5. Дәрістік кешен (өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар) Дәр Механика


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет9/13
Дата13.02.2020
өлшемі1.16 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Кулон заңы, электр зарядтары және олардың сақталу заңдары, элементар электр заряды.

2. Электр өрісінің энергиясына, энергия тығыздығына арналған өрнектерді қорытып шығару.

3. Жазық және цилиндрлік конденсаторлардың электр сыйымдылықтарының өрнектерін қорыту. Параллель жалғанған конденсаторлардың жалпы сыйымдылығын қорытып шығару.

4. Электр тоғы. Тоқ күші, оның тығыздығы. Металдағы тоқтың заряд жылдамдығымен байланысы. Кернеу, потенциалдар айырымы, ЭҚК және олардың арасындағы байланыс.

5. Біртекті тізбек бөлігіне, әртекті тізбек бөлігіне, тұйық тізбекке арналған Ом заңдары.

6. Джоуль – Ленц заңы. Дифференциалдық түрдегі Джоуль-Ленц заңын қорытып шығару.

Кирхгоф ережелері, оларды қолдану.


Өзін-өзі тексеруге арналған тестілер

1. Арақашықтығы өрістің қарастырылып отырған нүктесінде дейінгі қашықтықтан елерліктей аз болатын, модулі жағынан тең екі әр аттас нүктелік зарядтар жүйесі және оның сипаттамалары:

A) электрлік диполь; B) вакуумда ғана болады; C) конденсатор; D) диполь иіні және заряд шамасы арқылы сипатталады; Е) электр моментіне ие; F) Фарадей заңына бағынады; G) соленоид; H) тороид.

2. Қозғалмайтын нүктелік электр зарядтарының әсерлесуін сипаттайтын заң және оның өрнектері:



A) ; B) Кулон заңы; C) Ампер заңы;D) Фарадей заңы; E) ; F) Малюс заңы; G) ; H) .
3. Эквипотенциалды беттердің қасиеттері: A) потенциалы нолге тең; B) кернеулік сызықтарына параллель; C) барлық нүктелеріндегі потенциалдары бірдей; D) кернеулік сызықтарына перпендикуляр; E) барлық уақыта түзу бойымен; F) барлық уақыта шеңбер бойымен; G) кез келген екі нүктесінің потенциалдар айырымы нөлге тең; H) дипольдер үшін ғана орындалады.

4. Джоуль-Ленц заңының өрнектері:A); B) ;C) ; D) ;

E) ; F) ; G) ; H) .

5. Кедергісі 120 Ом өткізгіште 15 с уақыт аралығында, ток күші 0-ден 5 А-ге дейін біркелкі артады. Осы уақыт аралығындағы өткізгіште бөлінетін жылу мөлшерінің мәндері:

A) 15 кДж; B) 15 Дж; C) 1,5 кДж; D) 15000 Дж; E) 150 Дж;

F) 0,15 Дж; G) 0,015 МДж ; H) 0,15 кДж.





Тапсырмалар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар

ADЕ


ВЕH

СDG

BDH

ADG



Берілген нүктедегі магнит өрісінің бағыты ретінде рамкаға жүргізілген оң нормалінің өрістегі бағыты алынады. Тогы бар рамкаға әсер ететін күштер жұбының айналдыру моменті, мұндағы - тогы бар рамканың магниттік моменті, - магнит индукциясының векторы деп аталатын магнит өрісінің сандық сипаттамасы. Біртекті магнит өрісінің берілген нүктесіндегі магнит индукциясы магниттік моменті бірге тең рамкаға, оған жүргізілген оң нормаль өріс бағытына перпендикуляр болғандағы, әсер ететін максималды айналдыру моменті арқылы анықталады. Магнит индукцияның өлшем бірлігі - тесла (Тл). элементі өрістің кейбір нүктесінде индукциясын тудыратын тогы бар өткізгіш үшін Био-Савар-Лаплас заңы төмендегідей өрнектеледі: , мұндағы - токтың элементінен өрістің қарастырылып отырған нүктесіне жүргізілген радиус-векторы, = 4π·10-7 Гн/м – магнит тұрақтысы. Түзу токтың магнит өрісі:, мұндағы - ток пен қарастырылып отырған нүктенің ара қашықтығы.

, (23.4)

мұндағы - дөңгелек токтың радиусы.Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі:, мұндағы - дөңгелек токтың радиусы.

Заттағы магнит өрісінің индукциясын мына түрде жазуға болады

,


мұндағы өлшемсіз шама - заттың магниттік өтімділігі болып табылады.

<0 болатын заттар диамагнетиктер, >1 – парамагнетиктер, ал >>1 – ферромагнетиктер дап аталады.

Ферромагнетиктердің негізгі қасиеттері: магниттік өтімділік өте үлкен мәндерге жетеді (106 -ге дейін); магниттік өтімділік сыртқы магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді, яғни магниттілік және магнит өрісінің кернеулігі арасындағы байланыс сызықты емес функция;магниттік гистерезис; ферромагнетик өзінің ерекше қасиеттерінен айырылуына әкелетін сипатты температураның (Кюри нүктесі) бар болуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет