеуі, оның шешімі.

3. Серіппелі маятниктің қозғалыс теңдеуі, оның шешімі.

4. Өшетін механикалық тербелістер.Еріксіз механикалық тербелістер. Резонанс.

5. Жазық қума толқынның теңдеуі.


Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1. Толқын ұзындығы ұғымына енетін сипаттамалар: A) Тербелетін шаманың максимал мәні; B) Фазалар айырымы π/2 болып тербелетін екі нүктенің ара қашықтығы; C) Толқынның бір период уақытта жүріп өткен ара қашықтығы; D) Толқынның бірлік уақытта жүріп өткен жолы; E) Фазалар айырымы π болып тербелетін екі нүктенің ара қашықтығы; F) Фазалары бірдей болып тербелетін көрші екі нүктенің ара қашықтығы; G) Тербелетін шаманың кез-келген уақыт мезетіндегі мәні; H) Фазалар айырымы 2π болып тербелетін екі нүктенің ара қашықтығы.

2. Гармоникалық осциллятордың мысалдары:A) Машинаның дөңгелегінің қозғалысы; B) Дене төмен еркін құлайды; C) Шатырдан тамған тамшының қозғалысы; D) Математикалық маятниктің тербелісі; E) Вертикаль жоғары бағытта қозғалыс; F) Физикалық маятниктің тербелісі; G) Домалап бара жатқан шар; H) Серіппелі маятниктің тербелісі.

3. Айнымалы ток желісіне тізбектей қосылған R, L, С тізбегінің жалпы кедергісі актив кедергіге мына жағдайларда тең болады:

A) ; B); C) ; D) L=С; E) ;

F) ; G) ; H)



4. Математикалық, физикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс периодтары:

A) ;B) ;C) ;D) ;

E) ; F) ;G) ;H) .

5. Вакуумдағы электромагниттік толқын үшін Максвелл теориясының салдарлары: A) Элект- ромагниттік толқынның , және векторлары өзара бағыттас; B) Электромагниттік толқынның , векторлары фазада тербеледі; C) Электромагниттік толқынның , векторлары бірдей фазада тербеледі: D) Электромагниттік толқын қума толқынға жатады; E) Электромагниттік толқын көлденең толқынға жатады;F) Электромагниттік толқынның , және векторлары өзара перпендикуляр; G) Электромагниттік толқынның , бағыттас және векторларына перпендикуляр; Н) Электромагниттік толқынның , векторлары фазада тербеледі.




Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

СFH

DҒН

AЕG

BCG

CEF



Гидроaэромеханика-сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Газ және сұйық-бұл заттың әртүрлі агрегаттық күйлері, бірақ олардың ортақ қасиеті-аққыштығы бар. Сондықтан аөөыш заттар механикас үшін сұйықтар мен газдардың арасында үлкен айырмашылық жоқ. Сұйық ауырлау, бірақ газдардың ортақ қасиеті, яғни пішіндерін тез өзерту қабілеттілігі барынша маңыздырақ. Гидроаэростатика сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесе олардың қозғалыс жаылдамдылығы аз күйін зерттейді. Гидростатиканы ғылым ретінде қалыптастыруда ежелгі грек ғалымы Архимед(б.з.д. IIIғ.),италиялық физик Э.Торричелли (1608-1647), француз физигі Б.Паскаль (1623-1662) сияқты көптеген атақты оқымыстылар үлкен рөл атқарды. Гидроаэродинамика сұйық пен газдардың қозғалысын, сол сияқты ұшқыш аппараттар мен суасты қайығының, су көліктерінің, сонымен қатар денелердің (метеориттердің, кометалардың)атмосферадағы қозғалысын, құстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейді. Гидроаэродинамика ілімін құруда швейцар физигі Д.Бернуллидің (1700-1782) еңбегі шексіз. Гидроаэродинамика заңдары техника мен өндірісті, олардың көмегімен ұшқыш аппараттардың, кемелердің, автокөліктердің сыртқы пішінін жақсартуда, сол сияқты сұйықтар мен газдарды қолданатын өндірістік процестердің тиімділігін арттыруда(аэрозольдік бүркуде, оптикалық талшықтар дайындауда) пайдалы. Гидроаэродинамиканың заңдары ауа мен судың динамикалық қасиеттерімен байланысты табиғи құбылыстарды түсіндіруде және болжауда көмектеседі. Ғарыштық кемелерді және зымырандарды құрастыруда осы ғарыштық ұшқыш аппараттардың Жер атмосферасындағы қозғалыс заңдары білу барынша маңызды мәселе.

Арнайы салыстырмалы теорияның постулаттары. Арнайы салыстырмалы теорияның негізін қалаушы –А. Эйнштейн. Бұл теорияның негізіне, Ньютонның классикалық механикасындағы  сияқты, кеңістік пен уақыттың біртектілігі алынған.  Сондықтан арнайы салыстырмалық теория кеңістік пен уақыттың физикалық теориясы ретінде қаралды. Арнайы салыстырмалы теорияның қағидалары ретінде 1905 жылы А. Эйнштейн тұжырымдағанекі постулат алынады:                1.Салыстырмалы принцип. Табиғаттағы кез-келген физикалық құбылыс барлық инерциялық жүйеде бірдей өтеді.     2.   Жылдамдықтың инварианттық принципі. Бос кеңістіктегі (ваккумдегі)  жарық жылдамдығы жарық көзі мен жарық қабылдағыштың қозғалысына тәуелсіз тұрақты шама.   Табиғаттың іргелі қасиеттерін сипаттайтын А. Эйнштейннің 2-ші постулаты тәжірибеден алынған қорытындыларға негізделген. Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.           Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Салыстырмалық принципі.

2. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принципі.

3. Лоренц түрлендірулері.

4. Релятивистік кинематика.

5. Релятивистік динамика.



Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1.Іші қуыс темір шардың (тығыздығы – 7,87 г/см3 ) ауадағы салмағы 5 Н, ал судағы (тығыздығы – 1 г/см3 ) салмағы 3 Н. Шардың ішкі қуысының көлемін анықтау керек (ауаның кері итеру күшін ескермей). A) 239 см3; B) 0,339 дм3; С) 0,239 дм3; D) 139 см3; E) 2,39•10-4 м3; F) 0,139 дм3; G) 3,39•10-4 м3; H) 1,39•10-4 м3.

2. Қабырғасы а қуыс кубқа толы тығыздығы ρ сұйық құйылған. Куб табанына түсетін қысымды анықтау керек. A) ρga3 ; B) ρga2; С) mga3 /V; D) ρga; E) 9,81ρa3; F) mga2; G) ρga4; H) 9,81ρa.

3. Суы бар ыдысқа қимасы 2 см2 түтікше қойылған. Түтікшеге 72 г май (тығыздығы – 900 кг/м3 ) құйылды. Май мен су деңгейлерінің айырмасын анықтау керек. A) 2 см; B) 4 см; С) 3 см; D) 40 мм; E) 20 мм; F) 0,2 дм; G) 0,4 дм; H) 0,3 дм.

4. Бөлшектің меншікті өмір сүру уақыты қозғалмайтын сағат бойынша өмір сүру уақытынан 1,5 % айырмашылығы бар. υ/с – ны табу керек. A) 0,162; B)0,152; С) 0,172; D)162/1000; E)152/1000; F) 172/1000; G) 1,62•10-3; H) 1,72•10-1 .

5. Бөлшектің релятивистік импульсі ньютондық импульсінен 5 есе артық болатын жылдамдығын табу керек. 0,98 с A) 0,75 с ; B)0,25 с; С) 75•10-2 с; D) 25•10-2 с; E) 0,98 с; F) 98•10-2 с; G) 750•10-3 с; H) 980•10-3 с.




Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

DFH

ACE

BDG

CFH

EFH




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет